Психология туралы түсінік

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 10:33, лекция

Краткое описание

1. Психология пәнінің зерттеу объектісі;
3. Психология ғылымының салалары мен тармақтары;
4. Психологияның ғылыми зерттеу әдістері.

Файлы: 1 файл

ЛЕКЦИЯ.псих.docx

— 123.29 Кб (Скачать)

2 Қабылдаудың   заңдылықтары. Апперцепция.

3. Қабылдаудағы  фон және  фигура.

 Қабылдау  туралы  жалпы  ұғым

Адамға  тікелей  әсер ететін  заттардың  я  құбылыстардың адам  анализаторларында   тұтастай  бейнелену  процесін  қабылау дейді.

Тұтас,  мағыналы  түрде, затты  бейнелеп  қабылдау  бірнеше  түйсіну анализаторлары  арқылы  іске  асады. Түйсінумен салыстырғанда, қабылдаудың   айырмашылығы  заттарды, нәрселерді, құбылыстарды тұтастай  сәулелендіруінде.

Адам  дүние  бейнесін қабылдағанда  заттардың   сипаттары   мен  қасиеттері   жекелеп бөліп  алмай,  түсі, түрі, иісі, дәмі,  дыбысы сияқты  сипаттарын біріктіре   отырып тұтас қабылдайды. Осының  өзінен қабылдау   мен  түйсіктің  органикалық  бірлікте екендігі   көрінеді, себебі заттың   сипаттары   оның   өзінен бөлек  кездесуі   мүмкін  емес,   заттың өзін оның  сипаттарынан  бөліп қарауға   болмайды. Түйсіктер  – қабылдаудың   бір  бөлігі,   қабылдау -  түйсіктердің  жиынтығы. Бірақ  бұндай  бірлестік   олардың   арасындағы   өзіндік   қасиет,  айырмашылығын  жоя алмайды.

Қабылдаудың  айырмашылығы  сан   жағында (оған бірнеше   түйсіктердің   кіруінде) емес,  сапалық жағында да  болады,   мәселен,  алманы қабылдағанда   дөңгелек,  қызыл, тәтті т.б.  сипаттарын   санау   арқылы емес,  оны   белгілі  заттың   бейнесі   деп   танып   қабылдаймыз.  Мелодияны  қабылдағанда  оны  жай  ғана   дыбыстың   қосындысы   деп  қараймыз, ең  алдымен  сол   дыбыстардың  гармоникалық үйлесімі, дыбыстың   үндесіп сәйкестенуі  деп  танимыз. Адам   дыбыстың   биіктігін, күшін,  тембрін түйсініп  отырумен қатар,   басқа   біреудің   дауысын,  судың   сарқырауын,  балалардың   айқай-шуын,  трамвайдың  салдарын айырып ұғына  алады.

Сауатты  адам,  транскрипциясында  әжептәуір  айырмашылық болмағанымен,  өзіне  меншікті тұтастық ерекшеліктері сақталса болғаны,  алфавиттің   көрінген әріпін  тани алады.  Мысалы,  А  әріпінің   танылатын ерекшелігі – ортасынан көлденең  сызықпен қосылатын бір-біріне  басы  түйісіп  тұрған екі сызық.

Бұл тоғыз  түрлі   жазылған   әріптің   бірінен-бірінің  айырмашылығы   әжептәуір,  сөйте  тұрса да  оның  А әріпі екенін біз  қиналмай-ақ   тани   кетеміз,  өйткені   жеке  элементтерінің   бір-біріне қатынасы   сақталған.

  Әдетте   адам   қабылдаған  объектілерін атап отырады,   басқаша  айтқанда,   бұл   процеске   екінші   сигналдық   система   да  қатысады.  Қабылдау   процесі   бейнелеп  отырған   затты   түсінуді,   аңғаруды,  адамның  өткен   тәжірибесімен   байланыстыруды   тілейді.   Бұл айтылғандардан   қабылдау   процесінің,  түйсікпен  салыстырғанда,  анағұрлым   күрделі  екендігін  көруге   болады.

Қабылдаудың  физиологиялық  негіздері

Қабылдауға   байланысты   ми  қатынастарындағы   күрделі  нерв   процестерінің   өзгешелігі   әр  түрлі   рецепторларға   бір мезгілде   әсер   ететін  тітіркендіргіштердің   комплекстілігінде  және   бұл  рецепторлардың   үйлесімді түрде ынтымақтаса  жұмыс істеуінде.  Бірақ рецепторлардың  қозуы- сырттағы   заттарды, құбылыстарды   анализдеудің   бірінші   сатысы  ғана.  Оларды   тереңірек   талдап,    қабылдау   дәрежесіне   жету  үшін мида  бұл   психикалық  процеске   негіз   болатын   уақытша нервтік  байланыстар  туады.  Ми   қабығында   орналасқан   анализаторлардың   орталықтары  бір-бірімен ұласып  жатады.

Қабылдау  процесінің  физиологиялық   негізіне   тікелей   әсер  еткен  тітіркендіргіштен  туатын   жабайы   рефлекстер ғана  емес,   екінші,  үшінші,  төртінші және  одан да  жоғары   қатардағы   рефлекстер қатынасады.  Қабылдау тұтас  объектіні бейнелей отырып,  сол  объектінің   жеке   бөлшектерін де   тұрақты,  белгілі  қатынасымен қабылдайды.    Мұндай  қатынастың  болуы   адамға   тітіркендіргіштердің   сапасынан  қол  үзуге,  объектінің құрылымын қабылдауға    мүмкіншілік   туғызады.  Белгілі  таныс   әуенді   ( мейлі ол  ән   болсын,   рояльда   ойнасын  немесе  скрипкада   тартылсын  т.б.)   біз  бірден   қабылдап,   тани  кетеміз.    Бұрын  бір  көрген    картинаны    оның    фотографияға  түсірген  суретінен де,   бояуынан да,   гравюрасынан  да  тану    бізге    қиындық    келтірмейді.

И.П.Павлов айтқандай,  организмде    тұратын  «қатынасқа   рефлекс»-  қабылдаудың   физиологиялық   негізінің   дәл   өзі.  Бұл   рефлекс    үшін    сигналдық  роль  атқаратын   тітіркендіргіштердің   сипаты  емес,  олардың   бір-бірімен  қатынас  ерекшеліктері.  Мысалы,   итке   метрономның   120  соғуына    ұнамды    шартты  рефлекс  ( тамақпен нығайтылып)  жасалады,  ал  оның   60 рет    соғуына  ұнамсыз   рефлекс  (тамақ бермейтін)  жасалған.  Содан кейін итке   жарық   тітіркендіргіш  қолданылған.  Ит  120 рет   жарқылдаған   жарыққа   ғана  сілекейін ағызатын   болыпты да,  60 рет  жарқылдағанда   шартты   рефлекс   туғызбаған.  Бұл   жағдайда  тітіркендіргішті   қалай   ұсыну   шапшаңдығы   маңыз  алады.  Осы   секілді фактілер  - қатынасқа   жасалған  рефлекс.  Қорытып айтқанда,   қабылдаудың    физиологиялық   негізі   ми   орталықтарынан   қатынасқа   рефлекс   жасап,  уақытша күрделі   нервтік    байлыныс тудырып отыруында. 

Қабылдау  процесіндегі   фон  мен  фигура

Адамның  сезім  мүшелеріне  әр  түрлі   заттар бір мезгілде   әсер  етіп отырады.  Бірақ оның  барлығы   бірдей   тең   қабылданбайды.   Қайсысына   біз   назар  аударсақ,  сол   зат   қана   айқын,  анық   қабылданады да,   басқалары    бұлдыр,   көмескі  боп қабылданады.   Қабылдау  процесінде    белгілі  уақыт  кезеңінде айқын көрініп  тұрған  зат  фигура   болып  есептеледі де,   ал  күңгірт  көрінетін басқа    заттар  оның  фоны  болады.

Фон  мен  фигураның   түрлі  жағдайларға  қарай орын ауыстырып  отыруы   мүмкін.  Мәселен,  студент   сөреден психология   оқулғын  алып жатқан  кезде,   көңілі    оның   қасындағы   Л.Н.Толстойдың  «Анна  Каренина» атты   романында   ауып кетті.  Сол  кезде   адамның    қабылдауында   «Анна  Каренина»  фигура   болып қабылданады  да,  психология   оқулығы    басқа    кітаптармен бірге   фон    қатарына   қосылып  кетті.

 

Апперцепция

 

Қабылдау  қай  жағынан  алсақ та,  ол-адамның   тәжірибесімен және   қабылдайтын  объектісімен  бұрын таныс не таныс  еместігімен  байланысты    болатынын аңғарамыз. Ол- адамның  білім дәрежесімен,  көзқарасымен,  психологиялық  қалпымен тығыз  байланысады.

Қабылдаудың  адамның  өткен   тәжірибесіне,  жалпы  психикалық өмір мазмұнына  тәуелділігін апперцепция деп атайды.

Апперцепция   тұрақты  немесе   уақытша   болып екіге   бөлінеді. Апперцепцияның   тұрақты  түрі   адамның    дүниеге  көзқарасы,  профессиялық   әрекетіне табандылық көрсетуіне,  оның  психика  құрылымына байланысты; екінші  түрі   адамның   қабылдау   кезіндегі  көңіл күйіне,  психикалық   қалпына   тәуелді  болады.  Идеалистік   психологияның   өкілдері немістің педагог  психолгы Иоганн Фридрих Гербарт (1776-1841) пен  психофизиологиялық  пареллелизм  теориясын  жақтаушы неміс буржуазия  психологы  Вильгельм Макс Вундт (1832-1920)  және  казіргі   буржуазия  психологиясының   метафизикалық  бағытын ұстаушы    гештальт-психология да   апперцепцияны адам   жанының  метафизикалық  белсенділігінен  басқа    ештеңе    емес    деп   түсіндірді.  Бұл- ғылыми  психологияға   мүлдем    жанаспайтын пікірлер.

Апперцепция,  ең  алдымен,   алдымен,  адамның    еткен  әрекетінің  барысында   объективтік    заңдылықтарды  бейнелейтін  мидың   қасиеті.  Физиологиялық   тұрғыдан алғанда,   апперцепция-адамның    өмір  тәжірибесінде   жасалған  уақытша   нервтік    байланыстардың  жаңадан жасалып жатқан  байланыстарға  ми    қыртысының  әсер ететін системалы   әрекеті.

 

Кеңістікті  қабылдау

 

Кеңістікті  қабылдау,   уақыт пен  қозғалысты қабылдау  сияқты,   өте  күрделі   процестердің  бірі.  Бұл қабылдаулар  кенеттен тумайды олар адамның   өмірлік    тәжірибесімен  байланысты   бірте-бірте   пайда  болады. Кеңістікті   қабылдау деп   заттардың  үлкендігін, алыстығын,  түрін олардың  қатынасын, бағытын  айтады. 

Кеңістік,  уақыт   сияқты   шексіз  де   шетсіз. Расында да,   біз   кеңістік    ішінде  қай   жаққа    қозғалсақ та  және   бастапқы   шыққан  орнымыздан қанша   қашық  кетсек те,  ешқайда, ешқашан да   әрмен қарай  қозғалуға   болмай  қалатын  шек   болмайды. Шексіздік  пен  шетсіздік  -кеңістіктің   екі  түрлі   сипатамасы.  Ғылым    ілгері   қадам   басқан   сайын  әлем   кеңістігіне терең  бойлап, адам    баласының   талай  табыстарға  жетіп отырғанына өзіміз куәміз.  Жаңадан жасалған  радиотелескоптар жарығы  бізге  10 миллиард   және    одан да көп  жылдарда  ғана  келіп жететін  жұлдыз системаларын табуға   мүмкіндік  беріп отыр. Мұндай  зор   қашықтықты   көрнекі   түрде    елестету   мүмкін емес  болатын.   Ал  жұлдыз  системалары   бізден қанша  алыс  тұрғанмен,  олардың   ар жағында   аспанның   тағы  да  басқа   алып   денелері  бар  екендігіне   күмән   келтірмейтіндей    дәлелдеріміз бар.

Кеңістіктегі   заттарды   қабылдауға   тек  көру   мүшесі  ғана  емес,   кинестезиялық анализатор мен  тері   түйсігі    де  белсенді   түрде    қатынасып отырады.  Мәселен,  іштен соқыр   болып  туған  баланың    көзіне   операция   жасағанымен,  ол   шарды    жай    дөңгелектен,   төрт бұрышты   нәрсені    үш  бұрышты    нәрседен  айыра  алмаған.  Ал  екі  нәрсенің    арасындағы    қашықтықты  қойып, «енді ал» деп  тапсырма   бергенде,  ол  қолын   олай-бұлай  созып,  дәл  ұстай алмай,  ақырында  қармалап барып,   қолын   жаңағы    нәрсеге    әрең   дегенде    жеткізген.  Бала   нәрсені   қолына  алып,   сипап  байқағаннан  кейін ғана    оның    үлкендігін, формасын,  басқа   сипаттарын айыра    бастаған.   Бұл-тәжірибенің   арқасында   туатын қайталаудың   нәтижесі.

 

Уақытты  қабылдау

 

Уақыт-үнемі   қозғалыста    болып отыратын    материяның    өмір  сүруінің   объективтік  шын формасы.  Материяның   өмір сүру    формасынан  материялық    процесердің   өрістету тізбегі,  олардың  ұзақтығы, шексіз дамуы  көрініп отырады.  Материялық процестер  кеңістікте барлығы бірдей  бір  мезгіле бола  бермейді:  олардың  біреуі  ерте,    біреуі  кеш  дамиды.  Процестердің    айырмашылығы    қашан    басталғандығында  емес,  қанша    ұзақтыққа  созылғандығында. «Дүниеде қозғаушы  материядан басқа  еш нәрсе  жоқ,  ал    қозғаушы материя  кеңістікпен  уақыттың ішінде   қозғалмайынша  басқаша  қозғала  алмайды», дейді.

Екінші  сөзбен  айтқанда,  уақыт –дүниедегі    заттардың   өзгеріп,   бір  қалыптан екінші  қалыпқа көшіп,   ескі заттардың    өшіп,  жаңа  заттардың   олардың   орнын  басып отыруының   көрсеткіші. Уақыт пен кеңістіктен  тыс  ештеңе  ешқашан болған жоқ.

 

Қабылдаудың  тұрақтылығы

 

Қабылдаудың  тұрақтылығы   заттардың   үлкендігін,  түрін, түсін көзбен  анық   байқауына   байланысты.Физикалық  жағдайының   өзгеруіне   қарамастан,   заттарды   өзгертпей қабылдау,  бір  қалыпта  бейнелеу  қабылдаудың    константтылығы деп  аталады.

Заттардың  түсін қабылдағанда  да  константтылық  кездеседі. Мәселен,  ақ  қағазды    сарғылт электр  жарығымен  қарасақ  та,  күндіз  шаңқай түсте  қарасақ  та,   ол ақ  болып қабылданады,   бірақ көру  анализаторымызда ол  жаңағыдай  өзгерген  күйінде  көрінеді. Заттарды   көзіміздің   бейнелеп көру   қалпына  қарай  емес,  заттың   өзіне  тән,   шындыққа сай  қалпына қарай  қабылдаймыз.  Қабылдаудың    константтылығы жүре  бара  пайда  болады,   ол- адамның   іс-әрекетінің   арқасында   қалыптасады.   Анализаторлардың  өз ара  байланысы    қабылданып  отырылған заттарды  объективтік  түрде  дұрыс та дәл   бейнелеуге  көмектеседі.

 

Көру иллюзиялары

 

Көр  иллюзиялары деп  заттардың  алыстығын,  түрін үлкендігін қате, жаңсақ қабылдауын айтады. Айналадағы  заттарды шаққа,  осы  шақтан келер  шаққа ауысып,   бір бағытта  жүріп отырады. Уақиғалардың    ауысып отыруы-олардың   объективтік   белгісі.  Ондай  тізбектілік   жеке  адамның   түйсігі  мен   қабылдауы    арқылы    болатын  субъективтік құбылыс  емес,  ол   адам    санасынан  тәуелсіз өтіп жатады. Уақытты   қабылдау    деп  шындық  құбылыстардың   тізбегін,   бір   ізділігін,   тездігін,   объективтік    ұзақтығын    бейнелеу    процесін  айтамыз.

Ритм  деп уақыт  барысында   кездесетін  құбылыстардың  белгілі  ырғақпен өтіп жатқан  бір ізділігінің  түрін айтады. Уақыт қабылдаудағы   тағы  бір еске   алатын мәселе –темпті қабылдау. Темп деп  уақыт  барысында өтіп жатқан   құбылыстардың   бір ізділігінің   тездігі  мен   баяулығын   айтады.  Мәселен,  үйреншікті ана  тілінде  сөйлегендегі  темп тез болады  да,   әлі  толық меңгеріліп болмаған шет тілінде   сөйлеу   баяу  айтылады.   Темп қабылдаудың   да  белгілі   эмоциялық   бояуы  болады. Мысалы,   ленто, модерато,  аллегро  сияқты  музыкалық  темптерде  әр түрлі  көңіл күйін  білдіру   байқалады.

 

    Магистранттардың өздігінен  дайындалуына арналған сұрақтар:

Қабылдаудағы  бақылау және  бақылампаздық.

(Реферат  дайындау)

 

8-тақырып: Ес  процесі  

 Сабақтың жоспары:

1.Ес  туралы  түсінік, физиологиялық  негіздері;

2. Ес туралы  теориялар;

3.Естің   түрлері. 

 

Бұрын  қабылдаған  зат,  құбылыс   образдарын,  өз  көңіл  күйлерін  ойда  сақтап қайта  жаңғыртатын  психикалық  процесті  ес  дейді.  Бұрынғы уақытша нерв  байланыстары   қызмет    істесе,   адамның   есінде  қалғаны   қайта жаңғырада,   санасына  қайтадан  келеді.  Естің бұл күйін   қайта жаңғырту  дейміз.   Адам  көптен  көрмеген  танысып кездестіргенде,  бұрынғы болған  жері   есіне түседі.  Қабылдаған  нәрсемен  кездеспей-ақ  қайта  жаңғыртуды  еске  түсіру    деп атайды. Өз  қасында   жоқ кісінің образы   еске түседі.

Қайта  жаңғырту  процесінде   тану  мен  еске  түсірудің  қызметі  бірін-бірі   толықтырып отырады:  бұрын  оқыған  кітабымызды   көрсек  болды,  оны  танимыз. Оқыған  кітабыңды  көргенде    оның  мазмұны,   образдары  немесе конфликтісі  еске  келеді.   Қабылдаған  нәрсенің есте  қалғаны  -естің  материялы,  есте  сақталып,   қайта  жаңғыртылғаны-естің  мазмұны.   Адам  есінің    негізгі  мазмұны-сөзбен  айтылған  материал. Адамның  өзінің,   басқа  кісінің    ойы,  бастан кешкен сезімдері,  әрекеттері  сөз   арқылы    қайта  жаңғыртылады. Есте  қалдыру,  қайта  жаңғырту,  тану-естің  процестері.

Информация о работе Психология туралы түсінік