Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 10:33, лекция
1. Психология пәнінің зерттеу объектісі;
3. Психология ғылымының салалары мен тармақтары;
4. Психологияның ғылыми зерттеу әдістері.
Сабақтың жоспары: 1. Іс-әрекет туралы жалпы ұғым.
2. Іс-әрекет түрлері
Адамның басты ерекшелігінің бірі оның еңбектенуге қабілеттілігі болып табылады, ал еңбектің кез келген түрі іс-әрекет. Іс-әрекет субъектінің қоршаған әлеммен өзара әрекеттесуі жүйесі болып табылады. Осындай әрекеттесу процесінде психикалық бейне туындайды. Іс-әрекеттің кез келген қарапайым түрі субъектінің белсенділігін тудырады, яғни кез келген іс-әрекеттің итермелеуші себептері болады және белгілі нәтижеге жетуге бағатталады.
Адам іс-әрекетінің итермелеуші себептері - субъектінің белсенділігін туғызатын және іс-әрекеттің бағыттылығын анықтайтын ішкі және сыртқы жағдайлардың жиынтығын білдіретін мотивтер болып табылады. Іс-әрекетке түрткі бола отырып мотив оның бағыттылығын, атап айтқана оның мақсаттары мен міндеттерін анықтайды.
Мақсат дегеніміз адамның іс-әрекетінің көздеген нәтижесі. Мақсат белгілі бір зат, құбылыс немесе әрекет болуы мүмкін. Міндет – белгілі тәртіптерге сәйкес мақсатқа жетуге бағытталған әрекеттің мақсаты. Мысалы, қандай да бір мамандықты меңгеру үшін, алдымен оның теориялық аспектілерін оқу, яғни белгілі оқу міндеттерін шешу, сонан соң бұл білімді практикада пайдаланып, тәжірибелік дағдыларды меңгеру, яғни практикалық іс-әректтің бір қатар міндеттерін шешу қажет.
Қазіргі қоғамда адам түрлі іс-әрекеттермен айналысады. Олардың барлық түрлерін нақты адамға қатысты топтастыру мүмкін емес. Дегенмен барлық адамдарға ортақ негізгі қызмет түрлерін ажыратуға болады. Олар: ойын, оқу, еңбек.
Ойын өзінің табиғатына орай бала тұлғасын қалыптастыратын тарихи қаланған әлеуметтік механизм және әдіс болып табылады (Л.С.Выготский, А.Н. Леонтьев, Д.Б. Эльконин, және басқалар).
Қазіргі
уақытта балалар ойынының теориясы
саласында түрлі тұрғыдан қарастырылатын
көптеген жұмыстар бар. Бір авторлар
ойынды адам өмірімен тығыз байланысты
құбылыс ретінде қарастырады (Спенсер,
Холл, Гросс), басқалары ойынның
Л.С.Выготский,
А.Н.Леонтьев, А.В.Запорожец, Д.Б.Эльконин
мектебінің бір қатар зерттеулері
ойынның баланың жалпы
Ойын бұл шартты түрде шынайы өмір мазмұны бейнеленетін тәжірибенің ерекше түрі. Ойынның адамзат қоғамы мен бала дамуындағы міндеттерін зерттеуде адам мен жануарлар ойынының айырмашылықтарын ажырату маңызды болып табылады. Бұл ойынның ерекше іс-әрекет ретіндегі мәнін анықтау үшін де маңызды. Іс-әрекет ретіндегі жалпы анықтаманы алғаш берген А.Н.Леонтьев болды (1987). Бұл анықтама қажеттіліктерді өтеу үшін ойынның міндетті еместігін атап көрсететін авторлардың көптеген жұмыстармен үндесіп жатыр. Сонымен бірге ойын филогенезін зерттеу ересек жануарлардың ойындары, олардың төлдерінің ойындарынан ерекшеленетінін, оның жоралғы және биологиялық шартты – жыныстық, аумақтық және басқа да қылықтарды жүзеге асырумен байланысты екендігін көрсетеді (Хайнд, Дьюсбери).
Көптеген
авторлардың деректері бойынша
жануарлардың ойындары түрлі формаларда
көрініс береді: жүгіру ойыны, қудалау
ойыны, күрес ойыны, заттармен бірге
қозғалу ойындары, затпен немесе заттармен
айлалы әрекеттер жасау. Ойын қылықтарының
осындай формалары С.Л.Новоселова
(1978) жазғандай басым келетін
Іс-әрекет теориясына (Л.С.Выготский,
С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев, А.В.Запорожец,
П.Я.Гальперин, Д.Б.Эльконин) сай бала
дамуы «әлеуметтік мұралану»,
яғни алдыңғы ұрпақтың
Қазіргі балалар қоғамында орын алған тарихи ойындар, сонау орта ғасыр дәуірінде қаланған. Сол уақыттағы бала өзінің ойынын (бала мінез-құлығының арнайы мәениеті ретінде анықталған) қоршаған ортадағылардың қолдайтынын біле отырып, дүниені өзінің шыққан тегінің өкілі ретінде танып білетін. Қоғам оған ойын мен ойыншық арқылы өз уақытының дәстүрлік құндылықтарын табыстайды.
Халықтық
ойындарға деген психологиялық
қызығушылық ең алдымен, баланың
өзін өзі дамыту құралы ретіндегі
ойынның тарихи мәніне, ойындағы баланың
барлық айрықшалықты іс-әрекетіне орай
туындайды. Қазіргі баланың психикалық
дамуын амплификациялау мәселесін
көтере отырып А.В. Запорожец, халықтық
ойындарға жалпы адамзат
Осы
бағытты әзірлеу барысында
Іс-әрекет тұжырымдамасы
Оқу. Оқу мақсаты адамның
білім алуы, дағды мен іскерлікті
меңгеруі болып табылады. Оқу
арнайы оқу орындарында ұйымдасқан
түрде, сол сияқты қандай да
бір іс-әрекеттің қосымша
нәтижесі ретінде жолшыбай
Адам психикасын қалыптастыруда еңбектің алатын орны ерекше. Адамды адам еткен – еңбек. Осы еңбектің арқасында адам қазіргі қоғамды орнатты, материалдық және рухани әлемнің заттарын жасады, дамудың шектеусіз келешектерін ашты. Еңбек құралдарын жасап, жетілдірді. Еңбек өнімдділігін арттырды, ғылымды, өндірісті, техникалық және көркем шығармашылықты дамытты.
Адамның іс-әрекеті – аса күрделі де көпқырлы құбылыс. Іс-әрекеттің жүзеге асыуында адамның иерархиялық құрылымының барлық: физиологиялық, психикалық және әлеуметтік бөлшектері қатысады.
6-тақырып. Түйсіну
Сабақтың жоспары: 1. Түйсіну туралы жалпы түсінік
Түйсік туралы жалпы ұғым
Материялық дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке сипаттарының біздің сезім мүшелерімізге әсер етіп, оның миымызда бейнелеуін түйсік деп атайды. Түйсік - біздің айналамызда, ішкі жан дүниемізде не болып жатқанын хабарлап отыратын қарапайым психикалық процесс, осы процестің арқасында біз ортаны бағдарлай, соның жағдайына қарай қимыл жасауға тырысамыз. Түйсік себепсіз тумайды. Оның себепшісі - адам айналасындағы реалдық шындық. Сол шындықтың адам сезімдеріне әсер етуіне байланысты ғана ми бейнелеуінен барып түйсік туады. Былайша айтсақ, түйсік-сыртқы әсердің сана фактісіне айналуы. Біздің қоршап тұрған дүниеде заттар мен құбылыстар шексіз көп кездеседі. Ал олардың өзіне тән қасиеттері мен сипаттары болады. Белгілі зат не құбылыс адамға бетпе-бет кездесіп әсер етсе ғана түйсік туғыза алады. Кездеспеген зат пен құбылыс адамға әсер ете де алмайды, түйсік туғызуы да мүмкін емес. Тегі, дүние танудың алғашқы табалдырығы-осы түйсік.
Түйсіктің физиологиялық негіздері
Түйсіктердің физиологиялық негіздері организмнің арнаулы нервтік механизмі анализаторларда іске асып отырады. Кибернетика тілімен айтқанда, адам - өзін - өзі басқаратын система. Анализаторлар - сол системаның негізгі информациялау мүшесі. Организм барлық анализаторлардан келіп жатқан сигналдардың ыңғайына қарай орталық нерв системасындағы функцияларын реттеп отырады: бірде жаңа реакция тудырып, бірде бұрын өтіп жатқан әрекеттің барысында өзгеріс кіргізіп, оны түзетіп, бағыттап береді. Ми қабығында ылғи үздіксіз өтіп жатқан күрделі қызмет анализатор арқылы іске асып отыратын кері байланысқа сүйенеді.
Анализаторлар үш бөлшектен құралады:
Бірінші компоненті-сезім мүшелері (рецепторлар)-әр түрлі құрылған нервтік аппараттар. Олардың міндеті –сырттан келген физикалық, химиялық тітіркендіргіштердің күшін нервтік қозуға айналдыру. Анализаторлардың бұл сатысында әсерді тек қарапайым дәрежеде ғана талдау іске асып отырады.
Екінші компоненті-өткізгіш бөлім-сыртқы энергияның сезімтал нерв талшықтарының ұшында қозуды екі жолмен екі бағытқа (жоғары төмен) жайып отырады. Бұл жолмен орталыққа тебетін талшықтар арқылы қозуды жұлын мен ми бағанасына және ми қабығындағы алқаптарға жеткізіп отырады; екінші жолмен орталықтан тебетін талшықтар арқылы мидан қозу толқынын әр түрлі органдарға өткізеді. Нерв талшықтарының бойымен қозу бір секундтің ішінде 120 метрдей тездікпен өтіп жатады.
Үшінші компоненті – мидағы орталықтар (анализатордың шешуші бөлімі).
Нерв системасындағы басқа бөлімдердің клеткаларының құрылысымен салыстырғанда, бұл орталықтың клеткаларының құрылысы ерекше түрде әрі күрделірек боп келеді.
Түйсіктердің түрлері
Түйсіктер, біздің сезім мүшелерімізге байланысты, көру түйсігі, есту түйсігі, дәм түйсігі, искеу түйсігі, тері түйсігі, кинестетикалық, вибрациялық және органикалық түйсіктер болып бірнешеге бөлінеді. Қай жерде орналасуына, тітіркендіргішті қайдан алуына қарай, рецепторларды үш топқа бөлуге болады:
Организмнің сыртында орналасқан көз, құлақ, мұрын, тіл, тері мүшелері экстерорцептор деп аталады. Бұл рецепторлар арқылы адам өз денесінің сыртында тұрған заттар мен құбылыстардың сипаттарын бейнелейді.
Бұлшық еттерде, тарамыс пен сіңірлерде орналасқан сезім мүшелерін проприорецептор деп атайды. Бұл рецепторлар арқылы қимылдау (кинестетикалық) түйсіктері мен тепе-теңдік (статикалық) түйсіктері сезіледі.
Адам денесінің ішінде (қарында, ішекте, өкпеде) орналасқан сезім мүшелері интерорцептор деп атайды. Бұл рецепторлар арқылы ас қорыту, қан айналыс, тыныс алу басқа да ішкі мүшелерімізде нендей процестер болып жатқанын туралы хабар алып отырамыз. Адамның ішкі мүшелерінде туатын осындай түйсіктерді органикалық түйсіктер деп те атайды.
Көру түйсігі
Дүние тануда көру түйсігі үлкен орын алады. Зерттеулерге қарағанда, адам 180 түрлі түсті және олардың арасындағы 10 000-нан астам реңін айыра алады. Бұдан көру түйсігінің диапозонының орасан кеңдігін байқаймыз және көру түйсігі түйсініп отырған заттың сипаттарын бұлжытпастан дәлме-дәл бейнелеуге мүмкіншілік туғызады. “Мың рет естігеннен бір рет көрген артық” деген пікір тәжірибеден алынған. Көз арқылы заттың жарықтылығын, оның түсін, түрін, үлкендігін, алыс-жақын тұрғандығын, оның қозғалысын білеміз. Зат пен құбылыстардың жеке сипаттарын толық, дұрыс айнытпай бейнелеу ең алдымен көру түйсігі арқылы орындалады. Міне сондықтан таным процесі үшін, оның өмірлік тәжірибесі үшін көру мүшесінің ролі ерекше күшті.
Есту түйсігі
Көз секілді, есіту түйсігі де адам өмірінде үлкен роль атқарады. Есіту рецепторына тітіркендіргіш болатын- ауаның толқындары. Ауа толқыны деп оның белгілі ритммен бірде ауаның тығыздалып, бірде селдіреп ыдырауын айтады. Бұл толқындар дыбыс шығаратын заттан әр тарапқа жайылып, тарай береді. Ауа толқындарының физикалық құрылысы өте күрделі болады.
Есту түйсігі дыбыс шығаратын заттың периодикалық тербелуінен де, периодикалық емес тербелуінен де тууы мүмкін. Тұрақты жилікпен периодикалық шайқалудан туатын дыбыстарды музыкалық дыбыстар дейді. Бұған, мысалы, ән айту, музыкалық аспаптардың, камертонның дыбыстары жатады. Тұрақсыз жилікпен, периодикалықсыз шайқалудан туған дыбыстарды шулы дыбыстар деп атайды, дыбыстың мұндай түріне түрлі сықырлар, сыбдырлар, тарсыл-гүрсілдерді жатқызуға болады.
Есіту түйсігінің адам әрекетінде атқаратын жұмысы жан-жақты. Бұл рецептор арқылы адам кеңістікте дыбысты белгілі затпен байланыстырады. Дыбыстың бағытын анықтайды. Есіту рецепторы арқылы сөздердің мазмұнынан дәл, дұрыс түсіну, оны біреуге айтып беру мүмкіншілігіне қолымыз жетті. Тіл – есіту анализатордың дамуына күшті әсер етті, ана тілінің дыбыс құрамындағы нәзік айырмашылығын ажырату адамның жас басынан қажетіне айналды. Есіту түйсігін тәрбиелеуді баланың жас кезінен бастаған жөн. Ол үшін баланың құлағын дәрігерге қаратып тұру орынды. Балаларды өзіне жақынырақ отырғызу, мектепте алдыңғы парталардан орын беру, олармен сөйлескенде сөздерді нақышына келтіріп айтуға, зейін қойып тыңдауға әдеттендіру керек. Құлағы нашар еститін балалардың ақыл-ойының дұрыс дамымауы, көңілінің көтеріңкі болмауы, сабақты үлгермеуі мүмкін. Оларға ерекше жағдай туғызу орынды.