Салық жүйесінің реформасы және оның даму сатылары
Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 14:58, курсовая работа
Краткое описание
Экономикалық категориялардың ішінде маңызды орын алатын – салық. Салықтың көмегімен мемлекет нарықтық экономикаға қатыса алады. Нарықтық қатынас жағдайларында әсіресе нарыққа өту кезеңінде салық жүйесі ең маңызды экономикалық реттеушінің бірі болып табылады.
Оглавление
КІРІСПЕ..............................................................................................................
1 САЛЫҚТАР ЖӘНЕ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
1.1 Салық ұғымы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні.........................
1.2 Салық жүйесі......................................................................................................
1.3 Салық алуды ұйымдастыру...........................................................................
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ РЕФОРМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ САТЫЛАРЫ
2.1 Қазақстан Республикасының салық рефомасының негізгі сатылары және салық реформасының қажеттілігі...................................
2.2 Қазақстан Республикасының салық түрлері.........................................
2.3 Қазақстан Республикасы салық жүйесінің реформасындағы басты бағыттар және экономикадағы дамуына тигізетін әcері.........
2.4 Салықтық реформалар және салық салу келешегі......................
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..........................................................................
Файлы: 1 файл
САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ РЕФОРМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ САТЫЛАРЫ.doc
— 345.00 Кб (Скачать)Мұндай бағалаулар және қорытындылар басқа дамушы елдерде билік құрылымына келеңсіз жағдайларда, қажетті мезетте, таразыланған яғни экономикалық мотивтелген және тек қана ғылыми негізделген шешімдер қабылдау көмек береді.
Мұның қаншалықты қажет екенін қай ел болсын екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жарты ғасыр өткеннен кейін қарыздық дағдарысты бастан кешірген, бағынбайтын және экономиканың құлдырауына әкелетін инфляцияға ұшырағанда ешқайсы елдер соғыстан бұрынғы жылдардағы салықтық жүйені саұтап қалмауымен дәлелденеді.
1945 жылдан бастап Азияда, Африкада, Латын Америкасында, кейіннен Шығыс Еуропада кейінгі онжылдықта өзекті және массалы болған салық реформасын құруға кіріскен.
Нақты зерртеу дамушы елдердегі оның ішінде бұрынғы Кеңес Одағының республикаларындағы, оның ішінде ең бастысы қазақстандағы соғыстан кейінгі салық реформасының бай тәжірибесінің жүйелі және жалпылама талдауы болып табылады.
Осы реформаларды іске асыруда, олардың даму сатысының әр түрлілігіне, тіпті кейде толық тоқтатуларға, осы реформалар туралы дұрыс құжаттар көздерінің жетіспеуіне қарамастан, біз салықтық реформаны көп нұсқалы және көп мақсактты прцесс екенін көрсете алдық.
Салық реформасының соғыстан кейінгі бағдарламасы дамушы елдердегі, өзінің қалыптастырушыларының басым көпшілігі үміттерін ақтамады, ал кейбірі тіпті іске аспады, басқалары аз уақыт жетістікке жеткенмен , кейін өмір сүруін тоқтатты.
Өзімізге белгілі « салықтық реформа» бірнеше мағынаны білдіреді. Салық жүйесін кардиналды өзгерту тәсілдері, өрлеуге ұмтылу – бұл өмірдің қарапайым құбылысы.
Қазақстан Республикасының салық жүйесі даму үстінде және де бір уақытта салық механизміде көкке өрлеуде:
Қазақстан Республикасы салық салуды құқықтық реттеуде өзінің дамуында үш сатыдан өтті:
Салық реформасының 1 – сатысы. ( 1992 жылдан бастап 1995 жылдың маусым айына дейін)
Республикада 40 салық түрі қызмет атқарады.
- Жалпы мемлекеттік салықтар;
- Жалпы міндетті жергілікті салықтар;
- Жергілікті салықтар;
Салық реформасының 2 – сатысы (1995 жылдың шілде айынан бастап 1999 жылға дейін)
Бұл кезеңде салықтың саны 11 – дейін азайды. Олар жалпы мемлекеттік және жергілікті салықтарға бөлініп кетті. 1996 – жылдан бастап «Бюджетке түсетін салықтар жыне басқа міндетті төлемдер туралы» заңына 30 – дан астам өзгертулер енгізілді. Салықтың саны 18 –ге дейін көбейді.
Реформаның 3 – сатысы. ( 2000ж -2001ж.)
Жаңа Салық Кодексінің салық жобасын әзірлеу. Ол үш бөлімнен тұрады: жалпы бөлім, негізгі бөлім, салықтық әкімшілдеу.
1 - этап.
Қазақстанның салық жүйесін қалыптастыруда өзінің тәжірибесі болмсағандықтан, көрші мемлекеттердің, оның ішінде әсіресе Ресей Федерациясының тәжірибелік - әдістерін пайдаланды.
1991 жылы 24- желтоқсанда шыққан « Қазақстан Республикасы салық жүйесі туралы» заңы негізінен Ресей заң шығарушы нұсқаларынан көшіріліп алынған.
Нәтижесінде Қазақстанда үш буынды салық жүйесі құрылды.
Ол салықтың үш тобын құрады:
- Жалпы мемлекеттік салықтар;
- Жалпы міндетті салықтар;
- Жергілікті салықтар және жинақтар;
Салық санының көптігі заң шығарушылардың тұрақсыздығы, өзіндік құн, жеңілдікті мөлшерінен көп пайдалану салық жүйесі тиімсіз және оны басқару мүмкін емес дәрежеге алып келді.
Қазақстан Республикасының салық жүйесінің тарихында негізгі орынды 1994 жыл алады. Нақты осы жылы салық жүйесін реформалауда бірінші қадамдар жасалды.
Жеке тұлғалардың табыс салығы, кәсіпорындардың табысына салық; осы екі салық түрлері өзгеріске ұшырады. Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар « Жеке тұлға кірісіне және табысына салық салу туралы» жарлығы шықты. Аталған заң шығарушы актілерді қабылдауда салықтарда екі басты радикалды өзгерістер енгізілді.
Бұрынғы СССР мемлекеттерінде ұзақ уақыт бойы пайдаланылған салық салудан жиынтық жылдық табысты анықтау негізінде жеке тұлғалардың табыс салығына өтуінен жеке тұлғалардың табысына салық салу бірінші рет іске асырылған.
Заңды тұлғалар бөлімінде келесі аспектілерде өзгерістер болды: табысқа салық ставкаларының дифференциациясы өзгіртілді және екі ставка бекітілді:
30% - барлық заңды тұлғаларға және 45% - банктерге және сақтандыру компанияларына.
Бірінші рет салық төлеушілер қатарына кірістің бөлшегін кәсіпкерлік қызметтен алатын бюджеттік ұйымдар кірді. Жеңілдіктер ретке келтірілді ( 30жеңілдіктер орнына қазір 6 жеңілдіктер түрі бар) және тағы басқалары.
1994 жылы Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі өзгертулерді талдау, олардың фискалды сипаттамасы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Мұндай шешуші шараларға қарамастан 1994 жылы жалпы ішкі өнімге салықтық түсімдер 1993 жылға қарағанда төмендеп кетті, яғни, 1993 жылы 14,8% болса, 1994 жылы 8,4% -ті құрады.
Осыған сәйкес Қазақстан Республикасының салық реформасының негізгі мақсаты ретінде келсі этаптар ұсынылды:
1) Нарықтық қатынастарды ынталандыру, әсіресе:
- кәсіпкерліктің белсенді қолдауы;
- жеке салық төлеушілердің алған табыстарын кәсіпкерлік қызметке салуды ынталандыру;
- Салық салу арқылы кең заң шығарушы базасын шығару;
- Кірістерді екі, үш рет салық салудан қорғау механизмін құру;
2) Салық салуда нақты әділеттілікке жету:
- тұрмысы төмен жіктерге әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету;
- кіріс алу көздеріне тәуелсіз салық салу шкаласын құру;
-
мемлекеттің ұлттық
және территориялық
мүдделерін
- салық салу жүйесін құруда әлемдік тәжірибелерге пайдалануға талпыныстар жасау;
Осы мақсаттарға сәйкес Қазақстан Республикасының салықтық жүйесін өзгерту талпыныс жасау және оны әлемдік стандартқа сәйкестендіру.
2 –этап.
2 – этаптың тапсырмалары: салық салуды төмендету, салықтардың санын қысқарту, Қазақстанның салық жүйесін әлемдік стандартқа сай болуына қол жеткізу, Негізі бұл талаптарға жауап беруші Қазақсатн Республикасы Президентінің 1995 жылдың 24 сәуірінен бастап заң күші бар « Бюджетке түсетін салықтар және басқа міндетті төлемдер туралы» заңы болып саналады.
Жалпымемлекеттік
- Заңды және жеке тұлғалардың табыс салығы;
- Қосымша құн салығы;
- Акциздер;
- Бағалы қағаздар операцияларына салық;
- Жер қойнауын пайдаланушылардан әлеуметтік төлемдер;
Жергілікті салықтар және алымдар:
1.Заңды және жеке тұлғалардың табыс салығы;
2.Жер салығы;
3. Көліктік құралдар салығы;
4.Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалардан тіркеу үшін алымдар;
5. Қызметтің жеке түрлерімен айналысуға берілген құқық үшін алымдар;
6. Аукциондық сатулардан алымдар;
1999
жылдың 1 қаңтарынан
бастап жалпы мемлекеттік
салықтарға
Қазақстан Республикасының 1999 жылы 16 шілдедегі Президенттің заң күші бар « Бюджетке түсетін салықтар және басқа міндетті төлемдер туралы» № 440 – 1 жарлығы ( 1995ж. 24 сәуір) заңына сәйкес Қазақстан Республикасының 2235 заңы деген статусқа ие болды.
Қазақстан Республикасының салық жүйесі жоғарыда аталып кеткен құжатқа сәйкес келесі салықтар, жинақтар және басқа міндетті төлемдерден тұрады:
Бюджетке түсетін салықтар жіне басқа міндетті төлемдер:
1.Заңды және жеке тұлғалардың табыс салығы;
2. Қосымша құн салығы;
3. Акциздер;
4.Мемлекеттік тіркеуге жатпайтын бағалы қағаздар эмиссиясының ұлттық идентификациондық нөмірді тартып алу және бағалы қағаздар эмиссиясының тркеу үшін алымдары;
5. Арнайы төлемдер және жер қойнауын пайдаланушылар салығы;
6. Әлеуметтік салық;
7. Қазақстан Республикасының территориясына автокөлік құралдарды әкелгені үшін алым;