Аудит әдістерінің дамуыжәне оны жетілдіру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Декабря 2012 в 14:24, курсовая работа

Краткое описание

Аудит экономика мәліметі жүйесіне негізделген. Ол сонымен қатар басқарушылық шешімге негіз болады. Өз кезегінде, мәлімет ағымын тиімді ұйымдастыру үшін белгілі принциптерді анықтау қажет. Ол принциптер: мәлімет қажеттілігін анықау, оны тиімді түрде қажетіне сай етіп дайындау; өндіріс барысын нақты; дұрыс көрсету; бөліну, тұтыну және сату барысының мәліметін анықтау; еңбек, қаржы, материалдар ресурсының есебі;мәліметті жоспар жасауға және басқару барысында қолдану принципі.

Оглавление

КІРІСПЕ..........................................................................................3
I тарау. Аудиттің мәні, мақсаты және түлері.................................5
Аудиттің маңызы мен мақсаты…………………………………5
Аудиттің бағдарламасы мен әдістері…………………………..8
Аудит субьектісі және оның құқылық негізі…….....................10

II тарау.Аудит теориясының негізгі элементтері............................13
2.1 Аудит теориясының негізгі элементтері...................................13
2.2 Аудит қызметінің этикасы...........................................................16
2.3 Сыртқы аудит және оның негізі..................................................17

III тарау. Аудиттің мәлімет көзі........................................................23
3.1 Аудит мәлімет құрамы...............................................................23
3.2 Аудитті ұйымдастыру және оның орындалу тәртібі..............24
3.3 Аудиттің басқа да түрлері және ілеспе қызметтері.................26

Қортынды...........................................................................................28

Пайдаланған әдебиеттер...................................................................29

Файлы: 1 файл

курс работа.doc

— 172.50 Кб (Скачать)

 

Батыс қазақстан  инженерлік - гуманитарлық университет

 

 

 

 

« Экономика және менеджмент» кафедрасы

 

 

 

Курстық жұмыс

Пәні: Аудит

Тақырыбы: «Аудит әдістерінің дамуыжәне оны жетілдіру жолдары»

 

 

 

 

 

Орындаған: УА-31 жедел топ студенті

Есенова.А.Е.

Тексерген: аға оқытушы Джумашева.Г.Г.

 

 

 

 

 

Орал 2012 ж

 

 

 

 

Мазмұны

КІРІСПЕ..........................................................................................3

I тарау. Аудиттің  мәні, мақсаты және түлері.................................5

    1. Аудиттің маңызы мен мақсаты…………………………………5
    2. Аудиттің бағдарламасы мен әдістері…………………………..8
    3. Аудит субьектісі және оның құқылық негізі…….....................10

 

II тарау.Аудит теориясының негізгі элементтері............................13

2.1  Аудит  теориясының негізгі элементтері...................................13

2.2 Аудит қызметінің  этикасы...........................................................16

2.3 Сыртқы аудит  және оның негізі..................................................17

 

III тарау. Аудиттің мәлімет көзі........................................................23

3.1  Аудит мәлімет құрамы...............................................................23

3.2  Аудитті  ұйымдастыру және оның орындалу  тәртібі..............24

3.3  Аудиттің  басқа да түрлері және ілеспе  қызметтері.................26

 

Қортынды...........................................................................................28

 

Пайдаланған әдебиеттер...................................................................29

 

 

  •  

     

     

    Кіріспе

    Қазақстан Республикасының бүкіл халық шаруашылығының нарықтық экономикаға өтуі, кәсіпкерліктің жедел дамуы, ұйымдардың жаңа ұуйымдастыру – құқықтық нысандары мен меншіктін сан қырлы нысандарының пайда болуы экономикалық бақылау жүйелері механизіміне түбегейлі әсер етті.

    Қазақстандағы экономикалық бақылау нарықтық экономиканың маңызды элементтері біріне айналып  отыр.

    Соңғы жылдары  елімізде тәуелсіз аудиторлық бақылау  жүйесін құру, аудитор кадрларды  дайындау және олардың қызметін лицензиялау, қаблданған жекеленген заң актілеріне сай аудиторлардың кәсіби міндеттерін, құқықтары менжауапкершіліктерін реттеу жөнінде көптеген жұмыстар жүргізілді.

    Аудиттің дегеніміз, шарт бойынша және келісім арқылы тәуелсіз эксперттік негізде және бухгалтерлік есепті талдау, шаруашылық жүргізуші ұйымдардың орындаған жұмыстарының дұрыстығын анықтығын анықтай отырып, оған толық түрде объективті баға беру, сонымен қатар ішкі аудиттің тексеру жүйелерінің қабылданған есеп саясатына норматив-актілерге сәйкестігіне көңіл бөлу. “Аудиторлық қызмет туралы” Қазақстан Республикасының заңында экономикалық субъектілерге: банктерге, кредиттік серіктестерге, шетел қатысқан  ұйымдарға міндетті аудит жүргізіледі. Бұл талап осы айтылған ұйымдардың қаржылық жағдайы мен қызметінің шынайы есебі туралы нақтылы ақпарат алуға мүдделі субъектілердің мүдделерін қорғауға байланысты болып отыр.

    Аудитор – ол, маман, білікттілік комиссияның  шешімі бойынша аудиторлық  қызмет  жасауға арнайы куәлік  алған  жеке адам, куәлік бес  жыл мерзімге беріледі.

    Аудит қызметінің негізгі мақсаты – ол өте жоғарғы деңгейдегі мамандар арқылы аудит қызметін көрсету.

    Аудит экономика  мәліметі жүйесіне негізделген. Ол сонымен қатар басқарушылық шешімге негіз болады. Өз кезегінде, мәлімет ағымын тиімді ұйымдастыру үшін белгілі принциптерді анықтау қажет. Ол принциптер: мәлімет қажеттілігін анықау, оны тиімді түрде қажетіне сай етіп дайындау; өндіріс барысын нақты; дұрыс көрсету; бөліну, тұтыну және сату барысының мәліметін анықтау; еңбек, қаржы, материалдар ресурсының есебі;мәліметті жоспар жасауға және басқару барысында қолдану принципі.

    Аудиттің міндеті - аудитор тапсырушыларға қандай қызмет көрсететінін, субьекті шаруашылығына қандай қызмет көрсететінің, субьекті шаруашылығына қанда экономикалық көмегі тиетінін дәлелдеу үшін біріншіден, өзінің мақсатын анықтау қажет.

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

  •  I тарау. Аудиттің мәні, мақсаты және түлері

          1.1 Аудиттің маңызы мен мақсаты

  • Әрбір ілімнің  өзіне сәйкес пәні болады. Ол сол  ілімнің басқа салалардағы ілімнен  айырмашылығын оның өздеріне тән  қасиеттерін, шектелуін анықтау үшін қажет. Тану теориясына байланысты қандай даі лім болмасын, оның пәні объективті шындыққа негізделген. Егер, экономикалық теорияның пәні өндірістік қатынасқа экономикалық заңдарға байланысты болса, аудитте, барлық экономикалық ілімдер сияқты шаруашылық жүргізуші ұйымдардың өндірістік қатынастарын дамыту үрдістеріне негізделген. Бірақта, олар сол үрдістердің белгілі жұмыстарының бір бөлімін ғана қарастырады.

    Сонымен, аудиттің пәні дегеніміз, шарт бойынша және келісім  арқылы тәуелсіз эксперттік негізде және бухгалтерлік есепті талдау, шаруашылық жүргізуші ұйымдардың орындаған жұмыстарының дұрыстығын анықтығын анықтай отырып, оған толық түрде объективті баға беру, сонымен қатар ішкі аудиттің тексеру жүйелерінің қабылданған есеп саясатына норматив-актілерге сәйкестігіне көңіл бөлу. “Аудиторлық қызмет туралы” Қазақстан Республикасының заңында экономикалық субъектілерге: банктерге, кредиттік серіктестерге, шетел қатысқан  ұйымдарға міндетті аудит жүргізіледі. Бұл талап осы айтылған ұйымдардың қаржылық жағдайы мен қызметінің шынайы есебі туралы нақтылы ақпарат алуға мүдделі субъектілердің мүдделерін қорғауға байланысты болып отыр.

    Нарықтық экономикасына  көшу кезеңінде тексеру жүйелерінің  ішінде аудиторлық қызметке өте зор  көңіл бөлінеді, себебі олар бухгалтерлік есептілігін талдау және тәуелсіз түрде эксперт жүргізу.

    Аудиттің бағыты – заңдылықтармен анықталған, аудиторлылық қызметтің  нормативтік жүйесін реттеу, аудиторлар мен клиенттің шарттық міндеттемелерін  нақты мақсатпен шешу болып есептеледі.

    Аудиттің  міндеті – қаржы есебін төмендегідей бағыттары бойынша тексеру:

    • Есептердің дұрыстығын, анықтығын растау;
    • Тексеру кезінде есепте көрсетілген шығындардың, талаптардың, қаржы нәтижелерінің қортындысының анықтығын, дұрыстығын, толықтығын және дәлелдігін тексеру;
    • өзінің негізгі және айналым қорының дұрыс пайдаланудың арқасында келешектегі резевтерді анықтау.

    Аудиторлық  қызметпен аудит жұмысын ұйымдастыру  мен әдістемелік жағынан қамтамасыз ету, аудиторлық тексеруді іс жүзінде  орындау және басқа да аудиторлық қызметті көрсету түріндегі кәсіпкерлік қызмет.

    Аудит жөніндегі  Қазақстан Республикасының №1 стандарты  “Қаржылық есеп аудиті бағыты және жалпы принципі” бойынша негізгі  принциптерге мыналар жатады:

    • тәуелсіздік;
    • шындық;
    • объективтік;
    • ұқыптылық және кәсіби мамандылық;
    • құпиялық;
    • тез жеделдік принципі;

    Нарық экономикасы  кезінде аудит тәжірибе жөнінде  кәсіпкерлік қызметтің бір түрі ретінде басты рол атқарады. Ол төмендегідей функцияларды орындауы тиіс:

    • экспрестік;
    • аналитикалық (талдау);
    • кеңес беру;
    • өндірістік.

    Аудит нәтижелері бойынша аудиторлық есеп жасалады, ол аудит стандартына сай келуі  тиіс және ұйымның қаржылық есебінің ажырамас бөлігі болып табылады.

    Аудиторлар  мен аудиторлық ұйымдар аудит  жүргізуден басқа өз қызметін көрсетуі мүмкін, оның ішінде бухгалтерлік есепті қалыпқа келтіру және жүргізу, қаржылық, статистикалық және салық есебін жасау, қаржылық, салықтық, банктік жғне өзге шаруашылық заңдарының мәселелері жөнінде консультация береді және ақпараттық қызмет көрсете алады. “Аудиторлық қызмет туралы” ҚР Заңының 2-бабында аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар көрсетуге құқылы қызмет түрлері атап көрсетілге. Бұл тізбеге қызметтің кейбір лицензияланатын түрлері көзделген, оның ішінде бақылау қызметі, бағалы қағаздар рыногындағы қызмет, баспа қызметі және адвакаттық қызметпен байланысты емес заң қызметін көрсету көзделінген.

    Аудитор касса  және кассалық операциялардың аудиті негізінен үш бағыт бойынша жүргізіледі:

    • Қолма-қол ақша қаражаттарын түгендеу;
    • Кассаға түсетін ақша қаражаттарының кірістелуінің өз уақыттылығын және толықтығын тексеру;
    • Шығындарға есепте шығарылған ақша қаражаттардың дұрыстығын зерттеу.

    Аудитор кассаны  түгелдеу кезінде кассада тұрған ақша белгілері мен басқа да құндалықтардың нақты бар болуы тексеріледі. Қатаң есептегі бланкілер де тексеруден өткізіледі.

    Аудитор касса  ордерлері бойынша ақшаны қабылдау мен беру тек олардың ресімдеген күнінде жүргізіледі. Касса операцияларының  есебін кассир касса кітабында қалай  жүргізгенін тексереді. Касса операцияларының  есебі компьютерлендіру жағдайында касса құжаттарын өңдеудің бағдарламалық құралдары жұмысының дұрыстығына да тексеру жүргізіледі. Аудитор кассаны Бас бухгалтердің қатысуымен тексеріледі. Тексерер алдында кіріс және шығыс ордерлерімен, кассалық кітапшалармен танысып, оның дұрыстығын біліп алады. Алдын-ала кассирдан: “касса есебіне кірмей қалған құжаттар жоқ” деп қол қойғызып алу керек. Кассаның сол күнгі қалдығын есептеп алып, қолма-қол ақшаны санайды.

    Аудитор  ұйымның  кассалық есеп беру тәртібі сақталама, соған да көңіл бөлу керек.

    Аудитор түгелдеу актісінде ақша қаржысының бар болуы түгелдеу күні жасалған есепке алудың мәліметтерімен салыстырылады және нәтижесі анықталады. Кем шығу немесе артық шығу табылған жағдайда актіден оның пайда болу себебі және сомасы көрсетіледі. Бұзушыларға кінәлі адамдар белгіленген тәртіпте жауапкершілікке тартылады. Ақша қаражаттарымен қатаң түрде есеп беру бланкілерін тексеру нәтижелері нақты ақша қаражаттарын түгелдеу актісімен және құндылықтар мен қатаң түрдегі есеп-қисап құжаттарын түгелдеу тізімдемесімен рәсімделеді.

    Ақша қаражаттарының артық шыққан сомалары кіріске алынуға  тиісті: ол кезде 1010 – 1020–шоттары дебеттеліп, 6160–шоты кредиттеледі. Кем шыққан ақша қаражаттарын өтеу үшін материалды жауапты тұлғаның (кассирдің) есебіне  шығарылады. 2160 (334) –шоты дебеттеліп, 1010, 1020-шоттары кредиттеледі.

     

      1. Аудиттің бағдарламасы мен әдістері

    Ғылым саласында  зерттеу, оның шындықты анықтау үшін ғылым тану жолын оның ғылыми әдістері деп атайды. Негізінде ғылым тану әдістері қандай бір ғылым саласында  болмасын арнайы ғылым тану құралы ретінде қолданылады. Әрбір ғылым саласының ерекшелігіне сәйкес оның әдістерінің де өзіндік айырмашылығы болады. Сонда да болса жалпы ғылыми даму ағымында теориялық тұрғыдан философиялық анықтама бойынша барлық ғылым саласына бірдей әмбебап әдіс-ол диалектикалық әдіс деп танылған. Диалектикалық әдістің негізі –табиғаттағы экономикадағы құбылыстың барлығы өзара байланысты деп зерттеп қарастыруында. Себебі, диалектикалық әдіс өмірдегі барлық құбылысты өзара объективтік заңдылықпен байланыста екенін негізгі алуында. Сондықтан да диалектикалық әдіс қандай ғылым саласы болса да оның ғылыми методологиясының негізін құрайды. Аудит, экономика ғылым саласына қосылады, оның даму барысында қоғамға қажет жетістіктерін пайдалану үшін аудитке тән ғылыми әдістер тобы оның методологиясын анықтайды, олар өз кезегінде жалпы методология және жеке методология болып бөлінеді. 

     Аудиттің  жеке әдістемесі диалектика принциптері  мен жалпы ғылыми теориялық  зерттеу заңдылықтарынан құралады. Аудиттің жеке методологиясы барлық ғылым саласына тән әдістер тобынан құралады; олар: талдау және топтау, индукция және дедукция, бақылау, салыстыру, өлшеу. Осы аталған әдістердің барлығы философиялық гнесология теориясы бөлімінде толық, жан-жақты қарастырылған. Анализ –ғылыми зерттеу әдісі оның негізгі объектісі соның құрамына, бөлшегіне жекелеп мазмұны, мағынасын анықтап, өз тегінде тұтасты құрайтын әр бөлшек жеке талдауға жататын құрамға айналады. Синтез (топтау, біріктіру, қорытындылау) ғылыми-зерттеу әдісі оның негізі зерттеу объектісімен құрамының арасындағы өзара байланысына талдау жасап мазмұны, мағынасына анықтау жасап қорытындылайды.

    Аудит процесінде анализ және синтез аудит объектісіне  осы әдістер арқылы талдау жүргізу  үшін қажет. Осы әдістердің ерекшеліктеріне  сәйкес талдау объектісінің жекелей және атаулы түріне де талдау жасап оның мазмұны, мағынасын анықтауға болады. Аудит барысында шаруашылық субъектілерінің қаржылық табыстық көрсеткіштерін талдау үшін дедукция –индукция әдісі қолданылады.

    Информация о работе Аудит әдістерінің дамуыжәне оны жетілдіру жолдары