Банк балансын талдау және оны жетілдіру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2012 в 21:13, дипломная работа

Краткое описание

Диплом жұмысының негізгі мақсаты – теориялық білімнің негізінде банктің құжаттары мен мәліметтерін пайдалана отырып, оның банк жүйесінің орындалу жүйесіне баға бере отырып, банк жүйесінің ары қарай даму жүйесін жетілдіруге байланысты әр түрлі іс-шараларды қарастыру және нақты ұсыныстар ұсыну болып отыр. Атап айтқанда, диплом жұмысының тақырыбына сәйкес банктің өтімділігін жақсартуға байланысты және оны жетілдіру жолдарын қарастыру болып отыр.

Оглавление

КІРІСПЕ 5
1 БАНК БАЛАНСЫ ЖӘНЕ ОНЫ ҚҰРУ ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК 8
1.1 Банк балансы туралы жалпы түсінік 8
1.2 Банк балансын құрудың қағидалары және тәртібі 13
1.3 Банк балансы шот жоспарының концепциясы мен сипаттамасы 17
2 «БТА БАНКІ» АҚ БАЛАНСЫ ҚҰРЫЛЫМЫНА ТАЛДАУ 23
2.1 «БТА Банкі» АҚ құрылу тарихы, ұйымдық құрылымы 23
2.2 «БТА Банкі» АҚ балансын талдаудың негізгі баптары 31
2.3 Банк балансының актив және пассив операцияларын талдау 37
3 БАНК БАЛАНСЫН ҚҰРУДА КЕЗДЕСЕТІН МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ
ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 48
3.1 Банк балансын талдаудағы мәселелер 48
3.2 Банк балансын қабылдаудағы мәселелерді шешу 52
3.3 Банк балансын жетілдіру жолдары 57
ҚОРЫТЫНДЫ 68
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 70
ҚОСЫМШАЛАР

Файлы: 1 файл

дипломдық жұмысы.doc

— 1.16 Мб (Скачать)

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

 

«Көкше» Академиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бекмаганбетова Б.С.

 

Банк балансын талдау және оны жетілдіру жолдары

 

 

 

 

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

 

 

 

 

050509 «Қаржы» мамандығы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көкшетау 2011

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

 

«Көкше» Академиясы

 

 

«Есеп және аудит, қаржы » кафедрасы

Кафедра «Учет  и аудит, финансы»

 

 

 

 

 

Қорғауға жіберілді

«___» __________20__г.

Кафедра меңгерушісі

Зав. Кафедрой

Какимов С.К.э.ғ.к.

_____________________

               (подпись)

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

 

тақырыбы: «Банк балансын талдау және оны жетілдіру жолдары»

«БТА Банк» мысалында»

 

050509 «Қаржы» мамандығы

 

 

 

 

 

Орындады                                                                                 Бекмаганбетова Б.С.

             

 

Ғылыми жетекші                                                                      Асылбекова Г.Т.

магистр, аға оқытушы

 

 

 

 

 

Көкшетау 2011

«Көкше» Академиясы

«Есеп және аудит, қаржы» кафедрасы

Диплом жұмысын орындауға

ТАПСЫРМА

 

Студент:____________________________________________________________________________

Топ:________________________________________________________________________________

Мамандығы: _______________________________________________________________________

Жұмыс тақырыбы:_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

ЖОО бойынша бекіту бұйырығы:  №__    "__"_____________ 20 __ ж.

Аяқталған жұмысты тапсыру мерзімі:______________________________________________________

Бастапқы мәліметтер: ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Диплом жұмысында жобалауға тиісті сұрақтардың тізімі немесе диплом жұмысының қысқаша мазмұны:__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________

Графикалық материалдың тізімі:_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________

Ұсынылған негізгі әдебиет:________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________

Диплом жұмысына қатысты бөлімдерді нұсқау жұмысы бойынша кеңестер

Бөлімдері

Ғылыми жетекшісі

Мерзімі

Қолы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тапсырманың беру мерзімі:

Кафедра меңгерушісі_______________________________________ Какимов С.К.

                                                               (қолы, Аты-жөні, тегі)

Жұмыс жетекшісі _______________________________________     

                                           (қолы, Аты-жөні, тегі)

Тапсырманы орындауға алған_____________________________

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ                                                                                                                      5

1 БАНК БАЛАНСЫ ЖӘНЕ ОНЫ ҚҰРУ ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК      8

1.1 Банк балансы туралы жалпы түсінік                                                                   8

1.2 Банк балансын құрудың қағидалары және тәртібі                                          13

1.3 Банк балансы шот жоспарының концепциясы мен сипаттамасы                   17

2 «БТА БАНКІ» АҚ БАЛАНСЫ ҚҰРЫЛЫМЫНА ТАЛДАУ                       23

2.1 «БТА Банкі» АҚ құрылу тарихы, ұйымдық құрылымы                                  23

2.2 «БТА Банкі» АҚ балансын талдаудың негізгі баптары                                   31

2.3 Банк балансының актив және пассив операцияларын талдау                         37                                                                                                                     

3 БАНК БАЛАНСЫН ҚҰРУДА КЕЗДЕСЕТІН МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ

ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ                                                                           48

3.1 Банк балансын талдаудағы мәселелер                                                               48

3.2 Банк балансын қабылдаудағы мәселелерді шешу                                            52

3.3 Банк балансын жетілдіру жолдары                                                                   57

ҚОРЫТЫНДЫ                                                                                                        68

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ                                                   70

ҚОСЫМШАЛАР                                                                                                     72

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       КІРІСПЕ

 

 

       Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің экономикасындағы өзекті мәселелердің бірі – бухгалтерлік есеп және есеп беру жүйесін халықаралық стандарттар мен нормалар талаптарына сәйкестендіру. Ол, әрине, халықтың жағдайын жақсартуға және мемлекетіміздің экономикасының тұрақты өсуіне әсер етеді.

       Банк саласы Қазақстан Республикасы экономикасының дамушы секторының бірі болып табылады. Еліміздің жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшуінің өзі қоғам өмірінің барлық салаларына үлкен өзгерістер алып келді. Бүгінгі күні банктегі бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде басты орын алады.      

       Бүгінгі таңда халық шаруашылығы саласындағы банк жүйесінің экономиканы дамытуда алар орны ерекше. Қаржы-несие институттары мен операциялардың қайта бағытталуына, Орталық банк пен екінші деңгейлі банктердің өзара қатынас жүйесінің өзгеруіне байланысты банктегі бухгалтерлік есеп және есеп беру үздіксіз жаңарып отырады. Бухгалтерлік есеп басқару үрдісінің бір бөлігі болып табылатындықтан ол маңызды ақпараттар алуға мүмкіндік береді.

       Қазақстанның салық заңнамасы салық есептілігін есепті салық кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей тапсыруды талап етеді, онда қаржы есептілігінің де деректері көрсетіледі. Баланс банктің белгілі бір сәттегі қаржылық жағдайын сипаттайды. Оның жаңа операцияларды игерудегі саясатын бағалауға, оның активтерін бағалауға мүмкіндік береді.

        Қазақстан Республикасының банк мекемелерінің балансы кәсіпорындікіне қарағанда ерекше болып келеді. Банк балансы күн сайын, ай сайын, тоқсан сайын және жыл сайын болып бөлінеді. Банктің бухгалтерлік балансының жеделдігі күндік баланста көрсетіледі. Балансты француз тілінен аударғанда «balanse» тепе-теңдікті білдіреді. Тепе-теңдік дегеніміз банк ресурстарының, ақша қаржыларының теңдігін және олардың қандай мақсатқа жұмсалып, қандай көздерден шығарылғанын көрсетеді. Банктің барлық операциялары баланспен бақыланады. Банк есебінің нақтылығы мен жеделдігі қаржылардың сақталуын, ақша айналымы мен есеп-несие қатынастарын қадағалауға мүмкіндік береді. Банктің бухгалтерлік балансы банктік есептің шот жоспарына сәйкес болуы тиіс. Баланс арқылы банктің статусы мен сенімділігін білуге болады. Банк қызметіне талдау жүргізгенде негізгі құжат болып келеді.

       Жалпы қазіргі кезеңдегі қазақстандық банктік тәжірибеде орын алған өтімділік дағдарысы, өз кезегінде банктердің активі мен пассивін басқарудың тиімсіздігін, соның ішінде өтімділікті қамтамасыз ететін активтер мен пассивтерді басқаруға қатысты теория мен тәжірибедегі әлсіз тұстарының болуын нақты дәлелдейді.

        Көптеген банк қызметкерлері банктің активі мен пассивін кешенді басқару пайданы арттырып, тәуекелді азайтады деп пікір айтады. Бұл жерде күтілетін табыстар мен өтімділікті дұрыс бағалау қауіпі бар. Сонымен қатар, банк активі мен пассивін басқару тәуекел мен табыстардың ара қатынасын дұрыс түсіне білу қажет, себебі, банк тәуекелін бір бағытта қысқарту, банк қызметінің басқа бағыттары бойынша оның артуына жол береді. Банк қызметінде тәуекелдің жоғары деңгейде болуы, өз кезегінде тек қана табыссыздыққа ғана емес өтімсіздікке ұшырауға себеп болары сөзсіз. Ендеше, банктік сектордағы орын алған өтімділік дағдарысынан шығуға тиісті қолданылатын шаралардың кешігуі, ертеңгі банктік дағдарысқа жол беруі әбден мүмкін. Демек, міне осы сияқты оң шешімін таппаған мәселелердің банктік тәжірибеде болуы зерттеу жұмысы тақырыбының аса өзектілігін одан әрі нақтылай түседі.

        Коммерциялық банктің активі мен пассивін басқаруға бағытталған ғылыми жұмыстарға жасалған талдаудан, банктің өтімділігі мен табыстарын қамтамасыз етуде ең бастысы банк балансының құрылымын үйлесімді немесе теңгерімді басқаруға қатысты орын алған мәселелердің болуы зерттеу тақырыбының өзектілігін сипаттайды.

       Зерттелу дәрежесі ретінде, банк саясатының мәселелеріне байланысты отандық және ТМД елдері бойынша ғалымдардың, ізденушілердің ғылыми еңбектері; халықаралық және республикалық ғылыми-тәжірбиелік конференцияның мақалалары пайдаланылды. Сондай-ақ, мына ғалымдардың пікірлері көрініс тапты: Б.Мақыш., Балабанова И.Т. Сейiтқасымов С. еңбектері қолданылып отыр.

       Диплом жұмысының негізгі мақсатытеориялық білімнің негізінде банктің құжаттары мен мәліметтерін пайдалана отырып, оның банк жүйесінің орындалу жүйесіне баға бере отырып, банк жүйесінің ары қарай даму жүйесін жетілдіруге байланысты әр түрлі іс-шараларды қарастыру және нақты ұсыныстар ұсыну болып отыр. Атап айтқанда, диплом жұмысының тақырыбына сәйкес банктің өтімділігін жақсартуға байланысты және оны жетілдіру жолдарын қарастыру болып отыр.

       Осы мақсатқа жету үшін келесі басты міндеттерді шешу қажет:

- банктің жалпы даму тарихымен танысу;

- банктің ұйымдастыру және басқару құрылымымен танысу;

- экономикалық көрсеткіштердің өзгеру динамикасын анықтау;

- берілген мәліметтерді өңдеу;

- дұрыс, әрі тиімді теориялық және тәжірбиелік қорытындылар жасау;

- рационалды басқару шешімдерін таңдау, банктің даму перспективаларын көрсету.

       Зерттеу объектісі ретінде банк жүйесін зерттеу қазіргі таңда маңызды орын алатындықтан екінші деңгейлі банктердің алды болып саналатын АҚ «БТА Банкінің» қаржы  жағдайы қарастырылып отыр.

       Зерттеу пәніне «БТА банк» балансын талдау және оны жетілдіру жолдары жатады.

       Тәжірибелік мәні ретінде дипломдық жұмыста көрсетілген банк жүйесінің теориялық аспектілері және банктік ресурстар бойынша іс-шараларды оқып-үйренуге байланысты бағдарламалардағы білім ордасының білімгерлері қолдануы мүмкін.

       Диплом жұмысының құқықтық және ақпараттық қамтамасыз етілуі ретінде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының банктері және банктік қызмет туралы» Заңы және АҚ «БТА Банк» консолидирленген есеп берулері қолданылып отыр.

       Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізіне қазіргі кездегі отандық және шетелдік ғалым-экономистердің коммерциялық банктердің балансын талдаудағы орын алатын мәселелері туралы және өтімділікті басқарудың банктің тұрақты дамуындағы рөлін сипаттайтын зерттеулері пайдаланылды. Оған: Сейтқасымова Г.С., Бименова А.Ә., Мыржақыпова С.Т., Мақыш С.Б. және басқалары жатады.

        Ғылыми жаңалықтар ретінде банк мекемелеріндегі іс-шаралар бойынша тәжірибелік және әдістемелік ұсыныстарды тиімді жасау болып саналады.

       Зерттеу нәтижелерінің тәжірибелік маңызы Қазақстанның банктік секторындағы активтер мен пассивтерді басқару жағдайы мен дамуын объективті түрде бағалауға мүмкіндік жасайды.

       Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан және 2 кесте, 5 суреттен тұрады.

       1 тарауда банк балансы туралы жалпы түсінік, балансты құру қағидалары мен тәртіптері, шот жоспарының концепциясы мен сипаттамасына анықтама берілген.

       2 тарауда АҚ «БТА Банкінің» тарихы мен ұйымдық құрылымы көрсетіліп, банктің қаржы-шаруашылық негізінде жасалған есеп берулеріне талдау жүргізілген. АҚ «БТА Банк» балансының актив және пассив операцияларының құрылымына талдау жасалып, 2011 жылдың 1 қаңтар жағдай бойынша бухгалтерлік балансы көрсетілген.

       3 тарауда банк балансын құруда кездесетін мәселелер және оны жетілдіру жолдары анықталған. Қорытындыда банк балансын жетілдіру үшін жасалған перспективті іс-шаралар мен нақты ұсыныстар жасалған.

 

 

 

 

 

 

 

 

             

       1 БАНК БАЛАНСЫ ЖӘНЕ ОНЫ ҚҰРУ ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

 

 

       1.1 Банк балансы туралы жалпы түсінік

 

 

        Бухгалтерлік баланс банктің белгілі мерзімдегі қаржылық жағдайы туралы мәліметі мен қаржылық есептің басты формасы болып табылады. Банк балансы бұл банктің негізгі құжаттарының бірі болып келеді. Қазіргі таңда банк балансы өзгерістерге түсіп жатыр. Бұл өзгерістер банк балансының оңдалуын, талдау жүргізуге жеңіл болу үшін көмегін тигізеді. Баланс өзі екі бөлімнен тұрады: қаржылық құрау көздері нақты бар қаржылар, ал екіншісі бөлімдегі қаржыларды тиімді қолдануын немесе жұмсалуын көрсетеді деп айтсақ та болады.

       Банктік есеп берушіліктің негізгі бағыты банк қызметі туралы нақты, толық және оперативті экономикалық ақпарат көзінің болуы. Банктік есеп берушілік потенциалды инвесторлар мен клиенттер үшін түсінікті болуы керек. Оларға күтетін табыстармен бірге болатын тәуекелдерді мерзімі және сомасы туралы ақпарат алуға мүмкіндік беруі керек. Барлық тартылған ресурстар түрі мен құрамы туралы, орналасуы туралы ссудалар бойынша мүмкін жоғалтуларға арналған резервтердің болуы туралы ақпарат ұсынуға мүмкіндік береді. Қазіргі банктерді басқару ақша бірлігінің көрсететін сандық ақпараттарын қолдануға негізделеді. Егер ол бухгалтерлік есеп беруді талдауға көмектесетін болса ол жоспарлау банк қызметін жүзеге асыру және бақылау процесінде қолданылады. Сонымен бірге бухгалтерлік ақпараттарды бағалау шартты классификациялауды да қолданады.

            Коммерциялық банктердің баланстары банктік өзіндік және тартылған қаражат жағдайын олардың несиелік және басқа да активті операцияларына арналуын көрсететін бухгалтерлік құжат. Банктік баланс коммерциялық ақпарат құралдарына жатады және оперативтілік, нақтылық, ақиқаттық талаптарға сай жасалуы керек [1].

       Баланс тағайындалған шот негізінде құрылады. Тағайындалған шоттар бухгалтерлік есепте банктің қаражаттарын экономикалық топтастыру, банк операциялары туралы ақпарат алу мақсатымен және банк қызметінің шаруашылық прогрестердің қозғалу жолын бақылаумен анықталады. Бұл шоттардың міндеттемесі мен құрылымы Ұлттық банктің шот жоспарынан зор айырмашылығы жоқ.

       Қазақстан Республикасының «Ұлттық банктің жаңа банктік есеп шот жоспарын» нақтылау бұйрығына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің директорлар кеңесі 14.05.1997 жылы құрылған дүниежүзілік тәжірибеде қолданылған бухгалтерлік есепті орталық банктерге енгізді. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк шот жоспарында өзімен жүйелендірілген мәлімет атауларын ұсынады. Шоттардың атаулары Ұлттық Банктің баланс баптарына сәйкес келеді. Ұлттық Банктің бухгалтерлік есебінің шот жоспары шот тізбесін әр класстарға бөлінетінін көрсетеді. Шоттардың жіктелу негізі олардың іс-қимылында жатыр [2]. Бұндай тоғыз класс бар:

І класс - Активтер  коды 100-199 дейін;

ІІ класс - Басқа да активтер коды 200-299 дейін;

ІІІ класс - Пассивтер коды 300-399 дейін;

IV класс Басқа да Пассивтер коды 400-499 дейін;

V  класс - Капитал және резервтер  коды 500-599 дейін;

VI  класс - Монетарлық қызметтен кірістер коды 600-699 дейін;

VII  класс - Монетарлық емес қызметтен кірістер коды 700-799 дейін;

VIII  класс - Монетарлық қызметтен шығындар коды 800-899 дейін;

IX  класс - Монетарлық емес қызметтен шығындар коды 900-999 дейін.

      Осы тоғыз класстардан баланста V класс көрсетіледі, ал VI, VII ,VIII, IX класс шоттары - кіріс пен шығыстың жиынтық шоттарына кіреді. Осы жиынтық  шот қорытындысы баланста V класс - «Капитал мен резервтер», жаңа шот жоспары тек қана активті және пассивті болып бөлінеді. Активті шоттар - I, II, VIII, IX кластарда, пассивті шоттар III, IV, VI, VII кластарда көрсетілген. Оны 1-ші кестеден көруге болады.

 

       Кесте 1. Активті және пассивті шоттар

 

АКТИВ

ПАССИВ

І класс - активтер

ІІІ класс - пассивтер

ІІ класс - Басқа да активтер                                 

IV класс - Басқа да пассивтер

V класс - Капитал және резерв

VIII класс - шығындар                      

VI класс - кірістер

IX класс - шығындар                        

VII класс - кірістер

Ескертпе – автормен құрастырылған

 

       Активті І класс шоттарына  пассивті ІІІ класс шоттары сәйкес келеді. Активті ІІ класс шоттарына пассивті IV класс шоттары сәйкес келеді.

      Балансты шоттың активі мен пассивінің негізгі категориялары және кірістер мен шығындардың, таза кіріс пен шығындар құралы есеп  берулерінің негізгі категориялары шот жоспарында жеке-жеке класс ретінде берілген.

       Кластардың, топтардың және шоттардың орналасуы цифрлы код жүйесінің көмегімен көрсетілген. Әрбір кластың ішінде негізгі топ шотын нақты көрсетілетін қызмет түрлерінен ажырату үшін бес белгіден тұратын цифрлы  кодтар қолданылады.

       Әрбір топ ішінде жіктемелеп берілгендердің базалық деңгейін көрсететін бөлек шоттар қолданылады. Кодтың құрылымы мен белгіленуі:

1 сан - класс;

2 сан - топ нөмірі;

3 сан - шот нөмірі;

4 сан - ішкі резидент пен резидент емес белгісі;

5 сан - секторлау [3].

       Кодтың 1 саны активтің, пассивтің белгілі класына сәйкес келеді, яғни І класс активтер. Бұл класқа ең алдымен ақша несие саясатымен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің негізгі қызметтерімен байланысты  актив топтары кіреді. Сондай-ақ мына актив топтары да кіреді: «Отандық мемлекеттік бағалы қағаздардың авуарлары», «Авуарлар мен басқа да ұсынылған несиелер».

       ІІ класс - басқа да активтер, бұл класқа Ұлттық Банктің қызметін атқаруына қажетті базалық ифроқұрылымды құрайтын активтер кіреді. Бұл кластың негізгі тобының активіне банктің негізгі қорлары (ғимарат, бағалы жабдықтар), сондай-ақ мұнда басқа топқа жатпайтын барлық актив топтары жатады.

       ІІІ класс - пассивтер, бұл класс Ұлттық Банктің негізгі қызметін  жүргізетін саясатты жүзеге асырады. Негізгі пункт болып Ұлттық Банктің шығарған нақты ақшалары табылады. Басқа негізгі пассив топтарына мыналар жатады: шетелдік міндеттемелер, өкілетті клиенттердің депозиттері, мұндай клиенттерге мемлекеттік басқару органдары мен банктер жатады.

       IV класс - басқа да пассивтер, бұл кластың негізгі тобына кіретін мыналар:

инвестициялық және сенімсіз бағалы қағаздар бойынша жабуға арналған резервтер, амортизациялық аударулар, негізгі қорлар, Ұлттық Банктің мекемелері арасындағы эмиссионды-кассалық операциялар, шетелдік операциялар, клиенттің тапсырысы, несиелік операциялар, бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар, банктің ішкі операциялары бойынша және шығын мен кірістерді аудару бойынша есеп айырулар, жұмысшылар алдындағы міндеттерді өтеуге арналған резервтер, жыл соңында мемлекетке өтеуге тиісті таза кіріс.

       V класс - капитал және резервтер, бұл берілген класс Ұлттық Банктің қаржысын көрсетеді. Бұған келесі топтар жатады: заңмен қарастырып мемлекеттің енгізуімен белгіленген арнайы резервтік капиталдар, негізгі активтерді қайта бағалаудан құралған резервтер мен бөлінбеген таза кіріс. 

       VI класс - монетарлық қызметтен алынған кірістер, бұл класқа Ұлттық Банктің І класына енгізілген негізгі активтері есебінен алынған барлық кірістері жатады. Бұл кластың кірістер шот тобының құрылымы І кластың шот тобының құрылымына сәйкес.

       VII класс - монетарлық емес қызметтен алынған кірістер, бұл класқа  монетарлық емес қызметтен алынған кірістің барлық түрі кіреді, яғни ІІ класс шоттарын қолдана отырып алынған. Бұл кластың шоттар тобының құрылымы ІІ кластың шоттар құрылымына сәйкес.

       VIII класс - монетарлық қызметтен пайда болған шығындар, берілген класқа монетарлық қызметтен пайда болған  шығынның барлық түрі кіреді, яғни ІІІ класс шоттарының шығындары тобына құрылымы сәйкес.

       IX класс - монетарлық емес қызметтен пайда болған шығындар, бұл класқа монетарлық емес қызметтен алынған шығындардың барлығы кіреді, яғни IV класс шоттарын қолданудағы шығындар тобының құрылымына сәйкес [4].

       Кодтың 3-ші әрбір топ ішндегі бөлек шотқа сәйкес келеді және орындалып жатқан операцияны сипаттайды. Кодтың 4-ші белгісі резидент емес. Кодтың 5-ші белгісі экономиканы секторлау белгісі болып табылады.

І классАктивтер:

10000 - Ұлттық Банктегі нақты ақша;

11000 - Аффинирленген қымбат бағалы металдар;

12000 - Шетел валютасы (корреспонденттік шоттағы, депозиттік шоттағы, шетел валютасындағы қаржылар, сондай-ақ шетел валютасындағы нақты ақшалар);

13000 - Шетел валютасындағы инвестициялар мен талаптар;

14000 - Мемлекеттік бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар;

15000 - Қазақстан Республикасының Үкіметімен жүргізілетін операциялар (Үкіметтің шығарған аманаттары мен бағалы қағаздарынан бөлек басқа әдіспен қамтамасыз етілген Үкіметке ұсынылған несие);

16000 - Қаржылық ұйымдармен операциялар;

17000 - Ішкі қор нарығындағы есеп айырысулар;

18000 - Қаржылық емес ұйымдар және жеке тұлғалармен жүргізілетін операциялар.

ІІ класс Басқа да активтер:

21000 - Заңды және жеке тұлғалармен есеп айырысулар (шығындар, қаржыландыру, несиелер);

22000 - Капиталға салымдар;

23000 - Негізгі құралдар, арзан бағалы тез тозатын заттар және материалдар;

24000 - Ұлттық Банк бөлімшелері арасындағы аударулар бойынша операциялар;

25000 - Аффинирленбеген бағалы металдар мен бағалы тастар;

26000 - Қадағалау шоттары (түзетулер енгізу);

27000 - Ұлттық Банктің шаруашылық және әкімшілік басқару қызметі бойынша басқа да дебиторлар.

ІІІ класс Пассивтер:

30000 - Айналымға жіберілген нақты ақшалар (Ұлттық Банктің кассасынан);

31000 - Аффинирленген бағалы металдармен операциялар бойынша міндеттемелер;

32000 - Валюталық міндеттемелер;

33000 - Шетел валютасындағы инвестиция және депозиттер бойынша міндеттемелер;

34000 - Мемлекеттік бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар;

35000 - Қазақстан Республикасының Үкіметімен операциялар;

36000 - Қаржылық  ұйымдармен операциялар;

37000 - Ішкі қор нарығындағы операциялар;

38000 - Қаржылық емес ұйымдармен және жеке тұлғалармен операциялар;

39000 - Реттеу шоттары.             

IV класс Басқа да пассивтер:

43000 - Жинақталған амортизация;

44000 - Ұлттық Банк бөлімшелерінің аударулар бойынша операциялар;

45000 - Аффинирленбеген бағалы металдар және бағалы тастар;

46000 - Реттеу шоттары;

47000 - Ұлттық Банктің шаруашылық және әкімшілік басқару қызметі бойынша басқа да кредиторлар;

48000 - Провизиялар.

V класс Капитал және резервтер:

50100 - Жарғылық қор;

51100 - Резервтік қор;

54000 - Әр түрлі тұрақты қорлар;

54300 - Басқа да қорлар;

55000 - Арнайы қорлар.

VI класс Монетарлық қызметтен алынған кірістер:

61000 - Аффинирленген бағалы металдармен жүргізілетін операциялар бойынша кірістер;

62000 - Шетел валютасы бойынша жүргізілетін операциялардан алынған кірістер;

63000 - Шетел валютасындағы инвестиция және талаптар бойынша кірістер;

64000 - Мемлекеттік бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар бойынша кірістер;

65000 - Үкіметпен жүргізілетін операциялар бойынша кірістер;

66000 - Ішкі қаржылық жүйемен жүргізілетін операциялар бойынша кірістер;

67000 - Ішкі қор нарығындағы  операциялар бойынша кірістер;

68000 - Қаржылық  емес ұйымдармен және жеке тұлғалар операциялары бойынша кірістер;

69000 - Бұрын құрылған провизияларды жою.

VII класс Монетарлық емес қызметтен алынған кірістер:

70000 - Кассалық операциялар бойынша кірістер;

71000 - Қалпына келтірілген шығындар;

72000 - Салынған капиталдар бойынша кірістер;

75000 - Аффинирленбеген бағалы металдармен және бағалы тастармен операциялардан кірістер;

77000 - Басқа да кірістер;

78000 - Күтпеген кірістер.

VIII класс Монетарлық қызметтен пайда болған  шығындар:

81000 - Аффинирленген бағалы металдармен жүргізілетін операциялар бойынша шығындар;

82000 - Шетел валютасымен операциялар бойынша шығындар;

83000 - Шетел валютасындағы инвестиция және депозиттер бойынша шығындар;

84000 - Мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар бойынша шығындар;

85000 - Үкіметпен операциялар бойынша шығындар;

86000 - Ішкі қаржылық жүйемен операциялар бойынша шығындар;

87000 - Ішкі қор нарығындағы  операциялар бойынша шығындар;

88000 - Қаржылық  емес ұйымдармен және жеке тұлғалармен операциялар бойынша шығындар;

89000 - Провизия құру және берешекті қайтару бойынша шығындар.

IX класс Монетарлық емес қызметтен пайда болған шығындар:

90000 - Ұлттық валютадағы банкнот және монеталарды дайындау шығындары, оларды жеткізу және Ұлттық Банктің бағалы қағаздарын дайындауға байланысты шығындар;

91000 - Төленген комиссиялар;

92000 - Инвестициялық бағалы қағаздармен операциялар бойынша шығындар;

93000 - Негізгі қорлар, арзан бағалы тез тозатын заттар және материалдармен операциялар бойынша шығындар;

94000 - Басқа да шығындар;

95000 - Аффинирленбеген бағалы металдар және бағалы тастарды тасымалдау бойынша шығындар;

96000 - Банк персоналдарына шығындар;

97000 - Әкімшілік шығындар;

98000 - Күтпеген шығындар;

99000 - Ұлттық Банктің өндірістік және әлеуметтік даму бағытындағы қоры бойынша шығындар [5].

 

 

       1.2  Банк балансын құрудың қағидалары және тәртібі

 

 

       Екінші деңгейлі банктердегі бухгалтерлік есептің шот жоспары кластар бойынша бөлінген келесі шоттар тізімінен тұрады. Барлығы 7 класс:

І класс - Активтер код 1000-1999;

ІІ класс - Міндеттемелер код 2000-2999;

ІІІ класс - Меншікті капитал код 3000-3999;

IV класс - Кірістер код 4000-4999;

V класс - Шығындар код 5000-5999;

VI класс - Шартты және мүмкін талаптар мен міндеттемелер код 6000-6999;

VII класс - Банк балансына меморандум шоттары код 7000-7999.

       Банк балансында І-ІІІ класс шоттары бейнеленеді, ал IV- V класс банктің қаржылық - шаруашылық қызметі туралы есеп беруінде көрсетіледі (ҚОСЫМША А).

       Есеп беру кезеңі бойынша анықталған қорытынды ІІІ класс «Меншікті капитал» шоттарымен бейнеленеді. Балансты шоттармен І-V класстар және VI класты баланстан тыс шоттар бойынша қозғалыс екі жақты жазба әдісімен жүргізіледі. Әр класта ең көп дегенде 1000 шот. Шоттардың класстар бойынша жіктелуі:

       «Активтер», яғни І класқа төмендегілердің есебі бойынша шоттардың тобы жатады:

- Нақты ақшалай қаржылардың;

- Қысқа мерзімді несиелердің;

- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне талаптардың;

- Қазыналық міндеттемелердің;

- Сатуға арналған бағалы қағаздардың;

- Банкаралық несиелер мен басқа банктерде орнатылған депозиттердің;

- Басқа банктердің несиелері мен аванстарының;

- Клиенттерге қойылатын талаптардың;

- Филиаларалық есеп айырысулардың;

- Басқа да бағалы қағаздардың;

- Жалпы резервтердің;

- Капиталға инвестициялардың;

- Төлем бойынша есеп айырысулардың;

- Материалдардың артықтылығына;

- Негізгі қорлар мен материалды емес активтердің;

- Қосылған сыйақы шығындарының алдын-ала төлемінің;

- Бағалы қағаздар бойынша сыйақылар мен жеңілдіктердің;

- Басқа да дебиторлардың және ауыспалы кезеңдегі уақытша активтердің.

       «Міндеттемелер», яғни ІІ класқа мыналардың есебі бойынша шоттардың тобы жатады:

- Талап ету депозиттерінің;

- Банктен алынған несиелердің;

- Овернайт несиесінің;

- Ақша нарығының жедел банкаралық несиелері мен депозиттерінің;

- Филиаларалық есеп берулердің;

- Клиенттер алдындағы міндеттемелердің;

- Айналымға шығарылған депозиттік сертификаттардың;

- Айналымға шығарылған басқа бағалы қағаздардың;

- Қазыналық міндеттемелер мен басқа да жоғары өтімді бағалы қағаздарды қолданумен банктерді қайта қаржыландырудың;

- Төлем бойынша есеп айырысулардың;

- Алдын-ала төленген кірістердің;

- Бағалы қағаздар бойынша жеңілдіктер мен сыйақылардың;

- Басқа да кредиторлардың.

       «Меншікті капитал», яғни ІІІ кластың жарғылық капиталымен есебі бойынша шот топтары жатады.

       «Кірістер», яғни IV класқа келесілердің есебі жатады:

- Банктегі несиелер мен депозиттер бойынша сыйақылық кірістердің;

- Қысқа мерзімді несиелер бойынша сыйақылық кірістердің;

- Ұлттық Банкте орналастырылған депозиттер бойынша сыйақылық кірістердің;

- Ұлттық Банкте қайта қаржыландыруға жарамды жоғары өтімді бағалы

қағаздар мен қазыналық міндеттемелер бойынша сыйақылық кірістердің;

- Сатуға арналған бағалы қағаздар бойынша сыйақылық кірістердің;

- Басқа банктерге берілетін несиелер мен аванстар бойынша сыйақылық кірістердің;

- Филиалдармен есеп айырысу бойынша сыйақылық кірістердің;

- Клиенттерге  берілген несиелер бойынша сыйақылық кірістердің;

- Басқа бағалы қағаздар бойынша сыйақылық кірістердің;

- Инвестицияға салымдар бойынша сыйақылық кірістердің;

- Лизингтік операциялар бойынша сыйақылық кірістердің;

- Банктік коммиссиондық кірістердің;

- Басқа да операциялық кірістердің;

- Еншілес компаниялардың және ассоциациялардың бағалы қағаздары мен акцияларын сатудан түскен кірістердің;

- Айыппұл, өсімақы, тұрақсыздық соммалары;

- Басқа да кірістер;

- Салыққа дейінгі таза кіріс.

       «Шығындар», яғни V класқа мыналардың есебі бойынша шоттардың тобы жатады:

- Банктегі несиелер мен депозиттер бойынша сыйақы төлеу шығындары;

- Басқа банктердің несиелік сыйақы бойынша сыйақы төлеу;

- Талап ету депозиті бойынша сыйақы төлеу шығындары;

- Овернайт несиесі бойынша сыйақы төлеу шығындары;

- Филиалдармен есеп айырысу бойынша сыйақы төлеу шығындары;

- Клиенттердің депозиттері бойынша сыйақы төлеу шығындары;

- Айналымға шығарылған депозиттік сертификаттар бойынша сыйақы төлеу шығындары;

- Жоғары өтімді бағалы қағаздарды қолданумен байланысты қайта қаржыландыру бойынша сыйақы төлеу шығындары;

- Қамтамасыз етуге берілген ассигнованиялау;

- Банктің комиссиондық шығындары;

- Еңбекақы төлеу, іс-сапар және міндеттерді аударулар бойынша шығындар;

- Жалпы шаруашылық шығындар;

- Табысқа салынған салықтар, басқа да салықтар мен жинаулардың шығындары;

- Амортизациялық  аударулар бойынша шығындар;

- Басқа да операциялық шығындар;

- Әр түрлі шығындар мен жоғалтулар;

- Айыппұл, өсімақы, тұрақсыздық соммасы;

- Басқа да шығындар;

- Күтпеген шығындар;

- Табысқа салынатын салық шығындары.

       «Шартты және мүмкін талаптар мен міндеттемелер», яғни VI класқа банктің болашақ кезеңде пайда болатын және ол бойынша белгілі бір тәуекелділікте болатын талаптары мен міндеттері бойынша шот топтары жатады:

- Аккредитив шоттары;

- Кепіл шоттары;

- Болашақта депозиттер мен қарыздарды орналастыру бойынша шоттар;

- Алу бойынша шоттар;

- Бағалы қағаздарды алу бойынша шоттар;

- Қаржылық фьючерстік шоттар;

- Бағалы қағаздарды сату бойынша шоттар;

- Қаржылық фьючерстің бағалы қағаздарын сату бойынша шоттар;

- Шетел валютасын сату, сатып алу бойынша шоттар.

       «Банк балансына меморандум шоттары», яғни VII класқа банктің талаптары мен міндеттемелеріне әсер етпейтін операциялар есебі бойынша шот топтары жатады:

- Мемориалды шоттар активтер;

- Мемориалды шоттар - пассивтер;

- Мемориалды шоттар - басқалар.

       Банк балансының номенклатура шоттары баланстық және баланстан тыс шоттар болып бөлінеді. Баланстық шоттардың өзі екіге бөлінеді: активті және пассивті. Барлық баланстық шоттар сондай-ақ, бірінші кезекті, екінші кезекті, аналитикалық және бөлшектенген шоттар болып бөлінеді [6].

       Бухгалтерлік баланс толық ретте банк жүргізетін операцияларды көрсетуі қажет және басқару шешімін қабылдау үшін база болып табылады.

       Шот жоспарын құру келесідегідей 2 негізгі принциптерге негізделген: шоттарды активті және пассивті етіп бөлу.

       Коммерциялық банктің балансы олардың есеп берулерінің басты бөлігі болып табылады. Олары талдау банк ликвидтілігін бақылауға, банк қызметін басқаруды жетілдіруге мүмкіндік береді. Банк басқармасы басқа банктердің есеп берулерін пайдалана отырып, корреспонденттік қатынас құруда, несие беруде және т.с.с. жағдайларда олардың қаржы жағдайымен таныса алады. Банк балансы бірыңғайлау әдісімен құрылады. Операцияларды бөлшектеу деңгейі бәсекелестік жағдайында қызмет ететін коммерциялық банктердің тәжірибесіне тән коммерциялық құпиямен шектеледі.

       Әдетте баланстарды күдікті және зиянды операциялар, осы операцияларды жабу үшін пайдаланылатын сақтық резервтер көрсетілмейді. Сонымен қатар банктердің бәсекелестік қабілетін және оған деген сенімді жоғалтпау үшін баланстың көрсеткіштерінің шындығы және көрнекілігі қамтамасыз етілуі тиіс.

       Банк балансы коммерциялық ақпарат құралдарына жатады: олар оның негізгі талаптары: оралымдылыққа, нақтылыққа сәйкес келеді. Банк балансының оралымдығы оның күн сайынғы құрылуында көрінеді. Банк балансы оның клиенттерінің төлем қабілеті мен ақша қаражаттары, несие ресурстары мен оларды орналастыру, сол банктің сенімділігі мен тұрақтылығы туралы нақты ақпараттың қайнар көзі болып табылады. Банктік есеп ақиқаттық талабына сай келеді.

       Банк балансын құруда операциялар экономикалық біртектілігі бойынша және актив бойынша банктердің ликвидтілігінің төмендеуі мен пассив бойынша қаражатты талап ету деңгейінің төмендеуін есепке ала отырып топтастыру принципі пайдаланылады.

Банк балансының шот номенклатурасы баланстық және баланстан тыс болып бөлінеді (ҚОСЫМША Б). Баланстық шоттар пассивті, активті және активті-пассивті болады. Пассивті шоттардағы қаражат – банктің несие беру үшін және басқа да банк операцияларын жүргізуге қажетті ресурстар болып табылады. Активті шоттардағы қарыз бұл ресурстарды пайдалануын (бағытталуын) көрсетеді. Пассивті шоттарды: банк қорлары, кәсіпорындар, ұйымдар және тұлғалардың қаражаттары, мемлекеттік бюджет кірістері, депозиттер, есеп айырысудағы қаражат, банк пайдасы, несие қарызы, басқа да пассивтер мен басқа банктерден алынған қайта қаржыландыру соммасын қосқандағы сырттан алынған қаражаты көрсетіледі. Активті шоттарда банк кассасындағы ақша нақтылығы, қысқа және ұзақ мерзімді несиелер, мемлекеттік бюджет шығыстары, күрделі салымдар шығыны, дебиторлық қарыз, басқа да активтер және жұмсалған қаражаттар есепке алынады [7].

Баланстан тыс шоттарды банк мекемелеріне сақтауға, инкассоға немесе комиссияға түскен құндылықтар мен құжаттардың қозғалысы көрсетіледі. Мұнда сондай-ақ, мемлекеттік салықты төлеу белгілері, қатал есеп беру бланктері, акция бланктері, талап ету бойынша және сақтаудағы акциялар, басқа да құжаттар мен құндылықтар көрсетіледі.

 

 

       1.3 Банк балансы шот жоспарының концепциясы мен сипаттамасы

 

 

       Бухгалтерлік қызметтің негізі балансты құру болып табылады. Кіріске баланс әр циклдің басында құрылады, бухгалтерлік есеп жұмысы басталады. Ал қорытынды баланс циклдің аяғында құрылады. Баланс жасаудың маңыздылығы мынада: баланс көптеген қаржылық коэффициентерді (өтімділік, қаржы икемділігі, рентабельділік және т.б.) есептеуге негіз болады. Банк балансы кәсіпорындікінен өзгеше, кәсіпорындар балансты әр ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын құрастырып отырады. Екінші деңгейлі банктер балансын күн сайын, ай сайын, тоқсан сайын және жыл сайын құрастырады [8].

       Екінші деңгейлі банктердің балансы – бұл бухгалтерлік баланс, банктің меншікті және таратылмаған қаржыларының жағдайын сипаттайды,  оларды несиелік және басқа да активті операцияларға орналастыру. Банктің балансы сәйкестендірілген кестемен құрылады және банктегі бухгалтерлік есептің шот жоспарына сәйкес болуы керек. Банктік балансқа қатысты қаражаттары коммерциялық ақпарат талаптарына жеделділікпен, нақтылықпен, ынтымақтастықпен жауап береді. Банк балансының жеделдігі күн сайынғы құрылымында көрсетіледі. Күндік баланс: тартылған және меншікті қаржы жағдайын көрсетеді, сондай-ақ олардың кредиттік және басқа да таратулары.

      Баланс былай жоспарланады: ақша ресурстарын қалыптастыру және тарату, несиелік, есеп-кассалық және басқа банктік операцияларының жағдайы, бухгалтерлік есепте операциялардың дұрыстығын көрсетеді.

       Кәсіпорынға бухгалтерлік есепті енгізуді ұйымдастыру, жіберілген айналымға тікелей әсер етеді. Банктер күн сайын дербес шотқа аналитикалық есеп құрастырады, және оларға осы шоттардан клиенттерге үзінді көшірме береді. Осы шоттардан кассалық және басқа да операциялар кәсіпорын есебінен өткізіледі. Актив бойынша баптар өтімділігі төмендейді, ал пассив бойынша талап ету қаражаттарың деңгейі азаю ережесі қатаң сақталмайды және іздестірілмейді. Банк балансының шот тізбектемесі баланстық және баланстан тыс болып бөлшектенеді. Баланс шоттары актив және пассив болып бөлнеді.                                                                

       Пассив шоттары жарғылық капитал және таратылған қаржылар есебіне арналған.

       Актив шоттары баланстан тыс шоттар, құжаттар мен бағалы заттардың таратылу есебін жүргізеді. Баланстан тыс шоттарда банк айналымындағы қатаң есеп беру бланкілері, құндылықтар, несие операциялары, ағымды шоттар бойынша құжаттар есептелінеді. Мұндай шоттарда есеп жай жазба әдісі, яғни бір шоттың кірістері немесе шығындары бойынша жүргізіледі [9].

       Баланстан тыс шоттар 6 белгілі кодпен белгіленеді. Мұндағы:   1-ші белгі «9» шоттың баланстан тыс екендігін көрсетеді. Келесі белгілер балансты шоттың нөміріне сәйкес келеді. Соңғы 2 белгі баланстан тыс бөлімнің нөміріне сәйкес келеді.

       Қазақстан Республикасының «Банктер және банк қызметі» туралы заңына сәйкес барлық Екінші деңгейлі банктер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктің жылдық әдістемелік жариясына сәйкес өзінің жылдық баланс жазылымын жариялауы керек.

       Қаржылық есеп беруді ұсыну пайдаланушыларды банктің қаржылық жағдайы, қызмет нәтижесі және есепті кезеңдегі оның жағдайының өзгеруі туралы маңызды, қажетті және анық ақпаратпен қамтамасыз етеді.

       Екінші деңгейлі банктер үшін жылдық қаржылық есеп берудің келесі нысандары белгіленген:

- Бухгалтерлік баланс (№1 нысанда);

- Табыс және шығыс туралы есеп (№2 нысанда) (ҚОСЫМША В);

- Ақша қозғалысы туралы есеп (№3 нысанда);

- Капиталдағы өзгеріс туралы есеп (№4 нысанда);

- Түсіндірме жазбалар.

       Сонымен бірге бұлардың құрамына тоқсан сайынғы қаржылық есептің қолданыстағы нысаны кіргізілген. Банктер сонымен қатар, ай сайынғы және әр күндік балансты да ұсынады. Банктер баланстарды, оған қосымшаларды және қосымша мәліметтерді екінші деңгейлі банктердің есептік-статистикалық ақпараттарын жинақтайтын және өңдейтін «Статистика» жүйесі арқылы Ұлттық банктің есептеу жұмыстары Департаментіне ақпараттарды өздерінің қолдарына бар электрондық байланыс құралдары бойынша жіберу жолымен, сол сияқты банкілік қадағалау Департаментіне қағаз жүзінде ұсынады. Банктер есептеу жұмыстары Департаментіне әр күндік балансты 2 жұмыс күні ішінде, ай сайынғы балансты есепті кезеңнен кейінгі айдың ішінде ұсынады. Оннан асатын филиалдары бар банктер әр күндік балансты 3 жұмыс күні ішінде, ай сайынғыны есепті кезеңнен кейінгі айдың 5 жұмыс күні ішінде ұсынады.

       Қорытынды айналымдарды ескере отырып, жылдық есеп беруді ұсыну мерзімін Ұлттық банк белгілейді [10].

       Екінші деңгейлі банктердің бухгалтерлік есептілігі, жылдық бухгалтерлік баланс, табыстар мен шығыстар туралы есеп түрінде қажетті аудиторлық бекітуден өткеннен кейін міндетті түрде есепті жылдан кейінгі жылдың 1 мамырына дейін жариялануы керек.

       Жарияланғаны жөніндегі мәліметтер банктік қадағалау Департаментіне есепті жылдан кейінгі 15 мамырынан кешіктірілмей ұсынылады. Қаржылық есептілікті дайындамас бұрын, банктер жылдық есеп беруді дайындау кезеңінде қорытынды операциялар жүргізілуі қажет:

- жіктелген активтер және шартты міндеттемелер бойынша толық көлемде провизия құру;

- шетел валютасына, тазартылған қымбат металдарға және бағалы қағаздар құнына, оның ішінде баланстан тыс шоттарға қайта бағалау жүргізу;

- филиалдармен аралық корреспонденттік шоттарды, Қазақстан ішіндегі банктерде, сол сияқты одан тысқары жерлерде ашылған корреспонденттік «Ностро» шоттарын салыстырып тексеру, ал қорытынды айналыстар жүргізілген жағдайда тиісті бухгалтерлік жазуларды құрастыру;

- негізгі құралдарды және материалды түгендеу нәтижесіне сәйкес баланстық шоттар бойынша бухгалтерлік жазуларды бейнелеу;

- банк ережесіне сәйкес сыйақы, демалыс еңбекақысы және т.б. жалақы бойынша есептеулер жүргізу және сәйкес бухгалтерлік жазулар жасау;

- жасалған барлық келісімшарттарға (депозиттер, несиелер, банкішілік есеп-айырысулар бойынша) бухгалтерлік есеп принциптеріне сәйкес талдау жасау және сәйкес шоттарда көрсету;

- мерзімі өткен активтерді және 180 күннен асатын шектелген несиелерді және 60 күннен асатын мерзімі өткен сыйақыны құрылған провизия есебінен баланстан шығарып, баланстан тыс шоттар қатарына қосу;

- сыйақыларды төлемеу 30 күннен асқан кезде несиелер бойынша сыйақы есептеуді тоқтату;

- болашақ кезең шығындары шоттарында есепте тұрған сомаларды салыстыру және бухгалтерлік есеп принципіне сәйкес банк шығындарының тиісті шоттарына жатқызу;

- болашақ кезең табыстары шоттарындағы қалдықтарға талдау жасап, бухгалтерлік есеп принципі бойынша тиісті табыстар шотына апару;

- жиналған барлық дербес шоттар бойынша тексеріс тізімдемелерін дайындау және де бұл дербес шоттарда тұрған әрбір соманы есепке алынған күнін көрсете отырып жазу;

- банктің негізгі қызметі және күрделі салымдар бойынша орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін тапсырыс берушілер сатып алушы бойынша дебиторларды салыстырып тексеру. Осындай салыстырып тексеруді тиісті дербес шоттарда есепте тұрған кредиторлық қарыздар бойынша да жүргізу;

- транзиттік шоттардағы дебиторлық және кредиторлық шоттардағы барлық сомаларға (теңге және шетел валютасы) талдау жасап, оларды заңды және жеке тұлғалардың тиісті дербес шоттарына есепке алу бойынша шаралар қолдану;

- аяқталмаған құрылыс бойынша орындалған жұмыс көлемін салыстырып тексеру және құрылыстың басынан бері кеткен шығындар сомасын дәлелдеу;

- дебиторлардың шоттарында есепте тұрған сомалар бойынша есеп беруге тиісті тұлғалардан аванстық есептерді қабылдап, оларды банк шығындарының тиісті дербес шоттарында бейнелеу.

        Негізгі құралдарға олардың құнына байланыссыз, бір жылдан астам қызмет ету мерзімі бар ғимараттар, құрылыстар, кеңселік заттар, есептегіш техникалар, компьютерлер, көлік құралдары жатады.

        Негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес бағытта болуы мүмкін. Өндірістік емес бағытқа - жарғылық қызметпен байланысы жоқ негізгі құралдар жатады [11].

        Өндірістік бағыты бойынша жарғылық қызметті жүзеге асырумен және нәтижесінде пайда алумен байланысты құралдарды жатқызуға болады. Сонымен қатар өндірістік бағыттағы негізгі құралдарға банктің дәрежесін жоғарылатуға арналған заттар (картиналар, вазалар, сервиздер) жатады, себебі клиенттерді тартуда банк беделінің маңыздылығы сондай, банк қосымша пайда алуына ықпалын тигізеді. Алғашқы нақты түрін сақтай отырып, олар өздерінің кұнын жұмыстарды орындауға немесе есептелген амортизация (тозу) сомасында көрсетілген қызметтерге аударады.

Келесі топтарға бөлінеді:

а) ғимарат және құрылыс;
ә) компьютерлер;

б) көлік құралдары;

в) құралдар және басқа да шаруашылық құрал-саймандар;

г) басқа да негізгі құралдар.

        Банкке негізгі құралдардың бухгалтерлік есеп үрдісіндегі келесі сұрақтарға жауап беру қажет:

1.    Активтерді қай уақытта тану қажет?

2.    Олар баланста қандай құнмен көрсетіледі?

3.    Амортизациялық аударымдар мөлшері қандай?

4.    Ақпараттарды алу үшін қандай талаптар қойылады?

         Негізгі құралдардың бастапқы құнына сатып алу, жеткізу бағалары және активтерді пайдалануға дайындау үшін қажетті басқа да шығындар кіреді. Сонымен қатар, халықаралық стандарттың қаржылық есебі (16 ХСҚЕалықаралық стандарттардың қаржылық есептілігі) бойынша бастапқы құнға өтелмеген салықтар, импорттық төлемдер де кіреді [12].

       Егер клиентке экономикалық тиімділік алынады деп күтілсе, жаңалықтарды алуға байланысты шығындар негізгі құралдардың ағымдық бағалық құнына қосылады.

       Егер активтердің пайдалану мерзімі ұзартылса ғана банк экономикалық пайда ала алады.

       Жөндеу мен техникалық қызмет көрсету шығындары оларды жүзеге асыру шаралары бойынша жүргізіледі. Бухгалтерлік есептің жалпы қабылданған қағидаларына сәйкес негізгі құралдардың бастапқы құны бұл негізгі құралдарды сатып алуға, жүргізуге, өңдеуге немесе жақсарту үшін негізгі құралдарды сатып алумен, жеткізумен немесе жақсартумен тікелей байланысты, арнайы пайдалану үшін қажетті жағдайда орнатуды қоса есептегендегі барлық шығындарды қамтитын төленген сомалар. Негізгі құралдардың есебі жинақталған амортизацияларды есептегеннен кейін әділ баға болып табылатын, не бастапқы кұн, не қайта бағалану сомасы

принциптері негізінде жүзеге асырылады. Енді осыдан, негізгі құралдарды

бағалаудың төрт түрін көрсетуге болады:

- бастапқы;

- ағымдағы;

- баланстық;

- өтімділік.     

       Ағымдық анықталған күнге, нарықтағы сәйкес баға бойынша негізгі құралдардың құны.

       Баланстық активтердің есеп және есеп беруінде сипатталатын жинақталған амортизация сомасын есептен шығарғаннан кейінгі негізгі құралдардың бастапқы немесе ағымдық құны.

       Өтімділік бұл негізгі құралдарды жою кезінде істен шығару бойынша күтілетін шығындарды есептегеннен кейінгі пайдалану мерзімі аяқталған уақытта туындайтын қосалқы бөлшектердің, металл сынықтарының, қоқыстардың болжанатын құны.

       Нарықтық құнның өзгеруімен байланысты олардың құнының көбею коэффициентінің есебімен негізгі құралдарды қайта бағалау, индекстеу жүргізіледі. Индекстеу кезінде толық қайта қалыптасу құны келесі әдістердің бірімен анықталады: қайта есептеудің ұсынылатын коэффициенттері немесе кезекті жылдың 1 қаңтарына жазылатын  негізгі  құралдардың  сәйкес  түрлері  мен  көрсетілген құралдардың нарықтық құны туралы құжаттар мен сараптаушы қорытындыларына жататын бағаға сәйкестендірілетін баланстық құнды қайта есептеу. Банк өзінің негізгі құралындағы кез келген бөлікті бір әдіспен, ал басқасын екінші әдіспен қайта бағалауға құқығы бар. Негізгі құралдардың қайта бағалануы ағымды құн бойынша жүргізіледі. Егер өндірісті алдын ала белгіленген нормативтен асырып орындаған жағдайда ғана, 16 БЕХС сәйкес негізгі құралдар объектісімен байланысты шығындар актив ретінде танылуы мүмкін.

        Негізгі құралдарды пайдаланғанға дейінгі алғашқы операциялық жұмсалымдар шығындар ретінде танылады.

         Негізгі кұралдардың орталықтандырылған есебі кезінде банктің бэк-офисінде негізгі құралдар есебінің тобы бойынша әрбір бөлімшелерге шот жоспарына

сәйкес келетін нұсқау мен жекелей шоттар ашылып жүргізіледі.

        Фронт-офистен негізгі кұралдарды, кіріске алу немесе істен шығару туралы алынған мәліметтер негізінде банктің бэк-офисі, баланстан шығатын негізгі құралдардың шығуы немесе қабылдануы бойынша өткізбелерді жүзеге асырады. Ақпарат амортизация аударылып және қайта бағалау жүргізілгеннен кейін олардың баланстан тыс шотта көрсетілуі үшін банк филиалдарына жібереді. Негізгі құралдарды балансқа алу теңгемен жүзеге асырылды. Банктің бэк-офисі әр айдың аяғында ағымдағы айдың 1-күніндегі жағдай бойынша банктің негізгі құралдарының тізімдемелерін қолма-қол екі дана етіп, банктің әрбір бөлімшелеріне есеп тобының бөлігінде басып шығарады. Бірінші данасы банктің бэк-офисінде хронологиялық тәртіппен тігіледі, екіншісін банктің филиалына жібереді. Содан кейін банктің бэк-офисі өндірістік төлем төленгеннен кейін келесі күннен қалдырылмай төлем ордерінің қосымшасының көшірмесімен жеке шот бойынша көшірмені банк бөлімшелерінің бэк-офисіне жібереді. Бөлімшелердің бэк-офисі төлем ордерінің көшірмесінде көрсетілген сомаға қосылған дербес шот бойынша көшірме алу кезінде капитал салымдары бойынша лимит қысқартылады [13].

       Бэк-офис негізгі құралдар есебінің әрбір тобы бойынша дербес шот баланстан тыс шотта жүргізіледі (олардың нөмірлерін бас банктің бас бухгалтериясы анықтайды). Негізгі кұралдардың келіп түсуінде әрбір түрі және әрбір құрамы бойынша бөлек түгендеу карточкалар жасалады және бағдарламалық мүмкіндік жүргізуге болатын негізгі құралдардың есебінің журналында сәйкес келетін жазу жазылады. Жазулар теңгемен тиынсыз жазылады. Түгендеу карточкасында олардың алынуына сәйкес заттың атауы, құжаттың деректемелері көрсетіледі. Карточкалар негізгі құралдардың топтары бойынша картотекаларда орналастырылады. Жазылған жазумен бірге банктің балансына кірістеу үшін түгендеу карточкасындағы көрсетілген барлық қажет деректемелер банктің бэк-офисіне жіберіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       2 «БТА БАНКІ» АҚ БАЛАНСЫ ҚҰРЫЛЫМЫНА ТАЛДАУ

 

 

       2.1 «БТА Банкі» АҚ құрылу тарихы, ұйымдық құрылымы

 

 

       «БТА Банкі» акционерлік қоғамының қалыптасу тарихы 1925 жылғы қазанның 15-інен басталады. Ол кездегі Қазақстан халық шаруашылығы Орталық Кеңесі Президиумының шешімімен республика аумағында Өндірістік банк (Өндірісбанк) бөлімшесі ашылды. Өндіріс Банкі туралы. Уақыт өте келе Өндірістік банктің бөлімшелерінде әртүрлі қайта ұйымдастырулар болды.

       1932 жылдың 7 маусымында Республикалық Халық комиссарлары Кеңесінің «Қазақстан аумағында арнайы ұзақ мерзімді салымдар банктерін ұйымдастыру туралы» Қаулысына сәйкес, Алматы қаласында Өнеркәсіпбанкінің базасында КСРО электр шаруашылығын және құрылысты қаржыландыру мақсатында банктің Қазақ өлкелік конторасы құрылды.

       1949 жылдың 11 шілдесінде Министрлер Кеңесінің қаулысымен Алматы облысаралық конторасы КСРО Өндірісбанкінің Қазақ республикалық конторасы болып қайта құрылды. Кейіннен КСРО Құрылысбанкінің Қазақ республикалық конторасы болып өзгертілді. 1987 жылдың 17 шілдесінде СОКП ОК мен КСРО Министрлер Кеңесінің «Еліміздегі банктер жүйесін жетілдіру және олардың экономикасының тиімділігін арттыруға жасайтын ықпалын күшейту туралы» №821 бірлескен Қаулысына сәйкес, үш мемлекеттік банктің (КСРО Құрылысбанкі, КСРО Мемлекеттік банкі, Сыртқы сауда банкі) негізінде 6 банк құрылды:

- КСРО Мемлекеттік банкі;

- КСРО Өнеркәсіп-құрылыс банкі;

- КСРО Сыртқы экономика банкі;

- КСРО Агроөнеркәсіп банкі;

- КСРО Тұрғын құрылыс банкі;

- КСРО Жинақ банкі.

       1991 жылдың 4 наурызында КСРО Мемлекеттік коммерциялық өнеркәсіп-құрылыс банкінің № 126 Қаулысы бойынша Қазақ республикалық КСРО Өнеркәсіп-құрылыс банкі - «Тұранбанк» Қазақ республикалық Мемлекеттік коммерциялық өндірістік-құрылыс банкі болып өзгертілді.

       1991 жылдың 24 шілдесінде ҚазКСР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 24 шілдедегі №444 Қаулысына сәйкес «Тұранбанк» Қазақ акционерлік банкі болып құрылды. Акционерлер жиналысында «Тұранбанк» ҚАБ-нің Басқарма Төрағасы болып Бейсенов Ораз Мақайұлы тағайындалады. «Тұранбанк» ҚАБ филиалдар желісі 66 филиалдан құралды.

       1990 жылдың 23 қаңтарында Қазақ КСР Министрлер Кеңесі мен КСРО Сыртқы экономикалық банкінің арасында жасалған 1989 жылғы 11 желтоқсандағы келісім негізінде, КСРО Сыртқы экономикалық қызмет банкінің бұйрығымен Алматы қаласында КСРО Сыртқы экономикалық банкінің Қазақ

республикалық банкі ашылды. 1992 жылдың 14 ақпанында құрылтайшылар жиналысының №3 шешімімен, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылы 28 тамыз айындағы № 710 Қаулысы бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық қызмет банкі «ALEM BANK KAZAKHSTAN» Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық қызмет банкі деп атауын өзгертті. Басқарма Төрағасы болып Ырысов Берлин Кенжетайұлы тағайындалды. "Alem Bank Kazakhstan" Акционерлік банкі бірнеше жылдар қатарынан мемлекеттің кепілдендіруі бойынша шетел несиелерін тартуда Қазақстан Республикасы Үкіметінің агенті болды. "Alem Bank Kazakhstan" АБ-нің филиалдық желісі 20 филиалды қамтыды.

       1997 жылдың 15 қаңтарында Қазақстан Республикасы Үкіметінің «ТұранБанк» Қазақ акционерлік банкін және «ӘлемБанкҚазақстан» акционерлік банкін қайта ұйымдастыру туралы 15.01.97 №73 қаулысына сәйкес «ТұранӘлем Банкі» Жабық Акционерлік Қоғамы құрылады. Осы Қаулының негізінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне «ТұранӘлем Банкінің» акциясын қолдануға және иеленуге рұқсат беріледі. Сондай-ақ, банктің жарғыларын және банк басқарма мүшелерін қалыптастыруға мүмкіндік берілді. Акционерлердің жалпы отырысында «ТұранӘлем Банкі» ЖАҚ-ның Басқарма Төрағасы қызметіне Тәтішев Ержан Нұрілдәйімұлы тағайындалды.

       1998 жылдың 1 қазанында «ТұранӘлем Банкі» Жабық Акционерлік Қоғамы «ТұранӘлем Банкі» Ашық Акционерлік Қоғамы болып өзгертілді.

       2003 жылдың 26 қыркүйегінде «ТұранӘлем Банкі» ААҚ қайта тіркелуіне байланысты «ТұранӘлем Банкі» Акционерлік Қоғамы болып өзгертілді.                                                  

       2008 жылғы 7 қараша күні «ТұранӘлем Банкі» АҚ ребрендинг үдерісі басталғаны туралы хабарлады. 2008 жылдың қаңтар айында қайта тіркеу үдерісі аяқталғаннан кейін «ТұранӘлем Банкі» АҚ «БТА Банкі» АҚ деген жаңа ресми атауға ие болды. Қазір банктің өзінде, сонымен қатар банк конгломератына кіретін еншілес компанияларда ренейминг пен ревизуализация жүргізілуде.

       ТұранӘлем Банкінің ТМД-дағы жетекші қаржы институты болып және халықаралық нарыққа шығу  жаңа стратегиясын қабылдағаннан кейін  Банк пен банк конгломератының жаңа бейнесінің қажеттілігі туындады.

       10 жыл ішінде «ТұранӘлем» бренді  Қазақстан нарығындағы айтарлықтай әйгілі және беделді брендке айналды. Бұған әйгілі әлемдік қаржы басылымдарының көптеген марапаттары дәлел. Солардың кейбіріне тоқтала кетейік. Әйгілі «Итоги» журналы жүргізген ТМД-ның беделді қаржы сарапшыларының сауалдама нәтижесі бойынша ТұранӘлем Банкі 2006 және 2007 жылдардағы «ТМД-дағы жыл банкі» атанды. Ықпалы зор The Banker журналы ТұранӘлем Банкін 2007 жылғы әлемнің 300 үздік банктері рейтингісіне енгізді, ал Euromoney басылымы «Орта Азиядағы үздік банк» атағына лайықты деп тапты.

       «ТұранӘлем» атауы посткеңестік банктер арасында  бұрыннан танымал. БТА қаржы компаниясы тобы Украинада, Беларусьте, Грузияда, Арменияда, Қырғызстанда жұмыс істейді. 2007 жыл банк үшін халықаралық деңгейге шығумен:  ТұранӘлем Банкінің Түркияда стратегиялық серіктестігінің пайда

болуымен есте қалды. Алайда, жалпыұлттықтан халықаралық брендке өзгеру үшін банкке халықаралық кеңістіктегі нарық үлесін қамти алатын  әмбебап, түсінікті, сонымен қатар жылы  шырайлы және инновациялы бренд қажет болды. Осылайша банк конгломератына кіретін барлық банктерді БТА бірыңғай брендіне біріктіру жөнінде шешім қабылданды. Банктің өзі БТА Банкі деп аталады. Бұл атау тез жатталады, айтуға жеңіл және қысқарма жан-жақты болғандықтан мейлінше тиімді.

       БТА-ның  жаңа логотипі банктің заманға сай және инновациялы екенін бейнелейді. Ашық жасыл түс – бұл адалдық, сәттілік, сенімділік. Алқызыл түс – бұл күштілік пен  қуаттылық. Логотиптің пішіні де тегіннен тегін таңдалмаған. Бір ізбен орналасқан төртбұрыштар сенімділік пен тұрақтылықты, олардың қиылысуы қазіргі заманғы банк жұмысының негізгі сапасының бірі мөлдірлікті білдіреді. Бұл жағдайда да ТұранӘлем Банкімен сабақтастық сақталады. 

       Жаңа брендті құрайтындар – бұл инновациялылық, технологиялылық және сарапшылық.  Инновациялылық озық өнімдерді енгізуді білдіреді. Сарапшылық жоғары халықаралық  рейтингтер мен марапаттарда бейнеленген тұрақтылық пен сенімділік нышаны, банкке деген сенімділік, қызметкерлердің кәсіби шеберлігі мен басшылықтың беделі. Ал бейімділік әрбір нәрсеге мұқияттылықты, нарық өзгерістеріне тез бейімделу   қабілетін, оның барлық сұраныстарына икемделе  білуін, банктің әлеуметтік жауапкершілігін білдіреді. Бұл компания менеджменті құралатын басты үш қағида.

       2008 жылдың 24 қаңтарында «ТұранӘлем Банкі» АҚ ребрендинг жүргізуге байланысты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетінде қайта тіркеуден өтіп, № 3903-1900-АҚ куәлігін алды және «БТА Банкі» АҚ деп аталатын болды. 2007 жылдың қараша айында банк қолға алған Ребрендингті жүргізудің басты алғышарты табысты банк конгломератын құруға бағытталған жаңа стратегияның қабылдануы болды.

       Банктің ұйымдастырылу құрылымы дегеніміз – алдына қойған мақсаттарына жету үшін, оның әртүрлі бөліктері арасында жүзеге асырылатын байланыстарды білдіреді.

       Бөлшек бизнестік басқарма, ол:

- жеке тұлалардың ақшаларын салымға тарту үшін жаңа бөлшек өнімдерді ендіреді;

- бөлшек өнімдер бизнесін жүргізу үшін маркетингтік жоспар және концепцияны өңдейді;

- бөлшек бизнеске бағытталған, нарықтың сегментін анализдейді және мақсатты топтарды таңдайды;             

- облыстың территориясындағы өнімдерді сату, мерзімдік сату бойынша бизнес жоспарды өңдейді;

- халықты   несиелендіру   бойынша   жаңа   жағдайларды   енгізеді,   бөлшек   несиелендіру бойынша ссудалық  портфельге мониторинг жүргізеді;

- Банктің ЕАБ-де қолма-қол ақшаларды, құнды банктер және басқа құндылықтарға ревизия жүргізеді;

- банктің барлық құрылымдық бөлімшелері, басқарудың компетенциясына кіретіндер, инструкциялар, методикалық пособиялар Ережені міндетті қолдануымен өңдейді;

- Интернет-Банктың дамуын бақылайды;

- қауіпсіздік     қызметімен     бірге     кассалық     бөлімшелерге     бекітілген     Ережелермен қауіпсіздендіру  норма  әрекеті  жағдайымен   қоса  және   Банктің ішкі  құжаттарын бұзбауына бақылау жасайды [14].

       Несиелік операциялар басқармасы, банктің барлық несиені беру бойынша жұмыстарымен айналысады, сондай-ақ несиелік операцияларды бақылап отырады. Құнды қағаздармен басқару, бұл басқарма банктің жалпы құнды қағаздар бойынша операцияларын орындайды және қадағалайды. Ішкі аудит бөлімі, ол банктің нарық жағдайына байланысты кез-келген уақытта ішкі аудиторлық тексеруді жүзеге асырады. Ол ең алдымен банктік операциялардың дұрыстығын және олардың құжаттарда дұрыс және өз уақытында көрсетілуін, сондай-ақ операциялардың сәйкестігін тексерумен айналысады. Кадрлар бөлімі, ол банк персоналдарын қабылдау, қызметінен босату немесе қайта оқытып кадрларды қайта дайындау жұмыстарын ұйымдастырады.

       Басты банктің ұйымдастыру құрылымын қарастыра отырып, оның атқаратын функцияларын да айта кеткен жөн болады. Сонымен басты банктің негізгі функцияларына мыналар жатады:

- банктің даму стратегиясын анықтайды;

- негізгі   шешімдерді   қабылдайды   және   филиалдар  үшін   нормативті   құжаттар мен жұмыстың методологиясын дайындайды;

- филиалдар байланысының масштабын анықтайды;

- даму жоспарына сәйкес филиалдардың жұмысын ұйымдастырады және оның қызметін қадағалайды;

- басты банктің ұйымдастыру құрылымын анықтайды;

- облыстың филиалдық мәртебесі мен мүмкіндігін анықтайды;

       Жоғарыда аталған басқармалар мен бөлімшелер өзара тығыз байланыста болады және барлығының бірдей ортақ мақсаттары бар. Сонымен бірге банк филиалдарының ұйымдастыру құрылымынан бірқатар айырмашылықтары аңғарылады.

       Ұйымдастырылу құрылымының келесі сатысына коммерциялық бөлімдер кіреді, яғни операционды бөлім. Ол банктің клиенттерімен тікелей  жұмыс атқарады, яғни шот ашу, салымдарды қабылдау және тағы сол сияқты операцияларды орындайды [15].

       Несиелік бөлім, банктегі барлық несиелік операциялармен байланысты жұмыстарды жүзеге асырады. Сондай-ақ қарыз алушының несие қабілеттілігі мен төлем қабілеттілігіне баға беру және несиелік портфельдің құрылымын талдау жұмыстарын орындайды.      

       Ақпараттық технология бөлімі – ол қызметінің автоматизациялануын және

басқа банктермен ақпараттық алмасуын қамтамасыз етеді.

       Валюталық бөлім, валютаны қабылдау, айырбастау және тағы сол сияқты валюталық операцияларды жүзеге асырады.

       Бағалы қағаздармен операциялар бөлімі – ол банктің құнды қағаздарын сату, сатып алу және орналастыру, сондай-ақ құнды қағаздар бойынша  әр түрлі

операцияларды іске асырады.

       Қауіпсіздік қызмет, ол жалпы банктің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және соған жауапты [16].

       «БТА Банк» АҚ-ның негізгі операциялары:

- корпоративтік несиелендірудің барлық түрлері;

- тұрғындарды және корпорациялардың жұмысшыларын жеке несиелендіру;

- кіші және орта бизнесті несиелендіру;

- қаржылық консалтинг және жобалық талдау;

- сақтандыру бойынша операциялар;

- әр түрлі қызмет көрсету операциялары;

- клиенттермен салымдарды теңгемен және шетел валютасымен қабылдау;

- валюталық, құнды қағаздар және депозиттермен операциялар;

- инвестициялық    және    зейнетақы    активтер.

       Несиені беруді, оларды есепке алуды, бақылауды, несие мәселелерін реттеу бойынша шараларды банктің несие бөлімі жүзеге асырады. Сонымен бірге несие бөлімі заңды және жеке тұлғаларға несие беру жұмысын аткарады. Сондай-ақ, несиелердің қайтарымдылығын қамтамасыз етуі тиіс. Несиелердің қайтарымдылығы айыпақымен, кепілмен, кепілдемемен және зандармен немесе шартпен көзделген басқа әдістермен қамтамасыз етілуі мүмкін. Клиенттің несиені қайтаруға жоғары қабілеттілігі мен сенімділігі болған жағдайда банк несиені қамтамасыз етусіз-ақ (банктік  несие) беру туралы шешім қабылдауға құқылы. Банктің несие саясатының мақсаты банктің несие қызметіндегі алғы шарттарды, банктің несие мен тәуекелділікті басқару стандарттарын, нормативтерін және принциптерін  анықтау болып табылады. Операциялық бөлімде бақылаушы кассирлер жұмыс аткарады. Олардың міндеті банктегі барлық есеп айырысуды, тұрғындарға еңбекақы, зейнетақы, жәрдемақы беруді жүзеге асырады. Сондай-ақ, олардан салымдар қабылдау, ақшаларын аудару, коммуналдық қызмет үшін төлем қабылдауды жүргізеді [17]. 

       Заңға сәйкес банктің ішкі ережелері банк бөлімшелерінің, ішкі аудит кызметінің, несие комитеті мен басқа да органдар кызметінің кұрылымын, міндеттерін, кызметі мен өкілеттігін; кұрылымдық бөлімшелер басшыларының құқықтары мен міндеттерін; банктің атынан мәміле жасаған кездегі лауазымды адамдар мен банк қызметкерлерінің өкілеттігін белгілеуге тиіс.

       Жалпы «БТА Банкі» АҚ банк операцияларына мыналар жатады: заңды және жеке тұлғалардың депозиттерін, банк шоттарын ашуды және жүргізуді қабылдау; ұйымдардың корреспонденттік есеп шоттарын ашу және жүргізу; кассалық, аудару, есептеу, заем, сенім, клиринг, сейфтік, ломбард операциялары; жеке және заңды тұлғалардың банктік шоттары бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру; төлем карточкаларын шығару; шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру; чек кітапшаларын шығару; бағалы кағаздар нарығындағы клирингтік кызмет; банк кепілдіктерін беру; аккредитивті ашу мен растау және ол бойынша міндеттемелерді орындау; ақша түрінде орындалуды көздейтін банк кепілдіктерін беру; үшінші тұлғалар үшін ақша түрінде орындауды көздейтін банктік кепіл болушылықтар мен өзге де міндеттемелер беру. Жоғарыда аталған операцияларды жүргізу үшін банктерге лицензияны Ұлттық Банк ғана бере алатындығы белгілі. Келесі суретте «БТА Банкі» АҚ-ның ұйымдастырылу құрылымы берілген.

 

 

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 1.  «БТА Банкінің» АҚ ұйымдастырылу құрылымы

 

Ескертпе – автормен әзірленген

                                                                                               

       «БТА Банк» АҚ  Қазақстанның жүйе құрушы банкі, ТМД елдеріндегі банк желісін құруда лидер болып табылады. «БТА Банк» АҚ активтері мен меншікті капиталы бойынша Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктер арасында көшбасшылар қатарына бекем орнықты.

       БТА – бұл әмбебап, қарқынды дамушы банк, оның штаб-пәтері Қазақстанда орналасқан. БТА қаржы қызметтерін ТМД, Шығыс Еуропа және Азия елдеріндегі дамушы нарықтарда белсенді түрде ұсынып келеді. Қаржы және кеңес беру қызметтерін ұсынудың сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында БТА жекелеген өнімдерге маманданған еншілес құрылымдар құруда.
БТА-ның қарқынды дамуының негізгі көзі – өткендері ұқсас және іскерлік қарым-қатынас тәжірибелері ортақ болған бұрынғы кеңес елдерінің (ТМД) едәуір нарықтық әлеуетін жүзеге асыру. Банк мыналарға сүйене отырып, ТМД нарығында негізгі ойыншы болуды көздейді:

- Жергілікті нарықты және клиенттердің қажеттіліктерін тереңірек білу, бұл нарықтағы шетелдік қаржылық институттармен тиімді бәсекелесуге мүмкіндік береді;

- Қазақстанның алдыңғы қатардағы нарығында бизнесті жүргізудің едәуір жинақталған тәжірибесі және халықаралық тәжірибені тарту, бұл жергілікті банктермен тиімді түрде бәсекелесуге мүмкіндік береді;

- Стратегиялық серіктестердің, соның ішінде арнаулы халықаралық компанияларды өздерінің еншілес ұйымдарына тарту арқылы олардың кең желісін құру.

       БТА ТМД-дағы ірі жеке меншік банк болуға ұмтылады. Сондай-ақ, банк ТМД-ның ірі сауда серіктестері саналатын елдерде, атап айтқанда Түркия, Қытай және басқа елдерде өзінің қатысуын кеңейту мақсатында Қазақстанның және ТМД-ның басқа елдерінің қарқынды дамып келе жатқан сыртқы сауда ағымдарын ұтымды пайдалануды көздеп отыр.

       2015 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес, «БТА Банкі» келесі мақсаттарға қол жеткізуді жоспарлайды:

- Нарықтағы үлесі бойынша:

- Қазақстан 20%-дан кем емес;

- Ресей 2%-дан кем емес;

- ТМД-ның басқа елдері 5%-дан кем емес.

       АҚШ долларындағы активтердің көлемі бойынша:

- 2010 - 42 млрд.-дан кем емес;

- 2015 - 50 млрд.-дан кем емес.

       Банктің негізгі бәсекелік артықшылықтарының бірі – өзінің жаңа нарықтарға қатысуын дамыту, өз өнімдерінің қатарын ұдайы кеңейту немесе бейімдеу, нарық қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, жоғары технологиялық қызметтерді ұсыну дайындығын көрсететін инновация мәдениеті.

       «БТА банк» АҚ жұмысының басты бағыты Қазақстандағы әртүрлі саладағы заңды тұлғаларға (шаруашылық субъектілерге) қызмет көрсету. Банк клиенттеріне қызметтің бірнеше түрлерін ұсынады.  Қаржыландыруларды төмендету. Банк кешендік несиелендірудің әртүрлі сұлбаларын пайдалана отырып, клиенттердің пайыздық шығындарын тиімді жұмсауға ықпал етеді.

       Пайыздық мөлшерлемелерді төмендету мүмкіндігі. Несие операциялары бойынша мөлшерлемелер рыноктық конъюктурадағы өзгерістерге сәйкес белгіленеді және түзетіледі, сондай-ақ мөлшерлемелер банк пен клиенттер арасындағы ынтымақтастықтың ұлғаюына қарай төмендетілуі мүмкін. Несиелік өтініштер жедел түрде қаралады. Банк қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін барлық мүмкіндіктерді қарастырады, осының нәтижесінде жобаны сараптау жұмыстары тез арада жүзеге асырылады. Банк табыстылығы осы бағыттағы   банк персоналдары қызметіндегі бағыттың мақсаттылығы, актив бөліміндегі де, пассив бөліміндегі де, баланстың құрылымдағы үйлесімді қорытынды болып табылады.

       Коммерциялық банктердің қаржы нәтижелері деген түсінік – бұл коммерциялық және банктердің барлық сфераларындағы оның ішіндегі шаруашылық - қаржылық қызметтің  жиынтық қорытындысын қамтып көрсетеді. Қаржы нәтижелері жағымды және теріс болуы мүмкін. Яғни банк есеп беру мерзімінде өз қызметін сауатты ұйымдастыратын болса, онда ол жағымды нәтижеге ие болады. Ол дегеніміз өз шығындарының орнын толтырады және артық пайда табады. Сонымен қатар керісінше жағдайлар да орын алып тұрады. Кейбір банктер өз қызметі нәтижесінде зиян шегуі де мүмкін. Мұнда банк шығындары банк табыстарынан асып кетеді.  Дегенмен де егер банк табысты болса, онда осы банктің табыстары есебінен оның барлық операциялық, әкімшілік басқару қоса алғандағы шығындары жабылады, банктің пайдасы құрылады, пассивті және активті операциялардың дамуы мен меншік қаражаттарының көбеюі, өлшемдер, яғни дивиденттер деңгейін анықтайды [18].      

       Активті және пассивті операциялар бойынша пайыздардың деңгейін болжау үшін, пайыздық маржаларды есептеу және ссудалық операциялар табыстылығындағы тенденцияларды анықтауда, шығындар мен табыстардың құрылымын ұтымды пайдалану банк табыстылығын қамтамасыз ету негізгі шарт болып табылады. Банк тәуекелділігін басқару, өтімділікті қолдау, олардың минималдылығы сөзсіз банк табыстылығының шарты болып табылады.

       Жалпы банктің қаржы нәтижелері туралы мәлімет банктің бухгалтерлік балансына тіркеме ретінде жүретін «Банктің қаржы нәтижелері туралы есеп беруі» атты  құжатында көрсетіледі. Бұл құжат банк балансымен бірге үнемі баспада жарияланады.

       Банктердің оңтайлы қаржылық нәтижелерге жету дәрежесі оларға әсер ететін әртүрлі ішкі және сыртқы мынадай факторларға байланысты: банктің географиялық мекен-жайы, оның қызмет көрсету зоналары, клиенттік базасының жеткіліктігі, бәсеке деңгейі, қаржылық нарығының даму деңгейі, аймақтағы әлеуметтік-саяси жағдайлар, мемлекеттік қолдау мен басқа да факторлардың болуы. Тағы бір көрсеткіш, ол меншікті капитал деңгейі, қаражаттарды тарту мен орналастыру көлемі, жалпы банктік шығын деңгейі мен кіріс әкелетін және кіріс әкелмейтін активтер. Шығындар мен жоғалтулар, прогрессивті технологияларды қолдану масштабтары, филиалдар жүйесі мен туынды құрылымдар кірістері, бұлар – банктің өз қызметіне және оның басқару сапасына қатысты факторлар. Банктің персоналдар басқармасының барлық позитивті және негативті сомалары банктің қызмет етуінің қаржылық нәтижесі – пайда.

       Коммерциялық банктердің қызметінің нәтижесіне әсер етуші факторлардың көптүрлілігі көпфункционалды және көп мақсатты экономикалық жүйе ретінде қарастыру қажеттігін анықтайды. Сол себептен, банк қызметінің нәтижелерін сипаттау экономикалық көрсеткіштер жүйесімен жүргізіледі. Коммерциялық банктердің қаржылық нәтижелері көрсеткіштерін қалыптастыру алгоритмі ҚР Ұлттық банкімен бекітілген қаржылық есеп берудің арнайы формалары қолданылатын және қабылданған бухгалтерлік есеп жүйесімен анықталады. Бірақ біздің республикамыздағы банктік жүйенің қалыптасу процесі әлі аяқталмаған, қаржылық есеп беру формалары өзгеруде және олардың мазмұны жетілдірілуде. Бұл жағдай әлемдік банктік бірлестікке отандық банктердің экономикалық интеграциялануы мен есеп берулердің батыстық стандарттарға бағытталуына қажеттілігінен туындап отыр.

       Бүгінде қазақстандық коммерциялық банктермен қаржылық есеп берудің екі түрі құрастырылып жатыр, олар мазмұны, белгісі және ұсыну мерзімдері бойынша ажыратылады [19].

       Қаржылық есеп берудің негізгі түрі – ол дәстүрлі бухгалтерлік есеп беру, оған бухгалтерлік баланс пен кіріс және шығыс туралы есеп беру жатады.

       Банктің жалпы барлық операциялары белгілі бір табыс немесе шығын әкеледі. Мысалы, активті операциялары табыс көзі болса, пассивті операциялары бұл шығын көзі. Оның ішінде несиелік операциялар жоғары тәукелді актвиті операция болғанымен, жоғары табысты операция болып саналады. Сондықтан несие тәуекелінің мониторингі табыстың тұрақты болуына ықпал етеді.

 

 

       2.2 «БТА Банкі» АҚ балансын талдаудың негізгі баптары

 

 

Баланс арқылы банктің қаржылық жағдайын анықтап оның сенімділігін білуге болады. Балансты оқу негізінде банк қызметін талдау үшін әдістеме әзірлеуі  өзекті жағдай. Балансты оқу үшін келесі негізгі шараларға көңіл аудару керек:

1. Баланстан реттеуші баптарды айыру, яғни Брутто баланстан Нетто балансқа аудару, өйткені баптардың айырмашылығы нақты талдауды қиындатады;

2. Өтімділіктің деңгейін және банк операциясының тәуелділігін анықтау үшін депозиттік несиелердің мерзімін көрсету;

3. Қысқа мерзімді несие;

4. Орта мерзімді несие;

5. Ұзақ мерзімді несие;

Баланс баптарының негізгі баптары келесідей:

1. Пассивті операциялардың құрылымына талдау;

2. Активті операциялардың құрылымына талдау;

3. Пруденциялды нормативтердің құрылымына талдау;

4. Банктің қаржылық нәтижесіне талдау.

              Осы баптар бойынша талдау жүргізіп банк қызметінің нәтижесіне, жағдайына баға беруге  болады, сонымен бірге талдау жүргізудің келесі шарттарын орындаған жөн:

1. Банк қызметін белгілі бір кезеңге бағалау;

2. Банк қызметін басқа кезеңмен салыстыру;

3. Банк қызметін басқа банкпен салыстыру. Бұл кезде банктердің құрылу уақытын, статусын, түрін және регионалдық мекен-жайын ескеру керек;

4. Талдау нәтижесін жинақтап банк қызметін жақсартатын басқа да шешімдерді дайындау керек [20].

Банк қызметін 2 кезеңде салыстыру барысында банктің істері туралы  қызметінің өсуін және жеке операциялардың өзгеруін, қызмет көрсеткіштерінің жақсаруы немесе нашарлауын айқындауға болады. Екі немесе бірнеше банктерді салыстырып олардың несие-қаржылық жүйедегі рөлі мен орнын бағалап, жұмысының тиімділігін байқауға болады.

        2008 жылдың 1 наурызына қарай банктік сектордың жиынтық есептік меншікті капиталы 1 айда 606 млрд. теңгеге немесе 1,9%-ке ұлғайып, 361,3 млрд теңгені құрды. Банктердің жиынтық активтері 164,1 млрд. теңгеге дейін жетті. Капитал адекваттылығының көрсеткіштері есеп беру кезеңіне К1 – 0,093; К2 – 0,158 құрған болатын (01.02.08 күніндегі жағдай бойынша: К1 – 0,097; К2 – 0,162).

        Банктердің ссудалық портфелі (банкаралық заемдарды ескере отырып) 1 айда 56,5 млрд. теңгеге өсіп (3,1%), 1869,4 млрд. теңгеге дейін жетті. 2008  жылдың 1 наурыздағы жағдай бойынша банктердің несиелік портфелінің құрылымында стандартты несиелердің үлесі 57,9%, күдікті – 38,8%, сенімсіз – 3,3% құрады. 2008 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша стандартты несиелердің үлесі 56,2%, күдікті – 40,9%, сенімсіз – 2,9% құраған болатын.

        Заңды және жеке тұлғалардан тартылған салымдардың жалпы сомасы (банктер мен халықаралық қаржы ұйымдарынан басқа) 8,4%-ға ұлғайып, 4713,6 млрд. теңгені құрады. Соның ішінде заңды тұлғалардың салымдары 80,5%-ға ұлғайып, 1253,9 млрд. теңгені құрады, жеке тұлғалардың салымдары 3,0%-ға өсіп, 459,7 млрд. теңгені құрады.

        Екінші деңгейдегі банктер табыстарының жалпы сомасы 2008 жылдың 1 наурызына өткен жылдағы тура сол кезеңімен салыстырғанда 25,8%-ке ұлғайып, 60,9 млрд. теңгені құрады. Шығындар сомасы өткен жылдағы тура сол кезеңімен салыстырғанда 31,7%-ға өсіп, 55,2 млрд. теңгені құрады. Банктердің бөлінбеген таза табыстары 5,7 млрд. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдағы тура сол кезеңіндегі көрсеткіштен 12,3%-ға төмен болып тұр. Есеп беру кезеңінде 14 банк мәжбүрлі тарату процесінде орын алып отыр. Ал енді «БТА» банкінің шаруашылық қызметінің көрсеткіштеріне сипаттама берейік.

        «БТА Банкі» АҚ қызметінің басты бағыттарының бірі заңды тұлғаларды қаржыландыру (несиелендіру) болып табылады. Біз өз қаражаттарымызбен, сондай-ақ шетелдік несие желілерін тартумен қысқа мерзімді қаржыландыруды, орта және ұзақ мерзімді қаржыландыруды жүзеге асырамыз. Қандай да бір жобаны уақтылы қаржыландыру оның іске асуына себеп болады, ал егер қаражат қарастырылмаған жағдайда тамаша жобалар тек қағаз бетінде ғана қалып қояды.

       «БТА Банкі» соңғы жылдары қарқынды даму үстінде. Валюта балансы

2008 жылы 58 млрд. теңгеден 2009 жылы 95,4 млрд. теңгеге дейін өсті. Бұл

жағдай банкті көптеген көрсеткіштер бойынша Қазақстанның банктік қызметтер нарығында 2-ші позициямен қамтамасыз етіп отыр.

        Коммерциялық ссудалардың өсім қарқыны баяулады (2008ж. – 59,7%, 2009ж. – 63,4%), бірақ баланс валютасындағы олардың үлесі салыстырмалы түрде қалып отыр және орналастыру құралдырының арасында жоғары үлес салмаққа ие болып отыр.

        Халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтастықтың шеңберінде банктердің және қаржы мекемелерінің алдындағы міндеттемелерінің құрамында – 92,0 млн. АҚШ доллар сомада 2 синдицирленген займ (2008 жылдың маусымында және қазан айында 1 жыл мерзімге тиімді жағдайларда алынған).

        2008 жылдың басында банк 2010 жылда өтеу мерзімімен субординирленген облигацияларды, 2009 жылдың желтоқсанында 5 жыл айналым мерзімімен ішкі теңгелік облигацияларды шығарған болатын. Бұл банкке өзінің пассивтерінің құрамында клиенттерді несиелеудің көзі болып табылатын ұзақ мерзімді қаражаттардың үлесін ұлғайтуға мүмкіндік берді. 

        Банк стратегиясы өзіне көшбасшы банк позициясын және қаржылық қызметтер провайдері (жеткізушісі) позициясын ұстануды кіргізеді.

        Осы стратегияны жүзеге асыру үшін банк мыналарға жұмылдырылмақ:

- Банктік қызметтерді кеңейту.

     Сондай-ақ, банк өз қызметтерінің ауқымын кеңейтуге көңіл бөледі. Банк өзінің корпоративтік клиенттік базасын кеңейте және несие (ссуда) қоржынының сапасын жақсарта бермек.

- Ақпараттық басқару жүйесі мен операциялық тиімділікті жақсарту.
- Банк  операциялық   тиімділікті адамзат ресурстары мен ақпараттық технологияларға ұйымдық қайта құрылымдау және инвестициялар жолымен жақсартуға жұмыс істеді. Банк жетекші ақпараттық жүйелерді енгізуді жалғастыра бермек.

        Талдау банк қызметін толық бағалау үшін жасалынады. Талдаудың материалдары  банктің дамуында артықшылықтар мен кемшіліктерді, жоғалтуларды, пайдаланбаған резервтерді, жоспарлауда кемшіліктерді табуға  көмектеседі. Банктің жарғылық қызметі   ортақ ақша өлшеуіште  көрсетіледі және негізгі және айналымдағы құралдар, тартылған құралдар, банктің жарғылық қызметті орындағанда   пайда болатын процестер және қаржылық нәтижелер болып табылады.

        Өзіндік және тартылған құралдар  банктік құралдардың ресурстарына  жатады.  Жарғылық капитал – банк құрылған кезде  салынған акционерлердің құралдары  немесе құрылтайшылардың  жаңа салымдары,  ол жаңа құрылтайшыларды  алғанда және акцияларды шығарғанда көбею мүмкін. «БТА Банкі»  АҚ-ның жарғылық капиталы 1.01.2010 ж. 1 188 070 041 мың теңгеге тең.  Резервтік қор шығыстарды, шығындарды, күтілмеген  төлемдерді және  есептелмеген   төлемдерді  жабу үшін  құрылады. «БТА Банкі» АҚ-да резервтік қордың мөлшері 1.07.2007 ж. 42 346 425 мың теңге. Арнайы қор – тозу түрінде  банк шығыстарға  қосылған бұрын  алынған негізгі қорларға және құндылығы аз  және тез тозатын құралдарға   қалпына келтірілген шығындардың соммалары. Банк қызметінің  қаржылық нәтижелері  пайда мен шығындардың  құрамын бақылауға  мүмкіндік береді және  де пайдаға немесе шығындар  құрамына бірден  қатысатын шығыстар мен табыстарды  бақылауға мүмкіндік береді.

        Банктің экономикалық  қызметі өте кең, сондықтан  банктің қызметін  басқару стратегиясын  біз активтер мен пассивтерді  басқару стратегиясы   ретінде қарастырамыз.  Активтерді басқару – өзіндік  құралдарды таратудың жолдары және тәртібі,  яғни ақшаға, инвестицияларға, ссудаларға және басқа  активтерге реттеу.  Құралдарды тарату  кезінде банк алдында өтімділік  және пайдалылық  арасында дау - жанжалдарды шешу міндеті тұрады.  Бұл мәселені шешу үшін активтерді  басқарудың 3 әдісі бар:

- Құралдардың жалпы қор әдісі;

- Активтерді тарату  және құралдарды конверсиялау;

- Ғылыми басқару.

        Пассивтерді басқару кең мағынада салымшылардың және басқа несие алушылардың құралдарын пайдаланумен байланысты және банк үшін құралдардың қайнар көздерін сәйкес қиыстыруын  анықтаумен байланысты  қызмет болып табылады, ал тар мағынада – баланстың өтімділігін ұстауына, нарықта несиелік ресурстардың мобилизациясын ұстауына  бағытталған қызмет. Пассивтерді  басқару кезінде банктер тартылған құралдардың шығыстарын  азайтатын қайнар көздерін пайдалануға  ұмтылу қажет,  өйткені бұл банкте   пайданы және капиталды  өсіру үшін көп жаңа құралдарды пайдалануға  мүмкіндік береді.  Сонымен қатар банкте жоғары табысты активтерді  ұстау үшін  құралдардың қалаулы тұрақтылық деңгейін  қамтамасыз ете алатын  депозиттер, зайымдық құралдар және  капитал  өлшемдердің  арасында банк  оңтайлы қатынасты  таңдау қажет.

        Несиелік ресурстар нарығында  Ұлттық Банк Үкіметке  және екінші деңгейлі банктермен   берілетін несиелерге  шектер орнатады,  бұл арқылы  коммерциялық банктердің пассивтердің қалыптасуына ықпал етеді.

        Макроэкономикалық деңгейде  қазір бар  маңызды мәселелер  банктің тұрақты жағдайына  кедергі жасап отыр. Бірақ біздің банктердің көптеген  мәселелері тек қана  экономикалық жағдайдың қиын  болу себебінен  болмайды: олардың  пайда  болуының  негізгі  себебі – банктік  стратегияны  және  тактиканы  жүзеге асыруға  байланысты басқаруда маңызды  қате есептеу.

        Сонымен, нарықтық жағдайда  банкті тиімді басқару үшін   әр түрлі жоспарлы аналитикалық  жұмыстың маңызды көлемін  жасау қажет [21].

        Талдау қадамдардың ең маңыздысы  өтімділікті талдау болып табылады. Баланстың өтімділігін талдаудың тәжірибелік мақсаты – бұл  ақша-қаражаттарға сұранысты қанағаттандыру үшін  қажет өтімділік құралдарға қажеттіліктерді алдын ала анықтау.

      Банк балансын талдау барысында, әсіресе ликвидтілігін анықтауда өз

меншігіндегі қаражат көлемін анықтау маңызды орын алады. Өз меншігіндегі

қаражат банктің барлық қорларының, коммерциялық тәуекелдің сақтық резервтері, күрделі салымдарды қаржыландыруға арналған өз меншігіндегі қаражат, есеп айырысудағы қаражаттарын қосу арқылы анықталады. Міне, осылайша, банктің өз меншігіндегі қаражат брутто анықталады. Өз меншігіндегі қаражат – брутто неттодан кеңірек, өйткені бруттоны есептеуде жұмсалған (капиталданған) қаражатты да қосады. Иммобилизация процесі банк операцияларының табыстылығы мен ликвидтілігін төмендетеді. Сондықтан иммобилизация туғызатын себептер анықталып және жойылуы тиіс.

       Банктің өз меншігіндегі ресурстарының көрсеткішін дұрыс анықтау банк балансының ликвидтілігін анықтауда өте маңызды. Себебі, осы көрсеткіш негізінде коммерциялық банктердің қызмет бақылау және реттеу мақсатында орталық банктерде қолданылатын ликвидтілік нормативі бекітіледі [22].

        Енді «БТА Банкі» АҚ-ның балансын талдауға көшейік. Басқа банктерде сияқты, баланстың өтімділігін талдау коэффициенттер  әдісімен жасалынады. Ағымды өтімділіктің коэффициенті: 

 

Кө =                                                                                                                        (1)

 

мұнда: АӨағымды өтімділіктің коэффициенті

Мменшікті капитал

 

Кө = = = 0,9                                                                   1.04.2009 жылға

 

Кө = = 0,32                                                                         1.07.2010 жылға

 

       «БТА Банкі» АҚ-да ағымды өтімділікте өтімділі активтердің және  міндеттемелердің өсуі  ықпал етті. Негізгі кезеңмен салыстырғанда  өтімділі  активтер  2,6-ғаөсті,  ал міндеттемелер – 1,02-ге  өсті, нәтижесінде ағымдық өтімділік  1,68 –ге өсті. Өтімділік деңгейіне  кассада ақша құралдардың тез өсуі ықпал етті.  «БТА» банкте  1.07.2009 жылда 4 % ақша құралдар болып табылады, ал  басқа активтер және бағалы қағаздар 96% банкке  табыс әкеледі.  Сонымен, берілген құрылымды оңтайлы деп  айтуға болмайды, бұл көрсеткіштерді жоғарылату қажет (ҚОСЫМША Д).

       «БТА Банкі» АҚ  Ұлттық Банкке өзінің  қызметі туралы анықталған  түрде кварталдық  және жылдық есеп беруге  міндетті:

- жаңа жылдың бірінші күніне жылдық баланс;

- тәуекелді имитирлеу,  бір займшыға   тәуекелдің максималды   өлшемі,  ол несие бойынша  банк міндеттемелердің соммалардың банк капиталына қатынасы. Оның максималды  мағынасы  0,5-тен  1-ге дейін.

        Жеке баланстық есептердің құрамын анықтау:

- Кварталдық баланс;

- Валюталық  операциялар бойынша есеп.

        Өзіндік  құралдарды талдаған  кезде  статистикада  ғана  емес,  динамикада   да   оларды   талдау   керек,   бұл  баланс олардың қызметінің масштабтарын  кеңейту  сияқты  сипттауға,  және де   басқа  банктерде  өсу қарқынымен  салыстырып, өзіндік құралдардың  өсу қарқынымен  бағалауға  мүмкіндік  беріледі. Көрсеткіштерді  есептеу өте маңызды, «БТА Банкі»  АҚ-ның жарғылық  капиталдың  динамикасы туралы берілгендерді  келесі суреттен көруге болады.

 

 

Сурет 2. Жарғылық капиталдың динамикасы

 

мұнда: У-жарғылық капиталдың өлшемі (мың теңге);

Х-жылдар (кезеңдер).

 

Ескертпе - ҚҚА-нің (Қаржылық Қадағалау Агенттігі) есептік материалдары негізінде автормен әзірленген

 

        Берілгендерді  талдау капиталдың жылдан  жылға өсіп  келетінін  көрсетіп тұрады. Осы банкте жарғылық капиталдың  өсу тенденциясы барлық  тұрақты   банктерге   тән.  Банк  сенімділікке   және  тұрақтылыққа  жету  мақсатында  табысты активті операцияларды  көбейту мүмкіндігін  алу үшін капиталды көбейтуге, сәйкесінше  банк  табысты капитал салымдар  үшін ресурстық  базаны  кеңейтуге  ұмтылады.

Жарғылық капитал банктің өмір сүруіне экономикалық негіз құрады және банктің заңды тұлға ретінде тіркелудің міндетті шарты болып табылады. Оның соммасы банктік кредиторлардың қызығушылығын кепілдейтін банк меншігінің минималды көлемін анықтайды. Ресурс түріндегі жарғылық капиталдың ерекшелігі мынада, біріншіден, үнемі банктің басқаруында болатын ресурс қызметін атқарады, сондықтан да мерзімдері шектеусіз ұзақ мерзімді салымдар үшін пайдаланылуы мүмкін, екіншіден, айтарлықтай табыс әкелмейтін жеңіл өтімді активтерді қалыптастыру, үшіншіден, жедел емес, ақысыз ресурс түрінде шығады. Активті және пассивті операциялардың  құрылымын талдау оның өтімділігін бағалау үшін қажетті құрамы болып табылады.  

       2.3 «БТА Банкі» АҚ балансының актив және пассив операцияларының құрылымына талдау

 

 

Пассив операцияларының рөлі активтерге қарағанда өте жоғары, өйткені актив операцияларының орындалуындағы қажетті шарт пассивте көрсетілген қаржылардың жетекшілігі. Баланс пассиві екі негізгі бөлімнен тұрады:

1. Міндеттемелер;

2. Меншікті капитал.

Пассив құрылымының талдауын меншікті қаржылардан бастайды. Ең бірінші, меншікті каржылардың жалпы ресурстық базадағы көлемін және үлесін табу керек. Қазіргі кезде, банктердің ресурстық базасының құрылымы меншікті қаржылардың қазыналық үлес салмағымен есептелінеді. Ол арқылы жалпы ресурстардың 10-20 пайызы жабылады. Меншікті қаржылар талдауында келесі негізгі мақсаттар көзделеді:

1. Банктің меншікті қаржыларының құрылымына баға беру;

2. Меншікті қаржылардың құрылымының құрылымын бағалау;

3. Ажыратылған меншікті қаржылар көлемінің пайда болу себептерін анықтау;

4. Меншікті  қаржыларды  тиімді   қолдану   арқылы кірістер мен өтімділікті жоғарылату резервтерін анықтау.

Меншікті қаржылардың құрылымы:

1. Жарғылық капитал;

2. Қосымша капитал;

3. Резервтік капитал;

4. Қайта бағалау бойынша резервтер;

5. Өткен жылдың таратылмаған таза кірісі;

6. Таратылмаған таза кіріс.

Қаржы есеп-қисаптары өзгерістерге байланысты меншік қаржылардың баптары басылымда келесідей  болып көрсетіледі (соңғы өзгерістер 2004 жылы болған):

1. Жарғылық капитал, оның ішінде, жай акциялар, артықшылығы бар акцялар;

2. Қосымша төленген капитал;

3. Алынған капитал;

4. Басқа да резервтер;

5. Таратылмаған таза кіріс.

Ұсыныстар бойынша меншікті қаржылардың  үлесі 10% көлемінде болу керек. Меншікті қаржыларға талдау жүргізу үшін Нысан 1, Нысан 2 есеп- қисаптары қолданылады. Банк балансын талдауда сатылас және деңгейлес талдаудың тәсілдерін  қолдану керек. Сатылас талдау үлес салмағын анықтауға мүмкіндік береді. Деңгейлес талдау өзгеру динамикасын анықтайды. Құрылымды талдау барысында әр жеке баптарына көңіл аудару керек [23].

Меншікті қаражаттар (капитал) құрамына қорлар енгізіледі, мысалы резервтік қор. Ол банктің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында құрылады және залалдар мен шығындарды жабу үшін пайдаланылады. Бұл қорды қалыптастырудың көзі таза табыс болып табылады, яғни салықтар, және басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін банктің басқаруында қалатын пайда. Резервтік қорға аударымдардың минималды мөлшері банктің жарғысымен анықталады, алайда ол жарғылық қордың 15%-нан кем болмауы қажет. Резервтік қорға жыл сайын жарғымен бекітілген мөлшеріне дейін таза пайданың 5%-ы аударылады. Банктің меншікті қаражаттары (капитал) пайданың есебінен де толықтырылады. Ол банктің қызметінің басты мақсаты ретінде шығады, себебі оның ұлғаюымен, тікелей немесе жанама түрде халықтың үлкен топтарының қызығушылықтары байланысты. Мысалы:

- акционерлер үшін бұл оларға төленетін дивиденд мөлшерімен байланысты;

- банктің  қызметкерлері   пайданың өсуіне   мүдделі,   себебі   бұл олардың материалдық қамтамасыз етілуінің деңгейін анықтайды;

- банктің қарыз алушылары үшін банктік   пайданың өсуі ресурстық базаны кеңейтуді білдіреді, ал бұл үлкен көлемде және жеңілдік шарттарында несие алуға мүмкіндік береді;

- банктің  кредиторлары    пайданың   өсуіне   мүдделі, себебі  бұл олардың табыстарының өсуіне банктің сенімділігінің жоғарылауына жағдай жасайды және де банктегі депозиттердің сақталу кепілдігінің деңгейін жоғарлатады.

Жарғылық капитал банктің меншікті қаржылар ішінде жарғылық капитал үлесі жоғары болып келеді. Қазіргі таңда оның деңгейі 50-90% аралығында. Жарғылық капитал банктің өмір сүруіне экономикалық негіз құрады және банктің заңды тұлға ретінде тіркелудің міндетті шарты болып табылады. Оның соммасы банктік кредиторлардың қызығушылығын кепілдейтін банк меншігінің минималды көлемін анықтайды. Ресурс түріндегі жарғылық капиталдың ерекшелігі мынада, біріншіден, үнемі банктің басқаруында болатын ресурс қызметін атқарады, сондықтан да мерзімдері шектеусіз ұзақ мерзімді салымдар үшін пайдаланылуы мүмкін, екіншіден, айтарлықтай табыс әкелмейтін жеңіл өтімді активтерді қалыптастыру, үшіншіден, жедел емес, ақысыз ресурс түрінде шығады.

Қосымша капиталды жарғылық капиталға теңестіруге болады, бұл бап акциялардың номиналдық құнының өзгеруін көрсетеді, яғни қосымша капиталдың бар болуы банктің рентабельдігіне баға беруге болады.

Резервтік капитал банктің бар болуы және динамикада өсуі банктің кірістілігіне баға береді. Резервтік капиталды талдауында оның мөлшері Ұлттық Банктің нормативтеріне сәйкес болу керек. Барлық Екінші деңгейлі банктер үшін резервтік капиталдың ең төменгі мөлшері 5% кем болмауы керек, бұл басқа талдау жүргізу үшін банктің ішкі құжаттары қажет.

Қайта бағалау бойынша резервтер. Бұл бап меншікті қаржылардың жеткіліктілігін кері мінездейді, өйткені резервтер нақты емес ресурстар. Ұлттық Банктің ұсынысы бойынша резерв үлесі 20% аспауы керек.

Таратылмаған таза кіріс бұл баптың болмауы банк қаржыларының тиімсіз қолдануы, әр түрлі шығындардың өсуін актив пен пассив операцияларының дұрыс жүргізілмеуін көрсетеді. Меншікті қаржылардың таза кіріс арқылы өсуі, ол банктің нағыз сенімділігін көрсетеді. Талдау соңында банктің меншікті қаржыларының құрылысын басқа банктің меншікті қаржыларымен салыстырып, қарастырып отырған банктің рөлі мен орнын бағалап, меншікті қаржыларының құрылымын дұрыстау үшін тиімді шешімдер беру керек [24].

        Негізінен іскерлік серіктестік басталатын және аяқталатын орталықтар – бұл банктер. Экономиканың әл-ауқаты коммерциялық банктің сауатты қызметіне байланысты болады. Коммерциялық негізде қызмет ететін банктің дамыған жүйесінің нақты және тиімді нарықтық механизм құруға ұмтылыс тек игілікті тілек болып қана қалады. Активтер мен пассивтердің банктік портфелі – бұл тиімді тәуекел деңгейінде жоғары пайда алу үшін қолданылатын біртұтас (единое целое). Активтер мен пассивтерді бірлесе басқару депозиттер мен заемдарды іскерлік активтілік циклінің ауытқулары мен мерзімдік ауытқулардың әсерінен қорғау үшін, сондай-ақ банктің мақсатын жүзеге асыруға себепші болатын активтер портфелін қалыптастыру үшін банк беретін құрал болып табылады. Активтер мен пассивтерді басқарудың маңызы баланс құрылымын оның стратегиясына сәйкес келетін тактиканы қалыптастыру және іс-шараларды жүзеге асыру. Банктердің пассивтік операциялары олардың шоғырландырушы (концентрирующую) және жартылай қайта таратушы қызметтерін жүзеге асырады. Оларда банктер несиелік сұранысты тасушылар (алып жүргізушілер) болады, ал олардың контрагенттері – несиелік ұсынысты тасушылар болады. Пассивтік операциялар айтарлықтай әр түрлі, және дәстүрлі түрде келесі топтарға топтастырылады:

- меншікті қаражаттарды қалыптастыру және толықтыру (жарғылық капитал, резервтер, қорлар, бөлінбеген табыс және басқалары);

- банктің активтілігімен сипатталатын тартылған  қаражаттардың (сырттан) аккумуляциясы (салымдар, депозиттер, есеп айырысу, ағымдық, корреспонденттік шоттар);

- заемдық  қаражаттардың   концентрациясы (алынған несиелер, айналысқа шығарылған қарыздық міндеттемелер).

        Сонымен қатар, банктердің пассивтік операцияларының құрылымына шетелдік тәжірибеге бейімделу есебімен субординирленген қарыз элементін қосуға болады. Бұл қажет болған кезде олардың параметрлерін өзгертуге, оларды жай немесе артықшылықты акцияларға конвертациялауға мүмкіндік береді. Сонымен қоса, біз олардың активизация сипаты бойынша банктік пассивтерді классификациялауды ұсынамыз, бұл активтер мен пассивтерді кешендік басқару схемасы үшін өте маңызды болып табылады.

        Сонымен, есеп айырысу шотындағы қаражаттар клиенттерге есеп айырысу қызметін көрсетуден табыс алуға, бағалы қағаздар – спекулятивті операциялардан, ал несиелер – секьюритизациядан табыстар алуға мүмкіндік береді [25].

        Нақты экономика секторында орналасқан позитивті беталыстар халықтың нақты   табыстарын   жоғарлату, банктік секторға    сенімді қалпына келтіру, несиелік ұйымдардың ресурстық базасын өсіруге себепші болады.

        Шамамен тартылған банкаралық несиелердің 60% тұрақты түрде бейрезидент банктердің шетел валютасындағы несиелеріне келеді. Меншікті капиталды қалыптастыру меншікті капиталдың бар болуы кез келген коммерциялық кәсіпорынның, соның ішінде банктік құрылуы мен қызмет етуінің қажетті шарты болып табылады. Сонымен қатар банктің меншікті капиталының көлемі өнеркәсіптік және басқа да коммерциялық кәсіпорындардағы капиталдың көрсеткішінен айтарлықтай ерекшеленетінін ескеру қажет. Банктер, меншікті капиталының есебінен өзінің қызметін қамтамасыз ету үшін 12-ден 20%-ға дейін ресурстарға жалпы қажеттілікті қалыптастырады, ал өнеркәсіптік кәсіпорындар 40-55% меншікті қаражаттары болуы қажет. Банктің мұндай ерекшелігі теориялық тұрғыдан екі жағдаймен түсіндіріледі:

- банктер делдал ретінде жұмыс істейді, яғни өзінің операциялары үшін ең алдымен өздерінің қатарына жатпайтындарды тартады;

- банктік активтер – бұл негізінен өндірістік активтермен  (ғимараттар, құрылыстар, технологиялық және басқа да құрал-жабдықтар түрлері, өндірістегі және қоймадағы материалдық құндылықтар) салыстырғанда нарықта жеңіл өткізілетін және аса жоғары мобильдігімен ерекшеленетін ақшалай талаптар.

        Капиталды қалыптастыру тәртібі коммерциялық банктің жарғысында бекітіледі. Капиталдың бекітілген төменгі мөлшерін сақтау – маңызды шарттардың бірі. Алғашқыда, банктерді құру кезеңінде меншікті капиталдың бірден бір көзі жарғылық капитал болып табылады. Табысты жинақтауға қарай, резервтік және басқа да қорларды құруына қарай жарғылық капитал меншікті капиталдың бір бөлігі болады. Капитал жарияланған және төленген болуы мүмкін. Жарияланған капитал – банкті құру сәтінде анықталады және тек қана жартылай төленуі мүмкін. Төленген капитал деп, толық төленген кезде айтылады. Жарияланған капитал банктің тіркелген сәтінен бастап 1ай ішінде толығымен төленуі керек. Меншікті капиталдың заты онымен орындалған функцияларды көрінеді. Экономикалық әдебиеттерде банктік меншікті капиталдың 3 функциясын бөледі: қорғаныс, оперативті және реттеуші қызмет. Капиталдың қорғанысы қызметінің маңызы – меншікті капитал, банк, қандай да бір себептермен өзінің қызметін тоқтатқан кезде салымшылардың көзқарастарын қорғау көзі ретінде іс-әрекет жасағанда көрінеді. Меншікті капитал банктің өтімділігінің негізгі кепілі болып табылады. Ол, сонымен қатар күтпеген шығындарды, залалдар мен шығыстарды жабу көзі ретінде де шығады. Қорғаныс қызметі мыналарды білдіреді:

- банктің  банкроттығы жағдайында салымшыларға   жәрдемақыларды   төлеу мүмкіндігін;

-   шығындар пайда  болған кезде банктің операцияларын жүргізу мүмкіндігін;

-   несиелік,   яғни   банктерде  пайыздық     және      валюталық     тәуекелдердің  орнын   жабу  үшін резервтер капиталының құрамына қосу есебінен банктің төлемқабілеттілігін сақтау. Сонымен, осы аталған қорғаныс қызметтерін банктерде пайдалану арқылы күтпеген  шығындары,  залалды жабуға болады.

        Жарғылық қор меншікті капиталдың бір бөлігі ретінде сақталғанға дейін, банк, банкроттықтан сақталған болып саналады [26].

       Капиталдың оперативті қызметі – банктің материалдық-техникалық базасын құруға шығындарды қаржыландыру көзін білдіреді. Меншікті капиталдың құрамына бастапқы капитал түрінде жарғылық капитал кіреді, ал бұл банктік операцияларды іске асыруға лицензия алу үшін басты шарт болған кезде де көрінеді.

        Меншікті капиталды қалыптастырудың көлемі мен тәртібін реттеу арқылы ҚРҰБ-кі түріндегі қоғам экономиканың қалыпты қызмет етуінің маңызды шарты ретінде банктік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ұмтылады. Жеке банктің және жалпы барлық банктік жүйенің қаржылық тұрақтылығы өндірістік кәсіпорындардың, бюджеттік мекемелердің қызметімен, жинақтардың сақталуымен байланысты.

        Жарғылық капитал банктің өмір сүруіне экономикалық негіз құрады және банктің заңды тұлға ретінде тіркелудің міндетті шарты болып табылады. Оның соммасы банктік кредиторлардың қызығушылығын кепілдейтін банк меншігінің минималды көлемін анықтайды. Ресурс түріндегі жарғылық капиталдың ерекшелігі мынада, біріншіден, үнемі банктің басқаруында болатын ресурс қызметін атқарады, сондықтан да мерзімдері шектеусіз ұзақ мерзімді салымдар үшін пайдаланылуы мүмкін, екіншіден, айтарлықтай табыс әкелмейтін жеңіл өтімді активтерді қалыптастыру, үшіншіден, жедел емес, ақысыз ресурс түрінде шығады.

        Депозиттер және салымдар банктік ресурстардың көзі болып табылады. Экономикалық әдебиеттерде депозиттерге мүлік иелері банктің клиенттері болып табылатын барлық ақша қаражаттарын жатқызуға болады, яғни заңды немесе жеке тұлғалардың атына ашылған, есеп айырысу, ағымдық және басқа шоттардағы ақшалар.

        Мерзіміне байланысты депозиттердің 2 түрі бар: талап етуге дейінгі және мерзімді депозиттер.

        Депозиттің әрбір түрі банк үшін де және клиент үшін де нақты артықшылықтар мен кемшіліктерге ие. Клиент үшін талап етуге дейінгі депозиттің артықшылығы оның жоғарғы өтімділігі болып табылады, яғни олар өзінің ақшаларын кез келген уақытта басқа да шотқа аудару формасында немесе қолма-қол формада алуға мүмкіндігі бар. Ал кемшілігі осы депозит бойынша пайыз түріндегі табыс төмен деңгейде төленеді немесе тіпті төленбейді. Банктер үшін басты кемшілік, ол жоғары өтімді активтерін талап етуге дейінгі депозиттер соммасымен бірдей деңгейде ұстауы қажет.

        Банк үшін мерзімді депозиттердің артықшылығы – оларды ссуданы ұзақ мерзімге беру үшін пайдалану мүмкіндігі, ал клиент үшін жоғары пайыз алу.  Клиент үшін кемшілігі – келісілген мерзімге байланысты айналымнан қаражаттарды алшақтату және ағымдық төлемдер үшін ақшаны пайдаланудың мүмкін еместігі.

        Банктің депозиттік саясаты минималды шығындармен максималды мүмкін мерзімге депозитті тартуға бағытталған. Тартылған депозиттердің мерзімі мен салмағы шешуші деңгейде ұсынылатын кредиттердің мерзімі мен мөлшерін анықтайды. Осы міндеттемелердің күшіне байланысты банктер ұзақ мерзімге депозиттер мен салымдар тартады, бұл мақсаттар үшін пайызды ынталандырушы рөлін және түрлі қосымша қызметтерді ұсынуды пайдаланады [27].

        Банктік статистика тартылған қаражаттардың 2 тобын бөледі: депозиттер және салымдар. Осы топқа ҚР-сы валютасындағы және шетел валютасындағы ақша қаражаттары, банктерге мүлік иелерімен нақты шарттарда сақтау үшін берілген ақшалар жатқызылады. Бұл топқа есеп айырысу ағымдық шоттардағы клиенттердің қаражаттары қосылмаған. Салым түріндегі депозит пен есеп айырысу шоты түріндегі депозиттің экономкалық айырмашылықтары бар. Есеп айырысу шотын ашушы тұлға өзінің еңбек қызметі нәтижесін табыс алуына мүмкіндік береді. Ал банктік салым (депозит) шотын ашушы тұлға еңбек шығынынсыз табыс алады. Ол үшін «ақша ақшаны жасайды». Банктік ресустарды, қалыптастыру кезінде депозиттермен бірге ағымдық және есеп айырысу шоттарындағы қалдық түріндегі ақшалар да маңызды роль атқарады. Мұны банктік жүйенің активін қалыптастырудың кейбір көздерін сипаттайтын мәліметтер куәландырады. Банктер жеке салымшыларды тартуға қызығушылықтары бар, себебі кәсіпорындар мен ұйымдардың шотымен салыстырғанда халықтың талап етуге дейінгі салымдары бойынша қаражаттар қозғалысының белсенділігі төмен. Ал банктерде халықтың мерзімді салымдарын орналастыру банк қызметі үшін аса қолайлы (тиімді) шарттар жасайды. Халықтың ақшасы банктік ресурстың маңызды көзі болып табылатынын ескере отырып, тартылған қаражаттар соммасын максималдау үшін банктер қызмет көрсету сапасын жоғарлатуға мүдделі және бұл қаражаттарды несиелік, қорлық және валюталық нарықтардағы операциялардан табыс алу үшін пайдаланылады.

        Бұл қаражаттарды экономикалық айналысқа тарту 2  мәселені шешуді талап етеді:

- коммерциялық банктердегі салымдарды сәйкесінше кепілдікпен қамтамасыз ету;

- заңды және жеке тұлғаларға қазіргі заманғы банктік қызметтерді ұсыну үшін банктік технологияларды жетілдіру.

        Айтып кету керек, Қазақстанның банктік заңдарында азаматтардың салымдары мәселелеріне үлкен көңіл бөлінеді. Салым – бұл жеке тұлғалардың сақтау және табыс алу мақсатында ҚР валютасында немесе шетел валютасында орналастыратын ақша қаражаттары. Салым бойынша табыс ақша формасында, пайыз түрінде төленеді. Салым аталған салым үшін қарастырылған заңмен және сәйкесінше келісім-шарт тәртібімен салымшының алғашқы талап етуі бойынша қайтарылады [28].

        Салымдар тек қана банктермен қабылданады, ҚР ҰБ берілетін лицензиясына сәйкес құқығы бар. Коммерциялық банктерде орналастырылған салымдардың кепілі ретінде ҚР ҰБ олар үшін экономикалық норматив енгізді, ол бойынша халықтан тартылатын қаражат соммасы банктің меншікті капиталы мөлшерінен аспауы қажет. Бұл көрсеткішті банктің салымды қайтаруын қамтамасыз етуші көрсеткіш ретінде пайдалану пікірталас тудырады. Себебі банктің капиталы мен салымдар соммасы өзара экономикалық байланысты емес. Бұлардың екеуі де банктің пассиві болып табылады.

        Капиталды жоғары тәуекелді активтерге салып, оны жоғалту арқылы халықтың салымын қайтару қаупін тудырады.

        Түрлі мерзімдері бойынша салым соммасымен өтімділік мерзімдері бойынша барабар активтер соммасы арасында нормативті арақатынасты бекіту экономикалық негізделген болар еді.

Активті операциялардың талдауында банктердің қаржы орналастыру саласындағы жұмысының тиімділігіне ақша-несие саясатының бағытын бағалауға болады. Активтерге талдау жүргізгенде банк ресурстарының қолдануының негізгі бағыттары анықталады, яғни қандай мерзімге және кімге ұсынылғанын білдіреді. Активті операцияларды негізгі 4 топқа бөлуге болады:

1.   Ақшалық қаржылар;

2.   Бағалы қағаз, инвестиция;

3.   Клиенттерге несиелер;

4.   Негізгі құралдар және инвестиция.

Активтерге талдау бухгалтерлік баланс арқылы жүргізіледі. Бөлшекті талдау жүргізілгенде банктің аналитикалық есептері мен ішкі құжаттарын қолданады. Талдау сатылас және деңгейлес ретінде жүргізіледі.  Сатылас талдау үлес салмағын анықтауға мүмкіндік береді. Деңгейлес талдау активтердің өзгеру динамикасын анықтап, олардың қозғалысын, баптардың өсуін көрсетеді. Активті операцияларының талдауында келесі негізгі баптарға көңіл аудару керек: өтімді активтердің көлемі мен үлесіне, бұл баптың талдауында бірден резервтік талаптың ең төменгі мөлшерін және резервтік талаптың көлемін анықтау керек [29].

Ал міндеттеменің ішіне келесі баптар кіреді:

- клиенттердің салымдары;

- ағымды және банк шотындағы клиент қаржылары;

- айналымға шықпаған банктің бағалы қағаздары;

- мерзімі 5жылдан кем емес субординарлық банк қарыздары.

Резервтік талаптардың ең төменгі мөлшерінің орындалуының екі түрі бар:

1. Ағымды айда ақшаны резервтік активтерде орналастыру, мұнда резервтік

талаптардың орташа шамасы банктің резервтік активтерге орташа шамасынан кем болмауы керек. Резервтік активтерге келесі баптар кіреді:

- Нақты теңге;

- Ұлттық Банктің корреспонденттік шотындағы ақшалар  және депозиттері;

- Ұлттық Банктің берілген овернайт несиесі;

- Афинирленген құнды металдар (оның ішінде барлық резервтік активтердің 20% мөлшерінде ғана қосылады). 

2. Банктің балансында Ұлттық Банктің сақталатын ақшалары 1103 шотында көрсетіледі. Бұл шот Ұлттық Банктің міндеттемелері мен депозиттері, Ұлттық

Банктің  резервтік  шотындағы  қаржылар деп атайды. Активті операциялардың

талдауында оның құрылымын келесі критерийлер бойынша қарастыруға болады:

- Кірістілігі бойынша активтер: кіріс әкелетін, кіріс әкелмейтін активтер болып бөлінеді;

- Өтімділігі бойынша: өтімділігі төмен, өтімсіз активтер болып бөлнеді;

- Тәуекелділігі  бойынша  да екіге бөлінеді: тәуекелділігі жоғары, тәуекелділігі орташа, тәуекелділігі төмен болып бөлінеді.

Мұндай талдау банктің клиенттігінің жұмысының саясатына баға беруге, қаржылық қолдану бағыттарын дұрыстауға мүмкіндік береді.

Негізгі құралдар мен қаржылық емес активтер құрамына келесі баптар кіреді:

1.      Ғимараттар, жер, компьютерлік техника және тағы басқа жабдықтар;

2.      Салынып жатқан ғимараттар, материалдар, запастар, салымдар бойынша дебиторлық қарыздар.

       Келесі кестеден 2010-2011 жылдардағы банктің бухгалтерлік балансы көрсетілген.

 

       Кесте 2. Бухгалтерлік баланс, 2011 жылдың 1 қаңтар жағдай бойынша

 

(мың теңгемен)

Бап атауы

есеп беру кезеңі бойынша

өткен жылдың соңы бойынша

1

2

3

4

 

Активтер

 

 

1

Ақша және ақша баламалары

67 441 336

49 495 075

2

Міндетті резервтер

25 219 018

2 869 400

3

Саудалық бағалы қағаздар

68 899 961

740 266 155

4

Туынды қаржы құралдары

0

43 954 440

5

Өзге банктердегі салымдар

4 835 969

66 019 717

6

Өзге банктерге ұсынылған займдар және қаржылық жалдау

46 023 557

36 526 893

7

Клиенттерге ұсынылған займдар

964 195 982

788 254 998

8

Бағалы қағаздарға салымдар

1 177 474

580 944

9

Капиталға инвестициялар және реттелген борыш

162 941 913

172 225 139

10

Негізгі қорлар

6 767 156

8 667 686

11

Материалдық емес активтер

875 300

937 820

12

Дебиторлық берешек

58 512 496

30 050 609

13

«Заемдар және дебиторлық берешек» санатындағы басқа да борыштық құралдар

530 963 634

0

14

Басқа да активтер

56 140 084

31 593 038

І

Активтер жиыны:

1 993 993 880

1 971 441 914

 

 

 

 

 

Міндеттемелер

 

 

15

Корреспонденттік шоттар және банктердің салымдары

733 246

801 969

жалғасы келесі бетте

2-ші кестенің жалғасы

(мың теңгемен)

16

ҚР Үкіметі және ҚР ҰБ займдары

458 031

1 136 074

17

РЕПО келісімдері бойынша сатылған бағалы қағаздар

449 728 391

405 458 662

18

Туынды қаржы құралдары

0

35 475 532

19

Банктік шоттар және клиент салымдары

677 210 536

1 432 191 045

20

Шығарылған борыштық бағалы қағаздар

439 229 363

763 158 735

21

Банк және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың алдындағы берешек

134 093 765

531 244 704

22

Басқа да алынған құралдар

0

6 855 693

23

Реттелген борыш

90 359 393

122 821 506

24

Салықтық міндеттемелер

1 607 504

357 328

25

Кредиторлық берешек

18 588 369

70 432 917

26

Басқа да міндеттемелер

563 370

75 401 144

 

 

 

 

ІІ

Міндеттемелер жиыны:

1 812 571 968

3 445 335 309

 

 

 

 

 

Меншікті капитал:

 

 

27

Жарғылық капитал

1 188 070 041

516 597 958

28

Қосымша төленген капитал

165

165

29

Алынған капитал

-1 519 045

0

30

Резервтік капитал

42 346 425

42 346 425

31

Тәуекелдіктер бойынша резервтер

0

89 275 349

32

Бағалы қағаздардың құнын қайта бағалау резервтері

-224 841

0

33

Басқа да резервтер

1 636 139

1 652 742

34

Үйлестірілмеген пайда (шығын)

-1 048 886 972

-2 123 766 034

 

соның ішінде:

 

 

34.1

Өткен жылдың бөлінбеген таза табысы (жабылмаған шығын)

-2 199 119 185

-20 123 295

34.2

Ағымдағы жылдың бөлінбеген таза табысы (жабылмаған шығын)

1 150 232 213

-2 103 642 739

ІІІ

Капитал жиыны:

181 421 912

-1 473 893 395

 

 

 

 

ІV

Міндеттемелер мен меншікті капитал жиыны:

1 993 993 880

1 971 441 914

Ескертпе - ҚҚА-нің мәліметтерінен алынған

 

 

       Қазақстан Республикасының нарығында ұзақ жылдар бойы қызмет көрсетіп келе жатқан банктердің біреуі «БТА Банкі». Ал жоғарыда осы «БТА Банкінің» бухгалтерлік балансы 2011 жылғы 1 қазандағы қаржылық жағдайы бойынша. Біз осы балансқа талдау жүргізе отырып оның жағдайының қаншалықты тұрақты екендігін көреміз. Талдауды біз пассив операциясынан және оның ішінде меншікті қаржылардан бастаймыз. Бұл банктің капиталдары өткен жылмен салыстырғанда біршама өскенін байқатады. Бұл банктің капиталы да, дәрежесі де Қазақстан нарығында өсіп келеді десек қателеспеспіз. Осы бөлімнің басында бірінші болып тұрған бап, жарғылық капитал. Жарғылық капитал банктің статусын көрсетеді. Жарғылық капитал неғұрлым көп болса, соғұрлым статусы да жоғары болады. Бірақ жарғылық капиталдың шектен тыс көбейюіне де болмайды, өйткені бұл банктің кірістілігін төмендетеді. Сондықтан Ұлттық Банктің ережесі бойынша барлық екінші деңгейлі банктердің жарғылық капиталы 50%-90% арасында болуы керек. Келесі бап қосымша капитал. Бұл бапта банктің акциясына сұраныстың бар жоғын білуге болады. Ал бұл жағдайда банктің косымша капиталының үлес салмағы тұрақты екенін көріп тұрмыз. Ендігі бап резервтік капитал. Бұл баптың бар болуының өзі жақсы, өйткені бұл бапта банктің кірістері көрсетіледі. Бұл жағдайда да банктің резервтік капиталы бірқалыпты болып тұрғанын байқаймыз. 

       Міндеттемелерге келетін болсақ, «БТА Банкінің» міндеттемелер жиынтығы 1 812 571 968 тг. Қызмет көрушілердің банктік шоттары мен салымдары 1,2 есе өскен. Мұны толықтырып айта берсек мұндағы барлық берешек 1%-дан жоғары өскенін көрсетеді. Міндеттемелер жыл басына қарағанда 1,3 есеге өскен. Сонымен пассив операцияларын талдау соңында «БТА Банкі» АҚ-ның жағдайын жақсы деп баға беруге болады. Бұл банктің статусы мен сенімділігі халық арасында орасан зор екендігін көреміз.     

       Бұл талдау барысында біз қандай баптардың өскенін көру үшін актив операцияларының құрылымына талдау жүргіздік. Баланстағы актив дегеніміз қаржылардың кімге не мақсатпен кеткенін көрсетеді. Мұндағы бірінші бап нақты ақша жылдың басына қарағанда 1,1 есе өскенін байқаймыз. Бұл бап туралы экономистер былай деп айтады: «Бұл топ өтімділіктің бастапқы резервтері, өйткені бұл көрсетілген актив банктің алдыңғы қорғанысы болып табылады». Шынында да, егер клиент салымын алуға келгенде бірінші қаражат көзі  осы бап болып табылады. Ал егер клиент аяқ асты банкке несие сұрап келсе, банк оның сұранысын қанағаттандыру өз міндеті деп санайды. Әр кездерде банк бұл бап топтарын оптималды дәрежеде сақтауға тырысады. Өйткені бұл нақты ақша запасы біріншіден банктің өтімділігін көрсетеді, ал екіншіден ешқандай пайыз әкелмейді. Бұл банкте нақты ақша сомасы  2010 жылы 49 495 075 теңгені көрсеткен, ал қазір бұл сомадан 1,1 есе асып тұр, бұл банктің кассадағы нақты ақшасы оптималды дәрежеде деуге болады. Бұл банк бағалы қағаздарға инвестициясын жыл басына қарағанда азайтқан. Негізгі қаражаттары. Бүкіл активтердің жиынтығы 2010 жылы 1 971 441 914 теңгені көрсеткен, қазіргі кезде 1 993 993 880 теңгені көрсетіп тұр. Талдау соңында «БТА Банкінің» Қазақстан Республикасының нарығында көптен бері қызмет етіп келе жатқанын білеміз, сондай-ақ бұл банктің халық арасында статусының түспегенін, керісінше оның жоғарлағанын байқаймыз. Бұл банкке жағдайы жақсы деп бағалауға болады.

       Әр алуан активтердің банкке әркелкі пайда әкелетіні және олардың қатер деңгейі әр қилы болатыны белгілі. Сондықтан да банк барлық активтерді қаражат салымының мерзіміне, олардың пайдалылығы мен қатер деңгейіне қарай жіктеуі қажет. Активтерді басқарудың әдістері біршама дәрежеде тиісті кезеңде банк шешетін міндеттердің ерекшеліктерімен анықталады. Сонымен қатар, пассивтердің құрылымына қарай активтерді орналастырудағы тығыз байланыстың болуы активтерді басқарудың теориясын және оны жүзеге асыратын әдістемелерді әзірлеуді қажет етеді (ҚОСЫМША Г).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       3 БАНК БАЛАНСЫН ҚҰРУДА КЕЗДЕСЕТІН МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

 

 

       3.1 Банк балансын талдаудағы мәселелер

 

 

       Банктің меншікті капиталы экономикалық капиталдар категорияларының ішіндегі капиталдың бір түрі болып табылады. Меншікті капитал банк үшін маңызы өте зор. Себебі, банк ашу кезінде құрылтайшылар мен акционерлердің қосқан үлесінен құрылған меншікті капитал, банк қызметін ұйымдастыруға және банк қызметінің аясын кеңейту үшін бастапқы және ең маңызды көзі болып табылады. Сонымен қатар банктің меншікті капиталы банк үшін әр түрлі қорғаныс пен қызметті дамыту функцияларын да орындайды. Соның ішінде:

- Банкті қаржылық тұрақсыздықтан және шексіз тәуекелділіктерден сақтайды;

- Банкті банкротқа ұшыраудан қорғайды;

- Ағымды шығындарды жабады;

- Банкке клиенттердің сенімділігін арттырады;

- Меншікті  капитал клиенттердің  коммерциялық және тұтыну несиелерінің сұранысын қанағаттандырады және т.с.с.

        Сондықтан мемлекеттік қадағалау органдары екінші деңгейлі банктер үшін әр түрлі шектеулер қояды және де бұл шектеулердің орындалмауы туралы мәлімет алған кезде, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының қаржылық ұйымдар мен қаржылық нарықты қадағалау мен реттеу агенттігі және тағы басқа мемлекеттік қадағалау органдары әр түрлі санкциялар мен шараларды қолданады және олар салымшылар мен инвесторлардың мәртебесін қорғайды. Банк балансының тұрақтылығын сақтауға да меншікті капитал зор әсер етеді. Осыдан келе, қазіргі кездегі банк ісіндегі басты қиын мәселелерінің бірі болып саналатын – банктің меншікті капиталының жеткіліктілігін анықтау болып табылады [30].

        Одан да басқа, банктің меншікті капиталы салымшылардың өз қаржыларын банктік айналымға, соның ішінде: несиелік, факторинктік, лизинктік операциялар мен бағалы қағаздарды сатып алу және тағы басқа инвестицялық операцияларға салу кезінде күтпеген шығындардың пайда болу тәуекелдігінен қорғайды. Осыған қоса, меншікті капиталдың есебінен қаржылық резерв құрылады және бұл резервтер банктің төлем қабілетін сақтаумен қатар, шығындар пайда болған кезде банктің қалыпты жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

        Банк қызметі үнемі белгілі бір тәуекелділіктермен байланысты болады, сондықтан активтерді тәуекелділігі бойынша топтарға бөлу керек. Активтердің тәуекелділігі бойынша сыныпталуы мен олардың меншікті капиталдың көлемімен өзара байланыстылығы, банктің басқару сапасын, сонымен қатар банктің қаржылық тұрақтылығын арттыруға өз әсерін тигізеді. Банктің меншікті құралдарына салымдар көлемінің көбеюі, қаржыландырудың ең қауіпсіз формасы болып табылады деп те айтуға болады және ол жүйелік төңкерістердің болдырмауына өз ықпалын тигізеді.

        Банктің меншікті капиталы банктің несиелік ресурсы ретінде тартылған ресурстармен тығыз байланыста болып, олармен бірге айналымға қатысады. Банктің меншікті каиталы банктің тартылған ресурстарына қарағанда сенімділігі жоғары ресурс болып табылады. Активті операциялардың жүргізілуі мүмкін шығындардың пайда болуына әкеледі және олар өз кезегінде резервтердің құрылуын талап етеді. Егер де банк қызметін жүргізген кезде және оның қорытындысы бойынша банкте шығындар пайда болса, онда банк жарғылық капиталдың белгілі бір бөлігінен айырылады, ал резервтердің бар болу кезінде, жарғылық капитал резервтер есебінен толықтырылады да банк қызметінің қалыпты жұмыс атқаруына жол береді [31].

        Банктер «Резервтік талаптардың ең төменгі мөлшері» атты нормативке сай, тартылған несиелік ресурстардың бір бөлігін жеке шотта депонирлеуге міндетті. Бірақ ол банктің өтімді активтері мен актив операцияларынан алған кірісті төмендетеді, ал меншікті капиталдың есебінен құрылған резерв Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде депонирленбейді, яғни ол банктің айналым капиталының бір бөлімі ретінде саналады. Бірақ оның жарғылық капиталға қатынасы, оның депонирленген тартылған ресурстардың қатынасынан кем болмауы керек.

        Осыдан келе, банктің меншікті капиталы бір жағынан тәуекелділігі бойынша өлшенетін активтерді анықтау құралы ретінде, екінші жағынан қаржылық шығындарды жабу үшін жинақталған қаржылар құралы ретінде де деп айтуға болады. Банкке жататын тәуекелділігі бойынша топтастырылған активтердің жалпы сомасы мен айналымдағы банктің меншікті қаржылардың сомасының арасындағы айырма, банктің төлемділік қабілетін көрсетеді.

       Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды қадағалау және реттеу агенттігімен қоятын пруденциялдық нормативтер туралы ережесіне сәйкес, банктің активтеріне баға беру үшін, оларды тәуекелділігі бойынша топтастырады. Тәуекелділігі бойынша топтастырылған активтердің коэффициенті Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі корреспонденттік шоттағы қаржылар 0-ден бастап, мерзімінде төленбеген қарыз 100-ге дейін процент түрінде көрсетілген.

        Топтастырылған активтер банктің меншікті қаражаттарымен салыстырылады. Активтерді топқа бөлу, тәуекелділік деңгейінің, банк қызметінің қатерлі жағдайларға ұшырау қауіптілігімен мінезделеді. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен бекітілген меншікті капиталдың жеткіліктілігінің төмен нормативтік деңгейінің себебінен, соңғы кездері қаржылық тұрақтылығы төмен банктік ұйымдардың қалыптасуына әкеп соқты.

        Банк қызметін қадағалау жүйесінде ағымды, есеп айырысу, депозиттік шоттардағы қалдықтар бойынша міндеттемелерді орындау үшін, өтімділігі жоғары активтер көлемінің жеткіліктілігін сақтаудың маңызы өте зор. Олардың ішіндегі маңыздысы болып табылатын: олардың орындалуының нәтижесінен банктің корреспонденттік шотына қаржылар түсуімен байланысты операциялар болып табылады. Себебі, бұдан ең алдымен банктің мерзімінде және толығымен өз міндеттемелерін орындау мүмкіншілігі тәуелді [32].

       Меншікті капиталдың негізгі қиыншылықтарының бірі – меншікті капиталдың жеткіліктілігін сақтау болып табылады. Оны 3 әдіспен шешуге болады:

1. Әрбір кезең арқылы капиталдың мөлшерін ұлғайту;

2. Жалпы активтердің соммасын қысқарту;

3. Тәуекелділігі   жоғары   салымдардың көлемін қысқарту арқылы активтер құрылымын өзгерту.       

        Резерв капиталының болмауы немесе оның жетіспеушілігі, банктің тартылған ресурстардың көп бөлігін мерзімді төлемдерді өтеу мақсатында, оларды өтімді активтер ретінде қолдануға мәжбүр етеді. Осыдан келе, банктің несиелер бойынша проценттік кірістермен қатар, кірістердің жалпы сомасы азайып, капиталдандыру мүмкіншілігі кемиді.

        Халықаралық тәжірибеге келетін болсақ, банк өтімділігінің көрсеткіштері, актив операцияларының қолдану мүмкіншілігі мен міндеттемелердің және олардың өтеу мерзімін есепке ала отырып, арасындағы нормативтік қатынастар ретінде көрсетіледі.

        Банктің заңды және жеке тұлғалардың тартылған бос ақша қаражаттарының мөлшерін анықтау үшін, банктің тартылған қаржыларын банктің меншікті капиталымен салыстырамыз. Оның маңызы өте зор. Себебі, заңды және жеке тұлғалардың тартылған бос ақша қаражаттары, банктің активті операциялары мен инвестициялық қызметтің негізгі көзі болып табылады.

       Банктің тартылған ресурстардың оңтайлы үлес салмағы, банктің меншікті қаржылары мен тәуекелділігі бойынша салмақталған активтердің арасындағы қатынасы ретінде меншікті капиталдың жеткілікті нормативі арқылы қадағаланады.

       Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережелерін қалыптастырды. Олардың ішінен алты негізгі әдісті бөліп қарастыруға болады: 

1) көлденең талдау;                                                                                                                 

2) тікелей талдау;                                                                                                                     

3) трендтік талдау;                                                                                                               

4) салыстырмалы талдау;                                                                                                      

5) факторлық талдау;                                                                                                                   

6) қаржылық коэффициенттер әдісі.                                                                   

       Көлденең (уақытша) талдау есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңімен салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік есептің түрлі баптарының абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға мүмкіндік береді.                                                                                                                 

       Тікелей (кұрылымдық) талдау әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің құрылымын анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлімдері бойынша қорытынды көрсеткіштегі жеке баптардың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік береді. Тікелей және көлденең талдаулар бірін-бірі толықтырып отырады. Сондықтан да есептік  бухгалтер үлгі құрылымы секілді оның  жеке  көрсеткіштерінің динамикасын да сипаттайтын кестелерді жиі жасайды.                                          

       Трендтік талдаубарлық көрсеткіштер 100% деп алынатын базистік жыл деңгейінен бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын есептеуге негізделеді. Басқаша айтқанда, трендтік талдау әрбір есеп позициясын бір қатар өткен кезеңдермен салыстыруды және трендті, яғни жеке кезеңдердің дербес ерекшеліктері мен кездейсоқ әсерлерінен тазартылған көрсеткіш негізгі тенденциясын анықтауды көрсетеді. Трендтің көмегімен болашақтағы көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы қалыптасады, одан кейін перспективті, болжамдық талдау жүргізіледі.                                                                                                                  

       Қаржылық талдаудың   нарықтық экономика жағдайындағы көбірек таралған әдісі әр түрлі қаржылық коэффициенттерді пайдалану болып табылады. Коэффициенттер салыстырмалы шамалар болып табылады, оларды есептеу кезінде шамалардың біреуі бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынас ретінде көрсетеді. Қаржылық коэффициентерді есептеу баланстың жеке баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген. Олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база болып табылады және де олар талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын құбылыстарды ашуға мүмкіндік беретін екі шаманың арасындағы өзара математикалық қатынастарды көрсетеді.                                                               

       Салыстырмалы (кеңістіктік) талдау бұл банктердің, еншілес ұйымдардың, бөлімшелердің жекелеген көрсеткіштері бойынша есебінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай-ақ берілген банктің көрсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы экономикалық мәліметтері бар бәсекелес банктер көрсеткіштерімен салыстырғандағы талдау болып тыбалады.                                                                                                              

       Факторлық талдау бұл жекелеген факторлардың (себептердің) қорытынды көрсеткішке тигізетін әсерін зерттеудің детерминдік (анықтау) немесе реттелмеген тәсілдері көмегімен талдау. Сонымен қатар факторлық талдау қорытынды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жіктегенде тура, ал оның жеке элементтерін жалпы қорытынды керсеткішке біріктіргенде ол кері (синтез) болуы мүмкін.                                                                                            

       Жоғарыда көрсетілген әдістермен қатар, қаржылық жағдайды талдауда экономикалық (элиминирлеу, баланстық үйлесу және тағы басқа), сондай-ақ экономикалық және математикалық статистиканың (топтау, орташа және салыстырмалы шама, графиктік және иңдекстік әдістер, корреляция, регрессия және тағы басқа) дәстүрлі тәсілдері қолданылады. Белгілі бір экономикалық ғылым шегінде жасалған түрлі әдістер мен тәсілдерді іскерлікпен пайдалану банктің қаржылық жағдайына терең талдау жасауға және шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығын нығайтуға, жағдайын жақсартуға байланысты ұсыныстарды дайындауға мүмкіндік береді. Жоғарыда көрсетілген талдаулар арқылы банктің қаржылық жағдайын анықтауға болады. 

        3.2 Банк балансын қабылдаудағы мәселелерді шешу

 

 

       Коммерциялық банктердің қаржы нәтижелері деген түсінік – бұл коммерциялық және банктердің барлық сфераларындағы, оның ішіндегі шаруашылық-қаржылық қызметтің  жиынтық қорытындысын қамтып көрсетеді. Қаржы нәтижелері жағымды және теріс болуы мүмкін. Яғни банк есеп беру мерзімінде өз қызметін сауатты ұйымдастыратын болса, онда ол жағымды нәтижеге ие болады. Ол дегеніміз өз шығындарының орнын толтырады және артық пайда табады. Сонымен қатар, керісінше жағдайлар да орын алып тұрады. Кейбір банктер өз қызметі нәтижесінде зиян шегуі де мүмкін. Мұнда банк шығындары банк табыстарынан асып кетеді.  Дегенмен де, егер банк табысты болса, онда осы банктің табыстары есебінен оның барлық операциялық, әкімшілік басқаруды қоса алғандағы шығындары жабылады, банктің пайдасы құрылады, пассивті және активті операциялардың дамуы мен меншік қаражаттарының көбеюі өлшемдер, яғни дивидендтер деңгейін анықтайды [33].

       Банк табыстылығы осы бағыттағы банк персоналдары қызметіндегі бағыттың мақсаттылығы, актив бөліміндегі де, пассив бөліміндегі де, баланс құрылымындағы үйлесімді қорытынды болып табылады.

       Активті және пассивті операциялар бойынша пайыздардың деңгейін болжау үшін, пайыздық маржаларды есептеу және ссудалық операциялар табыстылығындағы тенденцияларды анықтауда, шығындар мен табыстардың құрылымын ұтымды пайдалану банк табыстылығын қамтамасыз ету негізгі шарт болып табылады. Банк тәуекелділігін басқару, өтімділікті қолдау, олардың минималдылығы сөзсіз банк табыстылығының шарты болып табылады.

       Жалпы банктің қаржы нәтижелері туралы мәлімет банктің бухгалтерлік балансына тіркеме ретінде жүретін «Банктің қаржы нәтижелері туралы есеп беруі» атты  құжатында көрсетіледі. Бұл құжат банк балансымен бірге үнемі баспада жарияланады.

       Банктердің оңтайлы қаржылық нәтижелерге жету дәрежесі оларға әсер ететін әртүрлі ішкі және сыртқы мынадай факторларға байланысты: банктің географиялық мекен-жайы, оның қызмет көрсету зоналары, клиенттік базасының жеткіліктігі, бәсеке деңгейі, қаржылық нарығының даму деңгейі, аймақтағы әлеуметтік-саяси жағдайлар, мемлекеттік қолдау мен басқа да факторлардың болуы. Тағы бір көрсеткіш, ол меншікті капитал деңгейі, қаражаттарды тарту мен орналастыру көлемі, жалпы банктік шығын деңгейі мен кіріс әкелетін және кіріс әкелмейтін активтер. Шығындар мен жоғалтулар, прогрессивті технологияларды қолдану масштабтары, филиалдар жүйесі мен туынды құрылымдар кірістері, бұлар – банктің өз қызметіне және оның басқару сапасына қатысты факторлар.

       Коммерциялық банктердің қызметінің нәтижесіне әсер етуші факторлардың көптүрлілігі көпфункционалды және көп мақсатты экономикалық жүйе ретінде қарастыру қажеттігін анықтайды. Сол себептен, банк қызметінің нәтижелерін

сипаттау экономикалық көрсеткіштер жүйесімен жүргізіледі. Коммерциялық банктердің қаржылық нәтижелері көрсеткіштерін қалыптастыру алгоритмі ҚР Ұлттық банкімен бекітілген қаржылық есеп берудің арнайы формалары қолданылатын және қабылданған бухгалтерлік есеп жүйесімен анықталады. Бірақ біздің республикамыздағы банктік жүйенің қалыптасу процесі әлі аяқталмаған, қаржылық есеп беру формалары өзгеруде және олардың мазмұны жетілдірілуде. Бұл жағдай әлемдік банктік бірлестікке отандық банктердің экономикалық интеграциялануы мен есеп берулердің батыстық стандарттарға бағытталуына қажеттілігінен туындап отыр.

       Бүгінде қазақстандық коммерциялық банктермен қаржылық есеп берудің екі түрі құрастырылып жатыр, олар мазмұны, белгісі және ұсыну мерзімдері бойынша ажыратылады. Қаржылық есеп берудың негізгі түрі – ол дәстүрлі бухгалтерлік есеп беру, оған бухгалтерлік баланс пен кіріс және шығыс туралы есеп беру жатады.

       Халықаралық банк терминологиясынан өзгешелігі отандық экономикалық әдебиеттерде 2 ұғым банк балансының өтімділігі мен төлем қабілеттілігі жиі араласып кетеді. Егер алғашқыны үлкен дәрежедегі банктің өз ісі деп санайтын болсақ онда банк белгіленген қалыптар деңгейінде өзінің өтімділігін ұстап тұру тәсілдерін өзі таңдайды, ал екіншісі негізінен ұлттық банк атынан мемлекет орындайтын қызметке жатады. Сөзбе-сөз алғанда өтімділік өткізудің, сатудың, материалдық құндылықтардың ақшаға айналуының жеңілдігін білдіреді. Банк активтері олардың ақша формасына жеңіл айналушылығына қатысты өтімді немесе өтімді емес қаржы ретінде білдіреді [34].

       Баланс өтімділігі – егер банктің жағдайы актив бойынша қаржыларды тез өткізбеу есебінен пассив бойынша шұғыл міндеттемелерді жабуға мүмкіндік беретін болса баланс өтімді деп саналады. Өзінің міндеттемелерін орындау үшін банк активтерінің ақша формасына тез айналу мүмкіндігі бірқатар факторлар арқылы анықталады. Олардың ішінде қаржыларды орналастыру мерзімінің ресурстарды тарту мерзіміне сәйкес келушілігі шешуші фактор болып табылады. Мысалы, ұзақ мерзімді несие ұзақ мерзімге беріледі.

       Баланстың өтімділігіне оның активтерінің құрылымы әсерін тигізеді. Активтердің жалпы сомасындағы бірінші сыныпты өтімді қаржылардың үлесі неғұрлым көп болса, банктің өтімділігі соғұрлым жоғары болып есептеледі.                        

        Халықаралық банк тәжірибесінде кассадағы ақша ғана емес, сонымен бірге берілетін банктің басқа банктердегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттары да қолма-қол болып саналады.

       Банк өтімділігі жекелеген активті операциялардың тәуекел дәрежесіне де байланысты болады. Банк балансында тәуелді активтердің үлес салмағы неғұрлым жоғары болса, оның өтімділігі соғұрлым төмен болады. Мысалы, тәжірибеде сенімді активтерге кассадағы қолма-қол ақшаны жатқызады, ал жоғары тәуекелді салымдарға банктің ұзақ мерзімді салымдары жатқызылады.

       Банктің өзінің ақша-қаражаттарының сомасы банкке өзге көздерден тез жұмылдыру арқылы пассив бойынша міндеттемелерді уақытылы орындауға мүмкіндік беретін болса, ондай банк өтімді болып саналады. Өзінің өтімділігін

ұстап тұру мақсатында банк ақша нарығының, клиенттің, серіктестіктің қаржы жағдайының өзгеруіне байланысты күтпеген жағдайларды түзеу үшін белгілі бір өтімді резервке ие болуы қажет.

Қазақстанда тиімді қызмет ететін банк жүйесін құру мақсатында макро деңгейде, яғни ұлттық банк тарапынан және микро деңгейде коммерциялық банк тарапынан банк өтімділігін және төлем қабілеттілігін тиімді реттеу қажет. Ол үшін ҚР Ұлттық банкі «Банк және банктік қызмет туралы» заңға сәйкес коммерциялық банктердің төлем қабілеттілігін, қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында экономикалық мөлшерлемелер енгізген. Мұндағы :

1.   Жарғылық қордың минималды көлемі. Ол көлем ҚР-ның «Банк және банктік қызмет туралы» заңға сәйкес бекітіледі.

2.   Капиталдың жеткіліктілік коэффициенті. Банктің өз меншігіндегі капиталының көлемі және тәуекел деңгейі бойынша жіктелген активтер көмегімен анықталады:

 

К 1 =К  ∕ Ар                                                                                                                (2)

 

мұнда: Кбанктің өз меншігіндегі капиталы, бұл баланстың пассив бөлімінің    капитал бойынша жиыны;                   

Артәуекелді активтер. Оларға негізгі құралдар, берілген несиелер,                                                              займдар мен қаржы лизингі, бағалы қағаздарға салымдары, капиталға инвестициялары, материалдық емес активтері жатады. Оның мөлшері 0,08-ден кем   болмауы керек.

        

       Өз меншігіндегі қаражаттың жеткіліктілігінің  екінші коэффициенті:

 

К 2 =К 1 + UK / A                                                                                                      (3)             

                                                               

мұнда: К – банктің бірінші деңгейлі өз меншігіндегі капитал, оған жарғылық қор және пайда жатады;

UK – банктің акцияға инвестициясы және басқа заңды тұлғалардың субординатталған қарызы;

А – банктің балансына сәйкес барлық активтерінің соммасы.

 

       Балансты талдау банктердің өтімділігін бақылауға мүмкіндік жасайды. Баланс талдау негізіне банк басшылығы болашақта стратегиясы мен тактикасы өзгермейді.

       Банк балансының ликвидтілігі және банк ликвидтілігі. «Ликвидтілік» және төлем төлеу қабілеттігі сияқты экономикалық  терминдер экономикалық қазіргі заманғы әдебиеттерде көбінесе аралас келеді. Ликвидтілік термині латын сөзінен аударғанда «liguids» - сұйық, ағымдық, жалпы алғанда материалдық құныдылықтарды және басқа да активтерді таратудың, сатудың, олардың ақшалай қаражаттарға айналуының жеңілдігін білдіреді. Банк ликвидтілігін АҚ Қазақстан Республикасының Халық банкінен немесе корреспонденттік банктерден ұтымды баға бойынша қолма-қол қаражаттарды сатып алу қабілеттілігі ретінде анықтайды. Жалпы банк ликвидтілігі ликвидті активтерді сатуға, акцияларды, облигацияларды депозиттік және жинақ куәліктерін, басқа да қарыз мүмкіндік беру құралдарын шығарады. Төлем төлеу қабілеттігі термині біршама кең мағынада алынады, ол активтердің  жылдам таратылатын активтерге айналу мүмкіндігін ғана емес, сонымен қатар, заңды немесе жеке тұлғалардың дер кезінде және толығымен ақшалай сипаттағы саудалық, несие және басқа да операцияларға байланысты  өзінің төлем төлеу міндеттемесін орындау қабілеттігін көрсетеді. Осылайша ликвидтілік – төлем төлеу қабілеттігінің аса қажетті және міндетті шарты ретінде қатысады, бұған тек заңды немесе жеке тұлғаның өзі ғана емес, сонымен қатар белгілі бір сыртқы бақылау және қадағалау органдары бақылау жүргізеді. Ликвидтілік коммерциялық банк үшін банктің де дер кезінде пассив бойынша ақшалай формадағы міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету қабілеттігі ретінде қатысады. Банк ликвидтілігі банк балансының активтері мен пассивтерінің үйлестігімен, пассивтердің сәйкестік дәрежесімен анықталады. Банк ликвидтілігінің мөлшері баланс активтерінің жеке баптарының барлық сомаға қатынасы ретінде белгіленеді. Банк ликвидтілігі оның төлем төлеу қабілеттігінің  негізінде жатыр [35].

        Банктің ликвидтілігін анықтау үшін Ұлттық банк екі коэффициент бекіткен:

                                                 

1.      К Л 1=Ликвидті активтер / Міндеттемелер                                                    (4)

                                                   

        Ликвидті активтерге нақты ақшалар және корреспондентік шоттағы қаражаттар. Міндеттемелерге баланстық міндеттемелер бөлігінің жиыны. Бұл коэффициенттің мөлшері 0,3-тен кем болмауы керек. 

                               

2. К  Л 1 =  U / К                                                                                                        (5)

                                                      

мұнда: U – негізгі құралдар мен басқа да қаржылай емес активтерге инвестиция соммасы;

К – капитал соммасы.

 

       Төлем төлеу қабілеттігі бұл банктің қажетті мерзімде және толық сомада өзінің міндеттемесі бойынша жауап беру қабілеті ретінде түсіндіріледі. Қазіргі заманғы әдебиеттерде ликвидтілікті сипаттау үшін  екі бағыт бар: ликвидтілікті қор немесе ағым ретінде түсінуге болады. Қор – банк ликвидтілігін белгілі бір сәтке сипаттайды, оның ағымды міндеттемелер  бойынша, негізінен талап етуге дейінгі шоттар бойынша  жауап беру қабілетін білдіреді. Ағым ретінде ликвидтілік белгілі бір кезеңге немесе болашақтағы ликвидтілікті көрсетеді. Ликвидтілікті ағым ретінде қарастыратын болсақ, мұнда төмен ликвидті активтердің ликвидтілігі жоғарыларға айналуына, сонымен қатар қосымша қаражаттардың  ағымына көңіл бөлінеді. Осылайша, тек «ағым» - ликвидтілікке баға беріп қана қоймай, сонымен қатар «болжам» ликвидті қарастырамыз. Коммерциялық банктегі жиынтық ликвидтілікті бағалау үшін  стационарлық ликвидтілік (қор), ағымды ликвидтілікті (ағым) және келешек ликвидтілікті («болжам») жүйемен қарастыру керек. Ағымды ликвидтілікті қолдау үшін жеткілікті ликвидті активтер қоры бар банк міндеттемелер ағымының ликвидті активтерге салымдарды ағымынан асып түсуінің салдарынан, уақыт өте келе оны жоғалтады. Болжам-ликвидтілікті бағалау өте күрделі болып табылады, өйткені ол банктің активті операциялар тәуекелін бағалаумен байланысты. Мұндай әдісте ликвидтілікті сипаттау активтер мен пассивтер бойынша қалдықтар туралы  банктік  баланстың мәліметтерін ғана емес, сонымен қатар көптүрлі басқа да ақпараттарды ескеру керек. Банк мөлшері күн сайын бухгалтерлік балансты құрса да, олардың ликвидтілігі жүргізілмейтін.  Бір жағынан ол банк бөлімдері  мен мекемелері  деңгейінде мүмкін емес болды. Табыстылық пен ликвидтілік жағдайын жалпы мемлекеттік банк немесе құрылыс банкі бойынша табуға болатын. Басқаша алғанда бұның қажеті жоқ еді, өйткені мемлекеттік банктердің жеке бөлімдері алдында ликвидтілік пен табыстылықты қолдау мәселесі тұрмаған. Коммерциялық банк балансының ликвидтілігін анықтау, оның тәртіпке сәйкестігі, ликвидтілік коэффициенттерінің нақты мәнінің АҚ «БТА Банкі» белгімен, коэффициентпен  ауытқуын тудыратын факторларды анықтау мәселесі тұрады. Ликвидтілікті анықтайтын негізгі сапалық факторлар қатыстырылған депозиттердің түрлері, олардың қайнар көздері және тұрақтылық болып табылады. Пассивті операцияларды салыстырмалы талдау әдістерін қолдана отыра, осы операциялар көлеміндегі өзгерістерді табуға, олардың банк ликвидтілігіне әсерін анықтауға болады [36].

       Баланс ликвидтілігі мен банк ликвидтілігі туралы түсініктері арасындағы өзара байланыс келесілерді білдіреді деген қорытынды жасаймыз, яғни: біріншіден, баланс ликвидтілігі белгілі бір мерзімге банк жағдайына баға беруді түсіндіреді, баланс ликвидтігі банк ликвидтілігінің қарама бөлігі болып табылады, екіншіден, коммерциялық банк балансы банктің жиынтық ликвидтілігін есептеу үшін қолданылатын берілген талдау және жинақтау есебін қамтамасыз етуі тиіс.

       Екінші шарт сақталмаған кезде мынадай жағдай пайда болады, яғни белгілі бір кезеңге жеткілікті баланс ликвидтілігіне ие бола отыра, банк толығымен немесе жартылай ликвидті болмайды. Ликвидтілігі тәуекелдігін әдетте банкті белгілі бір сәтке жоғары бағамен қаржы сатып алуға немесе өз активтерінің құнын жоғалтуға мәжбүр етеді. Мұнда банк активтері тек сол жағдайда ликвидті болып саналады, егер де оларды  жылдам сатып жіберу мүмкін болса және егер де банк өзінің бәсекелес банктер сатып алатын бағаға тең ставка бойынша сатып ала алатын болса. Банк ликвидтілігінің дағдарысы немесе  күйзелісі  жайында сөз қылатын болсақ, онда банк жүйесіндегі дағдарысты құбылыстардың пайда болуына әсер еткен факторларды талдай отыра,  олардың үш негізгі себеп-салдар тобына бөлеміз экономикалық, саяси және әлеуметтік. Ликвидтілікке барлық коэффициенттерді қолдана отыра, жан-жақты баға беру

күрделі. Әдетте ликвидтілік коэффициенттері банк іс-әрекетіне оның инвестициялық саясатына баға беру үшін қолданылады.

       Ликвидтілік – бұл банк ісінің сенімділігі мен тұрақтылығын куәландыратын, оның маңызды сапалық сипаттамасы. Ликвидтілікті қамтамасыз ету үшін банк баланстың құрылымын құруы керек, мұнда активтер  пассивтердің талап етуі бойынша өз құнын жоғалтпай, дер кезінде ақшалай қаражаттарға айналады.

       Осылайша, активті және пассивті операциялардың  құрылымын талдау оның ликвидтілігін бағалау үшін қажетті құрамы болып табылады.   Мұнымен қатар, ликвидтілік банк табысымен  тығыз байланысты, көбінесе жоғары ликвидтілікке қол жеткізу жоғары табыспен қамтамасыз етуге қарама-қайшы болады [37].

       Банк ликвидтілігін талдаудың негізгі мақсаттары:

- банк ликвидтілігі коэффициенттерінің жүйесін толық және дұрыс есептеуді дәлелдеу;

- банк ликвидтілігінің  жағдайы туралы қорытындылар жасау;

- банк балансы ликвидтілігінің нашарлағандығын куәландыратын нақты немесе потенциалды кері тенденцияларды анықтау;

- кері тенденцияларды тудыратын факторларды талдау;

- банк  балансының ликвидтілігін  талдау  және тексеру нәтижелері бойынша банкке берілетін нұсқауларды анықтау.

       Банк балансының ликвидтілігін талдау капиталдың жеткілікті болуын талдауға, оны иммобилизациялауға, оларды жүзеге асыру бойынша активті және пассивті операцияларды зерттеуге, ссудалық және депозиттік операцияларды әртараптандыруға бағытталады.  

 

 

        3.3 Банк балансын жетілдіру жолдары

 

 

        Егер банк өзінің меншікті қаржыларын тиімді қолдана алса, онда ол олардың көмегімен банк кірісін көтеріп, салымдардың сақталуын қамтамасыз ете алады. Кіріс деңгейін арттыру үшін, банк ең алдымен өзінің меншікті қаржыларын қысқа мерзімді бағалы қағаздарға салмай, оның орнына несиелерді берумен айналысатын жағдайда, өзінің кіріс деңгейін көтере алады. Қосымша төлемділік қабілеттілігін немесе міндетті резервтердің көлемін ұлғайту қажеттілігін қанағаттындыру үшін, несиелік портфельдің немесе бағалы қағаздардың кейбір бөлігін нақты ақшаға айналымдар арқылы жетуге болады. Егер менеджер қосымша салымдарды тартумен байланысты сұранысты қанағаттандырған болса, онда ол банктің төлем қабілеттілігінің жеткілікті деңгейін сақтай отырып, тартылған салымдарды инвестициялаумен қатар, несиелерді берумен байланысты операцияларды жүзеге асыра алады. Өзінің қысқа мерзімді берешектері мен депозиттік шоттарын реттей отырып, банк өзінің   төлем   қабілеттілігін  және   кіріс   көлемінің деңгейін арттыра алады.

        Капиталдың көрсеткіштері арқылы мемлекеттік қадағалау органдар банктердің қызметін қадағалап, оларға баға бере алады. Әдетте меншікті капиталға жататын көсеткіштерге:

1. Меншікті капиталдың минималды көлемі;

2. Активтер бойынша шектеулер мен басқа банктің активтерін сатып алу шарттары кіреді;

        Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі ұзақ уақыт бойы ғылыми-зерттеу затына және банктер мен оны реттеуші ұйымдар арасындағы пікірталасқа айналып келеді.

        Банктер өздерінің активтерін арттыру үшін капиталдың төменгі мөлшерде болғанын қалайды. Ал банкті бақылаушылар, банктердің банкроттықтан аулақ болуы үшін капиталдың жеткілікті мөлшерде болуын талап етеді. Банктердің банкроттығы ондағы басқарудың нашарлығынан болуы мүмкін, себебі банкті жақсы басқарса, ол төменгі капитал нормасында жұмыс жасай алады деген пікірлер бар.

        «Капиталдың жеткіліктілігі» термині банктің жалпы тұрақтылығын және оның тәуекелге бару дәрежесін көрсетеді. Капиталдың жеткіліктілігі – бұл банк капиталының мөлшерін тәуекел дәрежелері ескерілген банк активтеріне сәйкес болуға тиісті. Сондай-ақ, коммерциялық банктер өз жұмыстарында банк капиталын шамадан тыс ұлғайтуды теріс санайды. Өйткені, ол банктің қызметіне кері әсер етуі мүмкін. Банктердің көбі акция шығара отырып, қаражат тартуға ынтасыз болып келеді. Сондықтан банк жетекшілері бір жағынан, қадағалау және бақылау ұйымдары, екінші жағынан, банк капиталы мен коммерциялық банктердің басқа да қызметіндегі параметрлер арасындағы қолайлы қатынасты табуға тырысады.

        Банктің ресурсындағы меншікті капиталдың өте төменгі үлесінде болуы да дұрыс емес. Себебі, ол банктің салым иелері алдындағы жауап беру мөлшеріне сәйкес келмейтіндігін сипаттайды [38].

        Банк меншікті капиталын ұлғайтуға негіз болатын мынадай факторларды ескеру қажет:

- Банктердің дивидендтері өнеркәсіптік кәсіпорын активтеріне қарағанда, пайыз мөлшерлемесінің өзгеруіне, қарыз алушының несиелік қабілетінің нашарлауына байланысты, олардың нарықтық құндары өзгеріп отырады;

- Банк көбіне тұрақсыз қысқа мерзімді қарыз көздеріне көңіл бөледі, бірақ олардың көбі талап етуге байланысты қайтарылып алынуы мүмкін.

       Сондықтан, кез келген саяси немесе экономикалық өмірдегі жағдайлар банктердегі ресурстардың сыртқа ағылуына себеп болуға тиіс. Бастапқыда банк капиталының активтерге қатысты қатынас 20% шамасында болса, ал қазіргі оның шамасы 12%-ды (пруденциялдық номативтердегі КII-нің мәні) құрайды.Бұл дегеніміз банк жүйесіндегі төлем қабілетінсіздік тәуекелдің уақыт өте келе арта түсетіндігін көрсетеді. Себебі, банк жүйесіндегі банктердің активтерінің сапасы әлі де болса өз деңгейінде еместігін ескерсек, онда болашақта оның орнын жабатын меншікті капитал үлесі жеткіліксіздігі байқалады.

        Демек, банк капиталының жиынтық деңгейінің жеткіліктігі банк жүйесін қолдайтын басты шарттардың біріне жатады.

        Банктердегі немесе жалпы банктік жүйедегі капитал көлемін тура анықтау қиын, бірақ жоғарыда қарастырылған қызметтердің орындалуы үшін салым иелері мен бақылаушы ұйымдардың сенуі үшін капитал жеткілікті мөлшерде болуы қажет. Қажетті капиталдың сомасы банктің тәуекел деңгейіне байланысты болуға тиіс. Мысалы, егер банктің берген несиелерінің тәуекел дәрежесі өте жоғары болса, онда банкке көп мөлшерде қорлар құруға тура келеді. Қажетті меншікті капитал мөлшерін анықтай отырып, банк алдында мынадай міндеттер тұрады: тәуекелдің артуына байланысты өз капитал мөлшерін ұлғайту қажет пе немесе тәуекел деңгейі төмен болып келетін активтерге өз қаражаттарын орналастырған тиімді ме? Осындай жағдайда банк капиталы, оның активтер сапасына, басқару сапасына, қызметіндегі саясатқа және банктің басынан кешетін тәуекелдерге тәуелді ме, жоқ па? деген балама сауал туындайды.

        Банк меншікті капиталын бағалау әдістемесі туралы сұрақ 80-ші жылдардың екінші жартысында халықаралық қаржы ұйымдарында да үлкен пікірталас туғызған болатын. Сөйтіп, 1988 жылдың Базель комитеті келісімінің шешімімімен «Халықаралық біртұтас капитал есебі және капитал стандарты туралы келісім-шарт» негізінде «Кук коэффициенті» деп аталатын капитал жеткіліктілігі нормативі іс жүзіне енгізілді. 1993 жылдан бастап күшіне енген бұл коэффициент көптеген елдердің Орталық банктерінде, біздің Қазақстан Ұлттық банкінде пруденциялдық норматив қатарында пайдаланылуда.

        Кук коэффициенті банк капиталы мен оның баланстан тыс активтері арасындағы ең төменгі шекті қатынасын бейнелейді. Мұндағы меншікті капитал екі элементті қамтиды: негізгі және қосымша капитал. Олардың жеткіліктілігіне баға беру үшін, активтер мен баланстан тыс мендеттемелердің өлшемі таңдап алынған. Мұндай тәсіл баланстан тыс операциялардың іске қосылуын қамтамасыз етуімен қатар, төменгі тәуекелді активтерге қаражаттар жұмсауды ынталандыра түседі.

        Базель келісіміне сәйкес, меншікті капиталдың жеткіліктілігін анықтайтын басты көрсеткіш ретінде, тәуекелді активтер көрсеткіші болып саналады:

                                                        

КАТ = MK /  ∑  AT                                                                                                       (6)

                                     

мұнда: КАТ - Тәуекелді активтер коэффициенті;

МК - Банктің меншікті капиталы;

AT - Тәуекелділігі бойынша топтастырылған активтердің сомасы.

 

       Базель келісіміне сәйкес, банктің капиталы екі деңгейде бөлінеді:

Бірінші деңгейлі капиталдың құрамына келесі баптар кіреді (KI):

- Тіркелген көлеміндегі төленген жарғылық капитал (шоттар: 3001, 3025 минус 3002, 3026, 3003, 3027);

- Қосымша капитал (3101 шот);

- Өткен жылдардың таза кірісінің есебінен құрылған қорлар мен резервтер, өткен жылдың таратылмаған таза кірісі;

Минус:

- Материалды емес активтер (1659 минус 1699 шот);

- Өткен жылдың шығындары (3599 шот);

- Ағымды жылдың шығындарының ағымды жылдың кірістерінен асуы;

Екінші деңгейлі капиталдың құрамына келесі баптар кіреді (КII):

- Ағымды жылда шығындардың кірістердің асуы;

- Негізгі құралдар мен бағалы қағаздарды қайта бағалау (3540,3560);

- Тәуекелділігі бойынша топтастырылған активтер сомасының 1,25% аспайтын жалпы резервтер (провизиялар) (1465,1469 шоттар);

- Бірінші деңгейлі капиталдың сомасының 50% аспайтын субординарлық қарыз (2402 шот);

        Субординарық қарыз – бұл банктің қамтамасыз етілмеген міндеті болып табылады және жазбаша куәландырылған келісім-шартқа сәйкес, банкті жою кезінде соңғы кезекте қанағаттандырылатын қарыз (қалған мүлікті акционерлер арасында таратудың алдында). Екінші деңгейлі капиталдың (КII) құрамына енетін субординарлық қарыз 5 жылдан кем емес бастапқы өтеу мерзіміне ие болуы керек. Сонымен қатар соңғы бес жылдың әрбір жылы бойынша субординарлық қарыздың бастапқы сомасының 20% көлеміндегі сома меншікті капиталдың есебінен өтеліп отырады [39].

        Қаржылық қадағалау Агенттігіннің қоятын пруденциялдық нормативтер туралы ережесіне сәйкес, банктің активтеріне баға беру үшін оларды тәуекелділігі бойынша топтастырады. Топтастырылған активтер банктің меншікті қаржыларымен салыстырылады. Банктік тәуекелділік деңгейі жоғары, орташа, төмен болып бөлінеді. Активтерді топқа бөлу тәуекелділік деңгейінің банк қызметінің қатерлі жағдайларға ұшырау қауіптілігімен мінезделеді.

Активтер тәуекелділігі бойынша бес топқа бөлінеді:

- 1 топқа – тәуекелділіктен бос активтер кіреді0

- 2 топқа – тәуекелділігі төмен активтер кіреді – 20%

- 3 топқа – тәуекелділігі жоғары активтер кіреді – 50%

- 4 топқа – тәуекелділігі өте жоғары активтер кіреді – 100%

- 5 топқа тәуекелділігі аса жоғары активтер кіреді 100, 150%

        Бұл топтасуда бір актив бірнеше топтарда кездеседі, мысалы: несиелер, дебиторлық берешектер, бағалы қағаздар, салымдар, т.б. Ол жағдай активтердің түріне, сапасына, субъектілерге, эмитенттерге, олардың рейтингтеріне, сенімділігіне байланысты. Активтерді топтастыру арқылы балансқа өзгертулер жүргізіледі, активтер тәуекелділігі бойынша өлшенеді.       

       Тәуекелділігі бойынша өлшенетін активтер банктің меншікті капиталын есептеуінде және банк капиталының жеткіліктілігін анықтау үшін қолданылады.

        Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі оның сенімділігін көрсетеді. Капитал банкке оның акционерлер алдындағы міндеттемелерін қамтамасыз ету үшін, банк салымшыларының мүддесін қорғау үшін қажет.

       Тәуекелділігі бойынша өлшенетін активтер келесі формуламен анықталады:

 

АТ = АЖТ                                                                                                                 (7)

 

мұнда: АЖ - жеке операциялар бойынша активтер;

КТ - тәуекелділік коэффициенті (деңгейі).

 

        Банк қызметінің тәуекелділігі көптеген банк операцияларына әсер етеді, мысалы: көп мөлшерде несие беруде, көп мөлшерде негізгі құралдарды сатып алуда, көп шетел валютасын сатып алу немесе сатуда, күрделі операцияларды енгізуде т.б. жағдайларда.

        Банктің меншікті капиталына баға беру үшін оның жеткіліктілігін банктік қадағалау органдардың бекіткен нормативтік талаптардың орындалуын анықтау керек:

- Біріншіден, капитал жеткіліктілігін көрсететін оның минималдық мөлшерінің орындалуы анықталады;

- Екіншіден, капитал жеткіліктілігін мінездейтін коэффициенттер мен көрсеткіштер анықталады.

- Келесіде, капитал жеткіліктілігін мінездейтін пруденциялдық нормативтер орындалуы анықталады олар КI және КII коэффициенттері.

       Пруденциялдық нормативтер туралы ережесіне сәйкес меншікті капитал келесі формуламен анықталады:

 

МК = КI + КII – ИК                                                                                                   (8)

 

мұнда: КI – бірінші деңгейлі капитал;

КII – екінші деңгейлі капитал;

ИКбасқа заңды тұлғалардың капиталына инвестиция және субординарлық қарыздары (сатып алынған акциялар мен субординарлық қарыздар).

 

        Ескерту: меншікті капиталдың анықталуында екінші деңгейлі капитал бірінші деңгейлі капиталдың мөлшерінде ғана қосылады.

        Капиталды екі деңгейге бөліп, оның компоненттерінің сенімділігін анықтауға болады:

КI – сенімділігі жоғары, негізгі көздер;

КII – сенімділігі төмен көздер.

       Талдау барысында олардың өзгеру динамикасын бағалап, өсу қарқынына мінездеме беру керек.

       КI келесідей есептеледі:

1. Төленген жарғылық капитал  (банк сатып   алған өз   акцияларының алып тастауымен):

2. Қосымша капитал;

3. Резервтік капитал;

4. Өткен жылдың таратылмаған таза кірісінен пайда болған қорлар;

5. Өткен жылдың таратылмаған таза кірісі.

Алу (-):

1. Материалдық   емес активтер (банктің   негізгі  қызметіне қолданылатын лицензияланған бағдарламалық қамтулардың алып тастауымен);

2. Өткен жылдың зияндары;

3. Ағымды жылдың   зияндары (немесе   ағымды   жылдағы   шығындардың кірістерден артуы).

       КII келесідей есептеледі:

1. Банктің  ағымды жылының  таза   кірісі (немесе ағымды жылдағы кірістердің шығындардан артуы);

2. Негізгі құралдар мен бағалы қағаздардың қайта бағалауы бойынша резервтер.

 

        Капитал жеткіліктілігін мінездейтін k1 және k2 коэффициенттері келесідей анықталады: k1 бірінші деңгейлі капитал мен меншікті капиталдың есебіне кірген екінші деңгейлі капиталдың жалпы сомасынан алынған бірінші деңгейлі капиталдың мөлшерінде алынған банк инвестициясына кемітілген бірінші деңгейлі капиталды бірінші деңгейлі капитал мен меншікті капиталдың есебіне кірген екінші деңгейлі жалпы сомасынан алынған бірінші деңгейлі капиталдың мөлшерінде алынған банк инвестициясына кемітілген активтерге сәйкестендіру арқылы анықталады.

 

          КІ – ИК * КІ / (КІ + КІІ)

k1 = ————————————                                                                             (9)

           А – ИК * КІ / (КІ + КІІ)

 

Ескертпе: k1 коэффициентінің мағынасы 0,06 (6%)-дан кем болмауы керек.

      

       k2 банктің меншікті капиталын арнайы резервтерге, тағы да екінші деңгейлі капиталдың құрамына кірмеген жалпы және банктің меншікті капиталының есебіне кірмеген екінші деңгейлі капиталға кемітілген тәуекелділігі бойынша өлшенген активтер мен шартты міндеттемелерге сәйкестендіру арқылы анықталады:

 

                          МК

k2 = ————————————                                                                           (10)

         А – Па – Пж (б) – КІІ (б)

 

Ескертпе: k2 коэффициентінің мағынасы 0,12 (12%)-дан кем болмауы керек.

       

       Капитал жеткіліктілігін мінездейтін нормативтік талаптардың орындалуын бағалап, капитал құрамының үлесіне, олардың динамикасына көңіл аудару керек. Келесіде капитал жеткіліктілігіне талдау CAMEL (рейтинг жүйесі) және BOSS (дистанциялық банктік қадағалау жүйесі) арқылы жүргізіледі. CAMEL және BOSS ДБҚЖ-інде капитал жеткіліктілігін мінездейді келесі көрсеткіштер бар:

 

1. К = Дивиденд / Таза кіріс                                                                                   (11)

 

2. К = Қайта бағалауы бойынша резервтер / МК                                                 (12)

 

мұндағы: МК – меншікті капитал

 

3. К = Сыныпталатын активтер / МК (немесе КІ)                                                (13)

 

        Сыныпталатын активтер дегеніміз – үмітсіз және күмәнді активтердің сомасы, яғни сенімділігі төмен, банкке зияндар және қауіп әкелетін несиелер, дебиторлық берешектер, бағалы қағаздар, басқа банктердің корреспонденттік шотындағы қаржылар және басқа банктерге салымдар.

 

4. К = Таза кіріс / МК                                                                                              (14)

 

       Өтімділік және табыстылықты қамтамасыз етудің әдістемелік тұрғысынан коммерциялық банктің активі мен пассивін теңгерімді басқару жүйесін қалыптастыруға және сондай-ақ проблемалық активтерді басқарудың үлгісін жасауға байланысты болып келеді.

       Банктік тәжірибеде банктің активі және пассивін басқару бірқатар әдістер арқылы жүзеге асырылады. Ең бастысы «қаражаттардың ортақ қоры» әдісі арқылы басқару. Бұл әдістің негізіне барлық ресурстарды біріктіру идеясы жатыр. Сосын жинақ қаражаттар сай келетін активтердің (ссудалар, үкіметтің бағалы қағаздары, кассалық қолма-қолдылық және т.б.) кейбір түрлерінің арасында бөлінеді. Аталған әдіс отандық банктер тәжірибесінде осы күнге дейін қолданылып келген әдіске жатады. Бұл әдістің кемшілігі мұнда активтердің санаттары бойынша қаражаттарды бөлу үшін нақты критерийлер жоқ және бұл әдіс «өтімділік – табыстылық» дилеммасын шеше алмайды [40].

       Соңғы кездері коммерциялық банктердің активтері мен пассивтерін басқаруда бастысы өтімділікті басқаруға басты мән бере бастағаны белгілі. Коммерциялық банктер өтімділікті қолдау мақсатында қаражаттарының бір бөлігін өтімді активтерге орналастырса, екінші бөлігін пайда табу мақсатында табысты активтерге орналастыруға тырысады. Бұл жерде табысты активтерді қайтарудың тәуекелмен байланыстылығын ескерсек, онда оңтайлы шамадан артық өтімді активтерді ұстау өз кезегінде банктің табыстылығын азайтып, банктің құнына теріс әсер етеді.

       Келесі «конверсиондық әдіс» бұл бос ақша қаражаттарын тарту көздерінің көп түрлілігіне негізделеді. Әрбір қаражат көзі жеке қарастырылады және оларды мерзіміне қарай активтермен сәйкестендіру қажет. «Конверсиондық әдісті» біздің ойымызша, «қор қаражаттарын теңгерімді басқару әдісі» деп атауға  болады. Себебі  аталған әдіске сәйкес әр түрлі көздерден тартылған қаражаттарды орналастыру үшін пайдаланатын «табыстылық – өтімділіктің» орталары анықталады. «Қорды басқарудың теңгерімділік» әдісінің алдыңғы «қаражаттардың ортақ қоры»  әдісінен артықшылығы, өтімділігі жоғары активтердің үлесін дәлірек анықтауға және қосымша ресурстарды мүмкіндігінше жоғары өтімді активтерге салуға мүмкіндік береді. Бұл әдістің басты артықшылығы, сондай-ақ банк табыстылығына қол жеткізу болып табылады. Активті және пассивті операциялар арасындағы теңгерімділікті ұстау теориясында банктің өтімділігі жүз пайызды қамтамасыз етілер еді деген көзқарас бар [41].      

       Біздің ойымызша, тек активтер немесе пассивтер есебінен өтімділікті қолдап отыру, банктің алдына қойған мақсатына қол жеткізуге әрдайым мүмкіндік бермейді. Осы жерде банктердің балансының өтімділігін басқарудың қарапайым үлгісін жасау қажеттігі туындайтыны сөзсіз. Жоғарыдағы қарастырылған әдістерді негізге ала отырып, біздің ойымызша, баланстың өтімділігін қамтамасыз етудің қарапайым үлгісі келесі суреттегідей қатынасты бейнелеуге тиіс.

 

 

 

 

 

Өтімді активтер

 

 

Тұрақсыз

пассивтер

 

Таза өтімді активтер

 

 

Тұрақты

пассивтер

 

Өтімсіз активтер

 

 

 

Сурет 3. Банк балансының өтімділігінің үлгісі

 

Ескертпе – автормен әзірленген

 

       Бұл әдіс бойынша баланстың өтімділігін талдауда барлық активтерді екі топқа бөлеміз: өтімді және өтімсіз. Соған сәйкес банктің пассивтерін де екі топқа бөлу қажет: тұрақты және тұрақсыз. Бұл жерде банктің өтімді активтері мен тұрақсыз пассивтерін өзара салыстыру арқылы таза өтімді Гэп-ті анықтауға болады. Бұл әдістің негізгі мақсаты банктің балансының өтімді активтері мен тұрақсыз пассивтері арасындағы алшақтықты (Гэп-ті) айқындау болып табылады [42].

       Сонымен қатар, біздің ойымызша, бұл ұсынылып отырған «таза өтімді активтердің» үлгісі банк балансының активтері мен пассивтері арасындағы теңгерімсіздікті басқаруға мүмкіндік жасайды.

       Бүгінгі қазақстандық банктердің өтімділік мәселесі біздің ойымызша проблемалық активтерді басқарумен байланысты болып отырғаны жасырын емес. Отандық банктік тәжірибеде проблемалық несиелермен жұмыс бөлімі болғанымен жалпы проблемалық активтерді басқарумен айналысатын құрылым жоқ. Сондықтан,  біздің ойымызша ондай өлімше қазіргі кезде аса қажет [43].

       Біздің ұсынуымызша ПАББ-тің типтік құрылымы және аталған бөлімшенің функционалдық байланыстары келесі суреттегідей болғаны дұрыс.

 

 

                                                                                          Банк басқармасы

                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                         

Сурет 5. Проблемалық активтерді басқару бөлімшесінің құрылымы және негізгі функционалдық байланыстарының ұсынылған үлгісі

 

Ескертпе – автормен әзірленген

 

       «Проблемалық активтерді басқару бөлімшесі» (ПАББ) бұл кез келген банктің проблемалық активтерін басқарумен тікелей айналысатын өкілетті ұйым болып табылуға тиіс. ПАББ-тің өзінің типтік міндеттеріне байланысты, оның атқаруға тиісті мынадай қызметтерін бөліп қарастыруға болады:

1. бөлімшенің қарауында болатын проблемалық активтер бойынша қарыздарды қайтару жұмыстарымен байланысты кешенді шараларды жүзеге асыру;

2. өзге бөлімшелермен бірлесе отырып, проблемалық қарыздарды қайтаруға байланысты жұмыстарды ұйымдастыру және өзінің құзіретіне қарай банктің жоғарғы коллегиялық ұйымдарына арналған сараптамалық қорытынды даярлау;

3. бөлімшенің қарауында есепке алынатын қарыздарды қайтаруға байланысты

туындайтын зияндардың орнын жабуға арналған резервтермен есеп айырысуды, есептеуді және бақылау қоюды жүзеге асыру.

4. проблемалық активтермен жұмыс жасауға қатыстырылатын банктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне бақылау жасау және есепке алуды ұйымдастыру;

5. активтердің проблемалық топқа ауысу кезеңінен бастап, олардан нақты нәтиже шыққанша жұмыс жүргізу.

       Оның болуы мүмкін құрамын қарастырамыз:

1.  Бөлімшенің жетекшісі – банктің жұмысында тәжірибесі көп, жүйелі ойлауға қабілетті, бас ұйымдастырушы;

2. Экономикалық білімі бар маман проблемалық активтерді есепке алып, есептік құжаттарын жасайды, резервтерді құрады, ПАББ-нің жұмысының нәтижелерін жоспарлайды және болжайды.

3. Бухгалтерлік білімі бар маман банктің бухгалтерлік есебін жетік білуге және бөлімшенің ұсынған проблемалық активтермен жұмысының сызбасының үлгісін жасай білуі тиіс. Мұндай маманның басты артықшылықтары ретінде оның кәсіпорынның бухгалтерлік есебін білуі, себебі қарызды қайтару сызбасын іске асыру қарыз алушы-кәсіпорынның қызметін талдайды және есебін жүргізеді [44].

4. Несие бойынша маман несиелеу тәжірибесін жетік білуге, банктің нормативтік материалдарын, экономиканың өнеркәсіптік секторының қызметінің ерекшеліктерін және күрделі қаржыландыру сызбасын құра білуге тиіс.

5. Салық саласының маманы тек қана банктік емес корпоративтік секторға салық салу тәжірибесі мен заңдылықтарын білуге, сондай-ақ банктің ішкі аудит қызметімен өзара байланысты болуы тиіс.

6. Арбитраждық білімі бар заңгер банктің атынан арбитраждық сотта банктің мүдделерін қорғай білуі және банктің заң қызметімен тікелей байланыста болуы қажет.

7. Қауіпсіздік мәселелері бойынша маман банктің қауіпсіздік қызметі мен мемлекеттік билік ұйымдарының құқық қызметкерлерімен өзара қарым-қатынаста болуға тиіс.

8. Филиалдар бойынша маман бактің құрылымдық бөлімшелерінің экономикалық-қаржылық жағдайын жетік білуге, олардың өңірлердегі қызмет ету ерекшеліктерін, әлсіз және күшті жақтарынан хабардар болуы тиіс.

9. Техника саласының маманы есептеуіш техника, бағдарламалау және байланыс құралдары бойынша кез келген мәселелерді білуі қажет.

       Қорыта айтқанда, кейбір банктер бастапқыда мұндай жаңа бөлімшенің басқару құрылымында болуын бәсекелестік тұрғыдан қаламауы мүмкін. Бірақ та уақыт өте келе ондай құрылымының қызметінің тиімділігіне көздері жететініне күмән келтіруге болмайды. Қазақстандық банктерінің активтерінің бүгінгі жағдайы немесе сапасы ПАББ сияқты активтерді, оның ішінде жіктелетін (проблемалық) активтерді жаңаша басқару бөлімшесінің құрылуын қажет етіп отырғаны сөзсіз [45].

       Қазіргі заманға сай банктердің активі мен пассивін басқаруды жетілдіруге байланысты жүргізілген зерттеу мынадай ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді:

1. Банктің бәсекелестігіне және нарықтағы    ұстанымдарына  қарай топтастырылған екінші деңгейдегі банктердің капиталына жасаған талдаулардан, капитал деңгейін өтімділік тұрғысынан жетілдіру мақсатында мынадай ұсыныстар жасалды: біріншіден, банктердің меншікті капиталдарының жеткіліктігі коэффициенттерін кемінде екі есеге көтеру; екіншіден, капитал деңгейін ұлғайту мақсатында шығарылатын акциялардың орналастырылуына мемлекет тарапынан қолдаулар көрсету; үшіншіден, капиталы өте төмен банктердің өзара бірігуі немесе қайта ұйымдастырылуы шараларын қарастыру.

2. Екінші деңгейдегі банктердің пассивтеріне жасалған талдау барысында депозиттік емес ресурстардың үлесі, соның ішінде сырттан тартқан қарыздардың үлесі банктердің бірінші және екінші тобында жоғары көрсеткішке ие екендігі анықталды. Талдау нәтижесінде банк активтерінің жартысына жуық бөлігін сырттан тартқан ресурстар есебінен қамтамасыз етілгендігі белгілі болды. Біздің ойымызша, олардың сырттан қаражат тартуларына реттеуші ұйымдар тарапынан нормативтік тұрғыдан шектеулер қою қажет.

3. Банк балансын теңгерімді басқару арқылы оның өтімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін өтімділікті басқарудың үлгісі ұсынылды. Активтер мен пассивтерді теңгерімді басқару негізінде өтімділікті басқару біршама тиімді әдістерінің бірі саналады. Осы жерде банктердің балансының өтімділігін басқарудың қарапайым үлгісін жасау қажеттігі туындайтыны сөзсіз. Баланстың өтімділігін талдауда барлық активтерді екі топқа бөлеміз: өтімді және өтімсіз. Соған сәйкес банктің пассивтерін де екі топқа бөлу қажет: тұрақты және тұрақсыз. Бұл жерде банктің өтімді активтері мен тұрақсыз пассивтерін өзара салыстыру арқылы таза өтімді Гэп-ті анықтауға болады. Бұл әдістің мәні, яғни банктің балансының өтімді активтері мен тұрақсыз пассивтері арасындағы алшақтықты айқындау болып табылады.

4. Екінші деңгейдегі банктердің активтері мен пассивтерін басқару жүйесінің жаңа құрылымдық элементтерінің бірі ретінде «Проблемалық активтер комитетін» құру қажеттігі негізделіп, оның өзге бөлімшелермен өзара байланысының сызбасы жасалды. Банктерде ПАББ жұмысының сызбасын әр түрлі жасауға болатыны белгілі.

      

      

 

 

 

 

 

 

 

       ҚОРЫТЫНДЫ

 

       Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының банктері және банктік операциялары жақсы дамып келе жатыр. Банктердің дамуының жақсаруы, оның құрылатын балансының жақсаруына да әкеледі деуге болады. Сонымен, осы дипломдық жұмыста банк балансын құру қағидалары және талдау әдістері анықталды. Жоғарыда көрсетілгендей баланс бұл банктің операцияларына бақылау жүргізетін және есеп беру құралы ретінде қолданылады. Баланс арқылы банктің дәрежесін, қаржы нарығындағы орнын көруге болады, сонымен қатар банктің күнделікті жағдайын біліп отыруға мүмкіндік береді. Баланс арқылы банктің кез келген уақытта жүргізілген операциялардан түскен кірістері мен шығындарды көруге болады.

       Есеп беру жұмысының нәтижелері бойынша келесідей қорытындыларға келуге болады: «БТА Банк» АҚ – тұрақты экономикалық өсуге, отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға, банктік секторды одан әрі дамытуға және оның халықаралық қаржы нарығына интеграциялауына қол жеткізу үшін қолайлы макроэкономикалық жағдай туғызады.

       «БТА Банк» АҚ – Қазақстанның жүйе құрушы банкі, ТМД елдеріндегі банк желісін құруда лидер болып табылады. «БТА Банк» АҚ активтері мен меншікті капиталы бойынша Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктер арасында көшбасшылар қатарына бекем орнықты.

       «БТА Банк» АҚ жұмысының басты бағыты – Қазақстандағы әртүрлі саладағы заңды тұлғаларға (шаруашылық субъектілерге) қызмет көрсету. Банк клиенттеріне қызметтің бірнеше түрлерін ұсынады.

       Осы дипломдық жұмысты қорытындылай келе, банктердің балансының сипаттамасын, құрылымын оқып білуге болады. Бұл дипломдық жұмыста баланстың жеделдігін көрсетеді және де баланстың банк қызметіне тигізетін маңызын байқауға болады, ұлттық банктің және Екінші деңгейлі банктердің шот жоспарының құрылымы қарастырылған. Бұл екі банктің баланысының құрылымында аса зор өзгешелігі жоқ деп айтсақ та болады. 2003 жылдың маусымында Екінші деңгейлі банктердің балансына өзгерістер енгізілген. Банктің балансы, сонымен қатар ағымды активтердің, міндеттемелердің және басқа да деректердің, баптардың өзгеруі, олардың қорытынды соммаларын баланста ашып көрсетілуі қаржы есептілігінің басқа нысандарын жасауға көмектесетін ақпараттарды береді. Мысалы:

- Ақша қозғалысы туралы есепте операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтерден алынған таза ақшаны көрсету;

- Кірістер мен шығындар туралы есепте есепті кезең үшін таза кірісті көрсету;

- Меншікті капиталдың қозғалысы туралы есепте меншікті капиталдың есепті кезеңдегі өзгерісін көрсету.

       Банктің балансы коммерциялық банктердің  ресурстар жағдайын ақша түрінде мінездейді, олардың қалыптасу көздерін  және пайдалану бағыттарын, банк қызметтерінің қаржы нәтижелерін көрсету. Банктің бухгалтерлік балансы есеп жүргізудің негізгі құжатты болып табылады. Баланс мәліметтерінің талдауы белгілі мезгіл бойынша банк қызметінің құрылымдық көрсеткіштерін көрсетеді. Баланс талдауы нақты өзіндік ақшалардың бар болуын көрсетуі, ресурстар көздерінің құрылымында өзгерістерін, активтердің құрамын көрсетуі және т.б. Бұдан басқа баланс негізінде коммерциялау банктің өркендеу, өсу, даму мүмкіндіктері туралы мәлімет алуға болады. Коммерциялық банктер заң бойынша жылдық бухгалтерлік баланс мәліметтерін және пайдалар мен шығындар  шоттарын көпшілікке жария жасау  қажет.

       Дипломдық жұмыс «БТА Банк» АҚ мысалында жазылған. Зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша, жалпы «БТА Банк» АҚ-ң ағымдағы баланс жағдайы тұрақты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1               ҚР «ҚР-ғы Ұлттық банк туралы» заңы 30,031995ж.

2               ҚР «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» заңы 31.08.1995 ж.

3               2002 жылғы 3-маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының №213 Қаулысымен     бекітілген «Екінші деңгейлі банктерге арналған пруденциялық нормативтер туралы» ереже.

4               Ұлттық банк Басқармасының 2002 жылы 16-қаршадағы №465 Қаулысымен бекітілген «Активтердің, шартты міндеттемелердің жіктелуі және оларды күмәнді және үмітсіз санаттарға жатқыза отырып, оларға қарсы провизиялар құру» туралы ережесі.

5               «Бухгалтер Бюллетені» № 4-5 (ст. 30 – «Бухгалтерлік баланс» қосымшасы) «Excellent» ТАК мамандары, Алматы қаласы, 2004 ж.

6               Банковский учт в РК: ученик: В , 2002 г.

7               «Банктегі Бухгалтерлік Есеп және Есеп беру» авторы: Қалғұлова Р.Ж. Гумар Н.А. Алматы 2004 ж.

8               Банковское дело. Учебник. / Под ред. Сейткасымова Г.С.— Алматы: Қаржы-қаражат, 1998.

9               Банковское дело. Учебник /Под ред. О.И.Лаврушина – М: ФиС, 2000-576 с.

10          Балабанова В.И. «Банки и банковское дело», Москва: Банки и биржа, 2001 г.

11          Банковское дело (учебное пособие) – Алматы, Қазақ университеті, 2006. – 190 б.

12          Б.Бекбенбетова. Менеджмент в банковской системе. Учебное пособие. Тараз:ТарГу, 2003 – 107с.

13          Бименова А.Ә. «Банктегі бухгалтерлік есеп», 2006 ж.

14          «Бухгалтерлік есеп және Банк есебі» Сейтқасымова Г.С. «Баланс банка и схема построение» Алматы 2000 ж.

15          Балансоведение: Учебное пособие для вузов, 2004 г.

16          Искакова З.Д. Банк ісі: оқу құралы. Қарағанды, 2006 ж.

17          «Қазақстан Республикасындағы Банк есебі» Мыржақыпова С.Т. «Раскрытие Баланса», Алматы, 2002 ж.

18          Қалғұлова Р.Ж. «Екінші деңгейлі банктегі бухгалтерлік есеп» Алматы 2005 ж.

19          Ковалева В.В. Финансовый анализ: методы и процедуры М Финансы и статистика, 2001 стр.560

20          Ковалев В.В. «Финансовый анализ» М, 1998г.

21          К.Ш. Дюсембаев. Аудит и анализ финансовой отчетности.

22          К.Ш. Дюсенбаев. Аудит и анализ в системе управления финансами.

23          Мақыш С.Б. Коммерциялық банктердің активі мен пассивін басқару теориясы, әдістемесі және тәжірибесі, автореферат, А., 2008 ж.

24          Мақыш С.Б.  Банк ісі. – Алматы, 2009. – 551 б.

25          Мақыш С.Б., Ілиясов А.Ә., Банк ісі. Оқу құралы. – Алматы. Қазақ университеті, 2004 ж.

26          Мыржақыпова С.Т. Банктегі бухгалтерлік учет, А., 2006 ж.

27          Стандарты Бухгалтерского учета. Национальная комиссия РК. Алматы, 1996г.

28          Стандарты бухгалтерского учета Алматы 1998г.

29          Финансовый анализ в коммерческом банке / А.Д.Шеремет, Г.Н.Щербакова.- М.: Финансы и статистика, 2001. – 256 с.

30          Ф.Б. Риполь. Финансовый и управленческий анализ. М, 1998 г.

31          Хамитов Н.Н. Банк ісі. Алматы: Экономика, 2006 ж.

32          Эрик Хелферт. Техника финансового анализа. М, 1996г.

33          Артеминко В.Г. Беллендир М.В. «Финансовый анализ» -.: «ДИС», 1997 г.

34          Бочаров В.В. финансовый анализ. - Сиб: Питер, 2001 стр240

35          Банктің меншікті капиталын басқару // ҚазҰУ хабаршысы. Экономикалық серия. – 2004. - №5(45).

36          Банктің активі мен пассивін тиімді басқарудың, оның бәсекелестік қабілетін арттыруға ықпалы // ҚазҰУ хабаршысы. Экономикалық серия. – 2008. - №1(65).

37          Банктің активі мен пассивін теңгерімді басқару арқылы өтімділікті қамтамасыз ету әдістері // Аль-Пари. -2008. - №1-2 (53-54).

38          Базель келісіміне сәйкес отандық банктердің операциондық тәуекелдерді басқару әдістерін жетілдіру // Туран университетінің жаршысы. – 2008. - №38(1-2).

39          ҚР екінші деңгейлі банктердің проблемалық активтерін басқару тәжірибесін жетілдіру // Қаржы-қаражат. – 2008. - №1.

40          Автореферат, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде орындалған, 2008 ж.

41          Стратегиялық басқару мен стратегиялық жоспарлаудың банк әлуетіне ықпалы //  Вестник Университета международного бизнеса. – 2008. - №3 (9).   

42          «БТА Банк» АҚ-ң жылдық есептері

43          Ресми сайттар: www.nationalbank.kz.

44          Ресми сайттар: www.bta.kz

45          Ресми сайттар: www.afn.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОСЫМШАЛАР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОСЫМША А

 

       2011 жылғы 01 қаңтардағы Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің жиынтық балансы

 

   Актив

 

 

  I  класс  -  Активтер

(мың теңгемен)

шоттар топтарының №

Шоттар топтарының атаулары

Сомасы

1000

Ақша

                      243 869 365  

1010

Тазартылған қымбат металдар

                          3 400 499  

1050

Корреспонденттік шоттар

                      616 364 929  

1100

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қойылатын талаптар

                      429 050 000  

1150

Айналысқа шыққанға дейінгі ұлттық валютаның банкноталары

 

1200

Пайда немесе шығын арқылы әділ құны бойынша ескерілетін бағалы қағаздар

                      364 790 251  

1250

Басқа банктерге орналастырылған банктің салымдары

                      556 792 466  

1300

Басқа банктерге берілген заемдар

                          7 175 460  

1320

Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген заемдар және қаржы лизингі

                        89 393 408  

1350

Банктің филиалдармен есеп айырысуы

 

1400

Банктің клиенттерге қоятын талаптары

                   6 140 726 024  

1450

Басқа да бағалы қағаздар

                      712 768 029  

1460

Бағалы қағаздармен "Кері РЕПО" операциялары

                        14 774 583  

1470

Банктің капиталға инвестициясы және реттелген борыш

                      293 223 392  

1480

Өтелгенге дейін усталатын бағалы қағаздар

                      414 568 844  

1490

Заемдар және дебиторлық берешек санатындағы басқа да борыштық құралдар

                      523 486 967  

1550

Төлемдер бойынша есеп айырысулар

                             639 684  

1600

Тауар-материалдық қорлар

                        36 285 803  

1610

Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер

                        39 454 207  

1650

Негізгі құрал-жабдықтар және материалдық емес активтер

                      241 825 454  

1700

Сыйақы алуға байланысты есептелген кірістер

                   1 056 173 027  

1790

Сыйақының және шығыстардың алдын-ала төлемдері

                        31 967 600  

1810

Есептелген комиссиялық кірістер

                        10 873 525  

1830

Мерзімі өткен комиссиялық кірістер

                          1 780 707  

1850

Банктің басқа да дебиторлары

                      162 646 124  

1880

Секьюритилендірілетін активтер

 

1890

Туынды қаржы құралдарымен операциялар

                        46 023 395  

кестенің жалғасы

Активтер жиынтығы:

 

              12 038 053 743  

Пассив

II  класс  -  Міндеттемелер

 

шоттар топтарының №

Шоттар топтарының  атаулары

Сомасы

2010

Корреспонденттік шоттар

                        95 254 687  

2020

Басқа банктердің талап ету бойынша салымдары

 

2030

Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан және ұлттық басқарушы холдингтен алынған заемдар

                        58 368 757  

2040

ХҚҰ алынған заемдар

                        76 932 280  

2050

Басқа банктерден және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан  алынған заемдар

                      514 393 186  

2110

Овернайт заемдары

                        18 487 520  

2120

Мерзімді салымдар

                      119 766 619  

2150

Филиалдармен есеп айырысулар

 

2200

Клиенттер алдындағы міндеттемелер

                   6 910 438 602  

2255

Бағалы қағаздармен  "РЕПО" операциялары

                      577 231 272  

2300

Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар

                   1 523 276 783  

2400

Реттелген борыштар

                      503 193 587  

2550

Төлемдер бойынша есеп айырысулар

                             147 076  

2700

Сыйақыны төлеуге байланысты есептелген шығыстар

                      108 368 694  

2770

Әкімшілік-шаруашылық қызмет бойынша есептелген шығыстар

                          4 537 585  

2790

Сыйақы және кірістер бойынша алдын-ала төлемдер

                        13 930 650  

2810

Есептелген комиссиялық шығыстар

                             449 252  

2830

Мерзімі өткен комиссиялық шығыстар

 

2850

Басқа кредиторлар

                      125 813 521  

2880

Секьюритилендірілетін активтер бойынша міндеттемелер

 

2890

Туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша міндеттемелер

                        64 772 394  

Міндеттемелер жиынтығы:

 

              10 715 362 465  

III  класс  -  Капитал 

3000

Банктің жарғылық капиталы

                   2 448 605 567  

3100

Қосымша капитал

                          9 319 487  

3200

Жалпы  резервтер (провизиялар)

                             227 762  

3500

Резервтік капитал және банкті қайта бағалау резервтері

-1 135 461 538  

 

 

 

кестенің жалғасы

Капитал жиынтығы:

 

                1 322 691 278  

Пассив жиынтығы:

 

              12 038 053 743  

Дерек көзі: ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОСЫМША Б

 

       «БТА Банкі» 2010 жылғы 1 қаңтардағы баланстық және баланстан тыс шоттардағы қалдықтар бойынша мәліметтер

(мың теңге)

Ақша (1000)

37 289 209

Корреспонденттік шоттар (1050)

13 836 090

Бағалы қағаздар (1200)

686 587 353

Басқа банктерге орналастырылған салымдар (1250)

63 911 835

Басқа банктерге берген заемдар (1300)

708 910

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берген заемдар мен қаржы лизингі (1320)

35 337 010

Клиенттерге талаптар (1400)

528 693 921

Капиталданған және реттелген борышқа инвестициялар (1470)

172 196 431

Өтегенге дейін ұсталынып қалатын бағалы қағаздар (1480)

42 996 692

Тауар-материалдық құндылықтар (1600)

15 309 018

Негізгі құрал-жабдықтар және материалдық емес активтер (1650)

9 605 506

Сыйақы алумен байланысты есептелген кіріс (1700)

273 014 899

Сыйақыны және шығыстарды алдын ала төлеу (1790)

11 722 440

Есептелген комиссиялық кірістер (1810)

2 944 571

Мерзімі өткен комиссиялық кірістер (1830)

1 617 009

Өзге дебиторлар (1850)

31 716 580

Туынды қаржы құралдарымен жасалған операциялар бойынша талаптар (1890)

43 954 440

Жиынтығы активтер

1 971 441 914

Корреспонденттік шоттар (2010)

288 998

Қазақстан Республикасы Үкіметінен алған заемдар (2030)

1 090 212

Басқа банктерден және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған заемдар (2050)

528 157 608

Мерзімдік салымдар (2120)

543 550

Клиенттер алдындағы міндеттемелер (2200)

1 379 527 195

Бағалы қағаздармен жасалған "РЕПО" операциялары (2255)

404 938 450

Айналымға шығарылған бағалы қағаздар (2300)

672 251 700

Реттелген борыштар (2400)

179 130 530

Сыйақы төлеумен байланысты есептелген шығыстар (2700)

94 873 159

Әкімшілік-шаруашылық қызметі бойынша есептелген шығыстар (2770)

123 876

Сыйақыларды және кірістерді алдын ала төлеу (2790)

651 208

Есептелген комиссиялық шығыстар (2810)

15 155

Басқа кредиторлар (2850)

148 268 136

Туынды қаржы құралдарымен жасалған операциялар бойынша міндеттемелер (2890)

35 475 532

Жиынтығы міндеттемелер

3 445 335 309

Жарғылық капитал (3000)

516 597 958

Қосымша капитал (3100)

165

Жалпы банктік тәуекелдерге резервтер (провизиялар) (3200)

89 275 349

Резервтік капитал және қайта бағалау  резервтері (3500)

-2 079 766 867

Жиынтығы капитал

-1 473 893 395

Корреспонденттік шоттар бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер (4050)

42 438

кестенің жалғасы

Бағалы қағаздар бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер (4200)

28 628 914

Басқа банктерге орналастырылған салымдар бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер (4250)

8 522 074

Басқа банктерге берілген заемдар бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер (4300)

284 388

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берген, немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алған заемдар  мен қаржы лизингі бойынша  сыйақы алумен байланысты кірістер(4320)

3 517 444

Банктің клиенттерге қойған талаптары бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер (4400)

124 049 757

Басқа бағалы қағаздар бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер (4450)

9 471 496

Бағалы қағаздармен жасалған "кері РЕПО" операцялары бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер (4465)

970 137

Капиталға және реттелген борышқа инвестециялар бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер (4470)

491 113

Өтелгенге дейін ұсталатын бағалы қағаздар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер (4480)

634 337

Дилинг операциялары бойынша кірістер (4500)

71 668 743

Комиссиялық кірістер (4600)

14 222 279

Қайта бағалаудан болған кірістер (4700)

33 750 299

Қайта бағалаудан болған кірістерді сату (4730)

6 973 786

Сатудан болған кірістер (4850)

404

Туынды қаржы құралдарымен жасалған операциялар бойынша кірістер (4890)

8 273 121

Тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) (4900)

2 637 410

Өзге кірістер (4920)

765 111

Резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден түскен кірістер (4950)

1 228 888 895

Салыққа дейін кіріс (4999)

1 543 792 146

Жиынтығы кірістер

3087584292

Корреспонденттік шоттар бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар (5020)

9 891

ҚР Үкіметінен және жергілікті өкіметі органдарынан алған заемдар бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар (5030)

75 150

Басқа банктерден алған заемдар бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар (5050)

19 097 736

Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алған заемдар бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар (5060)

5 396 898

Сыйақы төлеумен байланысты басқа шығыстар (5090)

3 180 563

Басқа банктердің салымдары бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар (5120)

227 920

Клиенттер талаптары бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар (5200)

100 788 530

Бағалы қағаздармен жасалған "РЕПО" операциялары бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар (5250)

23 619 811

Бағалы қағаздар бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар (5300)

47 556 338

кестенің жалғасы

Реттелген борыш бойынша сыйақы төлеумен байланысты  шығыстар (5400)

19 042 123

Қамтамасыз етуге қаржы бөлу (5450)

3 172 750 390

Дилинг операциялары бойынша шығыстар (5500)

113 550 955

Комиссиялық шығыстар (5600)

3 449 282

Қайта бағалаудан болған шығыстар (5700)

72 954 676

Еңбекақы төлеу және міндетті аударымдар бойынша шығыстар (5720)

12 492 824

Іске асырылған қайта бағалаудан болған шығыстар  (5730)

8 982 352

Жалпы шаруашылық шығыстары (5740)

13 052 370

Салықтар, алымдар және  кіріс салығын қоспағанда  бюджетке басқа да міндетті төлемдер   (5760)

3 351 309

Амортизациялық аударымдар (5780)

3 591 918

Сатудан болған шығыстар (5850)

16

Туынды қаржы құралдарымен жасалған операциялар бойынша шығыстар (5890)

14 435 281

Тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) (5900)

397 053

Өзге де шығыстар (5920)

9 431 499

Жиынтығы шығыстар

3647434885

Аккредитивтер бойынша шоттар (6000)

42892528

Кепілдіктер шоттары (6050)

1606969487

Болашақта салымдарды және заемдарды орналастыру  шоттары (6100)

396392475

Болашақта салымдарды және заемдарды алу  шоттары (6150)

558583

Бағалы қағаздарды және қаржы фьючерстерін сатып алу бойынша, сондай-ақ өзге туынды қаржы құралдары бойынша шоттар (6200)

1225882

Бағалы қағаздарды және қаржы фьючерстерін сату бойынша, сондай-ақ өзге туынды қаржы құралдары бойынша шоттар (6300)

24414247

Валюта құндылықтарын сатып алу-сату бойынша шоттар (6400)

597629150

Жиынтығы Шартты және ықтимал талаптар

2670082352

Аккредитивтер  шоттары (6500)

42892528

Кепілдіктер  шоттары (6550)

1606969487

Болашақта салымдарды және заемдарды орналастыру  шоттары (6600)

396392475

Болашақта салымдарды және заемдарды алу бойынша шоттар (6650)

558583

Бағалы қағаздарды және  қаржы фьючерстерін сатып алу бойынша, сондай-ақ өзге де туынды қаржы құралдары жөніндегі шоттар (6700)

5146535

Бағалы қағаздарды және  қаржы фьючерстерін сату бойынша, сондай-ақ өзге де туынды қаржы құралдары жөніндегі шоттар (6800)

16197914

Валюта құндылықтарын сатып алу- сату бойынша шоттар (6900)

601924830

Жиынтығы Шартты және ықтимал міндеттемелер

2670082352

 

 

    

. 

 

 

 

 

 

ҚОСЫМША В

 

Нысан 1

       Бухгалтерлік баланс, «БТА Банкі» АҚ, 2010 жылдың 1 қазан жағдай бойынша

(мың теңге)

Бап атауы

есеп беру кезеңі бойынша

өткен жылдың соңы бойынша

1

2

3

4

 

Активтер

 

 

1

Ақша және ақша баламалары

51 327 909

49 495 075

2

Міндетті резервтер

18 298 937

2 869 400

3

Саудалық бағалы қағаздар

69 869 263

740 266 155

4

Туынды қаржы құралдары

0

43 954 440

5

Өзге банктердегі салымдар

62 071 492

66 019 717

6

Өзге банктерге ұсынылған займдар және қаржылық жалдау

45 685 367

36 526 893

7

Клиенттерге ұсынылған займдар

902 532 843

789 023 598

8

Бағалы қағаздарға салымдар

1 402 756

580 944

9

Капиталға инвестициялар және реттелген борыш

160 025 580

172 225 139

10

Негізгі қорлар

6 850 531

8 667 686

11

Материалдық активтер

751 754

937 820

12

Дебиторлық берешек

58 320 687

29 282 009

13

Басқа да активтер

572 610 097

31 593 038

І

Активтер жиыны:

1 949 747 216

1 971 441 914

 

 

 

 

 

Міндеттемелер

 

 

14

Корреспонденттік шоттар және банктердің салымдары

687 595

801 969

15

ҚР Үкіметі және ҚР ҰБ займдары

594 487

1 136 074

16

РЕПО келісімдері бойынша сатылған бағалы қағаздар

449 029 183

405 458 662

17

Туынды қаржы құралдары

0

35 475 532

18

Банктік шоттар және клиент салымдары

702 959 303

1 432 191 045

19

Шығарылған борыштық бағалы қағаздар

446 295 492

763 158 735

20

Банк алдындағы берешек

128 584 528

531 244 704

21

Реттелген борыш

90 871 431

122 821 506

22

Салықтық міндеттемелер

890 677

357 328

23

Кредиторлық берешек

32 467 608

70 432 917

24

Басқа да міндеттемелер

654 006

82 256 837

ІІ

Міндеттемелер жиыны:

1 853 034 310

3 445 335 309

 

 

 

 

 

Меншікті капитал:

 

 

25

Жарғылық капитал

1 188 070 041

516 597 958

26

Қосымша төленген капитал

165

165

27

Алынған капитал

-1 519 045

0

28

Резервтік капитал

42 346 425

42 346 425

29

Тәуекелдіктер бойынша резервтер

0

89 275 349

кестенің жалғасы

30

Басқа да резервтер

1 637 669

1 652 742

31

Үйлестірілмеген пайда (шығын)

-1 133 822 349

-2 123 766 034

 

соның ішінде:

 

 

31.1

Өткен жылдың бөлінбеген таза табысы (жабылмаған шығын)

-2 212 674 220

-20 123 295

31.2

Ағымдағы жылдың бөлінбеген таза табысы (жабылмаған шығын)

1 078 851 871

-2 103 642 739

ІІІ

Капитал жиыны:

96 712 906

-1 473 893 395

 

 

 

 

ІV

Міндеттемелер мен меншікті капитал жиыны:

1 949 747 216

1 971 441 914

 

 

Нысан 2

       Табыстар мен шығындар, «БТА Банкі» АҚ, 2010 жылдың 1 қазан жағдай бойынша

 

Бап атауы

есеп беру кезеңі бойынша

өткен жылдың соңы

1

2

3

4

І

Пайыздық табыстар

37 482 380

142 108 382

1

корреспонденттік шоттар және орналастырылған салымдар бойынша

5 551 111

7 188 437

2

банктерге берілген займдар және қаржылық жалдау бойынша

47 626

277 729

3

клиенттерге берілген займдар бойынша

28 406 129

112 055 915

4

бағалы қағаздар бойынша

2 759 869

21 616 164

5

РЕПО операциялары бойынша

717 645

970 137

 

 

 

 

ІІ

Пайыздық шығындар

167 611 123

165 270 077

6

клиенттердің шоттары бойынша

51 886 502

76 330 189

7

банктерден тартылған корреспонденттік шоттар мен салымдар бойынша

2 125

199 758

8

банктерден алынған займдар бойынша

20 801 443

23 419 506

9

шығарылған борыштық бағалы қағаздар бойынша

66 187 558

37 587 501

10

реттелген борыш бойынша

7 849 750

11 200 872

11

ҚР Үкіметі (ҚР ҰБ) займдары және басқа тартылған қаржылар бойынша

39 478

58 978

12

РЕПО операциялары бойынша

20 844 267

16 473 273

 

 

 

 

ІІІ

Займдар бойынша шығындарға арналған резервтерді қалыптастыруға дейінгі таза пайыздық табыс

-130 128 743

-23 161 695

 

 

 

 

13

Займдар бойынша шығындарға арналған резервтерді қалыптастыру

-243 047 124

1 730 891 296

 

кестенің жалғасы

ІV

Таза пайыздық табыс

112 918 381

-1 754 052 991

14

Алынған дивидендтер

0

103 921

15

Қызметтер бойынша табыстар және алынған комиссиялар

7 939 019

14 176 395

16

Қызметтер бойынша шығындар және төленген комиссиялар

9 255 632

3 257 260

17

Бағалы қағаздардан табыстар (шығындар) (нетто)

-22 283 607

-3 297 477

17.1

Дилинг

63 580

-2 736 920

17.2

Қайта бағалау

-22 347 187

-560 557

18

Шетел валютасымен операциялар бойынша табыстар (шығындар) (нетто)

6 490 775

-57 918 501

18.1

Дилинг

3 776 583

-11 484 118

18.2

Бағамдағы айырма

2 714 192

-46 434 383

19

Еншілес ұйымдарға түсетін инвестициялардың құнсыздануына аударымдар

27 653 966

0

20

Басқа да операциялық табыстар (шығындар)

1 030 987 166

977 925

 

 

 

 

V

Сыйақыны алумен байланыспаған таза табыс (шығын)

986 223 755

-49 214 997

 

 

 

 

21

Операциялық шығындар

14 874 487

15 095 982

 

соның ішінде:

 

 

21.1

жалақы және қызметкерлерге жұмсалатын шығындар

9 499 752

10 739 185

21.2

амортизациялық аударымдар және тозу

2 308 715

2 715 691

21.3

корпоративтік табыс салығы шегерілген салықтарды және бюджетке басқа міндетті төлемдерді төлеу бойынша шығындар

3 066 020

1 641 106

22

Әкімшілік және басқа операциялық шығындар

34 704 245

13 586 675

 

 

 

 

VІ

Операциялық пайда

1 049 563 404

-1 831 950 645

 

 

 

 

23

Басқа операциялар бойынша шығындарға арналған резервтерді қалыптастыру

-29 273 393

183 022 427

 

 

 

 

VІІ

Салық салуға дейінгі пайда

1 078 836 797

-2 014 973 072

 

 

 

 

VІІІ

Таза пайда (шығын) жиыны

1 078 836 797

-2 014 973 072

 

 

 

 

 

 

ҚОСЫМША Г

 

     2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ЕДБ-ң (екінші деңгейлі банктер) активтерінің көрсеткіштері, салыстырмалы түрде

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОСЫМША Д

 

       Банктің активті және пассивті операцияларының рентабельділігіне талдау жасау

 

 

Банктің рентабельділігі

 

2008 жыл

 

2009 жыл

салыстырмалы өзгерісі +,-

Рентабельділіктің

1 көрсеткіші, R1

3%

2%

-1%

Рентабельділіктің

2 көрсеткіші, R2

23,1%

16,4%

-6,7%

Рентабельділіктің

3 көрсеткіші, R3

30%

22%

-8%

 

 

 

                                                                                                                       

39

 

Информация о работе Банк балансын талдау және оны жетілдіру жолдары