Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 20:45, реферат
Бизнес-жоспар — кәсіпорынның алдына қойған экон. мақсаты мен оны жүзеге асыру жолдары, міндеттері мен әдіс-тәсілдері баяндалған құжат. Бизнес жасау үшін нарықтық орта жан-жақты зерттеледі. Нарықтық ортаның ағымдағы жағдайы, болуы мүмкін өзгерістер мен кедергілер, жобаны іске асырудан түсетін табыс мөлшері, т.б. нақты көрсетіледі. Бизнес-жоспар, көбінесе, банктен кредит алу және оның қайтарылуын қамтамасыз ету үшін жасалады. Меншік иесінің қатысуымен кәсіпорынның стратегиялық дамуының бағыт-бағдары анықталады, осы арқылы жобаның тиімділігі мен қажеттілігі айқындалады.
Реферат
Тақырыбы: Бизнес жоспар және оны құру жолдары
Орындаған: Сатыбаева Айгерім Нұрланқызы
Қабылдаған: Алмекеева Индира Серікқызы
Бизнес-жоспар — кәсіпорынның алдына қойған экон. мақсаты мен оны жүзеге асыру жолдары, міндеттері мен әдіс-тәсілдері баяндалған құжат. Бизнес жасау үшін нарықтық орта жан-жақты зерттеледі. Нарықтық ортаның ағымдағы жағдайы, болуы мүмкін өзгерістер мен кедергілер, жобаны іске асырудан түсетін табыс мөлшері, т.б. нақты көрсетіледі. Бизнес-жоспар, көбінесе, банктен кредит алу және оның қайтарылуын қамтамасыз ету үшін жасалады. Меншік иесінің қатысуымен кәсіпорынның стратегиялық дамуының бағыт-бағдары анықталады, осы арқылы жобаның тиімділігі мен қажеттілігі айқындалады. Бизнес-жоспар болжалды қаржылық нәтижесі көрсетілген жалпы сипаттамадан және он тарауға бөлінген негізгі бөлімнен тұрады:
1 жоба бойынша өндірілген тауарлар (не қызмет) түрлері және олардың бәсекелесу қабілеті сипатталады;
2 тауарларға сұраныс деңгейі мен көлемі ескеріле отырып, өнім өткізу нарығы, өндіріс көлемі мен тауарға қойылатын баға анықталады;
3 бәсекелестер мүмкіндігі (тауарларының сапасы мен бағасы) туралы мәліметтер талданады;
4 маркетингтік зерттеу нәтижелері (тауарларды өткізу және баға саясаты, өнімді сатуда ынталандыру, жарнамалау, т.б.) сараланады;
5 өнім (не қызмет) өндіру жоспары мен өндірістік байланыстар, өндірістік шығындарды азайту және өнім сапасын жақсарту әдістері айқындалады;
6 ұйымдастыру-басқару
жұмыстары және
7 жобаның ұйымдық-құқықтық негіздерін көрсететін заңдық құжаттар жасалады;
8 жұмыс барысында кездесетін қауіп-қатерді болжау және оның алдын алу шаралары қарастырылады;
9 жобаның барлық буындарының
құндық көрсеткіштері
10 қаржы көздері (жобаны іске асыруға жеткілікті соманы қайдан, қанша мөлшерде ала алады және жоба қандай мөлшерде пайда кіргізеді, кредитордан алынған қаражатты мерзімінде қайтара алу қабілеті, т.б.) жобаланады. Бизнес-жоспар тауар, ақша, өндіріс факторы қозғалысының жалпы балансын айқын бейнелейді.
Еркін кәспкерлік пен бизнес жоспарлаудан құралады. Ешкім де бизнесменді өзінің бизнес операциялары үшін жоба немесе жоспар жасауға мәжбүр етпейді. Мұны өмірдің өзі тәжірибе, тәуекел қорқынышы, алдын ала келіп білмеген салдарлар мәжбүрлейді. Бизнес- жоба ойға алынған негізгі ойды, пайда әкелетін кәсіпкерлік операциясын іске асырудың ортақ идеясын білдіреді. Жобада белгіленген операцияның мазмұны мен бағыттылығы суреттеліп, негізделеді, күтілуші нәтиже есептеледі. әдетте, кәсіпкерлік жобалар ірі, ұзақ мерзімді операциялар үшін қажет, өйткені көптеген аз ауқымды мәмілелер үшін ойластыру мен бағалау есептерін іске асырудың өзі де жеткілікті. Жобалар негізнде іс-әрекет бағдарламасы немесе үрдістердің орындалу жоспарлары әзірленеді. Кәсіпкерлік жобаларды, ойларды іске асыру жоспарышетелдік тәжірибеде бизнес-жоспар деген атауға ие. Қазіргі кезде Қазақстан экономикасына бизнестің ену шамсына қарайбізде де мұндай жоспарлар етек алуда. Бірқатар жағдайларда бизнес-жоспарда іс-әрекеттер бағдарламасы мен жоба біріктірілген.операцияның бизнес-жоспарын дайындау кәсіпкерліктің барлық нұсқалары мен түрлеріне тән болып келеді. Егер бизнес-жоспар құжат түрінде пайда болмаса, онда ол ең болмағанда кәсіпкердің ойында өмір сүруі тиіс. Ірі көлемді қымбат кәсіпкерлік жобалар жасау үшін, операция басталғанға дейін бизнес-жоспар құру қажет, бұл кәсіпкерлік қызмет үшін норма болып саналуы керек. Ең алдымен, жоспар кәсіпкерлік операцияның мақсаты мен міндетін суреттеуден құралады. Жоспар құра отырып, ең алдымен, операцияның көлемі мен мерзімін, күтілетін пайданы ойластыру қажет. Бірақ кәсіпкер тек қана пайданы көздеп қалмауы тиіс. Кәсіпкерлік іс-әрекеттер бағдарламасы әлеуметтік мақсатты да қарастыруы тиіс. Атап айтсақ, тұрғындардың сұранысын қанағаттандыру, табиғатты аялау, әлеуметтік сілкіністерді сейілту, іскерлік байланыстарды кеңейте түсу т.б. кәәсіпкердің мәртебесін, беделін арттыру, имиджін жасау мен сақтау, экономикалықәлеуетін ұлғайту – маңызды міндеттердің бірі. Бизнес-жоспар міндетті түрде кәсіпкерлік өнім сипаттамасынан, яғни тұтынушыға ұсынылатын өнім, тауар және қызмет сипаттамаларынан құрылуы тиіс. Жоспарда кәсіпкерлік операцияның түпкілікті өнімі толық суреттелуі қажет. Жоспар тауар тұтынушылары шеңбері мен өзі қанағаттандыратын қажеттіліктер туралы мәселеге жауап беруге арналған. Бизнес-жоспарды құру кезінде есептеу жүргізіледі, соның қорытындысы бойынша операцияның нәтижелігі мен қажетті ресурстық қамтылу айқындалады. Тұтыну ресурстарын анықтау кезінде кәсіпкерлік қызметке қажеттібарлық құралдар ескеріледі, бұл қажетті құралдар экономикалық және әлеуметтік тұрғыдағы бизнес-операцияның схемаларын суреттеуде көрсетілген. Бизнес-жоспарды жасағанда, кәсіпкерлік жобаның іске асырудың ұзақ мерзімді салдарларына талдау жасалады. Мұнда кәсіпкер мен қоғам үшін қолайлы және қолайсыз жағдайлар, оларға байланысты кірістер мен шығыстар ескеріледі.
Агробизнестегі индикативті
Индикативті жоспарлау. Индикативті реттеу – бұл мемлекеттің экономикалық тұтқалар арқылы өндіріске ықпал жасауы. Мемлекеттік инвестициялар; жекеше, мемлекеттік, ұжымдық секторлардың өніміне мемлекеттік тапсырма,; мемлекеттік салық саясаты; несие капиталдың рыногы арқылы өндірісті реттеу; мемлекеттік болжам жасау; экономиканы жоспарлау және тағы басқалар сондай тұтқалар болып табылады. Индикативті жоспарды қалыптастыру үрдісі қайырмалы байланыс ұстанымында өтеді. Үкімет экономикалық саясаттың бас стратегиясы мен бағыттарын жете ойластырады, мұны кәсіпорындар болашақ даму жолдарын айқындаған кезде ескереді; өз кезінде шаруашылық субъектілерінің ниеттері республиканың әлеуметтік –экономикалық дамуының жоспарын жасау кезінде ескеріледі. Индикативті жоспарлар стратегиялық (ұзақ мерзімді), орта мерзімді және ағымдағы (жылдық) жоспардан тұрады. Индикативті жоспарлау сол жоспарланып отырған кезеңдегі мемлекеттік экономикалық саясаттың негізгі мақсаттары мен бағыттарына сәйкес және белгіленген нәтижелерге қол жеткізу мақсатымен әлеуметтік және экономикалық үрдістерге мемлекеттік ықпал ету шараларына сәйкес келетін, әлеуметтік экономикалық даму міндеттерін, басымдылықтарын, индикаторларын қалыптастыру үрдісі болып саналады. Индикативті жоспарлаудың мақсаттары. Индикативті жоспарлаудың негізгі мақсаты ұлттық экономиканың ұдайы дамуын және оның құрылымдық қайта құрылуын қамтамасыз ету, дағдарысты құбылыстардың алдын ала және оларды бәсеңдету, елдің экономикалық қауіпсіздігін және қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету,шаруашылық субъектілерінің іс-әрекетін алға қойылған жалпы ұлттық әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге бағыттау болып табылады. Әлеуметтік-экономикалық дамудың тұтастығы мен мақсаттылығын қолдау үшін индикативті жоспарлау мынандай негізгі талаптарға сай болуы керек: -республика экономикасына мемлекеттік реттеу құралдарын пайдалану тиімділігі;
-нарықтық механизмдер
әрекетінің негізінде
-дамудың талдау мен
болжаудың жалпы әлемдік
-тиімді аймақтық саясатпен қамтамасыз ету.
Индикативті жоспарлау
жүйесі. Индикативтік жоспарлау
жүйесі әлеуметтік-
-іс-әрекеттің жекелеген
түрлерін лицензиялау, өнімнің
жекелеген түрлерін сыртқа
- меншіктің барлық түрлеріндегі
кәсіпорындарда байқау және
- жекелеген салаларды,
аймақтарды, кәсіпорындарды, ғылыми-техникалық
прогретің басым бағыттарын
- орталықтандырылған
- салық ставкаларының,
амортизацияны есептеудің
- мемлекеттік кәсіпорындардың
жұмыс істеу және экономикалық
реформалардың жүзеге асырылу
жағдайларын айқындайтын
- тұрғындарды әлеуметтік
жағынан қорғауға және
Мемлекеттік бағдарламалар
ұзақ мерзімді индикативті
- аграрлық реформа жүргізудің
мемлекеттік саясаты негізінде
бәсекеге қабілетті тауар
- баға деңгейін қадағалап отыру негізінде бағаны реттеу;
- қаржы тәртібін жетілдіру
негізінде өндірістің
- өнім өткізу рыногын
дамыту мен тауар
- еңбек дәйектілігіне
лайықты жүйе құру, еңбек ресурстары
рыногын дамыту және келісім-
Ауыл шаруашылығында
бәсекеге қабілетті тауар
- топырақтың желге үгітілуін,
желмен ұшуын (дефляцияны) және
топырақ құнарлығы төмендеуін
тоқтату үшін жер игеруді
- егіс көлемінің құрылымын
жетілдіру негізінде елдің