Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 20:45, реферат
Бизнес-жоспар — кәсіпорынның алдына қойған экон. мақсаты мен оны жүзеге асыру жолдары, міндеттері мен әдіс-тәсілдері баяндалған құжат. Бизнес жасау үшін нарықтық орта жан-жақты зерттеледі. Нарықтық ортаның ағымдағы жағдайы, болуы мүмкін өзгерістер мен кедергілер, жобаны іске асырудан түсетін табыс мөлшері, т.б. нақты көрсетіледі. Бизнес-жоспар, көбінесе, банктен кредит алу және оның қайтарылуын қамтамасыз ету үшін жасалады. Меншік иесінің қатысуымен кәсіпорынның стратегиялық дамуының бағыт-бағдары анықталады, осы арқылы жобаның тиімділігі мен қажеттілігі айқындалады.
- рынок қажеттіліктерін
мал өнімдерімен
Өндірістің барынша
аяқталып бітуі (ауыл
Мұнда акционерлік
негізде жоғарыдан төмен
Қадағалау және бағаны реттеу. Осы кезге дейін бір де бір капиталистік елде баға белгілеудің толық еркіндігі жоқ. Айрықша әлеуметтік маңызы бар бүтіндей салалар капиталистік елдердің әкімшілік қадағалауында болумен келеді.Қазіргі уақытта капиталистік елдерде, оның ішінде Еуропалық Бірлестікте де, әбден қалыптасқан ауыл шаруашылық өніміне бағаны реттеу жүйесі тұтынушылардың да, өндірушілердің де арасындағы «коридор» аумағында ғана болады. Мұнда жоғарғы шек ол өндірген тауарлармен рыноктың толып тұруы, сатып алу бағасының төмендеуі жағдайында фермердің ең аз кепілді кірісін сақтап қалуды көздейді.Жапонияда ауыл шаруашылығы үшін бағаның аса сәйкестігі жүзеге асырылуда, ауыл өнімдері бағасының өсу қарқыны өнеркәсіптік тауарлар бағасының өсу қарқынынан 1,5 есе асып отыр. Нарықтық экономиканың жұмыс істеу ұстанымдарына баға тепе-теңдігі сәйкес келеді, бұл дегеніміз - өнім өндіруге жұмсалатын шығындарды барынша азайту қажеттілігін ескере отырып, өнімнің белгілі бір түріне сұраныс пен ұсыныс мөлшерінің дәлме дәл келуі. Баға қатынастарын материалдық –техникалық ресурстарды иемденуден өнімнің тұтынушыға жетуіне дейінгі бүкіл ұдайы өндіріс үрдісі жүйесінде қарастыру керек, өйткені барша осы тізбек бойынша кірісті қайта бөлу жүріп жатады. Бұл әсіресе тұтынушының жалпы соңғы бағасында шығындардың ең үлкен үлесі мен жиынтық пайданың біршама шағын үлесі тиетін ауыл шаруашылығына қатысты. Сондықтан шығындар мен бағалардың қалыптасу үрдісін өндіріс құралдарын сатып алғаннан өнімді соңғы тұтынушы сатып алғанға дейін қадағалау қажет.Бөлшек сауда бағасына үлестік қатысудың болжамды коэффициенттері, мысалы , сиыр еті (өндірістік шығындарды қоса есептегенде), қатысушы-кәсіпорындар үшін былай болуы мүмкін: ауыл шаруашылық кәсіпорындары үшін -0,55-0,60; ет өндірушілер үшін -0,15, көлік және көтерме сауда кәсіпорындары үшін -0,05, бөлшек сауда үшін -0,15-0,20, сонымен қатар, мемлекеттік бюджеттің үлестік қатысу коэффициенті -0,05-0,10. Агроөнеркәсіп кешенінде (АӨК) - өндіріс құралдарының орасан тапшылығы, оларды монополиялық жасап шығару жағдайында өте тапшы техниканы, сондай-ақ өндіріс тің басқа да құралдарын нарықтық еркін бағамен сатуға жол бермеу керек. Бағаның жоғарғы шегін белгілеу қажет, егер АӨК-тің бірінші өрісінің кәсіпорындары мұны бұзатын болса, онда олар жаңағы шектен асатындай айып немесе салық төлеуі тиіс. Сонымен қатар өте тиімді техника жасап шығаратын кәсіпорындарға несие алуда жеңілдіктер жасау, салықты төмендету, қазіргі ғылыми –техникалық даму жетістіктерін игеруге арналған табысын салықтан босату қажет. Соның өзінде жылына немесе тоқсан сайын бір рет өзгерістер енгізілетін өнім мен қызмет көрсету бағасын көтерудің экономикалық негізділігін министрліктер, ведомостволар деңгейінде қарап отыру керек және бағаның бұдан кейінгі көтерілуі баға тәртібін бұзушылық деп саналуға тиіс. Мемлекетаралық деңгейде өнімнің жекелеген түрлеріне бағаның бірдей болуы туралы басқа мемлекеттермен экономикалық келісім жасау қажет, мұны бұзушыларға экономикалық санкция қолдану керек. Сауда – делдалдық ұйымдардың үстеме бағалары өндіріс құралдарын 20 пайызға және оданда көп қымбаттатып жіберетіндіктен, бұл үстеме бағалардың ең шекті деңгейін белгілеу қажет, сонымен бірге тауарлар айналымының нақтылы шығындарына байланысты өндіріс құралдарының түрлеріне қарай үстеме бағаны да әртүрлі ету (дифференцициялау) керек. Ауыл шаруашылығы өндірушілеріне агросервис қызметін көрсетуде кәсіпорынның іс-әрекет қырларын өзгертіп отыруға, тауар өндірушілердің өндірістік және экономикалық мүдделерін ескеруге, оларға қызмет көрсету бағасын төмендетуге мүмкіндік беретін маркетинг жүйесіне көшкен жөн.Ауыл шаруашылығы өндірушілерінің барлық ауыл шаруашылық өнімдері өндірісін ұлғайтуға және көп еңбек тілейтін, тиімділігі төмен салаларды дамытуға материалдық ынталануын туғызуға бағытталға тиімді шаралар қабылдау мақсатында бағаның ауытқуына тәуелсіз, белгілі бір кезең бойында тұрақты кіріс алуына жағдай жасау мүмкіндіктерін қарастыратын, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп арасында баға сәйкестігін қолдайтын, тұрақты жұмыс істеуші механизм ойластырылғаны дұрыс. Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу сатысында баға белгілеу жүйесін жетілдіру ауылдың тауар өндірушілердің өңдеуші кәсіпорындар (шығындардың бекітілген сметасы бойынша жұмыс істейтін корпарация, акционерлік қоғамдар, кооперациялар, атқару аппаратын жалдайтын келісім –шарт жүйелері, ассоциация) және тағы басқалармен үйлестірілуінің маңызды дәрежеде ұйымдық құрылымымен айқындалады. Экономикалық қатынастарды реттеу үшін өндірушілер мен өңдеущілер арасында кепілдік баға ұстанымдарындаөзара есеп жүргізуді ұсынуға болады. Мұндай жағдайда тауар өндірушілер шикізат өңделіп, дайын өнім алынғаннан кейін көтерме сауда-сату бағасы есептелген кезде калькуляцияға енгізілген шикізат құны мен кепілдік баға бойынша іс жүзінде төленген аванс арасындағы айырмашылықты төлеуі керек. Пайда түрінде алынған айырмашылықты қатысушыларға тапсырылған шикізаттың есептелген құнына қарай теңбе-тең бөлген дұрыс. Азық-түлік рыногының субъектілерін: тауар өндірушілерді және сауданы экономикалық тұрғыдан үйлестірген пайдалы. Бағаны тұрақтандыру мақсатында тауар өндірушілерге мемлекет, ауыл шаруашылық өнімін өндірушілер, өңдеуші және сауда жасайтын кәсіпорындар, оларға қызмет көрсетуші орындар арасындағы келісімдер негізінде, сұраныс пен ұсынысты ескеріп өнім өндіру үшін жағдай жасау тиімді. Ол үшін жыл сайын негізгі шикізат түрлеріне отын-энергетикалық ресурстар мен материалдарға баға деңгейін болжап ойластыру қажет. Мұндайда өндірушінің бағаны көтеруі жөн бола ма, жоқ па, соны анықтау үшін өнім бағасын бір пайызға өзгерткенде сұраныс қанша пайызға өзгеретінін сипаттайтын икемділік көрсеткішін (ик) пайдалану керек. Шығындар мен бағалар туралы нарықтық ақпаратты жақсарту, сауда мәмілелерінің жариялығы, статистика орындарының өндірістік құралдар мен заттар бағасын және олардың индекстерін жариялауы қажет. Есеп айырысу –нормативтік шығындар мен ауыл шаруашылық өнімінің негізгі түрлерінің және АӨК-де қолданылатын материалдық-техникалық ресурстардың ықтимал бағасы туралы ақпарат дайындау керек. Мұндай ақпаратқа ие болған өндірушілер мен тұтынушылар ұсынылған бағаның алыпсатарлық деңгейін шамалай алар еді.
Қаржы-несиелік саясатты жетілдіру. Ауыл шаруашылығының, өнімді өткізу рыногы мен инфрақұрылымның материалдық-техникалық базасы әлсіреген тұста экономиканың аграрлық бөлігінің нарықтық қатынастарға көшуі көптеген кәсіпорындардың ойсырауына әкеп соқты. Көптеген елдерде экономиканың аграрлық бөлігін мемлекеттік қолдауға тәжірибесі көрсетіп отырғандай, экономикалық даму деңгейлері әртүрлі болуына қарамастан, ауыл шаруашылығына зор қаржылық көмек жасалуда, ондағы мақсат тауар өндірушілердің бір қалыпты кірісі бар жағдаайда тұрғындарды бағасы қолайлы азық-түлікпен қамтамасыз ету болып отыр. Ауыл шаруашылығына қосымша қаржы (дотация) берудің мақсаты дүние жүзі елдерінде түрліше. Бұл – аграрлық бөлікті шетелдік бәсекеден қорғау, өнімді сыртқа шығаруға ынталандыру және т.б. Шынында, өндірілген ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы құнының белгілі бөлігін дотация құрайды, мысалы, Жапонияда -70%, Еуропа Экономикалық Бірлестігі елдерінде-40%, АҚШ-та-30%. Жапониядағы қомақты дотация фермерлердің өндірістік шығындары едәуір көп болуынан туындайды. Мұнда елдің азық-түлік саудасына мемлекеттік монополия орнатылған, ауыл шаруашылық өнімін міндетті түрде сатып алу бағасы мен бөлшек сауда бағасы орталықтан анықталады.
Қазақстанда қараусыз
қалған қора мен істен шыққан
техника негізінде шаруа