Жұмыспен қамту және оны жетілдіру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2012 в 13:11, курсовая работа

Краткое описание

Экономикалық құбылыстарды қайталауға бейім тұратын рыноктың ерекшеліктерін өткен ғасырдың бірінші жартысындағы өмір сүріп еңбек еткен экономистер байқаған. Ол кезде кәсіпкерлерді өзіне тартып, қызықтырған рыноктық қатынастар құпиясы көп құбыжықтай көрінді. Капиталистік кәсіпорын иелері өз өндірісін шексіз ұлғайтуға ұмтылып, мүмкіндігінше рыноктың үлкен аумағын "жаулап" алуға тырысты.

Оглавление

Макроэкономикалық тұрақсыздықтың экономикалық аспектілері.
Экономиканың циклдік даму ерекшеліктері
Экономикалық дағдарыс алғышарттары кезіндегі артық өндіру және жеткіліксіз өндіру
Экономикалық циклдің кейнстік, неокейнстік және монетарлық тұжырымдамалары.
Макроэкономикалық тұрақсыздық көрінісі ретіндегі жұмыссыздық
Жұмыссыздықтың пайда болуы және оған әсер етуші факторлар
Жұмыспен қамту және оның қазіргі теориясы
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық және оның талдауы
Жұмыспен қамту және оны жетілдіру жолдары
Тұрғындарды жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясаттың жетілдіру жолдары
Қазақстан Республикасындағы «Жол картасы» бағдарламасы жұмыссыздықты төмендетудің бағыты ретінде

Файлы: 1 файл

жумыссыздык курсов.docx

— 288.93 Кб (Скачать)

МАЗМҰНЫ

  1. Макроэкономикалық тұрақсыздықтың экономикалық аспектілері.
    1. Экономиканың циклдік даму ерекшеліктері
    2. Экономикалық дағдарыс алғышарттары кезіндегі артық өндіру және жеткіліксіз өндіру
    3. Экономикалық циклдің кейнстік, неокейнстік және монетарлық тұжырымдамалары.
  2. Макроэкономикалық тұрақсыздық көрінісі ретіндегі жұмыссыздық
    1. Жұмыссыздықтың пайда болуы және оған әсер етуші факторлар
    2. Жұмыспен қамту және оның қазіргі теориясы
    3. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық және оның талдауы
  3. Жұмыспен қамту және оны жетілдіру жолдары
    1. Тұрғындарды жұмыспен қамтудың мемлекеттік  саясаттың жетілдіру жолдары
    2. Қазақстан Республикасындағы «Жол картасы» бағдарламасы жұмыссыздықты төмендетудің бағыты ретінде

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Экономикалық құбылыстарды қайталауға бейім тұратын рыноктың ерекшеліктерін өткен ғасырдың бірінші  жартысындағы өмір сүріп еңбек еткен  экономистер байқаған. Ол кезде кәсіпкерлерді  өзіне тартып, қызықтырған рыноктық қатынастар құпиясы көп құбыжықтай көрінді. Капиталистік кәсіпорын иелері өз өндірісін шексіз ұлғайтуға ұмтылып, мүмкіндігінше рыноктың үлкен аумағын "жаулап" алуға тырысты. Ал оның өзі артық өндіру деп аталатын құбылысқа алып келді. Артық өндірудің  мұны белгілі бір тауардың ұсынысы  сұраныстан басым болудан көрінеді. Нәтижесінде тауар бағасы едәуір төмендеп кетеді де көптеген тауар  өндірушілер ешқандай пайда таппай қалады.

Қазақстанда экономикалық реформалардың  бастауынан ашық жұмыссыздық өсе  бастады, бірақ онымен қатар жасырын  жұмыссыздық та орын ала бастады.

Қазақстандағы еңбек нарығында  ағымдағы, құрылымдық, циклдық жұмыссыздықтың түрлерін көруге болады. Ағымдағы жұмыссыздық  фрикциональдық жұмыссыздыққа сәйкес келеді, яғни халықтың көпшлігі жыл  бойы кәсіпорындардағы жұмыстан шығып, және уақытша жұмысқа орналаса алмады.

Құрылымдық және циклдық  жұмыссыздық ұзақ мерзімдегі сипатта  болады да, олар жұмыссыздықтың тұрақты  формасына әкеледі, яғни жұмыссыз адам ұзақ уақыт жұмыс таба алмағандықтан  өзінің біліктілігін жоғалтады, еңбек  нарығында бәсекелестік қабілетін  жоғалтады.

Толық жұмысбастылық деген  мағынаның экономикада жоқтық қасы, себебі барлық жұмыс күші жұмыспен толық қамтылған жағдайда да жұмыссыздықтың белгілі бір деңгейі болуы  қалай да болса қажетті және заңды  процесс. Толық жұмысбастылық кезінде  жұмыссыздықтың деңгейі фрикциондық  және құрылымдық жұмыссыздық қосындысына  тең. Ол жұмыссыздықтың табиғи деңгейі  деп аталады.

Жұмыспен толық қамту  жағдайындағы қарқынды инфляцияға әкеліп соқпайтын жұмыссыздықтың ең төменгі  дәрежедегі нормасын жұмыссыздықтың табиғи деңгейі деп аталады. Егерде жұмыссыздықтың нақты деңгейі табиғи деңгейден  артып кетсе, онда бұл жағдай жалпы  ұлттық өнімнің азаюына әкеледі.

Жұмыссыздықтың зардаптары:

  1. Жұмыссыздық (циклдық) жағдайында - өндіріс мүмкіншілігін толық пайдаланбағандықтан ұлттық байлықтың азаюына келеді. Бұл жағдайда:
  • халықтың сатып алу қабілеті төмендейді,
  • қазына – қор қысқарады,
  • инвестицияға сұраныс қысқарады,
  • өндіріс құлдырайды.
  1. Ұзақ мерзімде болатын жұмыссыздық жағдайында жұмыссыз адамдардың біліктілігі жоғалады.
  1. Жұмыссыздықтың өсуі қоғамда қылмысты істердің өсуіне және халықтың әлеуметтік жағдайының төмендеуіне әкеледі.

Кез келген жұмыссыздықтың деңгейімен байланысты болатын экономикалық зиянды анықтау үшін Оукен заңы қолданылады. Осы заң жұмыссыздық деңгейі мен жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) көлемінің төмендеуі арасындағы байланысты көрсетеді.

Оукен заңы бойынша жұмыссыздықтың нақты деңгейі, табиғи деңгейіне қарағанда, 1 %-ке өсуі нақты ЖҰӨ-нің потенциальдық мүмкіндігімен салыстырғанда орташа 2,5%-ке төмендеуіне әкеледі. Потенциальды ЖҰӨ толық жұмыспен қамту жағдайында өндірілетін өнім.

Кез келген елдің экономикасында жұмыспен айналыспайтын белгілі бір адамдар саны бар, сондықтан мемлекет тарапынан оларға жұмыссыздық бойынша қаржы төлейді. Жұмыссыздықтың әлеуметтік және саяси зардаптарын азайту үшін дамыған елдердің үкіметтері соңғы жылдары жұмыссыздарға жәрдем берудің әр түрлі жүйелерін қолдануда.

Макроэкономикалық тұрақсыздықтың тағы бір көрінісі – ол инфляция. Инфляция жағдайында ақшаның сатып алу қабілетінің төмендеуіне және тауарлар мен қызметтер бағаларының өсуіне әкеледі. Инфляция адамзат тарихында жаңа құбылыс емес. Алғашқы рет «инфляция» деген ұғым ақша айналымына қатысты АҚШ-та Азамат соғысы кезінде қолданыла бастады. Инфляция – қағаз ақшаның құнсыздануына байланысты болатын әлеуметтік-экономикалық құбылыстар жиынтығы, басқаша айтқанда айналымдағы ақша массасының нақты ұсынылған тауар санынан артып кетуі. Соның нәтижесінде тауарлармен қамтамасыз етілмеген ақшаның пайда болуы инфляцияны білдіреді.

Курстық жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен, қоырытынды және қосымшалардан тұрады. Бұл курстық жұмыста макроэкономикалық тұрақсыздақ және жұмыссыздық мәселесі, себептері мен шешу жолдары жан жақты қарастырылды.

 

 

 

 

 

 

 

  1. Макроэкономикалық тұрақсыздықтың экономикалық аспектілері.
    1. . Экономиканың циклдік даму ерекшеліктері

Экономикалық цикл теориясы қоғамның белгілі бір уақыт аралығындағы экономиканы белсенділігінің кезендік ауытқуы мен тұрақсыздығының  себептерін талдайды.

1 – суретте тік сызық  үрдісінің артуы түрінде көрінетін  экономиканың жалпы ұзақ мерзімді  даму бағытын сипаттайды. Толқынды  қисық дамудың біркелкі емес  деңгейін, кезеңдердің аз немесе  біршама ұзақ уақыт кезекпен  ауысуын, құлдырау кезеңдеріне  қарай қоғамның экономикалық  даму жылдамдығын көрсетеді.

 




 

1 – сурет. Экономикалық  ауытқулар

Құлдырау мен өрлеу, оның алма-кезек ауысу реті экономикалық дамудың циклдік сипатын танытады. Аталмыш цикл экономикалық белсенділіктің бірдей жағдайлары арасындағы қандай да бір уақыт аралығын білдіреді.

Жекелеген экономикалық циклдер бір-бірінен ұзақтығы мен қарқындылығы жағынан айрықшаланады. Дегенмен, олардың бәрі біркелкі құрылым бойынша дамиды. Цикл құрылымында ең жоғарғы (шыңы) және ең төменгі (түбі) белсенділік нүктелері, сондай-ақ олардың арасында жатқан экономикалық экспанция (немесе циклдік өрлеу) және экономикалық рецессия (немесе құлдырау) бөліп көрсетіледі. Белгілі бір уақытта циклдік өрлеу өзінің шыңына көтеріліп, циклдік қозғалыстағы жоғары нүктеге жетеді. Ол өз шыңына шыққан соң экономикалық рецессия фазасына енеді, яғни өзінің төменгі шегіне немесе түбіне жетеді және басқа нүктеге – құлдырау бұрылысынан жаңа өрлеуге бет алады.

Экономистердің арасында экономикалық цикл фазасын бөліп көрсетудің екі тәсілі бар. Экономистердің бір тобы аталмыш екі циклдік фазамен (өрлеу және құлдырау) шектелсе, екінші тобы цикл фазасын төртке бөледі, яғни өрлеу фазасын жандану фазасы мен тікелей өрлеу фазасына, ал құлдырау фазасын экономикалық серпінге қатысты нақты көрсеткіштің әлеуетті көрсеткіштен ауытқуы орын алатын дағдарысқа және депрессияға бөледі. Экономика жандану фазасында өзінің төменгі нүктесінен әлеуетті даму деңгейіне дейін көтеріледі. Экономиканың одан әрі өсуі осы жүйедегі экономиканың әлеуеттік шегінен тыс өрлеу фазасында жүзеге асады. Цикл өз шыңына жеткен соң экономика дағдарыс фазасына енеді. Бұл экономиканың өзінің әлеуетті деңгейіне дейін құлдырауымен аяқталады. Ал, егер құлдырау ұзаққа созылса әрі күрделі сипат алса, онда оның шегінен асып, тоқырау фазасына көшеді. Тоқырау фазасы экономиканың өз әлеуетінен төмен құлдырауын сипаттайды.

Сөйтсе де, барлығы мынаған  келіп тіреледі: өрлеу (жандану) фазасында  ЖІӨ өседі, жұмыссыздық азаяды, инвестиция мен нақты капитал мөлшері артады. Баға деңгейі, еңбекақы және пайыздық мөлшерлемесі өсу үрдісіне ие болады. Өрлеу фазасы белсенділіктің жоғары деңгейімен аяқталады: өндіріс қуаты, адамдардың жұмыспен қамтылу деңгейі шектен тыс артып, еңбекақы мен пайыздық мөлшерлемесі өте жоғары болады. Мұның арты сөзсіз құлдырауға апарып соқтырады. Өндірістің өсуі құлдыраумен ауысады. Дағдарыс фазасында, өндіріс қысқарады және жұмыссыздық белең алады. Алайда, баға дағдарыс ұзаққа созылса, әрі күрделі сипат алса және дағдарыстан кейін тоқырау фазасы келсе ғана түседі. Инвестиция жоққа тән болады. Белгілі бір уақыттан соң тоқырау жандану фазасымен ауысып, экономикадағы құлдыраудың орнын өрлеу басады.

Цикл барысында экономикалық шаманың мәніне қарай олар проциклдікке, контрциклдікке және ациклдікке бөлінеді. Өрлеу фазасында артып, құлдырау фазасында кемитін шама проциклдік деп аталады. Ал, контрциклдікке осыған қарсы мәндегі көрсеткішті, яғни өрлеу фазасында кеміп, құлдырау фазасында артатын шаманы жатқызамыз. Серпінінде қандай да бір экономикалық цикл фазасымен байланысты жоқ шама циклдік деп аталады. Проциклдікке өндірістің толық қуатымен жұмыс істеуіне қатысты көрсеткіш және бағаның жалпы деңгейі, пайызды қмөлшерлемесі, жиынтық шығарылым секілді көрсеткіштер жатады. Ал, контрциклдік өзгермеліге жұмыссыздық деңгейі, дайын өнім қоры, банкротқа ұшыраулар саны секілді көрсеткіштер кіреді. Ациклдік шама әдетте экспорт мөлшеріне қатысты.

Түрлі шамалардың өзгеру қарқыны  әдетте бір-біріне сәйкес келмейді. Әдеттегіше, проциклдік шамалардың бірі басқасы  кеми бастаған кезде өседі. Осыған орай, контрциклдік шаманың бірі құлдырай түссе, басқасы өсу үстінде болады. Осыған орай, экономикалық өзгермелер өзінің шыңына (түбіне) жеткенге дейін  немесе жеткеннен кейін барынша  жоғары көтерілуіне (барынша төмен  түсуіне) қарай айрықшаланады.

ХІХ ғысырдың 70 жылдарында және ХХ ғасырдың 40-жылдарында АҚШ-пен Батыс  Еуропа елдерінің мыңнан аса көрсеткіштерін талдау негізінде жасалған Ұлттық экономикалық зерттеу бюросының (NBER) жіктеліміне сәйкес мынадай үш экономикалық параметр бөліп көрсетіледі: озық жүруші, артта қалушы және сәйкес келуші. Сәйкес келуші шама экономикалық белсенділіктің өзгерісіне сәйкес бір мезгілде өзгереді. Нақ осы шамаға ЖІӨ деігейі, жұмыссыздықтың, өндірушілер бағасының, жеке табыстың, Ұлттық банкідегі пайзыдық мөлшерлемелердің деңгейә кіреді. Озық жүрушіге шыңға шығу (түбіне түсу) алдында барынша жоғары деңгейге (мейлінше төмен деңгейге) жеткен көрсеткіштер жатады. Олар барынша жаңа құрылған кәсіпорындар, қордағы өзгерістер, корпорация пайдасы, ақша жиынының өзгерісі, қор нарығының индекстері бөліп көрсетіледі. Артта қалушы деп экономикалық шыңға шығар (түпке түсер) алдында барынша жоғары деңгейге (мейлінше төмен деігейге) жеткен көрсеткіштер аталады. Оған еңбекақы шығыстары, коммерциялық банкілердің пайыздық мөлшермелері жатады. Мамандарды ғана емес, сонымен бірге мемлекет қайраткерлерін және бүкіл халықты толғандырып отырған цикл теориясының маңызды мәселесі мынау: экономикалық цикл және оның жекелеген фазалары қанша уақытқа созылады. Бұған таңқалудың қажеті жоқ, өйткені келесі өрлеудің қанша уақытқа созылатыны белгілі болса, мемлекеттік деңгейде, фирмалар мен үй шаруашылығы деңгейінде дұрыс шешім қабылдау мүмкіндігі пайда болады. Әсіресе, жаңа инвестицияны жүзеге асыратын, дағдарысқа қарсы шараларды жүргізетін үкімет пен Ұлттық банк саясатына қатысты оның маңызды ерекше.

Циклдің жалпы ұзақтығы әдетте белсенділіктің екі жоғары көрші  немесе екі төменгі көрші нүктелердің  арасындағы уақытпен (жылмен, аймен) өлшенеді. Осыған орай, құлдырау ұзақтығы белсенділіктің жоғары және төмен нүктелері арасындағы уақытпен, ал өрлеу белсенділіктің төмен және жоғары нүктелері арасындағы уақытпен өлшенеді.

Экономикалық циклдердің ұқсастығына қарамастан, осы күрделі  құбылыстың табиғатын әрқилы түсіндіретін көптеген теория бар. Кейбір экономистердің пайымдауынша, цикл ғылым мен техника  саласындағы елең еткізерлік жаңалықтар, жаңа ресустармен технологияларға  жаппай көшу секілді сыртқы факторлармен байланысты орын алады. Мұндай әлемдік  деңгейдегі өзгерістер сыртқы күштердің  жаппай толқынын тудырады. Сыртқы факторларға  соғысты, экономикалық санкцияларды немесе блокадаларды, я болмаса Қазақстандағы  секілді бір жүйеден екіншісіне көшуді, табиғи катаклизмдерді және өзге де кездейсоқ құбылыстарды жатқызуға болады. Циклді таза монетарлық құбылыс деп санайтын экономисер де бар. Үкімет ақшаны көптеп шығарғанда инфляциялық дүмпу пайда болады, әрбірден соң салыстырмалы түрде азғантай артық ақша өндірістің құлдырауына және жұмыссыздықтың белең алуына апарып соқтырады. Аталмыш теория циклдің экзогендік теориясы деп аталады.

Теория басқа тобы цикл түсіндірмесін экономикада жүріп  жатқан ішкі үдерістерден іздестіреді. Бұл циклдің эндогендік теориясы. Циклді ішкі сипатқа ие себептерден  өрбітетін және осыған орай оны нарықтық жүйеге ішке тән деп білетін эндогендік теория экономиканы тұрақсыздыққа  апарып соқтыратын сыртқы себептердің де әсерін жоққа шығармайды. Алайда, аз да болса алдын ала білуге болатын немесе кездейсоқтыққа жатқызылатын экзогендік факторлар екінші кезекті маңызға ие.

Көзқарастардың көптігіне  қарамастан, көптеген экономистердің пікірінше, өндіріс пен адамдардың жұмыспен қамтылу деңгейін тікелей  анықтайтын ішкі факторларға жалпы  және жиынтық шығыстығ шамасы, ең алдымен  тұтыну мен инвестиция деңгейі жатады. ЖІӨ-нің негізгі құрамадас бөліктері  арасындағы өзара әрекет механизмдері (инвестиция мен тұтыну), жұмыспен қамту, жұмыссыздық және монетарлық факторлар (пайыздық мөлшерлемелері мен ақша жиыны) өзге тарауларда қарастырылады.

 

    1. . Экономикалық дағдарыс алғышарттары кезіндегі артық өндіру және жеткіліксіз өндіру

Қазіргі нарықтық өндіріс  бір қалыпты әрі үзіліссіз  еместігін айқындалады. Өндірістің экономикалық өсуі және бір қалыптылығы  үнемі оның құлдырауымен қосақтасып отырады. Экономикалық дағдарыс – бұл  өндіріс көлемінің кенеттен төменуі. Өндіріс көлемі төмендеуінің алғы шартына экономикадағы қорлану диспрциясын жатқызамыз. Осы салдар түптеп келгенде өндіріс пен тұтыныстың арсындағы негізгі пропорцияны бұзады.

Информация о работе Жұмыспен қамту және оны жетілдіру жолдары