Жұмыспен қамту және оны жетілдіру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2012 в 13:11, курсовая работа

Краткое описание

Экономикалық құбылыстарды қайталауға бейім тұратын рыноктың ерекшеліктерін өткен ғасырдың бірінші жартысындағы өмір сүріп еңбек еткен экономистер байқаған. Ол кезде кәсіпкерлерді өзіне тартып, қызықтырған рыноктық қатынастар құпиясы көп құбыжықтай көрінді. Капиталистік кәсіпорын иелері өз өндірісін шексіз ұлғайтуға ұмтылып, мүмкіндігінше рыноктың үлкен аумағын "жаулап" алуға тырысты.

Оглавление

Макроэкономикалық тұрақсыздықтың экономикалық аспектілері.
Экономиканың циклдік даму ерекшеліктері
Экономикалық дағдарыс алғышарттары кезіндегі артық өндіру және жеткіліксіз өндіру
Экономикалық циклдің кейнстік, неокейнстік және монетарлық тұжырымдамалары.
Макроэкономикалық тұрақсыздық көрінісі ретіндегі жұмыссыздық
Жұмыссыздықтың пайда болуы және оған әсер етуші факторлар
Жұмыспен қамту және оның қазіргі теориясы
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық және оның талдауы
Жұмыспен қамту және оны жетілдіру жолдары
Тұрғындарды жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясаттың жетілдіру жолдары
Қазақстан Республикасындағы «Жол картасы» бағдарламасы жұмыссыздықты төмендетудің бағыты ретінде

Файлы: 1 файл

жумыссыздык курсов.docx

— 288.93 Кб (Скачать)

Сыртқы факторлар – экономикалық жүйеге тәуелсіз факторлар: халық санының өзгеруі, соғыстар, төңкеріс, басқа да саяси шиеленістер, жаңа жерлерді игеру, бағалы ресурстардың жаңа кен орнын ашу ғылыми-техникалық прогресс, күннің көзіндегі құрғақшылыққа әкелетін таңбалардың пайда болуы, т.б.

Ішкі факторлар – экономикалық жүйемен байланысты факторлар: капиталдың физикалық қызмет атқару мерзімі, тұтынудағы, жұмысбастылықтағы, инвестициялық, мемлекеттің экономикалық саясатындағы өзгерістер, тауар және ақша қайшылықтары, сұраныс пен ұсыныс арасындағы қайшылықтар, капиталдың артық қорлануы.

Экономикалық құбылыстарды қайталауға бейім тұратын нарықтың ерекшеліктерін өткен ғасырдың бірінші жартысындағы өмір сүріп еңбек еткен экономистер байқаған сонымен қатар ХІХ және ХХ ғасырларда жетекші экономистердің бірде-бірі бұл мәселеге тоқталмай өте алмады. Олардың еңбектерінен циклдық дамудың байланыстылығы, экономикалық процестерге әсерін мойындаған, циклдық дамудың себептерін анықтауға ұмтылған әр түрлі пайымдауларды, түсіндірулер мен болжамдарды кездестіруге болады. Нарық жағдайында өндіріс қозғалысының циклдық себептеріне экономикалық теорияда қалыптасқан бірнеше теориялық бағыттар бар.

Алдағы кезеңдегі еліміздің  экономикалық саясаты макроэкономикалық тұрақтылықты, тұрақты экономикалық өсуді және экономикалық дамудың   ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарларын орындау, инвестициялар мен инновацияларды ынталандырудың  тиімді  тетіктерін енгізу,  тауар және еңбек нарығындағы  бәсекелестік, халықтың әл-ауқаты мен мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру  негізінде ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін серпінді арттыруды қамтамасыз ететін  шараларды  іске асыруға  бағытталуға тиіс.

Жұмыссыздық - еңбек нарығының  біртұтас элементі болып табылады. Жұмыссыздық өте күрделі құбылыс  және қоғам даму барысында әр түрлі  экономикалық мектептердің көзқарастары әр түрлі болған. Осы көзқарастарға  қысқаша тоқталып назар аударайық.

Мальтузиандық мектептін  ірі өкілі Т. Р. Мальтус жұмыссыздықтың пайда болуын халық санының артып  кетуімен байланыстырды. Халықтың саны геометриялық прогрессиямен өседі (яғни 1,2,4,8,16…), ал өмір сүру жабдықтар  тек арифметикалық прогрессиямен  өседі (яғни 1,2,3,4…). Сондықтан тұрғындардың жоғары қарқынмен өсуі жұмыссыздықтың себебі болып табылады.

Батыс мектептің өкілдері жұмыссыздықты жұмысшының еркін  таңдауы деп есептеді. А. Пигу жұмысшылар шектен тыс жоғары жалақыны талап  етеді, сондықтан жұмыс күшіне сұраныс  төмендейді. Бірақ XX ғасырдың 30 жылдарындағы жаппай жұмыссыздық бұл теорияның  дұрыс еместігін дәлелдеді.

Кейнстік мектеп жұмыссыздықты  тауарға сұраныстың төлем қабілеттілігінің жеткілісіздігімен және жалақының  жоғары деңгейімен түсіндіреді. Жұмыспен қамтудың негізгі параметрлері тауарлар мен қызметтердің тұтынулық және инвестициялық нарығындағы сұраныстың көлемімен белгіленеді. Еңбек нарығындағы  сұранысты жиынтық сұраныс, инвестициялар  және өндірістің көлемдері реттеп отырады. Жұмыссыздықтың болуы жиынтық сұраныстың жеткіліксіз болуымен байланысты, яғни жұмыссыздықтың төмендеуіне жиынтық  сұраныстың өсуі және жиынтық сұраныстың құрылымы әсер етеді. Жұмыссыздықтың деңгейі  мемлекеттің инвестициялық іс-әрекеттерінің  молаюы және экономикалық дамуы арқылы реттеледі. К. Маркстың қорлдану теорисына  сәйкес қосымша құнның капиталға  айналуында капиталдың құрылымында  өзгерістер болады. Қосымша құнның жұмыс күшін сатып алуға бағытталған  үлесінің азаюына алып келеді, сондықтан  жұмыс күшінің бір бөлігі өндіріс  саласынан ығыстырылып шығарылады да жұмыссыздық пайда болады.

Қоғамдағы жұмыс жасындағы  халық саны – жасына, денсаулығына қарай еңбекке қабілеті бар жұмыс  күші болып табылады. Жұмыссыздық - бұл халық шаруашылығында жұмыспен қамтамасыз етілмеген еңбекке қабілеті бар жұмыс күші.

Жұмыссыздық – бұл жұмыс  күшіне деген сұраныс пен оның ұсынысының арасындағы айырмашылықтан туындайтын нәтиже. Экономикада жұмыс  күші жұмыспен қамтылған және жұмыспен қамтылмаған (жұмыссыздардан) құралады. Жұмыссыздықтың деңгейі жұмыссыздар  санының қоғамдағы барлық жұмыс  күшіне қатынасымен анықталады. (% пен есептеледі)

Жұмыссыздықтың негізгі формалары:

  • Жасырын жұмыссыздық - өндірісте артық жұмысшылардың қолданылуы, немесе ақпараттың болмауына байланысты.
  • Фрикциондық жұмыссыздық – адамдар бір жұмыстан басқа жұмысқа, бір жерден басқа жерге жұмыс іздеумен ауысуын айтады.
  • Құрылымдық жұмыссыздық - өндірістік қуаттың жетпеуінің нәтижесінде туындайды: жеке саланың дамуының кері пропорциональды болуынан және ескі саланы жабу мен жаңа саланы дамытудың нәтижесі ретінде қарауға болады, сондай-ақ жынысының, жасының, ұлтының, мамандығының, басқа да жеке қасиеттерінің ерекшеліктеріне байланысты болады.
  • Циклдық жұмыссыздық - өндірістің құлдырауынан туындайды.

Батыс елдерінің мамандары жұмыссыздықты екі топқа бөледі:

  • жиынтық сұраныстың жетіспеуіне байланысты; мысалы циклдық жұмыссыздық;
  • жиынтық сұраныстың өзгеруіне байланысты; мысалы фрикциондық, құрылымдық жұмыссыздық.

Қазақстанда экономикалық реформалардың  бастауынан ашық жұмыссыздық өсе бастады, бірақ онымен қатар жасырын жұмыссыздық та орын ала бастады.

Қазақстандағы еңбек нарығында ағымдағы, құрылымдық, циклдық жұмыссыздықтың түрлерін көруге болады. Ағымдағы жұмыссыздық фрикциональдық жұмыссыздыққа сәйкес келеді, яғни халықтың көпшлігі жыл бойы кәсіпорындардағы жұмыстан шығып, және уақытша жұмысқа орналаса алмады.

Құрылымдық және циклдық  жұмыссыздық ұзақ мерзімдегі сипатта болады да, олар жұмыссыздықтың тұрақты формасына әкеледі, яғни жұмыссыз адам ұзақ уақыт жұмыс таба алмағандықтан өзінің біліктілігін жоғалтады, еңбек нарығында бәсекелестік қабілетін жоғалтады.

Толық жұмысбастылық деген мағынаның экономикада жоқтық қасы, себебі барлық жұмыс күші жұмыспен толық қамтылған жағдайда да жұмыссыздықтың белгілі бір деңгейі болуы қалай да болса қажетті және заңды процесс. Толық жұмысбастылық кезінде жұмыссыздықтың деңгейі фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық қосындысына тең. Ол жұмыссыздықтың табиғи деңгейі деп аталады.

Жұмыспен толық қамту  жағдайындағы қарқынды инфляцияға әкеліп соқпайтын жұмыссыздықтың ең төменгі дәрежедегі нормасын жұмыссыздықтың табиғи деңгейі деп аталады. Егерде жұмыссыздықтың нақты деңгейі табиғи деңгейден артып кетсе, онда бұл жағдай жалпы ұлттық өнімнің азаюына әкеледі.

Кез келген жұмыссыздықтың деңгейімен байланысты болатын экономикалық зиянды анықтау үшін Оукен заңы қолданылады. Осы заң жұмыссыздық деңгейі мен жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) көлемінің төмендеуі арасындағы байланысты көрсетеді.

Оукен заңы бойынша жұмыссыздықтың нақты деңгейі, табиғи деңгейіне қарағанда, 1 %-ке өсуі нақты ЖҰӨ-нің потенциальдық мүмкіндігімен салыстырғанда орташа 2,5%-ке төмендеуіне әкеледі. Потенциальды ЖҰӨ толық жұмыспен қамту жағдайында өндірілетін өнім.

Кез келген елдің экономикасында жұмыспен айналыспайтын белгілі бір адамдар саны бар, сондықтан мемлекет тарапынан оларға жұмыссыздық бойынша қаржы төлейді. Жұмыссыздықтың әлеуметтік және саяси зардаптарын азайту үшін дамыған елдердің үкіметтері соңғы жылдары жұмыссыздарға жәрдем берудің әр түрлі жүйелерін қолдануда.

Макроэкономикалық тұрақсыздықтың тағы бір көрінісі – ол инфляция. Инфляция жағдайында ақшаның сатып алу қабілетінің төмендеуіне және тауарлар мен қызметтер бағаларының өсуіне әкеледі. Инфляция адамзат тарихында жаңа құбылыс емес. 1775-1783 жылдары Солтүстік Америкада тәуелсіздік үшін болған соғыс доллардың құнсыздануына әкеліп соқтырды, Франция 1789-1794 жж. революция кезінде ақша 7 жылда 883 есе құнсызданды. Алғашқы рет «инфляция» деген ұғым ақша айналымына қатысты АҚШ-та Азамат соғысы кезінде қолданыла бастады. Инфляция – қағаз ақшаның құнсыздануына байланысты болатын әлеуметтік-экономикалық құбылыстар жиынтығы, басқаша айтқанда айналымдағы ақша массасының нақты ұсынылған тауар санынан артып кетуі. Соның нәтижесінде тауарлармен қамтамасыз етілмеген ақшаның пайда болуы инфляцияны білдіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымшалар

 

 

Филлипс қисығы.

Инфляция деңгейі

 

4

 

3

 

2

 

 

 

1 2 3

 Жұмыссыздық деңгейі %

Мұның мағынасы: Жоғары жұмыссыздық  жағдайында инфляция төмен болатынын білдіреді және керісінше, жұмыссыздықтың азаюы жиынтық сұранысты арттырады, бағаның өсуіне итермелейді. Басқаша айтқанда, төмен жалақы жағдайында жұмыссыздық өсуі, керісінше жалақы өскен сайын жұмыссыздық азаяды.


 

 

экономикалық тұрғындар белсенді халық

 
           

жыл

2007

2008

2009

2010

2011

мың адам

8228,3

8415

8457,9

8610,7

0

           
           

Жұмыспен қамтылған халық

   
           

жыл

2007

2008

2009

2010

2011

мың адам

7631,1

7857,2

7903,4

8114,2

0

           
           

Жалдамалы қызметкерлер

     
           

жыл

2007

2008

2009

2010

2011

мың адам

4973,5

5199,4

5238,8

5409,4

0

           
           

Өз бетінше жұмыс істейтін қызметкерлер

 
           

жыл

2007

2008

2009

2010

2011

мың адам

2657,6

2657,8

2664,6

2704,8

0

           
           

жұмыссыздар

       
           

жыл

2007

2008

2009

2010

2011

мың адам

597,2

557,8

554

496,5

 
           
           

Жұмыссыздық деңгейі

     
           

жыл

2007

2008

2009

2010

2011

пайызда

7,3

6,6

6,6

5,8

496,5


 

жастар жұмыссыздығының деңгейі

   
           

жыл

2007

2008

2009

2010

2011

пайызда

9,4

7,4

6,7

5,2

0

           
           

Ұзақ мерзімді жұмыссыздық деңгейі

 
           

жыл

2007

2008

2009

2010

2011

пайызда

3,3

2,8

2,5

2,2

0

           
           

Экономикалық тұрғыдан енжар (әрекетсіз) халық

           

жыл

2007

2008

2009

2010

2011

мың адам

3463,2

3416,2

3500,3

3487,7

0


 

Негізгі еңбек нарығының көрсеткіштері

   
 

2007

2008

2009

2010

эконмикалық тұрғындар белсенді халық

8228,3

8415

8457,9

8610,7

жұмыспен қамтылған халық

7631,1

7857,2

7903,4

8114,2

жалдамалы қызметкерлер

4973,5

5199,4

5238,8

5409,4

өз бетінше жұмыс істейтін қызметкерлер

2657,6

2657,8

2664,6

2704,8

жұмыссыздар

597,2

557,8

554,5

496,5

жұмыссыздық деңгейі

7,3

6,6

6,6

5,8

жастар жұмыссыздығының деңгейі

9,4

7,4

6,7

5,2

ұзақ мерзімді жұмыссыздық деңгейі

3,3

2,8

2,5

2,2

экономикалық тұрғыдар енжар (әрекетсіз) халық

3463,2

3416,2

3500,3

3487,7

Информация о работе Жұмыспен қамту және оны жетілдіру жолдары