Жұмыспен қамту және оны жетілдіру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2012 в 13:11, курсовая работа

Краткое описание

Экономикалық құбылыстарды қайталауға бейім тұратын рыноктың ерекшеліктерін өткен ғасырдың бірінші жартысындағы өмір сүріп еңбек еткен экономистер байқаған. Ол кезде кәсіпкерлерді өзіне тартып, қызықтырған рыноктық қатынастар құпиясы көп құбыжықтай көрінді. Капиталистік кәсіпорын иелері өз өндірісін шексіз ұлғайтуға ұмтылып, мүмкіндігінше рыноктың үлкен аумағын "жаулап" алуға тырысты.

Оглавление

Макроэкономикалық тұрақсыздықтың экономикалық аспектілері.
Экономиканың циклдік даму ерекшеліктері
Экономикалық дағдарыс алғышарттары кезіндегі артық өндіру және жеткіліксіз өндіру
Экономикалық циклдің кейнстік, неокейнстік және монетарлық тұжырымдамалары.
Макроэкономикалық тұрақсыздық көрінісі ретіндегі жұмыссыздық
Жұмыссыздықтың пайда болуы және оған әсер етуші факторлар
Жұмыспен қамту және оның қазіргі теориясы
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық және оның талдауы
Жұмыспен қамту және оны жетілдіру жолдары
Тұрғындарды жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясаттың жетілдіру жолдары
Қазақстан Республикасындағы «Жол картасы» бағдарламасы жұмыссыздықты төмендетудің бағыты ретінде

Файлы: 1 файл

жумыссыздык курсов.docx

— 288.93 Кб (Скачать)

 

Бизнес жүргізуге  сервистік қолдау көрсету

Бизнес жүргізуге  сервистік қолдау көрсету шарттары

Сервистік қызметтер Бағдарламаға енгізілген жобаларды іске асыруды  қолдау үшін, сондай-ақ өңірдің кәсіпкерлігін  жалпы қолдау үшін  көрсетіледі.

Кәсіпкерге сервистік  қолдаудың мынадай түрлері көрсетілуі мүмкін:

бизнесті жүргізу бойынша  қызметтер көрсету (жұмыс процестеріне қызмет көрсету);

өнім берушілер мен  тұтынушылар кәсіпорындарының дерекқорын қалыптастыру;

консалтингтік және маркетингтік қызметтер көрсету;

жұмыс процестеріне қызмет көрсету: орталықтандырылған бухгалтерия  және заң қызметі, ақпараттық технологиялар  саласында қызмет көрсету, жұмыс  процестерін, кәсіпорындар менеджментін реттеу бойынша қызметтер, өнімнің (қызметтің) нақты түрімен нарыққа  кіру бойынша маркетингтік зерттеулер, өнімдерді (қызметтерді) жылжыту (брендинг) және айналдыру және басқалары;

консультациялық қызметтер: бизнес құру және жұмыс істеп бизнесті оңтайландыру бойынша консультациялар, қаржы және заң консультациялары, сыртқы нарықтарда бизнес жүргізу бойынша  және мемлекеттік сатып алу конкурстарына  қатысу бойынша консультациялар;

ӨҮК ұсынымы бойынша бизнеске арналған сервистік қызметтердің басқа  түрлері. 

 

Бизнес жүргізуге  сервистік қолдау көрсету тетігі

1. Жергілікті деңгейдегі  Бағдарламаны үйлестіруші кәсіпкерлердің  ұсынысы бойынша қажетті сервистік  қызметтерге мұқтаждықты айқындайды  және олардың тізбесін ӨҮК-нің  қарауына енгізеді.

2. Жергілікті деңгейдегі  Бағдарламаны үйлестіруші ӨҮК  мақұлдаған тізбе бойынша сервистік  қызмет көрсетуге бағытталатын  қаржы көлемін айқындайды және  конкурстық негізде сервистік  қолдау бойынша операторды (операторларды)  белгілейді және онымен (олармен)  келісімдер жасасады.

3. Сервистік қолдау жөніндегі оператор кәсіпкерлікке сервистік қызметтер көрсету мақсатында қосалқы мердігерлікке басқа да сервистік институттарды тарта алады.

4. Бағдарламаны үйлестірушілер жергілікті деңгейде сервистік қызметтер көрсетуді қаржыландыруды жүзеге асырады.

5. Сервистік қызмет алу үшін кәсіпкер жергілікті деңгейде Бағдарламаны үйлестірушіге және сервистік қолдау жөніндегі операторға ӨҮК айқындаған тәртіппен өтініш жасайды. 

 

Кадрлар даярлау, жастар саясаты мен әлеуметтік жұмыс  орындарын ұйымдастыру

Кадрлар даярлау 2011 жылдан бастап бес бағыт бойынша жүргізіледі:

Индустрияландыру картасының жобаларын қамтамасыз етуге жұмыспен қамту органдарының тапсырысы бойынша  жобаларды іске асыру үшін мамандар даярлау. Облыстар мен мамандықтар  бөлінісінде қайта даярлаудың егжей-тегжейлі жоспары әрбір өңір бойынша стратегияларды іске асыруды қаржыландыру бағыттары  бекітілгеннен кейін әзірленетін  болады;

Техникалық мамандықтар  бойынша бар бос жұмыс орындарын  толтыру үшін қайта даярлау жүргізу;

Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының (кәсіптік лицейлер мен колледждер), сондай-ақ ірі кәсіпорындар жанындағы оқу  орталықтарының мүмкіндіктерін пайдалана  отырып, шетелдік жұмыс күшін қазақстандық кадрлармен ауыстыру;

«Жастар саясатын» жүргізу  жөніндегі іс-шаралар;

Әлеуметтік жұмыс орындарын  құру жөніндегі іс-шаралар. 

 

Екінші бағыт: кәсіпкерлік секторды сауықтыру

Бағдарламаны іске асырудың екінші бағыты экономиканың шикізат  емес секторының кәсіпорындарын сауықтыруға  бағытталған.

Сауықтыру шеңберінде мынадай  қолдаулар көрсетілуі мүмкін:

борышкерге банктердің бар  кредиттері бойынша (мақұлдау сәтінде) пайыздық ставканы және жобаны мақұлданғаннан кейін пайда болатын бір кредиттік  желі шеңберінде жаңа берешекті субсидиялау;

борышкерге бюджетке төленетін  салық берешегін (төлем көзінен  ұсталатын жеке табыс салығынан  басқа) өтеу бойынша мерзімін ұзартуды Салық кодексінде белгіленген тәртіппен  көзделетін өсімпұл есептемей беру мәселесін қарау;

қаржы-экономикалық сауықтыру  жоспары шеңберінде кәсіпорындарды сауықтыру бойынша, оның ішінде Қазақстандық қор биржасынада орналастырылған облигациялар бойынша ішкі кредиторлар алдындағы берешек бойынша басқа да іс-шаралар.

Бағдарламаға 1-қосымшаға  сәйкес экономиканың басым секторларында  жұмыс істейтін кәсіпкерлер  Бағдарламаның екінші бағытына қатысушылар бола алады (ҚР Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және әдіснама комитеті төрағасының  2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 683-од бұйрығымен бекітілген экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (бұдан әрі – ЭҚТЖЖ) сәйкес).

Мыналар жобаға қатысушылар  бола алмайды:

минералдық шикізатты  өңдеуді жүзеге асыратын және Қазақстан  Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы  № 1344 қаулысына сәйкес Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің  тізбесіне енгізілген, металлургия  өнеркәсібінің кәсіпорындары;

қаржы-экономикалық жағдайы, кредиттер және өзге де берешектер бойынша толық ақпарат беруге келіспеген кәсіпорындар;

кредитормен (лармен) қаржы-экономикалық сауықтыру жоспарын (бұдан әрі  – Жоспар) келіспеген кәсіпкерлер. 

 

Банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау  шарттары

Борышкер Бағдарламаны іске асырудың екінші бағытына қатысуға арналған өтінімді тек 2010 жылы бере алады.

Пайыздық ставканы субсидиялауды  жүзеге асыратын кредиттің (кредиттердің) сомасы бір борышкер үшін 3 млрд. теңгеден аса алмайды.

Егер борышкердің кредит(тер) сомасы 3 млрд. теңгеден асса, оның Бағдарламаны іске асырудың екінші бағытына қатысуы  туралы шешімді Мемлекеттік комиссия қабылдайды.

Субсидиялау мерзімі 3 жылдан аспайды.

Пайыздық  ставканы субсидиялау банктер сыйақы ставкасын 12 %-ға дейін төмендететін кредиттер бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін, оның ішінде  
7 %-ды борышкер төлейді, ал 5 % мемлекет өтейді. Бұл ретте банк:

өтінім беруші бастамашылық еткен кредиттеу шарттарының  өзгеруіне байланысты;

өтінім беруші кредит бойынша  міндеттемелерін бұзу себебі бойынша  алынатын комиссияларды, алымдарды  және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке байланысты ешқандай комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.

Пайыздық ставканы субсидиялау  бар берешекке (мақұлдау сәтінде) және жобаны мақұлдағаннан кейін туындайтын бір кредиттік желі шеңберінде жаңа берешекке қолданылады. 

 

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер (төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан басқа) бойынша  мерзімін ұзартуды ұсыну шарттары

Салық және бюджетке төленетін  басқа да міндетті төлемдер (төлем  көзінен ұсталатын жеке табыс  салығынан басқа) бойынша мерзімін ұзарту Бағдарламаны іске асырудың екінші бағыты шеңберінде банктердің сыйақы ставкасын субсидиялау үшін мақұлданған  борышкерлерге ғана берілуі мүмкін.

Мерзімін ұзарту 2008 жылғы 1 қаңтардан басталған кезеңде  Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулысы қабылданған сәтке  дейін қалыптасқан, Салық кодексінде белгіленген тәртіппен көзделетін берешек бойынша берілуі мүмкін.  

 

Кәсіпорынды сауықтыру  бойынша мемлекеттік қолдаудың  басқа шараларын ұсыну шарттары

Кәсіпорындарды сауықтыруды  мемлекеттік қолдаудың басқа  шаралары жеке негізде Бағдарлама өлшемдеріне, Мемлекеттік бағдарламаның басымдықтарына сәйкестігін, өңірлер үшін олардың  қызметінің жүйе құраушы сипатын  негізге ала отырып, кәсіпорындарды іріктеуді жүзеге асыратын Мемлекеттік  комиссия жанындағы арнайы жұмыс  тобының ұсынымдарын ескере отырып жүзеге асырылады.

Экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау

Бағдарламаны іске асырудың үшінші бағыты өнімді сыртқы нарықтарға экспорттайтын кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған.

Мемлекеттік қолдау банктерде  бар кредиттер бойынша пайыздық ставканы субсидиялау арқылы көрсетілетін болады. 

 

Бағдарламаның үшінші бағытына қатысушыларды іріктеу  өлшемдері

Бағдарламаның үшінші бағытына мыналарды қоспағанда, экономиканың барлық секторларында шығарылатын  өнімнің 10 %-дан астамын экспорттайтын  кәсіпкерлер қатыса алады:

тау-кен өнеркәсібі;

минералдық шикізатты  өңдеуді жүзеге асыратын және Қазақстан  Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы  № 1344 қаулысына сәйкес Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің  тізбесіне енгізілген металлургия  өнеркәсібінің кәсіпорындары. 

 

Бағдарламаны іске асыру  нәтижесінде:

индустриялық-инновациялық дамуға бағытталған жаңа инвестициялық  жобаларды іске асыруды жеке сектор кәсіпорындары үшін қаржы ресурстарының  қолжетімділігін арттыру;

экономиканың шикізат  емес секторындағы инвестициялық жобаларды  іске асыру үшін жеке секторды, бірінші  кезекте банктердің қаражатын тарту;

жеке сектор кәсіпорындарының, бірінші кезекте, шағын және орта бизнестің қаржылық-экономикалық тұрақтылығын арттыру көзделеді.

Бағдарламаның негізгі сапалық  және сандық нәтижелері болатындар:

бірінші және екінші бағыттар бойынша: шикізат емес сектордың  ЖІӨ құрылымындағы үлесін 12,5%-ға дейін ұлғайту;

үшінші бағыт бойынша: шикізат емес экспорттың жалпы экспорт  көлеміндегі үлесін 40 %-ға дейін және шикізат емес экспорттың көлемін  өңдеу өнеркәсібіндегі жиынтық  өндіріс көлемінің 43 %- ға дейін ұлғайту.

 

 

         Бағдарламаны іске асыру  екі кезеңде жүзеге асырылатын  болады:        

1-кезең – 2010 жылдан  бастап 2014 жыл аралығында, бұл ретте  2010 жыл   пилоттық жыл болып табылады.        

2010 жылы Бағдарламада  міндеттерді шешу үш бағыт  бойынша іске асырылатын болады: жаңа бизнес-бастамаларды қолдау (кадрлар даярлауды, жастар практикасын  және әлеуметтік жұмыс орындарын  қоспағанда); кәсіпкерлік секторды  сауықтыру; экспортқа бағдарланған  өндірістерді қолдау.        

2010 – 2014 жылдары міндеттерді  шешу екі бағыт бойынша іске  асырылатын болады: жаңа бизнес-бастамаларды  және экспортқа бағдарланған  өндірістерді қолдау.        

2-кезең – 2015 жылдан  бастап 2020 жыл аралығы.        

2015 – 2020 жылдары міндеттерді  шешу екі бағыт бойынша іске  асырылатын болады: жаңа бизнес-бастамаларды  және экспортқа бағдарланған  өндірістерді қолдау.

Бағдарламаны іске асыруға  республикалық бюджеттен 2010 жылы  
30 млрд. теңге көзделіп отыр, оның ішінде:

1)     жаңа бизнес-бастамаларды қолдауға 12 млрд. теңге;

2)     кәсіпкерлік секторды сауықтыруға 16 млрд. теңге;

3)     экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдауға 2 млрд. теңге.

Бағдарламаны одан әрі  қаржыландыру тиісті қаржы жылдарына  арналған республикалық бюджетте көзделген  қаражат шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Еңбек ресурстарының қамтылу  деңгейіне ең алдымен ЖІӨ өндірісінің  деңгейі, ал соңғысына шешуші деңгейде қоғамның әл-ауқаты тәуелді. Сол себепті, жұмыссыздық пен оның деңгейін анықтау  экономикалық саясаттың тек теориялық  жағын ғана білдіріп қоймай, сонымен  бірге практикалық міндетіне  жатады. Жұмыссыздақтың әлеуметтік салдарын да естен шығармаған жөн.

Баға деңгейінің динамикасын  талдау макроэкономикалық агрегаттар мен халықтың түрлі топтарының табысын  зерделеу үшін қажет. Үкіметтік құрылымдар экономикалық саясаттың тиімділігін  арттыру үшін инфляцияны, оның көрсеткіштері  мен факторларын зерттеуі қажет.

 Берілген курстық жұмыс 3 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде макроэкономикалық тұрақсыздықтың экономикалық аспектілері қарастырылды.

Техникалық прогрес пен  адамдар мүддесінің арасындағы алшақтық экономикалық жүйеге көптеген оқыс сілкіністер  әкеледі. Ол адамзат қоғамының ерекшелігіне қарай белгілі ырғақ пен тербеліске түсіп, толқуларға ауысады. Экономикалық теорияда экономиканың мұндай құбылыстары, «экономикалық толқулар» немесе «экономикалық цикл» деп аталады. Экономикалық цикл – бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және осы кезде оның төрт фазасы ауысады. Дағдарыс тауарлардың артық өндірілуі, несиенің азаюы және процентінің жоғарылауы арқылы көрінеді. Бұл жағдай пайданы азайтады және өндірісті төмендетеді. Кәсіпорындардың банкрот болуына әкеледі.

Өндірістің құлдырауы мен қатар инфляция болып тұрған жағдайды стагфляция деп атайды. Қазір экономиканың монополистік секторы, мемлекеттің қолдауына сүйеніп, бағаны бұрынғы дәрежеде ұстап қалғаны мен қатар, оны өсіреді.

Циклдарға әсерін тигізетін факторларды сыртқы және ішкі деп бөлуге болады.

Информация о работе Жұмыспен қамту және оны жетілдіру жолдары