Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2012 в 13:11, курсовая работа
Экономикалық құбылыстарды қайталауға бейім тұратын рыноктың ерекшеліктерін өткен ғасырдың бірінші жартысындағы өмір сүріп еңбек еткен экономистер байқаған. Ол кезде кәсіпкерлерді өзіне тартып, қызықтырған рыноктық қатынастар құпиясы көп құбыжықтай көрінді. Капиталистік кәсіпорын иелері өз өндірісін шексіз ұлғайтуға ұмтылып, мүмкіндігінше рыноктың үлкен аумағын "жаулап" алуға тырысты.
Макроэкономикалық тұрақсыздықтың экономикалық аспектілері.
Экономиканың циклдік даму ерекшеліктері
Экономикалық дағдарыс алғышарттары кезіндегі артық өндіру және жеткіліксіз өндіру
Экономикалық циклдің кейнстік, неокейнстік және монетарлық тұжырымдамалары.
Макроэкономикалық тұрақсыздық көрінісі ретіндегі жұмыссыздық
Жұмыссыздықтың пайда болуы және оған әсер етуші факторлар
Жұмыспен қамту және оның қазіргі теориясы
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық және оның талдауы
Жұмыспен қамту және оны жетілдіру жолдары
Тұрғындарды жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясаттың жетілдіру жолдары
Қазақстан Республикасындағы «Жол картасы» бағдарламасы жұмыссыздықты төмендетудің бағыты ретінде
Қазыргі нарықтың маркетингтік зерттеулерді фирма, корпорациялардың кенінен қолданғандығына қарамастан, олардың ешқайсысы өзінің өндірістік және комерциялық қызметінің барлық салдарын дәл есептей алмайды.
Біріншіден, бұл тауар және ақша қайшылығымен байланысты екендігі белгілі. Қай кезде ақша айналым құралы ретінде қолданылғанда, онда айрбас процесі Т-А-Т екі қарама-қарсы актіге үзіледі; 1) сату Т-А- болса, 2) сатып алу А-Т болмақ. Тауарды сату деген сол мезгілде басқаны сатып алуды көрсетпейді: сатып алу кештеу басқа жерде болуы мүмкін немесе тіпті болмауы да мүмкін - ақша жинақтау құралы ретінде қолданылады. Алайда тауар өндірушілер өзара бір-бірімен абйланысты. Мысалы: егер мата өндіруші келесі тоқыма партиясын сатып алуды кейінге қалтырса, онда тоқыма өндіруші мақта өндірушімен есептесе алмайды, ал ол мақта жинайтын комбайнды берушілермен, олар болса машина жасаушылармен (құрастырушылармен) есептесе алмайды және т.б. бұндай жағдай жай тауар өндірісіне ғана тән болғанмен, бұл құбылыс қазіргі жаппай өндірісте де кездесуі мүмкін. Сату мен сатып алу актісіндегі үзілістер де төлем төлемеу шынжырының туу пайда болуының нақты мүмкіндігі жатыр және сондықтан өндіріс құлдырауы пайда болады.
Екіншіден, бағалы қағаздардың тауар нарықтарындағы бағалардың үзіліссіз тербелуі осы рыноктағы сұраным мен ұсыным арасындағы диспропорцияның тұрақты пайда болуын байқатады. Егер осы диспропорциялар ұзақ сипатқа ие болса, онда өндіріс пен тұтыныс аясында да ұсыныс масштабының сұранымға өзгеруіне алып келеді.
Үшіншіден – бұл капиталдың
артық қорлануы. Өндірістің ұлғаюы
төлем сұранымымен
Экономикалық дағдарыстар аса тереңдемейтін болды, бірақ жиілеп кетті. Егер екінші дүниежүзілік соғысқа дейін экономикалық дағдарыстар негізінен Еуропа елдерінде болса, осы соғыстан соң экономикалық дағдарыстардың орталығы Америка континентіне ауысты – оның ішінде АҚШ-на (1-кесте).
ХХ-шы ғасырдағы АҚШ-ты өндірісіндегі дағдарыстар
Жылдар |
Өндірістің төмендеуі | |
Төмендеу тереңдігі, % |
Төмендеу ұзақтығы, айлар | |
1948-1949 1953-1954 1957-1958 1960-1961 1969-1970 1973-1975 1979-1980 1981-1982 |
-7,9 - 8,2 - 12,6 - 4,8 - 8,0 - 14,5 - 8,1 - 12,4 |
11 13 9 9 14 17 12 16 |
Егер екінші дүниежүзілік соғысқа дейін экономикалық дағдарыстар негізінен әлемдік сипатқа ие болса, экономикалық дағдарыстың бір мемлекетте пайда болуы мұң екен, сол мезетте өзінің орбитасына әлемдік қауымдастықтағы көптеген елдерді үйіріп алады. Екінші дүниежүзілік соғыстан соң экономикалық дағдарыстар негізінен ресми сипатқа ие болды. Мәселен ХХ-шы ғасырдың екінші жартысында артық өндірудің әлемдік экономикалық дағдарысы үш-ақ рет байқалды: 1958, 1947, 1980 жылдары, ал ХІХ-ш ғасырда бұдан 3 рет артық болды.
Артық өндіру экономикалық дағдарыстары екі қызметті атқарады: бұзушылық және сауықтырушылық. Сөйтіп өндіріс пен тұтынушы арасындағы қалыптасқан диспропорцияны бұзады. Өндіріс мына жағдайда тоқтайды: бағаның төмендеуі оның қызметінің пайдасыздығына ұрындырады және ол кәдімгі пайданы таппайды. Шығар жол біреу ғана – өндірістік қорларды жаңалау: машина, күрделі жабдықтарды және аз шығын жұмсайтын пайдалық әрі пайда әкелетін өнім өндірісіне кірісу қажет.
«Бәсекелестік күрес, әсіресе техникадағы шешуші төңкерістер кезінде, ескі еңбек құралдарын оның табиғи өлуіне дейін жаңасымен ауыстыруды талап етеді. Катастрофа, дағдарыстардың басты қояр нәрсесі – кәсіпорындағы ірі жабдықтарды кең қоғамдық масштабта мерзімінен ертерек жаңалауға итермелейді».
Өндірістің және оның негізгі
капиталының жаңару мерзімі –
бұл кезекті дағдарыстың
Экономикалық цикл – бұл
дағдарыстар арасындағы мерзім және
осы кезед оның төрт фазасы ауысады.
Фазаның бірінші (бастапқы) циклы
– өндіріс құлдырауының дағдарысы.
Дағдарыс құбылысының болуы сұраным
төлем қабілеттілігімен салыстырғанда
тауарды артық өндірумен
Келесі фаза – тірілу, бұған тән нәрсе өндірісті ұлғайту, демек пайда бар. Ол кезегінде өндірістің дамуын ынталандырады. Циклдің кезекті фазасы – өреумен алмасады. Өрлеу өнім өндірудің қарқындылығымен сипатталады және ол дағдарыс алдындағы деңгейден жоғары, жұмыссыздық тартылады, қарыз капиталы ұсынымы ұлғаяды және банк пайызының нормасы төмендейді. (3-сурет).
Өрлеу Дағдарыс Депрессия Тірілу Өрлеу Дағдарыс
Нарық жағдайында өндіріс қозғалысының циклдік себептеріне экономикалық теорияда қалыптасқан бірнеше теориялық көзқарастар бар. Мәселен, К.Маркс артық өндірудің циклдік дағдарысының реттілікпен қайталану себептерін тұрақты капиталдың оқтын-оқтын жаппай жаңаруымен қарастырған. Ағлышын экономисі Дж.Кейнстың ойынша, цикл фазасының алмасуы күрделі қаржы мөлшерімен байланысты, ол пайда мөлшері мен пайыз мөлшері ара-қатынасымен түсідіріледі. Дағдарыс сонда ғана болады, егер пайда мөлшері («шекі тиімділік») пайыз мөлшеріне дейін төмендесе, онда ол мынаған алып келеді: кәсіпкердің өндірісті дамытуға қаржы салу ниеті жойылады. Қазіргі Дж.Кейнстың ізбасарлары «неокейнстіктер» - мәселен америка экономисі – Пол Самуэльсон былай дейді: нарықтық экономиканың циклдық сипаты ұлттық табыстығы тұтыну үлесінің төмендеуімен және акселератор жеделдету іс-әрекетімен түсіндіріледі. Олар күрделі қаржы тербелісінің амплитудасына және оның қысқаруына бет бұрыс жасайды.
Американ экономисі милтон
Фридман басқарған «
Нарықтық экономиканың циклдық
дамуын жою жолдары немесе жұмсартуды
жоғарыдағы аталған әртүрлі мектеп
өкілдерінің ойлары мынаған әкеледі:
мемлекеттік антициклдік
Мәселен, Энгельстің паймдауынша, нарықтық анархияны «өндірісті қоғамды- жоспарды реттеу» арқылы жоюды алға тартады. Дж.Кейнстың пайымдауынша, стихиялы нарықтық экономика ол қылықтарын мемлекеттің араласуы арқылы жоюға болатындығын айтады. Мемлекет өндірісінің құлдырауын жеке күрделі қаржыландыруды өзі ынталандыруы болдырмау үшін қажет.
Жұмыссыздық дегеніміз – жұмысы жоқ, алайда оны іздестіріп жүрген жан жұмыссыз адам. Ең алдымен жұмыссыз адам ұғымы еңбекке жарамды халыққа қатысты айтылады. Бұл адамның еңбек ету жасынан бастап, зейнетақы жасына дейінгі өмірін қамтитын, яғни еңбек етуге жарайтын жасқа толғаннан бастап, жасына қарай зейнетақыға шығуымен байланысты ұғым. Экономикалық тұрғыдан белсенді халықты жұмыспен қамтылған немесе жұмыссыз 15пен 72 жас аралығындағы тұлғалар құрайды. Осыалйша экономикалық тұрғыдан белсенді халық жұмыс істеушілер мен жұмыссыздардың жиынтығы ретінд анықталады.
Жалданып жұмыс істеп,
істеген жұмысына ақы алатын немесе
жалдабай-ақ жұмыс істеп, табыс табатын
адамдар экономикада жұмыспен қамтылғандарға
жатады. Оған, сондай-ақ үй шаруашылығында
сату үшін тауарлармен көрсетілетін
қызметтерді өндірумен
Еңбекке жарамды халықтың
белсенді халықтың санынан асып түседі,
өйткені адамдардың барлығы бірдей
еңбек ете бермейді немесе еңбек
еткісі келмейді (мысалы, ондай адамдар
сырқатына немесе түзету (пенитенциярлық)
мекемелерінде болуына
= +
Жұмыс істемейтін, алайда жұмыспен қамту мекемесінде (еңбек биржасында) есепке тұрып, жатпай-тұрмай жұмыс іздеуші еңбек жасындағы адам жұмыссыздықтың айқын түрін білдіреді, өйткені олар ресми статистика бойынша тіркеледі. Бұдан бөлек жұмыссыздықтың жасырын түрі де болады. Экономикалық әдебиеттерде олардың қатарына жұмыс іздеп жүрсе де, жұмыспен қамту қызметінде есепке тұрмаған еңбекке жарамды адамдар тобы да кіреді. Оларды ресми статистика «елеп-ескере» бермейтіндіктен, олардың мөлшерін жанама мәліметтер бойынша алуға болады. Жұмыссыздықтың жасырын түріне кәсіпорында жұмыс істейді деп, ресми саналғанымен, ақысыз мәжбүрлі демалысқа шыққандар, жұмыс күнін немесе жұмыс аптасын толық істемейтіндер жатады.
Ашық әрі жасырын жұмыссыздар
жалпы жиынтығында нақты
е х 100
мұнда: Е – жұмыспен қамтылғандар саны;
L – жиынтық жұмысшы күші құрамына кіретін адамдар саны;
е – адамдардың жұмыспен қамтылу деңгейі.
Үкімет экономикалық саясатты
жүргізу барысында қадағалап
отыратын маңызды макроэкономикалық
көрсеткіштердің бірі болып табылатын
жұмыссыздық деңгейі –
u= х 100
мұнда: жұмыссыздар саны;
– жиынтық жұмысшы күші құрамына кіретін адамдар саны;
u – жұмыссыздық деңгейі.
Жұмыссыздық деңгейі кейде барлығына, кейде ел тұрғындарының ересектеріне қатысты есептеледі.
Жұмыссыздықтың түрлері:
Уақытша жұмыссыздық қоныс аударумен, тұрмыстық жағдайлармен және тиісті білм мен біліктілікке сәйкес жұмыс іздеумен, білім деңгейінің көтерілуімен және т.б. байланысты жұмыс іздестіруді немесе жұмысқа тұрау уақытын күтуді білдіреді. Дәстүрлі экономиканы қоспағанда, кез келген эконогмикада жұмыссыздықтың мұндай түрі ұштаспай қоймайды. Әміршіл экономикада ол ресми сатистика бойынша есептелмеуі мүмкін.
Құрылымдық жұқмыссыздық
тұтас бір саланың орнын жаңасы
басатын аса ірі технологиялық
жаңа еңгізілімдермен байлданысты
орын алады. Нарықтық экономикада уақытша
жұмыссыздықпен құрылымдық жұмыссыздық
болмай тұрмайды. Экономистер сол
себепті, ресурстардың толық қамтылуына
сәйкес келетін құбылыс ретінде
уақытша жұмыссыздық пен
Уақытша және құрылымдық жұмыссыздық түрлерінен өзге экономикадағы орташа мерзімді өрлеумен және құлдыраумен байланысты циклдік немесе мәжбүрлі жұмыссыздық бөліп көрсетіледі. Ол экономика құлдыраған кезде орын алады, ал өрлеу кезеңінде қысқарып, табиғи жұмыссыздық деңгейінен төмен болады.
Нақты жұмыссыздық. Барлық жұмыссыздықтың аталмыш түрін қамтиды және экономикалық өрлеу кезінде ресурстардың толық қамтылу мәніне жуық ауытқиды. Уақыт талабына сай реформалар жүргізілгеннен кейінгі Қазақстандағы жұмыссыздықтың деңгейін білуге болады:
2-кесте. Абсолюттік және салыстырмалы өлшем бойынша қазақстан Республикасындағы жұмыссыздықтың деңгейі
Көрсеткіш |
Жылдар | |||||||||
1997 |
1998 |
1999 |
2000 |
2001 |
2002 |
2003 |
2004 |
2005 |
2006 | |
Жұмыссыздар (мың адам) |
925 |
964 |
950 |
906 |
780 |
691 |
672 |
659 |
641 |
625 |
Жұмыссыздық деңгейі () |
13,0 |
13,1 |
13,5 |
12,8 |
10,4 |
9,3 |
8,8 |
8,4 |
8,1 |
7,8 |
Информация о работе Жұмыспен қамту және оны жетілдіру жолдары