Салық жүйесінің реформасы және оның даму сатылары
Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 14:58, курсовая работа
Краткое описание
Экономикалық категориялардың ішінде маңызды орын алатын – салық. Салықтың көмегімен мемлекет нарықтық экономикаға қатыса алады. Нарықтық қатынас жағдайларында әсіресе нарыққа өту кезеңінде салық жүйесі ең маңызды экономикалық реттеушінің бірі болып табылады.
Оглавление
КІРІСПЕ..............................................................................................................
1 САЛЫҚТАР ЖӘНЕ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
1.1 Салық ұғымы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні.........................
1.2 Салық жүйесі......................................................................................................
1.3 Салық алуды ұйымдастыру...........................................................................
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ РЕФОРМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ САТЫЛАРЫ
2.1 Қазақстан Республикасының салық рефомасының негізгі сатылары және салық реформасының қажеттілігі...................................
2.2 Қазақстан Республикасының салық түрлері.........................................
2.3 Қазақстан Республикасы салық жүйесінің реформасындағы басты бағыттар және экономикадағы дамуына тигізетін әcері.........
2.4 Салықтық реформалар және салық салу келешегі......................
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..........................................................................
Файлы: 1 файл
САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ РЕФОРМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ САТЫЛАРЫ.doc
— 345.00 Кб (Скачать)
Салық базасы. Салық базасы – салық салу объекктісі мен салық салуға байланысты объектінің құндық, заттай немесе өзге де сипаттамалары, олардың негізінде бюджетке төленуге тиіс салықтар және басқа да міндетті төлемдердің сомасы анықталады.
Салықтың негізгі базасы мыналар болып табылады:
Табысқа салынатын салық. Бұған корпорациялық табыс салығы мен жеке табыс салығы жатады.
Тауарларға салынатын салықтар. Олар қосылған құнға салынатын салықтардың, кеден баждарын кіріктіреді;
Капиталға салынатын салық. Оған жер салығы, мүлікке салынатын салық және басқалары жатады;
Салық өлшемі-есеп-қисап үшін белгіленген салық объектісін өлшеу бірлігі (теңге, табыс, айналым, т.б. , жердің бір гектары, тауарды өлшеу бірлігі және тағы басқалар).
Салық мөлшерлемесі. Салық мөлшерлемесе салық базасының өлшем бірлігіне салық есептеулерінің шамасын білдіреді. Ол салық базасының өлшем бірлігіне пайызбен немесе абсолютік соммамен белгіленеді.
Салық
салу практикасында
мөлшерлемелердің мынадай
түрлерін ажыратады:
тұрақты
прогресивті салық мөлшерлемесі. Бұл жағдайда прогресивті салық мөлшерлемесі табыстың артуына қарай өсіп отырады. Нәтижесінде салық төлеуші салықтың үлкен абссолюттік сомасын ғана емес, сонымен бірге оның үлесін де төлейді. Прогрессивті мөлшерлемелер ең алдымен табысы көп тұлғаларға ауыртпалық түсіреді;
регрессивті салық мөлшерлемесі. Олар табыстың өсуіне қарай төмендейді және табысы көп тұлғаларға тиімді болып келеді, ал табысы аз адамдардың иығына ауыртпалық түсіреді.
Салық
кезеңі. Жекелеген
салықтар мен басқа
да міндетті төлемдерге
қатысты белгіленген
уақыт кезеңі салық
кезеңі деп түсініледі,ол
аяқталған соң салық
базасы анықталады
және бюджетке төленуге
тиісті салықтар мен
басқа да міндетті
төлемдердің сомасы
есептеледі.
2.1
ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
САЛЫҚ ТҮРЛЕРІ
ЖӘНЕ САЛЫҚ
ЖҮЙЕСІНІҢ
РЕФОРМАСЫ
ЖӘНЕ ОНЫҢ
ДАМУ САТЫЛАРЫ.
2.1
Қазақстан
Республикасының
салық рефомасының
негізгі сатылары
және салық
реформасының
қажеттілігі.
Салық - өркениетті қоғам үшін және осы қоғамда өмір сүру құқығы үшін, салық жүйесінің әділеттіліг үшін басты төлем болып саналады.
Қазіргі экономистердің назары, көбінесе, дамушы мемлекеттердегі жүргізілетін реформалардың нәтижесінде көп түрлі жеке табыстардың және арнайы жағдайлардың динамикасын тереңдетіп зерртеуге болады, болып жатқан процестердің негізгі парпметрлерін анықтау, алынған нәтижелердің жоғары салыстырымдарын алу.