Дене шынықтыру жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2012 в 12:19, реферат

Краткое описание

Болашақ кәсіби практикалық психолог ретіндегі тренинг психологиясының
теориялық және практикалық мәселелерін зерттеу, талдау, түсінік қалыптастыру.

Оглавление

1. Тренинг жөнінде жалпы түсінік
2. Тренинг және практикалық психологияның мета-әдістері
3. Психологиялық тренингте мета-әдістерді қолдану кезінде кетуі мүмкін
қателіктер
4. Психологиялық тренингтің міндеттері

Файлы: 1 файл

Тренингтік қызмет негіздері.Дәрістер.pdf

— 449.99 Кб (Скачать)
Page 1
1 ТАҚЫРЫП
ТРЕНИНГ ПСИХОЛОГИЯСЫ: ӘДІСТЕРІ, ҰСТАНЫМДАРЫ, МАЗМҰНЫ
Сабақтың мақсаты:
Болашақ кәсіби практикалық психолог ретіндегі тренинг психологиясының
теориялық және практикалық мәселелерін зерттеу, талдау, түсінік қалыптастыру.
Жоспар:
1. Тренинг жөнінде жалпы түсінік
2. Тренинг және практикалық психологияның мета-әдістері
3. Психологиялық тренингте мета-әдістерді қолдану кезінде кетуі мүмкін
қателіктер
4. Психологиялық тренингтің міндеттері
Тренинг жөнінде жалпы түсінік
Өткен ғасырдың елуінші жылдарына жақын арнайы ұйымдастырылған тренинг
топпен психологиялық жұмыс жүргізудің ыңғайлы, конструктивті, тез әрекет етуші
формаларының бірі болып табылды. Тренинг арнайы психотерапевтік және
психологиялық түзету техникаларынан бөлек, іскерлік және рөлдік ойындарды, шешімді
топпен бірігіп табудың пікірталастық әдістерін, яғни қажетті дағдыларды қалыптастыруға
бағытталған тәсілдерді қамтуы қажет. Адамдардың тұлғалық өзіндік санасы мен кәсіби
дамуының қажетті психологиялық шарттарын жүзеге асыруға, мінез-құлықтары мен
әлемге және басқа адамдарға қатынасын өзгертуге, басқа психологиялық әдістер ішінде
тек тренинг қана жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Бірақ, әлі күнге дейін тренинг дегеніміз не екені анық емес.
Тренингтегі ең маңызды не деген сұраққа жауап іздесек, «тренинг» сөзінің өзіне
мән беру керек. Ағылшын тілінен алын-ған «тренинг» сөзі мен «жаттығу» сөзінің түбірі
бір. Жаттығу деген не? Жаттығу кезінде адам жаттығу жасайды. Жүзіп үйрену үшін жүзу
қажет екендігі айдан анық емес пе?
Тренинг және практикалық психологияның мета-әдістері
Тренингтің мақсаты неде? Бұл сұраққа жауап берместен бұрын, жалпы
практикалық психологтың жұмысының мақсаты неде екенін ойланып көрелік. Білім беру
саласы психологтың жұмысының мақсаты психологиялық көмек көрсету, психологиялық
қолдау көрсету, жетектеу, баланың оңтайлы дамуына жағдай жасау, психологиялық
денсаулығын және т.б. қамтамасыз ету керек деген пікірді біз жақсы білеміз. Осы
позиция-лардың барлығының арғы жағында мета-мақсаттың жатқандығы (баланың дамуы
және оның өміріндегі жағымды өзгерістер) белгілі. Бірақ психолог балаға жанама көмек
көрсету арқылы өзі сыртқары қалып қоятын кездері жиі болады. Бірақ көп жағдайда
психолог келушілері – балалар мен үлкендер – оған нақты бір сұрақпен келеді. Олар
психологтан қандай көмек күтеді.
Біріншіден, келуші өзі қалаған өзгерістерді өз бетінше жүзеге асыру үшін жетіспей
тұрған психологиялық қандай да бір ақпаратты қажет етуі мүмкін. Жоғары сынып
оқушысы мен педа-гогтың сұрайтыны: «Айтыңызшы, психологтар бұл туралы не
ойлайды». Мысалы, фирма қызметкері психологтан былай деп сұрайды: «Мен кейінгі
кезде өз әріптестеріммен жиі қақтығысып қаламын. Конфликтіге келмес үшін қарым-
қатынасқа қалай түсу керек?» Бұл жағдайдағы психологтың іс-әрекеті клиентке ақпарат
беру болып табылады.
Екіншіден, келуші психологтың тек ақпарат беріп қана қоймай, оны келушінің
нақты жағдайымен байланыстырып, келушімен бірге қажетті өзгерістердің жобасын
жасайды. Соларды жүзеге асырғанда келуші қалағанына жетуі қажет. Мұндағы басты
сұраныс: «Осы жағдайда мен не істеуім қажет». Мысалы, сіздің келушіңізді «Адамдармен

Page 2

қалай тиімді араласу керек» деген сұрақ емес, нақты «Мен Х және Y бөлімінің
қызметкерлерімен қарым-қатынасымды қалай ретке келтірсем болады» деген сұрақ
мазалауы мүмкін. Бұл жағдайдағы психолог іс-әрекетінің негізгі әдісі келушіге кеңес беру
болып табылады.
Үшіншіден, келуші психологтың тек ақпарат беріп немесе қажетті өзгерістердің
жобасын құрастыруға көмектесіп қана қоймай, сол өзгерістерді өзі жасағанын талап етуі
мүмкін. Басты сұранысы: «Менің өзімді жақсы сезінетіндей жағдай жасаңыз, маған
көмектесіңіз!» мысалы психолог әкесі мен жасөспірім ұлының арасындағы конфликтіні
шешуші фасилитатордың (делдал) қызметін атқаруы мүмкін. Немесе егер, отбасында
баланы үнемі жәбірлеу фактісі орын алса, мәселеге әлеуметтік қорғау мен үкімет
орындары құрылымдарын араластыруға мәжбүр болуы мүмкін. Бұл жағдайдағы психолог
іс-әрекетінің әдісі келуші өміріне тікелей араласу (интервенция) болып табылады.
Төртіншіден, келуші белгілі бір мәселеден құтылу үшін емес, оны болашақта әрі
қарай өзі шешіп үйрену үшін келуі мүмкін. Басты сұранысы: «Қазір қолымнан келмей
тұрған нәрсені жасай алуға үйретіңізші!». Мысалы, сіздің келушіңіз былай дейді: «Сіз
маған қарым-қатынасқа қалай түсу қажеттігі туралы айттыңыз. Бірақ, мен әлі олай жасай
алмаймын. Маған үйреті-ңізші!». Бұл жағдайдағы психолог іс-әрекетінің әдісі келушіні
белгілі бір іс-әрекетті жүзеге асыруға жаттықтыру болып табылады.
Осылайша, келушінің сұранысына орай практикалық іс-әрекеттің төрт негізгі
мақсатын (психолог іс-әрекетінің мета-әдістерін) бөліп көрсеттік.
Психологиялық жұмыстың алғашқы үш мета-әдісі келушінің келелі мәселелерін
шешу тәсілдері болып табылады. Ал төртіншісінің басқаларынан айырмашылығы,
қатысушылардың бар мәселелерін шешуге ғана емес, мәселелерді шеше алуға үйрену
мүмкіндігін бере отырып, оларды болашақта болдырмауға бағытталғандығымен
ерекшеленеді.
Тренинг барысында психолог ақпараттандыруды да, кеңес беруді де,
интервенцияны да жүзеге асыруы мүмкін. Тек олар негізгісіне айналып кетпеуі қажет.
Олай болған жағдайда тренинг әдіс ретінде өзінің ерекшелігін жоғалтады.
Психологиялық тренингте мета-әдістерді қолдану кезінде кетуі мүмкін
қателіктер
1. Ақпараттандырумен әуестену.
Тренингті
жүргізушінің
монологына
айналдыру
тренингтің
не-гізгі
атрибуттарының бірі - өздеріне қажетті іс-әрекетті игеруге келген қатысушылардың
белсенділігінен айырады. Бірақ бұл, тренер үнемі үндемей отыруы қажет дегенді
білдірмейді. Бірақ оның сөзі қысқа, әрі нұсқа болуы қажет. Егер ақпараттандыру аса қажет
болса, (айтыңызшы, психолог осы жайында не ой-лайды...?) тренер ол сұрақты топқа кері
бағыттап жіберуіне бо-лады. Бұл жағдайда тренердің ғылыми дәлелдер жайлы мәлім-
дегенінен гөрі, топтың пікірталасы анағұрлым пайдалы, әрі тиімді болмақ.
2. Кеңес беру және интервенциямен әуестену.
Өте жиі, әсіресе топтың жұмысының бастапқы сәтінде келу-шілердің сұрағы
көбінесе тренерге бағытталады. Қатысушылар, жаттықтырушы осының бәрін өзі
ұйымдастырды, ендеше неге өзі жауап бермеке деген ойға келеді. «Мен дұрыс жасадым
ба, әлде дұрыс жасамадым ба, осыған кеңес беруіңізді, әрі нұсқау-ларыңызды күтемін».
Алданып қалуыңыз әбден мүмкін!. Және де жаттықтырушы кейде өзі де қатысушыларды
«талдауға» да-йынмын деген сенімде болады.
Тақырыпты пысықтауға және бекітуге арналған сұ-рақтар:
1. Практикалық психологияның қандай мета-әдістерін бөліп көрсетуге болады?
Олардың маңызы неде? Психологиялық тренинг олардың ішінде қандай рөл алады?
2. Тренингте жүргізуші жіберуші мүмкін қатетіктерді атаңыз.
3. Тренингтің маңызды міндеттері қандай?

Page 3

2 ТАҚЫРЫП
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГТЕГІ СУБЪЕКТІЛІК ПАРАДИГМА
Сабақтың мақсаты:
Психологиялық тренингтің субъектілік парадигмасының мазмұны мен маңызын
оқыту және практикада қолдану білік, дағдыларын қалыптастыру.
Жоспар
1. Әлемнің механикалық, стереоскопиялық, вариативтік және субъектілік бейнесі
2. Адамның субъект ретіндегі сипаттамасы
3. Адам және оның мүмкіндіктері
4. Экологиялық әлем және оның сипаттамалары
5. Субъект болу қажеттілігі
6. Психологиялық тренинг және субъектілікті дамыту
Адам субъект ретінде объективті әлемде өмір сүреді.
Объект – ол бізден сыртқары әрі бізге тәуелсіз өмір сүреді. Яғни ешкімге тәуелсіз ,
бәріне бірдей объективті әлем бар дегенді білдіреді ме? Бұл осылай ма?
Бұл сұраққа жауап бермес бұрын, әр адамның мүлдем әр алуан әлем бейнелері бар
екенін ескеру керек. Тренингке қатысушылардың, оның ішінде олардың әлемдерінің
бейнелері санадан тыс па деген ой келеді. Әр түрлі адамда кездесетін әлем бейнелерінің
типтерін жасап көруге болады. Тренингке қатысушыларды осы типтермен таныстыру,
олардың өздерінің жанына жақын әлем бейнесін түйсінуіне, және егер қаласа – өзінің
ойларын өзгертуге көмектеседі.
Әлемнің механикалық бейнесі
Оның негізінде әлем – ол өте дәл құрастырылыған механизм, ондағының барлығы
физиканың, химияның, биологияның және т.б. «темірдей қатты» заңына бағынады, әрбір
әрекеттің жазып алуға, өлшеуге, игеруге болатын алдын ала белгілі және заңды салдары
бар деген түсінік жатыр.
Әлемнің стереоскопиялық бейнесі
Әлемнің мұндай бейнесі алдыңғысынан анағұрлым өзгеше. Оның негізінде әлем –
ол жекелеген элементтері тікелей және жанама байланыстармен жалғанған жүйе деген
түсінік жатыр. Кез-келген әрекеттің әрі қарайғы өзара әрекетке белгілі бір өзгеріс енгізетін
жаңғырығы болады. Әлем объективті, бірақ түрлі адамдарға субъективті бейнеде көрінеді,
олар сол бойынша өмір сүреді. Ол бейнелер шындыққа белгілі бір деңгейде жанасуы да
мүмкін, бірақ ешқашанда оған біржола сәйкес келмейді. Сондықтан да барлық адамдар
үшін әлем бірдей болуы мүмкін емес. Жағдай әрбір сәт бақылаушыға мүлдем басқа
көірінс болып көрінген стереоскопиялық әсерге ұқсайды.
Әлемнің вариативтік бейнесі
Алдыңғы екеуінен анағұрлым өзгеше. Оның негізінде әлемде біржақты ықпал ету
мүлдем жоқ, үнемі өзара әрекеттестік бар деген түсінік жатыр. Әрбір ықпал-себеп оны
тудырған әрекеттің ағу шарттарын анықтайтын салдарды туғызады. Сондықтан да әлем
объективті болғанмен, әр түрлі адамдар үшін біркелкі емес, алуан түрлі.
Әлемнің субъектілік бейнесі
Әлемнің осы үш бейнесінің негізінде қос әлемдікдің барлығы жайындағы түсінік
жатыр: өздігінен өмір сүретін, адамға тәуелсіз объективті әлем бар және адамның
психологиялық әлемі (түсініктері, көңіл-күй ахуалдары, қарым-қатынастары және т.б.) бар

Page 4

– алғашқысы философияда «тіршілік ету», ал екіншісі «сана» ретінде белгілі. Бұл
парадигмалардың жақтаушылары адамдардың барлығына бірдей объективті әлемде өмір
сүретініне шек келтірмейді.
Адамның субъект ретіндегі сипаттамасы
Экологиялық әлемді адам өзін субъект ретінде көрсетеді.
Мүмкіндікті субъектілік деп те, объектілік деп те сипаттауға болмайды. Адамның
экологиялық әлемін анықтайтын да осы. Яғни, адам субъект ретінде өзінің субъектілік
әлемінің – өзінің өмірі өтіп жатқан «сыртқы» әлемінің «негізінде жатады». Басқаша
айтсақ, қандай экологиялық әлемде өмір сүрем деу адамның тек қана өз қолында.
Шынайы субъект болу үшін, адам өз бойында бірнеше қабілеттерді дамытуы керек
(С.Д.Дерябо бойынша):
1. Өзін-өзі реттеу. Бұл адамның өз қасиеттерін қоршаған әлемнің қасиеттерімен
сәйкестікке келтіре алуы.
2. Өзіне өзі себеп болу. Бұл өзінің экологиялық әлемінің өзгерістеріне, оның ішінде
өзіне-өзі себепкер болу.
3. Өзін-өзі дамыту. Бұл жағдайлар туындататын өзіндік шекаралар мен
қоршаулардың сыртына шыға алу қабілеті.
Адам және оның мүмкіндіктері
Жоғарыда айтылғандардан: адамның экологиялық әлемінің қандай болуы оның
қандай қасиеттерге ие болуына тәуелді деген қорытынды жасауға болады.
Өзінің қасиеттерін (білімін молайтып, жаңа біліктерді игеріп, тұлғалық сапаларын
дамытып және т.б) адам өзінің мүмкіндіктерін арттырады, олай болса – өзінің
экологиялық әлемінің де кеңсітігін молайтады.
Экологиялық әлем және оның сипаттамасы
Сонымен экологиялық әлем дегеніміз не?
Экологиялық сөзі көбінесе қоршаған ортаны қорғауға байланысты жиі
қолданылады. Бірақ оның одан да кең мағынасы бар. Экология сөзі ойкос және логос
деген екі бөліктен тұрады. Логос сөз, ой, сана, заң дегенді білдіреді.
Ойкос грек тілінен аударғанда «үй, отан» деген мағынаны береді. Үй бұл жерде кең
мағынада қолданылып отыр. Ойкос түсінігінен ең алдымен, мені қабылдаған және мені
қабылдаған әлемді өзгертуге қабілеттілікті көруге болады. Өз үйіңді өзіңе ыңғайлы
қалыпқа келтіргенде, басқаның да мүмкіндіктерін ұмытпау керек, бірақ сен өз үйіңде
болып жатқандарға жауаптысың.
Субъект болу қажеттілігі
Кез-келген адамның мінез-құлқы – адамның басты қажеттілігі – субъект болу
қажеттілігін жүзеге асыруға бағытталған белсенділік.
Адам қоршаған орта талап еткендіктен субъект болуға ұмтылмайтынын естен
шығармау керек. Адамның табиғаты сондай: өз әлемінің субъектісі бола алмаса, ол нағыз
Адам бола алмайды. «Менің атым Қожа» фильмінде Қожаның ұстазы оның досының
«шырағын жаға алмадым» дегені осыған мысал бола алады.
Менің өмірімдегі оқиғалар
Өмір неден тұрады?
Біздің өткен экологиялық әлемімізге өтуге рұқсат беретін естеліктерде тек қана
оқиғалар бар, басқаша айтқанда, тек бізге маңызды, басты нәрселер ғана сақталады.
Оқиғаалр ғана біздің өмірімізді қарқвнды әрі толық етіп, дамуға мүмкіндік береді.
Оқиғалар – адамның экологиялық әлемін түбегейлі өзгертеді.

Page 5

Ақылды, терең әрі өз ісін сүйіп атқаратын адаммен кездесу (психолог осындай
болу керек) өмірлік қиындықтары бар тренингке қатысушылар үшін оқиға болып
табылады – олардың субъектілігін дамытудың маңызды шарты осы. Сондықтан да
адамдарға көмектесуші психолог жасай алатын басты нәрсе, - ол олармен субъект-
субъектілік қарым-қатынасты орната алу.
Психологиялық тренинг және субъектілікті дамыту
Адамға және оның мінез-құлқына субъект ретінде қарау тренинг жұмысын
түбегейлі өзгертеді. Субъектілік парадигмада үдерістің өзі аңызды: ол адамның өз
экологиялық әлемін құрудағы қазіргі сәттегі жетістіктері емес, оның – осы үдерісінің
қарқыны маңызды.
Практикалық іс-әрекетте субъектілік парадигманы жүзеге асыру тренердің
түбегейлі өзгеруін талап етеді.
Тақырыпты пысықтауға және бекітуге арналған сұрақтар:
1. Әдеттегі санада таралған әлем туралы бейнелердің маңызын ашыңыз
2. Адам субъект ретінде неден тұрады? Оның маңызды сипаттамасы неде?
3. Адам мен әлемнің өзара бірін-бірі толықтыруы дегеніміз не?
4. «Субъектілік» деген түсініктің маңызын ашыңыз
5. Экологиялық әлемнің негізгі сипаттамалары қандай?
6. Тренингте субъектілікті дамытудың негізгі шарттары қандай?

Page 6

3 ТАҚЫРЫП
ТРЕНИНГТІК ӘДІСТЕРДІҢ МАҢЫЗЫ
Сабақтың мақсаты:
Практикалық психологтың кәсіби іс-әрекетіндегі тренингтік әдістердің теориялық
және практикалық аспектілерін қолдану жөніндегі білім, білік, дағдыларын қалыптастыру.
Жоспар
1.Тренингтік әдіс туралы жалпы түсінік
2. Тренинг әдістерін жүзеге асырудың маңызды ұстанымдары
3. Оқиға тренинг болмысының өлшем бірлігі ретінде
Тренинг әдістері туралы айтқанда, әдістер болмыстың объектісіне емес,
субъектісіне бағытталғандығын атап кету қажет. Бұдан жекелеген қатысушыларға және
топқа бағытталған тренинг әдістерінің классификациясы туындайды. Алайда, тренинг
барысында индивидуалдық және топтық үрдістер араласып кетеді, сондықтан да тренер
тренинг әдістерін үш деңгейде жүзеге асырады:
1) топта – жеке қатысушымен; әдетте ол индивидуалдық психологиялық түзету
немесе кеңес беру жұмыстарының техникаларын көпшілікке көрсету кезінде топ-тың бір
мүшесі мен жүргізушінің диадалық өзара әрекетінде көрінеді немесе байқаушылар
алдында белгілі бір психотерапия бағытының сеансын өткізу барысында немесе
барлығына бірдей маңызды тақырыпты талдау барысында туындаған диалог ке-зінде
көрінеді;
2) топпен бірге – біртұтас түрде; мұндай жағдайда жүр-гізуші топтың барлық
мүшесі бірігіп орындайтын тапсырма бе-реді және де жекелеген қатысушыларға емес,
нақты топқа (не-месе топшаға) арнайы береді (мұндай әдіс команда қалыптастыру
тренингтері мен біріктіру тренингтерінде аса маңызды);
3) топ арқылы – топтың құралдары арқылы жекелеген қатысушыға бағытталады;
бұл деңгейдегі жұмыс сырттан қара-ғанда алдыңғыға ұқсайды, алайда бұл жерде
жүргізуші топтың ресурстарын қатысушылардың бір немесе бірнешеуіне ықпал ету үшін
жасырын түрде қолданады (әрине, психологиялық көмек көрсету мақсатымен).
Тренингте түрлі оқиғаларды басатн кешіру қажет, өйт-кені тек оқиғалар ғана
тренингтің маңызды мазмұнына жатады. Оқиға болмаса – тренинг те болмайды.
Сонымен, тренинг әдісі – тренинг кеңістігі мен уақыты аралығында
қатысушылардың өмірі мен өз жеке бастарында өз-геріске қол жеткізу мақсатымен
олардың белсенділігін ұйымдастыру тәсілі.
Тренингтің оқиғаға толы болуы, мына үш ұстанымнан көрініс табуы қажет.
Жоғарыда аталған ойдан соң, бұл ұстанымдар қисынды болып табылады:
1) қозғалысты ұйымдастыру; 2) кеңістікпен қамтамасыз ету; 3) уақытпен
қамтамасыз ету. Көп оқиғалы ұстаным, метафоризация ұстанымы және трансспектив
ұстанымы осыған сәйкес.
Көп оқиғалылық ұстанымы. Бұл ұстанымның маңызы мынада: тренингті өткізу
барысында психолог оның қозға-лыстарын қатысушылар өзінің және маңайындағылардың
бо-йындағы өзгерістерді тұтастық, бірлік ретінде қабылдайтын өзара байланысты
оқиғалар тізбегіне айналдыруды қамтамасыз етуі қажет.
Метафоризация ұстанымы. О.А.Свирепо мен О.С.Туманов (2004, 9 ) былай деп
жазады: «Өте ертеде Ежелгі Грецияда адамдар алыс жолға шығып бара жатқанда қыш
плас-тинаның бір сынығын өзі алып, келесі сынығын өздерінің одақ-тастарына немесе өте
жақын адамдарына қалдырып кететін болған. Егер келесі кездесуге дейін арада жылдар

Page 7

өтетін болса, сырт келбеті өзгеріп, адамдар бір-бірін танымай қалса, онда көмекке жаңағы
пластиналар келетін болған, ол symballon – тұтастың бір-біріне сәйкес келетін
сынықтары».
Трансспектив ұстанымы. Бұл ұстанымға сәйкес психолог қатысушылардың
тренинг жағдайында оқиғаларды өткен мен болашақтың оқиғаларымен бірлікте, бір уақыт
аралығында бастан кешулері үшін жағдай жасауы қажет. Өтіп жатқан оқиғалар қазіргі
сәтті ғана емес, өткенді де, болашақты да өзгерте алады. Оны психоанализдегі
ығыстырылған естеліктер мен өткен күндер оқиғаларын қайта қарау немесе НЛБ – дағы
«болашақты бағдарлау» мысалдары арқылы көрсетуге болады. Осылайша, оқиғалар өткен,
бүгінгі немесе болашақ күндерде де емес, трансспективтік жағдайда, яғни бір мезетте
өткенді де, бүгінгіні және болашқты да «тесіп өтеді».
Психологияда алғашқылардың бірі болып экологиялық тәсілдің негізін қалаушы
Дж. Гибсон «оқиғаға» категориялық мәртебе берді. Е.И.Головаха мен А.А.Кроник өмірлік
перспективаларды жоспарлау мен бағалауда «оқиғалар тәсілін» қолдану идеясын ұсынды.
Ю.М.Жуков тренинг мазмұнын түсінуші оқиғалар тәсілін жан-жақты қарастырады (2004,
162 б.)
Ол оқиғамен жұмыс істеудің бірқатар кезеңдерін бөліп көрсетеді:
1) идентификация - өмір ағымынан оқиғаны бөліп алу, не? Қайда? Қашан болған
оқиғаның сұрағына жауап беру;
2) интерпретация – оқиғалардың себебін, шарттарын, тетіктерін және соңынан
болатын салдарын анықтау;
3) квалификация – болашақта қажетті үлгі контекстіне оқиғаны қойып көру
(көмектеседі ме, әлде кедергі келтіреді ме?)
Уақыт тұрғысынан алғанда тренингте қандай оқиғалар орын алады?
Біріншіден, олар топ мүшелерінің тренингке дейін басынан өткерген оқиғалары. Ол
өзіңе сенімділік ұялататын (ресурстық) және психологиялық жарақаттаушы,
конструктивті, деструктивті, ішкі және сыртқы, жағымды және жағымсыз оқи-ғалар
болуы мүмкін. Келуші өзінің басынан өткен оқиғаны өзімен бірге ала келуі мүмкін, топта
нақты осы оқиғамен жұмыс жасау қажет.
Екіншіден, ол тренингте туындайтын оқиғалар. Олар инсайт, катарсис, шынайы
қақтығыстар, басқа адамды «сезіну» және т.б. болуы мүмкін. Мұндай оқиғалар болмаса,
келушінің шынайы өзгере қоюы күмәнді.
Үшіншіден, ол оқиғалар әлі болған жоқ, бірақ тренинг өткен соң жүзеге асқаны
жөн. Олардың үлгісі жасалынып, құрастырылады. Олар мінез-құлық репетициясы және
кейбір білік-терді қалыптастыру формасында жүзеге асуы мүмкін.
Тренингтің кеңістікте өтетін оқиғалары қайда өтуі мүмкін?
Біріншіден, адам ішкі әлемінің кеңістігінде (психологиялық кеңістік), екіншіден,
дискурс кеңістігінде өтуі мүмкін. Дискурс (фр. тілінен discourse – сөйлеу) – оқиға
аспектісіндегі мақсатқа бағытталған әлеуметтік өзара әрекет ету жағдайындағы және
экстралингвистикалық, прагматикалық, психологиялық және басқа да факторлардың әсер
етуінен туындайтын байланысты сөйлеу.
Үшіншіден, тренинг өтіп жатқан ғимараттың физикалық кеңістігінде оқиғалар өтуі
мүмкін. Ол қатысушылардың қозғалыс белсенділігімен байланысты. Тренингке
қатысушыларды кеңістікте орналастырудың кең тараған түрі – шеңбер. Неліктен шеңбер?
Ол геометриялық пішіндер ішіндегі идеалы. Ол теңдік символы.
Алайда жұмыс барысында түрлі оқиғалардың туындауына байланысты
қатысушылардың кеңістіктегі орналасуын ауыстырып отыру қажет.

Page 8

1) ішкі әлем кеңістігімен жұмыс жасағанда, мысалы, сурет салғанда
қатысушылардың шеңберден шығуларын өтіну қажет. Кейбір жағдайларда көрпеде жату
және т.б.;
2) дискурс кеңістігінде шеңбер оңтайлы;
3) физикалық кеңістік қажет болса, орындықтарды қабырғаға қарай ысырып қойған
жөн.
Тақырыпты пысықтауға және бекітуге арналған сұрақтар:
1. Тренингтік әдістің анықтамасын беріңіз. Бұл ұғымның маңызды белгілерін
ашыңыз.
2. Психолог жұмысының әрбір деңгейін нақты мысалдармен көрсетіңіз: а) топта; ә)
топпен бірге; б) топ арқылы.
3. Неліктен
оқиға
категориясы тренинг
болмысының
бірлігі
ретінде
қарастырылады?

Page 9

4 ТАҚЫРЫП
ӨТКЕН ОҚИҒАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДІҢ ТРЕНИНГТІК ӘДІСТЕРІ
Сабақтың мақсаты:
Психологиялық тренингте қолданылатын топпен жұмыс жасаудың түрлі
классификацияларын зерттеу, талдау, қолдану біліктерін қалыптастыру.
Жоспар
1. Регрессия әдіс
2. Тәжірибе алмасу әдісі
3. Имитация әдісі
Регрессия әдісі психологиялық қайта қарауды және ішкі әлем тұрғысынан
қайтадан бастан өткеруді қажет ететін оқиғаға тағы да тренердің көмегімен үңілуді қажет
етеді. Бұл әдістің түрлері өте көп. НЛБ-да ол құрылымды регрессия (немесе жеке оқиғаны
өзгерту әдісі), ал гештальттерапевттерде «өткенге саяхат шегу», трансактілі талдауда және
т.б да бірқатар бағыттарда – шешілу әдісі деп аталады.
Кейде өткен оқиғаны психологиялық кеңістікте бастан өткеру, қазіргі сәтте өтіп
жатқан оқиға ретінде қабылданатын арнайы немесе өздігінен пайда болған транстың
әсерінен бо-лады. Маңыздысы өткен оқиғаны қайтадан бастан кешу келушінің өзгеруіне
(оның пайымдаулары, жағдайды шеше алу білігі) ықпал етуі қажет. Олай болмаса,
оқиғаны қайталап бастан өткерудің мамұнсыз қайталана беруі туралы ғана айтуға болады.
Психотерапияда жағымсыз қобалжулар, көбіне – қорқыныш тудыртаын
оқиғалармен немесе нысандармен пациенттің шынайы қақтығысып қалуын тудыратын
регрессия әдісінің алуан түрлері тереңге бойлау деп аталады. Мамандардың пікірі
бойынша, тереңге бойлау техникасының негізінде жағдайды шынайы сынақтан өткізу,
олардың маңызы өз мүмкіндіктерін қайта бағалау, адекватты емес тілектерді түзету
жолымен қорқынышты өшіру тетігі жатыр деп с аналады. Альберт Бандура құрастырған
символикалық үлгілендіру әдіс-темесінде психологиялық кеңістікте өткен оқиғалардың
түрін өзгерту жұмысы айқын көрінеді. Бұл әдістеменің шеңберінде мінез-құлықтың
тұрақты таптаурынын елестету деңгейінде бас-қасына біртіндеп ауыстыру арқылы түрін
өзгерту міндеті қойылады.
Жағымсыз (жарақаттаушы) оқиғаны басынан өткерген адамдармен психологиялық
тренинг жүргізгенде регрессия әдісі қажетті болып табылады. Бұл әдіс, мысалы емтихан
немесе келіссөздер жүргізер алдында өз-өзіне сенімділікті тудыруда жақсы нәтиже береді.
Бұл жағдайда регрессия әдісі былайша жүзеге асады: топ мүшелерінің көздерін
жұмып, кезінде өзіне сенімді, сәтті болған оқиғаны неғұрлым айқын есіне түсірулерін
өтініңіз. Сәтті оқиғаларға терең бойлау және сол жағдайды есте сақтау қажетті сәтте тиісті
көңіл-күйді еске түсіріп және оны қосымша ресурс ретінде қолдануға болады.
Тәжірибе алмасу әдісі.
Тренер жұмысының бұл тәсілін өмірбаянды келелілендіру әдісі деп атауға болады.
Көбіне қатысушылар өздеріне ерекше маңызды қандай да бір оқиғаларын басқаларымен
бө-ліседі. Басқаға өзінің субъектілігін ашқанда қатысушылар өзінің субъектілік әлемін
құру тәжірибесін ұсынады, бұл тәжірибе топтың басқа мүшелерінің мүмкіндіктерін
арттырады.
Психологтың индивидуалдық жұмысында пайда болуы мүмкін оқшаулануға
қарама-қарсы топтық тәжірибе психологиялық жұмыстың бұл әдісінің басты
артықшылықтарының бірі. Келуші кеңес берушімен өзара әрекет етуде, мұндай мәселе тек
өзінде ғана бар тәрізді сезімнен арыла алмайды. Кабинет сыртындағы адамдар бақытты,
уайымсыз, тек сол ғана бақытсыз тәрізді сезінеді.

Page 10

Тренингтік топқа келгенде адам өзінің мәселесі сияқты мәселе басқаларда да бар
екендігіне көзі жетеді. Басқалардың мәселесі оның мәселесімен салыстырғанда өте үлкен
болып кө-рінеді және олар өмір сүруде, әрекет етуде және өмірге құштарлығын
жоғатпаған. Көпшілік үшін бұл жаңалық өте күшті психотерапиялық фактор болып
табылады.
Кейбір топтарда тәжірибе алмасу әдіс негізгі болып саналады (мысалы, «жасырын
маскүнемдер» немесе «жасырын нашақорлар»). Тәжірибе алмасу әдісінің кең тараған
формаларының біріне өмірбаяндық сипаттағы топтық дискуссиялар жатады. Алайда
адамның өмірдегі қиындықтары басқа қатысушыларға қарағанда анағұрлым күрделі болса
және басынан өткен оқиғаның жарақаты мол болса, онда тек осы әдісті қолданатын
топтағы жұмыс индивидуалдық кеңес беруден пайдалырақ болуы неғайбыл.
Имитация әдісі.
Мінез-құлықты имитациялық үлгілендіру көптеген теориялық бағыттарда
қолданылатын рөлдік ойындардың негізгі элементі. А.Адлердің және К.Г.Юнгтің
психоаналитикалық мек-тептерінде, психодинамикалық бағытта, К.Роджерстің тұлғаға
бағытталған тұжырымдамасында, бихевиористтік бағыттарда да қолданылған. Рөлдік
ойындардың әсер ету тетіктерін австриялық психиатр Дж.Мореноның психодрамалық
бағыты қолдана бастаған.
Джекоб Морено психодрама, социодрама, әлеуметтік психиатрия және т.б.
бағыттардың негізін қалаушы. Психодраманың тұжырымдамасына сәйкес имитиация әдісі
мынадай жағдайларда қолданылады:
Біріншіден, келушілер өздерінің конфликтілерін айтудың орнына, оны сахналық
әрекет ретінде елестетеді. Көмекші адамдардың (топтың басқа мүшелері) және қажетті
заттардың (көп жағдайда символикалық) көмегімен қоршаған орта факторы үлгіленеді
(нақтыланады);
Екіншіден, ойналушы мінез-құлық аутентикалық, яғни пациент елестеткен
сипаттама оқиға болып жатқан сәттің психологиялық ахуалын шынайы бейнелеуі қажет;
Үшіншіден, психодрамадағы имитация әдісі іріктеп күшейтуді (фокусировка)
қолданады, яғни оқиғаның белгілі бір, нақты, неғұрлым маңызды аспектілеріне акцент
жасайды;
Төртіншіден, ашық эмоционалдық реакциялар мен мінез-құлықтың жаңа түрлерін
көрсетуге кедергі келтіретін түрлі факторлары бар шынайы оқиғаға қарағанда,
имитациялық оқиға адам үшін қорғалған әрі қауіпсіз болып табылады. ол психологиялық
және әлеуметтік-мәдени реинтерпретациялануға жаңа мүмкіндік береді;
Бесіншіден, имитациялық үлгілендіру үрдісі ойналған эпизодтардың өзара
байланысының бірізділігінен тұрады және бастапқыдағы оқиғамен байланысы бар өткен
оқиғаларға өтуге мүмкіндік береді.
Өткен оқиғалардың жүгін арқалап жүрудің еш маңызсыз екендігін
психодраматистер арасында танымал «Ауыр жүк туралы аңызды» келтіруге болады.
Алайда практикалық психологтардың қоржынында бар рөлдік ойындардың
барлығын имитация әдісіне кіргізуге болмайды. Рөлдік ойындарға мына ойындарды
жатқызуға болады: 1) жағдаяттық-рөлдік ойындар; 2) бастан өткеру ойындары; 3) драма
ойындар; 4) шығармашылық ойындар; 5) спонтандық-импровизациялық ойындар.
Имитациялық әдістердің ішіндегі тренингтерде белсенді қолданылатын
жағдаяттық-рөлдік ойындар. Топ мүшелерінің біреуінің басынан өткен оқиғаны негізге
алып, оның нұсқауы мен алдын-ала белгіленген рөлдері, белгілі сюжеті бар ойын
жағдаяттық-рөлдік ойын дегенді білдіреді. Рөлдер саналы түрде барлығының келісуімен
немесе оқиғасы жалпының оқиғасына айналған қатысушының пікіріне орайлас бөлініп
беріледі. Оқи-ғаның өріс алуына қарай тренер орындаушыларға сұрақтар қою арқылы
араласа алады. Мұндай ойынды орындағанда бастапқы жағдаят трансформацияға
ұшырауы мүмкін: яғни оқиға физикалық кеңістікте тағы бір рет өтеді, бірақ бұл жолы

Page 11

басқаша өтеді. Жағдаяттық-рөлдік ойынның маңызды қызметіне, адамға ауыр тиген
оқиғаны психологиялық түсінік бойынша неғұрлым қауіпсіз жағдайда бастан өткеру,
оның жағымсыз ықпалынан арылу арқылы ерекше тәжірибе алу, таңдау мен талдау жолы
арқылы ойын барысында да, шынайы өмір жағдайында да тиімді мінез-құлық паттернін
табу жатады.
Тақырыпты пысықтауға және бекітуге арналған сұрақтар:
4) Тренингтегі «регрессия әдісі» түгінігінің мазмұнын ашыңыз.
5) Тренингтегі «тәжірибе алмасу әдісі» түсінігінің мазмұнын ашыңыз.
6) Тренингтегі «имитация әдісі» түсінігінің мазмұнын ашыңыз.
7) Тренингтегі жағдаяттық-рөлдік ойынның ерекшеліктері неде?

Page 12

5 ТАҚЫРЫП
ТРЕНИНГТЕ ТУЫНДАЙТЫН ОҚИҒАЛАРМЕН ТРЕНИНГТІК ӘДІСТЕР
АРҚЫЛЫ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ
Сабақтың мақсаты:
Психологиялық тренингте қолданылатын топпен жұмыс жасаудың түрлі
классификацияларын зерттеу, талдау, қолдану біліктерін қалыптастыру.
Жоспар
1. Қатысуды шоғырландыру әдісі
2. Топтық рефлексия әдісі
3. Диспозиция құру әдісі
Қатысуды шоғырландыру әдісі. Бұл әдісті жүзеге асырғанда тренер
қатысушылардың назарын осы сәтке аударуға ұмтылады. Көп тараған әдісіне түйсінуді
оятатын ерекше сұрақтар жатады. «Сен қазір нені сезініп отырсың?» «Не ойлап
отырсың?», «Денеңде қандай өзгерістер болды?». Бақса бір әдісіне фиксация
(констатация) жатады. «Сен қазір Сәуленің сенің ашуыңды келтіретінін айттың, көзіңді
төмен түсірдің».
Денеге бағытталған терапияның кейбір жаттығулары, өзін-өзі талдау тапсырмалары
осыған ұқсас. Бұл технологиялардың ортақ қасиеттеріне қатысушылардың өткеннен
әкелін-беген, қазіргі сәттегі оқиғаларды өз бойынан өткереді.
Топтық рефлексия әдісі. Бұл әдіс «болатын» оқиғалармен жүргізілетін әдістер
тобында ғана емес, сондай-ақ тре-нинг әдістерінің ішінде де ең негізгісі болып табылады.
Пікірталастар былайша жіктеледі:
Мақсаты бойынша: 1) ақпараттандырушы (ақпарат жи-науға бағытталған); 2)
конфронтациялық (қарама-қарсы пікірлерді айтуға бағытталған); 3) императивтік (ортақ
мәмілеге келуге бағытталған);
Нәтижелілігі бойынша: 1) конструктивтік; 2) конструктивті емес;
Жетекші детерминанта бойынша: 1) зерттелуші нысанның қарама-қайшылықты
табиғатына орай туындаған; 2) ескі және жаңа білімдердің жеткіліксіздігінен туындаған;
Ұйымдастыру деңгейі бойынша: 1) құрылымы бар (алдын-ала жоспарланған
тақырыбы және өткізілу уақыты мен тәртібінің болуы); 2) құрылымсыз (аяқ асты дамиды
және уақыты формалды шектелмеген);
Соңғы критерий бойынша: 1) айқын көшбасшысы бар пікірталастар; 2)
көшбасшысы жоқ пікірталас; 3) көшбасшысы ауыспалы пікірталастар.
Тренингтік пікірталастарда өзара түсіністік оның жемісті болуының негізі болып
табылады.
Тренингтік топтарда бағаланбайтын кері байланыс қол-данылады. Мысалы: «Сенің
Шолпанға қатынасыңды көргенде, мен ұяламын әрі ренжимін», «Білесің бе, Қайрат, сен
оңбаған адамсың» деген тәрізді пайымдауларға жол берілмейді.
Шынайы өмірде адам шынайы, бағасыз кері байланысқа түсу мүмкіндігі бола
бермейді. Өзі туралы жұмыста да, үйде де адам көп пікірлер естуі мүмкін. Бірақ ол
пікірлер адамға баға беруден, сынаудан, білместіктен айтылуы мүмкін, сондықтан да
мойындамау, қорғаныс тетігі жүзеге асуы мүмкін.
Диспозиция құру әдісі.
Бұл әдіске көптеген рөлдік ойындар, топ мүшелері арасындағы қалыптасқан
қарым-қатынастар жүйесін жетілдіретін жаттығулар кіреді.

Page 13

Бұл техникалардың барлығы тренинг өтіп жатқан ғимараттың физикалық
кеңістігінде «осы жерде және қазір» ұстанымы арқылы ұйымдастыруға жағдай жасайды.
Психологиялық тренингте ойын екі ең маңызды қызмет атқарады: диагностикалық және
дамытушы.
Ойынның диагностикалық қызметі алдын ала болжанатындығымен ерекшеленеді,
біріншіден, адам ойын кезінде «барын салады» (физикалық күші, интеллект,
шығармашылық), екіншіден, ойынның өзі адамның ашық, шынайы болуына жағдай
жасайды.
Ойынның дамытушы қызметі адамның маңызды күш-қуатын ашу жолындағы баға
жетпес әсері. Диспозиция құру әдісіне қатысты рөлдік ойындарға бастан кешіру
ойындары, дарама ойындар.
Тақырыпты пысықтауға және бекітуге арналған сұрақтар:
1. «Диспозиция құру әдісі» түсінігінің мазмұнын ашыңыз. Бұл әдісті нақты
қолдану мысалын келтіріңіз.
2. «Қатысуды шоғырландыру» түсінігінің мазмұнын ашыңыз. Бұл әдісті нақты
қолдану мысалын келтіріңіз.
3. «Топтық рефлексия әдісі» түсінігінің мазмұнын ашыңыз. Бұл әдісті нақты
қолдану мысалын келтіріңіз.
4. Тренингте ойындар қандай рөл атқарады?

Page 14

6 ТАҚЫРЫП
ҚҰРАСТЫРЫЛАТЫН ОҚИҒАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДІҢ
ТРЕНИНГТІК ӘДІСТЕРІ
Сабақтың мақсаты:
Психологиялық тренингте қолданылатын топпен жұмыс жасаудың түрлі
классификацияларын зерттеу, талдау, қолдану біліктерін қалыптастыру.
Жоспар
1. Символикалық өзін-өзі көрсету әдісі
2. Мәселені топпен шешу әдісі
3. Операционализация әдісі
Символикалық өзін-өзі көрсету әдісі (құрастырылушы оқиғаның психологиялық
кеңістікте жүзеге асуы )
Мәселені топпен шешу әдісі (құрастырылушы оқиғаның дискурс кеңістігінде
жүзеге асуы)
Операционализация әдісі (құрастырылушы оқиғаның физикалық шындық
кеңістігінде жүзеге асуы)
Символикалық өзін-өзі көрсету әдісінің аясына енетін техникалар мен
жаттығулардың көпшілігі әлемді, өзін және басқаларды жаңаша түйсінуін психологиялық
кеңістікте жобалау мен жақсартуға бағытталуы тәрізді ортақ сипаты бар. Бұл
техникалардың маңызды формасы символизация болып табылады. Медитация –
визуализация, белсенді қиялдау мен имаготерапия және имагогика техникаларының
тәсілдері, проективті суреттер, ертегі шығару, НЛБ-ның көптеген жаттығулары, құмнан,
саз балшықтан, пластилиннен, қағаздан немесе матадан жасалған бұйымдар. әлеуметтік
перцепцияны дамытудың кейбір әдіс-темелері және көптеген тағы да басқа әдістемелер.
Өз шығармашылықтарының жемісін белгілі бір уақытқа дейін ешкім қабылдай алмайтын
жағдайда қатысушылардың жеке-дара шығармашылық белсенділіктерінің туындауына
жағдай жасау бұл техникалардың ерекшелігі болып табылады. Басқаша айтсақ,
актуализация тек психологиялық кеңістікте ғана жүзеге асады. Егер бұл бұйымдар
(суреттер, ертегілер, бейнелер) топтың талқылауына шығарылса, онда ол басқа шындыққа
көшуді және оқиғаның басқа түріне ауысуды білдіреді. Ол тренердің басқа әдістерді
қолдануын қажет етеді.
Символикалық өзін-өзі көрсету әдісінің аясындағы қазіргі заман ғылымының даму
деңгейіне тән психологиялық технологияларды іздеу, өзін-өзі дамыту мақсаттарына сай
өзгеретін ішкі әлем мазмұнымен анағұрлым тығыз байланысты болатын материал
таңдауға бағытталады.
Әлемді және өзін-өзі түйсінуді өзгерту мүмкіндігіне, мысалы, ертегі терапиясы
құралдарын қолдану (немесе кеңірек айтсақ – метафоралық терапия) – арқылы қол
жеткізуге болады. Метафоризация мен символизация әдістерін тренинг барысында
жүзеге асыру үшін имагогикалық (imago – бейне, елестету) сипаттағы – қатысушылар
арнайы құрастырған ертегінің жаңа құралдарын қолдануға болады.
Біріншіден, ертегі тыңдаушының немесе оқырманның өзімен өзі кездесу құралы
ғана емес, өйткені ертегінің негізінде жатқан метафора шынайы өмірдің «сиқырлы
айнасы» ғана емес, сондай-ақ, оның өзінің жасырын әлі түйсіне қоймаған ішкі әлемін
көрсетеді. Ол туралы К.Юнг пен оның әріптестері көп айтқан.
Екіншіден, ертегі терапиясының жекелеген қызметтері бір мақсатқа, яғни өзінің
мүмкіндіктерін жүзеге асыру арқылы адамның неғұрлым тиімді, табиғи қалпында
дамуына көмектесуге бағытталған. Ұсынылып отырған тренингтік методология біз өткен

Page 15

сабақтарда қарастырған ұстанымдарға сүйенетінін айтып кеткен едік. Сол ұстанымдардың
бірі метафоризация ұстанымы. Жаңа өнімді шығаруда осы уақытқа дейін жасырын болып
келген потенциалын іске асырып, яғни шығармашылық акт жасау арқылы, қатсушы
субъективтік тұрғыдан жаңа нәрсе тудырып қана қоймайды – ол болашаққа бағытталған
оқиғаны құрастырады. Символикалық бейнелер аумағындағы интерактивтік жұмыс
тәсілдері тренингте қолданылғанда адамның психикалық өміріндегі метафоризацияның
рөлі айқын көрінеді. Адамның қиялынан туындаған бейнелердің оның мінез-құлқына,
өмірлік жағдайларына әсері және адам өмірінің ерекшеліктерінің аяқасты пайда болған
бейнелерге кері әсері - өте қызықты, түрлі бейнелер мен ассоциациялар туындататын
тақырып.
Имаготерапияның негізінде бірнеше бірнеше негіз құраушы идеялар жатыр:
Біріншіден, қиял – бейсананың тілі. Бейнелер мен сим-волдар арқылы біздің өзіміз
түйсінбейтін бөлігіміз біздің Менге өте маңызды, бірақ кейде өзіміз де түсінбейтін
ақпарат береді.
Екіншіден, қиялды адамның психологиялық ахуалын өзгерту үшін, оның ішкі және
сыртқы конфликтілерін шешу үшін, оның мінез-құлқын қзгерту үшін қолдануға болады.
Үшіншіден, қарсыласумен жұмыс жасаудың ең тиімді тәсілдерінің бірі.
Төртіншіден, белсенді қарым-қатынас режимінде және жүргізушімен өзара
әрекетесуде, яғни интерактивтік режимде жұмыс жасауында бағытталған елестету адамға
зор пайда әкеледі.
Бесіншіден, қиялдау әлеміндегі адекватты емес стратегияны жеңіл түрде жою жаңа
бейнелер мен мінез-құлықтың жаңа тәсілдерін қалыптастырудың шарты болып табылады.
Алтыншыдан, бейне түрінде берілген диссоциациялық мағыналар интерактивтік
қиялдау технологияларын жүзеге асыру үрдісіне кіріктірілуі қажет.
Мәселені топпен бірігіп шешу әдісі тренингте көбіне топтық пікірталас
формасында өткізіледі, оның барысында қатысушыларға қандай да бір мәселе жөнінде
ортақ пікірге келу ұсынылады. Мұндай жұмыс тікелей қарым-қатынас үрдісінде
қатысушылардың пікірлерін, ұстанымдарын айқвндауға мүмкіндік береді. Мәселені
топпен бірігіп шешу әдісі тренингте қойылған мәселені түрлі қырынан қарастыру
мүмкіндігін ұсыну мақсатында қолданылады (ол тренерден және топтың басқа мүшелері
тарапынан берілген ақпаратқа қарсыласуды азайтады, өзара позицияларды нақтылайды)
және оны шешудің түрлі нұсқаларын анықтау үшін, болашақта қажетті жаңа біліктерді
игеру үшін қолданылуы мүмкін (адамдарға тиімді әсер ету тетіктері және риторика
заңдарын қолдану және т.б.)
Мәселені топпен бірігіп шешу әдісінің құрылымдық және регламенттелген
дискуссия формасының айқын мысалына миға шабуыл әдістемесі жатады.
Шығармашылық белсенділікті оятудың бұл түрінің авторы А.Осборн.
Қазіргі таңда көп тараған миға шабуыл технологияларына сәйкес қатысушылар
берілген уақытта қойылған педагогикалық, өнертапқыштық, рационализаторлық,
инженерлік немесе басқа мәселені шешу жөнінде неғұрлым көп ұсыныстар мен идеялар
айтулары керек.
Операционализация әдісі. Топ қандай да бір жағдайларда «мінез-құлық
репетициясына» мүмкіндік береді, олардың ішіндегі ең үздігін өзінің шынайы өмірінде
қолданады.
Тренинг тобында адам тең серіктестер арасында қарым-қатынас стильдеріне
эксперимент жүргізіп, жаңа біліктерді үйрене алады. Күнделікті өмірде ондай мүмкіндік
бола бермейді.
Операционализация әдісі – қатысушылар өміріндегі болашақ оқиғалардың
құрылымын реттеумен, нақты мақсаттарға қол жеткізумен, нақты іс-әрекетті құрумен
байланысты инструменталдық міндеттердің мағынасын түсінуге, игеруге және шешуге
бағытталған тренингтік жұмыс тәсілдерінің жүйесі.

Page 16

Операционалдық ойындарға олардың екі типін жатқызуға болады: іскерлік және
мінез-құлықтық.
Кейде іскерлік ойындарға дидактикалық, басқарушылық және кәсіби бағыттау
ойындары да жатқызылады.
Тақырыпты пысықтауға және бекітуге арналған сұрақтар:
1. «Символикалық өзін-өзі көрсету әдісі» түсінігінің мазмұнын ашыңыз. Бұл әдісті
нақты жүзеге асыру мысалын келтіріңіз.
2. «Мәселені топпен бірігіп шешу әдісі» түсінігінің мазмұнын ашыңыз. Бұл әдісті
нақты жүзеге асыру мысалын келтіріңіз.
3. «Операционализация әдісі» түсінігінің мазмұнын ашыңыз. Бұл әдісті нақты
жүзеге асыру мысалын келтіріңіз.

Page 17

7 ТАҚЫРЫП
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГТЕГІ МЕТАФОРИЗАЦИЯ (ТЕҢЕУ)
Сабақтың мақсаты:
Психологиялық тренингтегі метафоризация түсінігі жайында теориялық
тұжырымдарды зерттеу, практикада қолдану білім, білік, дағдыларын қалыптастыру.
Жоспар
1. Метафора түсінігі
2. Метафораны интерпретациялау және түсіндіру
3. Метафора және субъектілік
4. Метафораның ерекшелігі психологтың құралы ретінде
Метафора түсінігі
Метафора (гр. тіл. «ауыстыру») кейбір нысандар сыныбын (заттардың,
тұлғалардың, құбылыстардың, әрекеттердің және белгілердің) көрсететін сөзді басқа,
соған ұқсас нысандар сыныптарын немесе жеке нысанды көрсету үшін қолданатын сөз
пішіні. Жануарлардың атауларын оларға қатыссыз қолданғанда, мысалы адамдарға
ауыстырсақ, оны метафора деп санауға болады. Айталық, бір адам туралы: «Ол арыстан
ғой», немесе «Жолбарыстай қайратты», «Құлыным менің» - метафоралық болып
саналады. Метафора терминін кең мағынада сөздердің ауыспалы мағынасының басқа
түрлеріне де жатқызуға болады.
Психологиялық контексттегі метафора «дискурс шындығын немесе мазмұнын одан
басқа, неғұрлым айқын есте қаларлықтай етіп ауыстыру, кеңейту, шығару» (Ребер, 2005).
Р.Р.Хоффман, Е.Л.Кохран және Дж.М.Мид «метафора түсінігі әрқилы анықталуы мүмкін
дейді: «бірнәрсені меңзеп, басқа нәрсені айту», «семантикалық ережелерден ауытқу» және
«нысандарды бақыланушылардан ерекше имплициттік салыстыру жүргізу» (1992, 176 б. –
В.А.Янчук, 2000). Метафораның психологиялық ықпалы көркем әдебиетте өте белсенді
қолданылады.
Біз адамдардың қарым-қатынаста метафораны қалай қолданатынымызды байқамай
да қаламыз: «Оның мінезі жібектей», «Мына ой терең, әрі жарқын», «Маған сенің батыл
ойың ұнайды».
Адам метафораға жолыққанда тек таным үрдісі ғана емес, түйсіну үрдісі де кең
ашылады.
Психологиялық герменевтика облысындағы белгілі маман А.А.Брудный Ирвинг
Дж. Лиге сүйене отырып, «түсіну» сөзінің жеті мағынасын көрсетеді:
Түсіну 1 – берілген немесе таңдалған бағыт бойынша жүру (темір жол кестесін
түсіну, бұйрықты орындау және т.б.).
Түсіну 2 – болжам жасауға қабілеттілік. Біреу айтқан ойлар, тілектердің салдары
қандай болатынын болжау.
Түсіну 3 – сөздік эквивалент беру қабілеті.
Түсіну 4 – іс-әрекет бағдарламасын сәйкестендіру.
Түсіну 5 – мәселені шешуден тұрады.
Түсіну 6 – оңтайлы жауап беруге қабілеттілік.
Түсіну 7 – пайымдауды дұрыс жүзеге асыруға қабі-леттіліктің жүзеге асуы, яғни
жағдайларды соған ұқсастарынан ажырату, нысанға немесе жағдайға сай әрекет ету.
Метафораны психологиялық - педагогикалық тұрғыдан түсіну И.В.Вачковтың
пікірі бойынша, С.Л.Рубинштейннің еңбектеріне сүйенген жөн. Ол мәтінді түсіну үшін
барлық бөлшектерді басқа қырынан қарау керек дегенді айтады.
Метафораны интерпретациялау және түсіну
Метафораға жолыққан субъектінің белсенділігі неден тұрады?

Page 18

Рубинштейн бойынша іс-әрекет – белсенділіктің жалғыз формасы ғана емес.
Нысандардың және іс-әрекеттің мағынасын ашатын танымнан басқа, белсенділіктің тағы
бір формасын – осының негізінде субъектінің болмысты ерекше бейнеде қабылдауы,
терең көруін (созерцание) ескеру қажет.
Баланың қиялы, философиялық тұжырымдар, мінсіз ны-сандарды математикада
қолдану, көркем шығармашылық – бұлар бар болғаны белсенді сипаттағы терең көрудің
түрлі әдіс-тері. Метафорада бейнеленетін болмыстың қатынастарының үлгісі түрлі
нысандар арасындағы күрделі байланыстарды терең ашу құралдары болып табылады.
Метафораға жолыққанда субъект алған ақпаратты, түйсінген мазмұнды өзінің
санасының құрылымдарымен салғастырады; ол жаңа білімді осы сәтке дейін қалыптасқан
когнитивтік жүйеге орналастырады. Ал метафораны интерпретациялағанда, ол
қабылданған мағынаға жеке өзінің - қатынасын жүзеге асырады (мысалы, тренингтік
сабақта бір қатысушының айтқан сөзі: «Өмір тоқаш тәрізді: біреулерге шеті, ал біреулерге
– ортасы тиеді». Осы метафораны әркімнің әрқалай қабылдауы жайлы айту керек).
Субъект басқа адам үшін мәтіннің мағыналық мазмұнын жаңғыртса, ол түсіндіру
дегенді білдіреді. Алайда, бұл жерде түсіндірудің екі типі жайында айтып кеткен жөн:
бастапқы мәтінде сол қалпында жеткізу түсінгенін жеткізу, ал метафораны өзінің
көзқарасы тұрғысынан жеткізу - өзінің интерпретациясын түсіндіру болып табылады.
Метафора және субъектілік
А.Н. Славская тұлғаны интерпретация субъектісі ретінде қарастырған
монографиясында интерпретацияға мынадай анық-тама береді: « ... болмысты оның
барлық әлеуметтік үрдістері, оқиғаларының, құрылымдарының, адамдық қарым-
қатынастарының, қылықтарының, тұлғалардың және өз өмірінің тұтас жиынтығын жеке-
дара талқылау.
Өзін және әлемді субъектінің түсінуін және түсіндіруін білдіретін, құндылық-
мағыналық конструкттің формасын қабылдайтын, тұлғаның өзіндік ішкі субъектілік
әлемін құруы интерпретацияның маңызды қызметіне жатады.
Субъектілік адамның экологиялық әлемінің кеңеюімен байланысты, яғни
пайымдаулардың, қатынастардың және әрекеттердің жаңа кеңістігіне шығуды білдіреді.
Метафораның ерекшелігі психологтың құралы ретінде
Психологиялық тренингтегі жүргізуші мен қатысушылардың арасындағы өзара
әрекеттестік олардың ортақ семантикалық кеңістігін неғұрлым шынайы әрі жылдам
туғызуға мүмкіндік беретін сипаттамалары болуы керек шығар. Семантикалық кеңістік
түрлі адамдардың санасындағы көптеген мағынасы бойынша сәйкес келетін элементтерді
білдіреді. Мысалы, «үй» сөзі босқын, құрылысшы, эколог және шаруа үшін түрлі
мағынаны білдіреді. Біз бір нәрсе жайында айтуымыз, бірақ түрлі семантикалық
кеңістіктегі сәйкессіздікте тұрғандықтан бір-бірімізді түсінбеуіміз мүмкін.
Психолог-тренер мен қатысушылардың өзара әрекетінде қолданылатын
метафораның ерекшеліктері неден тұрады?
Біріншіден, метафора ойлаудың түбінде жатады және ойлауды дамыту үшін
қолдануға болады.
Тіпті ғылыми ойлаудың өзі де метафорасыз жүзеге ас-пайды. Ал практикалық
психологияда метафора аса қажет.
Екіншіден, метафора түрлі білім салаларының және бір адамның ілінен келесі
адамның тіліне аударудың керемет байланыс құралы болып табылады.
Егер біз клиенттің шығармашылық ойлауының дамуына көмектескіміз келсе, онда
оларға түрлі білім аймақтарының ара-сына өздігінен «көпір салуды» жиі ұсынуымыз
керек. Мысалы, ертегі кейіпкерлерін іскерліктегі қиындықтарды ашу үшін немесе
отбасылық қарым-қатынастарды күрделі сұрақтарды қолдану арқылы ашуға болады.

Page 19

Үшіншіден, өзіндік сана мен субъектілікті дамытудың тиімді құралы болып
табылады.
К.Юнг бойынша нақ осы метафораларды және символ-дарды құру қабілеті
адамның маңызын ашатын, адамға ғана тән ерекше сипат: «Жер бетіндегі ешбір тірі жан
өзі мен табиғат арасында символикалық орта құра алмайды».
Төртіншіден, метафора «жұмсарту», ауырсынатын ақпаратты жеңілдету
сапасына ие. Жағымсыз мінез-құлық формалары, маңызды құндылықтар, адамгершілік
нормалары жайлы қатысушыларға маңызды ақпаратты беруге мүмкіндік береді (оны
қолданғанда ешқандай мораль немесе пафос болмайды).
Психологиялық ықпал етудің басқа құралдарына қарағанда метафора арағұрлым
жұмсақ әрекет етеді.
Психолог метафораны тек вербалдық конструкция формасында ғана қолданбайды.
Оның балалармен және үлкендермен жұмыста қолданатын жаттығулары, ойындары,
психологиялық техникалары шындығығында метафора - өйткені олар бір зат туралы басқа
заттың белгілері арқылы сөйлейді.
Бесіншіден, метафора бір адамнан екінші адамға жасырын мағыналарды
тасымалдайды (мысалы, «Бауырсақ» ертегісі жайлы).
Алтыншыдан, метафора қиялдаудың шығармашылық қорларын оятады.
Тренингке қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ұмтылған
психолог қиялдауға сүйену керек.
Жетіншіден, метафора жүргізуші мен қатысушылардың әлемдерінің бейнелерін
жақындастырады.
Тек түсіну ғана емес, сөзбен жеткізілуі қиын жүйеге өзара терең бойлауға,
қабылдауға, көңілін бағдарлауға, ашықтыққа жол ашылады.
Тақырыпты пысықтауға және бекітуге арналған сұрақтар:
1. Метафораға анықтама беріңіз. Метафораның метонимиядан, оксюмороннан,
салыстырудан және т.б. соқпақтардан қандай айырмашылығы бар?
2. Метафораны түсіну дегеніміз не?
3. Метафораны түсіну, интерпретациялау және түсіндірудің ара қатынасын
ашыңыз.
4. Метафора мен субъектіліктің байланысы қандай?
5. Практикалық психологтың тиімді қолдануына мүмкіндік беретін метафораның
ерекшеліктерін атаңыз.
Әдебиеттер
1. Брудный А.А. Психологическая герменевтика. – М.: «Лабиринт», 1998.
2. Вачков И.В. Метафорический тренинг. – М.: Ось-89, 2006.
3. Лотман Ю.М. Несколько мыслей о типологии культур // Языки культуры и
проблемы переводимости. – М., 1987.
4. Миллс Д., Кроули Р. Терапевтические метафоры для детей и «внутреннего
ребенка». – М.: Класс, 1999.
5. Петренко В.Ф. Основы психосемантики. – Смоленск: Изд-во СГУ, 1997.
6. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. – СПб., 2001.
7. Славская А.Н. Личность как субъект интерпретации. – Дубна: Феникс+, 2002.
8. Юнг К.Г. Структура психики и процесс индивидуации. – М.: Наука, 1996.

Page 20

8 ТАҚЫРЫП
ТРЕНИНГТІК ТОПТАРДЫҢ ТИПОЛОГИЯСЫ
Сабақтың мақсаты:
Тренингтік топтар типологиясы, критерийлер мәселесі, оларды типтерге бөлу
критерийлерінің теориялық және практикалық аспектілерін зерттеу, кәсіби іс-әрекетте
қолдану біліктерін, дағдыларын жетілдіру.
Жоспары:
1.
Тренингтік топтар типологиясының негіздері
2.
Критерий мәселелері
3.
Тренингтік топтарды типтерге бөлу критерийлері
Тренингтік топтар типологиясының негіздері
Психологтар, жалпы көптеген мамандар да адамдарды типтерге бөледі. Дәрігер
адамдарды диагнозына, антрополог дененің конституциясына қарайды, саясаткер «менің
электоратыма жатады ма, әлде жатпайды ма» деп қарастырады. Осыған байланысты
мынадай аңызды еске алуға болады.
Кез-келген типологияның шартты екендігін түйсіне тұра, психологтар оларды білу
өмірді анағұрлым жеңілдетеді деп есептейді. Ол психолог-жаттықтырушыға кезігетін
тренингтік топтар мәселесіне де қатысты.
Субъектілік психологиясына сүйене отырып, топтық динамиканы қарастыруға
болады ма? Топтар типтерін және жаттықтырушының әр жағдайда өзін қалай ұстайтынын
бөліп көрсетуге болады ма?
Субъектілік тұрғыдан алғанда, тренингтік топ бос уақытын ойындармен және
пікірталаспен толтыратын жақсы немесе нашар ұйымдасқан индивидуумдардың жай ғана
тобыры емес. Егер біз бұл тәсілдің тұғырынан қарар болсақ, онда тренингтік топты екі
жақты көре аламыз. Ол құмырысқаның илеуіне бинокльмен тиісті жағынан, сонан соң
аударып қарау тәрізді.
Бірінші жағдайды «құмырысқаларға қарау», ал екіншісін «құмырысқа илеуіне
қарау» деп атауға болады. «Құмырысқаларға қарау» топты субъектілердің өзара алуан
түрлі әрекетінің ерекше - өте күрделі! – жүйесі ретінде қарауға мүмкіндік береді. Ал
«құмырысқаның илеуіне қарау» - жеке ұжымдық субъект ретінде қарауға мүмкіндік
береді. Жақсы жаттықтырушы тренингтік топқа бір уақытта «жақындату» және
«алыстату» режимі арқылы «сиқырлы бинокльмен» қарай алуы қажет. Сонда ол
Бірде оқушы Шеберден былай деп сұрайды:
-
Айтшы, өмірде маған кездесетін кез-келген адаммен қалай тіл табыса аламын?
-
Ол оңай, - деді Шебер. – Бар-жоғы жүз жиырма жеті адам типтері бар. Осы
типтердің барлығын зерттеп және олардың әрқайсымен қарым-қатынас жасау
тәсілдерін үйрену арқылы, сен ешқандай қиындыққа кездеспейсің.
Оқушы адамдардың жүз жиырма жеті типін зерттеп үйренуге он жыл уақытын
сарп етіп, оқуы аяқталды деп есептеген соң, үлкен қалаға жол тартады. Бірақ оны
жолда қарақшы тоқтатып, тонап кетеді. Шеберге қайтып келуге мәжбүр болған
оқушы, былай деп ренжиді:
-
Маған менің білімім көмектеспеді! Мен ол қарақшының типін анықтап және
сол арқылы онымен қатынас жасауға тырыстым, бірақ ол бәрібір мені тонап кетті!
-
Алайда сен тірі қалдың ғой – нәтиже осы емес пе? – деді Шебер. – бірақ өте
өкініштісі, сен ең негізгіні түсінбепсің. Сен типтің арғы жағынан адамды
байқамаған екенсің.

Page 21

жекелеген өзара әрекеттерді де, жалпы «илеудің» ерекшеліктерін де байқай алады. Қалпы
бойынша да, қарқындылығы бойынша да, ұжымдық жұмыстың жинақылығы бойынша да,
шекараны қамтуы және басқа да белгілері бойынша - «илеулер» алуан түрлі болады.
Уақыт өте келе бір «илеу» басқаша болып өзгереді.
Жаттықтырушы-практик жағдайға сай әдістер мен тәсілдерді қолдануы үшін,
топтың даму деңгейін дұрыс бағалай білуі қажет. Топтар бір жағынан қатысушылардың
жеке-дара ерекшеліктеріне қарай бөлінеді, екінші жағынан – кез-келген топ өзінің
дамуында тұтас ағза ретінде белгілі бір кезеңдерден өтеді. Сондықтан да топты соған
жатқызу үшін, сол динамиканың және типтің ерекшелігінің заңдылықтарын табу
маңызды. әрине, ол типтер белгілі бір мағынада абстаркция болып табылады, себебі
шынайы топтарда алуан түрлі топтар типтері кездеседі.
Критерий мәселелері
Осы жерде – шындық критерийі туралы тағы бір аңызды келтіруге болады.
Зоолог қолында сиқырлы шамы болса да, «құмырысқа илеуін» типтегенде, оларды
өзара қалай салыстыратынын анықтап алуы керек. Басқаша айтқанда, қандай да бір
критерийлерді таңдауы керек. Дәл солай жаттықтырушыда да осы топтың параметрлерін
өлшеуге мүмкіндік беретін координаталар жүйесі болуы қажет. Егер ол, абсцисса
бойынша қатысушылардың бойын, ал ордината бойынша – киімдегі басым түсті
орналастырса, онда ол топтар типін ажырата алады деп есептеуге болады. Бұл жерде
туындайтын сұрақ: жұмыс әдістерін таңдауда оған мұндай типология не береді?
Яғни жаттықтырушының іс-әрекетін жемісті ететін критерийлер табу керек. Бұл
критерийлерді анықтау үшін, алдымен тренингтік топтар типтерінің ара қатынасын дәл
осылайша түсіндіру керек.
Субъектіні көрсететін үш аса маңызды шындықтың бар екенін еске түсіру қажет:
тану (әлемді, өзін, басқаны),
қатынас (әлемге, өзіне, басқаларға),
өзгерту (әлемді, өзін, басқаларды).
Нағыз субъектілік осы шындықтың барлығы үйлесімді көрініс табуымен
сипатталады. Тренердің міндеті жекелеген қатысушының да, тұтас топтың да
Бірде оқушы Ұстаздан сұрайды:
- Ұстаз, айтшы, шынайы білімді жаңсақ білімнен қалай
ажыратуға болады?
- Сен шөл далада келе жатып, ғажап қала көрсең, алдыңдағы елес емес екенін
білу үшін не істейсің?
Оқушы ойланып былай дейді:
- Оны тексерудің екі ғана тәсілі бар: сол қалаға қарай жүру немесе елес тарқап
кеткенше тосу.
- Егер ол елес болса, екі жағдайда да ол сейіліп кетпейді
ме?
- Әрине, сейіліп кетеді!
- Онда оған қарай
жүрудің қажеті бар ма?
- Жоқ.
- Ал егер ол шынайы қала болса, сен оған қарай жүрсең де, орныңда отыра
берсең де, ол жоғалып
кетер ме еді?
- Жоқ, жоғалмайды... сонда, үнемі тосқан жөн екен ғой! – деп дауыстады
оқушы.
- Әлде соған қарай жүру қажет пе? – деп сұрады Ұстаз.

Page 22

субъектілігінің конструктивті көрінуіне көмектесу болып табылады. Топтың деңгейлерге
(типтерге) бөлу субъектіліктің өмір сүретін маңызды болмысымен байланысты болуы
тиіс. Басқаша айтқанда: критерийлер әрбір қатысушы және тұтас топтың өздерінің
экологиялық әлемдерін құруға қаншалықты қабілетті екендігінің көрсеткіші болуы тиіс.
Тренингтік топтарды сипаттағанда екі маңызды нәрсені ескеру қажет.
Біріншіден, ұсынылушы типология тренингтік бастапқы кезеңіндегі топтың
сипаттамасынан тұруы мүмкін, сонда әр топ типіне тән берілген стратегиялар,
технологиялар және тәсілдер тренингті бастаудың нұсқаларының біріне айналады.
Екіншіден, сипатталушы типтер тренингтік жұмыс барысындағы топтың даму
деңгейлері ретінде қарастырылуы мүмкін. Мұндайда стратегиялар, технологиялар және
тәсілдер бірін-бірі алмастырып отырады, себебі тренингтік топтың ерекше жүйелік сапасы
ретіндегі полисубъектілікті дамыту жұмыстың міндеттерінің бірі болып табылады.
Тренингтік топтарды типтерге бөлу критерийлері
Адамдар арасындағы өзара әрекеттердің, ұжымдық субъектілер
типтерінің және полисубъектінің маңызды сипаттамаларының ара
қатынасы
Ада
мдар
арасындағы
өзара әрекет
ету
деңгейлері
Тренингт
ік топтар
типологиялары
Топ дамуының негізгі критерийлері (қатысушылардың
сипаттамасы)
Орталықтанд
ыру
Өзін және
қауымдастықты
біртұтастық
ретінде қарастыра
алу қабілеті
Субъе
ктілік
құндылықтарға
мән беру
Іс-
әрекеттің
бірлестікке
бағытталуы
С
у
бъек
т
-
су
бъек
т
іл
і
к
ө
за
р
а
әр
екет
т
ес
т
ік
По
л
и
су
бъе
к
т
іл
ік
ө
за
р
а
әр
екет
т
ес
т
ік
«Ғарышт
ық кеңес»
Басқалармен
өзара әрекеттестік –
«біріктіруші»
Өзін де,
өзінің қауымын да
және басқа да
қауымдастықтарды
біртұтастық
ретінде
қарастырады
Өзінің
де серіктесінің
де өзіндік
құнын көре
алады
Іс-
әрекеті өзін-
өзі дамытуға
және
басқалардың
дамуына
көмек-
тесуге
бағытталған
Іс
-
әр
екет
т
і
к
-
қ
ұ
н
ды
л
ық ө
за
р
а
әр
екет
т
ес
т
ік
«Жұлдыз
дар жүйесі»
Өзінің мі-
нездемесі дайын
үлгілерге сәйкес –
«шаблондық»
Өзін де,
өзінің қауымын да
қарастырады
(бірақ басқа
қауымды емес)
Өзінің
де, өзгенің де
құндылығын
тек бірлескен
іс-әрекетпен
байланысты
ғана байқай
алады
Іс-
әрекеті
топтық
мақсаттарға
қол жеткізу
үшін
бағытталған
Суб
ъект-
субъектілік
өзара
әрекеттестік
«Астерои
дтардың
шоғырлануы»
Өзіне және
жеке
қызығушылықтарына
– «тұйық»
Өзінің
қауымын
қарастыра алады
(бірақ оның
ішіндегі өзін емес)
Өзінің
құндылығын
кө-реді, бі-рақ
серік-тесінің
құндылығын
мойындамайды
Іс-
әрекеті
ұсақ-түйек
мақсаттарға
қол
жеткізуге
бағытталған
Суб
ъекталды
(объект-
объектілік)
өзара
әрекеттестік
«Қара
тұңғиық»
Ағымдық
жағдай-дың
прагматикалық
аспектілеріне

«шашыраңқы»
Тіпті
өзінің де
құндылығын
түйсіне алмайды
Өзінің
де, өзгенің де
құндылығын
бағаламайды
Сан
алы іс-
әрекет
мүлдем жоқ
десе де
болады

Page 23

9 ТАҚЫРЫП
ТРЕНИНГКЕ ДАЙЫНДЫҚ
Сабақтың мақсаты:
Тренингті жоспарлау мен тренингтік бағдарламаны құрастыру мәселелерінің
теориялық негіздерін игеру, практикалық психо-логтың іс-әрекетінде қолдану білік,
дағдыларын қалыптастыру.
Жоспар
1. Тренингті жоспарлау мен тренингтік бағдарламаны құрастыру мәселелері
2. Тренингке дайындықтың тоғыз қадамды үлгісі
Адам субъект бола тұрып өзін үш шындық – таным шын-дығы, қатынас шындығы
және өзгеру шындығы арқылы жүзеге асырады. Басқаша айтқанда субъектіліктің маңызы
қоршаған ор-таның (және ішкі әлемінің) заттарын танудан, ол заттарға қатынастың
туындауынан және оларды өзгерту, жаңғыртудан тұрады. Осыдан келе, субъектілікті
дамыту ретіндегі пси-хологиялық тренингтің маңызды мақсатын анықтауға болады.
Жүргізуші тренингтік топқа қатысушылардың кейбір заттар жөнінде өз ойларын
түйсінуіне, оларға қатынасын айтуға көмектесу және пайымдаулар мен қатынастарды
трансформациялау қажет болған жағдайда, сол трансформацияны жүзеге асыру және жаңа
мінез-құлық біліктерін қалыптастыру.
Айталық, сіз мектеп психологысыз және сіздің мекеме-ңіздегі алтыншы сынып
оқушыларының сыныпқа келген жаңа балаларды және қандай да бір белгілері бойынша
өздеріне ұқ-самайтындарды (келбетінің, киінуінің немесе өзін ұстауының ерекшеліктері)
қабылдамауы мен агрессиясы жағдайы туын-дайды. Бұл жағдайды шешу іс-шараларының
ішінде психоло-гиялық тренинг те бар.
«Тренингтің психологиялық матрицасын» қолдану арқылы ал-тыншы сынып
оқушыларымен жүргізілетін тренингті қалайша жоспарлауға болады?
Тренингке дайындықтың тоғыз қадамды үлгісі
Бірінші қадам. Болашақ нәтиженің бейнесі ретіндегі тренингтің мақсаты мен
тақырыбы.
Екінші қадам. Тренингтік топтың құрамын анықтау.
Үшінші қадам. Уақыт қорын анықтау.
Төртінші қадам. Мәселені анықтау.
Бесінші қадам. Міндеттерді анықтау.
Алтыншы қадам. Сәйкес психотехникаларды іріктеу.
Жетінші қадам. Тренинг бағдарламасының бөлімдерін және әрбір бөлімнің
тапсырмаларын анықтау.
Сегізінші қадам. Тренингтің сценарлық жоспарын құру.
Тоғызыншы қадам. Барлық қажетті материалдар мен әрбір сабақтың мақсатын
көрсетіп тренингтің қысқаша сценарийін жазу.
Тақырыпты пысықтауға және бекітуге арналған сұрақтар:
1. Сіз тренингке дайындықтың қандай стратегияларын білесіз?
2. Тренингтің «психологиялық матрицасын» құру процедурасын сипаттаңыз
3. Тренингке дайындықтың «Тоғыз қадамды үлгісі» неден тұрады?
4. Өзіңізді қызықтырған тренинг типін, тақырыбын таңдаңыз және оның
«Психологиялық матрицасын» толтырыңыз.

Page 24

10 ТАҚЫРЫП
ТРЕНИНГТІ ЖҮРГІЗУДІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК
АСПЕКТІЛЕРІ
Сабақтың мақсаты:
Практикалық психологияда тренингті жүргізудің ұйымдастырушылық-әдістемелік
аспектілерін жан-жақты қолдана алу біліктері мен дағдыларын қалыптастыру.
Жоспар
1. Тренинг өткізудің мақсаты мен шарттары
2. Психологиялық тренингті ұйымдастыруға қойылатын маңызды талаптар
3. Психологиялық тренинг бағдарламасының сипаттамасы
4. Күрделі жағдайлардағы психолог-жаттықтырушының әрекеттері
5. Жаттықтырушылар тренингі және оның ерекшеліктері
6. Жаттықтырушылар тренингісінің мазмұны мен құрылымы
Тренингтік жұмысты бастамас бұрын психолог өзіне-өзі мынадай екі сұраққа
жауап беруі керек:
1) психологиялық тренингті өткізудің мақсаты неден тұрады?
2) тренингтік сабақтарды ұйымдастыру үшін ең аз дегендегі қажетті жағдай бар ма?
Егер маман мақсатты толық айқындамаған болса, онда жұмысты бастаудың да
қажеті шамалы. Өйткені мұндай жағдайда жұмыс мүлдем мағынасыз, пайдасыз болады әрі
психологиялық тренингтің қандай типі жүзеге асырылатынын түсіну қиын болады.
Психологиялық тренингтің практикалық психолог жұмысының басқа мета-
әдістеріне қарағанда қатысушылардың қазіргі таңдағы мәселелерін шешуне ғана емес,
сондай-ақ олардың болашақта пайда болуының алдын алуға, оның ішінде мәселелерді
шеше алуға үйренуге мүмкіндік беруге бағытталған.
Алайда ол жалпы мақсатты анағұрлым тар ауқымдағы мақсатпен нақтылауға
болады.
Шамамен шартты түрде топтық психологиялық жұмыстың мақсаты мен тренинг
типінің жинағын ұсынуға болады, оның көмегімен аталған мақсаттарға қол жеткізуге
болады.

Page 25

Екінші сұраққа жауап мынадан тұрады:
а) топтық жаттықтырушы ретіндегі психолог квалификациясының талап етілетін
деңгейінің, яғни оның тренингтік сабақтарды жүргізуге дайындығының болуы;
ә) мұндай сабақтарды өткізетін орынның болуы және оның жарақтандырылуы;
б) осы тәрізді жұмысқа қа тысқысы келетін адамдар топтарының болуы;
в) психологиялық тренингтің тыңғылықты құрастырылған бағдарламасының
болуы.
Психологиялық тренингті ұйымдастыруға қойылатын маңызды талаптар
Маңызды сәт – болашақ клиенттердің тренингтік топтың мүшесі болғысы келуі. Өз
еркімен қатысу кәсіби-этикалық қажетті талап болып табылады. Сондықтан да, тренингке
болашақ клиенттерді шақырғанда, мұндай жұмыстың мақсаты мен формаларын
түсіндіріп, олардың осы әрекетке деген мотивациясын қалыптастыру қажет. Адамдардан
Тренингтік топ түрлері
Тренингтегі
топтық
жұмыстың
мақсаттары
Тұлғалық өсу мен өзін-өзі
дамытуға ықпал ету
Тұлғалық өсу топтары
Өзін-өзі өзгерту мен мінез-
құлықты түзету
мақсатымен өзіндік сананы
дамыту
Қарым-қатынастың
психологиялық негіздерін
зерттеу
Психологиялық
денсаулықты жақсарту
Психологиялық мәселелерді
зерттеу мен шешуге
көмектесу
Өзіндік сананы дамыту
тренингтік топтары
Әлеуметтік-психологиялық
тренинг топтары
Психикалық денсаулық пен
өмір сапасы топтары
Психологиялық мәселелерді
шешу топтары

Page 26

тренинг сабақтарына міндетті түрде келулерін талап етуге болмайды. 14 жасқа дейінгі
балалар тренингке қатысулары үшін ата-аналарының рұқсаты керек.
Кеңістіктік-заттық ортаны ұйымдастыру:
Дәстүрлі оқу, сондай-ақ ойын дәрісханасы ретінде де қолдануға болатын
кабинет (18 ш.м. кем емес);
Кілем төсеніш;
Еркін қозғалатын оқу үстелдері мен орындықтар.
Минималдық құрал-жабдық:
әрбір қатысушыға үстел мен орындық;
тақта (плакаттар мен флипчарттар ілуге қажетті);
әрбір қатысушыға түрлі-түсті қарындаштар (немесе фломастерлер), бояулар
және қылқаламдар;
жеткілікті мөлшерде қатты қағаздар (А4 және A3 форматтағы);
картон үлестірмелер (өлшемі 9x12 немесе сәл кіші);
көрпешелер;
алуан түрлі ойыншықтар жинағы.
Мүмкіндігінше:
теледидар;
бейне және аудиомагнитофон;
компьютер;
пердемен жасырылған қабырғаға ілінген айналар болуы керек.
Сабақ уақыты:
әрбір сабақтың ұзақтығы: арасында 10 минуттық үзілісі бар 35-45 минуттан 12
сағатқа дейін;
жиілігі: аптасына бір реттен кем емес; демалыс күндері марафон-тренингтер
өткізуге болады (күніне 8-12 сағаттан).
Психологиялық тренинг бағдарламасының сипаттамасы
Мектептегі психологиялық тренинг бағдарламасының мысал ретіндегі құрылымын
ұсынуға болады:
Титулдық беті;
Түсінік хаты (мақсаттары мен міндеттері, бағдарламаның мазмұны мен
қолданылатын әдістерінің негіздемесі, маңызды теориялық тұжырымдары ашылады, сабақ
өткізу жағдайларының ұйымдастырылуы мен жалпы сағат саны көрсетіледі);
Сабақтардың тақырыптық жоспары (тақырыптардың нөмірі мен атауы, сабақтар
мен сағаттар саны, блоктардың немесе тренингтік модульдердің бірізділігі көрсетіледі);
Сабақтардың құрылымы (әрбір сабақтың кезеңдері бөлініп және қысқаша
сипатталады);
Тренингтің мазмұны (бағдарламаның негізгі бөлігі болып табылады, қолданылатын
жаттығулар, ойындар, психотехникалар және т.б. шамасынша кеңінен сипатталады;
авторлық жаттығуларды басқалардан бөлек, айрықша, мысалы жұлдызшамен белгілеген
жөн; әдебиеттерден немесе басқа көздерден алынған жаттығуларды – тіпті оларды
модификациялағанның өзінде – сілтемелермен немесе әдебиеттер тізіміндегі нөмірі
бойынша көрсеткен абзал);
Әдебиеттер тізімі
Әрбір сабақты шамамен бір сызба бойынша жүргізуге болады.

Page 27

Сабақтың блок түріндегі құрылымы
Ұйымдастыру кезеңі (амандасу рәсімдері, сергіту жаттығулары);
Негізгі бөлім (ден қою – жаңа материалды қабылдауға дайындық, жаңа мазмұнды
енгізу, оны бекіту);
Қорытынды шығару (эмоционалдық жауап беру – ойға түю);
Үй тапсырмасы (үнемі бола бермейді);
Қоштасу рәсімі
Тақырыпты пысықтауға және бекітуге арналған сұрақтар:
1. Тренингтік бағдарламаны жүзеге асыру үшін қажетті маңызды мақсаттар мен
минималдық шарттар
2. Жаттықтырушылар тренингісінің ерекшеліктері неде?

Page 28

11 ТАҚЫРЫП
ТРЕНИНГТІК ТЕХНИКАЛАРДЫ ҚҰРАСТЫРУ ТӘСІЛДЕРІ
Сабақтың мақсаты:
Практикалық психологтың іс-әрекетінде психологиялық жаттығулар жүргізу үшін
тренингтік техникаларды құрастыру тәсілдерін игеру, қолдану біліктері мен дағдыларын
қалыптастыру.
Жоспар
1. Тренингтік техникаларды құрастыру жұмысының кезеңдері
Жаңа тренинг бағдарламасын құрастыру барысында психолог көп жағдайда
таңдауға тап болады: қажетті тренингтің сценарийін табу немесе жеке өзінің сценарийін
құру. Бір жағынан, дайын сценарийдің бірнеше артықшылықтары бар: біріншіден, күш
салуды қажет етпейді; екіншіден, оны «жұмыс істейді» деуге негіз бар, себебі автор оны
қолданды, тәжірибеден өткізді, яғни тиімділігі жайында кепілдік бар; үшіншіден, жаңадан
велосипед ойлап табудың қандай қажеті бар, дайын материалды қолдануға болады.
Алайда, екінші жағынан, психологқа қажетті сценарий табылады деу қиын әрі
ондай сценарий мүлдем құрастырылмаған болуы мүмкін.
Мұндай жағдайда не істеу керек? Жеке тренингтік технологиялар мен жаттығулар
құрастыру қажет.
Құрастырылушы кез-келген тәсілдің негізінде жатқан аса маңызды ұстаным –
метафоризация ұстанымы тренингтік техника құрастыруда басты назарда болуы қажет.
Тренингтік техникаларды құрастыру жұмысының кезеңдері
1. Тренингтік жұмыста шешу қажет мәселені бөліп алу.
Мысалы: жетінші сыныптағылардың арасындағы конфликтті қалай шешуге
болады? Немесе емтиханға байланысты стрессті қалай азайтуға болады?
2. Болашақ психотехниканың мақсатын құру.
Мақсат шешілуі тиіс мәселеден шығады.
3. Психотехниканы соның аумағында құрастыру анағұрлым тиімді болатын
тренингтік әдісті таңдау.
Өткен, қазіргі сәттегі және болашақтағы оқиғаларды құрастырумен байланысты
тренинг тәсілдерінің бірін алуға да болады.
4. Таңдалған әдіс шеңберінде тиісті тренингтік техниканы құру.
Ешкімдікіне ұқсамайтын жаңа техника немесе бар техниканы модификациялау
арқылы жаңасын тудыру.
Оған қол жеткізу үшін бірқатар әрекеттерді жасауға болады.
1. Аталмыш мақсатқа қол жеткізуге бағытталған психотехникаларды таңдау.
2. Белгілі техниканы функцияларға бөлу (компоненттерге, құрамдас бөліктерге) –
«психотехникалық конструктор» тудыру.
«Жеті лақ пен қасқыр» ертегісі.
Бұл ойынды мынадай құрамдас бөліктерге бөлуге болады:
- Ертегіге ену;
- Алда тұрған ойынды түсіндіретін жүргізушінің нұсқауы;
- Топшаларға бөлу;
- Әр топқа қосымша жеке нұсқау беріледі;
- Лақтардан жасырын қасқырдың рөлін бөліп беру;
- Қонақтардың кезекпен келуі;
- Лақтардың соңғы шешімді қабылдауы;

Page 29

- Ойынның қорытындысын шығару үшін рөлдерді ашу (әшкерелеу);
- Болған ойынның рефлексиясы, талқылау.
3. Осыған ұқсас психотехниканы таңдау.
4. Ойындардың
компоненттерін
жүзеге
асырудағы
ұқсастықтары мен
айырмашылықтарын талдау.
5. Бір функциясын өзгерту және содан туындаған психотехникадағы өзгеріс.
6. Психотехника құрылымындағы құрамдас бөліктердің орын ауыстыру.
7. Танымал ойындар мен жаттығулар аналогиясы бойынша кездейсоқ таңдалған
компоненттер негізінде жаңа психотехника құрастыру.
- Жүргізушінің нұсқауы;
- Негізгі ойыншыны анықтау;
- Ол ойыншының екі орындаушыны таңдауы;
- Орындаушылар мен басты ойыншының белгілі функцияны жүзеге асыруы;
- Негізгі ойыншы мен орындаушыларды ауыстыру;
- Ойын процедурасын қайталау;
- Барлық топтың қосылуы;
- Болған ойынды талқылау.
8. Психотехниканың барлық элементтерін біртіндеп өзгерту.
9. Психотехника-калька (қолда бар үлгі бойынша жаттығу құрастыру)
10.
Бөлініп алынған мәселені метафора тіліне ауыстыру.
Мысалы: а) ертегі құрастыру және мәселені сюжеттің ашылуына қарай шешу.
Жүргізуші тренингтік топты мазалайтын мәселені метафора түрінде көрсететін ертегіні
бастайды, топ (топша) ертегіні аяқтайды. ә) метафораның негізінде ойын құрастыру. б)
мәселені визуалдық, дыбыстық, қозғалыстық метафораға айналдыру.
Тақырыпты пысықтауға және бекітуге арналған сұрақтар:
1. Тренингтік техниканы құрастыру кезеңдері қандай?
2. Тренингтік техниканы құрастыру кезінде қандай ұстанымға баса мән беру
қажет?

Page 30

Негізгі әдебиеттер
1. Брудный А.А. Психологическая герменевтика. М., Ла-биринт. 1998.
2. Вачков И.В. Метафорический тренинг. М., Ось-89, 2006.
3. Миллс Д., Кроули Р. Терапевтические метафоры для детей и «внутреннего
ребенка». М., Класс. 1999.
4. Славская А.Н. Личность как субъект интерпретации. Дубна. Феникс.+, 2002.
5. Юнг.К.Г. Структура психики и процесс индивидуации. М., Наука, 1996.
6. Вачков И.В., Дерябо С.Д. Окна в мир тренинга. Методологические основы
субъектного подхода к групповой работе. СПб., Речь, 2004.
7. Гибсон Дж. Экологический подход к зрительному восприятию. М., Прогресс,
1988.
8. Жуков Ю.М. Коммуникативный тренинг. М., Гардарики, 2004.
9. Оуэн Н. Магические метафоры. 77 историй для учителей, терапевтов и
думающих людей. М., Эксмо, 2002.
10. Хайдеггер М. Европейский нигилизм / В кн. Проблема человека в западной
философии. М., Прогресс, 1988.
11. Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию. М., Международная
педагогическая академия, 1994.
12. Александров А.А. Современная психотерапия. Курс лекций. СПб.,
«Академический проект», 1997.
13. Дастанқызы Б. Психологиялық жаттығулар жинағы. Алматы, 2007.
14. Ассаджиоли Р. Психосинтез: теория и практика. М., «REFL-book», 1994.
15. Большаков В.Ю. Психотренинг: Социодинамика. Упражнения. Игры. СПб.,
«Социально-психологический центр», 1996.
16. Вачков И.В. Психология для малышей, или Сказка о самой «душевной» науке.
М., 1996.
17. Вачков И.В. Сказкотерапия. Развитие самосознания через психологическую
сказку: Учебное пособие. 2-е изд., перераб., и доп. М., Ось-89, 2003.
18. Лейтц Г. Психодрама: теория и практика. Класссическая психодрама
Я.Л.Морено. М., Издательская группа «Прогресс», «Универс», 1994.
19. Евтихов О.В. Практика психологического тренинга. СПб., Речь, 2004.
20. Цукерман Г.А., Мастеров Б.М. Психология само-развития. М., Интерпракс,
1995.

Информация о работе Дене шынықтыру жүйесі