Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 18:59, курсовая работа
Дипломдық жұмыстың басты мақсаты – инвестициялық процестерді қаржыландыру көздерін іздеу және инвестициялық нарықтың тиімділігін арттыру мәселесін шешу. Осыған байланысты келесідей міндеттер қойылады: инвестициялық нарықтың дамуының теориялық аспектілерін ашу; тікелей шетелдік инвестициялардың артықшылықтарын сипаттау; Қазақстан Республикасының қазіргі инвестициялық нарығын талдау; мемлекеттегі инвестициялық климат мәселелерін шешудің перспективалық жолдарын ұсыну.
Дипломдық жұмысымда осы міндеттерді табысты шешу үшін жекелеген инвестициялық жобалар қарастырылады.
Кіріспе 3
1б Инвестициялар: теориялық бейнелеу және инвестиция
тартудың әлемдік тәжірибесі
1.1 Инвестиция экономикалық категория ретінде 6
1.2 Инвестициялар: мәні, құрылымы, жіктелуі 9
1.3 Шетелдік капитал тартудың әлемдік тәжірибесі және оны 20
Қазақстан Республикасында пайдалану
2 бөлім. Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын
тарту және оны пайдалануды талдау
2.1 Қазақстан Республикасында шетел инвестицияларының
қазіргі кездегі жағдайы 26
2.2 “ТеңізШеврОйл” БК ЖШС мысалы негізінде шетел
инвестицияларын пайдаланудың тиімділігі 40
2.3 Мұнай өндірісіндегі инвестициялар көрсеткіштерінің
экономикалық-статистикалық даму моделі 55
3 бөлім. Қазақстан экономикасына инвестицияларды
тарту жолдары мен өзекті мәселелері
3.1 Қазақстан Республикасы экономикасына шетел
инвестицияларын тартудың өзекті мәселелері 62
3.2 Қазақстан Республикасы экономикасына инвестициялар
тарту механизмін жетілдіру жолдары 68
Қорытынды 74
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 78
Инвестициялық саясатты жүзеге асырудың жалпы экономикалық механизмінің маңызды бөлігі ұлттық және шетелдік жеке кәсіпкерлік капиталды мемлекеттік реттеу және экономикалық ынталандыру шараларының жүйесі болуы қажет. Атап айтсақ, жеке сектор үшін аса жеңілдікті инвестициялық климат Оңтүстік-Батыс Азия елдеріндегі экономика дамуының жоғары динамизмі мен жеке кәсіпкерліктің шапшаң дамуына себепкер болып отыр. Инвестициялық климаттың өзі жеке бизнестің іскерлік белсенділік деңгейін қолдауға мүмкіндік береді.
Жеңілдікті инвестициялық режим бірқатар артықшылықтардан құралады, олардың қатарында: меншіктеуден қорғау немесе капиталды өткізген кезде оны толығымен өтеу, табыстардың оралуына кепілдік, кедендік қолдаушылық, либералды салық салу және т.б.
Әлемдік тәжірибені, оның ішінде дамушы елдер тәжірибесін зерделеуден көретініміз, фискальды артықшылықтар жүйесінің қалыптасуы индустрияландыру, құрылымдық қайта құру, экономиканы жетілдіру, еңбекпен қамту және тағы да басқа мәселелерді шешуде мемлекеттің жеке капиталды қолдана отырып, өндірістік процестегі аса зор ролімен байланысты.
Салықтық саясат қызметі көбінесе жалпы ұлттық міндеттермен және аймақтық даму басым бағыттарымен қатар қойылады. Егер экономикалық стратегияның басты бағыты болып экспорттық потенциалды дамыту саналса, онда, осыған сәйкес, фискальды жеңілдіктерді қолдану саласы да экспорттық-бағдарланған өндірістер болуы қажет.
Барлық меншік формасындағы шаруашылық субъектілерінің инвестициялық белсенділіктерін ынталандыру бағытында салықтық жеңілдіктер жүйесін, әсіресе, жеке ұлттық капиталды дамыту мыналарды қарастыруы қажет:
- өндірістік инвестицияландыруға бағытталған, берілген жеңілдіктерді олардың тиімді қолданудың қатаң байланысындағы заңды тұлғалар табыстарының бөлігіне салық салу бойынша жеңілдіктер;
- олардың кейбіреулерін қарқындандыру, яғни олардың ұсынған жағдайларын жақсарту;
- салық салынатын объектілердің санын арттыруға мүмкіндік беретін таралу салаларын кеңейту.
Салықтық жеңілдіктердің аса маңызды формалары болып: табыс салығынан босату, инвестицияларға немесе инвестициялық салықтық несиелерге жеңілдіктер, жеделдетілген амортизация, кейінгі жылдардағы пайдалар есебінен шығындарды өтеу, бірқатар жанама салықтардан босату саналады.
Қазақстанда “Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы” ҚР Заңына сәйкес, нақты ынталандыру шаралары – жеңілдіктер мен артықшылықтар Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетпен инвестициялық жобаны жан-жақты сараптаудан кейін инвестормен келісімге отыру арқылы беріледі. Бұдан басқа, мемлекет табиғи гранттар – заңды тұлғаларға табыс салығының мөлшерлемелерін, жер алығы және мүлік салығы 100%-ке дейін төмендетіліп, келісім жасаған сәттен бастап 5 жылға дейін мерзімге беріледі, ал келесі бесжылдық кезеңде 50%-ке дейін төмендеуі мүмкін. Заңда сонымен қатар инвестициялық жобаны жүзеге асыруға қажетті жабдықтарды, шикізаттар мен материалдарды импорттауда кедендік баждардан толығымен немесе жартылай босату да қарастырылған.
Қымбат техниканы ұзақ мерзімге сатып алуға мүмкіндік беретін лизингті дамытуды ынталандыру үшін, дамыған елдер тәжірибесі бойынша, лизингтік операцияларға арнайы салықтық жеңілдіктер бекіту өте орынды. Лизингтің инвестиция мәселелерін шешуге қаншалықты лайық екендігі жөнінде келесі деректер дәлелдеп отыр: АҚШ-та 25-30% машиналар мен жабдықтарға салынған салымдар лизинг негізінде жүзеге асырылады; ал Австрияда - 33%, Англияда, Францияда, Швецияда, Испанияда, Италияда – 12-17%. /7-198 б./
Республиканың жаңа Салық кодексінде негізгі қызметті инвестициялауға, жаңа техникалар мен технологияларды енгізуге бағытталған табыс бөлігін салықтан босату қарастырылған. Дегенмен, біздің ойымызша, кәсіпорындардағы қорлар үшін ынталандырушы роль ойнайтын инвестициялық салықтық несиелерді қолдану аса тиімді болар еді, сондай-ақ осы қаражаттар мемлекеттік бюджет үшін жоғалмас еді.
Кейінгі жылдарда кәсіпорындарды қайта жаңарту кезінде алынған шығындарды ауыстыру, яғни болашақ пайдадан алу сияқты осындай ынталандыру әдісін де қолдану мүмкін болып отыр. Бұл жағдайда табыстың салық салынатын бөлігі азаяды. Бұл артықшылықты “алдыңғы қатарлы” немесе басым мәртебесіне ие кәсіпорындарға ұсыну орынды саналады.
Жоғарыда ұсынылған инвестициялық белсенділікке тура және жанама ықпал жасау тетіктері нақты секторға капиталдың құйылуына, инвестициялық қызметтің жандануына себепкер болып, тұрақтануға және ары қарай экономикалық өсімге көмектеседі.
3.2 Қазақстан Республикасы экономикасына инвестициялар тарту механизмін жетілдіру жолдары
Шетелдік капиталды тарту және оны пайдалану тиімділігін арттыру біздің еліміздің ұлттық мүдделерін және шетелдік инвесторлар мүдделерінің келісімділігін қамтамасыз ету, инвестициялық қызметке ортақ қолайлы жағдай және экономиканың басым бағыттарының дамуы үшін артықшылықты режимдер қалыптастыру мақсатында ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық механизмдердің жетілдірілуін талап етеді. Қолданыстағы механизмді жетілдіру өзгеріп отыратын шаруашылық жағдайына байланысты оның икемділігі мен өзіндік қалпына келтіруді арттыру бағытында жүзеге асырылуы қажет. Шетелдік инвесторлардың құқықтарын қорғау және шетелдік инвестицияларды тарту мен қолдану процесін тежейтін бюрократиялық процедураларды тәртіпке келтіру бойынша кепілдіктерді арттырудың маңызы да ерекше.
Қазақстан экономикасына шетелдік капиталды тарту формаларының бірі болып сыртқы несиелер қалып отыр.
Несиелік келісімдер жасауда, болжанған инвестициялық жобаларды жүзеге асыру сияқты, дефолттың, яғни сыртқы қарыздарды өтеу мәселелерінің туындауы мүмкін. Дефолттардың себебі барлық кезеңдерде: келісім жасау, жоба бойынша аймақтық, жоғары жақтағы органдар мен үкімет деңгейінде шешім қабылдау, несиені игеру және ол бойынша қарыздарды өтеу сатыларында шетелдік несиелік желілерде қызмет көрсетілетін инвестициялық жобалардың қозғалыс механизмінің болмауы немесе жетілдірілмеуі болып табылады.
Басым инвестициялық жобаларды іріктеу механизмінің басты кемшілігі болып іріктеудің нақты критерийлерінің және тіпті қарапайым бағдарлардың жоқтығы саналады. Көптеген жобалар экономикалық тиімділік, ішкі қарыз алушының валюталық өтелім және төлем қабілеттілігі жағынан жеткілікті түрде негізделмеген. Әлеуметтік сипаттағы көптеген жобалар экономикалық пайдаға залал келтіріп отыр.
Сыртқы қарызды бақылау және басқару бойынша жұмыстардың маңызды бөлігі болып, жан-жақты бағалаудан өткен нақты, ұқыпты іріктеліп дайындалған жобаларды жүзеге асыру үшін займдар алудың маңыздылығынан шығатын шетелдік несиелік желілерді мақсатты пайдалану туралы мәселелерді пысықтау арқылы шетелдік несиелерді конкурстық іріктеу саналады. Займдар мен несиелердің басым көпшілігі (90%-тен астам) кен орнын игеру, шағын кәсіпорындарды, білім беру және денсаулық сақтау жүйесін дамыту, демографиялық жағдайды жақсарту сияқты нақты жобаларды қаржыландыру үшін тартылуы қажет. Қалыпты бағдар республика экономикасын дамытуға септігін тигізетін және қарыздық қаражаттарды өтеу үшін оның нақты мүмкіндіктерін арттыратын тиімді жобаларға қаражаттар салуды қамтамасыз етуге негізделген.
Осыған байланысты банктік және тәуелсіз сараптамашыларды тартумен ұсынылып отырған инвестициялық жобаларды алдын-ала детальды түрде сараптама жасау қажет. Осындай сараптамада жобаларды технико-технологиялық, бағалық және құқықтық жетілдіру, маркетингтік зерттеулер жүргізілу жүзеге асырылуы қажет – шикізатты, кешенді заттарды жеткізудің мөлшерлері мен көздері, қажетті мамандар мен жұмысшылар саны, өткізудің мүмкін нарығы анықталады.
Қазақстан экономикасын халықаралық инвестициялауды ынталандырудың маңызды факторы болып саяси, әлеуметтік-экономикалық және коммерциялық тәуекелдерді кәсіби және толықтай сақтандыру саналады. Біздің еліміздің осы саладағы инвестициялық тартымдылығы ҚР “Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы” Заңына сәйкес артып отыр, ол инвесторлар құқықтарының артықшылық деңгейін көтеретін бірқатар жаңа заңды ережелерден тұрады. Атап айтқанда, осы заңдардың баптарына сәйкес инвесторлар мүдделерін қорғауда келесі кепілдіктер қарастырылады:
- бекітілген инвестордың жарғы қорындағы өз үлесінің салықтар мен басқа міндетті төлемдерді жүргізу жағдайында шаруашылық серіктестерінің акциялармен немесе капиталдың, пайдалардың, не болмаса табыстардың еркін аударылуын басқару құқықтарын шектемеу;
- инвестормен республика аумағында жүзеге асырылатын шикізатты өткізу және тауарларды сатуды бақылайтын мемлекеттік монополия құруға тыйым салу;
- инвестормен жүзеге асырылатын шикізат немесе тауарлар өткізуде бағаларды бақылау және реттеу шараларын қолдануға тыйым салу;
- либералды валюталық реттеу;
- инвесторларды қорғау бойынша кедендік реттеу шаралары;
- инвесторлардың, инвестициялардың, пайданың (табыстың), дивидендтердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
- Қазақстан Республикасының заңдарын бұзушылық жағдайларын қоспағанда, инвесторларға өздеріне тиесілі мүлікті басқаруға кедергі жасамау.
Шетелдік инвесторлар құқықтарының елеулі кепілі болып республика заңдарының өзгертулері мен толықтыруларынан қорғау, сондай-ақ шетелдік инвестицияларды тарту мен пайдалануды нормативті-құқықтық реттеуді өзгертуде келісім жағдайына өзгертулер енгізу мүмкіндіктерін ұсыну саналады.
Әйтсе де, инвестордың мүдделерін қорғау саласындағы мәселелердің барлығы бірдей шешіліп отырған жоқ. Атап айтсақ, бүгінде Қазақстанда ортақ сақтандыру компанияларын құруға мүмкіндік беретін және “Казахинстрах” монополиясын шектейтін заңнамалық актілер мүлдем жоқ. Қазіргі кезде сақтандыру заңдарына сәйкес, сақтандыру жөніндегі “Казахинстрах” мемлекеттік компаниясы жалғыз сақтандырушы компания болып отыр, оған Қазақстандағы шетелдік инвестициялардың тәуекелдерін сақтандыру мүмкіндігі берілген және мұндайда инвесторларға қызметін пайдалануға тілек білдірген сақтандырушыны таңдау құқығынан бас тартып отыр.
Шетелдік инвестицияларды сақтандыру мүмкіндіктерін аса тиімді қолдану үшін халықаралық сақтандыру компаниясын немесе AIG (American International Group) корпорациясының –халықаралық диверсификацияланған ірі сақтандыру тобының және АҚШ-тағы сауда және өнеркәсіптік тәуекелдердің ірі сақтандырушысының қатысуымен шетелдік “ОПИК жеке инвестициялары” корпорациялары типі бойынша саяси және коммерциялық тәуекелдерді сақтандыру бойынша ортақ қор құру орынды. Бұл мемлекеттік компания меншікті тәркілеуден, иесіздендіруден және меншіктеуден, валютаның айырбастала алмауынан сақтандырады, бұл үшін үлкен сақтандыру қоры да жеткілікті. Мысалы, осындай халықаралық компания Өзбекстанда құрылған және оның сақтандыру қоры 100 млн.долларды құрайды, ал “Казахинстрах” компаниясының сақтандыру қоры тек 1 млн. долларды ғана құрап отыр, бұл Қазақстаннан сақтандыру жарналарының шетелге ағып кету мүмкіндігінің салдарынан шетелде тәуекелдерді қайта сақтандыру қажеттілігіне негізделген. /4/.
Қазақстан экономикасының басым салаларына шетелдік капиталды тартуды ынталандыру үшін қаржылық-несиелік, салықтық ынталандырулар сияқты, қаржылық емес әдістерді де қолдану орынды. Соңғыларына шетелдік капиталдың қызмет етуіне ортақ, қолайлы жағдайлар қалыптастыру, өндірісті қажетті факторлармен, ақпаратпен, басқару қызметтерімен, көлікті, алуан түрлі коммуникациямен қамтамасыз ету, банктік қызмет көрсетумен, нарықтық инфрақұрылымның басқа элементтерін қалыптастыру жатады.
Салықтық жеңілдіктер мен ынталандыруларды кеңінен қолдану да мақсатты болып табылады. Мысалы, қарыздарды беру және тапсыру бойынша операцияларды қосымша құн салығынан босатуда ынталандырушы роль ойнайды. Инвестициялық банктер мен несиелік мекемелерден алынғаншетелдік валютадағы несие сомаларына бұл жағдайда қосымша құн салығы салынбауы қажет.
Салықтық және қаржылық-несиелік жеңілдіктер беру жүзеге асырылатын жобаның мемлекеттік маңызына, кәсіпорынның жарғы капиталына қатысу үлесіне, капиталдың салыну саласына, оның айналым жылдамдығына байланысты автоматты түрде емес, саралы түрде жүзеге асырылуы тиіс.
Жекешелендіру процесі аясында шетелдік капиталды тартуды ынталандырудың нақты механизмін қалыптастыру үшін мыналар қажет: шетелдік қоржынды инвестициялардың валюталық айырбас қағидасын жасау, халықаралық сауда үшін жекешелендірілетін объектілер шеңберін белгілеу, шетелдік инвесторлардың мүліктік құқығын алуға қажетті құнды қағаздардың бірінші және екінші нарықтарын дамыту.
Шетелдік капиталды тарту жөніндегі ұйымдастыру шараларының қатарына мыналар қажет:
- инвестицияларды (елдер тізімдемесі) өзара қорғау және көтермелеу бойынша мүдделі елдермен келіссөздер жүргізу;
- “Кепілдік туралы”, “Жылжымайтын мүлікті ипотекалау туралы” заң жобаларын қабылдау, шетелдік капиталды тарту мақсатында кепілдік формаларын пайдалану механизмі бойынша ұсыныстар әзірлеу және беру;
- ҚР және оның аймақтарындағы инвестициялық климатқа мониторинг жүргізу жүйесін қалыптастыру.
Шетелдік капиталды тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асырумен байланысты қызметтерді атқару үшін, инвестициялар жөніндегі Мемлекеттік комитетте мақсатты түрде мыналарды:
- инвестициялау алдындағы зерттеулер жүргізу, жобаларды сараптау және олардың ілесе жүруі, кеңестік-техникалық жәрдемді жүзеге асыру бойынша қызметті үйлестіру жүктелетін жобаны қаржыландыру және кеңестік-техникалық жәрдем орталығын құру;
- шетелдік капиталы бар кәсіпорындарды тіркеу және шетелдік фирмалар мен компанияларды аккредитациялау үшін тіркеу палаталарын құру;
- нақты инвестициялық бағдарламалар мен жобалар, заңнамалық база, салық жүйесі, инвестициялық саясат бойынша дерек банктерін құру және осы ақпараттармен ықтимал шетелдік инвесторларды қамтамасыз ету мақсатында шетелдік капитал жөніндегі ақпараттық орталық құру қажет.
Атап өтілген шаралар шетелдік капиталды тарту саласында салмақты мемлекеттік саясат жүргізуге мүмкіндік туғызады, бұл ұлттық мүдделердің шетелдік инвесторлар мүдделерімен сәйкес келу мәселелерін шешуге көмектеседі.