Инвестиция

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 18:59, курсовая работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыстың басты мақсаты – инвестициялық процестерді қаржыландыру көздерін іздеу және инвестициялық нарықтың тиімділігін арттыру мәселесін шешу. Осыған байланысты келесідей міндеттер қойылады: инвестициялық нарықтың дамуының теориялық аспектілерін ашу; тікелей шетелдік инвестициялардың артықшылықтарын сипаттау; Қазақстан Республикасының қазіргі инвестициялық нарығын талдау; мемлекеттегі инвестициялық климат мәселелерін шешудің перспективалық жолдарын ұсыну.
Дипломдық жұмысымда осы міндеттерді табысты шешу үшін жекелеген инвестициялық жобалар қарастырылады.

Оглавление

Кіріспе 3
1б Инвестициялар: теориялық бейнелеу және инвестиция
тартудың әлемдік тәжірибесі
1.1 Инвестиция экономикалық категория ретінде 6
1.2 Инвестициялар: мәні, құрылымы, жіктелуі 9
1.3 Шетелдік капитал тартудың әлемдік тәжірибесі және оны 20
Қазақстан Республикасында пайдалану
2 бөлім. Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын
тарту және оны пайдалануды талдау
2.1 Қазақстан Республикасында шетел инвестицияларының
қазіргі кездегі жағдайы 26
2.2 “ТеңізШеврОйл” БК ЖШС мысалы негізінде шетел
инвестицияларын пайдаланудың тиімділігі 40
2.3 Мұнай өндірісіндегі инвестициялар көрсеткіштерінің
экономикалық-статистикалық даму моделі 55
3 бөлім. Қазақстан экономикасына инвестицияларды
тарту жолдары мен өзекті мәселелері
3.1 Қазақстан Республикасы экономикасына шетел
инвестицияларын тартудың өзекті мәселелері 62
3.2 Қазақстан Республикасы экономикасына инвестициялар
тарту механизмін жетілдіру жолдары 68
Қорытынды 74
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 78

Файлы: 1 файл

Инвестициялар.doc

— 466.00 Кб (Скачать)

Шетелдік капиталды тарту саясаты ұзақ мерзімді перспективаға құрылымдық өзгеру басымдылықтары анықталған Қазақстанның жалпы экономикалық даму стратегиясынан келіп шығады. Шетелдік капитал экономиканың жекелеген басым салаларын дамытуда маңызды орын алуы қажет, сондай-ақ ұлттық инвестицияларды ығыстыру емес, толықтыру құралы ретінде қызмет атқаруы, болашақта кері процестердің трансмиссиясына жол бермеуі қажет.

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қазақстанның қазіргі кезде шетелдік инвестицияларға сұранысы оның өзіндік (қазақстандық) жинақ қорларының тапшылығымен анықталып отыр.

Қазақстанда ел экономикасына едәуір көлемде шетел инвестицияларын тартуға қабілетті зор мүмкіндіктер баршылық. Олардың қатарында, “Қазақстан ивестициялық саммиті” формуында атап өтілген пайдалы қазбалардың мол қорлары, ұлан-ғайыр ауыл шаруашылық егістік жерлері, білімді халқы, ірі экспорттық және транзиттік потенциалы, шекара периметрлері бойынша ірі өткізу нарықтары, елдің саяси тұрақтылығы бар. Жоғарыда аталған Қазақстанның шетел инвестицияларын тартудағы белгілерінің жақсы іске асырылуы үшін елдегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді кідіртетін қолайсыз факторлар жиынтығын жою қажет. Оларға жататындар: өндірісті қысқарту, бюрократиялық кеселдер, қаржылық тәуекелдер, салық заңдарындағы кемшіліктер, сақтандыру, кепілдендіру салаларындағы құқықтық реттеудің жетіспеушілігі және т.б.

Қазіргі кезде Қазақстан шетел инвестицияларын тартуда белгілі жетістіктерге жетіп отыр және Еуропа Жаңғыру және Даму Банкінің деректері бойынша халық санына шаққанда (165 АҚШ долл.) инвестициялардың құйылу жиынтығы бойынша ТМД елдері ішінде бірінші орында болып отыр. Сондай-ақ біздің республика бұрынғы социалистік лагерь елдерінен, атап айтқанда: Болгария, Хорватия, Польша, Румыния, Литва, Македония сияқты елдерден озған. Дегенмен елдің нақты потенциалы қол жеткен деңгейден едәуір асып отыр. Мұнда сонымен қатар дамыған елдер мен халықаралық экономикалық ұйымдар тарапынан белгілі бір себептермен және осы инвестицияларды алуға тілек білдірушілердің көптігінен инвестициялау мүмкіндігінің шектелгендігін де түсінген жөн. Сондықтан да шетел инвестициялары үшін қолайлы инвестициялық климатты жақсарту аса көкейкесті болып отыр.

Шетел инвестицияларын алудың маңызды көзі болып таяу шетел саналады. ТМД елдерінің интеграциялық ынтымақтастығын ары қарай дамыту экономикалық дамытуды жеделдетудің материалдық және қаржылық қаражаттарын біріктіруді болжайды. Шетелдік капитал легін шартты түрде үш бөлікке бөлуге болады.

-         дамытуға ресми көмек;

-         тікелей шетелдік инвестициялар;

-         экспорттық несиелер.

Осылардың ішіндегі шетелдік капиталды тартудың тиімді формасы болып тікелей шетелдік инвестициялар есептеледі, оған дамудың әлемдік тәжірибесі дәлел болып отыр.

              Қазақстан Республикасындағы нарықтық экономиканың құрылуы мен қалыптасуы шетелдік қызметтің дамуымен, оның халық шаруашылығының барлық бағыттары мен салаларында ырықтануымен байланысты, бұл біршама түрде орталықтандырылған, мемлекеттік инвестициялардың бірден азайып кетуіне де негізделген.

              Нарықтық қатынастардың дамуымен қатар барлық меншік формасындағы кәсіпорындардың шаруашылық қызметі практикасында қаржылық инвестициялар да кеңінен таралуда. Акционерлік қоғамдар көптеп пайда болуда; мемлекет, банктер, кәсіпорындар қарыздық құнды қағаздарды еркін ақша капиталын тартудың тәсілі ретінде жиі қолдануда. Құнды қағаздар – фьючерлік келісімдер, кепілдіктер нарығы дамып отыр.

              Осы өзгерістердің қиыншылыққа толы дәуірінде Қазақстанға өз дамуына бір стратегияны таңдап алуы қажет. Қазіргі кезде инвестицияларды тарту қажет пе, егер қажет болса, онда қандай жағдайларда тарту қажеттігін анықтап алған жөн.

              Меніңше, қазақстан нарығына ықтимал инвесторларды тарту үшін ең алдымен салықтарды төмендету қажет, себебі қазіргі кезде Қазақстанда салық салудың жиынтық нормасы тым жоғары болып отыр. Сондай-ақ, өңдеу өнеркәсібі саласын инвестициялауға ынталандырушы жеңілдіктер енгізу қажет деп ойлаймын, себебі қазіргі кезде инвестицияның негізгі мөлшері өңдеу саласына тартылған, осыған байланысты  ұлттық табиғи ресурстарды “ысырап ету” және ел экономикасынан ақшаны “сорып алу” байқалып отыр.

              Шетелдік капитал – экономиканы инвестициялаудың маңызды көздерінің бірі. Ол экономиканың дамуына, ғылыми-техникалық артта қалушылықты жоюға мүмкіндік туғызады, нарықтық, экономикалық институттар мен нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуына негіз болады.

              Бізге дамыған экономикалық қатынастарға тез бейімделуге, меншік құқығының элементтерін нығайтуға, ішкі бәсекелестердің пайда болуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ірі, коммерциялық өміршең шетелдік капиталды тарту қажет.

              Шетелдік капиталды тартудың басты шарттары ретінде мыналарды атауға болады:

-         Қазақстан аумағындағы инвесторлар қызметі үшін тұрақты және дамыған нормативті-құқықтық база қалыптастыру;

-         салық жүйесінің тұрақтылығы;

-         меншік институттарын нығайту;

-         шетелдік инвестициялар үшін сақтандыру және кепілдік формаларының жүйесін қалыптастыру;

-         инвестициялық шешімдер қабылдауды қамтамасыз ететін ақпараттық және кеңестік жүйелер қалыптастыру,

-         халықаралық банктер және қаржылық ұйымдармен инвестициялық ынтымақтастықты дамыту;

-         Қазақстанға шетелдік инвестицияларды тартудың алғашқы кезеңдерінде олар үшін жеңілдікті жағдайлар туғызу қажет.

Осыған байланысты қолайлы инвестициялық климат қана құрып қоймай, сонымен қатар осы қаражаттарды пайдалануға қатаң бақылау жасау, Қазақстан экономикасы үшін бірінші дәрежелі маңызға ие объектілерді іріктеу, сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асырудың мақсаттылығын анықтауды қамтамасыз ететін инвестицияларды тарту бағдарламаларын әзірлеу қажет.Тәуелсіз Қазақстанның дамуында экономиканың құрылымдық өзгеруі маңызды мәнге ие. Құрылымдық қайта құрудың мәні түпкілікті өнім шығаратын нақты өндірістерді құру және кеңейтуде болып отыр. Бұл республикаға едәуір пайдаға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Біріншіден, арзан шикізат пен жартылай фабрикаттарды әкету қажеттілігі кемиді. Екіншіден, қажет қаражаттарды үнемдеуге мүмкіндік беретін дайын өнімдерді (әсіресе, ауыл шаруашылығы шикізатынан дайындалған) импорттау біршама азаяды. Үшіншіден, Қазақстанда жұмыссыздықтың жоғары деңгейінен туындаған әлеуметтік шиеленісті жоюға мүмкіндік беретін қосымша жұмыс орындары қалыптасады.

Инвестициялар – бұл кез-келген елдің экономикалық дамуының негізі. Қазақстанның шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі саясатын жүзеге асыру біздің республикамызға туындаған экономикалық қиыншылықтарды жоюға, ғылыми-техникалық прогрес жетістіктерін енгізуді жеделдетуге, еңбек өнімділігін көтеруге, жоғары және еңбекті үнемдеуші технологияларды игеруге, экономиканың технологиялық жаңаруын қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Абуталипов Ж.А. Казахстан в мировой экономике. –Алматы – 1998 г.
  2. Авдокушин Е.Ф. “Менжународные экономические отношения”, Москва 2002 г.
  3. Алибаев А. О некоторых нестандартных механизмах инвестирования пенсионных активов в реальный сектор экономики Казахстана // Рынок ценных бумаг Казахстана, 2001, № 11. С.22.
  4. Аубакиров Я.А. Экономические проблемы стратегии 2030 / В кн. Стратегия Казахстана до 2030 года: Материалы конференции (12-13 ноября 2002г.) – Алматы: Казахс.университет.
  5. Баймуратов У. Национальная экономическая система. – Алматы: Гылым, 2000. – 533 с.
  6. Деньги. Кредит. Банки./Под.ред. Сейткасимова И.с. Алматы, 1999.
  7. Днишев Ф.М. Научно-техническое развитие в условиях становления национальных производительных сил. – Алматы: Гылым. – 1996, 198 с.
  8. Егоров О.И. Нефтегазовые ресурсы как фактор устойчивого развития экономики в условиях рынка. – Алматы, 1999. С.57.
  9. Журнал “Business central Europe” 2001г. № 7
  10. Журнал “Euromoney” № 4, 2000г.
  11. Закон Республики Казахстан “Об иностранных инвестициях” декабрь.1994 год, (изменения и дополнения от 15.10.95г., от 02.06.97г., 11.07.97г., 16.07.97г.)
  12. Закон Республики Казахстан “О валютном регулировании и валютном контроле” , Казахстанская правда, 1995.
  13. Закон Республики Казахстан от 27 декабря 1994 г. “Об иностранных инвестициях” (с изменениями и дополнениями, внесенными в Закон Республики Казахстан 16 июля 1997 г.) // “Гражданское Законодательство Республики Казахстан – толкование и комментирование”. Вып.-5: Алматы, “Баспа”, 1998 г. С.101-119.
  14. Закон Республики Казахстан от 28 февраля 1997 г. “О государственной поддержке прямых инвестиций”. Алматы: “Жеты Жаргы”, 1997 г.
  15. Инвестиционный климат в Казахстане. Второй ежегодный опрос иностранных инвесторов, май, 2002 г. Азия – ЭЖ, № 34.
  16. Кабдиев Д.К. Проблемы стабилизации и экономического роста / Экономика Казахстана на пороге ХХІ века. Сб.науч.ст./ Под ред. д.э.н., проф. Н.К.Мамырова. – Алматы: Экономика, 1998.
  17. Конаев Э.Н., Надиров Н.К. Трубопроводный транспорт Казахстана и перспективы его развития // Нефть и газ, 2001, № 2. С.73-81.
  18. Кононов Ю.Д., Куклина А.Ю. Макроэкономическая оценка ущерба от дефицита энергоносителей / Известия РАН. Энергетика, 1999, №4. С.51.
  19. Концепция развития нефтегазовой отрасли Республики Казахстан до 2015 года.
  20. Масимов К.К. Перспективы развития транспортно-коммуникационного комплекса Республики Казахстан. “актуальные проблемы транспортно-коммуникационного комплекса на пороге ІІІ тысячелетия”. Международаная научно-практическая конференция. Сборник трудов. – Алматы, АИЭС, 2001. С. 14-22.
  21. Международные экономические отношения / Учебник под ред. Трофимова А. Алматы: 2002.
  22. Назарбаев Н.А. Казахстан-2030. Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев. Послание Президента страны народу Казахстана. – Алматы: “Білім”, 1998. – 96 с.
  23. Назарбаев Н.А. Стратегия становления и развития Казахстана как суверенного государства. Казахстанская правда, 1995.
  24. Нурланова Н.К. Формирование инвестиций в экономике Казахстана: стратегия и механизм. Алматы, Гылым,1999.
  25. Отчет о результатах финансово-хозяйственной деятельности ПОО “Тенгизшевройл” за 2004 год.
  26. Правительство ознакомилось с проектом Концепции развития газовой отрасли до 2015 г. // Panorama, № 44, 2001.
  27. Проект Программы совершенствования тарифной политики субъектов естественных монополий на 2000-2004 годы. Агентство Республики Казахстан по регулированию естественных монополий, защите конкуренции и поддержке малого бизнеса. – Астана, 2002.
  28. Сарсембаев М.А. Правовое регулирование внешнеэкономической деятельности. Алматы: Гылым. 1997 г.
  29. Статистический ежегодник за 2003 год. (по оперативным данным) Агентство по статистики РК 2004.
  30. Указ Президента Республики Казахстан от 30 июня 1998 г. “О внесиении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 5 апреля 1997г. № 3445”. // САПП Республики Казахстан, 1997г. № 19. с.102.
  31. Шокоманов Ю. Промышленность Казахстана за 5 лет независимости и перехода к рынку // АльПари, 1998, № 3.

 

80

 



Информация о работе Инвестиция