Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 18:59, курсовая работа
Дипломдық жұмыстың басты мақсаты – инвестициялық процестерді қаржыландыру көздерін іздеу және инвестициялық нарықтың тиімділігін арттыру мәселесін шешу. Осыған байланысты келесідей міндеттер қойылады: инвестициялық нарықтың дамуының теориялық аспектілерін ашу; тікелей шетелдік инвестициялардың артықшылықтарын сипаттау; Қазақстан Республикасының қазіргі инвестициялық нарығын талдау; мемлекеттегі инвестициялық климат мәселелерін шешудің перспективалық жолдарын ұсыну.
Дипломдық жұмысымда осы міндеттерді табысты шешу үшін жекелеген инвестициялық жобалар қарастырылады.
Кіріспе 3
1б Инвестициялар: теориялық бейнелеу және инвестиция
тартудың әлемдік тәжірибесі
1.1 Инвестиция экономикалық категория ретінде 6
1.2 Инвестициялар: мәні, құрылымы, жіктелуі 9
1.3 Шетелдік капитал тартудың әлемдік тәжірибесі және оны 20
Қазақстан Республикасында пайдалану
2 бөлім. Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын
тарту және оны пайдалануды талдау
2.1 Қазақстан Республикасында шетел инвестицияларының
қазіргі кездегі жағдайы 26
2.2 “ТеңізШеврОйл” БК ЖШС мысалы негізінде шетел
инвестицияларын пайдаланудың тиімділігі 40
2.3 Мұнай өндірісіндегі инвестициялар көрсеткіштерінің
экономикалық-статистикалық даму моделі 55
3 бөлім. Қазақстан экономикасына инвестицияларды
тарту жолдары мен өзекті мәселелері
3.1 Қазақстан Республикасы экономикасына шетел
инвестицияларын тартудың өзекті мәселелері 62
3.2 Қазақстан Республикасы экономикасына инвестициялар
тарту механизмін жетілдіру жолдары 68
Қорытынды 74
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 78
*) Аз кәсіпорындарды есептемегенде
**) Жедел деректер
Меншік формасы | 2000 * | 2001* | 2002 | 2003 | 2004** |
Мемлекеттік | 66 | 61 | 67 | 137 | 173 |
Жеке | 157 | 238 | 348 | 500 | 537 |
Мемлекеттің және шет елдің қатысуынсыз кәсіпорындар меншігі | 36 | 37 | 103 | 146 | 165 |
Мемлекеттің қатысуымен (шетелдің қатысуынсыз) кәсіпорындар меншігі | 25 | 24 | 65 | 92 | 88 |
Шетелдің қатысуымен ортақ кәсіпорындар меншігі | 96 | 177 | 180 | 262 | 284 |
*) Аз кәсіпорындарды есептемегенде
**) Жедел деректер
2004 жыл бойынша негізгі капиталға тартылған инвестиция 1193,1 млрд.теңгені құраған, бұл 2003 жылмен салыстырғанда 19%-ке артық. Инвестициялардың өсімі республиканың 13 аймағында байқалады. Инвестициялық қызметте аса қолайлы жағдай Жамбыл (1,8 есе), Қызылорда, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында (1,3-1,6 есе), Қостанай, Ақмола, Қарағанды облыстарында (10-17%) байқалған.
Инвестициялар көлемінің азаюы 2003 жылмен салыстырғанда Павлодар, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарында байқалып отыр. Тұрғын үй құрылысына тартылған инвестициялар көлемінің өсуі байқалған.
2002 жылы тұрғын үй құрылысына 22,44 млрд. теңге инвестиция бағытталған, бұл 2001 жылға қарағанда 47%-ке артық және 1218 мың шаршы метр аумағындағы тұрғын үй пайдалануға берілген, бұл 2001 жылға қарағанда 8,6% артық. 2003 жылы тұрғын үй құрылысына 27,17 млрд.теңге бағытталған, бұл 2001 жылмен салыстырғанда екі есе көп. Пайдалануға 1493,1 мың шаршы метр тұрғын үй берілген, бұл 2002 жылы 122,6%-ті құрайды
Тұрғын үйді енгізудің жалпы көлемінің құрылымында басты орынды мемлекеттік емес ұйымдардың қаражаттары алып отыр. Атап айтсақ, 2003 жылы олар 92%-ті құраса, оның ішінде халық қаражаты - 73% болған.
2004 жылы 11 аймақта салынған тұрғын үй көлемдері 2003 жылғы деңгейден асып кеткен. Аса белсенді тұрғын үй құрылысы Маңғыстау облдысында жүргізілуде, онда тұрғын үйлер енгізу көлемі 2003 жылмен салыстырғанда 2,4 есе өскен.
Қазақстанның инвестициялық рейтингі. /29/
Несиелік рейтинг рейтингтік агенттіктердің қарыз алушының жалпы несие қабілеттілігі және міндеттемелерді уақытылы төлеуі туралы пікірлерін білдіреді. Несиелер бойынша жергілікті және шетелдік валютада тағайындалады. Рейтинг болжамы таяу арадағы екі-үш жыл ішіндегі оның қозғалысының мүмкін бағыттарын көрсетеді. “Тұрақты” - өзгерістердің болуы екіталай, “оңтайлы” – көтерілуі мүмкін.
Егеменді рейтингтердің негізгі факторлары болып елдің экономикалық жағдайы, саяси жүйесі, әлеуметтік жағдайлары саналады. Қазақстан Республикасы ТМД елдері ішінде ең жоғары ұзақ мерзімді несиелік рейтингке ие.
Рейтинг инвесторлар арасында этитенттің несие қабілеттілігін бағалаудың қолайлы құралы ретінде аса танымал болып отыр.
2003 жылдың 28 мамырынан бастап Standard & Poor халықаралық рейтингтік агенттігі Қазақстан міндеттемелері бойынша “ВВ” дан “ВВ+” ға дейінгі шетелдік валютада ұзақ мерзімді несиелік рейтингтердің және “ВВ+/Оңтайлы/В”дан “ВВВ-/Тұрақты/А-3”ке дейінгі ұлттық валютада міндеттемелері бойынша несиелік рейтингтердің өскендігі жөнінде жариялаған. Рейтингтердің өсуі қазақстан экономикасының ықтимал мүмкіндіктерін тұрақты нығайтуды, сондай-ақ мемлекеттік бюджет тапшылығы мен мемлекеттік борышты төмен деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік беретін үкіметтің салмақты саясатын бейнелейді.
Агенттіктің бағалауы бойынша, салмақты қаржылық саясатты жүргізу фискалды тапшылықтың, инфляцияның шектелуіне әкеп соқтырды, осылайша республиканың жеткілікті түрде қуатты экономикалық мүмкіндігін нығайтты. S&P болжауы бойынша, бюджет 2003 жылды біршама тапшылықпен аяқтаған (Ұлттық қорға аударылған салық үлесінің 2%-ке жуығын алып тастағанда). Агенттік, сонымен қатар жылдың соңында мемлекеттік борыш ЖІӨ 14,2%-іне жететінін және алдағы бірнеше жылда осы деңгейде қалатындығын да болжап отыр. Аналитиктермен инфляция 2003 жылы 6,4%-ке, экономикалық өсім – 8,6% шамасында бағаланған. Үкіметтің нарықтық бағдарланған реформаларды жүргізудегі ұстанымы, сондай-ақ банктік секторда өсіп отырған сенімділік қаржылық жүйені нығайтуы тиіс.
Бұдан басқа, экономика мен бюджеттің сыртқы ықпалдарға қатысты тұрақсыздығы кемуде. Мұнайгаз секторындағы инвестициялардың, өндіріс пен экспорттық күштердің жалғасып отырған өсімін есепке алсақ, Қазақстан мұнайға тіпті ең төмен баға жағдайында да жоғары өсім мен төмен тапшылықты ұстануға қабілетті болып отыр.
Қазақстанның несие қабілеттіліг оның сырқты өтімділігіне де негізделеді. Ағымдағы операциялардың саны бойынша тапшылық өткен жылғы ЖІӨ-нің 2,5%-мен салыстырғанда 2004 жылы 0,3%-ке бағаланып отыр; әсіресе мұнайгаз секторында импорттың баяу өсуі мен экспорттың күшеюіне байланысты оның әрі қарай кемуі болжанып отыр. S&P жыл сайын ЖІӨ-нің 6-7% мөлшерінде тікелей шетелдік инвестициялар ағымы есебінен тапшылықты қаржыландыру жалғасып отырғандығын да айқын көрсеткен.
Кері сәттер ішінен агенттік әлсіз институционалдық және құқықтық жүйелер қатарында басқарудың жоғары орталықтандырылған және тұнық емес жүйелерін бөліп қарастырған. Бұл факторлар Қазақстанның несие қабілеттілігіне керіс әсерін тигізіп отыр және ұқсас несиелік рейтингтері бар елдерге қарағанда мемлекеттік саясаттың өте төмен бағыныштылық механизмін жасауға негізделген. Бұл әлсіз экономикалық құрылыммен және төмен деңгейлі табыспен сәйкес келіп отыр.
2002 жылдың 19 қыркүйегінен бастап Moody’s Investor Service халықаралық рейтингтік агенттігі Қазақстанның “Ва2” ден “Ваа3” ке дейінгі шетелдік валютадағы облигациялары бойынша егеменді рейтингін арттырған. Сонымен қатар шетелдік валютадағы банктік депозиттер бойынша рейтинг “Ва1” ге дейін артқан, ал Үкіметтің ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді қарыздары бойынша рейтинг “Ваа1” ге дейін өскен. Барлық рейтингтерге “тұрақты” болжамы тән. Қазақстанға – ТМД елдерінің ішіндегі алғашқысына аса беделді Moody’s Investor Service рейитингтік агенттігінің тағайындаған инвестициялық рейтингі республика экономикасын инвестициялау үшін қолайлы жағдайларды көрсетіп отыр. Сондай-ақ елдің егеменді рейтингін арттыруға шикізат ресурстарына әлемдік баға конъюктурасының тербелісін тудыратын қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалынан қазақстан экономикасының тәуелділігін азайтумен айналысатын Ұлттық қордың құрылуына септігін тигізді. Борыш және борыштарды өтеу қауіпсіз деңгейде болып отыр. Елдің ішкі саяси деңгейінің тұрақтылығы да несиелік рейтингке әсер ететін оңтайлы фактор болып табылады.
Егеменді рейтингтердің негізгі факторлары болып елдің экономикалық жағдайы, саяси жүйесі, әлеуметтік жағдайлар саналады.
2.2 “ТеңізШеврОйл” БК ЖШС мысалы негізінде шетел инвестицияларын пайдаланудың тиімділігі
Қазақстан Республикасы дамуының салалық бағытталуы 2000 – 2002 жж. басындағы кезеңде айқын көрінген болатын. Осы жылдары ғылыми әдебиеттер мен бұқаралық ақпарат құралдарында, әсіресе саяси элита өкілдері тарапынан, Қазақстан әлемдегі жетекші мұнайлы мемлекет болады, себебі оның қарамағында ірі барланған және әлі де болжанып отырған мұнай қорларының барлығы туралы жиі айтылып келді. Басқа елдер мұнай дайындау мен әзірлеуде өзінің шарықтау шегіне жетіп отырғанда, кейбірі тіпті оған жетіп те қойған немесе жол жолдан өту кезеңінде, ал Қазақстан болса енді ғана қарқын алып келе жатқанын ескеретін болсақ, Қазақстан басшылығының оптимизмі толықтай негізделген деп айтуымызға болады.
Шынында да, мұнай – республиканың басты табиғи байлығы. Оның құрлықта барланған қорлары 2,1 құраса, ал газ конденсатымен – 13,6 млрд. тонна болып отыр. Қазақстанның қарамағында сондай-ақ 7,6 трлн.м3 табиғи газ бар. Осы көрсеткіштер бойынша Қазақстан ТМД елдері ішінде екінші орынды және әлемде 25 орынды алып отыр.
Болжамдар бойынша, 2050 жылға қарай әлемде жалпы энергия тұтыну деңгейі 1975 жылдағы деңгейден төрт есе асады және шамамен 30,2-10 ккал құрайды, ал 2010 ж. әлемдік отын балансында мұнайдың үлесі 35-10 ккал шамасында бағаланып отыр. Тұтынудың мұндай өсімі қазір дамушы елдерде оның зор шығындарымен шарттанатын болады.
Қазақстан бұл үрдістерде маңызды орын алуды көздейді және мұнайды “қазақстан кереметімен” байланыстырады. Ресми деректер бойынша, 2004 жылға жылына 100 млн. тонна мұнай өндіру қарастырылған болатын, ал 10-15 жылдан кейін 170 млн. тоннадан астам өндіру болжанып отыр.
Дегенмен шынайы өмірде реформаторлардың бұл үміті ақталмады. Мұнайды шамадан тыс өндіру салдарынан оның әлемдік бағалары тұрақты түрде төмендей бастады, әлемдегі мұнай көтерілісінің кезеңі өткен, мұнай бағасы 1981 жылы тоннасына 282,3 доллардан 1990 жылы 116,3 долларға дейін түскен, ал аталған өнімнің 30% шамасында тұтынған Азия елдерінде болып өткен қаржылық дағдарыс жағдайында, оттегі-сутегі шикізаты бағасының құлдырауы 2003 ж. 1 шілдесінде қосымша импульске ие болып, түрлі бағалаулар бойынша, барреліне (бір баррель 158,988 литрге тең) 24-26 долларды құраған. Мұнда сондай-ақ тағы бір принципті сәт байқалып отыр – республикадағы мұнай сапасы бұрыннан қалыптасқан және әлемдік нарыққа тікелей жолдары бар оның бәсекелестерінің жеткілікті түрде жоғары деңгейіне сай емес.
Қазақстанның көптеген кен орындарындағы мұнайда парафиндер мен меркаптандардың үлес салмағы өте жоғары болып отыр, бұл қазақстандық мұнайдың көп бөлігін оны тасымалдауға және сақтауға, сондай-ақ мұнай өнімдерін шығаруға тиімсіз етеді.
Болып жатқан құрылымдық-технологиялық өзгерістердің экологиялық қауіпсіздігі тұрғысынан, экологиялық потенциалды тиімді пайдалануды мемлекеттік реттеуді күшейту үшін көп мөлшерде қосымша капитал салымдары және өндірісті экологияландыруға ағымдағы шығындарды арттыру, сондай-ақ аса қарқынмен коррозияға ұшыраған мұнай құбырларын жиі ауыстырып отыру қажет. Жалпы мұндай жағдай республикадағы саланың даму келешегіне таяу арада да әсер етпей қоймайды, бұдан байқайтынымыз, Қазақстан экономикасының дағдарыстан шығу процесіндегі мұнай өндірудің қозғалыс роліне мөлшерлеме уақыт бойынша алшақ болып отырғандығын ескерген де жөн.
Республиканың мұнай саласын дамыту әлемдегі мұнай конъюктурасы мен сұранысына тікелей байланысты, себебі Қазақстанның өзіндік қажеттіліктері өндірілетін оттегі-сутегі шикізатының жартысын да құрап отырған жоқ. Республика тарапынан мүлдем басқарылмай отырған осы жағдайларда өндірілетін шикізатты оның қайта өңдеу және келешекте өткізілу орындарына тасымалдау зор мәнге ие. Мұнда сол мұнайдың өзінің бәсекеге қабілеттілігі мен оның сапасын нарықтық бағалаудың жалпыға бірдей қабылданған жүйесі көкейкесті болып отыр. Осы тұрғыдан алғанда, республиканың мұнай саласы нақты шығындар саласында, және сапасы да бәсекеге қабілетсіз, себебі құрамында парафині көп мұнайды тасымалдау техникалық қана емес, пайдалану мәселелерін де туғызады да, соған байланысты туындаған шығындар өсіміне кері әсерін тигізеді, бұл үлкен ара қашықтықтар жағдайында пайдадан гөрі таусылмайтын мәселелерге әкеп соқтырады.
Болжау стратегиясын жүзеге асыру Қазақстан экономикасы үшін нақты бар күштердің (аймақтағы әлеуметтік дағдарысты күшейтуге, жұмыссыздықтың өсуіне, тұрмыс деңгейінің төмендеуіне әскеп соқтыратын) консервациясын және кәсіби кадрларды жоғалтпау (бұл нақты өмірде мүмкін емес) қажеттілігін білдіреді. Республикада мұнай бизнесіндегі ірі инвесторлар, салынған қаражаттардың қайтарымсыз шығындарынан қорықпастан, болжау стратегиясын жүзеге асыруға талпына отырып, өз кәсіпорындарының еңбек қабілеттілігін шамалы түрде болса да қолдауды жөн көреді.
1 кесте. 2002-2004жж. Қазақстан Республикасының негізгі капиталына тартылған инвестицияларға түрлі көрсеткіштердің әсері
Көрсеткіш | Корреляция коэффициенттері |
Атырау облысы бойынша мұнай өндіру | 0,8991 |
ФОБ экспорты | 0,7605 |
ФОБ импорты | 0,7516 |
Республика бойынша мұнай өндіру | 0,0983 |