Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 18:59, курсовая работа
Дипломдық жұмыстың басты мақсаты – инвестициялық процестерді қаржыландыру көздерін іздеу және инвестициялық нарықтың тиімділігін арттыру мәселесін шешу. Осыған байланысты келесідей міндеттер қойылады: инвестициялық нарықтың дамуының теориялық аспектілерін ашу; тікелей шетелдік инвестициялардың артықшылықтарын сипаттау; Қазақстан Республикасының қазіргі инвестициялық нарығын талдау; мемлекеттегі инвестициялық климат мәселелерін шешудің перспективалық жолдарын ұсыну.
Дипломдық жұмысымда осы міндеттерді табысты шешу үшін жекелеген инвестициялық жобалар қарастырылады.
Кіріспе 3
1б Инвестициялар: теориялық бейнелеу және инвестиция
тартудың әлемдік тәжірибесі
1.1 Инвестиция экономикалық категория ретінде 6
1.2 Инвестициялар: мәні, құрылымы, жіктелуі 9
1.3 Шетелдік капитал тартудың әлемдік тәжірибесі және оны 20
Қазақстан Республикасында пайдалану
2 бөлім. Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын
тарту және оны пайдалануды талдау
2.1 Қазақстан Республикасында шетел инвестицияларының
қазіргі кездегі жағдайы 26
2.2 “ТеңізШеврОйл” БК ЖШС мысалы негізінде шетел
инвестицияларын пайдаланудың тиімділігі 40
2.3 Мұнай өндірісіндегі инвестициялар көрсеткіштерінің
экономикалық-статистикалық даму моделі 55
3 бөлім. Қазақстан экономикасына инвестицияларды
тарту жолдары мен өзекті мәселелері
3.1 Қазақстан Республикасы экономикасына шетел
инвестицияларын тартудың өзекті мәселелері 62
3.2 Қазақстан Республикасы экономикасына инвестициялар
тарту механизмін жетілдіру жолдары 68
Қорытынды 74
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 78
АСЕАН елдерінің (Индонезия, Филиппины, Таиланд, Малайзия, Сингапур, Бруней, Вьетнам, Лаос, Мьянма) 31 Маниль кеңесінде АСЕАН-ның бас хатшысы Р.Северино 2002ж. шілдесінде “өткен жылда Ассоциацияның құрылу сәтінен бастап аса күрделі қаржылық және экономикалық мәселелер туындады ... 2001 ж. шілдесінен бастап қана өткен жылдың басында аймақтың (Жапонияны есептемегенде) жалпы экономикалық шығын 700 млрд. долларға бағаланып отыр ... Азиядағы күйзелістерден Халықаралық валюта қоры 2002ж. барлық әлемдік экономика өсіміне қатысты өз болжауын 0,7%-ке кеміткен” деп баяндаған.
Қазақстандық мұнай өндірушілердің оптимистік болжамы кәсіпорынның қолда бар қаржылық қаражаттары мен басқа ресурстарын бытыраңқы етуге және белгілі ыдыраушылыққа әкеп соқтырған, бұл қосымша уақытты талап етеді және жалпы қайтымсыз шығындарды анықтайды. Бұл бұрын қабылданған жобаларға нақты тыйым салуды білдіреді және алынған шығындарды міндетті түрде шығынға жатқызады, нәтижесінде барлық шығындарды есептегеннен кейін Қазақстанның ішкі нарығындағы өңделмеген мұнайдың көтерме бағасына әсер етпей қоймайды.
Мұндай жол – республика кәсіпорындары үшін аса үйреншікті болып отыр, себебі ол үкіметтің туындаған шығындарды азайтуға араласуымен байланысты. Мұнай саласында ішкі бағалардың өсімі халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын шиеленістіріп отыр. Сондықтан да аталған қадам беріктігін жоғалтып отырған Қазақстанның қаржылық-экономикалық жүйесін басқарушы менеджерлер үшін қолайлы болып отыр.
Мұндай жағдайда бір ғана жол пайда болады – мұнай өндіру саласындағы шығындарды олардың шамадан тыс айналымдары мен онсыз да қымбат өнімдері бар барлық мүмкін делдалдықтарға тыйым салу. Цифрлік негіздемеде бұл мынадай түрде болып келеді. Шетелде өндірілген және қайта өңдеуден өткен мұнайдың өз бағасы бойынша ара қатысы 1:1,5 құрайды. Қазақстанда бұл 1:3,5-ке дейін жетіп отыр, яғни ол шикізаттан түпкілікті өнім дайындауда бәсекелеске қабілеттілікті арттыру саясатымен сәйкес келмейді және кейбір лауазымдық тұлғаларға өз қызметтік жағдайын пайдаланып қосымша табыс алуға құлшынысын дәлелдеп отыр.
Қазақстан Республикасындағы мұнай саласы кәсіпорындары өз шығындарын азайту мәселелерін шешуде қандай да бір песпективаға арналған нақты бар жобалар бойынша инвестициялық лектерді тоқтату мәселелеріне кезігуге мәжбүр болып отыр, себебі әлемдік өндіру көлемін қысқарту жағдайында Қазақстанның тау-геологиялық жағдайлары Кувейт немесе Бразилиядағы жағдайлармен, ең алдымен, мүмкін қосымша шығындар мен сәйкес тәуекелдер тұрғысынан алып қарағанда, мүлдем сәйкес келмейді.
Барлық қолда бар және бекітілген жобаларды Қазақстан үшін мұнай бизнесінің құлдырау жағдайындағы максималды шек деп санауға болады. Бұл қандай-да бір жаңа инвесторды күту іс жүзінде мүмкін емес және қолда барын сақтап қалу үшін атқарушы билік органдары тарапынан жағдай жасауға және оларға кейбір төлем түрлерін уақыт бойынша азайты немесе мерзімін ұзарту мүмкіндіктерін беруге негізделген нақты мемлекеттік қолдау қажет.
Мемлекеттің өзі тірнектеп жинаған ресурстарына жігерлі иесі болуы қажет қана емес, ол ие болуға міндетті. Сондықтан да тек бір ғана саладағы туындаған мәселелер, бәрінен бұрын, экономиканың барлық салалры мен сфераларының мәселесі болып көрінеді, яғни бұд дегеніміз, атқарушы орган реттейтін макродеңгей мәселесі болып табылады. Және мұндайда мемлекеттік шығындар мәселесі Қазақстандағы нарықтық механизм қатысушылары үшін көрнекті болып табылады, сондықтан мемлекеттік шығындарды кәсіпорындарды екі дағдарыстан: мұнай мен мұнай өнімдеріне әлемдік бағаның түсуі және ішкі қазақстандық нарыққа өту дағдарыстарынан шығуы бойынша оларды нақты қолдау тұрғысынан азайту қарастырған жөн.
Жалпы дамыған елдерде мұндай қысым тек үкіметтік құнды қағаздар арқылы жүзеге асырылады. Олар қарыздарды өтеу мерзімін белгілі уақытқа ұзартуды алдын ала болжайды, бұл өз кезегінде келешекте осы қарыздарды созуға немесе шығынға есептеуге мүмкіндік бермейді. Несие берушілер үшін сату мүмкіндігі, қажет болған жағдайда нарықтық баға бойынша үкімет міндеттемелерін беру мүмкіндігі туындайтын оқиға (ол үшін өз кезегінде қызмет ететін екінші санаттағы қор нарығы қажет) талап етіледі.
Өркениетті елдерде белгілі жағдайларда осындай міндеттемелерге нарықтық баға өсімін реттеп отыратын немесе баға бағамын тіпті олардың номиналынан төмен дәрежеде түсіріп отыратын биржалық ойындар өтіп отырады. Соңғы жағдайда үкіметте өз міндеттемелерін өздері сатып алу арқылы өтеу мүмкіндігі туындайды. Дегенмен мұндай вариант бір-ақ рет мүмкін, себебі сенім вотумы бірден түсіп кетеді де, үкіметтік міндеттемелерді сатып алмай қояды. Жалпы мұндай жағдайларда дамыған елдерде үкімет ауысып жатады.
Сондықтан да төлемсіздіктің жеке мәселелерін шешу үшін белгіленген сәтте республикадағы қор нарығынығ алғашқы және бір мезгілдегі дамуымен құнды қағаздар шығаруды, өзгерістер ауыртпалығы орталығын құнды қағаздар нарығын дамытуды талап ету жазықтығына ауыстыруды күту қажет.
Жоғарыда айтылғандарды түйіндей келе, мұнай саласы кәсіпорындарына ғана емес, жалпы кәсіпорындарға тартылған инвестициялық салымдардың макрокөрсеткіштерін инвесторлардың болуы көрсеткіші ретінде емес, іскерлік белсенділік көрсеткіші ретінде есептеуге болатынын байқаймыз. Инвестициялау мәселесін кешенділік тұрғысынан, яғни жекелеген салалар бойынша жағдайлардың жалпы әлемдік дамуын есепке ала отырып, сондай-ақ аса жоғары деңгейдегі жайттарды бағалау және олардың салдарын жұмсартудағы қазақстанның ішкі мүмкіндіктерін есепке ала отырып талдау қажет.
Экономика дамуының қазақстандық сценарийін талдай отырып, белгілі маңыздылықтар бойынша қосымша сараптамалық талдаусыз оны ең болмаса алдын-ала бағалау мүмкін болатын жайттарды нақты басқаруда үкіметтің іс жүзіндегі қызметін бағалауға болады.
Төлемсіздік мәселесі (республикада кеңестік дәуір экономикасының соққысы) заңды тұлға ретіндегі үкіметтің борыштық міндеттемелерін бекіту тұрғысынан және республика мен оның аумағынан тыс орналасқан қор нарықтарында сату құқықтары бар сәйкес құнды қағаздар шығарумен шешілуі тиіс. Осылайша, оның құзыреттілік деңгейін, сенімділік дәрежесін, және осыған сәйкес түрлі мәселелерді шешу мүмкіндіктерін нақты көруімізге болады. Бұл бағалауға үкімет қызметінің инвестициялық саясат саласындағы, сондай-ақ жекелеген салалар мен кәсіпорындардағы инвестициялық өзгертулердегі нәтижелілігін бағалау моделі болып табылатын, біз анықтаған негізгі капиталға тартылған инвестициялық салымдардың экономикалық-статистикалық моделі себепкер болады.
Мұнай бизнесінде әлемдік өндіру көлемін қысқарту Қазақстан нарығының ішкі мүмкіндіктері есебінен, бірақ та ресурстарды міндетті түрде тиімді мемлекеттік жұмсау жағдайында ғана біршама жеңілдетіледі. Осы тұрғыда республика экономикасында кейбір түсініктерді қайта бағалау қажет: үкіметтік және мемлекеттік кепілдіктер – бұл бір ғана ұғым емес, тек үкіметтік кепілдіктер ғана құнды қағаздар (міндеттемелер) ретінде ресімделеді, ал мемлекеттік кепілдіктер, нарықтық тұрғыдан алғанда, тіпті факті тұрғысынан да ресімдеу қиындау болып келеді; мұндайда нарық жағдайында бұларды мемлекет және оның борышы деп санау қажет. Бұл әсіресе қарыздар біреулер қалыптастырса, екіншілері оны өтеп жататын өтпелі кезеңде аса маңызды болып отыр.
3 бөлім. Қазақстан экономикасына инвестицияларды тарту жолдары мен өзекті мәселелері
3.1 Қазақстан Республикасы экономикасына шетел инвестицияларын тартудың өзекті мәселелері
Қазақстанда және оның аймақтарында туындаған экономикалық жағдайлар әлі де инвестициялық процестердің өзіндік белсенденуі үшін нақты алғы шарттары болып отырған жоқ. Өндірістік потенциалды дамытуға тұрақты экономикалық механизм қалыптаспаған, өндірістік салаға қажетті инвестициялық ресурстарын шоғырландыру механизмі жоқ, тиімді инвестициялық процестер мен салааралық капитал құйылуын ұйымдастыруға қабілетті инвестициялық институттар құрылмаған. Бұлардың бәрі Қазақстанда инвестициялық процесті сауықтыруға қабілетті инвестициялық саясатты жүзеге асыру механизмін құру қажеттілігін дәлелдеп отыр.
Қазақстанның ТМД-ның аса инвестициялы тартымды мемлекет болғандығы, мүмкін біреуді таң қалдырар. Әйтсе де Қазақстанның негізгі әлеуметтік-экономикалық индикаторларын ресейлік көрсеткіштермен салыстырсақ, бұл таң қалудың ізі де қалмасы анық.
Нақты активтерге инвестициялар тартудың теңессіз өсуі Ақмола облысында байқалған, яғни 5 еседен аса өскен. Негізгі капиталға инвестицияларды игеру Атырау облысында 2 есе артқан. Инвестициялық белсенділіктің артуы сонымен қатар Алматы, Ақтөбе және Қостанай облыстарында байқалып отыр.
Қазақстан Республикасының инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінің деректері бойынша Қазақстан Республикасына шетелдік инвестицияларын тарту динамикасын қарастырайық.
Сызбада 1996-1999 жылдар бойынша республикаға тартылған шетелдік инвестициялардың жалпы көлемінің төмендеу үрдісі айқын байқалып отыр. Ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің сыртқы займдары көлемінің едәуір азаюымен байланысты. мұндайда тікелей шетелдік инвестицияларға басым назар аударылуда, себебі елдің сыртқы қарыздарының мөлшері аса маңызды болып отыр.
1 сызба
млн. АҚШ долл. ҚР шетелдік инвестицияларды тарту динамикасы
3000
2500
2000
1500
1000
500
0
1996 1998 1999 2000 2003
барлығы
тікелей шетел инвестициялары
Қазіргі кезде Қазақстанның жалпы сыртқы қарызына тікелей мемлекеттік қарыздар мен Қазақстанмен кепілдендірілген қарыздар, үкіметтің кепілінсіз несиелер бойынша тартылған қарыздар, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындардың басқа елдер кәсіпорындары алдындағы несиелік қарыздары жатады. Сыртқы қарыздардың өсуі оған қызмет көрсетудің шығындарын да арттырып отыр. Сондықтан да Үкіметтің сыртқы несиелік қарыздарға қатысты саясаты елдің несиелік рейтингін көтеруге және бюджеттік қызмет көрсету мен мемлекеттік кепілдіктер бойынша қарызды шектеуге бағытталуы қажет, бұл сыртқы қарыздарға қызмет көрсетуден туындайтын шығындарды біршама азайтуға мүмкіндік береді.
Инвестициялық белсенділікті жұмылдыру механизмі өз бойына салықтық, бюджеттік және қаржылық-несиелік реттеу құралдарының жиынтығын жинауы қажет, экономиканы инвестициялауға қажетті қаржылық қаражатттарды көбейтуге мүмкіндік туғызуы, делдалдық, коммерциялық және алып-сатарлық сипаттағы басқа қызмет түрлеріне өндірістік шығындарды инвестициялау үшін жағдай жасауы қажет. Нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайында бұл механизм бірнеше блоктардан тұрады:
орталықтандырылған капитал салымдарын (мемлекеттік және жергілікті бюджеттерден) оңтайлы бөлінуі және тиімді пайдалануына мүмкіндік беретін экономикалық тетіктер мен ұйымдастыру шаралары;
қаржылық базаны бекітудің экономикалық механизмі;
аймақтық деңгейдегі инвестициялық қызмет;
кәсіпорындар мен ұйымдардың меншікті қорларының өсуіне мүмкіндік беретін экономикалық әдістер;
жеке кәсіпкерлердің инвестициялық белсенділігін ынталандырудың экономикалық механизмі;
экономиканы инвестициялау мақсатына арналған халықтық қорларды жұмылдыру құралдары;
тікелей және займдық шетелдік инвестицияларды тарту шаралары.
Инвестициялық саясатты жүзеге асыру механизмінің түрлі блоктарының тетіктері мен әдістері өзара байланысты, бір-бірін толықтырып отырады және инвестициялардың түрлі түсу каналдарын жетілдіре және ынталандыра отырып, бір мезгілде бірнеше бағыттарда әрекет жасайды.
Ең алдымен, капиталдар қозғалысын тікелей реттеу жүйесін өзгерту қажет. Атап айтқанда, орталықтандырылған капитал салымдарын (мемлекеттік және жергілікті бюджеттен) беру (қайтарымсыз негізде) ережеден гөрі артықшылық болып саналғаны дұрыс. Орталықтандырылған капитал салымдарын бөлудің негізгі критерийі болып инвестициялық жобалардың тиімділігі және олардың құрылымдық саясат басымдылықтарына сәйкестігі саналуы қажет.
Инвестициялық саясатта нарықтық қатынастардың көрініс табуы мына жағдайларда ғана мүмкін болады:
орталықтандырылған капитал салымдарының пайдалану формаларын сапалы өзгерткенде;
аукциондар мен ашық және жабық түрдегі тендерлер жүйесін пайдалана отырып, инвестицияларды бөлудің конкурстық негізі енгізілгенде;
несие кепілдіктері бойынша жанама банктерді кеңейту есебінен тікелей бюджеттік қаржыландыру, арнайыландырылған банктерді құруға қатысу қысқарғанда;
бюджеттік қаражаттардың бір бөлігі мемлекеттік емес инвесторлармен бірлесе отырып өндірістік мемлекеттік-жекеменшік жобаларды қаржыландыруға жұмсалғанда немесе жеке капитал пайдаларының кепілі ретінде пайдаланылғанда.
Нарықтық қатынастар жағдайында капиталдың, әсіресе оның орталықтандырылған көздерінің қозғалысына ықпал ететін маңызды экономикалық тетігі болып несиелік жүйе саналады. Оның механизмінің әсері несиелік мөлшерлемелерді саралау, несиелердің көлемі мен қол жеткізу деңгейі, оларды конкурстық негізде беру арқылы көрінеді. Қарыз мөлшерлемелері мен міндетті банктік резерв нормаларын реттеу инфляция деңгейіне, баға динамикасына, ұлттық валюта бағамына, капитал және өнімдердің экспорты мен импортына ықпал етеді. Нарықтық жағдайда қарыз мөлшерлемелерін реттеу және жеңілдікті несиелер беру арқылы басым салалар мен сфераларға инвестициялардың құйылуы жүзеге асырылады, осылайша экономиканың құрылымдануы қамтамасыз етіледі. Қысқа мерзімді банктік несиелер өндірісті инвестициялау мәселелерін шеше алмағандықтан, капиталдың сауда-делдалдық саладан материалдық өндіріске құйылуын қамтамасыз ету үшін қысқа мерзімді несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді көбейту және оларды ұзақ мерзімді несиелер бойынша бірден төмендету қажет. Ұзақ мерзімді несиелеуді дамыту үшін оның жаңа формасын – кепілдік несиелеуді енгізу және кеңінен қолдану мақсатты болып табылады.