Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 18:59, курсовая работа
Дипломдық жұмыстың басты мақсаты – инвестициялық процестерді қаржыландыру көздерін іздеу және инвестициялық нарықтың тиімділігін арттыру мәселесін шешу. Осыған байланысты келесідей міндеттер қойылады: инвестициялық нарықтың дамуының теориялық аспектілерін ашу; тікелей шетелдік инвестициялардың артықшылықтарын сипаттау; Қазақстан Республикасының қазіргі инвестициялық нарығын талдау; мемлекеттегі инвестициялық климат мәселелерін шешудің перспективалық жолдарын ұсыну.
Дипломдық жұмысымда осы міндеттерді табысты шешу үшін жекелеген инвестициялық жобалар қарастырылады.
Кіріспе 3
1б Инвестициялар: теориялық бейнелеу және инвестиция
тартудың әлемдік тәжірибесі
1.1 Инвестиция экономикалық категория ретінде 6
1.2 Инвестициялар: мәні, құрылымы, жіктелуі 9
1.3 Шетелдік капитал тартудың әлемдік тәжірибесі және оны 20
Қазақстан Республикасында пайдалану
2 бөлім. Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын
тарту және оны пайдалануды талдау
2.1 Қазақстан Республикасында шетел инвестицияларының
қазіргі кездегі жағдайы 26
2.2 “ТеңізШеврОйл” БК ЖШС мысалы негізінде шетел
инвестицияларын пайдаланудың тиімділігі 40
2.3 Мұнай өндірісіндегі инвестициялар көрсеткіштерінің
экономикалық-статистикалық даму моделі 55
3 бөлім. Қазақстан экономикасына инвестицияларды
тарту жолдары мен өзекті мәселелері
3.1 Қазақстан Республикасы экономикасына шетел
инвестицияларын тартудың өзекті мәселелері 62
3.2 Қазақстан Республикасы экономикасына инвестициялар
тарту механизмін жетілдіру жолдары 68
Қорытынды 74
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 78
Батыстағы шетелдік инвесторлардың қызметі негізінен барлық жергілікті ұлттық және шетелдік кәсіпкерлер үшін тағайындалған әкімшіліктік қаулылар мен ұлттық заңдар арқылы реттеледі. Ұлттық заңдар шаруашылық қызметінің көптеген аспектілері бойынша ұлттық және шетелдік компанияларға азаматтық және сауда құқығын, сонымен бірге акционерлік заңдарды қолдана отырып, оларды бір-бірінен ерекшелемейді.
Сондықтан да көптеген батыс елдерінде шетелдік инвесторларға арналған арнаулы заңдар мен кодекстер мүлдем жоқ, тек кейбір әкімшіліктік қаулылар мен жекелеген заңдардың оларға қатысты тараулары бар. Арнаулы заңдар мен кодекстер кейбір Жерорта теңізінің елдері мен бұрынғы британ колонияларында ғана бар. Нарықтық экономикалы дамыған елдерде шетелдік инвесторлардың құқықтары мен мүдделерінің мемлекеттік кепілдендірілуі үш деңгейде әзірленеді: а) осы елдердің Конституциясы негізінде; б) шетелдік инвестицияны қорғау және қолдау туралы екі жақты мемлекетаралық келісім арқылы; в) мемлекеттер мен басқа елдердің азаматтарының арасындағы инвестициялық дауды реттеуші Конвенцияға қатысу арқылы.
Батыс елдері шетелдік инвесторларға қатысты ұлттық режим қағидасын ұстанса да, бұл оларда ұлттық кәсіпкерлермен салыстырғанда шетелдік кәсіпкерлерде ешқандай шектеу жоқ дегенді білдірмейді. Мұндай шектеулерді алып тастау және жеңілдету тенденциялары байқалғанмен, барлық батыс елдерінде шектеулер бар.
Сонымен бірге Батыста олардың территориясында тікелей инвестицияны жүзеге асыруға алдын ала рұқсат алу қажеттілігі туралы мәселеге әртүрлі қарайды. Бірқатар елдерде рұқсат алу тек кейбір жағдайларда, әсіресе шетелдік компаниялардың қатысуы шектелген салаларға инвестиция салу кезінде талап етіледі. Көптеген жағдайларда, мөлшері азғантай инвестицияларды қоспағанда, алдын ала рұқсат етуді қажет ететін елдер тобы: Австралия, Бельгия, Греция, Испания, Ирландия, Исландия, Канада, Жаңа Зелландия, Норвегия, Финляндия, Франция, Швеция. Австралияда көлемі 10 млн. австр.доллары және одан асқанына, Ирландия – 1 млн. ирл.фунттан астамдарына, Канада 5 млн. кан.долларынан кемеместеріне алдын ала рұқсат алу талап етіледі.
Шетелдік тікелей инвестицияны жүзеге асыру үшін рұқсат алуды талап ететін жерлерде шетелдік қатысушылары бар компанияларының құрылуын және қызметін бақылайтын ұлттық орган бар. Бір елдерде бұлар – Орталық банк және сауда, өнеркәсіп, қаржы, экономика министрлігі және өзінің негізгі функцияларынан басқа шетелдік қатысушылары бар компаниялармен айналысатын өзге де орталық органдар. Кейбір елдерде шетелдік инвестицияны бақылау үшін арнайы құрылған органдар бар. Арнаулы органдардың функциялары өте шектеулі болуы мүмкін. Мысалы Финляндияда Сауда және өнеркәсіп министрлігінің жанындағы шетелдік капитал салымы бойынша Кеңесші комиссия шетелдіктер құрып жатқан компанияның акциясының негізгі пакетіне үміттенген кезде ғана қарастырады. Бұған қарама-қайшы мысал Португалияның Сыртқы сауда институты бола алады. Ол шетелдік инвесторларға ақпаратпен көмектеседі, сонымен бірге шетелдік инвестиция кодексінің сақталуын қадағалайды, сондай-ақ шетелдік инвесторлардан тапсырыстың құрылуына, өтуіне және келісілуіне көмектеседі. Көптеген батыс елдерінде шетелдік инвесторларға көмектесумен айналысатын ұлттық ұйымдар бар екенін айта кету қажет. Британия мен Канадада мемлекеттік “Invest in Bureau” және “Investment Canada”, Шотландия мен Ирландияда – жартылай мемлекеттік “Locate in Scotland” және “Industrial Development Authority” ұйымдары бар. Егер Британия мен Шотландияда – бұлар кеңестік ақпараттық ұйым болса, онда Канада мен Ирландияда олар реттеуші органдар болып табылады.
Барлық елдерде шетелдік капитал салымы шектелген немесе тыйым салынған салалар бар. Әртүрлі елдерде бұл салалар бірдей емес, бірақ көбінесе бұлар әскери және өндіруші өнеркәсіптер, сондай-ақ қызмет ету саласы, әсіресе банк және сақтандыру ісі, көлік және байланыс. Бұл салалардың кейбіреулері шетелдік компаниялар үшін толығымен жабық. Жекелеген жағдайларда онда тек алдын ала рұқсат алған соң ғана қол жетеді. Дамыған елдердің көбінде тек ұлттық мемлекеттік және жартылай мемлекеттік ұйымдар мен компаниялар қызмет етуге рұқсат етілген салалар бар. Бұлар почта, телеграф, телефон, теле және радиохабар, көлік, энергетика, табак, арақ-шарап өнеркәсібі.
Кейбір елдердің бірқатар салаларындағы өзара талаптарды шектеулерге жатқызуға болады, яғни елде бұл инвестиция шыққан бірінші елдің инвесторына шетелдік инвестицияға осыған ұқсас қызметке рұқсат беріледі. Дегенмен тәжірибе жүзінде бұл талаптар сирек қолданылады, олар шетелдік әріптеске әсер етудің потенциалды құралы болып табылады. Сонымен ЕО шетелдік инвесторлар шыққан елдерге ЕО елдерінің биржаларында өзінің бағалы қағаздарын таратуға және қаржылық салада компанияларын ашуға рұқсат бермес бұрын олардың өзара қатынасты талап етуге құқығы бар.
Көптеген дамыған елдерде шетелдік қатысушылары бар компанияларға жергілікті нарықта өздерінің бағалы қағаздарын таратуға кедергі жоқ, олар жергілікті компаниялар сияқты несие ала алады. Алайда бірқатар елдерде ТНК үшін шетелдік инвестицияны қаржыландырудың негізгі каналы болған еуро валюталық нарықтың соңғы үш жылдығында белсенді дамуының себептерінің бірі болып табылатын шектеулер бар.
2 бөлім. Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тарту және оны пайдалануды талдау
2.1 Қазақстан Республикасында шетел инвестицияларының қазіргі кездегі жағдайы
Жеке шетелдік инвестициялар негізінен қолда бар ресурстар (ұлттық жинақ ақшалар, шетелдік валюта, мемлекеттік табыстар және басқару тәжірибесі) және тиісті өсу мен даму қарқынына жету үшін қажетті ресурстар көлемі арасындағы алшақтығын жою құралы ретінде қарастырылады. “Жинақ ақшалары деңгейі мен инвестиция деңгейі арасындағы алшақтықты” талдаудың қарапайым мысалы ретінде Харрод-Домардың базалық өсу моделін аламыз. Бұл модель ұлттық жинақ ақшаларының деңгейі s және өнім шығарудың өсу қарқыны g арасындағы тікелеу байланысты g = s/k теңдеуі арқылы белгілейді, мұндағы k - өнімнің капитал сыйымдылығы коэффициенті. Егер ұлттық өнімнің тиісті өсу қарқыны g жылына 7% деңгейінде берілсе, онда жинақ ақшаларының деңгейі 21%-ті құрауы қажет, себебі s = gk. Егер ұлттық жинақ ақшаларының нақты деңгейі ЖІӨ-нің 16%-не ғана тең болса, онда бұл жағдайда 5% мөлшерде “жинақ ақшаларының тапшылығы” жөнінде айтуға болады.
Шетелдік капитал тартудан ұлттық экономикада жаңа жұмыс орындарын қалыптастыру сияқты оң тиімділікті де байқауға болады. Егер инвестор жұмысқа қабылдаған адамдардың осыған дейін жұмысы болмаса, онда ол әлеуметтік қамсыздандыру бойынша төлемдер тұрғысынан мемлекет үшін үнемділік тудырады. Шетелдік капитал мен инвестициялар әлеуметтік қажеттер шығындарын азайтады. Қосымша жұмыс орындарын қалыптастыру жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, нәтижесінде жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлемдерін үнемдеуге септігін тигізеді. Шетелдік компаниялар денсаулық сақтауды қоса алғанда, әлеуметтік қажеттер шығындарын өз мойындарына жиі алады.
Бұдан басқа, шетелдік инвестициялар жаңа өнеркәсіп салаларын тартуға және олардың әрі қарай дамуына негіз қалыптастырады. Аймақта шетелдік инвестициялармен құрылған жаңа өнеркәсіптік бағыт жаңа салаларды дамытуда шешуші фактор және түрткі бола алады. Шетелдік инвестордың инвестициялық жобасының бір-бірімен байланысты өндіріс пен салалардың дамуына негіз болатындығы жиі кездеседі. Мысалы, ел немесе аймақ микросхемадағы трансұлттық өндіруші-компанияны тарта алса, онда мұндай іргелі сала есептеуіш техникалар шығарумен және программалық қамтамасыз етуді әзірлеумен байланысты жаңа салалар базасы бола алады.
Шетелдік инвестицияларды тартудың артықшыларына шетелдік капиталдың артта қалған және күйзелістегі аудандарды дамытуға жәрдемдесе алуын да жатқызуға болады.
Сондай-ақ, шетелдік инвесторлар жергілікті менеджерлерге шетелдік банктермен байланыс құру тәжірибесін ұсына алады, шикізат пен материалдардың жергілікті балама көздерін іздестіреді, өткізу желілерін дамытады, сонымен қатар оларды халықаралық маркетингпен таныстырады.
Ең соңында, шетелдік инвесторлар өздерімен бірге қазіргі машиналар мен жабдықтарды тапсыруда аса күрделі өндірістік технологияларды алып келеді. Мұндай білім, тәжірибе мен технологияларды тапсыру инвестиция алушы елдер үшін аса қажет әрі өнімді болып саналады.
Шетелдік капиталды тартудағы кемшіліктерге инвесторлардың дамудың ұлттық мүдделеріне сай келмейтін мемлекеттік саясатты құруға ықпал жасау үшін өзінің экономикалық күшін жиі қолдануын жатқызуға болады. Олар шетелдік инвестицияларды тартуда өзара бәсекеге түсетін қабылдаушы елдерден едәуір экономикалық және саяси көндігуге қол жеткізіп отыр.
Шетелдік компаниялар жергілікті кәсіпкерлікке қысым көрсету арқылы ұлттық саясатқа тікелей залал келтіруі де мүмкін. Жоғары деңгейдегі білімді, жарнамалық тәжірибені, шетелдік байланыс желілерін және бірқатар бәсекелестік артықшылықтарын пайдалана отырып, олар жергілікті кәсіпкерлер қатарынан бәсекелестерді жояды және ұсақ ұлттық бизнестің қалыптасуына жол бермейді. Дамушы елдердің соңғы кезде жүзеге асырып отырған нарықтық реформалары, мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру және сыртқы қарыздарды азайту үшін кәсіпорын акцияларына борыштық міндеттемелерді айырбастау бойынша операциялар шетелдік инвесторларға ең жақсы және аса пайдалы ұлттық кәсіпорындар сатып алу мүмкіндіктерін береді. Осы жолды қолдана отырып, олар ұлттық инвесторларды ығыстырады және пайдаларды иемденіп алулары мүмкін.
Өткен онжылдық дамушы және түрленуші елдер экономикасына шетелдік инвестициялардың санды және сапалы ықпалын жаңаша бағалау үшін қызықты материал берген. Нарықтық реформаларды кеңінен жүзеге асыру, ашық экономикаға өту және мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру шетелдік инвесторларға өз жобаларын іске асыруды бастауға мүмкіндік береді. Олар ұлттық өнімді арттыруға өз үлесін қосады, жаңа жұмыс орындарын қалыптастырады, бюджетке салық түсімдерін көбейтеді және жалпы экономиканың жетілдірілуіне себепкер болады. Мұндайда инвестициялық процестің концептуалды схемасы әзірленуі мүмкін, ол бір жағынан елдің ұлттық шаруашылығы шеше алатын нақты экономикалық және әлеуметтік міндеттерден тұрса, екінші жағынан сол инвестициялық кешеннің нақты мүмкіндіктерін пайдаланудан тұрады. Жалпы инвестициялық процеске эпизодтық сипат емес, үздіксіз процесс сипаты тән.
Кез-келген саясат – адамдардың олардың нақты мүдделерімен байланысты жолына түскен және шешілетін мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ олардың көмегімен аталған мүдделер тұжырымдалатын, сақталатын және қорғалатын әдістер, құралдар мен институттар. Саясат – бұл әрекеттегі мүдделер. Аталған әдістемелік алғы шарттан түйетініміз: инвестициялық саясат деп экономиканың нақты секторын дамытудың ұзақ мерзімді мақсаттарына бағытталған ниеттер мен әрекеттер жүйесін, ЖҰӨ тұрақты өсу жетістіктерін, жеке отандық және шетелдік инвесторлар үшін қолайлы климат қалыптастыруды санауға болады.
Соңғы жылдар ішінде (2001-2002 жж.) мемлекеттің инвестициялық қызметі мақсатында күрделі қайта бағдарлану болып өтті. Егер 80-жылдардың І жартысында, тіпті “қайта құрудың” алғашқы жылдарында, бәрімізге мәлім, өндірістік потенциалды капитал салымдарының жоғары өсу қарқыны (жылына 7-8%) есебінен жеделдетіп өсіру міндеті, 1992-2001 жж. – дағдарыстан шығу және өндірістің құлдырауын тоқтату міндеттері қойылған болса, ал 2002 ж. ҚР тұрақтандыру саясаты болмысы жағынан дамудың ресми идеологиясына айналған экономикалық өсу идеясымен белсенді түрде ығыстырыла бастады.
2001-2002 жж. экономикалық реформаларды түбегейлі жүргізудің алғашқы жылдарында инфляция мен экономикалық құлдырау қарқынының біршама баяулауына, іскерлік белсенділіктің қатысты тұрақтылығы мен белгілі түрде жандануына, теңге бағамының нығаюына қол жеткізілді. Бірақ инвестициялардың табиғи көлемінің ірі ауқымды төмендеуімен, негізгі қорлардың қартаюы және қатардан шығуымен, құрылыстық-монтаж жұмыстарының бірден төмендеуімен сипатталатын ҚР экономикасы жеті жыл бойы “батып келген” “инвестициялық стагфляция” жағдайынан шығу оңайға түсіп отырған жоқ.
Бірқатар өндіру және өңдеу өнеркәсібі салаларының инвестициялық сферасындағы кері құбылыстар мемлекеттік басқарудың түрлі деңгейінде шешімдер қабылдауды қажет ететін қайталанбас зардаптарға әкеп соқтырды. Инвестициялық дағдарыс тек капитал салымдарының көлемін азайтудың ұзақ уақытты үрдісінен ғана көрінбейді. Бүтіндей салалар мен кәсіпорындар бәсекелестікке қабілеттілігін ғана емес, сондай-ақ әрі қарай өмір сүру мүмкіндігін де жоғалтып отыр. Отандық көздерден капитал салымдарына иек арту мүмкін болмаған жағдайда шетелдік инвестициялар экономикалық өсім импульсінің ролін атқарары сөзсіз. Қомақты шығындар мен Қазақстан үкіметінің инвестициялық саясаты салдарын есепке ала отырып, оны бір сағаттың ішінде қарама-қарсы жаққа өзгертуге, мемлекеттік инвестициялық өсімнен қолайлы инвестициялық климатқа ауысуға болады деп тұжырымдау қате. Бұл түсінік кеңестік және кеңестік кезеңдегі экономикалық әдебиеттер үшін жаңалық емес, тек капитал экспорты мен импорты иделогиялық тұрғыдан пайдалану және бағыну контекстінде қарастырылып келген.
Жүз жыл ішінде қазіргі өркениетті елдерде нарықтың қалыптасуын қамтамасыз ететін және оның пайда үшін жалпы жанжалға айналуына жол бермейтін ережелер қалыптасты: қатысушылардың құқықтық ережелері; оларға ұсынылған талаптардың теңдігі; шешімдер қабылдау еркіндігі және олардың нәтижелері үшін жауапкершілігі; келтірілген залал үшін жауапкершілігі; қоғамның парасаттылық талаптарын бұзатын әрекеттердің дамуына жол бермеу, және т.б.
Республикада қалыптасқан өтпелі кезеңнің нормативті-құқықтық жинақысыздығы, отандық және шетелдік инвестицияларды құқықтық реттеуддің тиімді жүйесінің болмауы, инвестициялық заңдарды көпвариантты талдауға жол беретін жекелеген нормалардың айқын болмауы, соңғысының жиі ауысуы Қазақстанның басқа елдермен инвестициялық ынтымақтастығына қомақты залал келтіреді. Мысалы, Қазақстан Республикасының инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетімен және “Геральд Трибюн” газетімен ұйымдастырылған “Қазақстанның инвестициялық саммитінің” екінші халықаралық форумында сарапшылар салықтар мен инвестициялардың тұнықтығын бағалаған: “... өзіндік түсініктемелер үшін зор мүмкіндіктер, халықаралық салықтық шарттарды қоса алғанда. Реттеу режимі бойынша шешімдер қабылдау процесі әрқашан айқын емес. Реттеу бойынша мамандар саны шектеулі”.
Сол және басқа қызмет түрлеріне салынған мемлекеттік тыйымдар мен шектеулер, коммерциялық құпия (оның артында қылмыстық экономика өркендеп отыр), ақпарат тарату арналарының жеткіліксіздігі, билікті соңғыларына, ең алдымен “өздерінікіне” (рулық және коммерциялық түсінікпен) беру, бағалар мен капиталдардың қозғалысын бақылаушы монополиялардың қызметі, - мұның барлығы да қандай жағынан алып қараса да, әлі де бар болып отыр және Қазақстандағы инвестициялық қызмет пен құрылымдық өзгерістерді тежеп отыр.
2002 жылы шілдеде Алматыда болып өткен “Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері” конференциясында инвестиция тартуға мына факторлардың кедергі болатындығы жөнінде атап өтілген: кеден саясаты, мемлекеттік институттардың қызметі, салық саясаты. Егер бірінші мен соңғы факторлар мемлекет мүддесімен тікелей байланысты болса және олар бойынша үрдістер инвесторлардың пікірлерімен әрқашан сәйкес келуі міндетті емес болса, онда екіншісін жою (мемлекеттік шенеуніктердің біліксіздігі және пайдакүнемділігі, нарықтық қатынастардың жеткілікті түрде дамымауы) мемлекеттік саясаттың бағыттарының бірі болып табылады.
Қазақстан экономикасына шетелдік капиталды белсенді түрде тарту екі деңгейлі негізде экспорттық несиелер түрінде 1992 жылы басталған. ХВҚ-мен несиелік келісім жасау республиканың сыртқы қаржыландыру көздеріне жол ашты, және халықаралық қаржылық ұйымдар дамуға ресми көмек көрсету желілері бойынша несиелік ресурстар берді, ал шетелдік жеке несие берушілерден алынған займдар кәсіпорындар мен фирмаларға арналды.