Инвестиция

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 18:59, курсовая работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыстың басты мақсаты – инвестициялық процестерді қаржыландыру көздерін іздеу және инвестициялық нарықтың тиімділігін арттыру мәселесін шешу. Осыған байланысты келесідей міндеттер қойылады: инвестициялық нарықтың дамуының теориялық аспектілерін ашу; тікелей шетелдік инвестициялардың артықшылықтарын сипаттау; Қазақстан Республикасының қазіргі инвестициялық нарығын талдау; мемлекеттегі инвестициялық климат мәселелерін шешудің перспективалық жолдарын ұсыну.
Дипломдық жұмысымда осы міндеттерді табысты шешу үшін жекелеген инвестициялық жобалар қарастырылады.

Оглавление

Кіріспе 3
1б Инвестициялар: теориялық бейнелеу және инвестиция
тартудың әлемдік тәжірибесі
1.1 Инвестиция экономикалық категория ретінде 6
1.2 Инвестициялар: мәні, құрылымы, жіктелуі 9
1.3 Шетелдік капитал тартудың әлемдік тәжірибесі және оны 20
Қазақстан Республикасында пайдалану
2 бөлім. Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын
тарту және оны пайдалануды талдау
2.1 Қазақстан Республикасында шетел инвестицияларының
қазіргі кездегі жағдайы 26
2.2 “ТеңізШеврОйл” БК ЖШС мысалы негізінде шетел
инвестицияларын пайдаланудың тиімділігі 40
2.3 Мұнай өндірісіндегі инвестициялар көрсеткіштерінің
экономикалық-статистикалық даму моделі 55
3 бөлім. Қазақстан экономикасына инвестицияларды
тарту жолдары мен өзекті мәселелері
3.1 Қазақстан Республикасы экономикасына шетел
инвестицияларын тартудың өзекті мәселелері 62
3.2 Қазақстан Республикасы экономикасына инвестициялар
тарту механизмін жетілдіру жолдары 68
Қорытынды 74
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 78

Файлы: 1 файл

Инвестициялар.doc

— 466.00 Кб (Скачать)


Мазмұны

 

 

Кіріспе                                                                                                                                                                        3                                                                                                                                           

1б Инвестициялар: теориялық бейнелеу және инвестиция

тартудың әлемдік тәжірибесі

1.1  Инвестиция экономикалық категория ретінде                                                                      6

1.2  Инвестициялар: мәні, құрылымы, жіктелуі                                                                                    9

1.3  Шетелдік капитал тартудың әлемдік тәжірибесі және оны                                           20

Қазақстан Республикасында пайдалану

 

2 бөлім. Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын

тарту және оны пайдалануды талдау

2.1  Қазақстан Республикасында шетел инвестицияларының                                          

қазіргі кездегі жағдайы                                                                                                                                            26

2.2  “ТеңізШеврОйл” БК ЖШС мысалы негізінде шетел

инвестицияларын пайдаланудың тиімділігі                                                                                    40

2.3  Мұнай өндірісіндегі инвестициялар көрсеткіштерінің

экономикалық-статистикалық даму моделі                                                                                    55

 

3 бөлім. Қазақстан экономикасына инвестицияларды

тарту жолдары мен өзекті мәселелері

3.1  Қазақстан Республикасы экономикасына шетел

инвестицияларын тартудың өзекті мәселелері                                                                                    62

3.2  Қазақстан Республикасы экономикасына инвестициялар

тарту механизмін жетілдіру жолдары                                                                                                  68

 

Қорытынды                                                                                                                                                          74

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі                                                                                                                78

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Еліміздің шаруашылық кешенінің қызмет етуі мемлекеттің экономикалық дамуының тиімділігін арттыруға, өндіріс көлемін көбейтуге мүмкіндік беретін, өндірістік, иннвоациялық және әлеуметтік бағдарламалар мен жобалардың жасалуының, өткізілуінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін инвестициясыз мәнсіз болар еді. Бұлардың барлығы инвестиция нарығын қалыптастыруға және талдауға барлық деңгейде жаңа тиімді тәсілдерді құруды талап етеді.

Халықаралық экономикалық бірлестіктің дамуы үшін шетелден қосымша қаражат тартып, пайдаланудың тиімді формаларын таңдауымыз қажет. Қазақстан Республикасының территориясында шетелдік инвестицияның қызмет етуін заңмен қамтамасыз етуіміз керек.

Қазіргі кезде халықаралық инвестицияларды импорттау бір жағынан, республикадағы экономиканы жандандырудың ең тиімді әрі жедел жолдарының бірі, екінші жағынан, біздің мемлекетіміздің мүддесіне жиі қысым жасайтын инвесторларды тартуда белгілі бір бақылау мен шектеулерді талап ететіні өте айқын. Инвестициялық саясатта тиімді нұсқаны таңдап алу – ең көкейкесті мәселе. Мұның барлығы таңдап алынған дипломдық жұмыс тақырыбымның өзектілігін көрсетеді.

Дипломдық жұмыстың басты мақсаты – инвестициялық процестерді қаржыландыру көздерін іздеу және инвестициялық нарықтың тиімділігін арттыру мәселесін шешу. Осыған байланысты келесідей міндеттер қойылады: инвестициялық нарықтың дамуының теориялық аспектілерін ашу; тікелей шетелдік инвестициялардың артықшылықтарын сипаттау; Қазақстан Республикасының қазіргі инвестициялық нарығын талдау; мемлекеттегі инвестициялық климат мәселелерін шешудің перспективалық жолдарын ұсыну.

Дипломдық жұмысымда осы міндеттерді табысты шешу үшін жекелеген инвестициялық жобалар қарастырылады.

Экономикалық өсу мен тұрақтылық мүмкіндігін анықтайтын шешуші фактор жоғары инвестициялық белсенділік болып табылады. Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан экономикалық реформалар халық шаруашылығының негізгі буыны – кәсіпорынның құқықтық, қаржылық-экономикалық және әлеуметтік жағдайын, оның азаматтық және шаруашылық айналым жүйесіндегі мәртебесін елеулі түрде өзгертті. Бұрын экономиканың барлық саласында артықшылыққа ие болған мемлекеттік меншікке негізделген кәсіпорынның (ұйымның) орнына жеке, аралас, акционерлік меншік негізіндегі миллиондаған  кәсіпорындар (ұйымдар) пайда болып, қызмет етуде. Осының бәрі экономикалық өсу негізі болатын инвестициялық қызметті ұйымдастыру және басқару механизмін өзгертуге, ұйымның және барлық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға әсер етті.

Барлық меншік формаларындағы кәсіпорынның шаруашылық қызметінің тәжірибесінде нарықтық қатынастардың дамуымен бірге қаржылық инвестициялар да кеңінен тарала бастады. Акционерлік қоғамдар көбейе түсті; мемлекет, банктер, кәсіпорындар бос ақша капиталын тарту тәсілі ретінде қарызды құнды қағаздарды жиі пайдаланады. Туынды құнды қағаздар – фьючерстік келісім-шарттар, құқықтық құжат нарығы дамуда.

Қазақстан Республикасы әлемдік дамудың басты тенденцияларын есепке ала отырып, сыртқы экономикалық алмасуларға белсенді қатысуға, шет елдермен өзара пайдалы экономикалық бірлестік орнатуға бет бұруда.

Осындай қарым-қатынастың негізгі бағыттардың бірі шетелдік инвестицияны өте қайшы бағалауға қарамастан, ел экономикасына тарту болып табылады. Кейбір экономистер инвестиция экономикалық тәуелсіздіктің жойылуына әкеледі деп есептейді, кейбіреулері ұлттық экономиканы құтқарудың, оны көтерудің бірден-бір көзі – инвестиция дейді.  Алғашқылары экономикалық күйреуден қашу мүмкін емес, Отанды сату болар дейді. Екіншілері олардан өндіріс факторларының, білім алмасу технологиясының, басқару тәжірибесінің халықаралық тұтастығына сүйену мүмкіндігін көреді.

Көзқарастардың қарама-қайшылығында олар бір мәселеде ортақ шешімге келеді – шетелдік инвестициялар экономиканы қайта құрудың жүруіне елеулі әсер етеді және  өндірістік дамудың сыртқы факторларды тартудың теріс және жағымды салдарын объективті бағалауды, қазақстанның оның халқының мүддесіне жауап беретін, дағдарыстағы құрылыстарды жеңуді және перспективалы мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін инвестициялық саясат жасауды ұсынады.

Шетелдік инвестицияларды тарту саясатының негізгі мақсаты – шетелдік капиталды қолдану негізінде еліміздің тұрғындарының тұрмыс деңгейін жақсартуды қамтамасыз ету, экономикалық артта қалушылықты жеңу және ұлттық экономиканың құрылымдық қайта құрылуымен жаңалануы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 бөлім. Инвестициялар: теориялық бейнелеу және инвестиция тартудың әлемдік тәжірибесі

 

1.1  Инвестиция экономикалық категория ретінде

 

              Экономикалық құралдар мәнін талдауда құрал деген не және ол нарықтық қатынастарға өтудің алғышарттарын дайындауда қолданылатын “қолайлы инвестициялық климат” ретінде екендігін ескерген жөн.

              Бізге белгілі болғанындай, меншік формасы өзгеру процесінде, реформа бірте-бірте жалғаса берсе, тиімді нарықтық механизмдер құру процесінде бұрынғы категориялар “көлеңкеге” кетіп, жаңа категориялар пайда болады, кейбіреулері жаңа әлеуметтік-экономикалық мәнмен толықтырылады. Жаңа категориялардың пайда болуы,  экономикалық мәндерінің өзгеруі бір жағынан экономикалық теорияның дамуының нәтижесі ретінде көрінеді, ал екінші жағынан – объективті шындықтың жаңа құбылыстарын көрсетеді. Бұл экономикалық құралдардың жаңа мәнінің дамуын жалғастыруда дегенді білдіреді.

              Инвестициялық климаттың экономикалық мәні ғылыми зерттеулерді қажет ететін, жаңа айрықша белгілерді объективті түрде тудыра отырып өте тез дамитын қоғамның өндірістік қатынастарының барлық жиынтығын талдау арқылы көрінеді, себебі инвестициялық климат категория ретінде әртүрлі әдістемелік аспектілерде қарастырылуы мүмкін: меншік қатынастарының көп сипаттылығы тұрғысынан нарықтық қатынастар өзгерісінің элементтік мән көқарасы тұрғысынан қарастырылуы қажет.

              Зерттеліп отырған қбұбылыстың маңызын ашу үшін оның ішкі әлемін түсіну, үнемі қайталанатын бауланыстарды айқындау, маңызды белгілері мен өзіне тән ерекшеліктерін анықтау қажет. Бұл логикалық ойлауды пайдалану қажеттілігін білдіреді. Ғылыми абстракция әдісі дегеніміз нақты болған істі талдау, оның маңызды қасиеттерін айқындау және жанама, маңызды емес факторлардан назарын аудару. Осының негізінде логикалық ойлаудың маңызды белгілерін жинақтап, белгілі бір түсінікті қалыптастырады. Категория дегеніміз іс жүзіндегі шындық және сонымен бірге оның идеалды формаға өзгеруі болып табылады. Инвестициялық климатты талдау кезінде нақтыдан абстарктіге өрлеу зерттеліп жатқан категорияның түсінігін, терең сипатының маңызын ашуға әкеледі.

              Логикалық түсінік шындықты тек салыстырмалы түрде толық бейнелейді, ешқашан оны егжей-тегжейлі қарастырмайды, біздің танымымыз салыстырмалы сипатқа ие. Қоғамды натуралды-заттай және ақшалай формада инвестицияның төмен тиімділігінің және реципиент – елдердің шығындарының көптігінен жоғалту – бұл зерттеліп жатқан категорияның оның экономикалық өмірде көріну формасының сандық-сапалық түрі.

              Жинақталған тәжірибе өндірістік қатынастардың, экономикалық категориялардың даму тенденцияларының ең көлемді бұрынғы теориялық тұрғыдан талдауға мүмкіндік береді, соңғысы нарық өз дамуында қандай өзгергіш болса, ол да сондай.

              “Инвестициялық климат” категориясы өндірістік қатынастардың нақты түсінігі бола отырып, үнемі қозғалыста болады, онда көп түрлі өзгерістер болады. Мұнда екі қағидалы жағдайды көрсету керек:

              1. “Инвестициялық климат” категориясының бірде-бір элементі өзгеріссіз бола алмайды, өйткені ол үздіксіз әрекет нәтижесінде тұрақты өзгеріп отырады;

              2. “Инвестициялық климат” элементтерін тану салыстырмалы, өйткені ерте ме кеш пе оның танылмаған қасиеттері табылады. Байланыстың сипатымен қасиеті өзара әрекеттегі инвестициялық климат элементтерінің белгілі бір жағының ерекшеліктеріне байланысты. бұл зерттеліп отырған категорияны, оның сипаттамасын түсіну өте маңызды мезет.

              “Инвестициялық климат” түсінігі әртүрлі деңгейдегі ішкі жүйедегі элементтердің байланысын көрсетеді: мемлекет – кез келген меншік формасындағы кәсіпорын; мемлекет – аймақ; аймақ – кез келген меншік формасындағы кәсіпорын; акционерлік кәсіпорын – мемлекеттік кәсіпорын; кез келген меншік формасындағы кәсіпорындардың ұжымы – жеке жұмысшы. Бұл маңызды аспект нарықтық қатынастарды қалыптастыру жағдайында зерттеліп жатқан категорияның қарама-қайшылығын шаруашылық субъектілерінің қарама-қайшылығы ретінде көрсетуге мүмкіндік береді.

              Инвестициялық климатты және оның байланысын субъект тарапынан сипаттау бұл категорияның құрылымдық қана емес, функционалдық аспектілер туралы қорытындыларды елеулі түрде байытады. Сөз мүдделерінің өзара әрекеті мен құрылымы, оларды іске асыру механизмі туралы болып отыр.

              Адамдар өздерінің субъективті қызығушылықтарын қанағаттандырғаннан кейін экономикалық игіліктерді қолданудың балама тәсілдерін таңдауға мәжбүр. Барлық шаруашылық субъектілерінің мүдделерін іске асыру үшін бірқатар шарттарды орындауды талап ететінін айқын. Біріншіден, капитал нарығына кіру барлық адамдар үшін ашық болу керек. Мысалы, бағалардың өсуі өндірушіге осы тауарды өндірудің пайдалылығы туралы белгі береді, соңғысының еш кедергісіз инвестиция алып, өндірісті кеңейту мүмкіндігі болу керек. Екіншіден, барлық шаруашылық субъектілері капитал салымының бағытымен өндіріс формасын таңдау туралы тиімді шешім қабылдауға қажетті ақпаратқа (бұл жағдайда – капитал нарығы туралы) еркін қол жеткізе алуы керек. Үшіншіден, жекелеген субъектілердің шешіміне нарықтық қатынастардың басқа қатысушылары қысым жасамауы керек, яғни мемлекетпен монополиялық құрылымдар. Төртіншіден, яғни ең бастысы, барлық субъектілер экономикалық еркіндікке ие болуы керек. Кәсіпкерліктегі бостандық кез келген нарықтың негізі болып табылады, ал капитал нарығында өзіндік бағалау категориясы бола алады.

              Кәсіпкерлік жүйесіндегі субъектілердің тиімді экономикалық іс-әрекеті туралы идея инвестициялық климат сипаттамасының мәнін ашу үшін өте маңызды. Әртүрлі нәтижелерге қатысты белгілі болжаулар жасаған П.Хейн: “Егер адамдар қоғамда тиімділікті бағаламай, елесті, кездейсоқтықты, пайдасыз әрекеттерді басқалардан артық көрсе, экономикалық теория өзінің күні бұрын болжағыштық күшін жоғалтушы еді... оның дәлелдеуші күші шешім ойланып қабылданатын қоғамдық өмір салаларында жоғары” деп әділетті көрсеткен.

Информация о работе Инвестиция