Параметрлік бағдарламалау

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 12:39, курсовая работа

Краткое описание

Мұндай адамды қалыптастыру қазіргі заманғы білім беру жүйесінің алдында тұрған басты міндет. Әрбір жеке тұлғаның, бүкіл халықтың, бүкіл қоғамның тағдыры мұғалімнің еңбегінің нәтижесіне тікелей байланысты. Мектеп мұғалімі өз қызметін шығармашылық бағытта ұйымдастыра білуі үшін, ең алдымен, өз қызметінің мәнін түсіне алуы - басты шарт.

Оглавление

Кіріспе ....................................................................................................................4
1. Бөлім Оқыту техникалық құралдарының жүйесінің классификациясы...................................................................................................7
1.1. Оқыту техникалық құралдар негіздері......................................................16
1.2 Функцианалдық міндет бойынша ОТҚ классификациясы......................25
2. Бөлім . Оқыту техникалық құралдарын оқу процесінде қолдану әдістемесі...............................................................................................................30
2.1.Қазіргі заманғы оқу құралдарының оқу процесінде пайдалану...............................................................................................................46
2.2 Сабақта оқытудың техникалық құралдарын қолдану ерекшеліктері .....48
3. Бөлім Оқыту техникалық құралдарының бірі ақпараттық техналогия компанеттері..........................................................................................................53
3.1. Мультимедиа.............................................................................................59
3.2. Интерактивті тақта мүмкіндіктері..........................................................65
Қорытынды............................................................................................................83
Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................................

Файлы: 1 файл

ОҚТ.doc

— 1.12 Мб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 сызба. Оқыту технологияларына байланысты түсініктер

Енді, осы ақпараттық технологияларды жүзеге асырудағы жұмыс түрлеріне тоқталып өтейік:

Ақпараттық технологиялардың бірі – интерактивтік тақта, мультимедиялық және он-лайн сабақтары. Өзім қызмет жасайтын мектепте жаңа ақпараттық технологияларды қолдану кеңінен қарастырылған. Мектеп кебинеттерінде интерактивті тақта орнатылған. Сондықтан бұл тақтамен әр сабақты қызықты өткізуді ойластырып, жоспарлаймын.

Сабақта компьютерді пайдаланудың тиімділігін былай саралап көрсетуге болады.

4.       Оқушы мен мұғалімнің позитивтік оң қатынаста болуына ықпал етеді. Олай дейтініміз, оқушылар компьютермен тікелей қатысты болғандықтан өзін еркін сезінеді.

5.       Компьютермен жұмыс барысында оқушылардың белсенділік, жауапкершілік және өзіндік шығармашылық қабілеттері қалыптасады. Оқушы өз бетінше еңбектенеді. Өз еңбегінің нәтижесін көреді. Өзін-өзі қадағалауға мүмкіншілік туады. Тапсырмаларды мұғалімнің  көмегінсіз орындайды. Сол арқылы ойлау және есте сақтау қабілеттері дамиды.

6.       Берілетін материал бірсарынды болып, тек мұғалім ғана сөйлейтін болса, балалар тез шаршап қалады да, сабақ сәтсіз аяқталады. Осындай көңілсіз жағдайларды болдырмау үшін қазақ тілі мен әдебиет сабағында компьютер арқылы оқушылардың белсенділігін арттыратын элементтер қолданылады. Мысалы, СТО стратегияларын, дидактикалық үлестірмелер, түрлі ребустар, суреттермен жұмыс кросвордтарды жатқызуға болады

Ақпараттық технологияның мұғалім жұмысына ең тиімдісі – оқушылардың білім олқылықтарына үнемі зерттеу жасап, түзету жұмыстарын жүргізуге пайдасы бар.

Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдерден шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Сондықтан, ХХІ ғасырдың информатика ғасыры, яғни ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан-жақты дамуына ықпал ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді.

Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде - өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашады.

Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептейміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Бөлім  Оқыту техникалық құралдарының бірі ақпараттық техналогия компанеттері

Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Қазақстан Республикасының  «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесін ақпараттандыру осы саладағы мемлекеттік саясат негізінде анықталып, бұл жүйедегі басты міндеттердің біріне айналып отыр.

        Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында өткен ғасырдың отызыншы жылдарында сауатсыздықпен күрес жүргізілгендігі, компьютерлік сауаттану жөніндегі ауқымды іске азаматтарды бейімдеу, мемлекеттік қызметке жаңа қызметкерлерді қабылдау кезінде компьютерді, интернетті, электрондық поштаны қолдана білу тәсілдерін талап етеді. Заман ағымына қарай күнделікті сабаққа видео, компьютерді қолдану айтарлықтай   нәтиже беруде. Соның  бірі – компьютерлік оқыту.

Бүгінгі таңда қоғамымыздың жаңа қарқынмен дамуы, ғылыми-техникалық прогрестердің жетістіктері, еліміздің өркениетті елдер қатарынан көрінуі білім беру жүйесіне де ықпал етпей қойған жоқ. ХХІ ғасыр информациялық қоғам табалдырығына аяқ басқан сәтте-ақ Республикалық білім берудің жаңа жүйесі, яғни білім беру жүйесін ақпараттандыру ісі қолға алынды. Заман талабы оқу үрдісінде компьютерлік технологияны енгізу, оны кең көлемде қолдануды қажет етеді. Компьютерлік технологияны қолдану оқытуға арналған программалық жабдықтарды (электрондық оқулықтар т.б.) сабақта тиімді қолдану пән мұғалімдерінің мол тәжірибесін, ізденісін, әдістемелік шеберлігін қажет етеді. Өз тәжірибемде оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыруда мүмкіндігімше компьютерді пайдаланамын.
Оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі – сыныптық сабақ жүйесі екені бәрімізге мәлім. Осыған орай менің тәжірибемде сабақтың қалыптасқан дәстүрлі түрінен басқа, дәстүрлі емес сабақтар түрлері де пайда болуда. Олар көбінесе оқытудың жаңаша әдістеріне негізделіп құрылуда. Ондағы мақсатым-әрбір сабақтың оқу - тәрбиелік мүмкіншіліктерін ескере отырып, оны жаңа сапалық сатыға көтеру. Бүгінде оқыту жұмысын осылай ұйымдастыру мен әдістің жаңалығы басқа ұстаздардың жаңа жағдайға байланысты оқу-тәрбие процесін шығармашылықпен пайдаланудың негізгі өлшеміне айналуда. Оқытудың жаңа инновациялық әдістері мені пәнге байланысты жаңа технологияларды пайдалануға итермелейді.
Инновация деген ұғым латын тілінде жаңарту, жаңалық, өзгеріс енгізу деген түсінікті білдіреді. Оның мәні – білім беруге және өздігінен білім алуға егізделген қабілетті дамытады. Қазіргі таңда оқушы- ақпаратпен қаруланған, жан-жақты дамыған тұлға. Оның білімдік қабілеттерін дамыту үшін біздер, мұғалімдер жан-жақты қаруланған болуымыз керек.
«Балаға білім бергенде, алыстан жақынға, таныстан жатқа көшіп, жаңа білімді ескі білімге байлап беру керек»-деп мағжан Жұмабаев айтқандай, оқыту процесіне жаңа көзқараспен қарау керек.
Сын тұрғысынан ойлауды үйренген оқушы «Оқушы-компьютер-мұғалім» жүйесін қалыптастырады, оқушы-басты тұлға, жаңа тақырыпты ақпарат көзі – компьютерден оқып, қажетті мәліметтерді дәптерлеріне түсіріп, мұғалімге бере алатындай түсінікпен келуі, техникалық оқыту амал әдіс-тәсілдері оқушы мен ұстаз біртұтастығын қажет етіп, екеуін де тынымсыз ізденімпаздыққа баулиды. Баланың қандай да болмасын шығарманы оқуына бетбұрыс жасап, одан әрі зерттеуіне, ізденуіне бағдар көрсетеді. Техникалық оқыту амал әдіс-тәсілдерінің қазақ тілі пәніне ықпалы, әсері шексіз. Ол баланың еркін ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады.
Компьютерлік оқытудың негізгі мақсаты - оқыту процесін басқаруды жетілдіру, тексеруден өзін-өзі тексеруге, оқытудан өзін-өзі оқытуға көшу. Компьютерлік оқытуда жаңа бағдарланған оқулықтар, оқыту құжаттары, үйрету (оқыту) машиналалары қолданылады. Компьютерлік оқытудың ерекшеліктері: оқу материалы жеке логикалы бөлшектерге бөлінеді; әр бөлімді меңгерген соң, оқушы өздігінен тест-сұрақтарға жауап береді; дұрыс жауап берілсе, келесі бөлімге өтеді; жауап қате болса, өзі бөлімді қайталап өтіп, сұрақтарға тағы да жауап береді.
Оқытудың бұл түріне негіз болған оқу бағдарламасы оқу материалын, оны меңгеру барысындағы оқушының іс-әрекетін, тексеру түрлерін бір тәртіппен ретке келтіреді.

Бағдарламалап оқытудың күшті жақтары:

- оқу материалының бөлшектенілуі,

- оқушының белсенді өзіндік жұмысы,

- тұрақты тексеру,

- оқыту қарқыны мен оқу материалы көлемінің даралануы,

- техникалық оқыту құралдарын пайдалану,

- оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырады;

- оқу еңбегіне қызығушылығын арттырады;

- оларды өздігінен саналы жұмыс істеуге үйретеді;

- берік білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне жеткізеді.
Мақсатымыз мына әрекеттер арқылы жүзеге асады: сыни ойлау, еркін сөйлеу, ізденіс, белсенділік, ой бөлісу, тұлға аралық қатынас.
Күтілетін нәтиже:

- Оқушылар көркем, мәнерлі сөйлеуге төселеді;

- Шығармашылық жұмысқа белсене араласады;

- Дүниетанымы кеңейеді;

- Мазмұндаманың барлық түрін қызығып орындайды;

- Білім сапасы артады.

Ал дәстүрлі сабақ кезінде оқушылар белсенділігі төмен болатындығын білеміз, өйткені бірсарынды сабақтар оқушыларды жалықтырады.
ТОТ (техникалық оқыту тәсілдері) әдістерін оқып-үйрене келе және оны тәкелей тәжірибемде қолданғанда байқағаным, бұл әдістің білім беру жүйесіне, әсіресе қазақ тілі пәнінен тиімді жақтары көп деген шешімдемін.
ТОТ стратегиялары және ізгілендіруді көздейтін оқытудың жаңа технологияларын енгізе отырып, өзін дамыта алатын үнемі жетілдіру арқылы өз бағыт бағдарын айқындай алатын оқушы тұлғасын қалыптастырады.
Осы технологияны сабақта пайдаланғанда мен мынадай нәтижелерді күтемін.
- Өз қабілеттеріне қарай мемлекеттік стандартты сапалы білім;
- Еркін әрі сыни ойлай білетін, белсенді және білікті;
- Өзін-өзі тани алатын, өзіне сене отырып, біліміне жауапкершілікпен қарайтын;
- Оқу процесі кезінде алған түрлі мүмкіндіктерін өзекті мәселелерді шешуде таңдай және қолдана алатын;

- өз мүмкіндігінше сенімді және жоғары баға беретін;

- қазақ тілін еркін меңгерген;

Танымдық белсенділігі жоғары, өз- ісіне сныи тұрғыдан қарай білетін тұлға болады.

              Оқыту техникалық құралдарының тағы да бір түрі – ол  электрондық оқулықты пайдалану. Білім   берудің   кез-келген   саласында   «Электрондық оқулықтарды»  пайдалану    оқушылардың,   танымдық   белсенділігін   арттырып   қана  қоймай,  логикалық  ойлау  жүйесін   қалыптастыруға   шығармашылықпен   еңбек етуіне  жағдай  жасайды. Осы  уақытқа  дейінгі  білім  беру саласында  тек  мұғалімнің  айтқандарын  немесе оқулықты пайдалану  қазіргі  заман  талабын   қанағаттандырмайды. Сондықтан  қазіргі   ақпараттандыру   қоғамында  бұл оқулықтарды   пайдаланбай  алға  жылжу  мүмкін  емес.   Электрондық  оқулық  -    комплексті   емес   біртұтас, дидактикалық,   әдістемелік,  интерактивті  программалық жүйе,  ақпараттың  әр-түрлі  формаларын  қолданып  оқу материалынан   кездесетін   қиындықтарды  артта қалдырады  және  мультимедияның  соңғы  мүмкіндіктерін қолданып,  ғылыми  зерттеу  әдістерін  толықтырады. Бұл жерде  оқытудың   түсінікті,   кең   көлемде  қарастырылған материалы    қолданылады.  

Дидактикалық   заңдастырылған   жалпы   білім  аспектілер ,      әдістемелік аспектілер,  арнайылап  оқыту, негізгі  пән  немесе  пәндер тобы  және  электронды  оқулықтың  программалық нақтылығымен  өзара  тығыз  байланыста  болады.   Жалпылай   «электронды оқулық»  ұғымын   анықтау әлі пайда   болған  жоқ,    бірақ  электронды   оқулық – ол программалық-әдістемелік  комплекс,  өзіндік   немесе мұғалімнің  көмегімен  білім курсындағы  бөлімінің   мүмкіндігін  қамтиды.

Электронды  оқулық   немесе   курс   негізінен  үш  бөліктен құрастырылады:  негізгі   ақпараттық  курс   бөлімінен тұратын   презентациялық  бөлім,  алған білімдері бойынша бекітілетін жаттығулар,  оқушының  білімін   көлемді түрде  бағалау  үшін  тестер. Компьютерлік   оқулық   негізгі оқулықты,   анықтаманы,  есептеуішті    зертханалық   жұмыстарды   бір-бірімен   байланыстырады.    Электронды  оқулық -  таныстыратын  теориялық   материал,  білімнің көрсеткішіне  қарай  біліммен  жаттықтыруды  қамтамасыз  ететін,  оқу  процесін    үзіліссіз  дидактикалық   материалдармен  қамтамасыздандыратын, сонымен қатар, ақпараттық  іздеу, математикалық және компьютерлік визуалдаумен имитациялық модельдеу интерактивті  кері  байланыстармен шарт бойынша функцияларды  үйренуге арналған программалық   комплекстік жүйе.   Электронды  оқулық  барлық   негізгі функцияларды,   теориялық   материалдарды көрсету, бірінші   білімді  алып  қабылдауды  көрсету,  өзіндік  білім  алудың  жаттығулары   мен  бақылау  көрсеткіштерін  қамтамасыздандырады. 

Дидактикалық   цикл процесін  бірыңғай  компьютердің   көмегімен  оқу  процесін  ұйымдастырып, оқушылардың  білім алуда   уақыттарын үнемдеп,  автоматты  түрде  дидактикалық  циклді  бір ғана жұмыспен электрондық  оқулықпен орындау керек. Оқыту процесі  жаңаша түрде орындалу үшін  компьютермен диалогтық қатынасты  дұрыс орынға қою керек.  Мультимедианың әдістемелік күші оқушыны  дыбыспен, көрермендік бейнемен тез қызықтырып, ақпараттық және  көңіл-күйіне  де  көмек  береді. 

Қазіргі мектептің даму  болашағы  қоғамның  даму үрдісімен  үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әртүрлі тегімен анықталады. Оқушыларға білім беруде  жаңа оқыту технологияларын  қолдану, инновациялық  бағытта жұмыс жасау  заман талабына сай талап етілуде . Оқу процесінде  компьютерді  тиімді пайдалану  және қолдану  кейінгі жылдары  айтарлықтай оң тәжірибе  беріп отыр. Атап  айтсақ  мектеп оқушыларының  өз бетімен ізденісі, пәнге деген  қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің  мәдениетін  қалыптастыруға, дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр.

       Сонымен  қатар  электрондық  оқулықтарды  сабақта   пайдалану кезінде  оқушылар  бұрын  алған  білімдерін   кеңейтіп,   өз  бетімен   шығармашылық тапсырмалар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар орындап, тестілер шешіп, карталар және схемалар мен жұмыс жасауға дағдыланады.  Электрондық  оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдап көрсетуге  болады. Бұл,  әрине  мұғалімнің  тақтаға  жазып  түсіндіргеннен  әлдеқайда  тиімді,  әрі  әсерлі.   Меңгерілуі    қиын сабақтарды  компьютердің  көмегімен   оқушыларға  ұғындырса, жаңа тақырыпқа  деген  баланың  құштарлығы  оянады  деп  ойлаймын.

3.1. Мультимедиа

Қазiргi  кезде мультимедианы қолданудың бiрнеше негiзгi  бағыттары қалыптасқан, оларда өздерiнiң  ережелерi мен терминологиясы жасалған.  Мультимедиа  қосымшаларын жасау жөнiндегi мүмкiндiктер  ауқымы айтарлықтай  кең. Мультимедиа қауырт  дамып келе жатқан  хабарламалық  технология, ол теледидарлық кескiнделудiң  және дыбыс  жазуының  бейнелiгi мен шынайлығын дербес  компьютердiң  интерактивтi мүмкiндiктерiн бiрiктiредi. Бiлiм беру мен оқытылып  үйретудегi мультимедиа  аса маңызды бағыттардың  бiрi болып табылады. Жоғарғы кәсiби  деңгейдi қамтамасыз  ететiн  бiлiмдер  тез өзгерiстерге   ұшырайды.

Мультимедиа  дыбыс, графика, анимация көрiнiстiк фрагменттердi  және

мәтiндердi қатар  пайдалана отырып  динамикалық  түрдегi  бейнелер  мен дыбыстық  мәлiметтер  алу мүмкiндiгiн  беретiн арнайы жабдық.

              Дыбыс жазу дыбыс платасының  көмегiмен неше түрлi  дыбыс, сөздер тiркесiн WAV  форматындағы  файлдарға жазу, ойнату   және өңдеу  мүмкiндiк беретiн программа.

Медиаплеер – дыбыстар  жазылған  MIDI файлдарды әуендер,  сөздер, жызылған  компакт-дискiлердi  және  жылжымалы  бейнелерi  бар  дискiлердi оқуға арналған мультимедиа мүмкiндiктерiн  iске асыра  алатын  программа.

Мультимедиа – қауырт дамып  келе  жатқан  хабарламалық  технология, ол   теледидарлың кескінделуі  және  дыбыс  жазуының  бейнелілігі  мен  шынайылығын дербес компьютердің  интерактивті  мүмкіндіктерін  білдіреді.  Осы  негізгі  үш  құрам, яғни үш орта  мультимедиа (multimedia)  терминінің  түсінігін береді,  оның  ең қысқа  анықтамаларының  бірі –іштей пәрменді бағдарламалық  қамтамасыз етуді басқару  арқылы көру және  дыбыс  әсерлерінің  өзара ықпалдасуы. 

Қазіргі кездегі компьютерлер сурет салу, жазу мүмкіндіктерінен басқа компакт-дискілерден музыка, клип, кино сияқты анимациялық көріністерді көріп бейнелеуге болады. Оны біз мультимедия арқылы көруге болады.

Мультимедия. МУЛЬТИ –     көп, МЕДИЯ – мәтін, дыбыс, бейне қолданатын бұқаралық ақпарат құралдарының жалпы аты.

Информация о работе Параметрлік бағдарламалау