Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 12:39, курсовая работа
Мұндай адамды қалыптастыру қазіргі заманғы білім беру жүйесінің алдында тұрған басты міндет. Әрбір жеке тұлғаның, бүкіл халықтың, бүкіл қоғамның тағдыры мұғалімнің еңбегінің нәтижесіне тікелей байланысты. Мектеп мұғалімі өз қызметін шығармашылық бағытта ұйымдастыра білуі үшін, ең алдымен, өз қызметінің мәнін түсіне алуы - басты шарт.
Кіріспе ....................................................................................................................4
1. Бөлім Оқыту техникалық құралдарының жүйесінің классификациясы...................................................................................................7
1.1. Оқыту техникалық құралдар негіздері......................................................16
1.2 Функцианалдық міндет бойынша ОТҚ классификациясы......................25
2. Бөлім . Оқыту техникалық құралдарын оқу процесінде қолдану әдістемесі...............................................................................................................30
2.1.Қазіргі заманғы оқу құралдарының оқу процесінде пайдалану...............................................................................................................46
2.2 Сабақта оқытудың техникалық құралдарын қолдану ерекшеліктері .....48
3. Бөлім Оқыту техникалық құралдарының бірі ақпараттық техналогия компанеттері..........................................................................................................53
3.1. Мультимедиа.............................................................................................59
3.2. Интерактивті тақта мүмкіндіктері..........................................................65
Қорытынды............................................................................................................83
Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................................
Мектептерге кез келген пән бойынша қолдануға болатын дербес компьютерлер кеңінен таралған. Олар оқушылар танымдық белсенділігін арттыратын арифметикалық теңдеулермен, физико-химиялық есептермен, графиктер мен сызбаларды реттеуге және сурет салуға арналған бағдарламалармен жабдықталған.
Бұл бағдарламалар оқушылардың жас және индивидуалды ерекшеліктеріне сай жасалған. Дербес компьютерлер сағатпен жабдықталған және үйретушілер мен сынаушылар ретінде жұмыс атқара алады, қателерді өзі талдап, алынған білімді жақсы меңгеру үшін дайындық жаттығуларын ұсынады.
Оқыту құралдары пәнді меңгеру функциясы ретінде қарастырылады. Оқушыларды оқытудың техникалық құралдарын қолдана білуге және жаңа құрылғылармен жұмыс жасауға үйрету қажет, мәліметтерді жақсы қабылдау және есте сақтауға дайындау қажет, инструктаж өткізіп, танымдық тапсырмаларды беріп, олардың жұмысқа дайындығын, тиянақты жұмыс мақсатын анықтап, оны бағалап тұру қажет.
Оқу процесінің әртүрлі мәліметтер алу негізінде функционалданатын күрделі жүйе екенін ескере отырып, оған түрлі оқытудың техникалық құралдарын енгізу қажет. Бұл осы техникалық құралдар арқылы шешілетін жағдайларды дәл анықтаудан басталады.
Білім беру ағымында әртүрлі техникалық шаралар қолданылады және оқу проблемасын шешуде одан да жаңа мүмкіндіктер туады. Оқытудың техникалық құралдарының құрылуына оның техникалық негізі қаншалықты керекті және қажетті болса, ол оның қолданылуына соншалықты қажет. Олардың негізгілеріне:
1. Оқу процесін – күрделі процесс ретінде, толық білімге апаратын жол ретінде, әлемдегі объективтік құбылыстарды танып білуге, ішкі заңдылықтары мен байланыстарын, мақсаттарымен таным критерийлерін қарастыратын оқу әдістемесі ретінде қарастырылуы.
2. Оқу процесін ой белсенділігін жетілдіруіне, күрделі танымдық жүйелердің арттыруына және динамикалық мінездемесіне қарай бағалайтын психо-физиологиялық оқу негіздері ретінде бағалануы.
3. Ортақ білім және тәрбие негізінде оқитын оқушылардың білім мен біліктілік бағытын, тұлғаның дамуын сонымен бірге жеке шығармашылық ойлау деңгейін анықтайтын дидактикалық заңдылықтармен оқу принциптері.
4. Оқуды күрделі басқару жүйесі ретінде, бірыңғай және арнайы мақсаттардағы жеке құраушылар ретінде қарастыратын кейбір ғылыми ұйымдастырушылық оқу процестері жатады.
Осындай жағдайда техникалық құралдардың теориялық негізде басқа күрделі оқу құрылғылар мен формалары және де функционалды қасиеттері арқылы күрделі байланыста болады. Басқаша айтқанда, кез келген оқу жүйесіне енетін құрылғылар, оның жүйе құраушыларына әсерін анықтауды талап етеді. Демек, техникалық құралдарды қолдануда тек оның дидактикалық негізі ғана емес, сонымен бірге оны оқу процесінде тез арада, қандай жағдайда болмасын қолдануға болатынын талап ету керек.
Жүйелі оқудың негізгі тәртібі – жалпы дидактикалық нәтижені ғана көрсетіп қоймай, оны байланыстарға сүйене отырып түзеді. Ал, бұл тиімді нәтижелер алдын ал негізбен, берілген оқу процесінің жүйесіне енетін барлық құраушылардың әдістемелік үлгілеу функциясы арқылы анықталатынын көрсетеді.
Оқытудың техникалық құралдарының оқу процесінің әртүрлі мақсатта қолдануын негізгі бес шарт анықтайды:
- оқу процесінде пәнді үйрету пәрменді ету, яғни меңгеру процесінің сапасын жоғарылатып, оқу уақытының босқа кетпеуін қадағалайтын мүмкіндік орнатуы;
- тапсырманың рөлін, орнын және қолдану уақытын анықтауы;
- оқу процесінде басқа құралдар мен формалар арасында қатынас пен байланыс орнату;
-техникалық құралдардың тыңғылықты қолданылуы мен мұқият ұйымдастырылуы;
- оқушылардың пәнге, оқытылатын материалға деген қызығушылығы мен белсенділігін арттыру ережесін негізге ала отырып жоғары оқу орындарында дидактикалық жағдайда алынған білімді тек пәнді тікелей өзінің еңбегі арқылы үйренуі мен белгілі қиындықты атқара отырып жеке ой белсенділігін арттыру барысында ғана игерілді.
Оқу орнының зертханалық базасын үлкен комплекстік техникалық жабдықтар құрайды, ал оқу орындарының техникалық зертханалармен жабдықталғандығы дайындалған мамандардың практикалық дайындық деңгейін көрсетеді.
1.2 Функцианалдық міндет бойынша ОТҚ классификациясы
ОТҚ төмендегіше бөлінеді:
- Оқу ақпараттарын беру техникалық құралдары
- Білімді бақылау техникалық құралдары
- Тренажерлар
- Оқытудың және өзін-өзі оқытудың техникалық құралдары
- Көмекші
- Кіріктірілген - әр түрлі бағыттағы функцияларды біріктіретін техникалық құралдар
Ақпаратты берудің техникалық құралдары: диапроекторлар, графопроекторлар, эпипроекторлар, магнитофондар, радиоқондырғылар, музыкалық орталықтар (аудиожүйелер), ойнатқыштар, радиотораптар, кинопроекторлар және киноқондырғылар, теледидарлар, бейнемагнитофондар, ДЭЕМ-дер және т.б. Бұл техникалық құралдардың ерекше айырмашылығы - қабылдауға тиімді тасымалдау құралдарына жазылған ақпаратты түрлендіру болып табылады.
Бақылаудың техникалық құралдары белгілі бір анықталған бағдарлама мен қандай да бір дәлдік деңгейіндегі берілген критерийлер бойынша оқу материалын меңгеру деңгейін бағалауға мүмкіндік беретін жүйелерді және барлық мүмкін техникалық құралдарды біріктіреді. Осы мақсатта «АМК-2» типті ескі құрылығылар модификациясымен қатар жаңа компьютерлік технологиялар да пайдаланылады. Бақылаушы ОТҚ-дары жеке және топтық болады. Олар оқыту бағдарламаларының типімен және оқушылардың жауабын енгізу әдісімен ерекшеленеді. Бақылаушы ОТҚ күрделілік деңгейіне қарай ең қарапайым картадан, таспалардан және автоматтандырылған бақылау билеттерінен бастап арнайы компьютерлік бағдарламаларға дейін түрленеді. Дегенмен, бұл құралдарды қолдану, тәжірибенің көрсетуіне қарай, тек шағын аймақта ғана мақсатты және оқушылардың жұмысын бақылау мен бағалауда оқушы мен мұғалім арасындағы тікелей қарым-қатынасты бере алмайды.
Оқыту және өзін-өзі оқыту техникалық құралдары техникалық құралдарға енгізілген белгілі бір бағдарламалар бойынша оқушыны оқу ақпаратымен және білімді игеруде өзін-өзі бақылауын қамтамасыз етеді
Мұндай бағдарламалар оқу материалын аз мөлшерде, соңынан бақылау сұрақтары арқылы беріледі. Материалды игеру жылдамдығы оқушының қабілеті мен қажеттілігіне, жеке мүмкіндігіне қарай орнатылады. Оқыту бағдарламалары сызықтық, тармақталған және кіріктірілген болады. Сызықтық бағдарламалар материалдың әрбір бөлігінің жауабының дұрыстығына байланысты болмайды. Тармақталған бағдарламалар тек дұрыс жауаптың көмегімен ғана жылжуға мүмкіндік береді. Егер жауап қате болса, оқушы алдыңғы материалға қайта келіп, туындаған қиындықты шешпейінше және әрбір тексеруші сұрақтарға дұрыс жауап бермейінше жылжи алмайды. Кіріктірілген бағдарламалар, аты айтып тұрғандай, екі нұсқаны да үйлестіреді.
Тренажерлық техникалық құралдар – алғашқы білім мен білікті қалыптастыруға арналған арнайы оқыту-жаттығу құралдары. Тренажерларды оқытуда пайдалану, меңгеру қызметін модельдеу процесіне негізделіп құрылған арнайы оңделген амалдар бағдарламаларын қолдануға негізделген. Әсіресе техникалық мамандықтарға оқыту үрдісінде кең қолданылады.
Көмекші техникалық құралдар кіші автоматизация құралдары (механизация) мен қосымша мақсаттарда пайдаланылатын (қозғалмалы ленталы сынып тақтасы, карталарды, плакаттарды жылжыту құрылғылары, пәндік кабинеттерді қараңғылау мен ОТҚ комплекстерін дистанциялық басқару құрылғылары, радиомикрофондар, микрофон сымдық техникасы, күшейткіштер, полиэкрандар, электронды тақталар т.б) аппараттарды біріктіреді.
Бірнеше функцияларды орындайтын кіріктірілген техникалық құралдарға (әмбебап) лингафон құралдары, жабық оқу теледидар жүйесі, компьютерлік жүйелер жатады.
ОТҚ-ның құрылғылар және жұмыс істеу принципі бойынша классификациясы механикалық, электромеханикалық, оптикалық, дыбыстық техникалық, электронды және кіріктірілген болып табылады.
Оқытудың түріне қарай классификациясы жеке, топтық және бірнеше топтық (үлкен топтар үшін, мысалы жоғары оқу орындарында бірнеше топтық) болып бөлінеді.
ОТҚ-ның логикалық жұмысына қарай классификациясы сызықтық бағдарламалық жұмыс та бола алады, яғни кері байланысқа тәуелді емес және кері байланыстың көлемі мен сапасына қарай әр түрлі жұмыс режимімен қамтамасыз ететін тармақталған бағдарлама да бола алады.
Сезім мүшелеріне әсер ету сипаттамасына қарай классификациясы визуалды, аудиоқұралдар және аудиовизуалды ОТҚ болып бөлінеді.
Ақпаратты ұсынау сипаттамасына қарай ОТҚ классификациясын экранды, дыбысты және дыбысты-экранды құралдарға бөлуге болады.
ОТҚ-НА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Оқыту құралдарына жан-жақты талаптар қойылады: функционалды, педагогикалық, эргономикалық, эстетикалық, экономикалық.
Функционалды - аппаратураны қажетті режимдермен қамтамасыз ету қабілеті (дыбыстың шығуы және сапалы шығуы, аудиовизуалды құралдардың кассеталараның сыйымдылығы, сабақты өтуге жеткілікті тоқ қорын ұстау, құралдың әмбебаптығы).
Педагогикалық – техникалық құралдың мүмкіндіктерінің қазіргі заманғы талаптарға сай оқу-тәрбие үдерісінің әдістері мен формаларына сәйкестігі.
Эргономикалық – іске қосу тиімділігі мен қауіпсіздігі; аппаратты дайындауда және жұмыс істеуде ең аз операция орындау; шу деңгейі; тексеру, жөндеу, қозғалту тиімділігі.
Эстетикалық – форманың үйлесімдігі (көрнекі қолданылуы, көлемі, өлшем сәйкестігі); композиция бүтіндігі, тауарлық түрі.
Экономикалық – техникалық құралдардың ұзақтығы мен жоғары сапасына сәйкес бағасының оншалықты жоғары еместігі
ОТҚ ФУНКЦИЯЛАРЫ
ОТҚ функциялары оқу-тәрбие үдерісінде көпмәнді болып табылады. Олар бір-бірін толықтырушы, өзара шартты және оларды ерекшелеу жеткілікті шартты болады. Бірақ кез келген функция қандай да бір ОТҚ-ға толығымен тиесілі бола бермейди.
ОТҚ-ның ең бірінші функциясы – коммуникативті функция, ақпаратты беру функциясы.
Екіншісі – басқару функциясы, оқушыларды тапсырмаларды орындауға және оларды орындауды ұйымдастыруға дайындығын жобалайды (таңдау, жүйелеу, ақпаратты реттеу),ақпаратты меңгеру мен қабылдау процесінде және сол процестерді өңдеуде кері байланысты алу.
Үшіншісі – кумулятивті, яғни оқу және оқу-әдістемелік ақпаратты сақтау, құжаттандыру және жүйелеу. Бұл фоно және бейнетека жинақтарын құру мен комплектілеу арқылы, ақпаратты сақтау және жаңа ақпараттық технологиялар арқылы берілу жолдары арқылы іске асады.
Төртіншісі – ғылыми-зерттеу функциясы. Ол оқушылардың зерттеу мақсатында ОТҚ арқылы алған ақпараттарын түрлендірумен, педагогтың оқыту және тәрбиелеу техникалық құралдарын пайдалану нұсқаларын іздеумен, мазмұнды моделдеу және ақпаратты беру формасымен байланысты.
2. Бөлім Оқыту техникалық құралдарын оқу процесінде қолдану әдістемесі
«Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарламасы приортитетінің бірі ұлттық білім моделін қалыптастыру тенденциясымен және Қазақстан білім беру жүйесін бүкіл әлемдік білім кеңістігіне кіріктіруіне сипатталатын білім беру саласы болып табылады. Қазір бүкіл әлемде индустриялық қоғамнан интерактивті қатынас жасауға оны жүзеге асыратын техникалық мүмкіндіктерді дамытып отыра алатын информациялық қоғамға, яғни, негізгі рөлді информацияны алу, өңдеу, сақтау, тасымалдау, тарату және пайдалану қызметтерін атқаратын жаңа қоғамға көшу процесі жүріп жатыр.
Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуында басты рөл атқарады.
Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
«Өз еңбегін талдай білген адам ғана тәжірибелі ұстаз бола алады»,- деген В.Сухомлинскийдің сөзін оқытушының талмай ізденген еңбегінің нәтижесінде ғана көрінетіні белгілі. Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Оқытушы баяндайды, әңгімелейді, түсіндіреді, ал оқушы тыңдайды, қабылдайды, ойлайды, т.б. таным әрекеттерін жасайды.
“Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық” деген сөздерді ескере отырып, сабақтарымызда мүмкіншілігіне қарай мультимедиялық проекторды пайдаланып отырсақ оқытушының ұтары мол деп ойлаймын. Тек оларды тиімді, жүйелі түрде қолдану оқытушының шеберлігіне байланысты әрқилы жүзеге асырылуы мүмкін.
Осы технологияны пайдаланудың тиімді тұстары:
- оқушының пәнге деген жеке қызығушылығын оятады;
- танымдық қабілеттілігін қалыптастырады;