Бюджеттік бақылау

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2013 в 12:37, курсовая работа

Краткое описание

Бюджет – белгілі бір мерзім аралығына, әдетте бір жылға белгіленетін белгілі бір тұлғаның (отбасының, бизнестің, ұйымның, мемлекеттің және т.б.) кіріс пен шығыс жүйесі. Бюджет – шағын экономикамен қатар ірі экономикадағы (мемлекеттік бюджет) маңызды тұжырымдама. Бюджетті қаржы ғылымы зерттейді.

Оглавление

Кіріспе
Мемлекеттік қаржылық-бюджетке түсінік
ҚР-ның бюджет жүйесін құру принциптері және негізгі бюджетті құру
Бюджеттік құқық
Ресейдің мемлекеттік билік органдарының бюджеттік құқықтары
Өзін-өзі басқару органдарының бюджеттік құқықтары
Бюджеттің жіктелуі
Бюджеттік жіктелуді құрудың жалпы принциптері
Бюджеттік жіктелудің схемасы
Бюджеттің кіріс және шығыс болып жіктелуі
Бюджеттік тапшылықты қаржыландыру көздерінің жіктелуі
Бюджеттік кірістің құрылымы
Мемлекеттік бюджеттің кірісі
ҚР-ның субьектілерінің бюджеттік кірісі
Жергілікті бюджет кірісі
Бюджеттік шығысты жоспарлау және қаржыландыру
Өндірістік емес сферада шығысты қаржыландыру жүйесі
Мәдениетке және білім беруге кеткен шығындар
Дефицит. Профицит.
Бюджеттік жүйе бюджеттің құрылуы
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қосымша мәліметтер

Файлы: 1 файл

Бюджеттик бакылау.docx

— 74.85 Кб (Скачать)

 

Жоспар:

 

  1. Кіріспе
  2. Мемлекеттік қаржылық-бюджетке түсінік
  3. ҚР-ның бюджет жүйесін құру принциптері және негізгі бюджетті құру
  4. Бюджеттік құқық
  5. Ресейдің мемлекеттік билік органдарының  бюджеттік құқықтары
  6. Өзін-өзі басқару органдарының бюджеттік құқықтары
  7. Бюджеттің жіктелуі
  8. Бюджеттік жіктелуді құрудың жалпы принциптері
  9. Бюджеттік жіктелудің схемасы
  10. Бюджеттің кіріс және шығыс болып жіктелуі
  11. Бюджеттік тапшылықты қаржыландыру көздерінің жіктелуі
  12. Бюджеттік кірістің құрылымы
  13. Мемлекеттік бюджеттің кірісі
  14. ҚР-ның субьектілерінің  бюджеттік кірісі
  15. Жергілікті бюджет  кірісі
  16. Бюджеттік шығысты жоспарлау және қаржыландыру
  17. Өндірістік емес сферада шығысты қаржыландыру жүйесі
  18. Мәдениетке және білім беруге кеткен шығындар
  19. Дефицит. Профицит.
  20. Бюджеттік жүйе бюджеттің құрылуы
  21. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
  22. Қорытынды
  23. Қолданылған әдебиеттер
  24. Қосымша мәліметтер

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

     Бюджет –  белгілі бір мерзім аралығына,  әдетте бір жылға белгіленетін  белгілі бір тұлғаның (отбасының,  бизнестің, ұйымның, мемлекеттің  және т.б.) кіріс пен шығыс жүйесі. Бюджет – шағын экономикамен  қатар ірі экономикадағы (мемлекеттік  бюджет) маңызды тұжырымдама. Бюджетті  қаржы ғылымы зерттейді.

  Нарықтық қатынастар туындатқан экономиканы баскарудың жаңа механизмдері бюджетті басқару жөніндегі мәселелерге де жаңаша көзқарастың қажет екендігін айқындап отыр. Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де бюджет зор рөл атқарады.

   Бюджет мемлекеттің қызметтерін іске асыру және мемлекеттік саясат шараларын іске асырудың негізгі құралы болып табылады. Сондықтан да мемлекет қызметін іске асыру және бюджет саясатын тиімді жүзеге асыру белгілі бір бюджет каражаттарын талап етеді.

   Бюджет туралы заңды дайындау және қарау, бекіту процесі, сонымен қатар оны атқару мен атқарылуын бақылау рәсімі процедураның басты мәселесі. Соңғы он жылдықта қазақстандық бюджет саласының дамуы, экономикалық және әлеуметтік негізделген құрылыммен және мемлекеттік шығыстар көлемімен қажетті нәтижеге жете қойған жоқ. Негізгі себептерінің бірі ретінде қолданыстағы бюджеттік процедураның әлі де жетілмегенін айта кеткен жөн.

   Бюджетті бақылау — мемлекеттік қаржы бақылауының құрамдас бөлігі, ол арқылы бюджет жобасын әзірлеу, оны қарау және оның орындалуы туралы есеп беру барысында бюджеттік қаражаттың құралуы, бөлінуі және орындалуы тексеріледі. Бюджетті бақылаудың мақсаты - барлық деңгейдегі бюджетке кірістің неғұрлым толық жүмылдырылуын, бюджеттік қаражаттың нысаналы мақсатқа және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету. Бюджетті бақылауды мемлекеттік биліктің тиісті республикалық және аймақтық органдары мен жергілікті өзін- өзі басқару органдары және олардың бақылау-есеп органдары, республикалық қазынашылық органдары, аймақтық және жергілікті қазынашылар, салық және кеден органдары, қаржы-банк жүйесінің органдары, идаралық бақылау органдары жүзеге асырады. Бюджеттен қаржыландырылатын кәсіпорындардың, ұйымдардың ақшалай қаражаты ғана емес, сонымен бірге материалдык және еңбек ресурстары да Бюджетті бақылау нысандары болып табылады.

 

 

 

1.Мемлекеттік қаржылық-бюджет

 

    Әрбір мемлекеттің қаржылық жүйесі бір-бірімен байланысты екі үлкен қосалқы жүйеден тұрады – жалпы мемлекеттік қаржы (бюджеттер жүйесі – федеративтік, аймақтық, муниципалдық, мемлекеттік несиелеу жүйелері, мемлекеттік сақтандыру жүйелері) және шаруашылық жүргізушілердің қаржылары (өндіріс компанияларының, сауда кәсіпорындарының және басқа да коммерциялық құрылымдардың қаржылары, коммерциялық банк жүйесі, биржа жүйесі және т.б.).

    Қаржы жүйесінің жетекші сатысы – мемлекеттік бюджет – мемлекеттің ақ шалай қаражатының бас орталықтандырылған қоры. Мемлекеттік бюджет – ұлттық кірісті қайта үлестірудің басты құралы. Мемлекеттік бюджет – мемлекет пен кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер арасында қалыптасатын қаржылық қатынастар.

         Мемлекеттік бюджет мемлекеттің  орталықтандырылған ақша қорын  жасау және оны ұдайы  өндіріс  пен қоғамдық қажеттіліктерді  қанағаттандыру мақсаттарына пайдалануға  бағытталатын қаржылық қатынастардың   жиынтығы. Қаржылық  қатынастардың  жиынтығы ретінде мемлекеттік  бюджетке ең алдымен  жалпы  қаржы категориясынан ажырататын  өзгеше белгілер тән. Атап айтсақ, бюджеттік қатынастардың  бөлістірушілік  сипаты бар,  және ол әрқашанда  ақшалай нысанда жүзеге асырылады  және мақсатты ақша қорларын  қалыптастырумен және пайдаланумен  қосарлана жүреді. Мемлекеттік бюджеттің  бұдан басқа да өзгеше қасиетттері  бар. Ақшалай қаражаттарды орталықтандыру  экономиканың жүзеге асырылуын  қамтамасыз ету үшін халық  шаруашылығы масштабындағы үздіксіз  айналымды ұйымдастыру үшін қажет.      Мемлекетке орталықтандырылған  ақша қаражаттары дамушы мақсатты  салаларды қаржыландыруға, қоғам  деңгейінде әлеуметтік- мәдени шараларды  жүргізу үшін, қорғаныс саласының  мәселелерін шешу үшін және  мемлекетті басқару шығындарын  жабу үшін  қажет. Мемлекеттік  бюджет арқылы халық шаруашылығының  өндірістік және өндірістік емес  аясындағы, аймақтар мен салалар  арсындағы қаржылардың бөлістірілуі  жүзеге асады. Осыған сәйкес , мемлекеттік бюджет қоғамның  таза өнімінің  қозғалысын сипаттайтын  және осының негізінде мемлекеттің  орталықтандырылған қоры қалыптасып, пайдаланылады. шалай қаражатының бас орталықтандырылған қоры. Мемлекеттік бюджет – ұлттық кірісті қайта үлестірудің басты құралы. Бұл қаржы жүйесінің сатысы арқылы елдің ұлттық кірісінің 40%-ға дейінгі үлесі қайта үлестіріледі.

    Мемлекеттік бюджеттің негізгі кірістері салықтардан құралады, олар кірістің жалпы сомасының 70–90% астамын құрайды. Экономикасы дамыған елдерде негізгі салық түрлері – жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы, корпоратив- тік табыс салығы, акциздер, қосымша құн салығы, кеден баж төлемі – мемлекеттік бюджетке бекітілген.

    Мемлекеттік бюджеттен негізгі төмендегідей шығындар алынады:

  • әскери мақсаттарға, экономикаға араласуына, мемлекеттік аппаратты қамтамасыз ету, әлеуметтік шығындар.

   Мемлекеттік бюджет жергілікті басқару органдарына, арнайы үкімет қорларына, мемлекеттік кәсіпорындарға несиелер мен жәрдем ақша беру арқылы қаржылық жүйенің басқа сатыларына ықпал етеді.

   Қаржы жүйесінің II-сатысы– жергілікті (аймақтық) қаржылар. Олар жергілікті бюджет, муниципалитетке қарасты кәсіпорындардың қаржысы, автономиялық жергілікті қорлардан құралады.

   Қаржы жүйесінің III-сатысы – бюджеттен тыс арнайы қорлар: зейнетақы қорлары, әлеуметтік сақтандыру қорлары және т.б.

2.Қазақстан Республикасы бюджет жүйесiнiң принциптерi және негізгі бюджетті құру

 

   Қазақстан Республикасының бюджет жүйесi мынадай принциптерге негiзделедi:

  • бiрыңғайлық принципi - бюджет жүйесiн ұйымдастырудың және оның жұмыс iстеуiнiң бiрыңғай принциптерiн қолдану, Қазақстан Республикасында бiрыңғай бюджет сыныптамасын және бюджет процесiнiң бiрыңғай рәсiмдерiн пайдалану;
  • толымдылық принципi - бюджетте және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық түсiмдер мен шығыстардың көрсетiлуi, бюджет қаражаты бойынша талап құқықтарының басқаға берiлуi сияқты, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке жатқызуға жол бермеу;
  • реалистiк принципi - бекiтiлген (нақтыланған, түзетiлген) бюджет көрсеткiштерiнiң әлеуметтiк-экономикалық дамудың, мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарлары болжамдарының бекiтiлген (түзетiлген) параметрлерiне, бағыттарына сәйкес келуi;
  • транспаренттiлiк принципi - мемлекеттiк немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәлiметтердi, сондай-ақ қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдары үшiн бюджет процесiнiң мiндеттi ашықтығын қоспағанда, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi, бекiтiлген (нақтыланған, түзетiлген) бюджеттi және олардың атқарылуы туралы есептердi, стратегиялық жоспарлар мен олардың iске асырылуы туралы есептердi, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру туралы және пайдалану туралы ақпаратты мiндеттi түрде жариялау;
  • дәйектiлiк принципi - мемлекеттiк органдардың бюджеттiк қатынастар саласында бұрын қабылданған шешiмдердi сақтауы;
  • нәтижелiлiк принципi - мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларында көзделген тiкелей және түпкiлiктi нәтижелерге қол жеткiзуге бағдарланған бюджеттердi әзiрлеу және атқару;
  • бюджеттердiң дербестiк принципi - түрлi деңгейдегi бюджеттер арасында түсiмдердiң тұрақты бөлiнуiн белгiлеу және осы Кодекске сәйкес олардың жұмсалу бағыттарын айқындау, осы Кодекске сәйкес мемлекеттiк басқарудың барлық деңгейлерiнiң бюджет процесiн дербес жүзеге асыру құқығы, жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы барысында қосымша алынған кiрiстердi және жергiлiктi бюджеттер қаражатының қалдықтарын жоғары тұрған бюджетке алып қоюға жол берiлмеуi, төменгi бюджеттерге оларды тиiстi өтеусiз, қосымша шығыстар жүктеуге жол берiлмеуi;
  • сабақтастық принципi - өткен кезеңде бекiтiлген әлеуметтiк-экономикалық даму болжамдарына, базалық шығыстарға, бюджеттiк мониторинг қорытындыларына, нәтижелердi бағалауға негiзделген республикалық және жергiлiктi бюджеттердi жоспарлау;
  • негiздiлiк принципi - бюджет жобасына қандай да болсын түсiмдердi немесе шығыстарды енгiзу қажеттiгiн және олардың көлемдерiнiң негiздiлiгiн айқындайтын нормативтiк құқықтық актiлер және басқа да құжаттар негiзiнде бюджеттi жоспарлау;
  • уақтылылық принципi - республикалық және жергiлiктi бюджеттерге, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаның бақылау шотына түсiмдердi есептеу және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiндегi Үкiмет шотына аудару, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелер қабылдауы, төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес төлемдер жасау және тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген тәртiптi сақтай отырып, мерзiмiнде бюджет қаражатын алушылар шоттарына аудару;
  • кассаның бiрыңғайлық принципi - бюджетке барлық түсiмдердi бiрыңғай қазынашылық шотқа есептеу және бiрыңғай қазынашылық шоттан барлық көзделген шығыстарды ұлттық валютамен жүзеге асыру;
  • тиiмдiлiк принципi - бюджет қаражатының бекiтiлген көлемiн пайдаланып, ең үздiк тiкелей нәтижеге қол жеткiзу қажеттiлiгiн негiзге ала отырып, бюджеттердi әзiрлеу және атқару немесе бюджет қаражатының аз көлемiн пайдаланып, тiкелей нәтижеге қол жеткiзу;
  • жауапкершiлiк принципi - тiкелей және түпкiлiктi нәтижелерге қол жеткiзуге және бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мен мемлекеттiк мекемелер басшыларының және квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтiн шешiмдер қабылдағаны үшiн жауапкершiлiгiн қамтамасыз етуге бағытталған қажеттi әкiмшiлiк және басқару шешiмдерiнiң қабылдануы;
  • бюджет қаражатының атаулылық және нысаналы сипаты принципi - бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтай отырып, бюджет қаражатын мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларымен көзделген нәтижелер көрсеткiштерiне қол жеткiзуге бағыттауы және пайдалануы.

 Бюджет құрылымы мынадай бөлiмдерден тұрады:

1) кiрiстер:

  • салықтық түсiмдер;
  • салықтық емес түсiмдер;
  • негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер;
  • трансферттер түсiмi;

2) шығындар;

3) таза бюджеттiк  кредиттеу:

  • бюджеттiк кредиттер;
  • бюджеттiк кредиттердi өтеу;

4) қаржы активтерiмен  операциялар бойынша сальдо:

  • қаржы активтерiн сатып алу;
  • мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер;

5) бюджет  тапшылығы (профицитi);

6) бюджет  тапшылығын қаржыландыру (профицитiн  пайдалану):

  • қарыздар түсiмi;
  • қарыздарды өтеу;
  • бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары.

3.Бюджеттік құқық

 

    Бюджеттік құқық  мемлекеттің бюджет жүйесін, бюджетті  құру бойынша мемлекеттік және  жергілікті билік органдарының  міндеттерін сонымен қатар бюджеттің  бекітілуі мен атқарылу тәртібін   айқындайтын заңды нормалардың  жиынтығын береді. Бюджеттің құқықтық  негізі елдің конституцциясымен  анықталған.Көптеген мемлекеттер  бюджеттік құқық қатынасында  жергілікті билік органдарының  құқығын сақтауға бағытталады. 

Бюджеттік құқық экономикалық қатынастар мен заңды нормаларға негізделген барлық бюджеттердің жиынтығын  береді.

   ҚР бюджеттік жүйесінің  құрамына:

- республикалық бюджет 

- жергілікті бюджет: облыстық, қалалық, аудандық бюджеттер

    Бюджеттік құқық  – бұл бюджеттік құрылымды  ұйымдастыру кезеңінде пайда  болған, сонымен қатар орталандырылған  және жергілікті бюджеттерді  пайдалануды қалыптасуда, бөлу  және ұйымдастыруда пайда болған  қатынастарды реттейтін қаржылық  құқығының ерекше бөлігінің бөлімі.

    Бюджеттік құқықтың  әдістері:

·        Императивтік әдіс. Мемлекеттің ақшалық құралдарды бір жақты мәжбүрлік қайтару арқылы өндіріп алудағы бюджет қызметінде әдіс ең айқын көрінеді.

·        Диспозитивтік әдіс. Экономикалық табиғаты жағынан немиелік болып келетін бюджеттік қатынастардың құқықтың реттеулері үшін қолданылады (мемлекеттік қарыздандырулар қатынастары мен бюджеттік несиелеу қатынастар).

     Бюджеттік  құқықтың мөлшерлері материалдық  және ұйымдастырушылық болып   бөлінеді. Бюджеттік құқықтың жүйесі  екі бөліктен құралады: жалпы  және ерекше.

Жалпы бөлімге  келесі институттар кіргізіледі:

1)    бюджеттік құрылым;

2)    қаржы саласындағы  басқару;

3)    бюджеттік жоспарлаудың  құқықтық негіздері;

4)    бюджеттік бақылаудың  құқықтық негіздері.

Ерекше бөлімге  кіргізілетін институттар:

1)    бюджет табыстарының  құқықтық реттелуі;

2)    бюджет шығындарының  құқықтық реттелуі;

3)    мемлекеттік  несиенің құқықтық реттелуі.

Бюджеттік құқықтың жалпы  бөлігінің мөлшері негізінен  ұйымдастырушылық бюджетті қатынастарды, ал ерекше бөлігінің мөлшері материалдық  бюджетті қатынастарды реттейді.

   Бюджеттік құқықтық  қатынастар – бұл бюджетті  құқық мөлшерімен реттелген және  мемлекеттің бюджеттік қызметінің  барысында қалыптасқан қоғамдық  қатынастар.

Бюджеттік құқық қатынастарының субъектілері:

1.     Тұтасымен  алғанда мемлекет;

2.     ұлттық-аймақтық  және әкімшілік-аймақтық ұйымдастырулар (егер мемлекет, мемлекет федеративтік  болса, онда федерация субъектілерін  кіргізе отырып);

3.     Мемлекет  үкіметінің өкілдік және орындаушы  (атқару) органдары;

4.     Құқықтық  тұлғалар;

5.     Жеке тұлғалар.

6.Бюджеттің жіктелуі

 

      Көптеген  мемлекеттерде мемлекеттік бюджеттің  шығыс бөлігі ағымдық шығындар  бюджеті және даму бюджеті  болып бөлінеді. Бөлудің бұл түрі  бюджеттің жіктелуіне  байланысты. Бюджеттің жіктелуі- бұл біртекті  сипаты бойынша бюджет шығыстары  мен табыстарының жүйелі түрде  топтастырылуы. Бюджеттік жіктелу тиімді басқаруға қол жеткізу үшін шығындар мен кірістерді жан-жақты және орын-орнымен жүйелеуге мүмкіндік береді.

   Қазақстан Республикасының  Бірыңғай бюджеттiк сыныптамасы  (бұдан әрi - Бюджеттік сыныптама)  бюджет түсiмдерi мен шығыстарын  сыныптама объектілерiне топтамалық  кодтар бере отырып, функционалдық,  ведомстволық және экономикалық  сипаттамалар бойынша топтастыру  болып табылады.

Бюджеттік сыныптама  мыналарға бөлінеді:

  1. бюджет түсімдерінің сыныптамасы;
  2. бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы;
  3. бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы.

Бюджет түсiмдерi сыныптамасының топтамасы мыналардан тұрады:

  • түсiмдердiң экономикалық белгілерi бойынша топтамасын бiлдiретiн санаттар. Сыныптамалық коды 1 белгіден тұрады;
  • түсiмдердi олардың көздерi мен түрлерi бойынша топтайтын сыныптар. Сыныптамалық коды 2 белгіден тұрады;
  • түсiмдердi олардың көздерi мен түрлерi бойынша неғұрлым егжей-тегжейлi топтайтын iшкi сыныптар. Сыныптамалық коды 1 белгiден тұрады;
  • бюджетке түсетiн төлем немесе түсiм түрiн айқындайтын ерекшелiктер. Сыныптамалық коды 2 белгiден тұрады.

Информация о работе Бюджеттік бақылау