Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2011 в 13:05, реферат
Бұдан басқа Кеден одағы әрекеті шеңберінде арнайы қорғау, демпингті және компенсациялық қарсы шараларды есептемегенде, кедендік баждар мен экономикалық сипаттағы шектеулер қолданылмайды. Кеден одағы шеңберінде үшінші елмен тауар саудасын реттеудің бірыңғай кеден тарифі және басқа да бірыңғай шаралар қолданылады.
Беларусь Республикасы,
Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы
2007 жылы қазан айында Душанбе қаласында
Кеден одағы комиссиясы туралы шартта
қол қойылды.
Осы жоғары ұлттық орган
құрамына үш тараптардың өкілдері кіреді,
оның шешімі үш мемлекеттердің аумағында
орындалу үшін міндетті.
2009 жылдың 1 қаңтарынан
бастап Комиссия өзінің толық қызметін
бастады. Комиссия отырысы әр сайын өткізіледі.
Беларусь, Ресей және Қазақстан Кеден
одағы комиссиясы Кеден одағының институционалды
жүйесін, жаңа экономикалық кеңістік,
тауарлардың еркін айналымын қалыптастыру,
ұлттық өндірістегі тауарлармен өзара
саудадағы кедендік процедураларын жою
үшін құрылды.
Бұдан басқа Кеден одағы әрекеті шеңберінде арнайы қорғау, демпингті және компенсациялық қарсы шараларды есептемегенде, кедендік баждар мен экономикалық сипаттағы шектеулер қолданылмайды. Кеден одағы шеңберінде үшінші елмен тауар саудасын реттеудің бірыңғай кеден тарифі және басқа да бірыңғай шаралар қолданылады.
2009 жылдан бастап Кеден Одағы Комиссиясының 27 отырысы өтті
Кедендік одақты және жалпы экономикалық кеңістікті қалыптастыру – бұл үкіметтердің, әсіресе кедендік, салықтық, көліктік және оған қатысушылардың бас-қа да мекемелерінің өзара әрекеттесуі мен үйлесімділігін нығай-туын талап ететін, қиын, көп жоспарлы үдеріс болып табылады.
2009 жылы кеден органдарының күші Кеден одағының нормативтік-құқықтық қорын қалыптастыруға, кеден тәртібін оңайлатуға және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталды. Брюссельде 1999 жылғы 26 маусымда қабылданған Кедендік рәсімдерді оңайлату мен үйлестіру туралы халықаралық конвенцияға қосылды. Кеден одағының Кеден кодексі туралы шарт қабылданды. Кеден одағының Кеден кодексіне қатысушы мемлекеттердің заңнамасына 182 сілтемелік норма көзделген. Осыған байланысты, қолданыстағы ұлттық кедендік заңнаманы ретке келтіру талап еті-леді. Бұдан басқа, ұлттық кодексті қабылдау, салықпен реттеу, жеке кәсіпкерлік, көлік, ветеринария, денсаулық сақтау, қылмыстық және әкімшілік қудалау саласындағы заңнамаларды біркелкі қолдану қажеттілігіне байланысты еліміздің жаңа Кеден кодексін әзірлеу, онда ұлтаралық заңнамамен реттелмеген құқықтық қатынастарды реттеу қажет. Әкімшілік кедергілерді жою және Қазақстанның кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізуді оңайлату мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті бірқатар шараларды жүзеге асырды. Олардың бірқатарын атап өтер болсақ:
- кеден органдарында автомобиль өткізу пункттерінде бақылау функцияларын (көлік, фитосанитарлық, ветеринарлық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау) беруді көздейтін заң қабылданды. Сондай-ақ, бұл заңда кеден органы беретін құжаттардың санын 3-тен 1-ге дейін қысқарту көзделіп отыр;
- зияткерлік меншік нысанына құқықты қорғау кезінде, кеден органдарының өкілеттігін кеңейтуді және кедендік құнды анықтау кезінде қолданылатын ақпараттық анықтамаларды жоюды көздейтін заң қабылданды;
- арнайы жұмыс тобы Қазақстан Республикасының жаңа Кеден кодексінің және осы Кодексті күшіне енгізетін заңның жобаларын дайындауда.
Кеден одағының ортақ Кеден кодексін дайындауда кедендік шараларды ырғақтандыру және ықшамдау жөніндегі 1973 жылғы Киото конвенциясы басшылыққа алынды. Жаңа Кеден кодексі бойынша кедендік одаққа мүше елдердің ішкі шекараларында кедендік бақылау мен кедендік құжаттау жүргізілмейді, одаққа енген елдер аумағында бір реттік кедендік құжаттау рәсімделеді, сыртқы саудамен айналысатындардан ұсталатын алымдар барынша қысқартылады. Жаңа кодексте «кедендік одақтың кедендік аумағы» және «кедендік одақтың кедендік шекарасы» деген түсініктер енгізілген. Бұл жаңа түсінік кедендік одақтың мәнін айқындайды және құқықтық жүйе нормалары тек ортақ Кедендік кодекспен реттеледі. Онда сондай-ақ арнайы ықшамдалған шараларды жүргізетін өкілетті экономикалық оператор институты, декларанттардың мүддесіне сай қызмет ету құқығы берілген «кедендік өкіл» түсінігі енгізілген. Қазақстан осы құжатты әзірлеуге жауапты. Кедендік одақтың жаңа Кедендік кодексі әлі дайындалу үстінде. Оның қорытынды нұсқасы арнайы жұмыс тобының өзгертулері мен толықтырулары түгел ен-гізіліп, одаққа мүше елдер Парламенті ратификациялағаннан кейін күшіне енеді.
Кедендік одақ елдері үшін кедендік қызметте тек ортақ Кеден кодексі ғана емес, кеден қызметін реттейтін басқа да актілер қолданылады. Атап айтқанда, кедендік одақ елдері арасындағы халықаралық келісімдер, Кедендік одақ комиссиясының шешімдері осындай құжаттарға жатады. Мысалы, Минск қаласында Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы мемлекетаралық Кеңесінің (Кедендік одақтың жоғарғы органы) «Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасы кедендік одағының бірыңғай кедендік-тарифтік реттелуі туралы» 2009 жылғы 27 қарашада №18 шешімі қабылданды. Жалпы, тұтастай алғанда, кедендік одақтың заңнамалық базасының қалыптасу процесі мемлекеттердің экономикалық саясаттарының өзара келісуін талап етеді. Сондықтан, ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесі мемлекеттер басшылары деңгейінде өткен отырыста Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы шешім қабылданған болатын. Ол үшін нормативтік база алдағы 2010-2011 жылдар ішінде құрылуы тиіс. Бұл келісімдердің барлығы бірдей осы мерзімдерде күшіне енбейтіні түсінікті, жекелеген шешімдерді іске асыру кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын процестер.
Жоғарыда аталып өткен шаралардың барлығы Кедендік одақтың заңнамалық базасының қалыптасу процесінің көрінісі болып табылады.
ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Кеден одағы бірыңғай кеден аумағының жұмыс істеу режимін жекелеген уақытша алулар туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңы қабылданды.
Аталған хаттамаға Астанада 2010 жылғы 5 шілдеде қол қойылған болатын. Хаттама бірыңғай кеден аумағы режимінен уақытша алып тастауларды және ерекше шарттарды бекітуді қарастырады. Атап айтқанда, құжатта жеке тұлғалар жеке пайдалануға арналған жеңіл автокөліктерін әкелу кезінде уақытша жеңілдетілген кедендік баж ставкаларын қолдану көзделіп отыр. «Қазақстан мен Беларусь республикалары 2011 жылғы 1 шілдеге дейін жеке тұлғалар әкелетін жеңіл автокөліктерге қатысты уақытша жеңілдетілген кедендік баж ставкаларын қолданып отыр. Сондай-ақ қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары, әртүрлі сауда режимдері қолданылатын атуарлар импортына кедендік декларациялауды қолдану да көзделген. Бұдан бөлек, бірыңғай тарифтік ставкалар бойынша келіссөздер шеңберінде Қазақстан сезімтал тауарлар бойынша бірыңғай кедендік тарифке 409 тауар позициясы бойынша өтпелі кезең алу туралы келісімге келген болатын», - деді заң жобасы бойынша баяндаған Экономикалық даму және сауда вице-министрі Марат Құсайынов.
Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.
Кедендік одақ дегеніміз
— екі немесе бірнеше аймақтардың бір
кедендік аймақпен алмастырылуы. Нәтижесінде
одақ аймағы арасындағы саудада баждар
және сауданы реттейтін басқа да шектеу
шаралары қолданылмайды немесе кем дегенде
осы аймақтан шығатын тауарлар саудасына
қатысты қолданылмайды; баждар және сауданы
реттейтін басқа да шектеу шаралары одақ
құрамына кірмейтін аймақтармен сауда-саттыққа
қатысты әрбір одақ мүшесі тарапынан қолданылады.
Басқаша айтқанда, Кедендік
одақ үшінші елдерге қатысты бірыңғай
кедендік тариф (бірыңғай сыртқы сауда
саясаты) қолдану және еркін сауда аймағының
қисындасуы болып табылады.
Кедендік одақ мысалы
болып Еуропалық Одақтың Түркиямен Ассоциациясы,
МЕРКОСУР, Шығыс Африка Қауымдастығы табылады.
Елдер арасындағы өзара сауда ғана емес, жұмыс күші мен капитал айналымы жолдарындағы кедергілердің жойылуымен Кедендік одақ толықтырылған жағдайда бірыңғай экономикалық кеңістік пайда болады.
Кедендік одақтың қалыптасуына
байланысты Қазақстан үшін мемлекеттермен
неғұрлым тығыз қарым-қатынас орнату арқылы
әлемдік экономикалық дағдарыстан шығу
жолдарын іздеу, өзара инвестициялар тарту
үшін қолайлы жағдайлар құру, мемлекеттердің
экономикалық әлеуетін ескере отырып,
біріккен өндіріс орындарын ашу, жалпы
ішкі өнім 1,6 млрд. АҚШ долларын құрайтын
ортақ деңгеймен Қазақстанда 15,9 млн. адамнан
Кедендік одақта 167,2 млн. адамға дейін
ішкі нарықты кеңейту, ішкі нарықтың кеңеюі
нәтижесінде Кедендік одақтың бірыңғай
кедендік аймағында, соның ішінде Қазақстанда
жаңа өндіріс орындарының, бірін-бірі
толықтырушы кәсіпорындар кооперацияларының
дамуы және сатылас біріккен корпорациялар
құру үшін қызығушылықтардың пайда болуы,
өнімдерге қойылатын қазіргі уақыттағы
әрекет етуші стандарттар мен талаптардың
бір ізге салынуына байланысты отандық
тауарларды өткізу нарығының кеңейтілуіне
және инвестциялық тартымдылығын арттыруға
негіз болатын Кедендік одақ елдері, соның
ішінде Ресей Федерациясы нарықтарына
қазақстандық тауарлардың шығуын жеңілдету
және кеңейту сияқты негізгі мүмкіндіктер
туып отыр.
Кедендік одақ комиссиясы
кедендік одақтың реттеуші органы болып
табылады. Оның құрамына: Қазақстан Республикасының
атынан – ҚР бірінші вице-премьері Ө. Шөкеев,
Ресей Федерациясының атынан – РФ Төрағасының
бірінші орынбасары И. Шувалов, Беларусь
Республикасының атынан – БР Үкіметі
Төрағасының орынбасары А.В. Кобяков –
үш мемлекеттің Үкімет басшыларының орынбасарлары
кіреді.
Кедендік одақ комиссиясының шешімі Қазақстан – 21,5, Беларусь – 21,5, Ресей – 57 дауысқа ие көпшілік дауыспен, яғни дауыстың үштен екісімен қабылданатын болады. Егер жақтардың бірі Кедендік одақ комиссиясының қабылдаған шешімімен келіспеген немесе қажетті дауыс саны жиналмаған жағдайда, мәселе консенсус шешімін қабылдайтын мемлекет басшылары деңгейіндегі Кедендік одақтың жоғарғы органына қарауға беріледі.
Жеңілдік Кедендік одаққа мүше елде өндірілмеген шикізатқа немесе Кедендік одаққа мүше елде өндірілген, бірақ жүзеге асырылатын инвестициялық жобаның техникалық сипаттамасына сәйкес келмейтін шикізатқа қатысты қолданылады.