Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2013 в 12:37, курсовая работа
Бюджет – белгілі бір мерзім аралығына, әдетте бір жылға белгіленетін белгілі бір тұлғаның (отбасының, бизнестің, ұйымның, мемлекеттің және т.б.) кіріс пен шығыс жүйесі. Бюджет – шағын экономикамен қатар ірі экономикадағы (мемлекеттік бюджет) маңызды тұжырымдама. Бюджетті қаржы ғылымы зерттейді.
Кіріспе
Мемлекеттік қаржылық-бюджетке түсінік
ҚР-ның бюджет жүйесін құру принциптері және негізгі бюджетті құру
Бюджеттік құқық
Ресейдің мемлекеттік билік органдарының бюджеттік құқықтары
Өзін-өзі басқару органдарының бюджеттік құқықтары
Бюджеттің жіктелуі
Бюджеттік жіктелуді құрудың жалпы принциптері
Бюджеттік жіктелудің схемасы
Бюджеттің кіріс және шығыс болып жіктелуі
Бюджеттік тапшылықты қаржыландыру көздерінің жіктелуі
Бюджеттік кірістің құрылымы
Мемлекеттік бюджеттің кірісі
ҚР-ның субьектілерінің бюджеттік кірісі
Жергілікті бюджет кірісі
Бюджеттік шығысты жоспарлау және қаржыландыру
Өндірістік емес сферада шығысты қаржыландыру жүйесі
Мәдениетке және білім беруге кеткен шығындар
Дефицит. Профицит.
Бюджеттік жүйе бюджеттің құрылуы
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қосымша мәліметтер
Елбасының тікелей
қамқорлығының арқасында
Бюджет
тапшылығы (профицитi) кiрiстер мен
шығындар, таза бюджеттiк кредиттеу
және қаржы активтерiмен
Терiс белгiсiмен алынған шама - бюджет тапшылығы, оң белгiмен алынғаны - бюджет профицитi болып табылады.
Тапшылық – шығыстардың табыстардан артуы. Тапшылықтың мүмкін деңгейі мемлекеттің ішкі өнімінің 2-3 пайзынан аспауы тиіс. Мұндай жағдайларда тапшылық мемлкеттік займдар мен қағаз ақшаларды эмиссиялау арқылы оңай жабылады. Бюджет тапшылығы экономиканың жағдайына әсер етеді, ал оның қалыптасуының себептеріне келесілер жатады:
Бюджет тапшылығын жабудың келесідей әдістері бар:
2012 жылға арналған Республикалық бюджет кірістерінің нақтыланған болжамы бекітілген бюджетпен салыстырғанда (4751 миллиард тенге) 485,9 миллиард тенгеге ұлғайып, 5236,9 миллиард теңге сомасын құрады.
2012 жылға Республикалық бюджеттің шығыстарының нақтыланған болжамы бекітілген бюджетпен салыстырғанда (5509,5 миллиард тенге) 507,2 миллиард тенгеге ұлғайып, 6016,8 миллиард теңге сомасын құрады.
Бюджет қаржысының қалдықтары есебінен бюджет дефициті нақтыланған бюджетпен салыстырғанда 21,3 миллиард тенгеге ұлғайып, 779,8 миллиард тенгені құрады.
Ал 2012 жылы Ұлттық қордан берілетін кепілдендірілген трансферт мөлшері 180 миллиард тенгеге ұлғаятын болды.
Дефолт қауіпі төніп тұр. Еуропадағы экономикасы ең дамыған екі ел — Франция мен Германия басшылары қарыз дағдарысын шешу үшін Еуроодақ жаңа келісім жасауы тиіс деп санайды.
Парижде өткен кездесуден кейін Франция президенті Николя Саркози мен Германия канцлері Ангела Меркель бюджет дефицитін асырған елдерге санкциялар қолдануды ұсынды. Еуроодақтағы ережелер бойынша, бюджет дефициті елдің жалпы ішкі өнімінің 3 пайызынан аспауы тиіс. Алайда бұл талаптың орындалмағаны үшін ешбір санкция қарастырылмаған. Нәтижесінде соңғы жылдары еуропалық елдердің көбінде бюджет дефициті 5 пайыз, тіпті 10 пайыздан да асып жүрген. Осының кесірінен қарыз дағдарысы туындап, бірнеше елге дефолт қауіпі төніп тұр. Сарапшылардың пікірінше, егер жақын арада қарыздар мәселесі шешілмесе, еуроаймақ ыдырап кетуі ықтимал. Еуроаймақтың арқа сүйер екі елі жаңа келісімді 2012 жылдың наурыз айына дейін қабылдауға шақырған.
Бюджет жүйесі - экономикалық қатынастар мен заңды нормаларға негізделген бюджеттердің барлық түрлерінің жиынтығы Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінде бюджет жүйесі Қазақстан Республикасының Ұлтық қорын кіріктірумен түсіндіріледі.
Бюджет құрылысы - бұл бюджет жүйесін құрудың кағидаттары, оның буындарының өзара байланысының ұйымдық нысандары. Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін. Федеративтік мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады: мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе мемлекеттің орталық бюджеті; федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ-та штаттардың, ГФР-да жерлердің (ландтардың), Канадада - провинциялардың, Ресейде - федерация субъектілерінің бюджеттері); жергілікті бюджеттер. Унитарлың (біркелкі) мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады: орталық (республикалық) бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер. Екі жағдайда да бюджеттердін оқшаулануы мен дербестігінің түрлі дэрежесі болуы мүмкін, бірақ, әдеттегідей, әлеуметтік-экономикалық үдерістерді басқаруды орталықтандыру деңгейіне байланысты төменгі бюджеттерге қатынасы жөнінен белгілі бір реттеуші рөл орталық бюджетте сакталады. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрылымының унитарлық типімен анықталады, өйткені Қазақстан - федералдық емес, басқарудың Президенттік-парламенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет.
Қазақстан Республикасында мынадай деңгейдегі бюджеттер: республикалық бюджет; облыстық бюджет; республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті; ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті бекітіледі, атқарылады және дербес болып табылады.
Мемлекеттік (республикалық) және жергілікті (муниципалдық) бюджеттер кез келген басқа мемлекеттер дегідей Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің орталық буыны болып табылады.
1991 жылдан бастап Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі түбірлі өзгерістерге ұшырады. Бұған дейін Қазақстанның мемлекетік бюджеті, басқа одактас республикалардың мемлекеттік бюджеттері сиякты, КСРО-нын мемлекеттік бюджетіне кірді, онда ел аумағының барлық бюджеттері, соның ішінде ауылдық және поселкелік бюджеттер де камтылып көрсетілді. Ол одактық бюджеттен, 15 одақтас республиканың мемлекеттік бюджеттерінен және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бюджетінен тұрды. Одактық бюджетке 1970-1990 жж. мемлекеттік бюджет ресурстарының жалпы ауқымының 52-50% тиді, оның 35% республикалардың республикалық бюджеттерінің және 15% жергілікті бюджеттердің қарамағында болды. 1991 жылдың 17 желтоксанында Қазақстанның бюджет құрылысын анықтаған «Бюджет жүйесі туралы» бірінші заңға қол койылды. Оның негізгі идеясы бюджет жүйесінің бөліктеріне республикалық және жергілікті бюджеттер дербестігін беру еді. Әр түрлі денгейлер бюджеттерінің бірлік кагидаты әлі заңмен белгіленбеген болатын.
Рыноктық экономикаға көшумен байланысты экономикалық және саяси сфералардағы өзгерістер, 1995 жылғы 30 тамызда жаңа Конституцияны кабылдау, 1995 жылы жаңа салық заннамасын енгізу, сонымен бірге Қазынашылық орғандарын құру 1996 жылғы 24 желтоксанда «Бюджет жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы заңын дайындауға себегі болды. Заңца бюджет жүйесінің кағидаттары ескергілді, бюджетті жасаудың, қараудың, бекітудің, атқарудың және атқарылуын бақылаудың тәртібі регламенттелінді. Субвенциялар, субсидиялар, ресми трансферттер, мемлекеттік кепілдер, қарыздар, қарыз алу және борыш, үкіметтін және жергілікті атқарушы орғандардын резервтері сиякты жаңа үғымдар енгізілді. Мемлекеттік бюджеттің кірістері жалпы мемлекеттік салықтар, алымдар, төлемдер және жергілікті салықтар мен алымдар болып бөлінді. 1998 жылдан бастап Ұлттық банктен тура қарыз алу токтатылды.
1997 жылы кірістер мен шығыстардың жаңа бюджеттік сыныптамасы енгізілді, ол бюджеттің шығыстарын багдарламалардың орындалуымен өзара үйлесуіне жағдай жасады.
1999 жылдың сәуірінде «Бюджет жүйесі туралы» үшінші зан кабылданды. Жергілікті бюджеттердің теңгерімділігін қамтамасыз ету мақсатында барлық өңірлер үшін кірістерді бірыңғай бөлу енгізілді және бюджеттік алынымдар мен субвенциялардың механизмі белгіленді. Түсімдердің түрлері бойынша респүбликалық және жергілікті бюджеттердің арасында кіріс бөлігін бөлу жүргізілді;тиісінше республикалықбюджеттен жәнежергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттің функциялары шектелінді. Республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттер арасында ресми трансферттердің ұзак мерзімді мөлшерлері негізінде жергілікті бюджеттердің теңгерімділігі жүтеге асырылатыны анықталды. Мемлекеттік бюджетте мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар шоғырландырылды.
2002 жылы Стратегиялық жоспарлау агенттігін, Экономика және сауда министрлігін, Мемлекеттік кірістер министрлігін, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігін Қаржы министрлігін қайта ұйымдастыру бюджеттік үдерісті реформапауда маңызды кадам болды. Соньшбн бірге бюджетті жоспарлау мен оның атқарылу функциялары бөлінді, ал стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау шоғырландырылды.
Бұл әдіске сәйкес мұнайлық кірістерден түсетін түсімдер түгелдей Ұлттық қорға бағытталатын болды. Ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға жұмсалатын шығыстар экономиканың мұнайлық емес бөлігінен республикалық бюджетке аударылатын аударымдар есебінен қаржыландырылады, ал дамудың бюджеттік бағдарламапарына жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру Ұлттық қордан алынатын кепілденілген трансферттер есебінен жүзеге асырылады, бұл ретте бюджеттің шығыс бөлігінің белгілі бір үлесі, соның ішінде белгіленген шектеулер шеңберіндегі қарыз алу (ішкі және сыртқы) есебінен жабылуы мүмкін.
2009 жылы қолданысқа енгізілген Бюджеттік кодекстің жаңа нұскасы бюджет жүйесін жаңғыртуга мүмкіндік берді.Оның негізінде бюджетті күдерістегі стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың рөлі, нәтижеге бағдарланған бюджетті жоспарлауға көшуге сәйкес бюджеттік бағдарламаларды қалыптастыру, қызмет нәтижелеріне кол жеткізу үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жауапкершілігін арттыру, нәтижелерді бағалау, мемлекеттік қаржылық бақылауды жандандыру сиякты шешуші салаларды камтитын үш жылдық бюджет жасалынды.
Қазақстан Республикасының экономикасы басынан кешіріп отырған нарықтық қатынастарға көшу кезеңі оның бюджетінің мазмұнына, кірістері мен шығыстарына айтарлықтай ықпал етіп отыр. Бюджеттің, әсіресе оның шығыстарының абсолютті және қатысты тез өсуі оған тән сипат болып отыр. Бұл инфляциялық процесстерден және егеменді мемлекет функцияларының кеңеюінен, Қазақстанның ішкі және сыртқы қауіпсіздігін өзі қамтамасыз ету қажеттігінен туып отыр.
Мемлекеттің кірістері – бюджетке қайтарылмайтын негізде салықтардан, алымдардан және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден алынатын түсімдердің, салыққа жатпайтын және өзге де түсімдердің, сондай-ақ негізгі капиталды сатудан түсетін кірістердің көлемі болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда бюджеттің кірістері – салық және басқа да міндетті төлемдер, ресми трансферттер, мемлекеттік өтеусіз негізде берілетін, қайтарылатын сипатта болмайтын және мемлекеттің қаржы активтерін сатуға байланысты емес, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес бюджетке есептелуге тиісті ақша. Немесе қысқа сөзбен айтқанда бюджеттің кірістері – түсімдер, бюджет кредиттерін өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, сондай-ақ мемлекеттік қарыздар деуге болады.
Негізінен мемлекеттік кірістерді салықтық түсімдер, салықтық емес түсімдер және ресми трансферттер құрайды. Салықтық түсімдер – Қазақстан Республикасының Салық Кодексінде белгіленген салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер. Салықтық емес түсімдер – Қазақстан Республикасының Салық Кодексінде белгіленген, негізгі капиталды, гранттарды сатудан түсетін түсімдерге жатпайтын- дардан басқа, Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде белгіленеген бюджетке төленетін міндетті, қайтарылмайтын төлемдер, сондай-ақ ресми трансферттерден басқа, бюджетке өтеусіз негізде берілетін ақша. Ал трансферттерге келетін болсақ, онда біз мынандай анықтама бере аламыз: бюджетке және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, сондай-ақ бюджеттен, соның ішінде жеке және заңи тұлғаларға Қазақстан Республикасының қорынан бюджетке төленетін өтеусіз және қайтарылмайтын төлемдер.
Белсенді қаржы саясатын жүргізе отырып, өндірісті көтермелеу үшін мемлекет бюджеттің кірістері мен шығыстарын пайдалана алады. Бюджеттің кірістері бюджеттің ынталандырмаларына айналуы үшін төлемнің әрбір түрі тек фискалдық функцияны ғана емес, сонымен бірге ынталандырушы функцияны да орындауы қажет.
Бюджет қаржысы бөлінді. 2012 жылдың 7 ақпанында Ақтөбе қалалық мәслихатының кезектен тыс екінші сессиясының отырысы өтті. Сессияда «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Халима Ізбастенова 2012-2014 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджетіне енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды баяндады.
Биылғы жылдың қаңтарындағы бюджет қаражатының қалдығы —146 миллион 139 мың теңге. Бұған қоса өткен жылы пайдаланылмаған республикалық бюджеттен бөлінген 5 миллион 827,2 мың теңге мен облыстық бюджеттен бөлінген 7,2 мың теңге аталған бюджеттің есебіне кері қайтарылмақ. Сондай-ақ мекеме бастығының айтуынша, жыл басындағы бюджет қалдықтары бірқатар мемлекеттік мекемелерге бөлініп отыр. Мәселен, «Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек» бағдарламасы бойынша 35 миллион 834,7 мың теңге, «Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, яғни «Тазалық» мемлекеттік кәсіпорнына техника сатып алу үшін 22,0 миллион теңге, «Ақтөбе қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 38 миллион 155 мың теңге бөлінді.