Бюджеттік бақылау

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2013 в 12:37, курсовая работа

Краткое описание

Бюджет – белгілі бір мерзім аралығына, әдетте бір жылға белгіленетін белгілі бір тұлғаның (отбасының, бизнестің, ұйымның, мемлекеттің және т.б.) кіріс пен шығыс жүйесі. Бюджет – шағын экономикамен қатар ірі экономикадағы (мемлекеттік бюджет) маңызды тұжырымдама. Бюджетті қаржы ғылымы зерттейді.

Оглавление

Кіріспе
Мемлекеттік қаржылық-бюджетке түсінік
ҚР-ның бюджет жүйесін құру принциптері және негізгі бюджетті құру
Бюджеттік құқық
Ресейдің мемлекеттік билік органдарының бюджеттік құқықтары
Өзін-өзі басқару органдарының бюджеттік құқықтары
Бюджеттің жіктелуі
Бюджеттік жіктелуді құрудың жалпы принциптері
Бюджеттік жіктелудің схемасы
Бюджеттің кіріс және шығыс болып жіктелуі
Бюджеттік тапшылықты қаржыландыру көздерінің жіктелуі
Бюджеттік кірістің құрылымы
Мемлекеттік бюджеттің кірісі
ҚР-ның субьектілерінің бюджеттік кірісі
Жергілікті бюджет кірісі
Бюджеттік шығысты жоспарлау және қаржыландыру
Өндірістік емес сферада шығысты қаржыландыру жүйесі
Мәдениетке және білім беруге кеткен шығындар
Дефицит. Профицит.
Бюджеттік жүйе бюджеттің құрылуы
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қосымша мәліметтер

Файлы: 1 файл

Бюджеттик бакылау.docx

— 74.85 Кб (Скачать)

    Сондай-ақ қала бюджетіне облыстық бюджеттен 653 миллион 627 мың теңге қарастырылған. Оның ішінде «Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 392 миллион 127 мың теңге бөлінген. Қаржының 62 миллион 261 мың теңгесі елді мекендердің тазалау жұмыстарына, ал 51 миллион 806 мың теңгесі автомобиль жолдарын жаңалауға жұмсалмақ. Елді мекендерді абаттандыруға 278 миллион 105 мың теңге бөлініп отыр. «Ақтөбе қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне балабақшаларды сатып алуға 203,0 миллион теңге қарастырылды. Ал «Ақтөбе қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің инфрақұрылымды жобалау және дамыту бағдарламасына қосымша 58 миллион 500 мың теңге бөлінген. Сондай-ақ Халима Ізбастенова кейбір мекемелерге республикалық, облыстық бюджеттен бөлінген трансферттердің азайтылғанын айтты. Жиналған депутаттар толықтырулар мен өзгертулерді бір ауыздан мақұлдады.

      Сонымен қатар депутаттар «Ақтөбе қаласы бойынша салық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы Болат Тәңірбергеновтің «Қызметі эпизодикалық сипаттағы жеке тұлғаларды қосқанда Ақтөбе қаласының базарларында тауарлар сататындар үшін біржолғы талондар бағасын белгілеу туралы» шешіміне енгізілген өзгерістерге қатысты баяндамасы мен «Ақтөбе қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Ералы Нұрғалиевтың «Мемлекеттік рәміздер жөніндегі қалалық комиссияның дербес құрамы туралы» шешімін мақұлдады. Жиын соңында депутаттар кезекті сессиясының төрағасы қылып №1 сайлау округінің депутаты Талғат Хамитовты сайлады.


 

    Ақтөбе облысында қоршаған ортаны ластау үшін түсімдер төмендеді.  Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың айтуынша, аймақ түсімдері елдің республикалық және ұлттық қорын елеулі көлемдерде құрайды. Осылайша, өткен жылы кірістер бойынша шоғырландырылған бюджет 560,6 миллиард теңгеге орындалды, соның 362,4 миллиарды ұлттық қорға, 198,2 миллиарды - республикалық қорға түсті. 2010 жылмен салыстырғанда шоғырландырылған бюджетке түсімдердің өсу қарқыны 38,7 пайызды, соның ішінде республикалық бюджетке - 32,3 пайызды құрады.

  Сонымен қатар аймақ  басшысы жергілікті бюджет түсімдерінің  жоғары емес екендігін атап  өтті: облыс табыстары бойынша  болжам 101,9 пайызға орындалды, яғни  болжамнан жоғары тек 1,5 миллиард  теңге келіп түсті. Соның салдарынан  өткен жылы қаржылық қормен  қамтамасыз етілмеген жергілікті  бюджеттің шығындары 1,1 миллиард  теңгеге қысқартылды.

  Облыс әкімі еңбек  төлемдерінің қорымен, мүліктік  салық, жер, көлік салықтарымен  байланысты түсімдердің бәсеңдеуін  атап өтті. Бұл көбінесе көлеңкелі  экономикамен күрес жүргізу бойынша  тіркеу және бақылау жұмысымен  қамтамасыз ететін мемлекеттік  органдардың жүйелік жұмысының  болмауымен байланысты.

  Облыс әкімінің орынбасары  Роза Кемалованың айтуынша, соңғы  3 жылда салықтық түсімдердің  өсуінің қарқыны жыл сайын  шамамен 6 пайызды құрайды. Ағымдағы  жылы жергілікті бюджетке салықтық  және салықтық емес төлемдердің  түсуі бойынша болжам 54,6 миллиард  теңгені құрайды. Жалпы көлемдегі  негізгі меншікті салмақты шамамен  45 пайызды құрайтын еңбек қатынастарымен  байланысты салықтар алады. Р.Кемалова  қоршаған ортаны ластау үшін  экологиялық төлемдердің елеулі  түрде төмендегенін атап өтті - 2010 жылы ол 13,3 миллиард теңге  болса, ағымдағы жылы күтіліп  отырған 7 миллиардқа дейін төмендеген. Негізінен, бұл жер қойнауын  пайдаланушылардың газды пайдалану  бағдарламасын орындау бойынша  өткізіп жатқан жұмысының қорытындысы  болып табылады.


 

    Мемлекет басшысы  бюджет қаражатын алушылардың  жауапкершілігі мен бюджеттік  қаражаттың шығыстарына бақылауды  күшейтуге бағытталған заңға  қол қойды. Елбасы бюджет қаражатын  алушылардың жауапкершілігі мен  бюджеттік қаражаттың шығыстарына  бақылауды күшейтуге, сондай-ақ  мемлекеттік қаржылық бақылау  органдарының жұмысының тиімділігін  арттыруға бағытталған «Қазақстан  Республикасының кейбір заңнамалық  актілеріне бюджет процесіне  қатысушылардың, бюджет қаражатын  алушылардың жауапкершілігін күшейту  және бюджеттік рәсімдердің тиімділігін  арттыру бойынша өзгерістер мен  толықтырулар енгізу туралы»  Заңға қол қойды.

«Былтырғы жылдың өзінде ғана мемлекет тарапынан әлеуметтік салаларға 70 миллиард теңге бөлінді. Осының арқасында  елордада 17 балабақша, 2 мектеп салынды. Көпфункциялы 500 орындық аурухана, Кардиоорталық  секілді бірқатар әлеуметтік маңызды  нысандар іске қосылды. Қалалық әкімдік  пен әкімнің өзі менің тапсырмаларымды  орындау үшін осындай әлеуметтік нысандардың құрылысын ұдайы  қадағалауда ұстады», - деді Н. Назарбаев.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының айтуынша, былтырғы жылы Астана қаласының  жалпы бюджеті 353 млрд. теңгені құрады. «Жан басына шаққандағы деңгейімен  есептесек, бұны Прага қаласының  бюджетімен салыстыруға болады. Ал бюджет ауқымы бойынша Астана Киевтен 1,5 есе, Миниск қаласынан 2,5 есеге артық. Қаламызға бар болғаны 12 жыл болғанымен, бұл біздің еңбегіміздің нәтижесін білдіреді», - деді Президент.


  

    Бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті республикалық бюджеттiң атқарылуына сыртқы бақылауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк қаржы бақылауының жоғары органы болып табылады.

Есеп комитетiнiң негiзгi мiндеттерi:

  • Республикалық бюджеттiң атқарылу мәселелерiн реттейтiн бюджеттiк заңнама және өзге де нормативтiк құқықтық актiлер талаптарының сақталуын бақылау;
  • Қазақстан Республикасы Президентiнiң республикалық бюджеттiң атқарылуына байланысты мәселелер бойынша тапсырмаларын орындау;
  • Республикалық бюджетке түсетiн түсімдердің толықтығы мен уақтылылығын, сондай-ақ республикалық бюджеттен түсетiн түсiмдер сомаларының қайтарылуын бақылау;
  • Республикалық бюджет қаражатының, сондай-ақ мемлекет кепілдiк берген займдардың, мемлекет мiндеттемелерiн өтеуге республикалық бюджеттен берiлген қаражаттың, байланысқан гранттардың, мемлекет активтерiнiң нысаналы әрі тиiмдi пайдаланылуына бақылау болып табылады.

   Есеп комитетiнiң  құрылымын Есеп комитетiнiң Төрағасы, Есеп комитетiнiң мүшелерi мен аппараты құрайды. Есеп комитетінің төрағасы  Өксібаев Омархан Нұртайұлы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Бюджеттік бақылау