Нақты тексеру – бақылау әдісі

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2013 в 18:04, доклад

Краткое описание

Нақты бақылау бухгалтерлік есепте және аудит барысында ерекше орын алатын бақылау – тексеру әдісі. Оның негізгі мақсаты кәсіпорын мүлкінің нақты есебін алып түгелдеу.Бухгалтерлік есептің күдіксіз дұрыс екенін, аналитикалық және синтетикалық есеп көрсеткіштерінің дұрыс екенін тек қана нақты тексеру арқылы сенімді түрде анықтауға болады. Ол өз кезегінде шаруашылық субъектілерінің қорытынды ақпарат көрсеткіштерін нақты тексеруге негіз болады. Нақты тексеру методологиясы сенімді, күдіксіз әдіс, сол осы арқылы ғана ар шындықты анықтауға болады.

Файлы: 1 файл

audit adisteri.docx

— 14.22 Кб (Скачать)

Нақты тексеру – бақылау  әдісі

Нақты бақылау бухгалтерлік есепте және аудит барысында ерекше орын алатын бақылау – тексеру  әдісі. Оның негізгі мақсаты кәсіпорын  мүлкінің нақты есебін алып түгелдеу.Бухгалтерлік есептің күдіксіз дұрыс екенін, аналитикалық және синтетикалық есеп көрсеткіштерінің дұрыс екенін тек қана нақты тексеру  арқылы сенімді түрде анықтауға  болады. Ол өз кезегінде шаруашылық субъектілерінің қорытынды ақпарат  көрсеткіштерін нақты тексеруге негіз болады. Нақты тексеру методологиясы сенімді, күдіксіз әдіс, сол осы арқылы ғана ар шындықты анықтауға болады. Өз кезегінде нақты тексеру үш түрге бөлінеді: түгелдеу, сараптап анықтау, бақылау арқылы анықтау.

Түгелдеу –  инвентиризация. Бухгалтерлік есепте және аудитте түгелдеу әдісі ол, кәсіпорын мүлкінің, негізгі құралдың, тауардың, материалдың, ақша қаржысының, құнды қағазының есеп айырысу әреттерінің нақты бір кезенде түгелдеу барысында бухгалтерлік есеп көрсеткішіне сайма-сай дұрыс екендігін анықтайды. Түгелдеу процесінің қорытындысы, бухгалтерлік есеп көрсеткіші мен нақты тексеру құжаты «Инвентарлық тізімде» анықталған сомамен салыстыру арқылы анықталады. Яғни, бухгалтерлік есеп көрсеткіші тізімі қорытындысынан артық болса, оның айырмасы жетпегенсоманы көрсетеді. Қандай көрсеткіш (t1-) анықталған жағдайда да аудит барысында оның есебін анықтау, оған анықтама жасау, түсініктеме беру аудитордың міндеті.

Аудит барысында түгелдеу процесіне тікелей бақылау жасалынады. Себебі, көп жағдайда есеп процесіндегі кемшілік немесе қиянатшылық осы  түгелдеу процесінде анықталады, екіншіден  барлық бухгалтерлік есеп көрсеткіштерінің дұрытығы көп жағдайда осы түгелдеу қорытындысымен тікелей байланысты болады. Осы орайда, ерекше орын алатын есеп процесі ол қоймадағы тауардың, материалдың аналитикалық есебі. Оны  жүргізу әдісі қазіргі кезде  есептеу машинасы арқылы немесе компьютер  қолдану арқылы, ал көп жағдайда қолмен есеп карточкалары арқылы жүргізіледі. Аудит барысында аналитикалық ееп жұмысын тексеру өте күрдлі процесс. Ол жұмыста қате жіберілсе немесе әдейі өзгерістер енгізілсе оның кәсіпорын шаруашылығына тигізетін әсері өте күрделі. Соның салдарынан өндіріс процесінде толқушылық, өндіріс өнімнің сату қуатының өзгеруіне жалпы шаруашылық қаржылық – табыстылық жағдайына әсерін тигізеді. Мысалы, өндіріске қажетті материалдың сапалылығы өзгертілсе оның бағасы да өзгереді. Ал, ол өзгерістер материалдарды кіріс-шығыс жасауда құжатқа ір бағамен, басқа сапамен тіркейді де аналитикалық  есепте басқа бағамен басқа сапамен  есепке алынады. Соның әерінен бухгалтерлік есеп көрсеткіші мен аналитикалық есеп көрсеткіштерінің араында көптеген айырмашылықтар болады да ол бұзақылық немесе заң бұзушылық, қылмыс жасаушылардың еншісіне немесе пайдасында қалады. Яғни, соның нәтижесінде шаруашылықтағы субъектілер, оның сыбайластары көп зиян шегеді.

Кәсіпорын экономикасында материалдарды, тауарды тугелдеу сияқты негізгі  құралдарды түгелдеу де жүргізіледі. Оның тек негізгі құралдық бухгалтерлік есебіндегі ерекшеліктеріне сәйкес өзіндік айырмашылығы болады. Мысалы, түгелдеу тізімі негізгі құралдың аналитикалық есеп карточкалары арқылы толтырылады. Сол сияқты ақша қаржысы мен құнды  қағазды түгендеу процесі де өзінің бухгалтерлік есеп, ереже-нұсқау талаптарына  сәйкес жүргізіледі.

Шаруашылық субъектілерінің  есеп-айырысу әрекетіне тугелдеу жүргізу өте күрделі, оның тауарлары  аудит жұмысы үшін өте қажет. Егер де жабдықтаушыға алған тауары үшін төлем жасалмаса немесе сатып  алушылар алған тауарына төлем жасамаса ол кәсіпорынның қаржылық, табыстылық жағдайы туралы жұмысын тексеру  мүмкін емес.

Қорыта келгенде аудитор  түгелдеу жұмысы туралы өзінің қорытындысын жасайды. Ал, кездейсоқ, өрескел жағдайлар анықталса тапсырушыға арнайы әр фактілер туралы жеке-жеке анықтама жасап тапсырылады, ол бірақ аудиттің құпиялық принципін сақтау тіртібімен жүргізіледі.

Сараптап анықтау. Нақты тексеру барысында  сараптап анықтау әдісі негізінде өндіріс барысын бақылау ретінде қолданылады. Оның ішінде өндіріс тенологиясының дұрістығы, өндіріске жіберілетін шикізаттардың, материалдардың, өндіріс технологиясының талабына лайықты екенін, жаңа өнім сапалылығын сарптау, өндіріс процесіндегі шикізат пен материалдардың қосалқы шығынын сараптау тағы сол сияқты көптеген процестерге сараптау жүргізіледі.

Бақылау-анықтау  әдісі – бұл да нақты тексерудің бір түрі. Оның негізгі мақсаты күнделікті шаруашылық барысын тексеру, бақылау жасау. Мысалы, күнделікті өндіріс барысына бақылау жасау, еңбек жұмыс тәртібін баұылау, материалдар тасу, дайын өнімнің сатылу барысын олардың қоймада сақталу тәртібін бақылау.

Қорыта келгенде аудитор  жұмысында әдістемелік тексеру  әдістері үлкен орын алады. Оның ішінде қазіргі кезде тексеру  барысында  компьютер қолдану, тапсырушының компьютер  құрылымымен жұмыс істеуі ерекше орын алады. Әрине ол үшін аудитор  компьютер бағдарламасын жақсы  білуі қажет.

Жоғарыда айтылған аудиттің әдістерінің мазмұны тұжырымдай келіп мынадай анықтама жасауға  болады; «Аудитор» көптеген әдістердің басын қосып өз пәнін зерттеп  жұмыс жүргізу үшін қолданылатын әдістер тобын аүдиттің әдісі  дейміз. Оның көбісі сыбайлас ғылым  саласының әдістерін құрайды.


Информация о работе Нақты тексеру – бақылау әдісі