Параметрлік бағдарламалау

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 12:39, курсовая работа

Краткое описание

Мұндай адамды қалыптастыру қазіргі заманғы білім беру жүйесінің алдында тұрған басты міндет. Әрбір жеке тұлғаның, бүкіл халықтың, бүкіл қоғамның тағдыры мұғалімнің еңбегінің нәтижесіне тікелей байланысты. Мектеп мұғалімі өз қызметін шығармашылық бағытта ұйымдастыра білуі үшін, ең алдымен, өз қызметінің мәнін түсіне алуы - басты шарт.

Оглавление

Кіріспе ....................................................................................................................4
1. Бөлім Оқыту техникалық құралдарының жүйесінің классификациясы...................................................................................................7
1.1. Оқыту техникалық құралдар негіздері......................................................16
1.2 Функцианалдық міндет бойынша ОТҚ классификациясы......................25
2. Бөлім . Оқыту техникалық құралдарын оқу процесінде қолдану әдістемесі...............................................................................................................30
2.1.Қазіргі заманғы оқу құралдарының оқу процесінде пайдалану...............................................................................................................46
2.2 Сабақта оқытудың техникалық құралдарын қолдану ерекшеліктері .....48
3. Бөлім Оқыту техникалық құралдарының бірі ақпараттық техналогия компанеттері..........................................................................................................53
3.1. Мультимедиа.............................................................................................59
3.2. Интерактивті тақта мүмкіндіктері..........................................................65
Қорытынды............................................................................................................83
Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................................

Файлы: 1 файл

ОҚТ.doc

— 1.12 Мб (Скачать)

Оқу процесін ақпараттандыруды жаппай қолға алу, оның ғылыми - әдістемелік ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау, жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандартымен жете танысу, білім беру технологияларын игеру арқылы білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу; оқу процесін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу.

Сондықтан инновациялық әдіс–тәсілдерді оқу процесіне енгізу барысы, белгілі деңгейде белсенділігін көздейді.

Сонымен қатар, біз Н.В. Горбунова еңбектеріне сүйене отырып, инновациялық іс-әрекетті инновациялық процестің белгілі кезеңдеріне байланыстылығын анықтадық. Инновациялық процестің кезеңдерін мына суреттен көруге болады.

Сурет 2. Инновациялық процесс кезеңдері

Инновациялық процестің осы кезеңдеріне байланысты инновациялық іс - әрекеттің үш кезеңін атап көрсетуге болады.

Бірінші кезеңде мұғалім жаңалықтың қажеттілігін дәлелдеу арқылы жаңалық туралы ақпарат жинайды, одан кейін әртүрлі жаңалықтың ішінен қажетті жаңалықты таңдап алып, оны қолдану туралы шешім қабылдайды.

Содан кейін, мұғалім инновациялық іс-әрекеттің екінші кезеңіне көшеді, яғни іске асыру кезеңдерін зерттеп, енгізу жоспарын құрып, жаңалықты қолданады. Бұл кезеңде мұғалім оқу–тәрбие процесіне, жаңалықты енгізуіне кедергі жасап отырған факторларды ескере отырып, өзгерістер енгізеді, жаңалықты уақыты мерзіміне байланысты жұмыстарды өткізеді.

Жаңалықты енгізу уақыты аяқталғаннан кейін инновациялық іс-әрекет үшінші кезеңіне өтеді. Бұл кезеңде мұғалім жаңашыл тұрғыда ұйымдастырылған оқу–тәрбие жұмысының нәтижесін көтеруге жасаған ықпалын анықтайды, жаңалықтың оқу – тәрбие жұмысына нәтижелі енгізу шарттарын белгілеп, оны таратуға ұсынады.

Инновациялық процесті болжау барысында қолданылатын инновациялық іс-әрекеттер тереңдетіліп, кеңейтіледі. Сонымен қатар, оқыту мен тәрбиелеу қорытындылары талданады. Алдыңғы қатарлы озық тәжірибені ғылыми талдау негізінде оқып үйренуге, қазіргі кезеңдегі педагогикалық зерттеулер жетістіктерімен танысуға болады. Жаңа педагогикалық технологиялармен инновациялық іс–әрекеттің негізгі заңдылықтары мен қағидаларын дұрыс қолдана білуге, шығармашылық ойлауға, кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің құндылық қарым–қатынасын қалыптастыруға, ұстаз шеберлігіне жету жолдары мен шараларын жете түсінуге үйренеді. Сонымен қатар алдыңғы қатарлы озық тәжірибелер жөніндегі ағымдағы газет–журнал материалдар арқылы танысып педагогтар – новатордың әдістемелерін ғылыми тұрғыдан талдай білуге, инновациялық іс-әрекет ерекшеліктерін айқындап, өз беттерімен сурет, кесте құруға, хабарлама, реферат, аннотация, рецензия жазып, оқу–тәрбие қызметіне педагогикалық талдау жасауға үйренулері қажет. Оқытудың жаңашыл әдістері мен тәсілдерін сөз еткенде, оқылып отырған материалдың ерекшелігі мен құрамының нақты ерекшелігіне сәйкес әдістемелік құралдарды шығармашылықпен пайдалану қажет екеніне назар аударту көзделді. Сонымен қатар, оқытудың инновациялық жүйесі білім, оқыту процесінде жаңа технологияларды пайдалана білу іскерлігі қалыптасу керек.

Ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізгі артықшылықтары мынадай: 

1. Олар оқушыларға тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт  аралығында  айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады.

2. Білімге бір-бірінен үлкен ара қашықтықта  орналасқан әр түрлі оқу орнында отырып қол жеткізуге болады.

3. Оқыту жүйесінің  көп деңгейлі  жетілдірілуі олардың  таралымдалуы мен оқу  материалының сапасын арттырады.

Компьютердің көмегімен оқушы  өз бетінше, сондай-ақ өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алады.

«Компьютер  көрнекі-бейнелі  ойлауды, қозғалыстық және  ауызша  қарым-қатынас машықтарын, мақсатты  әрекеттерді және әлеуметтенуді дамыту үшін мүмкіндіктер туғызатыны туралы дәлелдер бар» деп, көрсетеді Нокс Джордж.

Бүгінгі күні республикамызда білім беру жүйесінің түбегейлі  өзгеріске ұшырауы анықталғаны баршамызға аян. Оның негізгі факторы жаһандану үрдісіндегі білім беру саласында жаңа моделдердің дүниеге келуі, білім беру үрдісінің ақпараттандырылуы болып табылады.

Ақпараттық және педагогикалық технологиялар негізінде мұғалімнің рөлін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік туды, мұғалім тек қана білімді алып жүруші ғана емес, сонымен қатар оқушының өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт берушісі болып анықталды.  Осыған орай сабақ беру үрдісінде қазіргі күннің, яғни инновациялық әдістерді оқытудың интерактивті оқыту моделі болып табылады.

Интерактивті әдістерге: 

1.   Проблемалық шығарма әдістері

2.   Презентациялар

3.   Пікір-таластар

4.   Кейс-стадийлер

5.   Топпен жұмыс

6.   Миға шабуыл әдісі

7.   Сын тұрғысынан ойлау

8.   Викториналар

9.   Мини зерттеулер

10. Іскерлік ойындар

11. Рөлдік ойындар

12. Блиц-сұрақтар әдісі

14. Анкета алу әдісі т.б.

Ақпаратты беру  мұғалім мен оқушының қарым-қатынастық принципіне негізделген. Жоғарыда көрсетілген әдістер оқушының екпінділігін арттырып, алынған мәліметтерді шығармашылық тұрғыдан қайта өңдеу болып табылады. 

Оқытудың интерактивтік моделінің негізгі критерийлері: 

1. Емін-еркін пікір таласқа түсу мүмкіндігі

2. Белгілі бір материалды емін-еркін  баяндау

3. Семинар сабақтарының көп болуы, оқушылардың инициативасының     жетекшілігі

4. Топтық тапсырмалардың қолданылуы және сол арқылы ұжымдық іс-әрекеттерді дамыту.

5. Жазбаша жұмыстарды орындау.  

Жаңа инновациялық методикаларға қысқаша тоқталғаннан кейін информатика пәні бойынша  осы әдістерді қолдану тәжірибесіне тоқталайық.

Информатика -  математикалық пән. Информатика пәнін оқытудың ерекшелігі ойлау өнеріне негізделеді. Оқу курсындағы информатиканың басты мақсаты информатика ғылымының негізін ашып,  информатика, ақпарат ұғымын ғылыми тұрғыда оқушыларға түсіндіру. Осы тұрғыда мұғалімнің міндеті бір жағынан оқушыларға құзыретті білім беру, екінші жағынан білім мен білік дағдыларын өзіндік іздену арқылы оқу  принципіне негіздеу. Компьютерлік технологияларды және интернетті меңгерте оқыту процесінде интерактивті әдістерді қолдану қазіргі уақытта кең тарап кетті. 

Инновациялық әдісті, оқытудың ақпараттық технологияларын тәжірибеде қолдану барысында өзінің тежеуші жақтары, кемшіліктері, қарама-қайшылық жақтары да кездеседі:

1.      инновациялық әдістерді қабылдау оқушыға оңай соқпайды, өйткені ол үнемі белсенділік танытуы керек.

2.      компьютерлік сауаттылық қажет, компьютер, проектор, теле-видео апаратурамен жұмыс барысында тәжірибелік үрдіс негізгі фактор болу керек, ондай бағытта жұмыс істеу әзірге өкінішке орай мүмкін болмай отыр.

3.      калейдоскопиялық жағы – оқушының жаңа әдіспен ұйымдастырылған сабақтың түрлеріне белсене қатысамын деп, сабақ барысында ашылатын ең негізгі проблеманың мәнін түсінбеуі.

Осының салдарынан білім сапасы да төмендеп, үлгерімі төмен оқушылар да пайда бола бастайды.

Сонымен, инновациялық әдістер мен оқытудың ақпараттық технологияларын пайдалану – барлық мәселелердің  шешімі деп қарастыруға болмайды, өйткені бұл – мектептегі білімдік негізді шешетін құрал, мектеп оқушыларының өзіне тән ерекшелігін ескеріп, әрбір кезеңін мұқият саралаудан өткізіп, содан соң ғана тәжірибеде қолданған жөн.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1. Қазіргі заманғы оқу құралдарының  оқу процесінде пайдалану

Техналогияның барлық салаға енуі, соның ішінде білім беру саласына  ену компьютерлік  оқыту әдістемелерін  және компьютерде  білім беру саласында  қолданудың психологиялық  -педагогикалық  негізін  іргелі зерттеуді талап етеді.

Компьютерлік оқыту  программалары жеке  дара түрмен ғана емес,комлпекісті, көп функционалды  болу қажет,ол үшін компьютерлік  оқытушыға  мынандай  ұстанымдармен  жұмыс атқару керке.

1.Ғылыми ұстаным бойынша (С.И.Архангельскийдің пікірін қолданған дұрыс):

« Барлық хабарланатын  оқу мәліметтері  қазіргі алдыңғы  қатарлы ғылыми жетістікктеріне толығымен сәйкес келуі керек»   яғни, мұғалім  берілетін материалдың дәлдігіне,  шындылығына және нақтылығына  ерекше көңіл бөлуі керек , материалдың мазмұнын, ғылыми ұғымдардың  ұқыпты түрде  іріктелуі қажет.

2.Оқудың жүйелік принципі « ұғымдармен пән  бөлімдерін оқытып, түсіндіргенде,олардың  логикалық байланыстарын    және өзара    алмаса алуын  құрастыра алуында».

3.Басқа пәндерден  информатиканың өзгешелігі- ол білімнің жеңіл, жаттанды түрде ұғылуын қабылдамайды.Яғни,бұл жерде әрбір оқушының  және тұтас сыныптың  білімді  белсенді  және саналы  түрде ұғыну ұстанымының  маңызы зор.

4.Оқытудың көрнекілік  ұстанымының қағидасы  бойынша, білімді саналы  игеру,  оқушылардың  ғылыми  танымының  және козқарастарына қалыптасуы тек –сезімдік прпктикалық тәжірибесі  негізінде ғана  қалыптасуы мүмкін, яғни обьектілермен құбылстарды  саналы түрде қабылдау.

5.Тәрбиелей оқыту ұстанымы-дидактикадағы оқыту  мен арасындағы  тығыз байланысты қамтиды.

Осы аталған ұстанымдардың барлығы  информатиканы оқытуда  қолдану оны тереңірек  түсіну.

Қазіргі таңдардарда мектерде  профессор  Ж.Қараевтың басшылығымен ,авторлар  тобы дайындаған информатикадан  жаңа буын    оқулықтары мен оқу-әдістемелік  кешендері кеңінен пайдалануда.

Қазақстан  Республикасының  әлеуметтік-экономикалық  құрылымының  радикалды өзгеруі ,оның дүниежүзілік  білім кеңістігіне  енуі білімге , бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қоюда.Сондықтан еліміздің ертеңі – жас ұрпаққа  заман талабына  сай білім беру  әр ұстаздан  шығармашылықпен жұмыс  істеуді, үлкен ізденісті, өз кәсіби шеберліктерін  шыңдауды, жаңартуды талап етеді. Оқушының жеке тұлғасын , оның рухани әлемін, қабілеті мен ынтасын  дамыту бүгінгі   таңдағы негізгі мәселелердің бірі. Оның себебі оқушы өз бетімен  ізденіп жұмыс істеуге ,өз бетінше алған білімін тәжірибеде , өмірде пайдалануға  дағдыланбаға. Сол үшін де  оқушының өзіне сенім арту,шығармашылығын  дамыту мақсатында мұғалімнің әр сабағы  әр түрлі жан-жақты болуы,   оқытуды жаңаша ұйымдастыруы , әрбір пәннің  ғылыми сипатын арттырып, ұлттық деңгей дәрежесіне жеткізу қажет.

 

 

 

 

 

 

2.2. Сабақта оқытудың техникалық құралдарын қолдану ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және азаматтық құндылықтар мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіге шығу» - делінген. Осыған орай бүгінгі ұстаздардың алдында оқушыға білім, білік, дағдыларын игертіп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімдерін, ерік-жігерлерін, яғни жан-жақты, азат, шығармашыл, өз бетімен жұмыс жасай білетін, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту міндеттері де тұр.

Жалпы білім берудің мақсаты – терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытудағы адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.

Оқыту технологиясы мен әдістеме ғылымы бір-бірімен тығыз байланысты. Әдістеме ғылымы «Нені оқыту керек?», «Не үшін оқыту керек?», «Қалай оқыту керек»? деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы «Қалай нәтижелі оқытуға болады?» деген мәселенің шешімін іздейді. Олардың мақсаты бір, яғни оқытудың тиімді жолдарын қарастыру. Оқытудың тиімді жолдары оқытудың әр түрлі әдістері арқылы анықталады.

Көптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездері қазақ тілі және қазақ әдебиеті сабақтарында ақпараттық технологиялар жиі қолданылуда. Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру процесі. Бұл прцесті іске асырудың негізгі құралы компьютер болып табылады, сол себепті қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық  технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан жаңа ақпараттық технологиялардың тілін білетін мұғалім қажет.

«Ақпараттық технология» терминін академик В.М. Глушков енгізген. Білім беру процесін ақпараттандыру оқушыға білім берумен байланысты болғандықтан, В. Глушковтың анықтауынша, «Ақпараттық технологиялалар» ақпаратты өңдеумен байланысты прцестер болып табылады. Ал білім беруде компьютерді және оның құралдарын пайдалана бастаған кезде оқытудың ақпараттық технологиялары ұғымы пайда болды. А. Горячевтің тұжырымдауынша, «Ақпараттық технология»- мәтіндік редактор, электрондық кесте, мәліметтер базасы, графиктік редактор, мультимедия және коммуникациялық технологиямен сипатталады. Р. Әбдірәсілова болса,  «Ақпараттық технологияны» оқыту құралдары жүйесінің элементі деп қарастырады

Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді. Ол үшін мұғалім өткізетін сабағының түрін дұрыс таңдай білуі қажет.

Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі – бұл мұғалімге қазақ тілі мен әдебиет сабақтарындағы оқу үрдісін түбегейлі өзгертуге, оқытудағы пәнаралық байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы.

Информация о работе Параметрлік бағдарламалау