Параметрлік бағдарламалау

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 12:39, курсовая работа

Краткое описание

Мұндай адамды қалыптастыру қазіргі заманғы білім беру жүйесінің алдында тұрған басты міндет. Әрбір жеке тұлғаның, бүкіл халықтың, бүкіл қоғамның тағдыры мұғалімнің еңбегінің нәтижесіне тікелей байланысты. Мектеп мұғалімі өз қызметін шығармашылық бағытта ұйымдастыра білуі үшін, ең алдымен, өз қызметінің мәнін түсіне алуы - басты шарт.

Оглавление

Кіріспе ....................................................................................................................4
1. Бөлім Оқыту техникалық құралдарының жүйесінің классификациясы...................................................................................................7
1.1. Оқыту техникалық құралдар негіздері......................................................16
1.2 Функцианалдық міндет бойынша ОТҚ классификациясы......................25
2. Бөлім . Оқыту техникалық құралдарын оқу процесінде қолдану әдістемесі...............................................................................................................30
2.1.Қазіргі заманғы оқу құралдарының оқу процесінде пайдалану...............................................................................................................46
2.2 Сабақта оқытудың техникалық құралдарын қолдану ерекшеліктері .....48
3. Бөлім Оқыту техникалық құралдарының бірі ақпараттық техналогия компанеттері..........................................................................................................53
3.1. Мультимедиа.............................................................................................59
3.2. Интерактивті тақта мүмкіндіктері..........................................................65
Қорытынды............................................................................................................83
Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................................

Файлы: 1 файл

ОҚТ.doc

— 1.12 Мб (Скачать)

         Қазіргі уақытта «қоғамды ақпараттандыру», «білім беруді ақпараттандыру» деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызға еніп кетті. Олай болса, қоғамды ақпараттандыру дегеніміз не? Қоғамдық ақпараттандыру дегеніміз – ғылыми техникалық прогресс жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне іс - әрекеттің интеллектуалды түрлерінің жан – жақты әсер етуі мен ролінің жоғарылауына байланысты объективті процесс.

         Ол оқыту мазмұны, әдісі мен ұйымдастыру түрлерінің өзгерісін тездетеді. Бұл процестегі негізгі мәселе білім берудің мазмұны мен мақсатын өзгерту болып табылады, ал оны технологиялық жағынан қамтамасыз ету - өндірістік мәселе.

         Қоғамды индустрияландыру кезеңінде білім беру жүйесі алдыңғы кезекте, маманданған сауатты тұтынушыларды дайындауға бағытталса, ал білім беруді ақпараттандыру жағдайында бұл мәселе білім берудің негізгі мақсатына ауысады. Мұндағы негізгі мақсат – оқушының қоршаған әлем жайында табиғи ғылыми болжамын қалыптастырумен жалпы ізгілікті адамгершілікке дайындау болып саналады.

         Қазіргі заман мұғалімнен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық – психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.

        Білім беру жүйесін ақпараттандыру білім беру үшін үлкен перспективалар ашады. Соңғы жылдары компьютерлік, телекоммуникациялық техника мен технологиялардың қоғам өміріндегі ролі мен орнында түбегейлі өзгерістер болды. Ақпараттық және телекоммуникациялық   технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға оқу және жазу қабілеті сияқты сапаларымен бірге әрбір адам үшін қажетті шартқа айналды.

         Әрбір елдің  технологиялық даму дәрежесіне оның экономикалық қуаты мен халқының тұрмыс деңгейі ғана емес, сол елдің әлемдік қоғамдастықта алатын орны, басқа елдермен экономикалық және саяси ықпалдасу мүмкіндіктері, сондай – ақ ұлттық қауіпсіздік мәселелерін шешуіне байланысты. Сонымен қатар, әлдебір елде қазіргі технологияның дамуы мен қолдануының деңгейі оның материалдық базасының дамуымен қатар емес, негізінен қоғамды парасаттандыру деңгейімен, оның жаңа білімді туындату, игеру және қолдана білу қабілетімен де анықталады.

         Жедел дамып отырған ғылыми – техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналады. Ақпараттық - технологиялық дамуға және оның қарқынына экономиканың жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің ролі тәуелді болады. Тұтас дүние қалыптастыру мен қоғамдастықтар, жеке адам мен бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықтың өмір сүруі үшін жаңа жағдайларды қамтамасыз етуде ақпараттық - телекоммуникациялық   технологиялар маңызды роль атқарады.

         Ғылым  мен техниканың даму қарқыны оқу – ағарту саласының оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістер оның ішінде интерактивті құралдарды кең көлемде қолдануды қажет етеді.

         Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығыда – мектеп.

         Мектептердің білім деңгейін көтеру және онда интерактивті құралдарды пайдалану арқылы оқу – тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру, мектеп ұстаздарының, басшыларының, педагогикалық ұжжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп   есептейміз. Интерактивті құралдарды қолдану негізінде мектепте жаратылыстану бағытының пәндерін оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады.

        Мектепті ақпараттандыруға осылай мемлекет тарапынан үлкен экономикалық қолдау көрсетіліп, оны оқыту, үйрету мәселесі бүкіл халықтық деңгейге көтерілсе ғана біздің еліміз өндірістің жоғары психологиясын меңгерген дүиежүзілік бәсекеге төтеп беретін, өндіріс өнімдерін өндіре алатын алдыңғы қатарлы   мемлекетке айналады. Ол дәрежеге жетуге қажетті білім алуына біздің жас ұрпақтың қабілетінің жететініне сенім мол.

         « Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет » деп, Ел басы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

         Компьютер және интерактивті құралдар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстармен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде - өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашу керек. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағында, оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологияларды ғана тиімді деп санауға болады.

         Оқушылардың интерактивті құралдар   көмегімен қалыптасатын және жүзеге асырылатын ойлау қабілеті бұрынғы технологиялар арқылы берілетін ойлау жүйесінен өзгеше болатындықтан, тек ойлау қабілеті түсінігі ғана емес, қабылдау, есте сақтау жоғарғы деңгейде болады.

         Интерактивті құралдардың келесі ерекшеліктерін атап өтуге болады:

1. Бормен тақтаға жазылған кескінді интерактивті тақтадағы түрлі – түсті айқын, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды

2. Тақта мен бордың көмегімен әр түрлі қосымшалары бар жұмысты түсіндіру қиын әрі мүмкін емес.

3. Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады

4.  Сабақта   ACTIVote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін қолдануға болады

5. ACTIVwand указкасының  көмегімен тақтаның жоғарғы бөлігіне кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді.

6. Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады.

7. Сабақтың өнімділігі артады.

8. Оқушылардың білім деңгейіне оң әсер етеді

Жалпы білім берудің мақсаты – терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін - өзі дамытуға адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп   жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.

         Бәсекеге қабілетті болу тікелей білімге байланысты. Қазірде жаңа технологияға, жаңа  өркениетті дамуға байланысты басқа өркенді елдердің  көптен бері пайдаланып келе жатқан интерактивті құралдарды біздің елде де барлық оқу орындарында дерлік пайдаланылып келеді. Бұл – біздің  Қазақстаннның алға қарай   жылжуының нышаны болып табылады. Ғылыми білім беруде  интерактивті тақтаның мүмкіндігі мол. Интерактивті  құралдарды қолдану арқылы оқушы білім кеңістігіне еркін бойлай алады.

Оқу процесінде, оның ішінде практикалық сабақтарда интерактивті  құралдарды қолдану мұғалімнің жеке тәжірибесіне, шығармашылық ізденісіне байланысты. Интерактивті құралдар оқыту формасын ұйымдастыруды түрлендіруге, дәстүрлі оқыту әдістеріне жаңа элементтер енгізуге мүмкіншіліктер жасайды. Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Интерактивті құралдарды орынды қолдану оқыту сапасын жетілдіруге көмектеседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Жаңа коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты- оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Бұл мақсаттарға жету жолында электрондық оқулықтар, тексеру программалары, оқыту программалары сияқты программалық өнімдер қызмет ететіндігі жайлы жоғарыда айтып кеттім.. Білім саласында компьютер оқушы үшін оқу құралы, ал мұғалім үшін жұмысшы болып табылады. Оның қолданылуы нітижелі болуы үшін бағдарламалық құралдар толық түрде мұғалімнің және оқушының алдына қойған мақсатына жетуін және шығару жолдарын қамтамасыз ету керек.

Бүгінде біз орта білім беруді одан әрі ақпараттандырудың екінші кезеңіне көштік, ол мазмұндық тұрғыда болады және компьютерлік сауаттылықтан жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетінің іргелі операциялық негіздеріне ауысуды білдіреді, мұнда әрбір оқушы ақпаратқа, қазіргі ақпараттық технологияларға назар салып қана қоймай, оны тиімді қолдана білуі, Интернет ғаламдық ақпарат желісін пайдалана алуы тиіс.

Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептейміз.                     

Мультимедиалық технологиялар мультимедиа өнімдерінің жасалу үрдісіне байланысты яғни, электрондық кітаптар, бейнедәрістер, бейнефильмдер, компьютерлік фильмдер. Бұл өнімдердің өзіндік ерекшеліктері мәтіндік, графикалық, аудио-бейне, ақпараттық анимацияның бірігуі болып табылады. Мультимедиа технологиясы компьютерді тең дәрежедегі әңгіме-дүкен құрушыға айналдырып қана қойған жоқ, оқушыға үйден шықпай-ақ үлкен ғалымдар мен педагогтердің дәрістеріне қатысуына, өткен және қазіргі тарихи оқиғаларға куә болуына, әлемнің ең белгілі мұражайлары мен мәдени орталықтарына, жер шарының кез-келген түкпірлеріне сапар шегуіне мүмкіндік жасады.

«Жүз  рет  естігеннен,  бір  рет  көрген  артық»  деген  сөздерді  ескере  отырып  колледж  оқытушылары  сабақтарында  мүмкіншілігіне  қарай  мультимедиалық   проекторды пайдаланады. Тек  оларды  қолдану  оқытушының  шеберлігіне  байланысты. 

Жаңа  технология   әдістеріне  жататын  электрондық  оқулықтар қазіргі  оқу  үрдісіндегі  ең  маңызды  орынға  ие  болды.  Электронды  оқулықты  пайдалану  барысында  оқушы  екі  жақты  білім  алады:  біріншісі  — пәндік  білім,  екіншісі-компьютерлік  білім.  Оқушылардың ақпараттық мәдениетін көтеріп, әр  сабақта жаңа технологиялық әдістерді қолдануымыз қажет. Мен өз дипломдық жұмысымда инновациялық технология жайлы біршама ақпараттар жаздым. Сонымен қатар тәжірбиелік бөлімде инновациялық технологияны пайдалана отырып сабақ жоспарын жазып, талдадым.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1.      «Білім – образование» журналы №4-2008 ж.

2.      «Білім беруді  ақпараттандыру» 10-11 беттер.

3.      Білім – образование» журналы

4.      «Қазақстан мектебі» журналы

5.      «Әдіскер мұғалім» журналы

6.        «Оқыту-тәрбиелеу  технологиясы» журналы

7.      «Информатика неіздері» журналы №1-2007 ж. «Ақпараттық технологиялар- заман талабы»  45-47 беттер

 

 



Информация о работе Параметрлік бағдарламалау