Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2014 в 16:16, курсовая работа
Жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасы Президенті институтының тарихи қажеттілігін көрсету және Қазақстанның Президенттік Республикадан Президенттік-Парламенттік Республикаға өту мәселелерін қарастыру.
Осы мақсатқа сәйкес жұмыстың алдына мынадай міндеттер қойылды:
Қазақстан Республикасы президенті институтының тарихи қажеттігін көрсету;
ҚР Президентінің Конституциялық-құқықтық мәртебесін көрсету;
ҚР Президентінің құзыретін көрсету.
КІРІСПЕ............................................................................................................... 3
І ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ИНСТИТУТЫНЫҢ ТАРИХИ ҚАЖЕТТІЛІГІ........................................... 5
1.2. Президенттің құқықтық мәртебесі........................................... 10
1.3. Президентті сайлау және оны лауазымынан
кетіру тәртібі.......................................................................... 12
ІІ. ПРЕЗИДЕНТТІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ........... 19
2.1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚҰҚЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ....................................................................................... 22
2.2.ПРЕЗИДЕНТ ӘКІМШІЛГІ ЖӘНЕ БАСҚА ОРГАНДАР......................... 27
ІІІ тарау. Қазақстан Республикасының Президенті – «Нұр Отан» партиясының төрағасы...................... ............................................................. 29
IV тарау. Қазақстан Республикасы Президентінің Республика халқына Жолдауы – аса маңызды Конституциялық құжат..................................... 41
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................. 57
Пайдаланған әдебиеттер тізімі........................................................................ 59
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«Азаматтық құқық» кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ»
Ғылыми жетекшісі:
Мазмұны
КІРІСПЕ.......................
І ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ПРЕЗИДЕНТІ ИНСТИТУТЫНЫҢ ТАРИХИ ҚАЖЕТТІЛІГІ...................
1.2. Президенттің құқықтық мәртебесі.....................
1.3. Президентті сайлау және оны лауазымынан
кетіру тәртібі.......................
ІІ. ПРЕЗИДЕНТТІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ........... 19
2.1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ҚҰҚЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ.................
2.2.ПРЕЗИДЕНТ ӘКІМШІЛГІ ЖӘНЕ
БАСҚА ОРГАНДАР................
ІІІ тарау. Қазақстан Республикасының
Президенті – «Нұр Отан» партиясының
төрағасы...................... ..............................
IV тарау. Қазақстан Республикасы Президентінің
Республика халқына Жолдауы – аса маңызды
Конституциялық құжат.........................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
Пайдаланған әдебиеттер тізімі........................
КІРІСПЕ
Тақырыбтың өзектілігі: Қазақстан халқы елдің дамуының стратегиялық міндеттерін, ағымдағы басымдықтарын, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі қағидалары мен бағыттары туралы маңызды хабарлар мен ақпараттарды ең алдымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың аузынан естуге әдеттеніп қалды. Оның дәлелі Президенттің әр жылда жасайтын Қазақстан халқына Жолдауы. Биылғы Қазақстан халқына жасаған 11-ші Жолдауда ел үмітін ақтады. Онда нақты мақсаттар мен міндеттер күн тәртібіне қойылған. Оның мәнін Жоддаудың "Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру — мемлекеттік саясаттың басты мақсаты" деген атауы ашып тұр.
Транзиттік даму кезеңінен өтіп, қалыпты эволюциялану жолына түскен ел алдында қазір өзінше күрделі міндеттер тұр. Нарықтық экономика жасалынды, жаңа саяси жүйе өмірге келді. Қоғамдық қатынастардың барлық салалары нарықтық экономикалық жүйеге сәйкестендірілуде. Елде үлкен материалдық, қаржылық байлықтарға ие болған капиталистік бизнесмендер табы қалыптасты. Нарық қиындығынан елдің әлеуметтік әлсіз топтарының люмпенденуі мен кедейленуі де күшейе түсті.Әлеуметтік қайшылықтар тікелей көрініс бере бастады. Елдің аграрлық секторын капиталдандырудың да қиыншылықты үрдісі басталды. Міне, осындай қиындықты әлеуметтік шындық жағдайында елдің тұрақты дамуын жалғастыру, нарықтық модернизацияны тереңдете түсудің бірден-бір жолы-Қазақстан халқының материалдық әл-ауқатын жақсарту екендігін Президент биылғы Жолдауында ерекше көрсетіп берді. Мемлекет алдағы уақытта қарапайым халықтың әл-ауқатын түбегейлі елдің дамуына қол жетпейді.Сондықтан мемлекет бүгінен бастап, әр қазақстандық мұң-мұқтажынатажына бетбұрыс жасау саясатынын басшылыққа алуға тиісті. Мемлекет өз азаматтарына қызмет жасаса, оның өмір сүруін жақсартудың кешенді шараларын жүзеге асырса ғана өзінің күш-қуатын еселейтінін сезінетін уақыт жетті. Өркениеттілік белгісі аз ғана төбе топтың ғана байып күшеюі емес, ел халқының басым көпшілігінің жағдайының түзеліп, болашаққа сенімінің артуы.Биылғы Жолдаудан Елбасының нарықгықэкономика жетістіктерін халықтың әлеуметтік меселелерін шешуге бетбұрыс жасату саясатына ден қойғанын байқаймыз. Қазақстан бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі қағидасына негізделетін адам келбетіндегі капитализм орнатуға тікелей кірісті деп есептеуге болады. Нарықтық қатынастардан ел халқының басым көпшілігі зардап шегуі жағдайы толастамаса, елдің экономикалық дамуы толастамайтыны ақиқат. Әсіресе, Қазақстан сияқты шикізат ресурстарын сатудан пайда тауып отырған мемлекет үшін жер қойнауы табысына халықты ортақ ету мәселесі маңызды бола түсуде. Президент ел болашағын, қазақстандықтардың әл-ауқатын шикізатпен емес, тауар өндірісі сала-ларын дамытумен байланыстырады. Дайын тауарлар мен азық-түлік өнімдерін шығару арқылы өз, рыногымызды қамтамасыз етсе, артығын экспортқа шығарса өркениетті елдің әлеуметтік тірегі болып есептелетін орта таптың қалыптасуы жылдамдайды. Қазір шағын және орта бизнеспен Қазақстан халқының 7-10 пайызы ғана қамтылған. Бұл көрсеткіш 20-25 пайызға жеткенде елдің толыққанды әл-ауқатына иелік еттік деп есептеуге болады.
Президент адам факторына ерекше назар аударады. Себебі, әр қазақстандықтың еңбекке құлшынысы болуы шарт. Әл-ауқатты өмір тек еңбекқор, ізденімпаз, жаңашыл адамға келетіні ақиқат. Билік табиғат байлықтарын халыққа бөліп беріп отыра берсе үлкен зиян, кесапат. Ондай саясат жалқаулықты тудырады. Мұнай қоры, алтын қоры, қаржылық басқа да қорлар ғылымның, білімнің, денсаулықтың, мәдениет пен спорттын дамуына жұмсалуы елдің кемел келешегінің кепілі екендігін саяси элита терең ұғынуы шарт. Сондықтан биылғы Жолдауда аталған салалар ерекше назарға алынған. Қазақстанның абыройы мен әлеуметтік қуатын Елбасы қарттарға, мүгедектерге және сәбилерге ерекше қамқорлықтың болуымен байланыстырады. Зейнеткерлердің дұрыс өмір сүре алуы, сәбилердің өмірге көптеп келуі мемлекеттің беделін арттырып қана қоймайды, оның азаматтарының бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастырады, жалпыхалықтық әлеуметтік оптимизмді күшейтеді. Билік пен халықтың тұтастығын бекемдеу арқылы қазақстандық мемлекеттілікті нығайтуға алғышарт жасалады. Биылғы Жолдаудың өзекті міндеті — мемлекеттің бүкіл ресурстарын әрбір қазақстандықтың жағдайын жақсартуға пайдалану. Әл-ауқаты жақсы, халық қана демократиялық, құқықтық мемлекетті құруда белсенді.
Жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасы Президенті институтының тарихи қажеттілігін көрсету және Қазақстанның Президенттік Республикадан Президенттік-Парламенттік Республикаға өту мәселелерін қарастыру.
Осы мақсатқа сәйкес жұмыстың алдына мынадай міндеттер қойылды:
Қазақстанның өркениетті елдер қатарына қосылуымен байланысты жүргізілетін аса күрделі және сан салалы жұмысты басқаратын елдің саяси билігі. Саяси биліктегі шешуші тұлға — Президент. Сондықтан Қазақстан үшін Президент қызметінің тағдырлық маңызы күшті.
Дипломның құрылымы мен көлемі. Дипломның құрылымы зерттеудің негізгі мақсаты мен пәніне сәйкес келеді. Ол кіріспеден, төрт бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған қайнар көздерден тұрады.
І ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ИНСТИТУТЫНЫҢ ТАРИХИ ҚАЖЕТТІЛІГІ
Қазақстанда биліктің жаңа түрі — президент институты елдің терең экономикалық және әлеуметтік, саяси дағдарысы жағдайында қалыптасты. Әсіресе, экономикалық дағдарыс салдарының ел халқының 50 пайыздан астамы кедейшілік және қайыршьшық деңгейіне түсті. Бұрыңғы социалистік жоспарлы экономика мен өкімшілдік-әміршілдік жүйе дағдарысты еңсеруге мүддем қауқарсыз болып шықгы. Елде этностық қозғалыстар басталып, солтүстік жөне шығыс облыстарда сепаратизм қаупі анық байқадды. Мұндай қауіпті үрдістер Қазақстанның бөлшектенуі, ыдырауы кайшылығына жеткізетіндей ахуал қалыптасты. Коммунистік партияның аренадан түсуі рухани, идеологиялық вакуумге әкелді. Елде тәртіптің, тәрбиенің және саяси тұрақтылықтың өлсіреуі басталды. Қоғамдық қатынастардың негізгі салаларын түгелдей камтыған жүйелік дағдарыстан шығу үшін бірінші кезекте саяси басқарушы билікті күшейту міндеті тұрды.
Үшіншіден, тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы жылдарда Қазақстандағы сайлан-ған өкілді органдар мен жергілікті атқару-шы билік органдары дағдарысқа төтеп беретіндей қызмет ете алмайтындықтарын көрсетті. Жоғарғы Кеңестің жұмысында митингілік, дау-дамайлық сипат басым болды. Биліктің әлсіздігінен Казақстанның дағдарыстық үрдістер құшағынан шығуы мәселесі қиындап кетті. Сондықтан нақты саяси ахуалды шешетін, халықтың демо-кратияны таңдауына жауап беретін, елдегі саяси және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететін жалпыхалықтық сайлауда билікке келген президент қажет болды.
Төртіншіден,
Қазақстандағы саяси және
өмір стандарттарын каласа, солардыкіндей қызмет ете алатын, қазіргі жылдам өзгеретін заманның қауіптері мен қайшылықтарына жауап беретін басқару жүйесін құру керек еді. Қазақстан өркениетті
елдердің басым көпшілігіне тән президенттік билік жүйесін таңдады.
Бесіншіден, елдің полиэтностық құрамының,
этнодемографиялық ахуалының күрделілігі Қазақстан халқын жалпы-мемлекеттік ортақ мақсаттар мен міндеттер аясында топтастыра алатын, ұйытушылық қасиеті бар саяси биліктің болуын талап етті. Билік ұлан-байтақ ел аумағын, шикізат кездері мен материалдық ресурстарын басқара
алмаса, Қазақстанда келешек болмай-тындығын ел халқы да, саяси элита да түсінді. Тарихи саяси ахуал және экономикалық даму талаптары Қазақстанды президенттік билік жүйесіне алып келді. Сондықтан Қазақстандағы Президент қызметін өмірдің объективті даму талаптарынан туған кұбылыс деп айта аламыз.
Қазақстан қоғамындағы осындай нақты талапты сезінген сол кездегі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі өз қаулысымен 1990 жылғы 24 сәуірде Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайлансын деген шешім қабылдады.
Биліктің бір саяси жүйеден екіншісіне эволюциялық және бейбіт жолмен ауысуы жағдайында саяси басқарушы элитаның толықтай алмасуы болмайтындығы әлемдік саяси төжірибеден белгілі. Қазақстандағы жаңа мазмұндағы саяси жүйе бұрынғы социалистік саяси жүйе қойнауынан біртіндеп бөлініп шықты.Жаңа нарықтық катынастарға тән, жаңа қоғамға тән саяси жүйенің бірінші кірпіші, іргетасы Қазақ-станда Президент қызметінің енгізілуімен қаланды деп есептеуге болады.
Қазақстан
либералдық сипаттағы саяси
Декларацияда саяси жүйенің барлық сегменттерінің заңдарға бағынып қызмет жасау қажеттілігі міндеттелді. Ел тарихында алғаш рет Қазақстан заңдарының өз аумағында Кеңес Одағы заңдарынан басымдығы жарияланды. Қазақстан шын мәніндегі халықаралық саясат субъектісіне айналды.Әлемдік саясаттағы Қазақстанның жаңа орнын анықтау шараларын басқару-шы ең жоғарғы әкімшілік-аткарушы билігі бар Президент басқара бастады. Экономикалық нарықтық қатынастарға бетбұрыс жасауын, меншік түрлерінің әралуандыққа ие болуын, саяси плюрализмнің қалыптасуын, елдің демократиялық модерниза-цияға түсуі сияқты өзекті міндеттерді шешу саясатын да Президент тікелей өзі жүргізе бастады. Сонымен, ғасырлар алмасар тұста жаңа Қазақстанның жаңа әлемдегі орнын анықтауда, елді әлемдік өркениет үдерісте-ріне қосу істеріне Президент басшылық жасады. Президенттің қоғам, мемлекет, халық және адам тағдырына жауапкершілігінің артуы құбылыс саяси өмірге келді. Постсоциалистік және посттоталитарлық кезеңдегі дағдарыстық үрдістерді ауыздық-тау міндетін шешу барысында ел халқының алдында президенттік биліктің зәрулігі дәлелденіп, оның абыройының артуы көрінді. Транзитті, етпелі қоғам дамуының 1990-1995 жылдарды қамтитын бірінші кезеңін Қазақстанда президенттік биліктің пайда болуы мен калыптасуы кезеңі ретінде бағалауға болады. Президенттік билік ар-қылы Қазақстан халқы өз тағдырын өзі ше-шетін саяси-әлеуметтік қауымдастыққа айнала бастады. 1990 жылы ел халқының 41 пайызын құрап, 6,8 миллион адамға жет-кен казақ ұлты өзінің төл мемлекеттілігін жасау мүмкіндігіне ие болды.
Қазақ этносының ұлтсыздануының, ана тілінен айырылуының, ұлттық ділінен алшақтауының зиянды және қауіпті үдерістеріне шек қоюдың саяси алғышарты да жасалды. Тәуелсіздік қазақ ұлтына этно-демографиялық және мәдени жаңару мүмкіндігін алып келді. Бұл мүмкіндіктердің де кепілі президенттік билік деп білді қазақ халқы. Сонымен бірге, қазақ халқы Қазақстан Президенті ең алдымен бүкіл Қазақстан халқының мүдделерін, мақсат-мұраттарын іске асырушы болуға тиісті екендігін түсінді, өзінің этностық мүдде-лерінің Қазақстан халқы мүдделері шең-берінде біртіндеп шешілу саясатының келе-шегіне және қажеттілігіне енді. Бұл күрделі құбылыс қазірге дейін эволюциялық дамуда жалғасып келеді. Тәуелсіздіктің бастапқы кезеңінде Президент басқарған саяси элита үш ғасырға жуық созылған Ресей империясының бодандығында болу қазақ ұлтын біртіндеп құру табалдырығына әкелгендігін жақсы түсінді. Бодандық жалғаса берген жағдайда қазақ этносы ұлттық белгілерінен айрылып, ассимиляцияланған тобырға айналатындығы сөзсіз болатын. Онын кең байтақ, табиғи ресурстарға толы жері басқаның иелігіне өтеді. Қазақ ұлтына тәуелсіздік осындай қасіреттерден құтылу мүмкіндігін сыйлады. Халқымыз ұзақ тарихи кеңістікте өзінің билігі өзінде болатын, әлемдік ереже-тәртіптерге икемделген халықаралық қатынастар субъектісіне айналды. Бұл жаңа құбылыс та қазір өз жалғасын табуда.
Бірақ, полиэтностық
елде қазақ этносының ұлттық,
тілдік мүдделерін асығыс
керек болды. Қазақстанның тәуелсіздігін
жариялауды аса сақтықпен, елдегі
көп халықтардың саяси көңіл-
Президенттік
биліктің ұйымдастырушылық
себептерінен туған тарихи қажеттілік екендігін дұрыс түсінді. Президенттік
билік басшылығымен Қазақстанхалқы елдегі саяси тұрақтылықты қоғамдық және этностық келісімді сақтай отырып, егемендікке келді. Әлеуметтік және этностық катаклизмалардың болмауы ел экономикасының нарықтық модернизация жолына тез түсуіне қолайлы жағдай туғызды. Экономиканың тез жандануы Қазақстанды Кеңес Одағы күйреуінен туған дағдарыстық ахуалдан жылдам алып шыққаны белгілі. Әрине, елдегі саяси-экономикалық құрылыстар алмасуы кезеңінде болған барлық күрделі құбылыстарды президенттік билікпен тікелей байланыстырып қоюғаболмайды. Сонымен бірге, өзекті, тағдыр шешті мәселелердің барлығы дүрыс шешілуіне Президент өзінің құзырлы билігімен тікелей ықпал етіп отырды. Сол себепті Қазақстанның тәуелсіздік жолына түсуі барысындағы жетістіктері мен кемшіліктері де белгілі бір деңгейде Президент қызметіне байланысты. Себебі, Конституция бойынша елдің ішкі және сыртқы саясатын анықтауда Президент шешуші рөл атқарады. Қазақстанның саяси өмірінде нақты орын алған президенттік билік азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғап, олардың саяси қауіпсіздігін, материалдық әл-ауқатын қорғайтын конституциялық дамудың кепіліне айнала бастады. Елде билік дағдарысыкұбылысы күн тәртібінен түсті. Соның арқасында елдің саяси жүйесінде, халықтың саяси санасы мен мәдениетінде президенттік билік өз орнын бірден тапты. Президенттік биліктің Қазақстанда абыройды тез жинауында елдің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жеке басының харизмалық сапалары, іскерлігі, елжандылығы, табандылығы және Қазақстан мемлекеті алдында тұрған ағымдағы және стратегиялық міндеттерді терең түсінуге және шешуге қабілеттілігі оң ықпал етті деп батыл айтуға болады.