Қазақстан Республикасы Президентінің Республика халқына Жолдауы – аса маңызды Конституциялық құжат

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2014 в 16:16, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасы Президенті институтының тарихи қажеттілігін көрсету және Қазақстанның Президенттік Республикадан Президенттік-Парламенттік Республикаға өту мәселелерін қарастыру.
Осы мақсатқа сәйкес жұмыстың алдына мынадай міндеттер қойылды:
Қазақстан Республикасы президенті институтының тарихи қажеттігін көрсету;
ҚР Президентінің Конституциялық-құқықтық мәртебесін көрсету;
ҚР Президентінің құзыретін көрсету.

Оглавление

КІРІСПЕ............................................................................................................... 3

І ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ИНСТИТУТЫНЫҢ ТАРИХИ ҚАЖЕТТІЛІГІ........................................... 5

1.2. Президенттің құқықтық мәртебесі........................................... 10

1.3. Президентті сайлау және оны лауазымынан
кетіру тәртібі.......................................................................... 12

ІІ. ПРЕЗИДЕНТТІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ........... 19

2.1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚҰҚЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ....................................................................................... 22

2.2.ПРЕЗИДЕНТ ӘКІМШІЛГІ ЖӘНЕ БАСҚА ОРГАНДАР......................... 27

ІІІ тарау. Қазақстан Республикасының Президенті – «Нұр Отан» партиясының төрағасы...................... ............................................................. 29

IV тарау. Қазақстан Республикасы Президентінің Республика халқына Жолдауы – аса маңызды Конституциялық құжат..................................... 41

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................. 57

Пайдаланған әдебиеттер тізімі........................................................................ 59

Файлы: 1 файл

Дип.-ҚАЗАҚСТАН-РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ-ПРЕЗИДЕНТІ-МЕМЛЕКЕТ-БАСШЫСЫ.doc

— 400.00 Кб (Скачать)

"Сайлау туралы" заң күші  бар Жарлық Президент лауазы-мына  үміткерге қойылатын тағы бір талапты ұсынады1. Үміткер жеке бір табынушылыққа қызмет етпеуі тиіс. Мұндай талап Қазақстан мемлекетінің зайырлық сипатынан туындайды. Пре-зидент, кез келген азамат сияқты, кайсыбір дінді ұстауы немесе ұстамауы мүмкін. Алайда, дін кайраткері болмауы, кайсыбір конфессияға қызмет етпеуі тиіс. Ол мейлінше, әр түрлі  дінді ұстайтын азаматтардың  дауыс беруімен сайланады. Сондықтан Президент зайырлы мемлекеттің басшысы ретінде бүкіл халық-ты ойлауы керек. Одан әрі, үміткердің заң тәртібімен белгілен-ген соттылығын өтемеген адам болмауы керек: ол белсенді сай-лау құқығының иесі болуы тиіс.

          Қазақстан  Республикасының Конституциясы  Президент сайлауының негізгі  құқықтық бастауын белгілейді. Кезекті  және кезектен тыс Президент  сайлауы өткізілуі мүмкін. Пре-зиденттің кезекті сайлауы желтоқсанның бірінші жексенбісінде өткізіледі және Республика Парламентінің жаңа құрамын сай-лау мерзімімен тұспа-тұс келмеуі керек. Республика Пре-зидентінің кезектен тыс сайлауы Президент лауазымынан мерзімінен бұрын босаған немесе кетірілген жағдайда өткізіледі. Республика Президентіне кезектен тыс сайлау Президент екілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылғаннан кейінгі екі ай мерзім ішінде өткізілуі тиіс.

             Қазақстан Республикасы Конституциясы  Президентті сайлау үшін барынша көпшілік дауыстың мажоритарлық жүйесін белгіледі. Егер дауыс беруге сайлаушылардың 50 проценттен астамы қатысса сайлау өткізілген болып есептеледі. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 50 процентінен аста-мын алған кандидат сайланған болып есептеледі, Егер кандидаттардың бірде-бірі көрсетілген дауыс санын ала алмаса, қайдан дауысқа салынады, оған көп дауыс алған екі кандидат қатысады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың ең көп дауыс алған кандидат сайланды деп есептеледі.

           "Қазақстан Республикасының сайлау туралы" Заңы Президент сайлауы тәртібін егжей-тегжейлі регламенттейді1. Президенттікке кандидатты өз мүшелерінің және мүше еместерінің арасынан олардың жоғары органдары атынан республикалық қоғамдық бірлестіктер ұсынады. Азаматтарға өзін-өзі ұсыну кұқығы да берілген.

             Қазақстан Республикасы Конституциясы  бір адамның Рес-публика Президенттігіне  қатарынан екі мерзімнен артық  сай-лана алмайтындығын көздейді. Мұндай қағида Ресей Федера-циясы  Конституциясында да көзделген. Бұл конституциялық, норма басқарушы тұлғалардың ауыстырылмайтын номенкулатурасын қалыптастыру мүмкіндігіне жол бермеуден туындайды1. Сонымен бірге Президенттік лауазымға қатарынан екі рет сайланған азамат болашак,  Президент лауазымына сайлану үмітін жоғалтпайды.

Қазақстан Республикасы Конституциясында Президентті сайлаудың негізгі құқықтық бастамасы белгіленген. Президент тек кезекті сайлауда сайланады. Президенттің кезекті сайлауы желтоқсанның бірінші жексенбісінде жүргізіледі және ол сайлау Республика Парламентінің жаңа құрамын сайлаумен мезгілі тура келмеуі керек. Республика Президентінің кезектен тыс сайлауы жүргізілмейді.

        Конституция  бүкіл халық сайлаған Президенттің  лауазымы-на кірісу рәсімін де  қарастырады. Қазақстан Республикасының  Президенті Парламент депутаттарының, Конституциялық Ке-ңес мүшелерінің, Жоғарғы Сот мүшелерінің қатысуымен сал-танатты жағдайда халыққа ант бергеннен кейін қызметіне кіріседі. Анттың мәтіні 42-бапта келтірілген: "Қазақстан хал-қына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен зандарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, Қазақстан Респуб-ликасы Президентінің өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін".

           Президенттің  басшы және жоғары лауазым иесі ретіндегі жоғары құқықтық мәртебесі жан-жакты қорғауды қажет етеді. Президент халыктың еркін білдіргенмен, оның қызметі қарама-қарсы күресуші саяси күштерден барлық  уақытта бірдей қолдау тауып және мақұлданып жүрген жоқ. Сондықтан Президенттің қызметіне қатысты негізсіз пікірлер, сөздер ғана айтылып қоймайды, сондай-ақ Президенттің ар-намысына, қадір-қасиетіне тиетін сөздер де айтылады. Президентті, оның мәртебесін құқық бұзушылық сипаттағы сөздерден қорғау қажет2. Әрине, Президентке қатысты да сын ескертпелер айты-лады. Сезім құлдығындағы сыни пікірлер кейде құқыққа қарсы сипаттағы балағаттауға ұштасып кетеді. Бұдан кейбір адамдар-дың құқықтық, санасы деңгейінің төмендігі және демократиялық, құқықтары мен бостандықтарын пайдалана алмайтындығы көрінеді. Құқықтық сананы жаппай қалыптастыру және демо-кратиялық институттарды пайдалану дағдысын тиянақтау едәуір уақытты қажет етеді. Екінші жағынан, мемлекеттік органдар, барлық деңгейдегі лауазымды адамдар бір ғана жазалау шара-ларымен жаппай оң құқықтық, сананы қалыптастыруға және демократиялық тәртіпті бойға сіндіруге, мемлекеттің лауазымды адамдарына қатысты құрмет сезіміне тәрбиелеуге болмайтындығын саналы түрде сезінулері тиіс. Осыны ескере келе Президент Н.Ә.Назарбаев 1995 жылғы 21 маусымда елімізде баршаға құкықтық, білім беру жөніндегі шаралар туралы арнайы қаулы қабылдады. Қазір халықтың барлық қабаттарын, қызметкерлердің министрге дейінгі барлық санаттарын қамты-ған құқықтық білім беру жұмыстары өріс алды.

         Қазақстан  Республикасы Конституциясының 46-бабына сәйкес мемлекет басшысы ретінде Президент тиіспеушілік құқығына ие. Президентке, оның абыройы мен, қадір-қасиетіне ешкімнің тиісуіне болмайды. Республика Президентінің абы-ройына, қадір-қасиетіне нұқсан келтірушілік заң бойынша жа-уапқа тартылады. Әңгіме Президентті барлық азаматтарға қатыс-ты заңның қорғайтындығы туралы болып отырғандығын ескерген жөн.

           Қазақстан  Республикасының 1993 жылғы Конституциясы  Президентті лауазымынан босату  және кетіру жөніндегі инсти-тутты карастырмады. Бұл институт Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясында көрініс тапты. Президентті лауазымынан босату және кетірудің айтарлықтай күрделі тәртібі белгіленді. Сырқаттығына байланысты өз міндетін жүзеге асыруға жұмыс қабілетінің үнемі болмауы кезінде Президент мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін. Мұндай жағдайда Парламент әр Палата депутаттарының тең санынан және медицинаның тиісті салаларының мамандарынан тұратын комиссия құрады. Мерзімінен бұрын босату туралы шешім Парламент Палаталарының бірлескен отырысында комиссияның қорытындысы және Конституциялық Кеңестің конституциялық рәсімінің сақталғаны туралы қорытындысы негізінде әр Палата депутаттары жалпы санының кемінде төрттен үшінін көпшілік даусымен қабылданады. Конституция Президентті лауазымынан кетіруге қатысты ерекше тәртіп белгілеген. Президент өзінін, міндетін атқару кезіндегі іс-әрекеті үшін тек қана мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда жауап береді1. Осы үшін Парламент Президентті лауазымынан кетіруі мүмкін2. Кінә тағу және оны тергеу туралы шешім Мәжіліс депутаттарының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша Мәжіліс депутаттарынын жалпы санының көпшілік даусымен кабылдануы мүмкін. Тағылған кінәні тергеуді Сенат ұйымдастырады және оның нәтижесі Сенат депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен Парламент Палаталарының бірлескен отырысының қарауына беріледі. Осы мәселе бойынша түпкілікті шешім Парламент Палаталарының бірлескен отырысында әр Палатадан депутаттардың жалпы санының кемінде төрттен үшінің көпшілік даусымен қабылданады. Мұндай жағдайда Жоғарғы Соттың тағылған кінәнің негізділігі туралы қорытындысы және Конституциялық Кеңестің белгіленген конститу-циялық рәсімдердің сақталғаны туралы қорытындысы болуы тиіс. Егер кінә тағылған кезден бастап екі ай мерзім өткенше Парламент түпкілікті шешім кдбылдамаса, Президентке қарсы қойылған кінә кабылданбай тасталған деп танылады. Мемлекетке опасыздык жасағаны туралы Президентке тағылған кінә кез келген сатыда кабылданбай тасталуы мүмкін.

            Мұндай жағдайда Президенттің мемлекетке опасыздық жасағаны туралы мәселе көтерген Мәжіліс депутаттарының екілеттігі мерзімінен бұрын токтатылады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 63-бабында көзделген жағдайда Президент Парламентті тарата алады. Президент Парламенттің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені қараған кезенде Президентті лауазымынан кетіру туралы мәселені қозғауға болмайды. Мұндай қағида Парламент пен Президентті карама-қарсы қоюға жол бермеу мақсатын көздейді.

         Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы Вице-президент лауазымын қарастырған еді. Практика оның терістігін көрсеткендіктен, 1995 жылғы Конституция мұндай лауазымды қарастырмайды. Қазақстан Республикасының Президенті қызметінен мерзімінен бұрын босаған немесе кетірілген, сондай-ақ  қайтыс болған жағдайда Республика Президенті-нің өкілеттігі қалған мерзімге Парламент Сенатының  Төрағасына көшеді; Сенат Төрағасының өзіне Президент өкілеттігін қабылдауы мүмкін болмаған ретте ол Парламент Мәжілісінің Төрағасына көшеді; Мәжіліс Төрағасының өзіне Президент өкілеттігін қабылдауы мүмкін болмаған ретте ол Республиканың Премьер-Министріне көшеді. Оның Парламентті таратуға, Үкіметтің өкілеттігін тоқтатуға, республикалық референдум тағайындауға, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныс енгізуге құқығы жоқ. Мұндай шектеудің мәні түсінікті: Президент міндетін атқарушы тарапынан мемлекеттік билікке зорлық жасалмауын көздейді. Өйткені, оны халық сай-лаған жоқ және ол халық атынан сөйлей алмайды.

Конституция республика Президентінің лауазымына кірісуіне байланысты шектеушілікті белгілейді. Президенттің өкілдік органның депутаты болуға, өзге де лауазымды атқаруына және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына құқығы жоқ. Егер Президент саяси партияның мүшесі болса, онда өзінің өкілеттігін жүзеге асыру кезеңінде ол ондағы қызметін тоқтата тұрады. Аталған шектеудің саяси мәні бар. Егер Президент бір мезгілде Парламент депутаты болса, онда ол оның қызметіне ықпал етуге (кысым жасауға) мүмкіндік алар еді, ол билік бөлісу принципіне қайшы келер еді. Көптеген Президенттер саяси партиялардың басшылары (жетекшілері) болып табылады және партиядағы өзінің мүшелігін тоқтата тұрмайды. Қазақстан Республикасының Конституциясындағы қағида белгілі бір дәрежеде бір саяси партия үстемдігінің теріс әсерін көрсетеді және оппозициялық күштердің мүмкін қысымына қарсы бағыгталған.

2000 жылғы 20 шілдеде "Қазақстан Республикасының  Тұңғыш Президенті туралы" Конституциялық  Заң қабылданды1. Бұл заң жаңа тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің, негізін қалаушылардың бірі, Қазақстан халқының көшбасшысы, Конституция га-ранты ретінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті ретінде Н.Ә. Назарбаевтың саяси және құқықтық жағдайын айқындайды. Заң өзінің мақсаты ретінде Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарының, елдегі әлеуметтік-экономикалық және демократиялық қайта құрудың сабақтастығын қамтамасыз етуді көздейді.

"Қазақстан Республикасының  Тұңғыш Президенті туралы" Конституциялық  заң Н.Ә. Назарбаевтың мемлекет  алдындағы ерекше тарихи еңбегінің  арқасында қабылданған айрықша акт болып табылады. Заң тұңғыш Президентке оның сіңірген еңбегі үшін ол Президенттің лауазымында болған кезеңде, сондай-ақ кейін де пайдалана алатын бірқатар құқықтарды ғұмырлық береді. Оларға төмендегі кұқықтар жатады:

1.  Ол Қазақстан халқына, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттік құрылыстың, елдің ішкі және сыртқы саясаты мен қауіпсіздігінің аса маңызды мәселелері бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар міндетті түрде қарауға жататын бастамалар жасауға құқылы.

2.  Ол өзінің өкілеттіктерін  атқаруды тоқтатқаннан кейін  де Қазақстан Республикасының Парламенті мен оның Палаталарының алдында, Үкіметтің отырыстарында ел үшін маңызды мәселелерді талқылау кезінде, сөз сөйлеуге, Қазақстан халықтары Ассамблеясын басқаруға, Қазақстан Республикасы Кон-ституциялық Кеңесінің, Қауіпсіздік Кеңесінің құрамына кіруге құқылы.

Қазакстан Республикасы Тұңғыш Президентінің заңды қызметіне кедергі жасауға жол берілмейді және ондай әрекет заңмен қудаланады.

Н.Ә. Назарбаевтың ерекше еңбегін атап өту кұрметіне "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев" ордені және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің жыл сайынғы Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы тағайындалды.

Заңда Президентке ешкімнің тиіспеушілігі туралы ерекше айтылған. Ол мемлекетке сатқындық жасау жағдайларын қоспағанда, өз мәртебесін жүзеге асыруға байланысты іс-әрекет үшін жауапты болмайды. Қазақстан Республикасының Түңғыш Президентіне тиіспеушілік оның тұрғын, қызмет үй-жайларына, жеке және кызмет бабындағы көлігіне, жазылатын хат-хабарларына, ол пайдаланатын байланыс кұралдарына, сондай-ақ оған тиесілі құжаттарға қолданылады. Заң Президенттің қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды көздейді. Ол шаралар байланыспен, күзетпен, медициналық кызметтермен, зейнетақымен қамтамасыз етуді көздейді. Осы конституциялық заң көздеген шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджеттің қаражаттары есебінен жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. ПРЕЗИДЕНТТІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ  ӨКІЛЕТТІКТЕРІ

 

Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігі президенттік басқару жүйесінің мазмұнымен алдын ала айқындалады. Президентке тізілімі Конституцияда және Президенттің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Конституциялық заң күші бар Жарлығымен белгіленген кең өкілеттіктер берілген.

Президенттің Парламентке қатысты өкілеттігі. Президент Парламенттің кезекті және кезектен тыс сайлауын тағайындайды; Парламенттік өкілеттік мерзіміне Сенатқа жеті депутатты тағайындайды; Парламенттің бірінші сессиясын шақырады; Парламент депутаттарының Қазақстан халқына ан-тын қабылдайды; Сенат Төрағасы лауазымына кандидат ұсынады; Парламент Палаталарының кез келген бірлескен және жеке өткізілетін отырыстарына қатысуға және сөз сейлеуге құқылы; Үкімет мүшесі заңдарды орындамаған жағдайда Парламент Сенатының немесе Мәжілісінің оларды қызметінен бо-сату жайындағы өтінішін қарайды; Конституцияда көзделген жағдайларда және тәртіппен Парламентті тарата алады.

Информация о работе Қазақстан Республикасы Президентінің Республика халқына Жолдауы – аса маңызды Конституциялық құжат