Қазақстан Республикасы Президентінің Республика халқына Жолдауы – аса маңызды Конституциялық құжат

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2014 в 16:16, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасы Президенті институтының тарихи қажеттілігін көрсету және Қазақстанның Президенттік Республикадан Президенттік-Парламенттік Республикаға өту мәселелерін қарастыру.
Осы мақсатқа сәйкес жұмыстың алдына мынадай міндеттер қойылды:
Қазақстан Республикасы президенті институтының тарихи қажеттігін көрсету;
ҚР Президентінің Конституциялық-құқықтық мәртебесін көрсету;
ҚР Президентінің құзыретін көрсету.

Оглавление

КІРІСПЕ............................................................................................................... 3

І ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ИНСТИТУТЫНЫҢ ТАРИХИ ҚАЖЕТТІЛІГІ........................................... 5

1.2. Президенттің құқықтық мәртебесі........................................... 10

1.3. Президентті сайлау және оны лауазымынан
кетіру тәртібі.......................................................................... 12

ІІ. ПРЕЗИДЕНТТІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ........... 19

2.1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚҰҚЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ....................................................................................... 22

2.2.ПРЕЗИДЕНТ ӘКІМШІЛГІ ЖӘНЕ БАСҚА ОРГАНДАР......................... 27

ІІІ тарау. Қазақстан Республикасының Президенті – «Нұр Отан» партиясының төрағасы...................... ............................................................. 29

IV тарау. Қазақстан Республикасы Президентінің Республика халқына Жолдауы – аса маңызды Конституциялық құжат..................................... 41

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................. 57

Пайдаланған әдебиеттер тізімі........................................................................ 59

Файлы: 1 файл

Дип.-ҚАЗАҚСТАН-РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ-ПРЕЗИДЕНТІ-МЕМЛЕКЕТ-БАСШЫСЫ.doc

— 400.00 Кб (Скачать)

Құрамында 500 студенті бар 30 студенттік құрылыс  жасақтары «Нұрсәт» шағын ауданында құрылыс жұмыстарын жалғастырып, атқарылған жұмыстардың көлеміне қарай студенттердің орташа  25–30 мың теңгеден жалақы алды. Ал «Жасыл Ел» жасақтарына келетін болсақ, көктемнен бастап сенбіліктерге қатысып, Бадам  өзені  бойын  тазалады. «Менің  қалам–таза  қала»  атты оннан аса  қалалық  акциялар өткізді. Ескерткіштерді қорғау күніне орай экологиялық акцияға қатысып, тарихи және мәдени ескерткіштерді тазалады және Абай атындағы саябақты  ретке  келтірді.

Алтыншы басымдық–партияны ұйымдастырушылық, кадрлық, идеологиялық тұрғыдан күшейтіп, саяси менедж– менттің заманалық үлгісін енгізу қажеттігіне арналған.

Облыстық партия ұйымы бүгінгі күні аймағымыздағы ұйымдастыру–партиялық және идеологиялық жұмыстардың қуатты құралына айналып отыр. Соңғы 3 жылда өткен сайлаулардың талдау нәтижелелері партияның күрделі міндеттердің үдесінен шыға алатындығын көрсетті. Еліміздің болашағы партияны материалдық, кадрлік және идеоло– гиялық тұрғыдан одан әрі нығайтуды талап етеді. Партия стратегиялық шешімдер қабылдаудың орталығына айналуда. Партияның сараптама және зерттеу жұмыстары жалғасуда.

Елбасы өз сөзінде партия қызметкерлерінің мансаптық тұрғыдан көтерілуіне және олардың біліктілігін жоғары– латуға, әсіресе, жергілікті жерлердегі партия кадрлерін жоғарлатудың механизмін жасақтауы керек екенін атап өтті. Сондай–ақ партияның бағдарламасы мен бағыттарын көпшілікке терең түсіндіріп бере алатын танымал саясат– керлердің тобын қалыптастыру керектігін көрсетті. Осыған орай Елбасы кадрларды қалыптастыруда «Тікелей ұтқұр» саясат жүргізу керек екендігіне назар аударды. Президент партияның жергілікті филиалдарында 2–3 жыл жақсы істеген қызметкерлерді орталық аппаратқа, одан әрі конкурстық рәсімдерді сақтай отырып, мемлекеттік органдарға жұмыс істеуге жылжытудың тетіктерін жасауы тапсырды. Мұндай жұмыстар «Партияның кадрлік резерві» бағдарламасы бойынша қолға алынды.

Партия жанынан құрылған Парламентаризм инсти– тутына партиялық оқуды ұйымдастыру, партия активінің біліктілігін көтеруді жолға қою жөнінде тапсырмалар берілді.     

Партия қатарында болу қоғамда мақтаныш пен құрметтің негізіне айналуы керек. Осыған сәйкес партия мүшелерінің жауапкершілігін жоғарылату қажет. Партия қатарына өту, партияның мақсаттарын бөлісетіндікті, оларды жүзеге асыруға белсенді қатысуды «Нұр Отанның» беделін көтеруге ұмтылысты сөзбен емес, іспен дәлелдуді талап етеді. Осы  арқылы әрбір партия мүшесі мемлекетіміздің нығаюы мен халықтың игілігінің өсуіне өз үлесін қосады.

2008 жылы 1 ақпанда өткен партияның  облыстық филиалы Саяси кеңесінің  кеңейтілген мәжілісінде облыстық  партия ұйымы төрағасы, облыс  әкімі Н.С.Әшімов мынандай ұсыныстар  айтты.

  1. Болжау қызметін атқаратын ақпараттық–талдау орта– лығын құру. Мұндай орталық жедел және шынайы ақпарат алу үшін қажет. Бұл орталық біріншіден, жедел және шынайы ақпарат алу арқылы дұрыс қорытынды жасауға негіз береді. Екіншіден, экономикалық және қоғамдық–саяси саладағы келеңсіздіктерді дер кезінде көруге мүмкіндік береді. 
  2. Облыстық партия ұйымдарында партия кадрларын оқыту, қайта даярлау, барлық денгейдегі мәслихат депутаттарын оқыту, жас партия мүшелерінің саяси білімін көтеру мен тәрбиелеу мақсатында білім беру Орталығын құру. Н.С.Әшімовтың пікірінше бұндай орталық, «Партияның кадрлық резерві» атты Президенттік бағдарламаны жүзеге асырудың кепілі болып, идеологиялық, әдістемелік сипаттағы саяси әдебиеттер шығаруға қол жеткізеді.
  3. Облысымызда білім беріп жатқан беделді бірқатар жоғарғы оқу–орындарымен ғалым–қоғамтанушылардың, саясаттанушылардың студенттер мен халықаралық саясат мамандарының мол қорының болуы, олармен өзара іс–қимыл жүйесін құру идеясына жетелейді. 

Мұндай жағдай партия құрылысының өзекті проблема– лары туралы лекция оқу, студенттерді тәжирбиеден өткізу, ғылыми шағын еңбектер мен монографиялар жазу, диссер– тациялар қоғау тәрізді міндеттерді атқарып, облыстық партия ұйымының жұмысын ғылыми негізде дамытуға негіздер қалар еді.

Жетінші бағыты бойынша Қазақстанда ұлтаралық келісімді жетілдіруге президентіміз ерекше назар аударды. Біздің республикада  130, облысымызда 100–ден аса ұлттар мен ұлыс өкілдері тұрады.

Ұлттық ерекшелігіне қарамастан, әр азаматқа теңдей мүмкіндікті кепілдендіретін құқықтық база құрылды. Соны– мен қатар, еліміздің этномәдени көпқырлылығын сақтау мен дамытудың қажетті алғышарттары қамтамасыз етілді. Тәуелсіз даму кезеңдерінде ұлтаралық келісімді сақтау мен нығайтудың өз елімізге ғана тән үлгісі қалыптасты. Біздің үлгіміздің құрылымы қарапайым. Оның маңызды элементі этностық радикализмнің, ұлттық белгісі бойынша қысым көрсетудің, діни төзімсіздік пен экстремизмнің кез келген көрінісін  қағидатты тұрғыдан қабылдамау және қатаң түрде жолын кесу болды.

Парламенттік көпшіліктің жалпыұлттық партиясы бола отырып, «Нұр Отан» партиясы ұлтаралық қатынастың барлық мәселелері бойынша өзінің нақты ұстанымында иелік етіп, ұлтаралық келісім мен діни толеранттылық ісіне өз үлесін белсенді түрде қосып келеді.

Осыған орай, Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) ерекше рөлі туралы айтпай кетуге болмайды. Бұл шын мәнінде он жылдан астам уақыттан бері өзінің басты міндеті–ұлтаралық қатынастарды үйлестіру үшін барлық этностық топтардың мүддесін сәйкестендіретін қызметті табысты жүзеге асырып келе жатқан ғажайып құрылым болып отыр.

Конституциялық реформаларға сәйкес Ассамблеяның мәртебесі айтарлықтай жоғарылады.

Біріншіден, Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің Конституциялық мәртебесіне ие болды. Еліміздегі 130–ұлт пен ұлыстардың өкілдерінің ынтымағы мен бірлігеін, достығы мен туыстығын арттыру жолындағы ҚХА–ның алдына жаңа міндеттер қойылды.                                                                       

Екіншіден, Қазақстан халқы Ассамблеясы Парламент Мәжілісінің 9 депутатын сайлады. Олар елімізде ұлтаралық келісім мен татулықты сақтау мен дамытудың негізгі кепілдігінің бірі болуы тиіс.

Үшіншіден, КХА өкілдері Мәжіліспен қатар Сенатта да бола алады. Елбасы бұл мәселені  өзі тағайындайтын 15 депутат арқылы шеше алады.

Ұлт мәселесінен бүкіл қоғам тысқары қалмауы тиіс екендігі кім–кімге де түсінікті болса керек. Мысалы, бұқаралық ақпарат құралдарының өзі ұлтаралық қатынас тақырыбын жариялау немесе көрсету ісіне барынша жауап– кершілікпен қарауы қажет. Өйткені, бүгінде БАҚ–қоғамдық пікір қалыптастырудың қуатты факторы. Демек, өзінің ықпалы арқылы олар қоғамды ұлттық белгісі бойынша аса бір жеңілдікпен алауыз етуге немесе топтастыруға қабілетті. Мысал үшін айтсақ, жақында орын алған жан–жалдар іс жүзінде таза тұрмыстық сипатта болатын. Міне, сондықтан олар көп уақыт өтпей өз шешімдерін тапты. Маловодный– дағы, Маятастағы жанжалдар ұлтаралық сипат алмай, өршіп кетпей тұрғанда тоқтатылды.

Елбасы өз сөзінде ««Нұр Отан» діни радикализм, саяи экстремизм секілді іріткі салғыш құбылыстарға қатысты әркез қағидатты ұстаным көрсетіп отыруы тиіс. Бұл кереғар құбылыстардың жолын кесуге бағытталған заңнамаларды жетілдіру бойынша шаралар ұсынып, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізуі керек» деп атап өтті.

Еліміз үшін  аса қауіпті  мәселе діни экстремизмнің  белең  алуы және осы жолда көптеген азаматтарымыздың, әсіресе, жастардың түрмелерге түсіп, жазаға ұшырауы. Діни экстремизм өмір сүріп отырған Конститутциялық және қоғамдық құрылысты күшпен өзгертуге, діндер мен ұлттар арасындағы ашық қақтығыстарды  ұйымдастыруды міндет етіп қойған ағым. Елімізде осындай бағыттағы 12 шетелдік діни және саяси ұйымдардың қызметі сот бойынша тиым салынған. Солардың ішіндегі ең қауіптілерінің бірі «Хизбут–Тахрир» ұйымы. Бұл ұйымның қызметі Республиканың біршама облыстарында  кездесіп отыр.

Діни экстремистік ұйымдар әсіресе, жастар арасында қатты жұмыс істеуде. Олардың ықпалына түскен жастардың бір тобы сотталып та кетті. Олар түрмелерде отырып та өз насихаттарын жүргізіп, қылмыскерлердің өзін  аз уақытта  өз қатарына тартып алып жатқаны туралы хабарлар да бар. Мұның бәрі «Хизбут–Тахрир» ұйымының мүшелерінің терең дайындықтан өткендігін, өз ісіне сенімділігінің батыл– дығынын арқасында екендігін мойындамауға болмайды. Осының бәрі де жастардың нағыз адасуы. Бұл ұйымның қауіптілігі де осында. 

Еліміздегі діни экстремизмді болдырмау және оның алдын алу үшін шешуші қадамдар жасау керек. Олардың ішінде ең алдымен мынадай жұмыстарды атқарған жөн:

- тез арада дін жөніндегі жаңа заңды қабылдау, сол заң арқылы бүкіл  діни  бірлестіктерді қайта тіркеу;

-  тіркеуге дейін діни бірлестіктің қандай дінге, конфе– ссияға жататындығын  сараптау;

- діни бірлестіктерді олардың жоғары тұрған ең кемі Республикалық және шетелдік орталықтарының келісім– імен тіркеу;

- діни бірлестіктердің қызметінің ішкі мазмұнын анықтай– тын зерттеулер мен мониторингтарды үнемі жүргізіп отыру және осындай қызметтерді атқара алатын сарап– шылардың үлкен тобын дайындау, оларға жоғары дәрежеде  еңбек ақы төлеу. Себебі осы сараптамалардың еліміздің қауіпсіздігі үшін  ролі зор екендігін  түсіну қажет;

- оқу орындарында имандылық сабақтарын өткізу, діндердің тарихын оқыту, соның ішінде экстремистік бағыттағы діни ағымдардың қызметінің қауіптілігін көрсететін сабақтарды ендіру.

Діни экстремизмнің алдын алатындай мүмкіндіктерді жасау мемлекеттің  негізгі міндеттерінің бірі болып қалуы тиіс.

Қорыта айтқанда партия төрағасы, Елбасының сөзінде келтірілген жеті басым бағыттар халық пен партия мүшелерінің алдына жаңа міндеттер жүктеп отыр. Осы міндеттердің үдесінен шығуға барлық мүмкіндіктер бар. Елбасы тапсырмаларының ойдағыдай жүзеге асатындығына сенім мол.

 

 

                                                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

IV тарау. Қазақстан Республикасы Президентінің Республика халқына Жолдауы – аса маңызды Конституциялық құжат

 

2008 жылы 6 ақпанда Қазақстан республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстан халқының әл–ауқатын арттыру–мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауын жариялады.

Президенттің биылғы жылғы Жолдауы ұзақ мерзімге арналған «Қазақстан–2030» даму Стратегиясынан бастау алатын, еліміздің жақын жылдарғы дамуын болжайтын бағдарламалық құжат. Бұл Жолдау бұған дейінгі Елбасы Жолдауларының заңды жалғасы болып табылады.

Президент Жолдаулары ішкі логикалық тұрғыдан, сыртқы мазмұны жағынан да бірін–бірі жалғастырып, толықтырып және нақтылап жатады.

Елбасының 2004 жылғы 19 наурыздағы Жолдауы «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» деп аталған еді.

Ал 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауы «Қазақстан экономикалық және саяси жедел жаңғыру жолында» деген атпен жарияланды.

2006 жылғы 1 наурыздағы Жолдауы «Қазақстан  өз дамуында жаңа серпіліс  жасау қарсанында. Қазақ– станның  әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің  қатарына кіру стратегиясы» деген  атпен жарияланып, үлкен серпіліс тудырды.

2007 жылғы 28 ақпандағы Жолдауы «Жаңа  әлемдегі жаңа Қазақстан» атты  Жолдауы «Қазақстан–2030» Стратегиясының  алғашқы онжылдығын қорытындыларын  тұжырымдады және Стратегияның  екінші онжыл–дығының негізгі  отыз міндетін айқындап берді. Мұнда жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанды сомдау бағдарламасы ұсынылды.

Әрбір Жолдауыдың өзіне тән ерекшеліктері бар. Биылғы 2008 жылғы Жолдауыдын мынадай ерекше– ліктеріне назар аударуға болады.

Бірінші ерекшелігі. Жолдау Конституциялық реформалардан және 2007 жылы 18 тамызда партиялық тізімдер негізінде сайланған жаңа Парламент Мәжілісі қызметіне кіріскеннен кейін жарияланып отыр. Елдегі саяси реформалар мемлекетіміздің сипатын өзгертуге негіз болды. Қазақстан Президенттік Республикадан Президенттік–Парламенттік Республикаға айналды.     «Нұр Отан» партиясы Парламентік көпшілік орынды жеңіп алып, биліктің партиясынан билеуші партияға айналды. Осы жағдайлардың барлығы да Жолдаудың құрылымына және оның идеялық бағыттарына өз әсерін тигізді.  

Екінші және басты ерекшелігі. Жолдаудың нақты әлеуметтік сипаты. Бұл ерекшелік Жолдаудын атынан да көрініп тұр. Жолдаудың бұл ерекшелігі көрініс бере бастаған экономикалық дағдарыстар орын алған елдердің Қазақстанға ықпалын ескере отырып, еліміздің халқын осы дағдарыстардың қиындықтарының әсерінен сақтау. Сол үшін де Елбасы қандай қиын жағдай болмаса да халықтың әл–ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты бағыты болып қала беретіндігін тағы да жариялады. 

Үшінші ерекшелігі. Жолдауда бүгінгі әлемдік конъюнктура нашарлаған жағдайда еліміздің экономи– калық өсуінің тұрақты  қарқындарының қамтамасыз ету және табанды модернизациялау ұсынылады. Пайда болған қиындықтарды еңсере отырып экономиканы орнықты өсіру жөніндегі нақты шаралар көрсетілген. 

Төртінші ерекшелігі. Жолдауда Қазақстан мемлекеттігін одан әрі нығайтудың, мемлекеттік басқау– дың тиімділігін көтерудің, «Нұр Отан» партиясының ролін арттыру және әкімшілік реформаларды жүзеге асырудың, сыбайлас жемқорлықпен күресудің құқық қорғау және сот жүйелерін жетілдірудің негіздері ұсынылған.

Информация о работе Қазақстан Республикасы Президентінің Республика халқына Жолдауы – аса маңызды Конституциялық құжат