Қазақстан Республикасы Президентінің Республика халқына Жолдауы – аса маңызды Конституциялық құжат

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2014 в 16:16, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасы Президенті институтының тарихи қажеттілігін көрсету және Қазақстанның Президенттік Республикадан Президенттік-Парламенттік Республикаға өту мәселелерін қарастыру.
Осы мақсатқа сәйкес жұмыстың алдына мынадай міндеттер қойылды:
Қазақстан Республикасы президенті институтының тарихи қажеттігін көрсету;
ҚР Президентінің Конституциялық-құқықтық мәртебесін көрсету;
ҚР Президентінің құзыретін көрсету.

Оглавление

КІРІСПЕ............................................................................................................... 3

І ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ИНСТИТУТЫНЫҢ ТАРИХИ ҚАЖЕТТІЛІГІ........................................... 5

1.2. Президенттің құқықтық мәртебесі........................................... 10

1.3. Президентті сайлау және оны лауазымынан
кетіру тәртібі.......................................................................... 12

ІІ. ПРЕЗИДЕНТТІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ........... 19

2.1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚҰҚЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ....................................................................................... 22

2.2.ПРЕЗИДЕНТ ӘКІМШІЛГІ ЖӘНЕ БАСҚА ОРГАНДАР......................... 27

ІІІ тарау. Қазақстан Республикасының Президенті – «Нұр Отан» партиясының төрағасы...................... ............................................................. 29

IV тарау. Қазақстан Республикасы Президентінің Республика халқына Жолдауы – аса маңызды Конституциялық құжат..................................... 41

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................. 57

Пайдаланған әдебиеттер тізімі........................................................................ 59

Файлы: 1 файл

Дип.-ҚАЗАҚСТАН-РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ-ПРЕЗИДЕНТІ-МЕМЛЕКЕТ-БАСШЫСЫ.doc

— 400.00 Кб (Скачать)

Сонымен, Президент 1995 жылғы 30 тамыздағы Конститу-ция қабылданғаннан кейін де толық конституциялық негізде заң шығарумен айналысты, себебі, жаңа парламенттің сайлауы тек 1996 жылдың басында өтті.

1995 жылғы Конституция Президенттің  құқық шығармашы-лығы өкілеттіктеріне қандай жаңалық енгізді?

Ең алдымен, жаңа Конституцияның жобасын әзірлеудің бастамашысы, басшысы Н.Ә. Назарбаев болғанын атап өткім келеді. Нақ соның идеялары, соның, жаңа мемлекеттік құры-лысты, ұлттык құқық жүйесін болжай білуі жобаны әзірлеуге негіз болды. Бұл туралы мен Конституция жобасы жөніндегі сараптау-консультативтік кеңестің мүшелерінің бірі ретінде боямасыз, шынайы көңілмен айтып отырмын. Жалпы алғанда бұл Конституцияның сынақтан өткенін уақыт өзі көрсетіп отыр.

1995 жылғы ҚР Конституциясы Президентке:

  1. тікелей заң шығармашылығы өкілеттігін;
  2. заң шығармашылығы өкілеттігіне құқық;
  3. өзінің құқық шығармашылығы өкілеттігін;
  4. жанама заң шығармашылығы өкілеттігін берді.

Енді осылардың әрқайсысын қысқаша қарастырып өтейік:

1. Тікелей заң шығармашылығы өкілеттігіне біріншіден, кон-ституциялық бастамашылық өкілеттігі кіреді. Президенттің Парламентке немесе Республикалық референдумға Конститу-цияға өзгертулер немесе толықтырулар жобасын енгізуге ха-лық пен мемлекеттің атынан сөйлейтін мемлекеттің басшысы ретіндегі жағдайына байланысты айрықша құқығы бар. Мұндай құқықты біз ҚР Президентінің конституциялық бастамашылық құқығы деп атаймыз. Бұл мазмұнды құқық, себебі, Парламенттің қарауына енгізілетін өзгертулер мен толықтырулардың мазмұ-нын президенттің өзі айқындайды. Президент өзінің конститу-циялық, бастамашылық құқығын бір мәрте қолданғаны белгілі. Президенттің бастамасы бойынша 1998 жылғы 8 кдзанда Пар-ламент ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Парламенттен бастап мемлекеттік органдарды ұйымдастыру мен қызметінің демократиялық негіздерін кеңіткен заң кабылдады.

Екіншіден, тікелей заң шығармашылығы өкілеттігіне Президенттің заң жобаларын қарау басымдығын айқындау, сон-дай-ақ заң жобасын қарауды шұғыл деп жариялау құқығы жа-тады.

Үшіншіден, қарастырылатын топқа Президенттің салыстыр-малы вето құқығы жатады. Соның, ішінде, Президенттің жол-дануы бойынша Конституциялық Кеңес Азаматтық кодекстің ерекше бөлігінің Конституцияға, мемлекет мүдделеріне қайшы келетін бірқатар баптарын бейконституциялық деп таныды.

2.ҚР Конституциясы Парламенттің  Президенттің үндеуі бойынша  оған бір жылдан аспайтын мерзімге  заң шығармашы-лығы өкілеттігін  беру құқығын кездейді.

3. Президентгің өзінің құқық  шығармашылығы нормативтік және  нормативтік емес жарлықтар қабылдау нысанында көрінеді. Президенттің бұл құқығы оның бірқатар нормативтік актілерінде нақтыланады.

4.  ҚР Президентінің   жанама  құқық шығармашылығы өкілеттігі  мемлекет ішілік және халықаралық  аспектілерге ие. Мемлекет ішілік  аспект заңнамалық бастамасы болмаса да Пре-зидентке заң шығармашылығы мәселесі бойынша Үкіметке ықпал ету құқығы берілгенінен көрінеді.

Халықаралық аспект президенттің халықаралық келіссездер жүргізу мен халықаралық шарттарға қол қою құқығы бойынша белсенді сыртқы саяси қызметінен көрінеді. Президент қол қоятын халықаралық шарттар Қазақстан Республикасында әре-кет ететін құқықтың кұрамдас бір бөлігі болып табылады. Мұны-мен халықаралық құқықтық қарым-қатынастарға қосылып отырған Қазақстанның құқық жүйесі баи түседі.

Сонымен, Президент осы мемлекеттегі ең жоғарғы лауазым-ға сайланған сәтінен бастап оның кұқық шығармашылығы қызметіне қысқаша талдау мыналардың:

1.  Президенттің ерекше құқықтық  өкілеттіктерінің бүгінгі күнге  дейін тұрақты, табанды түрде  қалыптасқанын;

2.  Президент, өзінің құқық шығармашылығы өкілеттіктерін белсенді түрде пайдалана отырып Қазақстанның тарихи, геоса-яси және басқа да ерекшеліктерін ескеретін жаңа, дербес ұлттық құқық жүйесін қалыптастыруға бағасы жоқ үлес қосқандығын және де қосу үстінде екендігіне;

3.  Президенттің құқық шығармашылығы Қазақстанда президенттік басқару нысаны ретінде ресімделген Президенттік биліктің маңызды элементі болып табылады. Ол құқық шығар-машылық саласында туындайтын қарама-қайшылықтарды жоюға белсенді түрде жәрдемдесе, Қазақстан Республикасы Конституциясының идеяларын, принциптері мен нормаларын қорғай отырып, бүкіл ұлттық құқык, шығармашылығы жүйе-сінің үйлесімділігін сақтауға куәлік етеді.

 

2.2.ПРЕЗИДЕНТ ӘКІМШІЛГІ  ЖӘНЕ БАСҚА ОРГАНДАР

 

Конституцияға сәйкес Президент Әкімшілікті қалыптасты-рады. Әкімшілік Президенттің стратегиялық ұстанымдарын қамтамасыз етуі тиіс. Президенттің әкімшілік құрылымы осы-нысымен ерекшеленеді.

Президент Конституцияға сәйкес Қауіпсіздік Кеңесін (ҚК), Жоғарғы Сот Кеңесін және өзге консультативті-кеңесші органдар құрады. Қауіпсіздік Кеңесі туралы Ереже 1996 жылғы 8 желтоқсан-да Президент Жарлығымен бекітілді. Ол қорғаныс қабілетін және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адамдардың, құқықта-ры мен бостандықтарын, тәуелсіздікті және республиканың аумақтық тұтастығын қорғау саласында бірыңғай саясат жүргізу үшін құрылды. Оның міндетіне: мемлекеттік мүдделерді, оның негізгі бағыттарын белгілеу, оны жүзеге асырып, қорғау; ұлттық қауіпсіздікке төнетін ішкі және сыртқы қауіп-қатерді анықтап, оның жолын кесу, Ұлттық қауіпсіздіктің тұжырымдамасын, ұсыныс, нұсқауларын әзірлеу кіреді. Қауіпсіздік Кеңесі пәрменді құрылымдардың, орталық және жергілікті атқару органдарының қызметін үйлестіреді, сондай-ақ заң жобаларын талдайды, өз құзыреті шегінде нормативтік құжаттардың орын-далуын бақылайды. ҚК отырыстары Президенттің төрағалығы-мен өтеді. ҚК құрамына құқық қорғау органдарының, Сыртқы істер министрлігінің, Қаржы министрлігінің, Төтенше жағдай-лар жөніндегі мемлекеттік комитеттің басшылары кіреді.

Өзге консультативті-кеңесші органдардың ішінде Қазақстан Халықтары Ассамблеясының алатын орны ерекше1.

Ассамблеяның қызметі мынадай міндеттерге: елде ұлтара-лық келісім мен тұрақтылықты сақтауға, барлық ұлттардың өкілдері арасында достық қарым-қатынасты дамытуға әсер ететін мемлекеттік саясатты жүргізу жөнінде ұсыныстар әзір-леуге, олардың рухани-мәдени гүлденуіне және тепе-теңдік принципі негізінде дамуына ықпал етуге; азаматтардың өрке-ниетті және демократиялық нормаларға сүйенген саяси мәде-ниетін қалыптастыруға; коғамда туған әлеуметтік қайшылық,-тарды шешу үшін бәтуалық, жолды іздестіруге бағытталған2.

Конституция Мемлекеттік хатшы лауазымын қарастырған. Президенттің Жарлығымен Мемлекеттік хатшының мәртебесі мен өкілеттігі белгіленді. Мемлекеттік хатшыны Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Ол Прези-дентке есеп береді және оның бақылауында болады. Ол әлеуметтік-экономикалық, аймақтық, және құқыктық саясат-тың негізгі бағыттары бойынша; мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісіммен жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөнінде; республиканың ішкі саяси стратегиясы және Президенттің (СІМ-мен бірлесіп) халыкаралық бастамасын жүзеге асыру жөнінде Президентке ұсыныстар әзірлейді. Ол Президенттің әр түрлі тапсырмасын орындайды, кадр саясатын әзірлеуге және басқаларына қатысады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ тарау. Қазақстан Республикасының Президенті – «Нұр Отан» партиясының төрағасы.

 

Президент Назарбаев Н.Ә. Конституциялық реформаларға сәйкес «Нұр Отан» партиясының төрағасы болып сайланды. 2008 жылы 17 қаңтарда Республика Президенті–  «Нұр Отан» ХДП төрағасы  Н.Ә.Назарбаевтың төрағалық етуімен партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы болып өтті. Онда Елбасымыз, партия төрағасы Н.Ә.Назарбаев «Нұр Отанның» дамуындағы жаңа белес басталғандығын жария етті. Бұл отырыс партияның 2007 жылғы 18 тамыздағы Парламент Мәжілісі және мәслихаттар сайлауынан кейін алғаш өткен ірі саяси оқиға болды. Конституцияға сәйкес Үкімет «Нұр Отан» партиясының сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыруға жауап береді. Осыған орай Үкімет партияның   008–2012 жылдарға арналған халықтық тұғырнамасын жүзеге асырудың жоспарын ұсынды. Осы жоспар партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында талқыланып қабылданды.

Қазақстанның Европадағы Қауіпсіздік және ынтымақ– тастық ұйымына төраға баолып сайлануы еліміздің және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халықаралық дәрежедегі беделінің жаңа сатыға көтерілгендігінің белгісі болып табылады. 

Конституциялық реформаларға сәйкес 2007 жылғы                18 тамыздағы Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің  сайлауында  «Нұр Отан» партиясы басым көпшілік дауысты жеңіп алып, Парламент Мәжілісіндегі депутаттық орындарға түгелдей ие болды.

Партия биліктің партиясынан билеуші партияға айналды. Еліміз Президенттік республикадан Президенттік– Парламенттік республикаға бетбұрыс жасады. Бұдан былай «Нұр Отан» партиясы еліміздегі барлық мәселелерге жауапты. Партияның сайлауалды тұғырнамасында еліміздің алдағы бесжылдық дамуының негіздері ұсынылған болатын. Партия сайлауда жеңіске жетіп, Президентпен бірлесе отырып Үкіметті жасақтады. Үкімет бұдан былай Президентпен қатар Парламент Мәжілісінің де алдында жауапты.   

Конституциялық реформалар бойынша саяси партия– лардың рөлі ерекше күшейді.

Біріншіден, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестік– терді мемлекеттің қаржыландыруына болмайды деген норма алып тасталынды. Бұдан бұлай Парламент Мәжілісі сайлауында жеңіске жетіп, депутаттық мандатқа ие болған саяси партияның қызметі мемлекеттік қаржыландыруға жатады.

Екіншіден, Президенттің өз өкілеттігін атқару кезінде саяси партияға мүшелігін тоқтата тұрады деген  Конституцияның 43–бабының 2–тармағы алынып таста– лынды. Бұдан былай Президеттің саяси партияны тікелей өзі басқаруына құқығы бар.

Үшіншіден, Мәжіліс депутаттарын сайлау тек прапорци– оналдық жүйе бойынша немесе саяси партиялар тізімдерін сайлау арқылы жүреді.

Төртіншіден, Парламент Мәжілісінде көпшілік орын алған саяси партия өз мүшелері қатарынан Премьер–Министр кандидатурасын, Үкімет мүшелерін ұсына алады.

Бесіншіден, Парламенттік көпшілік партияси үкіметтің жұмысы үшін жауапты болады да, ал Үкімет болса сайлауда жеңіп шыққан саяси партияның немесе коалицияның бағдарламасын жүзеге асыратын болады.

 Алтыншыдан, саяси партиялардың  Мәжілістегі фракциясы құрылып, ол фракциямен Президеттің өзі  консуьтациялар жасап отырады. Сондай–ақ мәслихаттарда да саяси партиялардың фракциялары құрылады. 

Жетіншіден, саяси және идеологиялық әралуандылық сақтала береді немесе бір саяси партияның биліктегі үстемдігіне жол берілмейді. Парламенттен әртүрлі партия– лардың орын алуына құқықтық жағдай жасалды.

Осының бәрі де саяси партиялардың Конституциялық мәртебесін және рөлін нығайтуға бағытталған. Әлеуметтік практикада саяси партиялардың рөлін көтеруге өркениет– тіктің көрінісі болып табылатындығын ұмытпаған жөн. Біздің еліміз де сол бағытпен дамып келеді.

Еліміздің жетекші саяси партиясы «Нұр Отан» аз жылдардың ішінде үлкен жолдан өтті. 1999 жыл 1 наурызда «Отан» Республикалық саяси партиясыныі І съезі өтті. Съезге төрт жүзден астам делегат қатысты. Съезд делегаттары Елбасы Н.Ә.Назарбаевты бірауыздан «Отан» Республикалық саяси партиясының Төрағасы етіп сайлады. 2006 жыл 22 желтоқсанда астаналық Бейбітшілік және келісім сарайында «Отан» РСП ның кезектен тыс Х схезі өтті. Съезде партияның аты «Нұр Отан» Халықтық–Демократиялық партиясы» деп өзгертілді.

Кеңесте Қазақстан Республикасының Президенті–партия төрағасы Н.Ә.Назарбаев сөз сөйлеп партия мен ел алдында тұрған келелі жеті міндеттерді айқындап берді.

Жеті бағыттың біріншісі «Нұр Отанның» бес жылға арналған тиімді сайлауалды тұғырнамасын қамтамасыз етуге арналған. Осы міндеттің негізгі өзегі әрбір қазақстандықтың әл–ауқаты мен өмір сапасын арттыруға бағытталған әлеуметтік блоктарды жүзеге асыру болып табылады. 

Негізгі әлеуметтік нормативтер–төменгі күнкөріс деңгейін, еңбекақының, зейнетақы төлемдерінің, жәрдем– ақылардың төменгі мөлшерін өсіруді жалғастыруды қажет деген міндет қойылған. Нақты айтқанда партия қазақстан– дықтар мүддесін ең басты қорғаушысы болып, Үкіметтен сайлауалды тұғырнаманың әр бөлімінің орындалуын талап етуге құқылы. 

2007 жылы қаңтар, қазан айларында  Республика бойынша орташа жалақы 50 820 теңгені құрды. Ең төменгі  жалақы 2008 жылы 10 515 теңгеге артты.

2008 жылы базалық зейнетақы 17 870 теңгені құрайды. Мұғалімдер мен дәрігерлердің, бюджет саласының қызмет– керлерінің жалақысын 2012 жылға қарай екі еседен артық көтеру қарастырылған. 2008 жылдан бастап алғаш рет бюджет қызметкерлеріне жылына бір рет бір лауазымдық жалақы қосымша төленеді.

Білім беруге 2008 жылы 170 350 млн. теңге немесе              2007 жылғыдан 7,8 пайыз артық бөлінеді.

2008 жылы медицинаға 146 728 млн. теңге бөлініп, ол  2007 жылғыдан 41,3 пайыз артық болады.

Ғылымға 2008 жылы 19 538 млн. теңге бөлінеді.                        2007 жылы ғылымға 17 026 млн. теңге бөлінген. 2012 жылы жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 13 мың АҚШ долларына дейін ұлғаяды. Таяудағы бес жылда елімізде кемінде 9 млн. шаршы метр үй салу көзделеді. 2012 жылға дейін 50 млн. шаршы метр тұрғын үй салынып кемінде 2,5 млн. адам баспаналы болады.                                                             

Екінші басым бағытта Парламент қабырғасында заң шығарушылық қызметті әрі қарай дамыту іс–әрекетіне көңіл бөлінген. Қазіргі кезде біздің дамуымызға серпінді алға басуды қамтамасыз ететін жаңа буынның заңдары қажеттілігі туралы айтылған. Әсіресе бұл экономиканың индустриалық–инновациялық секторы үшін аса маңызды екені көрсетілген. Сонымен қатар заң шығарушылық қызмет әрқашанда халықтың әлеуметтік мүдделерін ескеруге тиіс екендігі мақсат етіп қойылған. Бірқатар заңдарды дайындауға, ал барларына өзгертулер енгізу қажеттілігі көрсетілген. Сондай–ақ 2008 жылы конституциялық реформаның барлық қағидаттарын заңдық деңгейде түбегейлі бекіту қажет делінген. Бұл жұмыстан заңнамасын жетілдіруге, Парламенттегі және мәслихаттағы партиялық фракциясының, Есеп комитетінің өкілеттігін ұлғайтуға, жергілікті өзін өзі басқаруды құруға, саяси партияларды қаржыландыру тетіктеріне, сот–құқықтық жүйені реформа– лауға, сондай–ақ мемлекеттің өмірлік қызметі үшін маңызды басқа да мәселелерге қатысты болмақ.

Информация о работе Қазақстан Республикасы Президентінің Республика халқына Жолдауы – аса маңызды Конституциялық құжат