Қазақстан Республикасы Президентінің Республика халқына Жолдауы – аса маңызды Конституциялық құжат

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2014 в 16:16, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасы Президенті институтының тарихи қажеттілігін көрсету және Қазақстанның Президенттік Республикадан Президенттік-Парламенттік Республикаға өту мәселелерін қарастыру.
Осы мақсатқа сәйкес жұмыстың алдына мынадай міндеттер қойылды:
Қазақстан Республикасы президенті институтының тарихи қажеттігін көрсету;
ҚР Президентінің Конституциялық-құқықтық мәртебесін көрсету;
ҚР Президентінің құзыретін көрсету.

Оглавление

КІРІСПЕ............................................................................................................... 3

І ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ИНСТИТУТЫНЫҢ ТАРИХИ ҚАЖЕТТІЛІГІ........................................... 5

1.2. Президенттің құқықтық мәртебесі........................................... 10

1.3. Президентті сайлау және оны лауазымынан
кетіру тәртібі.......................................................................... 12

ІІ. ПРЕЗИДЕНТТІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ........... 19

2.1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚҰҚЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ....................................................................................... 22

2.2.ПРЕЗИДЕНТ ӘКІМШІЛГІ ЖӘНЕ БАСҚА ОРГАНДАР......................... 27

ІІІ тарау. Қазақстан Республикасының Президенті – «Нұр Отан» партиясының төрағасы...................... ............................................................. 29

IV тарау. Қазақстан Республикасы Президентінің Республика халқына Жолдауы – аса маңызды Конституциялық құжат..................................... 41

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................. 57

Пайдаланған әдебиеттер тізімі........................................................................ 59

Файлы: 1 файл

Дип.-ҚАЗАҚСТАН-РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ-ПРЕЗИДЕНТІ-МЕМЛЕКЕТ-БАСШЫСЫ.doc

— 400.00 Кб (Скачать)

Бесінші ерекшелігі. осы Жолдауда Елбасы барлық дәрежедегі әкімдердерге, олардың атын атап арнайы тапсырма берді. Бұл тапсырма–тұрғындардың әл–ауқатын жақсарта беру.

Алтыншы ерекшелігі. Жолдауда еліміздің халық– аралық беделін көтеру, Қазақстанның Орталық Азия аумағындағы тұрақтылықты және халықаралық қауіп– сіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ролін және сол негізде еліміздің әскери күш қуатын күшейту мәселелері шешімін тапқан.

Елбасы алдымен өткен жылдың қорытындыларын жалпы тұрғыдан атап өтті. 2007 жыл Қазақстан үшін жан–жақты экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңару жолында тағы бір сенімді ілгері қадам жасаған жыл болды.

Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толық– тырулар негізінде ірі көлеміндегі саяси реформалар жүзеге асты. Парламенттің, мәслихаттардың, саяси партиялардың ролі көтерілді. Сайлау заңына өзгерістер ендіріліп, сол негізде прапорционалдық сайлау арқылы «Нұр Отан» партиясы айқын жеңіске жетіп алғаш рет Үкіметті жасақтады.      

2007 жылы елімізде экономиканың  өсу қарқыны 8,5 пайызды құрады. Жалпы алғанда, ел экономикасы 2001 жылдан бастап жылына орта есеппен 10 пайызға өсіп отырды. Бұл өте үлкен де жедел өсу болып саналады. Оңтүстік Қазақстан облысында өнеркәсіп өнімі өткен жылмен салыстырған да 105 пайызды құрады. Соның ішінде тау–кен өнеркәсібі 127,7 пайызға өсті. Машина құрылысы–9,9, пластмаса өндіру 50,4, құрылыс материалдары–41,0 пайызға өсті. 2007 жылы облыста 1721 жаңа жаңа жұмыс орны құрылды.      

Президенттің тікелей нұсқауымен құрылған еліміздің айтарлықтай резерві қалыптастырылған, Ұлттық қор қаражатын қоса есептегенде ол шамамен 40 млрд. АҚШ долларын құрайды. Осындай ірі дәрежедегі резервтің болуы еліміздің қаржы жүйесінің тұрақты– лығын қамтамасыз етуде өзекті рөл атқарып келеді. 1998 жылы Шығыс Азиядағы экономикалық дағдарыс орын алғанда еліміз осы резервтің арқасында дағдарысқа ұрынбады. Қазіргі АҚШ–та орын алған ипотекалық дағдарыс жағдайында ел экономикасы осы резервке арқа сүйейді.

Әлеуметтік салада да ақуал тұрақты. 2000 жылдан бастап білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығындар 5 еседен астам ұлғайды. 5 миллионнан астам азаматтар мемлекеттік әлеуметтік қорғаумен қамтылған. Бұл көрсеткіш осыдан бес жыл бұрынғыға қарағанда екі есеге артық. Зейнетақы өсуде. Халықтың зейнетақылық жинақтаулары көлемі   1,1 триллион теңгеден асып түсті. Бұл да экономика мен әлеуметтік қолдаудың қосымша резерв көзі болып табылады.

2007 жылы республикада 76 мектеп пен 23 денсаулық сақтау нысаны салынды. Демографиялық құлдырауды тоқтатуға  қол жеткізілді.

        Соңғы үш  жылда 18 млн. шаршы метрден астам  тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл біздің жоспары– мыздағыдан 2,2 млн. шаршы метрге артық.

Осының бәріде біздің қоғамның өсу үстінде екенін көрсетеді. Экономиканың өркендеуі тұрақты саяси жүйенің және кепілді әлеуметтік қолдаудың негізі болып қалуда. Елбасы Жолдауының бірінші бөлімі «Экономи– калық өсудің тұрақты қарқындарын қамтамасыз ету және табанды модернизациялау» деп аталады. 

Бұл бөлім негізінен алдағы жылдарғы экономиканың даму қарқынын сақтауға және жетілдіруге арналған. Бұл түсінікті де. Себебі экономика, халықтың жоғары табысы мен тұрмысы, өндірістің өркендеуі елдегі әлеуметтік жағдайдың тұрақтылығының негізгі кепілі болып қала береді.

Жолдауда бүгінгі әлемдік конъюнктураның нашар– лағанына назар аударылған. Қазақстан әлемдік экономикалық кеңістікке кірді. Осы кеңістіктің заңды– лықтары, қиындықтары мен жетістіктері біздің елімізге тұрақты әсер етіп отырғанын көпшілік көріп–біліп отыр.

Осындай жағдайда Қазақстан өз бағытын анықтап алуы тиіс. Осыған байланысты Президент «біз рөлі өсе түсіп отырған мемлекеттік холдингтердің, даму институттарының, әлеуметтік–кәсіпкерлік корпора– циялардың ішкі инвестициялық ресурстарын белсенді етуге тиіспіз» деп көрсетті.

Жолдауда экономиканың өсуін қамтамасыз етуі үшін: бірінші–өндіруші сектор; екінші–экономиканың негізігі секторларын озық инфрақұрлымдық қамтамасыз ету; үшінші–«30 корпаративті көшбасшы» бағдар– ламасын іске асыру; төртінші–агроөнеркәсіптік кешенін дамыту; бесінші–қаржы және салық жүйесін нығайту, инфляцияға қарсы күресті жүргізу бағыттары негізделді.

Өндіруші сектор бойынша, мұнай–газ саласы басты бағыт болып қалып отыр. Бұл бағытта мемлекеттің халықаралық мұнай және энергетика рыноктарына ықпалды және жауапты қатысушы ретіндегі ұстанымын күшейту. Дәлірек айтқанда еліміздің мұнай–газ саласындағы үлесін арттыру көзделіп отыр. Қазірдің өзінде Қашаған, Құмкөл мұнай кен орындарын, Богатырь көмір разрезін, т.б. игеруде Қазақстанның үлесі ұлғайды.

Тау–кен металлургия саласын тиімді дамыту мен оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде нақты шаралар қабылдануда. Бұл салада да, сондай–ақ сирек кездесетін металдарды қоса алғанда, қара және түсті металдардың барланған кен орындары қойнауын пайдалану құқығын Қазақстан мемлекетінің өз қолына алынатындығы атап өтілді. Себебі бұл байлықтың иесі Қазақстан халқы. Еліміздің экономикалық ахуалы қиын кездерде оларды игеру негізінен шетелдік инвестор– лардың қолында болса. Қазіргі кезде жағдай өзгерді. Осыған орай табиғи байлықтардың біртіндеп мемлкеттің өз қолына өткені орынды нәрсе.

Облыста «Иірсу кен орнын игеру» металлургиялық зауыт және жылу электр станциясының құрылысын салу, таукен металлургиялық кешенін құру көзделіп отыр. Жобаның жалпы құны 1,3 млрд. АҚШ долларын құрамақ. Өндіріске 30 мыңға жуық адам тартылады деп жоспар– лануда. Жоба «Оңтүстік» әлеуметтік–кәсіпкерлік корпо– рациясымен бірлесе жүзеге асырылады. Сондай–ақ облыста «ПетроКазахстанОйлПродакст» ЖШС–нің қайта жабдықтау жобасы 450 млн. АҚШ доллары, Кентау трансформатор зауытын жетілдіру, Шымкент қаласында битум зауытын құрылысын салу қарастырылған.

Жолдау энергетиканың дамуына ерекше назар аударды. Елбасы энергетика саласын сынға алып, бұл секторды экономиканың дамуына анық «ілесе алмауда» деп көрсетті. Экономика мен тұрғындарды электр энергиясымен қамтасыз ету саласындағы бірінші кезектегі міндеттер ретінле Балқаш ЖЭС–ін, Екібастұз ГРЭС–2–нің үшінші энергоблогын, Мойнақ ГЭС–і және басқаларын  салу көзделді.

2009 жылы «Қазақстанның Солтүстігі–Оңтүстігі» жобасы бойынша қуат тасымалдаудың екінші желісі мен «Солтүстік Қазақстан–Ақтөбе облысы» қуат тасымал– дау желісінің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.

Халықты газбен қамтамасыз етуі үшін «Бейнеу–Шымкент»  магистральді газ құбыры салынбақ. Мұның өзі халқы тығыз орналасқан оңтүсітк облыстарды газбен қамтамасыз етуді шешкен болатын еді. Әлемнің алдынғы қатарлы елдері атом электр станцияларының қызметтерін пайдалануда. Әрине, ол үшін ен алдымен қауіпсіздікті қамтамасыз етуді қажет. Осы бағытта Ақтау қаласында атом электр станциясын салу шешімін табады.

Темір жол және автомобиль инфрақұрылым– дарын жетілдіру бағытында биылғы жылдың өзінде концессиялық негізде Шар–Өскемен темір жолы құрылысын аяқтап, Маңғыстау–Баутино, Ералиев–Құрық темір жол желілері мен Қорғас–Жетіген учаскесінің құрылысын, Мақат–Қандыағаш темір жол учаскесін электрлендіру басталады.

Қазақстан Евразияның кіндігі болғағандықтан тоғыз жолдың торабында орналсқан. Еліміздің транзиттік мүмкіндіктері орасан зор экономикалық жетістіктерге негіз бола алды. Жолдау осыларды ескере отырып барлық оңтүстік облыстарды көктей өтіп, Қызылорда мен Ақтөбе арқылы Ресейге шығатын, өңірлердің экономи– касын жандандыратын Қазақстандағы ең ірі көліктік жобаны–«Батыс Еуропа–Батыс Қытай» транс– құрлықтық дәлізді іс жүзіне асыруды қолға алуды негідеп берді.

Қаржылық шығындарды мемлекеттік бюджетке түсіре бермей, концессиялық негізде, алдағы уақытта ақылы ету арқылы Астана–Бурабай, Астана–Қарағанды, Алматы–Қапшағай, Алматы–Қорғас автомобиль жолдарын, сондай–ақ Үлкен Алматы айналма жолын салу мен қайта жаңғырту басталады.

Облыста 2008 жылы жол құрылысына 8 932,7 млн. теңге қарастырылған. Бұл 2007 жылғыдан 3,6 есе артық. Көлік инфрақұрлымының 17 нысанының құрылысы, соның ішінде 7 апатты көпірді қайта жөндеу көзделген.

Елбасының өткен жылғы Жолдауында экономика– ның шикізаттық емес секторын дамыту туралы айтылған болатын. Осыған орай Елбасы «30 корпоративті көш– басшы» бағдарламасын іске асыру экономиканың шикізаттық емес секторын іс жүзінде дамытуға ықпал етеді деп көрсетті.

Қазірдің өзінде осы «30 корпоративті көшбасшы» бағдарламасына кіруге үміткер 100–ден астам «серпінді» жобалар пайда болды. Ақтөбе облысындағы үшінші Жаңажол газ өңдеу зауыты, кен байыту комбинат– тары мен мыс қорыту зауытын салу, Павлодар облысындағы алюминий зауыты және хлор мен каустикалық сода өндірісі зауытының құрылыстарын одан әрі жалғастыру, Қарағанды облысында сортты прокат өндірісі мен металлургиялық кремний өндірісін ұйымдастыру секілді экономикамыз үшін айрықша маңызды жобалар және басқа да көптеген жобалар іске асырылып жатыр.

Елбасы «30 корпоративті көшбасшы» бағдарлама– сына ерекше назар аударып, оны мемлекет пен бизнестің өзара іс–қимылын қағидатты жаңа деңгейге шығаруы тиіс деп бағалап отыр.

Жолдауда бейіндік министрліктердің, «Қазына» қоры мен өзге де холдингтердің, сондай–ақ барлық деңгейдегі әкімдіктердің жұмысы, бірінші кезекте, «серпінді» жобаларды жүзеге асыру көрсеткіші бойынша бағаланатын болады деп көрсетті.

Дамудың жаңа кезеңі ел агроөнеркәсіп кешенінің алдына бірқатар жаңа, аса маңызды міндеттер қойып отыр. Жолдауда Елбасы қаржы және салық жүйесін реттеу және жетілдіруге ерекше назар аударды. АҚШ–тағы ипотекалық дағдарыс, соның әсерінен елімізде екінші дәрежедегі банктердің несие беруді тоқтатып қоюы елге қиыншылықтар тудырып отыр. Олар шетел банктерінен төмен пайызбен алынған несиелерді біздің халыққа жоғары пайызбен үлестіріп байып алды. Қазіргі Қазақстанның сыртқы қарызының негізгі бөлігі осы екінші дәрежелі банктердің қарыздарынан турады.

Осыған орай Жолдауда «сондықтан банктер тәуекелдің өздеріне тиесілі бөлігін өз мойындарына алуға тиіс. Егер банктердің акционерлері өздерін дамыту үшін қосымша ресурстар тартқысы келмесе немесе оған қабілетсіз болса, ондай кезде мемлекет қажетті шаралар қабылдауға дайын болуы керек». Бұл жерде банктердің өз қиындықтарын өздері көтере білуі қажет, егер ондай болмаса ондай банктер жөнінде мемлекет нақты іс–шаралар қолдануы қажет деген ой туындайды. Осы қиындықтарға байланысты қаржы саласындағы тұрақсыздықты мемлекеттік реттеуге назар аударылып, Үкіметке, Қаржы Бақылау Агенттігіне және Ұлттық Банке тәуекелдерді басқаруды икемді де сенімді үйесін құруды тапсырды. Президент кез–келген күтпеген ахуалдарға қарсы шапшаң іс–қимылдар жасау жүйесін құруды ескертті.

Экономикадағы қиындықтардың өсуіне салық жүйесінің кемшіліктері де кінәлі. Қазіргі Салық кодексі ескірді, ол кейде тежегішке де айналуда. Салық кодексі 170–тен астам жеңілдіктер мен префиренцияларға орын беріп отыр. Мұндай жағдайға төзуге болмайды.

Елбасы Үкіметке жаңа Салық кодексін әзірлеуді тапсырды. Ол экономиканы жаңғыртуға, әртараптан–дыруға және бизнестің «көлеңкеден» шығуына жағдай жасауға тиіс. Жаңа Кодекс мемлекет пен салық төлеушілер мүдделерін үйлестіретіндей болуы тиіс. Шағын және орта бизнеске, шикізаттық емес секторға салық ауырпалықтары жеңілдеуі қажет.

  Экономикадағы, соның ішінде қаржы, салық және банк жүйесіндегі қиындықтар инфляцияның және бағаның өсуіне, тұрмыстың аурылауына, қымбат– шылыққа, сол негізде халықтың кейбір топтарының наразылығына да алып келуі мүмкін. Әрине, бұл уақытша қиындықтар. Осыған орай Президент бірінші кезекте, Үкімет уақытша, қаржы секторындағы проблемалар жойылғанға дейін, әлеуметтік саладан өзге, барлық бағыттар мен бағдарламалар бойынша мемлекеттік шығындарды қысқартуы керек деп тапсырды. Елбасының бұл тапсырмасы биылғы жылғы Жолдаудың негізгі өзегінің бірі.

Жолдаудың екінші бөлімі Қазақстан мемлекеттілігін одан әрі нығайтуға, мемлекеттік басқарудың тиімділігін жетілдіруге арналған. Бұл бөлімде Қазақстан халқы Ассамблеясының мәртебесі мен өкілеттігін көтеру, саяси жүйені одан әрі дамыту, қылмыспен сыбайластыққа қарсы күресті өрістету, әкімшілік реформаны жүзеге асыру, үш жылдық бюджетті қабылдау, шағын және орта бизнестің кәсіпкерлік қабілеттілігін қолдау мәселелері қарастырылған.

Осының бәрі де тәуелсіздіктің 16 жылы ішінде қалыптасқан қоғамдық тұрақтылықты, ұлтаралық келісімді қамтамасыз етуде, қазақстандық біртұтас– тық пен жалпықазақстандық патриотизмді одан әрі жетілдіруге бағытталған. 

Елбасы саяси және мемлекеттік құрылыстың қазақстандық моделінің қалыптасқанын және оны жетілдіру жолымен жүре беретінімізді мәлімдеді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы заң қабылданбақ.

Саяси жүйені дамытуда саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар және басқа да қоғамдық институттар басты рөл атқаруы тиіс.

Елбасы қазіргі сатыда «Нұр Отан» партиясының басым моделі Қазақстанның саяси жүйесіндегі оңтайлы пішін ретінде қарастырыла алады деп көрсетті.

        Қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болады.

        Өткен жылдар ішінде елдің құқық қорғау және сот жүйелерінің криминалдық көріністерге қарсы тұратын, азаматтарымыздың өмірі мен құқықтарын қорғайтын әлеуеті едәуір нығайды.

Информация о работе Қазақстан Республикасы Президентінің Республика халқына Жолдауы – аса маңызды Конституциялық құжат