Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2014 в 16:16, курсовая работа
Жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасы Президенті институтының тарихи қажеттілігін көрсету және Қазақстанның Президенттік Республикадан Президенттік-Парламенттік Республикаға өту мәселелерін қарастыру.
Осы мақсатқа сәйкес жұмыстың алдына мынадай міндеттер қойылды:
Қазақстан Республикасы президенті институтының тарихи қажеттігін көрсету;
ҚР Президентінің Конституциялық-құқықтық мәртебесін көрсету;
ҚР Президентінің құзыретін көрсету.
КІРІСПЕ............................................................................................................... 3
І ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ИНСТИТУТЫНЫҢ ТАРИХИ ҚАЖЕТТІЛІГІ........................................... 5
1.2. Президенттің құқықтық мәртебесі........................................... 10
1.3. Президентті сайлау және оны лауазымынан
кетіру тәртібі.......................................................................... 12
ІІ. ПРЕЗИДЕНТТІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ........... 19
2.1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚҰҚЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ....................................................................................... 22
2.2.ПРЕЗИДЕНТ ӘКІМШІЛГІ ЖӘНЕ БАСҚА ОРГАНДАР......................... 27
ІІІ тарау. Қазақстан Республикасының Президенті – «Нұр Отан» партиясының төрағасы...................... ............................................................. 29
IV тарау. Қазақстан Республикасы Президентінің Республика халқына Жолдауы – аса маңызды Конституциялық құжат..................................... 41
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................. 57
Пайдаланған әдебиеттер тізімі........................................................................ 59
Бүгінгі күнде облыс орталықтары түгілі аудан орталықтарының өзінде қаптап кеткен шет тілінде жазылған жарнамалар мен маңдайшалардың иелері ең алдымен Елбасы Жолдауын және Тілдер туралы заң– наманың талаптарын өрескел бұзып отыр.
Осыған орай Жолдауда халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып қазақ тілін оқытудың қазіргі заманғы озық бағдарламалары мен әдістерін әзірлеп, енгізу қажеттілігі, мемлекеттік тілді тиімді меңгерудің ең үздік, инновация– лық әдістемелік, тәжірибелік оқу–құралдарын, аудио–бейнематериалдарды әзірлеу керектілігі атап өтілді.
Мемлекеттік тілді оқытуға
арналған оқулықтар мен
2008 жылы білім беруге облыстық
бюджеттің 34,7 проценті немесе 57,6 млрд.
теңге жұмсалады. Бұл өткен жылғыдан
48 пайызға жөғары. Облыстағы 15 білім
берудің нысандарының құрылысын
Әлеуметтік саясаттың негізгі бағытының бірі–денсаулық сақтау. Жолдауда бүгінгі күні біздің денсаулық сақтау жүйеміз осы заманғы Қазақстан азаматтарының талаптарына қазірше сай емес деп нақты көрсетілді. Бұл денсаулық сақтау саласының басты мәселесі. Сондай–ақ, қазіргі кезде қолымыздағы инфрақұрылым да, медициналық қызметтің сапасы да әрі қызмет көрсетуді ұйымдастыру деңгейі де көңілден шықпайды деп қорытындыланды. Бұл денсаулық сақтау саласына айтылған үлкен сын. Денсаулық сақтау нысандарын қалпына келтіру мен дамыту жөніндегі жұмысты жандандыруы қажет.
2008 жылы республикалық маңызы бар 9 денсаулық сақтау нысанының, жергілікті маңызы бар 112 нысан– ының құрылысы қолға алынды.
Жолдау аурудың алдын алу, салауатты өмір салтын орнықтыру мәселелеріне айрықша назар аударды. Ауруды емдеу орасан зор шығынды талап етеді. Ауру адам қызметтен қалады, оның денсаулығына белгілі дәрежеде зиян келтіріледі. Осының бәрінің алдын орау үшін басымдықты аурудың алдын алуға, яғни ең озық әдістерді енгізу арқылы алдын ала диагностика жүргізу, ауруды анықтау мен емдеу сияқты қолданыстағы бағдар– ламаларды қайта саралауға бағыттаған жөн деген Елбасының пікірі көпшілікке ой салады.
2008 дылы денсаулық сақтауға облыстық бюджеттің 25,4 проценті немесе 42,2 млдр. теңге бағытталады. Бұл өткен жылғыдан 82 процентке артық. Мәдениетке 2,3 млрд. теңге, спроттық іс–шараларға 3,5 млрд теңге қарастырылады.
Жолдау салауатты өмір салтын қалыптастыру жолында «Дені сау ұлт» үшін инфрақұрылымын дамыту– дың маңызына тоқталды. Бұл үлкен кешенді шараларды қамтамасыз етуді қарастыратын инфрақұрылым. Балалық шақтан бастап дене шынықтыру мен спорттық даярлыққа және оған ең қолайлы мүмкіндіктер туғызуға ерекше ден қойылуы керек.
Әкімдерге жаңа стадиондар мен спорт кешендерін, балаларға арналған және басқа спорт алаңдарын салу мен ескілерін жаңарту арқылы барлық жастағы адамдардың спортпен шұғылдануына, өздерінің бой– ларын сергек ұстауына, сөйтіп, өмір жастарын ұзартуына жағдай жасауды жүзеге асыру туралы тапсырмалар берілді.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру жөнінде Елбасы бұған дейінде талай рет айтқан. Жыл басында Жезқазған қаласында бизнестін әлеуметтік жауапкершілігі туралы форум өтті. Елбасының үндеуіне барлық бизнес қауымдастығының өкілдері қызу үн қосты.
«Қазақмыс» корпорациясы, Еуразиялық өнеркәсіптік ассоциациясы, Қазмырыш, Теңізшевройл, Аджип, «Қаз–МұнайГаз», «Қазатомөнеркәсіп», «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниялары сияқты құрылымдар тек өткен жылы ғана әлеуметтік салаға арналған нысандарды: мектептер, медициналық және мектеп жасына дейінгі мекемелерді, сауықтыру кешендерін, мүгедектерге арналған оңалту орталықтарын, мәдениет және спорт мекемелерін дамытуға 30 млрд. теңгеден астам қаржы бағыттады. Мұндай игілікті шаралар оңтүстік өңірінің бизнесмендері де тарапынан да жасалуда.
Жолдауда Елбасы барлық дәрежедегі әкімдердерге, олардың атын атап арнайы тапсырма берді. Бұл тапсырмада тұрғындардың әл–ауқатын жақсарта беру керектігі жайлы арнайы жоспар бойынша жұмыстар атқарылатыны көрсетілді.
Әкімдерге берілген арнайы тапсырмалар:
- Тұрғындардың әл–ауқатын жақсарту бірінші кезекті міндет;
- Бюджеттің нәтижелілігін арттыру;
- Әкімдер инфрақұрылымдарды, әсіресе, жергілікті маңызы бар жолдарды барынша дамытуды қамтамасыз етуі керек;
- Жер телімдерін жасырын бөлу тәсілінің тәжірибесін тоқтату. Барлық жер телімдері ашық аукциондар арқылы бөлінуі.
- стадиондар мен спорт кешендерін, спорт аландарын салу, жаңарту;
- салауатты өмір салтын насихаттау және қалыптастару;
Бюджеттің нәтижелігін арттыру туралы айтылғанда әкімдерге тұрғындардың әлеуметтік әл–ауқатын арттыру– ға арналмаған барлық шығындарды қысқарту қажеттігі тапсырылды. Әкімдер қазіргі кезде Елбасының берген тапсырмасын орындау үшін қандай бағдарламаларды, басы артық лауазым орындарын қысқартуды, күте туруы мүмкін жобаларды кейінге қалдыруды ойластыруда.
Республика орталығында нәтижелілікке бағытталған бюджетті өмірге енгізу жөніндегі жұмыс қазірдің өзінде жүзеге асырылып жатыр. Бұл жұмысты жергілікті жердегі деңгейде де дамыту қажет. Осындай жобаларды қысқартулар мен үнемдеулер арқылы тұрғындар өңірлік биліктің нақты қамқорлығын сезінуге тиіс.
Елбасының қадап айтқан мәселесінің бірі жер телімдерін бөлудегі заңсыздықтар мен әділетсіздіктерге аяусыз күрес жүргізу. Жолдауда көрсетілгендей Үкімет жүргізген тексерістер Астананың және облыс орталық– тарының маңайындағы жер телімдері алдын ала жасанды фирмалар мен жеке тұлғалардың есебіне сатылып кеткендігін анықтады. Кейбір адамдар, олардың ішінде көпшілігі шенеуніктер, бұл жерлерді нарықтық бағамен сатып, ешқандай шығын шығармай–ақ мемлекеттің есебінен баюда. Мұндай фактілер біздің облыста да бар. Елбасы оларға бұл жерлерді мемлекетке өз еріктерімен қайтару жөнінде ұсыныс жасау қажет немесе құқық қорғау органдарын бұл іс–әрекеттердің заңдылығын және ондай адамдардың жауапкершілігін анықтауды міндет– теді.
Мұндай тапсырманы жүзеге асыруда Президент «Нұр Отан» партиясына және оның Парламенттегі фракциясына арқа сүйейтіндігін мәлімдеді. Осыған орай «Нұр Отан» партиясының жанынан сыббайлас жемқор– лыққа қарсы күресетін топтар құрды. Осы орайда «Нұр Отан» партиясының облыстық мәслихат жанындағы фракциясына да үлкен сенім артылады. Фракция отырысында бұған дейін «Таза су» мен «Тұрғын үй» аймақтықтық бағдарламаларының орындалуындағы елеулі кемшіліктері көрсетіліп, олар туралы Республикалық және жергілікті БАҚ–тарда кеңінен жазылды. Фракцияның бұл бағыттағы жұмысы күшейетін болады.
Жолдаудың соңғы төртінші бөлімі «Қазақстанның халықаралық беделін, аймақтық тұрақтылықты және халықаралық қауіпсіздікті нығайту» деп аталады. Мұнда еліміздің халықаралық қатынастардағы міндеттері анықталған. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың толыққанды мүшесі болды. Беделді халықаралық органдар–Біріккен Ұлттар Ұйымы, ЮНЕСКО, Европадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Қазақстанның бастамалары мен тәжірибесіне іс–жүзінде әрқашан кең қолдау көрсетіп келеді.
Өткен жылы еліміз халықаралық дәрежеде танылудың жаңа сапалық деңгейіне көтерілді. Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етуі туралы шешім оның сенімді дәлелі болды. Қазақстан ТМД елдері, Орталық Азия елдері, түрік халықтары елдері ішінде тұнғыш рет осындай аса жоғары мәртебелі ұйымның төрағалығына көтерілді. Мұның өзі Қазақстан– ның Европа және әлемдік кеңістікке кіріп қана қоймай, оларға төраға ретінде өз ықпалын жүргізуне де жол ашты.
Осыған байланысты «Еуропаға жол» атты арнайы бағдарламаны әзірлеу басталды. Бұл бағдарлама Еуро– палық үлгілерді терең зерттеп, оларды пайдалану ғана емес, еліміздің Еуропаға кірігіуін атап айтқанда, ол экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, басқарудың тәжірибесі мен технологиясын тартуға, заңдарымызды жетілдіруге, ЕҚЫҰ–ға төрағалық етуіміздің стратегиялық пайымын және өзіміздің күн тәртібімізді белгілеуге ықпал етуге тиіс.
Қазақстанның Ресеймен, Қытаймен және Орталық Азия мемлекеттерімен экономикалық және саяси ынтымақтастығы одан әрі нығая береді.
Қазақстанның сыртқы саясаты негізгі мүдделер ортақтығын іздестіруге, барлық, тіпті ең бір өткір мәселелердің өзінде де мәмілеге қол жеткізу қажеттігін түсінуге құрылған.
Қазақстан алдағы уақытта да халықаралық лаң– кестік пен діни экстремизмге қарсы күрес жөніндегі халықаралық коалицияның белсенді мүшесі ретіндегі ұстанымын жан–жақты нығайтады.
Қазақстан армиясын жаңғыртуды және оның жауынгерлік дайындығын жетілдіру жалғастырылады.
Қазақстан Республикасының Президентінің тікелей бастамасымен және төрағалық етуімен елордамыз Астана қаласында 2003 және 2006 жылдары Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бірінші және екінші съездері өтті. 2009 жылы Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының үшінші съезі өтеді. Қазір бұған үлкен дайындық жүріп жатыр. 2010 жылы Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесті өткізу жоспарланған.
Тұтастай алғанда, еліміздің сыртқы саясаттағы және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы басым– дықтары бұған дейін қабылданған бағдарламалар мен доктриналар негізінде өзгеріссіз қала береді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Елдің экономикалық, әлеуметтік-саяси және рухани жаңаруының өзекті мәселелерінің ойдағыдай шешілуі Президенттің сол мәселеге қатысты ұстанымы мен белсенділігіне келіп тіреледі. Елдің атқарушы билігі толықтай Елбасының стратегиялық мақсаттарын орындауға жұмылған. Биліктің заң шығарушы жөне сот тармақтары әлі де болса президенттік саяси атқарушы билік тармағымен теңесе алған жоқ. Қазіргі кезеңде елдің билік жүйесінде президенттік биліктің нақты басымдығы бар ахуал қалыптасты. Қазақстандағы президенттік биліктің басымдығына елдің саяси жүйесінің дамуының объективті үрдістерінің өзі әкелді. Биліктің даму логикасына жауап ретінде елдің басқарушы элитасы президенттік билікті заңдастыруға қол жеткізді.
Соның нәтижесінде Президент ресми түрдегі мемлекеттік және церемониалдық (салтанаттық) биліктің орта лығына айналды. Қазір Қазақстанның дамуы мөселелерін президенттік биліксіз елестету қиын.
Алайда, толыққанды президенттік билік елде оңай және тез арада калыптаса қалған жоқ. Қазақстандағы президенттік билік өзіне тән ерекшеліктегі даму жолынан өтті. Оның даму диалектикасы социалистік қоғамнан шығып, капиталистік қатынастарға енген Қазақстан қоғамының даму диалектикасына тікелей тәуелді болды. Өтпелі кезеңнің қайшылықтары мен қиыншылықтарын ең алдымен басқарушы билік сезінді және елдің ресурстарын осы қиыншылықтарды жеңуге жұмсауға тырысты.
Президент Қазақстан халқын ортақ қиыншылықтар мен қайшылықтарды шешуге жұмылдырушы, ұйымдастырушы тұлғаға айналды. Ел халқының президенттік билік пен саясатының төңірегінде топтасуының игілікті шаралары басталды. Бүгін Қазақстан президенттік билік басқаруымен қалыпты және тұрақты дамудың эволюциялық жолына түсті деп батыл айта аламыз. Қалыпты дамудың түпкілікті нәтижесі Қазақстаның бәсекеге қабілетті 50 ел қатарынан нақты орын алуы, өркениетті ел сапасына жетуі болмақ.
Президенттік биліктің Қазақстанда жылдам бедел алып, елдің саяси жүйесінің кіндігіне айналуының объективті себептері болды: біріншіден, Кеңес Одағының ыдырау жағдайында оның құрамындағы ұлттық аймақтарды, оның ішінде Қазақстанды да биліксіздену құбылысы жайлай бастады. 80-ші жылдардың аяқ шенінде басталған биліксіздену 90-шы жылдардың бас кезінде тіптен қауіпті шекке жетті. Басқарушы биліктің ел шаруашылығына, байлыктарына ие бола алмауынан олардың бей-берекет талан-таражға түсуі басталды. Экономиканы бөліске салу үшін жүргізілген күрес, билікке таласу, ұлттық тәуелсіздікке ұмтылу құбылыстары жұмысшылар мен интеллигенцияның үздіксіз ереуілдеріне ұласып, Кеңес Одағында хаостық жағдай қаупі күшейді. Қылмыскерлік пен тонаушылық қарапайым халықты әбден шаршатты. Кеңес Одағындағы осыншама ауыр жағымсыз құбылыстардың барлығы Қазақстанға да тән болды. Кеңес одағының ыдырауы жағдайында төуелсіздік алған Қазақстанға аталған негативті үрдістерді тоқтата алатын биліктің жаңа түрі қажет болды.
Қазақстан Республикасының Президентінің 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл–ауқатын арттыру–мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауы еліміздің тарихының тағы бір жаңа бетін ашты. Жолдау терең ғылыми негіздерге сүйенген саяси, экономикалық, құқықтық, әлеуметтік және идеологиялық сипаттағы құжат болып табылады. Онда еліміздің бұған дейінгі жеткен жетістіктері таразыланып, кемшіліктері сын тұрғысынан талданып, олардың жоюдың нақты көздері де көрсетілген.