Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2014 в 16:16, курсовая работа
Жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасы Президенті институтының тарихи қажеттілігін көрсету және Қазақстанның Президенттік Республикадан Президенттік-Парламенттік Республикаға өту мәселелерін қарастыру.
Осы мақсатқа сәйкес жұмыстың алдына мынадай міндеттер қойылды:
Қазақстан Республикасы президенті институтының тарихи қажеттігін көрсету;
ҚР Президентінің Конституциялық-құқықтық мәртебесін көрсету;
ҚР Президентінің құзыретін көрсету.
КІРІСПЕ............................................................................................................... 3
І ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ИНСТИТУТЫНЫҢ ТАРИХИ ҚАЖЕТТІЛІГІ........................................... 5
1.2. Президенттің құқықтық мәртебесі........................................... 10
1.3. Президентті сайлау және оны лауазымынан
кетіру тәртібі.......................................................................... 12
ІІ. ПРЕЗИДЕНТТІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ........... 19
2.1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚҰҚЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ....................................................................................... 22
2.2.ПРЕЗИДЕНТ ӘКІМШІЛГІ ЖӘНЕ БАСҚА ОРГАНДАР......................... 27
ІІІ тарау. Қазақстан Республикасының Президенті – «Нұр Отан» партиясының төрағасы...................... ............................................................. 29
IV тарау. Қазақстан Республикасы Президентінің Республика халқына Жолдауы – аса маңызды Конституциялық құжат..................................... 41
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................. 57
Пайдаланған әдебиеттер тізімі........................................................................ 59
Елбасының айтуынша, Үкімет тиісті заң жобаларын әзірлеуді тездетуі керек. Партия Үкіметпен үнемі консуль– тациялар өткізіп, заң жобаларын бірлесе зерттеуі керек және қажет болған жағдайда жеткіліксіз әзірленген заң жобаларын олар Парламентке түспей тұрып кері қайтаруы керек делінген.
Ал Парламент Үкімет мүшелерін қатыстыра отырып заң жобаларын сын тұрғысынан қарауды жүзеге асыруға тиіс. Заңдардың сапалы болуы үшін ол сындар өте қатал әрі қатты болуы керек деп көрсетілген.
«Нұр Отан» партиясының
Партияның жергілікті жердегі жасалатын жұмыстарына Елбасы сөзінің үшінші басым бағыты арналған. Партияның филиалдары жұмысының тиімділігін арттыру қажет.
Конституциялық реформада және Елбасының сөзіңде мәслихаттардың жергілікті өзін–өзі басқарудың және жергілікті проблеманы шешудің ықпалды органы ретіндегі жұмысының белсенділігін арттыру қажеттілігі анықталған. Осыған орай мәслихаттардың рөлін көтеру «Нұр Отан! партиясымен бірлесе отырып жұмыс жасауға да байланысты екендігін көрсете кеткен жөн.
Осы жылдың басында «Нұр Отан» партиясының қатарында 741 мыңнан астам мүше болды. Соның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында 70 мыңнан аса, Алматы облысында 72,5 мыңнан аса, Қарағанды облысында 82,5 мыңнан аса, Жамбыл облысында 62 мыңға жуық, Шығыс Қазақстан облысында 58 мыңнан аса, Астана қаласында 24 мыңға жуық партия мүшелері бар. Барлығы 9 600 ден аса бастауыш партия ұйымдары қызмет етеді. Партия мүшелерінің: 28,3 пайызы білім, ғылым, мәдениет саласында; 20 пайызы экономика және қызмет көрсету саласында; 8 пайызы денсаулық сақтау саласында; 6,2 пайызы студенттер болып табылады.
Партия қатарындағылардың: 26,6 пайызы 30 жасқа дейінгілер; 52,4 пайызы 30–50 жастағылар; 21 пайызы 50 жастан асқандар.
Парламент Мәжілісінде «Нұр Отан» партиясының фракциясы құрылған. Мәжіліс фракциясында Әлеуметтік кеңес, Экономиканы әртараптандыру жөніндегі кеңес және Мәслихаттармен және азаматтық қоғам институттарымен байланыс жөнінде кеңес құрылып қызмет етуде.
Төртінші шақырылымдағы ҚР Парламент Мәжілісіндегі «Нұр Отан» ХДП Фракциясы 2007 жығы төрт айлық жұмысы барысында біршама заң шығару жұмыстарын атқарып, 21 заң жобасын қарастырды.
Парламент «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасын Заңын қабылдап, Қазақстан Республикасының Президентіне қол қоюға жіберді. Заң жобасын қарастыру барысында фракцияның күш–жігерімен әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамтамасыз етуге бюджеттен 546,1 млрд. теңге сомасында қаржы бөлу бекітілді. Бұл 2007 жылғы қаржыдан 17,5 пайызға (81,4 млрд. теңгеге) артық.
Фракцияның ұсынысымен 2008 жылғы республикалық бюджетке келесі бағыттар бойынша қосымша қаржы бөлінді: республика аймақтарын ауыз суымен қамтамасыз етуге–5 млрд. теңге; денсаулық сақтауға–6 млрд. теңге; білім беруге, соның ішінде мектепке дейінгі балаларға білім беруге–5 млрд. теңге; күн көрістің ең төменгі мөлшерін жоғарлатуға–8,7 млрд. теңге бөлінді.
Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңының 22–2 бабына сәйкес мәсли– хаттардағы депутаттық фракциялар құрылады. Фракция саяси партияның мәслихаттағы депутаттарының ұйымдасқан тобы болып табылады. Фракцияға ең кемі мәслихаттың бес депутаты кіруі тиіс. Депутаттық фракцияны тіркеу мәслихат сессиясында жүреді.
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының Регла– ментінің 18–бөлімі депутаттық фракцияның қызметін реттейді.
«Нұр Отан» ХДП Жарғысының 7.3.–7.7. тармақтары Парламент Мәжілісіндегі және жергілікті өкілді орган– дардағы партия фракцияларының құрылуы мен олардың партияның басшы органдары арасындағы қарым–қатынас– ының механизмін жан–жақты ашып берген.
Еліміздің Конституциясына, «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңға, партияның жарғысына, облыстық мәслихаттың регламентіне сәйкес партияның облыстық мәслихаттағы фракциясы құрылды. Осындай фракциялар қалалық және аудандық мәслихаттарда да құрылып қызмет етуде.
Облыстағы барлық қалалық және аудандық мәслихат– тарда «Нұр Отан» партиясының фракциялары құрылып, олардың басшылары сайланып, жауапты хатшылары тағайындалған.
Партияның фракциялары қоғамдық–саяси өмірдегі жаңа институт болғандықтан әлі де тәжрібе жинақтау үстінде. Дегенмен өз міндеттерін орындау мақсатында үлкен жұмыстар атқаруда.
Облысымыздағы «Нұр Отан» партиясы қатарында Президентіміздің салиқалы саясатын орындауға атсалысып жатқан 70 мың мүшесі бар. Біздің облыстық мәслихаттың 50 депутатының 45 немесе 90 пайыздан астамы партия мүшелері. Қалаларда және аудандарда депутаттардың негізгі басым бөлігі нұротандықтар. Облыстағы барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының абсалютті басым бөлігін негізі «Нұр Отан» партиясының мүшелері. Мұның өзі партияның саясатын мәслихаттар арқылы жүзеге асыруға толық жағдай жасайды.
Көп мәселелер мәслихаттардағы партияның фракция– ларының қызметіне де байланысты. Қазірдің өзінде облыстық мәслихаттағы партия фракциясы, қалалар мен аудандардағы фракциялары өзін оңды жағынан танытып отыр. Мысалы, өткен жылдың соңында облыстық мәслихаттағы партия фракциясы өз отырысында «Тұрғын үй» мен «Таза су» бағдарламасы бойынша халық қалауларының алдында арнайы департаменттердің басшылары есеп бергеніне облыс– ымыздың ғана емес республикалық та бұқаралық ақпарат құралдары ерекше көңіл бөліп, мақалаларын жариялаған болатын.
«Нұр Отан» Халықтық–Демократиялық партиясының Оңтүстік Қазақстан облыстық маслихатындағы депутатық фракциясы туралы типтік Ережесі», «Нұр Отан» Халықтық–Демократиялық партиясының Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатындағы фракциясының жұмыс регламенті Оңтүстік Қазақстанның облыстық мәслихатындағы «Нұр Отан» Халықтық–Демократиялық партиясы депутаттық фракция– сының және партияның облыстық филиалының біріккен жоспары қабылданып, жұмыс істеу үстінде.
Елбасы партияның өңірлік филиалдары жергілікті жерлердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мақсатты үйымдастырылған күресті өрістетуі керек екендігін жария етті. Осы бағытқа байланысты партия лас қолды шенеу– ніктерді қызметтен алуды және жазалауды жария түрде жүзеге асыруы керек. Партия осы күрестің алдынғы шебінде болуы тиіс.
Мемлекет басшысы былай деп көрсеткен: «Түрлі дәрежедегі кейбір мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттік қызметті өз бизнесімен қоса атқара жүріп және соңғысына жан-жақты көмек көрсете отырып, жағдайын жап–жақсы жасап алған. Жекелеген шенеуніктер қарапайым адамдардың мұң–мұқтаждарына құрметпен қарамайды, қызмет бабын теріс пайдаланады. Олардың арасында «Нұр Отан» партиясының мүшелері де кездеседі. Жұртшылық оны біледі. Мұндай шенеуніктерді қатаң жазалау қажет».
Елбасы
мақсаты партияның «Сыбайлас
жемқорлыққа он мәрте күйрете
соққы» атты арнайы
Партия мәслихаттардағы
депутаттар арқылы жергілікті
бюджеттердің жұмсалуын
Партия төрағасының тапсырмаларын орындай отырып Республикалық, облыстық, қалалық және аудандық партия филиалдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес орталығы болатын қоғамдық кеңестер құрылды. Бұл кеңестерде азаматтардың сыбайлас жемқорлық, парақорлық жөніндегі арыз–шағымдар қаралып тиісті шешімдер қабылданады.
Төртінші бағыт елді жеделдете дамыту мақсатында қоғамды жұмылдыру міндетіне арналған. Бұл жерде Президент «партия қазақстандық қоғамды жұмылдыру рөлін өзіне алуға тиіс» деп анық және нақты тапсырма берді. Бірақ Елбасы өз сөзінде «Қазір бұл жұмысты тек Президент қана жүргізуде» деп атап көрсетті. Елбасының бұл сөзі бізге үлкен міндеттер жүктейді. Сонымен бірге онда осы мақсаттар үшін тұрақты іс–қимылдар жасайтын жұмыс органы жоқ. Ол партия болуға тиіс деп атап кетті.
Бұл сала бойынша не істелуі керек екені партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысынд көрсетілгн, яғни–басқа партиялармен, оның ішінде оппозиция өкілдерімен де, қоғамдық бірлестіктермен және үкіметтік емес ұйымдармен де кең ауқымды жұмыс істеу талап етіледі.
«Нұр Отан» партиясының активінде қазірдің өзінде осы бағытта, яғни саяси әріптестіктің жалпыұлттық инфра– құрылымын құру бағытында белгілі бір табыстар бар екенін байқамау мүмкін емес. Мәселен, Парламент мәжілісіндегі партия фракциясының жанынан Мәслихаттармен және азаматтық қоғам институттарымен байланыс жөніндегі кеңес құрылды. Сонымен бірге, партия өзінің жұмысын өткен жылдың қараша айында бастаған Парламент Мәжілісінің жанындағы Қоғамдық палата құруға бастамашы болғаны белгілі. Мүшелері республикамызға белгілі және көпшілік құрметіне бөленіп жүрген қоғам және саяси қайраткерлер болып табылатын Қоғамдық палата заң жобаларына қоғамдық сараптама жүргізетін тиімді тетік болып қана қоймай, сондай–ақ, даму бағыттарында еліміз және қоғам үшін көптеген маңызды мәселелерде топтастырушы көзқарас танытатын алаң бола алады ғой деген сенім бар. Осыған орай біздің облыстық мәслихаттағы партия фракциясы жанынан Мәслихаттармен және азаматтық қоғам институттарымен байланыс жөнінде кеңес туралы Ереженің жобасы дайын– далып, жақында қабылданбақ.
«Нұр Отан» мақсаткер жастарды партия жұмысына қатысуға қазіргіден де белсендірек тартуы тиіс екендігіне Елбасы сөзінің бесінші басым міндеті арналған.
Қазіргі танда Елімізде жастар саясатының негіздері қаланған. Мемлекеттік жастар саясаты туралы заң және Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы жасалып әрекет үстінде.
Облыстық партияның «Жас Отан» жастар қанатында қазіргі кезде 20 мыңнан астам мүшелері бар. Тек қана М.Әуезов атындағы ОҚМУ–да 8 мыңнан астам жас– отаншылар білім алуда. Партияның орталық аппаратына былтырғы жылы біздің облыстан 150 «Жас Отан» мүшелерін партиялық резервке тіркеу үшін ұсынылды. Өткен жылдың соңында «Жас Отан» жастар қанатының облыстық бірінші форумы өтті.
Тұтастай алғанда, партия жастарды өз қатарына тартуға, жастар проблемаларын, оның ішінде ауыл жастарының проблемаларын шешуге, патриоттық жұмыстарды нығайтуға бағытталған өзінің жастар қанатының іс–қимыл стратегиясын жасауда.
Партиялық қызмет жастар мен азаматтар үшін саяси мектеп және болашаққа баспалдақ болуы тиіс деп ойлаймын.
Партиялық қызметке дайындықтары жоғары партия мүшелерін жылжыту маңызды деген партия төрағаның ұсынысы өте орынды.
Елбасы сөзінің алтыншы басымдығы–партияның ұйымдастырушылық, кадрлық, идеологиялық тұрғыдан күшейіп, саяси менеджменттің заманалық үлгісін енгізу қажеттілігіне арналған.
Елбасының бұл тапсырмасының рөлі ерекше. Егер осы бағыттағы Президентің тапсырмалары жүзеге асса, онда партия еліміздің нағыз жетекші саяси күшіне айналады.
Президент
сөзінде «Нұр Отанның»
Кадр саясатында «тікелей ұтқыр» қағидатын жүргізу туралы айта келіп, Елбасы кемінде 2–3 жыл жұмыс істеген партия қызметкерлерін орталық аппаратқа жоғарылату және партияның резервінде тіркелген азаматтарды мемлекеттік қызметтерге жолдама беру туралы айтты.
Осы орайда Елбасы «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан жастарға ерекше назар аударады.
Облыста қырыққа жуық қоғамдық жастар ұйымдары бар. Солардың ішінде «Қазақстан студенттер Альянсы», «Студенттік құрылыс жасақтары», «Жасыл Ел жасақтары», «Студенттік өзін–өзі басқару» жүйесі, «Студенттік кіші Ассамблеясы» сияқты ұйымдар өздерін танытып келеді.
«Қазақстан студенттері Альянсы» облыстық ұйымы 2005 жылдың сәуірінен бастап құрылды және өз құрамында 3200–ден астам студентті қамтиды. Жақында ғана Шымкентте Қазақстан Студенттер Альянсының кезекті Республикалық форумы болып өтті. Қазақстан Студенттер Альянсының жастар қозғалысы студент құқығын қорғау мақсатында «Қалың қалай студент?», «Жемқорлықты таптаймыз», «Бұл біздің туымыз», «Бұл біздің Әнұран», «Нашақорлыққа жоқ дейік» сияқты көптеген іс–шаралар өткізді.