Қазақстан Республикасы Президентінің Республика халқына Жолдауы – аса маңызды Конституциялық құжат

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2014 в 16:16, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасы Президенті институтының тарихи қажеттілігін көрсету және Қазақстанның Президенттік Республикадан Президенттік-Парламенттік Республикаға өту мәселелерін қарастыру.
Осы мақсатқа сәйкес жұмыстың алдына мынадай міндеттер қойылды:
Қазақстан Республикасы президенті институтының тарихи қажеттігін көрсету;
ҚР Президентінің Конституциялық-құқықтық мәртебесін көрсету;
ҚР Президентінің құзыретін көрсету.

Оглавление

КІРІСПЕ............................................................................................................... 3

І ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ИНСТИТУТЫНЫҢ ТАРИХИ ҚАЖЕТТІЛІГІ........................................... 5

1.2. Президенттің құқықтық мәртебесі........................................... 10

1.3. Президентті сайлау және оны лауазымынан
кетіру тәртібі.......................................................................... 12

ІІ. ПРЕЗИДЕНТТІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ........... 19

2.1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚҰҚЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ....................................................................................... 22

2.2.ПРЕЗИДЕНТ ӘКІМШІЛГІ ЖӘНЕ БАСҚА ОРГАНДАР......................... 27

ІІІ тарау. Қазақстан Республикасының Президенті – «Нұр Отан» партиясының төрағасы...................... ............................................................. 29

IV тарау. Қазақстан Республикасы Президентінің Республика халқына Жолдауы – аса маңызды Конституциялық құжат..................................... 41

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................. 57

Пайдаланған әдебиеттер тізімі........................................................................ 59

Файлы: 1 файл

Дип.-ҚАЗАҚСТАН-РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ-ПРЕЗИДЕНТІ-МЕМЛЕКЕТ-БАСШЫСЫ.doc

— 400.00 Кб (Скачать)

          Қазақстанда демократиялық қоғам қағидаларына сәйкес сайлаулар өткізіле бастауы да президенттік билікпен тікелей байланысты. "Қазақ КСР-нін президенттік сайлау туралы   1991  жылғы   16 қазандағы Заңына сәйкес, елде алғаш рет өркениетті елдердегідей жалпыхалықтық және демократиялық сайлау өткізілді. Мемлекеттегі ең жоғарғы лауазым иесін Қазақстан халқы өз құзырымен сайлады. "Биліктің қайнар көзі-халық" делінетін демократияның басты қағидасы Қазақстанның саяси шындығына айналды. Президентгік билік елді дағдарыстан шығару, нарықтық қатынастарды орнықтыру, саяси, жүйені ,реформалау, міндеттерін өз мойнына алды және ойдағыдай орындап шықты. Осы шараларды іске асыруға бағытталған 400-ден астам заң күші бар Президент жарлықтарының тәуелсіз ел экономикасы мен саяси жүйесінің жаңару жолына түсуіне пәрменді ықпал жасады. Казақстанның стратегиялық даму басымдықтарын Президенттің тікелей басшылығымен қабылданған 1993 жылғы "ҚазақстанРеспубликасының Конституциясы", 1995 жылғы "Қазақстан Республикасының Конституциясы", 1997 жылғы "Қазақстан-2030"-барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-аукатының артуы" Казақстан халқына Жолдауы сияқты маңызды мемлекеттік құжаттар анықтап берді. Президенттік билік басшылығымен ел халқы өзінің дамуының негізгі бағыттарын дұрыс айқындай алды, өркениеттік даму жолына түсе алды.

          Көптеген  ресейлік және әлемдік сарапшылар  Қазақстанның егеменді ел болу  мүмкіндіктеріне күдікпен караған  еді. Мысалы, АҚШ-тың белгілі саясат-кері Збигнев Бзежинскийдің "Орталық Азия талқан болады" деген сәуегейлігінің Қазақстанға қатысы болған жоқ. Керісінше, саяси жөне экономикалық ахуалдың жақсара түсуі Қазақстанды Орталық Азия аймағындағы тұрақтан-дырушы факторға, бейбітшілік кіндігіне айналдырды. Әлемдік қауымдастық Елбасының Қазақстанды ядролық қарулардан азат мемлекетке айналдыру саясатын, полиэтностық қоғамдағы диаспоралар мен ұлыстардың теңдігі саясатын, ел өмірінің барлық салаларын модернизациялау саясатын дұрыс саясат ретінде қолдады.

         Қоғамдық  катынастардың жаңаруына, ел алдындағы  міндеттердің өзгеруіне сәйкес  президенттік билік өзін-өзі үнемі  жаңартып отыруға тырысты. Дағдарыс  жылдарында биліксіздікті ауыздықтау  мақсатында вертикальді президенттік  билік күшейтілді. Ал қоғамдық өмірді демократияландыруды тереңдету қажеттілігі туғанда 2007 жылғы мамыр айында Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес президенттік билік президенттік-парламенттік билікке ауыса бастады. Елбасы ұсынысымен заң шығарушы билік тармағы Парламенттің, заңдарды орындауды қамтамасыз ететін сот билігі тармағының күшеюі байқалды. Елдегі билік бөлі-нісінің құқықтық, демократиялық қоғамға бастайтындығын саяси тәжірибе делелдейді. Мұның өзін Елбасының ин-новациялық ойлауының, реформаторлық қасиеттері мен білікті саясаткерлігінің нәтижесі деп бағалаған жөн. Елбасы ұсынған " алдымен экономика, одан соң саясат" қағидаты өзін ақтады. Ел экономикасының жандануы, халықтың әл-ауқатының жақсаруы. Қазақстанды артта қалған үшінші дүние елдерінен орташа дамыған елдер қатарына көтерді. 16 жылда қазақ ұлты 6,8 миллион адамнан 9,1 миллион адамға дейін көбейді. Аз ғана мерзімде қазақ ұлтының 2,3 миллион адамға өсуі тәуелсіз мемлекет болу жағдайында және пәрменді демографиялық саясатты іске асыру арқасында ғана мүмкін болды.

Мемлекеттің және атқарушы биліктің басшысы ретінде Президент лауазымы бірінші рет Америка Құрама Штаттарында пайда болды. Қазіргі кезде көптеген елдерде ел Президенті қызметі орнықтырылды. Президенттік қазіргі танда Еуропаның, Азияның, Африканың, Американың көптеген елдерінің саяси   жүйесінің элементі болып табылады.

                Президенттік институты президенттік, сондай-ақ парламент-тік басқару  республикаларында құрылып, қызмет  етуде. Парламенттік басқару жүйесі  кезінде ел басшысы қызметін Президент атқарады, ал нақты аткарушылық билік Парламент алдында есеп беретін Үкіметтің қолында болады. Президенттік Республикада Президент кең өкілеттікті және ерекше жағдай-ды иеленеді. Президенттік Республика мынадай қырларымен сипатталады Үкімет Президент алдында жауап береді, Үкімет мүшелерін Президент өз қалауымен қызметке тағайындайды және қызметінен босатады; Президент зандар бойынша ұсы-ныс енгізуге, Парламент қабылдаған зандарға қол қоюға неме-се оларға тыйым салуға құқылы; Президент өз қалауымен заң күші бар Жарлықтар шығаруға кұқылы; Президент лауазымы бойынша Қарулы Күштердің Бас қолбасшысы болып табыла-ды; Президент Парламенттің кезектен тыс сессиясын шақыруға, Парламентті таратуға және мезгілінен бұрын Парламент сайла-уын тағайындауға құқылы; Президент референдум өткізуге, төтенше жағдай енгізуге және басқаларына құқылы. Прези-денттік Республика дүние жүзінің көптеген мемлекеттерінде, оның ішінде АҚШ-та, Францияда, Италияда, Түркияда, Арген-тинада, Мексикада, Сирияда, Филиппинде, Тайваньда, Корей республикасында және басқаларында қызмет етеді.

 

1.2. ПРЕЗИДЕНТТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ

 

Мемлекеттік органның Конституциямен белгіленетін құқықтық мәртебесі мемлекеттік билік органдары жүйесінде бөлінетін орнымен анықталады. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясында Президент туралы тарау Жоға-рғы Кеңес туралы тараудан кейін орналастырылды. Ол Жоға-рғы Кеңестің кең өкілеттік берілген бірден-бір заң шығарушы және жоғары уәкілетті орган ретінде танылғандығын білдіреді. Конституция мемлекетті парламенттік республика құруға ба-ғыттады. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конститу-циясы мемлекеттік билік органдары жүйесінде бірінші орынға Президентті койды. Сөйтіп, Қазақстан Республикасында президенттік баскару жүйесінің орнықтырылғаны туралы Кон-ституциялык қағиданы бекітті.

            Н.Ә. Назарбаев басқарудың президенттік жүйесін: "мемле-кеттің бүгінгі тандағы басшыларының қайсыбір мүдделері мен амбициялары емес, объективті факторлар тудырды. Және бұл, біздің еліміз үшін айтарлықтай ұзақ мерзімді болашақ үшін қажет"2 деп жазды. 12-шақырылған Қазақстан Республикасы-нын Жоғарғы Кеңесі өзінен-өзі тарқағаннан және Президент-ке заң шығару органының кейбір өкілеттігі уакытша берілгеннен кейін Президент мемлекеттік өмірдің маңызды мәселелері бой-ынша жедел және сапалық деңгейі айтарлықтай жоғары Кон-ституциялық және жай зандық,  күші бар жүздеген Жарлықтар шығарды. Бұл зан, шығармашылық, салада президенттік қабілеттілік пен мүмкіндікті көрсетті және оның басқарудың президенттік жүйесін нығайтуда айтарлықтай мәні болды. Конституцияның Президенттің мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі орнын белгілейтін 40-бабы Президенттің мәртебесін сипаттаудың негізі болып табылады.  Конституцияның керсетілген бабына сәйкес Президент мемлекет басшысы болып табылады1.

Мемлекет уәкілдігі ел ішіндегі  сияқты, халы-қаралық катынастарда да Президент атынан бағаланады. Сонымен бірге Президент мемлекеттің жоғары лауазымы болып танылады.

Заң шығарушының ойынша, Президенттің осындай сипаттамасы оның бірде-бір билік тармағына жатпайтындығын және Қазакстанның мемлекеттік билік органдары жүйесінде ерекше орын алатындығын білдіреді. Конституция Президенттің ерекше жағдайын тани келіп, Президенттің мемлекеттік биліктің барлық тармакхарының келісімді түрде жұмыс істеуін және билік органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамта-масыз ететіндігін орнықтырды. Бұл конституциялық қағида Президент мемлекеттік биліктің барлық, тармақтарынан жоға-ры тұрады деуге негіз бола ма? Президенттік мәртебені талдау мұндай пікірдін негізсіздігін көрсетеді. Қазақстан Республика-сының Конституциясында мемлекеттік билікті заң шығарушы-лык, атқарушылық және сот тармактарына бөлу орнықтырыл-ған. Осы принципке орай биліктің әр тармағына өз қызметтерін орындау үшін қажетті деңгейде жеткілікті түрде өкілеттіктер берілген. Тек Парламент заң шығару өкілеттігін берген жағ-дайда ғана шектеулі уақыт ішінде Президент заң қабылдай ала-ды. Сот билігін жүргізуге Президенттің құкығы жоқ. Сондай-ақ атқарушы билікке қатысты да Президент занда көзделген шараларды ғана қолдана алады. Одан әрі, Қазақстан Республи-касы Конституциясында көзделген тежеушілік және тепе-тендік жүйесі Президенттік биліктің барлық билік тармақтарынан қабілеттілік пен мүмкіндікті көрсетті және оның басқарудың президенттік жүйесін нығайтуда айтарлықтай мәні болды. Конституцияның Президенттің мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі орнын белгілейтін 40-бабы Президенттің мәртебесін сипаттаудың негізі болып табылады.  Конституцияның керсетілген бабына сәйкес Президент мемлекет басшысы болып табылады1.

Мемлекет уәкілдігі ел ішіндегі  сияқты, халы-қаралық катынастарда да Президент атынан бағаланады. Сонымен бірге Президент мемлекеттің жоғары лауазымы болып танылады. Заң шығарушының ойынша, Президенттің осындай сипаттамасы оның бірде-бір билік тармағына жатпайтындығын және Қазакстанның мемлекеттік билік органдары жүйесінде ерекше орын алатындығын білдіреді. Конституция Президенттің ерекше жағдайын тани келіп, Президенттің мемлекеттік биліктің барлық тармакхарының келісімді түрде жұмыс істеуін және билік органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамта-масыз ететіндігін орнықтырды. Бұл конституциялық қағида Президент мемлекеттік биліктің барлық, тармақтарынан жоға-ры тұрады деуге негіз бола ма? Президенттік мәртебені талдау мұндай пікірдін негізсіздігін көрсетеді. Қазақстан Республика-сының Конституциясында мемлекеттік билікті заң шығарушы-лык, атқарушылық және сот тармактарына бөлу орнықтырыл-ған. Осы принципке орай биліктің әр тармағына өз қызметтерін орындау үшін қажетті деңгейде жеткілікті түрде өкілеттіктер берілген. Тек Парламент заң шығару өкілеттігін берген жағ-дайда ғана шектеулі уақыт ішінде Президент заң қабылдай ала-ды. Сот билігін жүргізуге Президенттің құкығы жоқ. Сондай-ақ атқарушы билікке қатысты да Президент занда көзделген шараларды ғана қолдана алады. Одан әрі, Қазақстан Республи-касы Конституциясында көзделген тежеушілік және тепе-тендік жүйесі Президенттік биліктің барлық билік тармақтарынан жоғары тұруына мүмкіндік бермейді. Президентке Парламенттің және сот билігінің қызметін бақылау құқығы берілмеген. Оның үстіне, мәртебесі бойынша ол атқарушы билікке жақын. Алай-да, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясында болғандай Президент атқарушы билік жүйесін басқармайды. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясына сәйкес атқарушы билікті Үкімет жүзеге асырады және ол атқа-рушы органдарды басқарады. Сонымен бірге өз қызметі үшін Президент алдында Үкіметтің өзі жауап береді.

         Көрсетілгендерден  басқа, Қазақстан Республикасының  Кон-ституциясы Президенттің мемлекеттегі авторитарлық басшыға айналуына тосқауыл қоятындай басқа да кепілдіктер келтіреді. Президентті жабық, дауыс беру жолымен жеті жылға тікелей сайлау негізінде халық сайлайды. Және сайлау баламалы си-патта өтеді. Конституция бір адамның Президенттік лауазымға қатарынан екі мерзімнен артық, сайлануына жол бермейді. Пре-зидент өзінің норма шығармашылық өкілеттігін шеңберінен ар-тық пайдаланған жағдайда Конституциялық Кеңес оның нормативтік актілерін заңсыз деп тани алады.

Қазақстан Республикасы Президенті халық пен мемлекеттік биліктің, Конституцияның мызғымастығының, адам мен аза-маттың құқықтары мен бостандықтарының рәмізі және кепілі болып табылады. Президенттің халық бірлігінің рәмізі болып табылатынының себебі, оны мемлекет басшылығына көпұлтты халық сайлайды. Президент халық еркінің бірлігін білдіреді. Сондықтан Президент халық атынан сөйлеуге құқылы. Пре-зиденттің мемлекет билігінің кепілі болып табылатынының себебі, ол билік тармақтарының бірде-біріне жатпай, оның бар-лық тармақтарының келісіммен қызмет етуін қамтамасыз етуі тиіс. Президент Конституцияның, мемлекеттің басқа зандары-ның сақталуында мемлекеттік билік органдарының жауапкер-шілігін қамтамасыз етуі тиіс1.

 

1.3. ПРЕЗИДЕНТТІ САЙЛАУ ЖӘНЕ ОНЫ ЛАУАЗЫМЫНАН

КЕТІРУ ТӘРТІБІ

 

Қазақстан Республикасының Президентін сайлау Конституцияға (41-бап) және Президенттің "Сайлау туралы" Жарлығына сәйкес белгіленген.

           Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Президент болып жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы жеті жыл мерзімге сайлайды. Прези-дент сайлауының баламалығын Конституция көрсетпейді. Бұл принцип Президенттің "Сайлау туралы" заң күші бар Жарлығында бекітіледі.

            Конституция Президенттікке кандидат алдына қойылатын негізгі талаптарды белгілеп берді. Мемлекеттің басшысы және жоғары лауазымды тұлғаның қызметін тиісті деңгейде атқару үшін Президенттікке кандидат кемелденген жасқа келген, өмірлік мол тәжірибе жинақтаған болуы керек. Осыны ескере келе, Президенттікке Қазақстан Республикасының кемінде 40 жасқа толған азаматының сайлана алатындығы белгіленді. Көптеген елдерде Президенттікке кандидатқа жас шектеуі қойылмаған. Барынша кең тараған норма бойынша, Президенттікке 35 жасқа толғандар сайлана алады. Президенттікке тілек білдірген-дерге АҚШ-та, Мексикада, Австрияда, Венгрияда, Португалия-да, Ирландияда1 осындай жас шектеуі қойылған.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы бойынша рұқсат етілетін ең жоғары жас шегі белгіленген болатын. 1998 жылы бұл шектеу алынып тасталды. Жастың жоғары шегін белгілеудің бір ғана себебі бар еді: қабілетсіздігіне қара-мастан, адамдардың әбден қартайғанша билік басынан кетпейтін кеңестік кезең тәжірибесін қайталаудан сақтану. Президенттік лауазымға кірісу үшін ең аз жас деңгейі белгіленген елдерде жастың рұқсат етілетін ең жоғары деңгейі белгіленбейді. Мысалы, Индияда мемлекет басшысы орнына кәртан, беделді адам-дарды сайлау тәртібі қабылданған. Ресей Федерациясының Кон-ституциясы да Президент үшін мүмкіндігінше рұқсат етілетін жас деңгейін белгілемейді. Денсаулығы мықты сақталған адам-ның жасы үлғайған сайын саяси тәжірибесі молыға, ұйымдас-тырушылық кабілет ұштала тусетіндіктен және баска касиеттеріне орай, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мұндай бағыт өзін ақтайды да.     

            Қазақстан Республикасы Конституциясы  Президенттікке үміткер адам, міндетті  түрде тумысынан Қазақстан Республи-касының  азаматы болуы керектігін белгілейді. Мұндай тәртіп бірқатар елдерде қабылданған. АҚШ-та және Францияда ту-мысынан осы елдің азаматы болып табылатындар ғана Прези-дент бола алады.

        Конституцияда  Қазақстанда кемінде 15 жыл тұру  қажеттігі Қазақстан Республикасының  Президентіне қойылатын талап-тардың  бірі болып табылады. Мұндай талаптын, қойылуы дұрыс, өйткені мемлекет басшысы лауазымына үміткер адам елді, ха-лықты, оның тарихын, экономикасын, ұлттық ерекшеліктерін және басқаларын жақсы білуі тиіс. Бұл талапкд орай бір даулы сұрақ тууы мүмкін: адам Қазақстанда қатарынан 15 жыл тұруы керек пе немесе кезең-кезеңімен, бірақ жиналып келгенде 15 жылға толатын болуы керек пе? Болашақта Президенттік лауа-зымға бірнеше кандидат ұсынылған кезде осы мәселені анық-тау көкейкесті мәнге ие болуы мүмкін.

      Конституция Қазақстан  Республикасы Президенттігіне мемлекеттік (қазақ) тілді еркін меңгерген азаматтың сайлана алатындығын белгілейді. Мұндай талап, Қазақстан мемлекеті байырғы қазақ жерінде құрылғандықтан, қазақ ұлты сақталу-ын қамтамасыз етудің басты шарттарының бірі-оны сақтау болып табылатындықтан, тілдің өмір сүруін қамтамасыз ететін барлық қызметті атқарудан туындайды. Ел Президенттігіне үміткер азамат қазақтармен еркін сөйлесуі үшін, сөз жоқ, мемлекеттік қазақ тілін еркін меңгеруі тиіс. Бұл арада атап көрсеткен жөн, Қазақстан Республикасының Конституциясы Президент лауазымына үміткерге ұлттық шек қойып отырған жоқ. Кез келген ұлттың мемлекеттік тілді еркін меңгерген аза-маты Қазакстан Республикасы Президенті бола алады.

Информация о работе Қазақстан Республикасы Президентінің Республика халқына Жолдауы – аса маңызды Конституциялық құжат