Қазақстан Республикасы Президентінің Республика халқына Жолдауы – аса маңызды Конституциялық құжат

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2014 в 16:16, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасы Президенті институтының тарихи қажеттілігін көрсету және Қазақстанның Президенттік Республикадан Президенттік-Парламенттік Республикаға өту мәселелерін қарастыру.
Осы мақсатқа сәйкес жұмыстың алдына мынадай міндеттер қойылды:
Қазақстан Республикасы президенті институтының тарихи қажеттігін көрсету;
ҚР Президентінің Конституциялық-құқықтық мәртебесін көрсету;
ҚР Президентінің құзыретін көрсету.

Оглавление

КІРІСПЕ............................................................................................................... 3

І ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ИНСТИТУТЫНЫҢ ТАРИХИ ҚАЖЕТТІЛІГІ........................................... 5

1.2. Президенттің құқықтық мәртебесі........................................... 10

1.3. Президентті сайлау және оны лауазымынан
кетіру тәртібі.......................................................................... 12

ІІ. ПРЕЗИДЕНТТІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ........... 19

2.1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚҰҚЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ....................................................................................... 22

2.2.ПРЕЗИДЕНТ ӘКІМШІЛГІ ЖӘНЕ БАСҚА ОРГАНДАР......................... 27

ІІІ тарау. Қазақстан Республикасының Президенті – «Нұр Отан» партиясының төрағасы...................... ............................................................. 29

IV тарау. Қазақстан Республикасы Президентінің Республика халқына Жолдауы – аса маңызды Конституциялық құжат..................................... 41

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................. 57

Пайдаланған әдебиеттер тізімі........................................................................ 59

Файлы: 1 файл

Дип.-ҚАЗАҚСТАН-РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ-ПРЕЗИДЕНТІ-МЕМЛЕКЕТ-БАСШЫСЫ.doc

— 400.00 Кб (Скачать)

       Дегенмен, олардың қызметінде елеулі кемшіліктер бар.

        Бұл жөнінде Елбасы барлық құқық қорғау органдарының қатысуымен Бас прокуратураның жақында өткен алқа отырысында қатты айтты.

        Құқық қорғау және сот жүйесі қазақстандық– тардың құқықтарының әділ де тиімді қорғалуын, бизнеске заңсыз араласуды болдырмауды қамтамасыз етуге тиіс.

Елбасы «Нұр Отан» партиясына «Сыбайлас жемқорлыққа он мәрте күйрете соққы» атты арнайы бағдарламасын қабылдау туралы тапсырма берді. Осы бағдарламада осынау әлеуметтік кеселге қарсы күрестің нақты және кешенді шаралары көрініс табады.

         Партия  төрағасының тапсырмаларын орындай  отырып Республикалық, облыстық, қалалық және аудандық партия филиалдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес орталығы болатын қоғамдық кеңестер құрылды. Бұл кеңестерде азаматтардың сыбайлас жемқорлық, парақорлық жөніндегі арыз–шағымдар қаралып тиісті шешімдер қабылданады.

Елбасы Жолдауда құқық қорғау және сот жүйесі қызметкерлерінің атына қатты сын айтып олардың елеулі кемшіліктерін атап өтті. Бұл органдардағы келеңсіз– діктер, бюрократия, азаматтардың мұң–мұқтаждарына жүре қарау азаймай отыр.Бизнеске заңсыз араласу өрши түсуде. Осының бәрі де бұл органдардың қызметін одан әрі жетілдіруді талап етеді.

        Бұл саладағы басым бағыт жазалаушы іс–әрекет емес, құқық бұзушылықтардың жолын кесу мен олардың алдын алу болуы тиіс. Сондықтан биылғы жылы «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» заң жобасы әзірленуде. 

       Конституциялық реформаларға сәйкес мемлекеттік басқарудың үлкен бағытының бірі дәйекті әкімшілік реформаларды одан әрі жалғастыру. Әкімшілік реформа– лар жетік халықаралық тәжірибелерді зерттей отырып «нәтижелілік, ашықтық және қоғам алдындағы есептілік негізінде дамыту жөніндегі шараларды жедел қарқынмен іске асыруға тиіс». Қазіргі кезде барлық денгейдегі әкімдердің халық алдында жыл сайын есеп беруі тәжірибеге енді. Әкімдердің есеп беруі әкімшілік институтының қызметінің ашықтығының және жариялылығының көрінісі болса керек. Соңғы жылдары әкімдер өз есептерінің тезистерін алдын ала баспа сөзде жариялап, көпшіліктің пікірін біліп, халықпен ақылдасып  жұмыс істеуде.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Н.С.Әшімовтің есебі баяндамасының тезистері облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінің 2008 жылғы 29 қаңтарында жарияланды. Облыс әкімінің есебі 2008 жылы 13 ақпанда берілді. Аудандар және қалалар әкімдерінің есебі де тиісті баспасөз органдарында жарияланды.

Әкімшілік реформаның нақты қадамын Елбасының өзі бастады. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев 2008 жылы 11 ақпанда «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны және құрылымы туралы» Жарлыққа қол қойды. Жарлық Елбасының биылғы Жолдауына сәйкес Әкімшілік реформа аясында Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің қызметі мен құрылымын одан әрі жетілдіруге бағыт алды.

Мемлекет басшысы бүкіл әкімшілік реформаны жүзеге асыруды, Әкімшілік реформаны қорғау қорғау органдарында, сондай–ақ ел Президентіне есепті барлық ұйымдарда жүргізуді қамтамасыз етуді Президент Әкімшілігіне тапсырды.

Мұндай үлкен жұмысты жүзеге асыруды Елбасының Президент Әкімшілігінен бастауы басқарушы мемлекет– тік органдарға үлгі болып табылады. Елбасы Жарлығына сәйкес Президент Әкімшілігіндегі құрылымдық бөлім– шелердің саны 22–ден 13–ке, ал қызметкерлерінің саны 10 процентке қысқартылды. Жуық арада мемлекеттік басқарудың осы заманғы қағидаттарын енгізуге қатысты жүйелі шаралар кешенін қабылдау жоспарлануда (Егемен Қазақстан, 2008 ж. 12 ақпан).          

2008 жылы мынадай мелекеттік органдарда–Әділет, Экономика және бюджеттік жоспарлау, Қаржы министір– лігінде және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде пилоттық бағдарламалар бойынша әкімшілік реформалар жұмыстары басталады.   

        Әкімшілік реформаның басты мақсаты басқарушы аппарат жұмысының тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру болуға тиіс. Яғни, халыққа қызмет етуі шарт. Ол төрешілдікті, сөзбұйдаға салуды азайтуға тиіс.

Мемлекеттік басқару және әкімшілік реформалар білікті кадрлар қызмет еткенде ғана өз жемісін береді. Елбасы осы Жолдауда «жаңа кадр саясаты» және «жаңа тұрпатты басқарушылардың кәсіби ұйытқысын қалыптастыру» туралы тапсырма берді.

Еліміздегі кадр саясатын қалыптстыруда «Болашақ» бағдарламасың ролі үлкен. Осы бағдарламаға 15 жыл толды. Жуырда Елбасының қатысуымен «Болашақ» бағдарламасының степендиаттарының форумы болып өтті. 15 жыла 26 ұлт өкілі кіретін 3 850 талапкерге Елбасы стипендиясы тағайындалған. Олар әлемнің 32 еліндегі ЖОО–да білім алды немесе оқуда. Алғашқы жылдары 100–ге тарта үміткер оқыса, 2005 жылғы Елбасы Жолдауына байланысты стипендиаттар саны 3 000 мыңға көтерілді. Елбасы осы кездесуде өзінің «Интеллектуалды ұлт–2020 ұлттық жобасы» туралы идеясын жария етті. (Қазақстанның ғылымы мен жоғары мектебі, 2008 ж.             1 ақпан).       

Бұл үдерісте үлкен рөл «Нұр Отан» партиясына тиесілі болмақ. Елбасы  өз Жолдауында «Нұр Отанның» бұл бағыттағы жұмысын жаңаша бағалап «Партия мемлекеттік басқару жүйесі үшін кадрлар жасақтауға белсенді қатысып, лайықты азаматтар үшін «әлеуметтік көтергіш» рөлін атқаруы керек» деп көрсетті.

        Сондықтан да Жолдауда айтылған Елбасының резервпен жұмыс істеу де жаңа деңгейдегі жұмысты талап етеді деген тапсырмасының маңызы үлкен.

Президент өзінің «Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесінің 2008 жылы 17 қаңтарда өткен кеңейтілген мәжілісінде сөйлеген сөзінде «Нұр Отанның» стратегиялық шешімдер жасаудың орталығына айналуы керек екендігі» нақтылап көрсетілді. Бұдан партияның сараптама және зерттеу жұмыстарын күшейтуді жалғастыру қажет деген міндеттер туындайды. Осында кадр саясатында «тікелей ұтқыр» қағидатын жүргізу туралы айта келіп, Елбасы  кемінде 2–3 жыл жұмыс істеген партия қызметкерлерін орталық аппаратқа жоғарылату және партияның резервінде тіркелген азаматтарды мемлекеттік қызметтерге жолдама беру туралы атап көрсетті.

Елде жүргізіліп жатқан әкімшілік реформаларға, оған басшылық жасайтын кадрлар құрамын қамтамасыз ету, олардың біліктілігі мен білімін жетілдіру және кадрларды іріктеу, қайта даярлау жұмыстарына Президент Әкімшілігі тікелей басшылық жасайды.

Жолдауда шағын және орта бизнес туралы мәселе олардың бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру жөніндегі дәйекті жұмысты жалғастыру бағытында жүргізілуі тиіс екендігі көрсетілді.

Шағын несие ұйымдарының жұмысын, соның ішінде мемлекет қаражаты есебінен де қолдау керек. Олар жүз мыңдаған азаматтарымыздың өз ісін ашуына қолдау көрсетуде. Шағын несие берудің қолжетімділігін арттыру және көптеген қазақстандықтар үшін жаңа жұмыс орындарын ашу жөніндегі шараларды ойластыру қажеттілігі атап өтілді.

Әкімшілік реформаны жүргізу, мемлекеттік басқаруды жетілдіру азаматтармен байланысты нығайтуды, бюрократияны азайтуды және мемлекеттік органдардың қызметін ашықтандыра түсуді талап етеді. Осыған орай Жолдауда бизнеске түсетін әкімшілік салмақты батыл азайтуды, рұқсат беру жүйесін, ең алдымен лицензиялауды, сертификаттауды және аккредиттеуді одан әрі оңайлату жолдарын қарастыру Үкіметке тапсырылды. Бұл шаралар бұған дейін де талай рет көтерілгенімен әліде түпкілікті нәтижесін бермей отыр. Сөзбұйдалық, төрешілдік, менмендік, көпшіліктің мүддесін ескермеу, елдің мұң–мұқтажын және талап–тілектерін жүре тындау, халықтың мемлекетке деген құрметін төмендете түсетін жағымсыз әрекеттер. Бұл әрекеттерге қаншама қарсы күрескенмен олар азаймай отыр. Осыған орай Жолдауда Елбасы келтірген мына бір мысал бюрократияның әлі де азаймай отырғанын көрсетеді. «Дүниежүзілік банктің «Бизнесті жүргізу» туралы соңғы есебі бойынша барлық экспорттық рәсімдерден өту үшін Қазақстанға 89 күн, мәселен, Эстонияға бұл үшін небәрі 5 күн керек екен».   

Ең қиыны мұндай кереғар тексерулерге заңдық тұрғыдан негіздер де қаланып қойылған. Кәсіпкер үшін нағыз кесапат–50–ден астам заңда көзделген түрлі–түрлі тексерулер болып отыр.

Жолдауда келтірілген кәсіпкерлердің жолын байлап отырған жөнсіз тексерулер заң шығарушының да кемшілігі болып табылады. Мұндай заң жобаларын ең алдымен Үкімет құрамына кіретін орталық атқару органдары даярлайды. Сонда олар өздерінің ведомств– алық мүдделерін заң жобаларына енгізіп жібереді. Сөйтіп болашақ заңдар арқылы өз нәпақаларын тауып отырудың жеңіл жолдарын жасап алған. Мұндайды болдырмау үшін заң жобаларын терең талдап, көпшіліктің пікірін білдіретін сараптамалар жүргізіп отырудың маңызы үлкен. 

Биылғы жылғы Жолдаудың өзіне тән ерекшелігінің бірі оның әлеуметтік сипаты. Бұл сипат Ата заңымыздың             1–бабында көрсетілген мемлекеттің әлеуметтік сипат– ынан туындайды. Сондай–ақ қазіргі кезеңде мемлекеттік саясаттың әлеуметтік сипатының бірінші қатарға шығуы әлемдегі қаржылық–экономикалық қиындықтарға, ең алдымен АҚШ–тағы ипотекалық дағдарысқа да байлан– ысты. 

Әлемдегі қиындықтар Қазақстанға да соқпай өтпейді. Екінші дәрежелі банктер ипотекалық несиелерді тоқтатуға мәжбүр болды. Құрылыс индустриясы әсіресе, тұрғын үй құрылысы уақытша тоқтауға жетті. Инфляция күшейе түсуде. Осындай жағдайда мемлекет басшысы халықтың әлеуметтік жағдайының, әл–ауқатының, тұрмыс тіршілігінің бұрынғы қалпын сақтап қана қоймай, оны одан әрі көтеру туралы нақты тапсырмалар берді.

Сондықтан да Елбасының «Бірінші кезекте, Үкімет уақытша, қаржы секторындағы проблемалар жойылғанға дейін, әлеуметтік саладан өзге, барлық бағыттар мен бағдарламалар бойынша мемлекеттік шығындарды қысқартуы керек» деген қатаң тапсырмасы халықтың әлеуметтік жағдайын қорғауды ұйымдастыруға жасалған негізгі қамқорлық деуге болады. Күте тұра алады дегендердің бәрі тоқтатылуы қажет. Бұл барлық өңірлерге де қатысты. Мұндай үнем инфляцияға түсетін қысымның төмендеуіне жағдай жасап, сонымен бірге, энергия көздері мен шикізат ресурстарының бағасы төмендеген жағдайда елдің резервтерін ұлғайтады деген Елбасының ұстанымы Жолдауда қойылған әлеуметтік міндеттерді дер кезінде орындауға негіз болады.

Қазақстандық өмір сапасының стандарттарын қалыптастыру туралы Елбасы бұған дейін де айтқан болатын. Мұның өзі адам капиталын дамытудың және Қазақстанды әлеуметтік жаңартудың тиімді нарықтық құралына айналуға тиіс.

Жолдауда алғаш рет көрсетілген үш жылдық бюджетті қалыптастыру экономиканы өрлетудің құралы ғана емес, соңымен қатар әлеуметтік қолдауды жетілдірудің де негізгі арқауы болмақ.

Жаңа үш жылдық бюджет бойынша:

Тұтас алғанда 2007 жылға қарағанда зейнет– ақылардың орташа мөлшерін 2012 жылға қарай 2,5 есе, оның ішінде 2009 жылы–25%, 2010 жылы–25% және 2011 жылы 30% арттыруды қамтамасыз етуге тиіс. Бұл ретте 2011 жылы арқаулық зейнетақылық төлемдер мөлшері ең төменгі күнкөріс мөлшеріне қарай 50%–ға дейін өсірілуге тиіс;

- мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың және арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшерін 2009 жылдан бастап жыл сайын орта есеппен 9% арттыруды;

- сәби бір жасқа толғанға дейін күтіп–бағуға берілетін ай сайынғы жәрдемақыны 2010–2011 жыл– дары кезең–кезеңмен өсіруді, орта есеппен алғанда 2007 жылғы жәрдемақының мөлшерінен 2,5 есеге арттыруды;

- 2010 жылдан бастап 4 және одан да көп бала туғанға берілетін біржолғы жәрдемақылардың мөлшерін 2007 жылға қарағанда 4 еседен асыра өсіруді;

- бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын кезең–кезеңмен өсіру арқылы 2012 жылы 2 есе деңгейге, оның ішінде 2009 жылы–25%, 2010 жылы–25%, 2011 жылы 30% арттыру қамтамасыз етілуі тиіс.

- тарихи атажұртына көшіп келу үшін оралмандарға бөлінетін жыл сайынғы квотаны 2009 жылы 5 мың отбасына дейін ұлғайтып, жылына 20 мың отбасына жеткізуіміз керек делінген.

Біздің облыста 2007 жылдың қазан айында жан басына шаққандағы нақты табыс 2006 жылмен салыстырғанда 8,6 процентке өсті. 18 жасқа дейінгі балалары бар 40 мыңнан астам отбасыға 1 млрд. 344 миллионнан аса теңге көлемінде мемлекеттік жәрдемақы берілді. 56 779 адамға бала туына байланысты 933,3 млн. теңге біржолғы төлемақы төленді. 522,1 мың азамат зейнетақы, жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдермен қамтылды. 2008 жылы облыс бюджетінің жалпы көлемі 165,8 млрд. теңге болып немесе ол 2007 жылғы бюджетке қарағанда 165 пайызды құрады.

Білім және ғылым министрлігіне үш жылдың ішінде заманға сай білім алуға және озық технологияларды игеруге мүмкіндік беретін білім берудің тиімді инфра– құрылымын жасауды аяқтау тапсырылды.

12 жылдық орта білімге өту  кейінге қалдырылды. Оның себептерінің  бірі 12 жылдықққа өткен жағдай  да мектеп жасындағы балалардың  саны күрт өседі. Қазіргі қолда бар мектептердің саны аздық етеді. Сондықтан орта мектептің материалдық жағдайын нығайту үшін үсті– міздегі жылы 68 мың оқушыға арналған 88 мектептің құрылысы, ал 2009–2010 жылдары 69 мың оқушыға  арналған тағы да 102 мектептің құрылысы басталады.

Облыста жоғары білімді білікті кадрларды даярлауда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінің орны бөлек. Көппрофилді мамандар даярлайтын бұл оқу орны соңғы жылдары рейтингі бойынша Республикада тұрақты 3 орынды иемденіп келеді. 2007 жылы университетке 2 375 грант иегері оқуға түсті. Бұл еліміздегі ЖОО–лар ішінде үшінші орын. Университет ұжымы әсіресе инновациялық білім беруге, білімді өмірмен ұштастыруға, техникалық білім беру басты назар аударады.   

Кәсіптік–техникалық білім беруді одан әрі дамыту бағдарламасын әзірлеп, іске асыру тапсырылды. Бұл жұмысты Үкімет ірі мемлекеттік холдингтермен және облыс әкімдерімен бірлесе отырып жүзеге асыруы тиіс. Қазіргі кезде 830 техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында 558,7 мың адам білім алуда. Республикада 27 ауданда кәсіптік–техникалық  мектептер атымен жоқ. Мұның өзі елдегі жұмысшы кадрлардың даярлаудың төмендігін көрсетеді. Кәсіптік–техникалық білім беруге мемлекетпен қатар бизнес өкілдері, жұмыс берушілер тартылуы тиіс.

        «Тілдердің үш тұғырлылығы» мәдени жобасын іске асыруды жеделдету кезек күттірмейтін мәселе. Жолдауда мемлекеттік тілдің бүкіл қоғамымызды топ– тастырушы ролі ерекше аталды. Егер қандасатымыздың және Қазақстан азаматтарының бір бөлігі мемлекеттік тілді білмесе, оны меңгеруге ұмтылыс жасамаса, онда мемлекеттік тілдің қоғамды топтастырушы ролі туралы сөз жүзеге аспайды. Мұның өзі Елбасы Жолдауындағы осындай үлкен міндетті аяқ асты ету болып табылады. Сондықтан қазақ тілін оқыту сапасын артыру және оны оқып үйрену мемлекеттік органдардың ғана емес әрбір қазақстандық азаматтың да міндеті. 

Информация о работе Қазақстан Республикасы Президентінің Республика халқына Жолдауы – аса маңызды Конституциялық құжат