Қазақстан Республикасы Президентінің Республика халқына Жолдауы – аса маңызды Конституциялық құжат

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2014 в 16:16, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасы Президенті институтының тарихи қажеттілігін көрсету және Қазақстанның Президенттік Республикадан Президенттік-Парламенттік Республикаға өту мәселелерін қарастыру.
Осы мақсатқа сәйкес жұмыстың алдына мынадай міндеттер қойылды:
Қазақстан Республикасы президенті институтының тарихи қажеттігін көрсету;
ҚР Президентінің Конституциялық-құқықтық мәртебесін көрсету;
ҚР Президентінің құзыретін көрсету.

Оглавление

КІРІСПЕ............................................................................................................... 3

І ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ИНСТИТУТЫНЫҢ ТАРИХИ ҚАЖЕТТІЛІГІ........................................... 5

1.2. Президенттің құқықтық мәртебесі........................................... 10

1.3. Президентті сайлау және оны лауазымынан
кетіру тәртібі.......................................................................... 12

ІІ. ПРЕЗИДЕНТТІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ........... 19

2.1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚҰҚЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ....................................................................................... 22

2.2.ПРЕЗИДЕНТ ӘКІМШІЛГІ ЖӘНЕ БАСҚА ОРГАНДАР......................... 27

ІІІ тарау. Қазақстан Республикасының Президенті – «Нұр Отан» партиясының төрағасы...................... ............................................................. 29

IV тарау. Қазақстан Республикасы Президентінің Республика халқына Жолдауы – аса маңызды Конституциялық құжат..................................... 41

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................. 57

Пайдаланған әдебиеттер тізімі........................................................................ 59

Файлы: 1 файл

Дип.-ҚАЗАҚСТАН-РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ-ПРЕЗИДЕНТІ-МЕМЛЕКЕТ-БАСШЫСЫ.doc

— 400.00 Кб (Скачать)

Президенттің Үкіметке қатысты өкілеттігі. Президент Парламенттін келісімімен Республиканың Премьер-Министрін қызметке тағайындайды; оны қызметтен босатады; Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық, атқару органдарын құрады, таратады және қайта құрады; Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды; Премьер-Министрдің, оның қызметінің негізгі бағыттары туралы баяндамасын тұрақты түрде тыңдайды; ерекше маңызды мәселелер бойынша Үкімет отырыстарына төрағалық етеді; Үкімет немесе оның кез келген мүшесі орнынан түсуі жөнінде мәлімдегенде шешім қабылдайды; Кон-ституцияда және заңдарда көзделгеннен өзге атқарушылық қызметті жүзеге асыруды Үкіметке жүктеуге құқылы.

Президенттің Конституциялық Кеңеске қатысты өкілеттігі. Президент Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен екі мүшесін қызметке тағайындайды; Конституциялық заңға сәйкес оларды мерзімінен бұрын қызметінен босатады; Президент, Парламент депутаттары сайлауын өткізудің, республикалық референдум өткізудің дұрыстығы туралы мәселе бойынша; заң-дардың, халықаралық шарттардың Конституцияға сәйкестігі бойынша; Конституция нормаларын ресми түсіндіру мәселесі бойынша; қызметтен босату және кетіру мәселесі бойынша Конституциялық Кеңеске жүгінеді.

Президенттің Соттарға және судьяларға қатысты өкілеттігі. Президент Жоғарғы Сот Кеңесінің ұсынысы бойынша қызметке сайлау және қызметтен босату үшін Жоғарғы Сот Төрағасын, Жоғарғы Сот алқасы төрағалары мен судьяларды Сенатқа ұсынады; облыстың және оларға теңестірілген соттардың төрағаларын, облыстық  және оларға теңестірілген сот алқаларының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындайды; Әділет министрінің Әділет біліктілік алқасының кепілдемесіне негізделген ұсынысы бойынша Республиканың басқа да соттарының төрағалары мен судьяларын тағайындайды.

Президенттің Прокуратура органдарына қатысты өкілеттігі. Президент Парламент Сенатының келісімімен Республиканың Бас Прокурорын қызметке тағайындайды; оны қызметінен босатады; Бас Прокурордың ұсынысы бойынша оның орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; әр тоқсанда кемінде бір рет Бас Прокурордың елдегі зандылықтың жай-күйі туралы есебін тындайды.

Президенттің әкімдерге қатысты окілетгігі. Премьер-Министрдің ұсынысымен Президент облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасының әкімдерін қызметке тағайындайды; өз құзыретіндегі мәселелер бойынша әкімдерге тапсырмалар береді және оның орыналуы жөнінде әкімдердің есебін тындайды; мәслихат депутаттарының басым көпшілік даусымен сенім көрсетілмеген жағдайда өз қалауымен облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдерін қызметтерінен босатады.(4-1) аудандардың, қалалардың (астана мен Республикалық маңызы бар қалаларды қоспағанда), қалалардағы аудандардың, ауылдық (селолық) округтердің, ауылдардың, селолардың (поселкелердің) әкімдерін тағайындаудың немесе сайлаудың тәртібін белгілейді1.

Президенттің республикалық референдумға қатысты өкілеттігі. Президент: 1) жеке бастамасы бойынша; 2) Парламенттің бастамасы бойынша; 3) Үкіметтің бастамасы бойынша; 4) барлық облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қалалардың бәрін бірдей дәрежеде білдіретін Республикалық, сайлау құқығы бар кем дегенде екі жүз мың азаматының баста-масы бойынша республикалық референдум өткізу туралы шешім қабылдайды. Аталған субъектілердің шешімі бойынша Президент: 1) референдум өткізу туралы; 2) референдум өткізбей-ақ, оның мәні ретінде ұсынылып отырған мәселе жөнінде Республика Конституциясына, Конституциялық заңына, заңына өзгертулер мен толықтыруларды немесе өзге шешімді қабылдау қажеттігі туралы; 3) референдум өткізу туралы ұсынысты қабылдамай тастау туралы шешімдердің бірін қабылдайды.

Президенттің мемлекеттің қорғаныс қабілеттін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы өкілеттігі. Президент республиканың Карулы Күштерінің Бас Қолбасшысы болып табылады. Ол Қарулы Күштердің Жоғарғы командалық құрамындағы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Демократиялық институттарға, республиканың тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына, республиканың саяси тұрақтылығына, оның азаматтарына елеулі және тікелей қауіп төнген жағдайда және мемлекеттің конституциялық органдарының қалыпты қызметі бұзылғанда Президент қажетті шаралар алады. Президент Премьер-Министрмен және Парламент Палаталары Терағаларымен алдын ала ақылдасады. Президент алынатын шаралардың бірі ретінде Қарулы Күштер қолданылатын төтенше жағдайды енгізуі мүмкін. Республикаға қарсы агрессия немесе оның қауіпсіздігіне тікелей сыртқы қауіп төнген жағдайда Президент бүкіл аумаққа немесе оның жекелеген аймақтарына әскери жағдай енгізеді. Бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау және тағы басқалары бойынша халықаралық міндеттемені орындау үшін Парламент Палаталарының бірлескен отырысының қарауына Президент республиканың Қарулы Күштерін пайдалану туралы ұсыныс енгізеді.

Президенттің сыртқы саяси өкілеттігі. Президент республиканың келіссөздерін жүргізеді және халықаралық шарттарға қол кояды, республика қол койған халықаралық шарттарды Парламентке ұсынады; бекітілген грамоталарға қол қояды; республика қол қойған халықаралық шарттардың күшін жою туралы Парламентке ұсыныс енгізеді. Президент басқа да бірқатар сыртқы саяси іс-әрекеттерді орындайды.

Президенттің идеялық-ғылыми қызметі. Конституция мен зандар Президентке идеялық-ғылыми сипаттағы құжаттар қабылдауға құқық береді. Алайда бұл қайсыбір идеологияға Президенттің, бүйрегі бұрып тұруы тиіс деген сөз емес. Президенттің идеологиялық және ғылыми көзқарасы мемлекеттің мәні мен сипатын және оның қызметінің прин-циптерін белгілейтін конституциялық қағидалармен ерекше-ленеді. Қазақстанда орнықтырылушы құқықтық, демократиялық, әлеуметтік және зайырлы мемлекеттің тамыры ғасырлар бойы қалыптасқан жасампаздық мұраттар мен көзқарастардың тереңінде жатыр. Бұл идеялар Қазақстанның жағдайына орай бағдарламаларда, тұжырымдамаларда өз орнын тауып, ресми танылуы және содан кейін тиісті мемлекеттік органдардың практикалық қызметінің идеялық-теориялық негізіне қызмет етуі тиіс.

Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес Президент мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын белгілейтіндіктен ол идеологиялық қызметті де атқарады. Сондықтан Конституция мен заңдар оған мемлекет қызметінің идеялық-ғылыми негізін айқындайтын құжаттар қабылдауға құқық береді. Конституцияға сәйкес Президент елдегі жағдай және Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайын Қазақстан халқы-на жолдау арнайды. Мұндай жолдауда ішкі және сыртқы саясаттың әр түрлі саласындағы басым бағыттар белгіленеді1. Мемлекеттің тиісті салалардағы қызметінің идеялықтеориялық негізін айкындайтын әр түрлі тұжырымдамалар жан-жақты талқыланғаннан кейін Президенттің өкімімен мақұлданады. 1996 жылғы 30 сәуірде Президент "Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасын" мақұлдады. Оның Конституция, республика зандары негізінде, халықаралық кон-венцияларға орай әзірленгені "Тұжырымдамада" тура атап көрсетілген. Ол Қазақстандағы саяси, құкықтық, экономикалық және әлеуметтік және басқа реформалардың ерекшеліктерін бейнелейді. Тұжырымдама экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі принциптерін, стратегиялық мақсаттарын, міндеттерін және басым бағыттарын көрсетеді.

Президент мақұлдайтын тұжырымдамалық құжаттардың маңыздылығы оның объективтілігін, ондағы идеялардың, қағидалардың ғылыми негізділігіне байланысты болады. Егер тұжырымдамалық қағидалар атүсті әзірленген, яғни негізсіз болса, онда ол мемлекеттік және қоғамдық өмірге теріс ықпал етуі мүмкін.

 

2.1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚҰҚЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

 

1990 ж. 24 сәуірінде Қазақ КСР Жоғарғы  Кеңесі "Қазақ КСР президентінің  қызметін құру және Қазақ КСР  Конституция-сына (Негізгі заңына) өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң қабылдады. Қазақ КСР Конституциясына "Қазақ КСР Президенті" деген жаңа 12-тарау енгізілді. Президент Қазақ КСР-ның басшысы болып танылды. Президентке құқық шығармашылығына тікелей қатысты бірқатар өкілеттіктер берілді. Оларды атап өтейік:

  1. Қазақ КСР зандарына қол қою құқығы. Ол құқық тұрақты болып қалды;
  2. салыстырмалы вето құқығы. Бұл құкық Жоғарғы Кеңестің шектеусіз билігінің қабырғасын бірінші болып бұзды. Ол Жоғарғы Кеңеске қатысты тежемелік құралдардың бірі және әлі де болса танылмаған мемлекеттік билікті тармақтарға бөлу принципінің елеулі көрінісі болды;
  3. Президенттің КСРО Конституциялық қадағалау комите-тіне Қазақ КСР, КСРО және Қазақ КСР Конституцияларынын мүдделеріне қатысты КСРО заңдарының сәйкестігі туралы ұсыныстар енгізу құқығы. Бұл құқық Қазақстанның егемендік құқықтарын олардың КСРО Жоғарғы Кеңесі қабылдайтын заңдар бұзған жағдайда қорғауға бағытталған болатын;
  4. Қазак КСР Президентінің КСРО Министрлер Кенесінің Қазақ КСР мүдцелеріне қайшы келетін қаулылары мен өкімдерінің әрекетін тоқтата тұру туралы өтінішпен КСРО Президентіне жолдану құқығы;
  5. 5)Қазақ КСР Президентінің КСРО Министрлер Кеңесіне оның ведомствосындағы басқару органдарының Қазақ, КСР мүдделеріне қайшы келетін актілеріне шағымдану және Қазақ КСР аумағында шағымдалатын актілердің әрекетін тоқтата тұру құқығы;
  6. 6)Президенттің Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің, Қазақ КСР министрліктері мен мемлекеттік комитеттерінің қаулылары мен өкімдерінін әрекетін, олардың Қазақ КСР Коституциясына және зандарына сәйкес болмауы жағдайында тоқтата тұру құқығы;
  7. Президенттің келіссөздер жүргізу және халықаралық шарттарға кол кою кұқығы. Мұнысымен Президент халықаралық кұқық нормаларының Қазақстанның қолданыстағы құқығына енуіне мүмкіндік туғызады;
  8. Президенттін Республиканың бүкіл аумағында міндетті күшке ие жарлықтар шығару құқығы. 1978 жылғы Конституция бойынша бұл құқық әлі де сақталған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумына тиесілі болды. Бұдан былай Қазақстан Президентінің нормативтік жарлықтары нормативтік құқықтық актілер сатысында зандардан кейін нык, орын алды және ұлттық құқықты қалыптастыруға және дамытуға қомақты үлес қосуда;
  9. Президенттің Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіндегі заң шығармашылық бастама құқығы. Осы құкықты пайдалана отырып Президент Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне заңдар жобаларын енгізе бастады;

Жоғарыда айтылғандарды түйіндей келе, мынандай корытындыға келеміз:

         1)   Президент  колданыстағы құқықты, ұлттық заңнаманы  қалыптастыратын субъект ретінде  мемлекеттік органдар жүйесінде  белгілі бір орнын алды;

          2)   Қазақ КСР КСРО құрамында болғанына қарамастан, Президентке Қазақ КСР Конституциясын, ел мүдделерін одақ-тық органдардың конституциялық емес құкық шығармашылық қызметінен корғау кұқығы берілді, бұл арқылы ол Қазакстан-ның мүдделерін қорғауға бағдарланған одақтық және респуб-ликалық зандарды дамытуға жәрдемдесті;

          3)   Республиканың халықаралық  шарттарына  кол қою кұқығы берілген Президент  Қазақстанның шетелдік мемлекеттермен, халықаралық  қауымдастықпен құқықтық қарым-қаты-настар орнатуының жаңа тарауын ашты.

1990 жылы 25 казанда Қазақ КСР Жоғарғы  Кеңесі "Қазақ КСР мемлекеттік егемендігі туралы декларация" қабылдады. Оның тек 1991 жылғы 10 желтоқсанға дейін ғана солай аталға-нын айтатын кез келді. Ол күні Қазақ КСР "Қазақ КСР-ның атауын өзгерту туралы" екі тармақтан тұратын заңы қабылданды:

1.   Қазақ Кеңес Социалистік Республикасы Қазақстан Республикасы деп қайта аталсын.

2.   Қазақ, КСР Конституциясына (Негізгі заңына) және Қазақ КСР мемлекеттік егемендігі туралы декларацияға, Қазақ КСР-ның мемлекеттік органдарының заңдары мен өзге акті-леріне тиісті өзгертулер енгізілсін'. Сонымен, аталған заң тұрғы-сынан 1991 жылдың 10 желтоқсанынан бастап осы тарихи құжат-ты "Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі тура-лы декларация" деп атау керектігіне күмандануға болмайтын шығар.

"Декларация" туралы Президенттің мәртебесінің елеулі өзгеруіне байланысты мен айтып өттім. "Декларация" Респуб-ликадағы мемлекеттік билік оның заң шығармашылық, атқару-шы және сот билігі тармақтарына бөліну принципі бойынша жүзеге асырылатынын бірінші рет анық, ашық жариялады. Заң шығармашылығы билігін Жоғарғы Кеңес жүзеге асырады; Пре-зидент Республиканың басшысы болып табылады және жоғар-ғы өкімшілік-атқарушылық билікке ие.

1990 жылғы 20 қарашада "ҚазКСР-дағы  мемлекеттік билік пен басқару  құрылымын жетілдіру және Қазақ, КСР Конститу-циясына (Негізгі заңына) өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң қабылданды2. Президенттің өкілеттігі айтарлықтай жаңа жағдаймен толықтырылды: ол құқықтық саясатты айқ-ындайтын болды. Ал ҚазКСР-ның 1991 жылғы 25 тамыздағы "Қазақ КСР Конституциясына (Негізгі заңына) өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заңы "республикада жүзеге асы-рылатын саяси және экономикалық өзгерістерді одан әрі да-мыту, оның мемлекеттік егемендігін және президенттік билік институтын нығайту мақсатында" қатарына Президенттің "кұқықтық саясат қалыптастыру" бойынша өкілеттіктері бар жаңа нормалар енгізіледі деп тікелей жазылды3. Бұл дегеніңіз Президентке құқықтық, реформаны жүзеге асыру жолын анық-тауға құқық беру дегенді білдірді. Президентке тек өзінің заң шығармашылығына (заң шығармашылығы қызметіне) қатысу жөніндегі құкықтарын сақтап қана қоймай, сонымен қатар құқықтық стратегияны айқындау және сонысымен Жоғарғы Кеңестің заң, шығармашылығы қызметіне концептуалды түрде ықпал ету өкілеттігі берілді.

Сонымен, қарастырылған заңдар Президенттің құқық шы-ғармашылығы рөлінің күшею тенденциясын нақты белгіледі. Өз рөлін атқару үшін Президент Қазақстанның дербес ұлттық құкыктык жүйесінің калыптасуына елеулі тарихи мәні бар үлес қоса отырып, актілер қабылдады, Республиканың Жоғарғы Кеңесінің заң шығармашылығы қызметіне қатысты.

1991 жылғы 16 желтоксандағы "Қазақстан  Республикасы-ның мемлекеттік егемендігі  туралы" Конституциялык, заң Президенттің  бұған дейін бекітілген мәртебесін, соның ішінде оның құқық шығармашылығы  өкілеттіктерін қуаттады. Соны-мен бірге осы тарихи заң оның мемлекеттік егемендік туралы декларациямен қатар Республиканың, жаңа Конституциясын әзірлеуге негіз болып табылатынын атап өтті. Осы мақсатта Конституциялық комиссия құрылып, оны Қазақстан Респуб-ликасынын, тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев басқарды.

Н.Ә. Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан Республика-сы Конституциясының жаңа жобасын әзірлеу бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Жобаны әзірлеушілердін, бірі ретінде сол уақытта Жоғарғы Кеңесте үстемдік еткен жағдайларды, ахуал-ды қысқаша айтып кетсем деп едім. Иә, ол бір айрықша кезең — социализмнен басқа сапалы күйге ету кезеңі еді, бұрынғы құн-дылықтарды тез арада қайтадан ой елегінен өткізіп, пайдалы болуы мүмкіндерін алып, жаңа құндылықтар: тек теория түрінде, баска мемлекеттердің тәжірибесі аркылы ғана белгілі жаңа мемлекеттік-құқықтық институттар құру керек болатын. Қазақ-стан Республикасының Президенті де дәл осыны максат етті. Президенттің екі палаталы Жоғарғы Кеңес туралы идеясы де-путаттардың көпшілігінін арасында қолдау таппады. Әйтсе де Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы Пре-зидент Н.Ә. Назарбаевтың тікелей басшылық, етуімен әзірленді және қабылданды, және де жаңа тәуелсіз Қазақстан мемлекеті-нің маңызды конституциялық негіздерін қалады.

Бірден-бір заң шығару оргны болып табылатын және шексіз өкілеттігі бар, кеңес өкіметі жағдайында сайланған Жоғарғы Кеңес жаңа, неғұрлым еркін, демократиялық және серпінді қарым-қатынасқа кірігіп кете алмады. Мұны түсіну 1993 жыл-дың желтоқсанында Жоғарғы Кеңестің өзін-өзі таратуына әкеліп соқты. Таратылар алдында ҚР Жоғарғы Кеңесі 1993 жылғы 10 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының Прези-денті мен жергілікті әкімшілік басшыларына қосымша өкілеттіктерді уақытша беру туралы" заңды қабылдады. ҚР Президентіне заңнамалық өкілеттік, яғни, заң (конституциялық заң) күші бар жарлықтар қабылдау жөніндегі екілеттік те берілді. 1993 жылғы 10 желтоқсандағы заңда бұл өкілеттіктің берілген уақыты — жаңадан сайланған Жоғарғы Кеңестің бірінші сессиясының жұмысы басталғанға дейінгі мерзімге көрсетілген болатын. Бірақ жаңадан сайланған Жоғарғы Кеңес ұзақ қызмет атқара алмады, заңды емес деп танылды да 1995 жылғы наурызда Конституциялық сот қаулысының негізінде таратылды. Президентке өкілеттіктер беру туралы заң автомат-ты түрде 1995 жылғы 6 наурызда зандық күшіне енді де, өзінің әрекетін 1996 жылдың басында енді Жоғарғы Кеңес емес, ҚР Парламентінің жұмысы басталған күннен бастап тоқтатты. Бұл Президенттің құқық шығармашылығы (заң шығармашылығы) қызметінің айрықша кезеңі болды.

Информация о работе Қазақстан Республикасы Президентінің Республика халқына Жолдауы – аса маңызды Конституциялық құжат