Қазақстан Республикасының салық жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2011 в 12:37, курсовая работа

Краткое описание

Химиялық элементтерді, заттардың құрамын жэне реакцияларды белгілеу үшін химияда таңбалар, формулалар және химиялық теңдеулер деген ұғымдарды пайдаланады.
Химиялык элементтер атомдарын химиялық таңбалар арқылы белгілейді. Химиялық таңба сол элементтің латын тіліндегі атының алғашқы әрпінен немесе алғашқы және одан кейінгі әріптерінің біреуінен түрады. Мысалы, азоттың латын тіліндегі аты Nitrogenium болғандықтан N әрпімен, никель — Nicoium —■ Ni әріптерімен, күміс — Argentum — Ag, алтын — Aurum — Au т. б. әріптерімен белгіленеді.

Файлы: 1 файл

Химияның негізгі түсініктерімен заңдары.docx

— 28.19 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

Жалпыинженерлік қашықтан оқыту институты 
 
 
 

 

Тақырыбы:

«Химияның негізгі түсініктері

мен заңдары» 
 
 
 

Орындаған:      Болатбек Б.

Тобы:       ТТ-211-7

Тексерген:      Жұманов Қ.

                                 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қаратау 2011

     ХИМИЯНЫҢ  НЕПЗП ТҮСІНІКТЕРІ МЕН ЗАҢДАРЫ 

         Химиялық элементтерді, заттардың құрамын жэне реакцияларды белгілеу үшін химияда таңбалар, формулалар және химиялық теңдеулер деген ұғымдарды пайдаланады.

     Химиялык  элементтер атомдарын химиялық таңбалар арқылы белгілейді. Химиялық таңба  сол элементтің латын тіліндегі  атының алғашқы әрпінен немесе алғашқы  және одан кейінгі әріптерінің біреуінен  түрады. Мысалы, азоттың латын тіліндегі аты Nitrogenium болғандықтан N әрпімен, никель — Nicoium —■ Ni әріптерімен, күміс — Argentum — Ag, алтын — Aurum — Au т. б. әріптерімен белгіленеді.

     Элементтің  химиялық таңбасы — элементтің атын, оның бір атомын, атомының массасын көрсетеді. Мысалы, N таңбасы бұл элемеиттің азот екенін, бір атомын жэне атомдық массасының 14,00 м. а. б. тең екенін көрсетеді.

     Д. И. Менделеев периодтық жүйесінде 105 элементтің химиялык таңбасы берілген.

     Күрделі заттардың құрамын химиялық формулалар арқылы көрсетеді. Химиялық формулалар зат молекуласының құрамы қандай элементтердің атомдарынан және олардың канта мөлшернен тұратынын көрсетеді.

     Химиялык  формуладан заттың атын, оның бір мо-лекуласын, молекуланы қандай атомдар құрайтынын, әр элементтің қанша атомдары құрайтынын, молекулалық массасын және әрбір элементтің қандай масса мөлшерінде қосылатынын білуге болады.

     Заттар  массасының сақталу заңы

     М. В. Ломоносов үнтақталған металды қыздыру арқылы жа-бык ыдыста тотықтырып, реакцияға катыскан заттардың массасы реакциядан кейін өзгермей қалатындығын байқады. Осындай тәжірибелердің нәтижелерін қорытындылай келіп, М. В. Ломоносов 1748 жылы аса маңызды табиғат заңдарының бірі — заттар массасының сақталу заңын ашты. Бұл заңның анықтамасы қазіргі кезде былай айтылады:

     Реакцияға қатысқан заттардың массасы реакция нәтижесінде түзілген заттардың массасына тең болады.

     Атом-молекулалық  ілім түрғысынан қарағанда бұл заңды  былай түсіндіруге болады. Реакцияға қатысқан заттардың құрамында кандай атомдар қанша мөлшерде болса, реакция нәтижесінде шыцқан заттардың құрамында сондай атомдар сонша мөлшерде болады. Химиялық реакциялар кезінде атомдар массалары өзгермейтіндіктен реакцияға қатыскан заттардың массасы тұрақты болады. Барлық химиялық реакциялар заттар массасының сақталу заңына бағынады.

     Мысал ретінде фосфордың тотығу реакциясының теңдеуін келтірейік.

     4Р  + 502 = 2Р05 4-31 + 10-16 = 4-31 + 10-16 284=284

     Бұл теңдеуден реакцияға терт атом фосфор мен он атом оттек қатысса, реакция нәтижесінде шыққан фосфор (V) оксидінде төрт атом фосфор мен он атом оттек бар екенін көреміз. Олай болса реакцияға қатысқан заттардың массасы (284) реакция нәтижесінде шықкан заттардың массасына (284) тең.

     Заттар  массасының сақталу заңы химияның негізгі заңдары-ның бірі болып есептеледі және бұл заңды пайдаланып химия-лык теңдеулер бойынша есептер шығарылады.

     Құрам тұрақтылық заңы

     Заттар  массасының сақталу заңы заттың сандық құрамын зерттеуге негіз салды. Егер реакцияға катыскан жэне реакция нәтижесінде шыкқан заттардың массасы тұрақты болса, сол зат-тардың сандық кұрамы да тұрақты болу керек деген пікір туды. Кептеген зерттеулер химиялық таза заттардың сапалық лоне сандық құрамы тұрақты болатынын көрсетті.

     Француз ғалымы Ж. Л. Пруст көптеген тәжірибелердің нәти-желерін қорытындылай келіп 1808 жылы химияның негізгі заң-дарының бірі құрам тұрақтылық заңын ашты: алыну тәсілдеріне қарамастан әрбір химиялық молекулалық қосылыстың сапалыщ жэне сандық құрамы тұрақты болады.

     Мысалы, су молекуласын мынадай әр түрлі тәсілдермен алу-ға болады:

     2 + 02= 2Н0 NaOH + HCl = H2O+ NaCl Cu(OH)2 = H20 + CuO СН4+ 202 = 2H20 + С02

     Бірақ қандай жолмен алса да, су молекуласы сапалық кұра-мы жағынан сутек пен оттектен, сандық кұрамы жағынан екі атом сутектен және бір атом оттектен тұрады. Қандай жолмен алынса да су молекуласыныц құрамында 11,2% сутек, 88,8% оттек болады.

     Атом-молекулалық  ілім тұрғысынан қарағанда әрбір  химия-лык қосылыстың молекуласы атомдардың белгілі бір санынан түрады. Бұл атомдардың әрқайсысының массасы тұрақты болады. Олай болса кез келген молекуланың массалық құрамы алыну тәсілдсріне қарамастан әрқашан тұракты болады.

     Эквивалент. Эквиваленттер заңы

     Элементтер  бір-бірімен әрекеттескенде реакцияға  олардың белгілі мөлшерлері қатысады. Мысалы, сутек атомдарыныц 1 мо-лімен 1 моль (23 г) натрий, 0,5 моль (20 г) кальций әрекеттеседі. Бұл массалық мөлшерлер өзара эквивалентті.

     Элементтің  химиялық эквиваленті дегеніміз  сутек атомдары-нық 1 молімен қосылатын немесе осы мөлшерін қосылыстан ығыстыратын мөлшерін айтады.

     Эквиваленттік масса дегеніміз заттың 1 эквивален-тінің г/мольмен алынған массасы. Жоғарыда керсетілген натрий мен кальцийдің эквиваленттік массалары сәйкес 23 г/моль және 20 г/моль.

     Эквиваленттік массаның Э, атомдардың молярлық массасьі-ның (А) және элементтің валенттілігінің (В) арасындағы бай-ланысты мына формула көрсетеді:

     э= 
 

Пайдаланған әдебиеттер: 

1. Аханбаев  К. Химия негіздері. Алматы, Мектеп, 1987.

2. Бірімжанов. Жалпы химия. Алматы. Ана тілі, 1992.

3. Хомчено  Г.П.Химия. Алматы, Демеу.1996

Информация о работе Қазақстан Республикасының салық жүйесі