Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2011 в 14:00, курсовая работа
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму мәселелерін қарастыру себебі, бұл халқымыздың өсіп өркендеуіне, экономикасының дамуына тигізетін пайдасы зор. Біз осы саланың келешек мамандары ретінде банк жүйесінің қазіргі кездегі даму проблемалары мен тенденциялары арқылы оның тиімділігін көрсетуді мақсат еттік.
Кіріспе.......................................................................................................................3
1-тарау. ҚР банк жүйесінің құрылымы және банктік жүйенің даму тарихы.......................................................................................................................4
1.1 ҚР банк жүйесінің құрылымы..........................................................................4
1.2 Қазақстандық банктік жүйенің даму тарихы..................................................7
2-тарау. ҚР банк жүйесін дамыту жолындағы реформалар, 1991 жылдан бергі реформалар.............................................................................................................10
2.1. ҚР банк жүйесін дамыту жолындағы реформалар.............................................................................................................10
2.2. Қазақстан Республикасындағы 1991 жылдан бергі банк реформасы және 1995 жылғы банк жүйесін реформалау...............................................................12
Қорытынды............................................................................................................18
Қолданылған әдебиеттер......................................................................................
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министерлігі
Халықаралық Бизнес Университеті
«Қаржы және несие» кафедрасы
«Ақша, несие, банктер» пәні бойынша
тақырыбы:
« Қазақстан Республикасының
банк реформалары»
Тексерген: Э. ғ. к. , доцент
Алматы 2009 жыл
Кіріспе.......................
1-тарау.
ҚР банк жүйесінің құрылымы және
банктік жүйенің даму тарихы........................
1.1 ҚР
банк жүйесінің құрылымы.......
1.2 Қазақстандық
банктік жүйенің даму тарихы...
2-тарау.
ҚР банк жүйесін дамыту жолындағы реформалар,
1991 жылдан бергі реформалар....................
2.1. ҚР банк
жүйесін дамыту жолындағы реформалар....................
2.2. Қазақстан
Республикасындағы 1991 жылдан бергі банк
реформасы және 1995 жылғы банк жүйесін
реформалау....................
Қолданылған әдебиеттер....................
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму мәселелерін қарастыру себебі, бұл халқымыздың өсіп өркендеуіне, экономикасының дамуына тигізетін пайдасы зор. Біз осы саланың келешек мамандары ретінде банк жүйесінің қазіргі кездегі даму проблемалары мен тенденциялары арқылы оның тиімділігін көрсетуді мақсат еттік.
Жұмыстың негізгі мақсаты банк жүйесінің қалыптасу және даму, банктерді дамыту жолындағы қолданған реформаларды қарастырамыз. Отандық экономиканы реформалаудың қазіргі уақытындағы сатысында тиімді, нәтижелі және перспективалы бағыттардың бірі банк жүйесінің дамуы болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеті Қазақстан экономикасы нарықтық қатынастарға көшу кезінде несиені басқарудың жүйесін және шаруашылық қызметіне банктік қызмет көрсету механизмін құру, банктер мен кәсіпорындардың қызметіне жетекшілік етуде экономикалық әдістерді қолдану; банк пен клиенттері, сонымен қатар, банктердің өз жүйесі шеңберіңдегі, оның жекеленген буындарының арасындағы өзара қарым –қатынастар жүйесін қайта құру, жаңа құбылыстар мен процестерді ескере отырып, принципті түрде реформалау қажеттілігінің маңызы зор екендігін дәлелдеу.
Бұл саланың маңыздылығы әлемдік және отандық экономиканың тәжірибесі көрсетіп отырғандай, нарықтық экономикаға өту жағдайында банк жүйесіне көмек көрсету тұрақтандырылған экономикалық өсуге жетуге елеулі нәтижелер береді. Банк жүйесінің дамуы елдегі қаржы нарығының өркендеуіне және Ұлттық банктің өз саясатын тұрақты қалыпта жүзеге асыруына мүмкіндік береді.
Соңғы бірнеше жылда, әсіресе 2000-жылдан бастап банк жүйесінің динамикалық дамуы жүруде. Қазақстан банк секторының жандануы және конденсациялық процестер жалғасуда.
Дегенмен,
банк жүйесін мемлекеттік қолдау
әлі де жеткіліксіз дәрежеде болып
отыр. Бұл саланың өзіндік
Курстық
жұмыс кіріспе, екі бөлім, қорытынды
және қолданылған әдебиеттер тізімінен
тұрады. Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде
ҚР банк жүйесінің құрылымы және банктік
жүйенің даму тарихы қарастырылған. Екінші
бөлімде ҚР банк жүйесін дамыту жолындағы
реформалар, 1991 жылдан бергі реформалар
қарастырылды. Курстық жұмыстың қорытындысында
жасалынған талдаудың негізгі түйіндері
мен ұсыныстары берілген.
1-тарау.
ҚР банк жүйесінің
құрылымы және
банктік жүйенің
даму тарихы
ҚР банк жүйесінің құрылымын «ҚР банктер және банк қызметі туралы» республика Президентінің 1995 жылғы 31 тамыздағы Заң күші бар Жарлығында «Қазақстанда екі деңгейлі банк жүйесі бар. Ұлттық банк – мемлекеттің Орталық банкі, ол банк жүйесінің жоғары деңгейіндегі банк. Басқа банктердің барлығы банк жүйесінің төменгі деңгейіндегі банктер» делінген жолдардан көруге болады.
Біріншіден, Ұлттық банктің құрылымын қарастырсақ, оны « ҚР Ұлттық банкі туралы» Заңы және « ҚР Ұлттық банкі туралы» ережесі негізінде көруге болады.
Қазіргі
кезде Қазақстан
Мемлекеттік банк – үкімет қаулысымен құрылған екінші денгейлі банк, оның жарғылық қорының иеленушісі үкімет.
Инвестициялық банк – негізінен тікелей және портфельдік инвестиция тартумен шұғылданатын екінші деңгейлі банк.
Шетелдер
қатысушы банк - орналастырылған акцияларының
үштен бiрiнен астамы:
а)Қазақстан Республикасының резиденттерi
еместердiң;
б)орналастырылған акцияларының немесе
жарғылық капиталдарға қатысу үлестерiнiң
үштен бірiнен астамы Қазақстан Республикасының
резиденттерi еместердiң не соларға ұқсас
Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң
- заңды тұлғаларының иелiгiнде, меншiгiнде
немесе басқаруында болатын Қазақстан
Республикасы резиденттерiнiң - заңды тұлғаларының;
в)Қазақстан Республикасының резиденттерi
емес тұлғалардың қаражаттарына билiк
етушiлер (сенiм бiлдiрiлген адамдар) болып
табылатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң
иелiгiнде, меншiгiнде немесе басқаруында
болатын екiншi деңгейдегi банк.
Мемлекетаралық
банк - халықаралық шарт негiзiнде құрылып,
жұмыс iстеп тұрған құрылтайшылары Қазақстан
Республикасының Үкiметi (немесе ол уәкiлдiк
берген мемлекеттiк орган) мен сол шартқа
қол қойған мемлекеттердiң үкiметтерi болып
табылатын банк.
Банктік емес несие қаржы мекемелері Ұлттық
банктің лицензиясы негізінде кейбір
банктік операция жүргізуге құқы бар банктік
емес заңды тұлғалар.
Банк - осы Заңға сәйкес банк қызметiн жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.
Банктiң ресми мәртебесi заңды тұлғаны әділет органдарында (тіркеуші органдарда) (бұдан әрі - әділет органдары) банк ретiнде мемлекеттiк тiркеумен және банк операцияларын жүргiзуге қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкілетті органның (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) лицензиясы болуымен белгiленедi.
Банкiнiң ресми мәртебесi жоқ бiрде-бiр заңды тұлға "банк" деп атала алмайды немесе өзiн банк қызметiмен айналысушы ретiнде сипаттай алмайды.
Банк басқармасы тұрған жер (почта бойынша мекен-жайы) банк тұрған жер деп танылады.
Коммерциялық банктер – кәсіпорындармен ұйымдарға, сондай-ақ халыққа тікелей және жан жақты кешенді қызмет көрсеттін банктер. Бұл олардың басқа арнаулы несие мекемелерінен айырмашылығы. Ал банктік емес несие мекемелерінің банктерден өзгешелігі олар тек кейбір банктік операциялар жүргізумен және кейбір қызмет түрін көрсетумен шұғылданады. Коммерциялық банктердің негізгі мақсаты неғұрлым жоғарғы пайда табу.
Банктің жарғылық қоры оның міндеттемелерін қамтамасыз етіп, банктік операциялар жүргізудің негізгі көзі болып саналады. Алғашқыда ол (мемлекеттік банкті қоспағанда) акция сату есебінен немесе құрылтайшылардың жарнасы есебінен қалыптасады. Банктің құрылтайшылары мен акционерлері сатып алған акцияларына тек ақша төлеуге міндетті. Жабық акционерлік қоғам түріндегі банктің акциясын төлеуге оның несиеге алған, кепілге алған және басқа да тартылған қаражатты қолдануға болмайды. Банктің акциясы алғашқы нарықта барлық құрылтайшыларға бірдей құнмен, яғни акцияның көрсетілген құнымен сатылады. Жаңадан құрылған банктің оның құрылтайы қаражаттарында жарияланған жарғылық қорының елу процентін акционерлері банк тіркеуден өткен кезге дейін, ал тіркеуден өткен кезеңнен бастап бір жыл ішінде түгел төлеуі қажет /10, 120б/.
Жарғылық қорды молайту екі жолмен жүргізіледі:
Біріншіден, қосымша акцияларды шығару, оның ішінде банктің пайдасын капиталдандыру және банктің облигациясын оның акциясына айырбастау есебінен.
Жалпы банктердің қызметтерi:
Банк
өзiнiң жарғысы бар толық
Екіншіден акцияның көрсетілген құнын өсіру жолымен.
Банктің жоғары басқарушы органы акционерлердің жалпы жиналысы, оның ағымдағы қызметін банктің басқармасы жүргізеді. Банктің басқарушы қызметкерлері болып қадағалау кеңесінің төрағасы және оның мүшелері, басқарманың төрағасы және оның орынбасарлары, банктің бас бухгалтері және оның орынбасарлары, банк бөлімшесінің бірінші басшысы және бас бухгалтері мен олардың орырбасарлары саналады. Банктің заңға сәйкес банктің басқармасының төрағасы және оның орынбасарлары, банк бөлімшесінің бірінші басшысы және бас бухгалтері қызметке Ұлттық банктің келісімімен тағайындалады. Әдетте олардың банк жүйесіндегі: төраға мен бас бухгалтер үш жылдан кем емес, ал олардың орынбасарлары екі жылдан кем емес қызмет стажы болуы шарт. Осы айтылған қызметкерлер Ұлттық банктің келісімін үш айға дейін алмаса, өз міндеттерін әрі қарай орындауға құқы жоқ.
Акционелердің жиналысы кезекті және кезектен тыс болып бөлінеді. Кезекті жиналыс жылма-жыл есепті жылдағы банк балансы жасалғаннан кейін бір айдан аспай шақырылуы керек, ал кезектен тыс жиналыс құрылтайшылардың, қадағалау кеңесінің, Тексеру комиссиясының талабы бойынша шақырылады.
Банктің ұйымдық құрылымы әрқайсысы белгілі бір міндеттер мен талаптарды атқаратын қызмет тараулары мен бөлімшелерден тұрады.
Жалпы
кез келген банктің ұйымдық құрылымы
банктік операцияларды атқаратын міндеттерін
ескеріп қалыптасады.
1.2.
Қазақстандық банктік
жүйенің даму тарихы
Кеңес
үкіметі кезінде Қазақстанның өзінің
банктік жүйесі болған жоқ, себебі республика
аумағында КСРО-ның
Информация о работе Қазақстан Республикасының банк реформалары