Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2011 в 14:00, курсовая работа
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму мәселелерін қарастыру себебі, бұл халқымыздың өсіп өркендеуіне, экономикасының дамуына тигізетін пайдасы зор. Біз осы саланың келешек мамандары ретінде банк жүйесінің қазіргі кездегі даму проблемалары мен тенденциялары арқылы оның тиімділігін көрсетуді мақсат еттік.
Кіріспе.......................................................................................................................3
1-тарау. ҚР банк жүйесінің құрылымы және банктік жүйенің даму тарихы.......................................................................................................................4
1.1 ҚР банк жүйесінің құрылымы..........................................................................4
1.2 Қазақстандық банктік жүйенің даму тарихы..................................................7
2-тарау. ҚР банк жүйесін дамыту жолындағы реформалар, 1991 жылдан бергі реформалар.............................................................................................................10
2.1. ҚР банк жүйесін дамыту жолындағы реформалар.............................................................................................................10
2.2. Қазақстан Республикасындағы 1991 жылдан бергі банк реформасы және 1995 жылғы банк жүйесін реформалау...............................................................12
Қорытынды............................................................................................................18
Қолданылған әдебиеттер......................................................................................
Мемлекеттік кәсіпорындар мұндағы арзан несиелерді алып, көбінесе оларды инвестор үшін емес, жалақы төлеуге және материалдық құндылықтарды жинақтау үшін пайдаланады. Инфляция деңгейі мен Ұлттық банк несиесінің номиналдық пайыз мөлшерлемесін салыстыруға болады: соңғысы 1992 жыл наурыз айында 25 пайызға жылдық мөлшерлемені құраса, бөлшек сауда бағаларының жылдық инфляциясы 500 пайыздан жоғары болған. 1992 жылы қараша айында номиналды пайыздық мөлшерлемесі 65 пайызға дейін жоғарлағанда, инфляция 1000 пайызды құраған. Бұл кезде арзан несие алатын кәсіпорындар өздерінің қаржылық жағдайын жақсартуға және жұмыстарын қайта құруға асыға қоймады.
Осылайша
мемлекеттік кәсіпорындарды қолдайтын
тікелей несиелеу саясатының төменгі
пайыздық мөлшерлеме саясатымен берілуі
несиелік ресурстарды дұрыс
Арнайы банктердің өздерінің кәсіпорындарын, олардың өтімділігін ескермей, тікелей несиелендіру мерзімі өтіп кеткен қарыздарының ұлғаюына әкеліп соқтырады, ал осы кезде жаңадан пайда болған нарықтық қатынастарға бағытталған кәсіпорындар банктерден несие алуға қол жеткізе алмады.
Төменгі
пайыздық мөлшерлемесінің саясаты
жинақ ақшаларды банктерге
Несиелік ресурстарды үлестіру сипатына мемлекеттік кәсіпорындарға субсидиялық және жеңілдетілген несиелерді беру тәжірибесі кері әсерін тигізеді. Субсидиялық несиелер толтыруы әлеуметтік қорғауға арналған, сонымен қатар кәсіпорындардың дәстүрлі тиімсіз жұмыстарын көрсететін шығындар, т.б. Олар Ұлттық банктердің қайта қаржыландыратын несиелерге қарағанда, төменгі пайыздық (1992 жылы 4 тоқсанында 65 пайыз төмен) мөлшерлеме бойынша беріледі.
1992 жылы Ұлттық банктің несиелерінің үлесі барлық қайта қаржыландырылған несиелерінің 70 пайызын немесе барлық несиелік салымның 42 пайызын құрады. Жеңілдікті несиелердің негізгі бөлігі ауыл шаруашылық және дайындаушы кәсіпорындардың үлесіне тиді.
1993 жылы мақсаты үкіметтік бағдарламаларға берілетін орталықтандырылған несиелер жеңілдетілген пайыздық мөлшерлемелермен 3, 25, 65 пайызға беріледі.
Ұлттық банк кәсіпорындарының қарыздарының жаппай есеп айырысуын жүргізу кезінде қарық кәсіпорындарға субсидиялық жеңілдетілген несиелер берді. 1992 жылы осы мақсаттарға берілген несиелердің үлесі барлық жеңілдік несиелерінің 30 пайызы болды. Несиенің негізгі бөлігі өтелмей қалды.
Дегенмен жоғарда аталған несиелер кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартуға берілгенімен де, олар кәсіпорындар шығындарын қаржыландырудың құралына айналды. Сонымен қатар, субсидиялық және жеңілдетілген несиелер бойынша номиналды пайыздық мөлшерлемесі мен инфляция деңгейінің арасындағы үлкен айырмашылық қаржылық алып –сатарлыққа мүмкіндік туғызды.
Несиелік жұмсалымдардың жалпы сомасында мемлекеттік емес қарыз бюджеттің тапшылығын жабу үшін үкіметке берілген несиенің үлес салмағы жоғары: 1992 жылы 1 қаңтарда олар тиісінше 13,7 және 11 пайызды құраса, 1993 жылы 1 қаңтарда 1,5 және 2 пайыз, ал 1993 жылы бюджеттік тапшылықты жабуға 877 млн. теңге берілді немесе ол несиенің барлық сомасының 11,8 пайызды құрайды.
1991 жылы 1 қаңтарда уақында төленбеген есеп айырысу құжаттары 5 млн. теңге құраса, 1992 жылы 1 қаңтарда 11,2 млн. теңге құраса, 1992 жылы маусымда 384 млн. теңге немесе ЖҰӨ-нің 12,3 немесе алынған банктік несиелердің жалпы сомасы 84,1 пайызды құрады. 1993 жылы мерзімі өтіп кеткен төлемдер 91,5 млн. теңгеден 5,5 млрд. теңгеге дейін немесе 60есе жоғары өсті.
1992 жылдың соңында Қазақстан мен Ресей, екі елдің кәсіпорынның қарызын өзара есепке алу туралы екі жақты келісімге қол қойды, ол қарыздар сомасы 1992 жылдың аяғында 80 млн. теңгені құраған.
1993
жылғы қараша айында Ұлттық
банкке Ұлттық валютаның
Ұлттық валютаның еңгізілуі сәтінен бастап, 1995 жылға дейін орталық банктің қызметін атқару жүйесі қызметін реттеп отыратын нормативтік құжаттарды қарастыру және қабылдау тұрғысындағы дәстүрлерімен тәжірибесі жоқ Ұлттық банк дербес түрде ақшалай – несиелік саясат жүргізу тәжірибесін қолға алды.
1995
жылы Қазақстан банктік
Оның мақсаты мен міндеттері тұтастай алғанда, 1995 жылғы жасалған бағдарламамен бірдей. Бірақ еліміздің орталық банк ретінде атқарған қызметі кезінде жинақталған тәжірибесі оған экономикасы дамыған елдерге тән, нарықтық экономикаға сай келетін ақша-несиелік саясатының құралдарын пайдалануға көшу міндеттерін жүктеді.
1995
жылы 15 ақпан айында Қазақстан
Республикасы Призедентінің
Бағдарлама 1995 жылдың соңына дейін сәтті жүзеге асырылған жағдайда келесілерге қол жеткізу мүмкіндігі болжанған:
Ұлттық банкінің негізінен классикалық орталық банктерге тән валюталық және ақшалай несиелік реттеулердің барлық құралдар жиынтығын енгізуді аяқтау және оны пайдалану. Бұл өз кезегінде Ұлттық банкке тиімді ақшалай несиелік саясатын жүргізуге және банктік заңдармен анықталған Ұлттық банкінің белгіленген негізгі міндеттерді толығымен орындалуына мүмкіндік береді.
Экономикалық
ынталандыруды дұрыс қолдану
мен нормативтік реттеуді жетілдіру
және Ұлттық банк тарапынан бақылауды
күшейту есебінен барлық коммерциялық
банктер қызметінің сапасын жақсартуды
жүзеге асыру; олардың капиталдандыру
деңгейін жоғарылату және халықаралық
стандарттарға сай банктер
Банкаралық несиелік және валюталық нарықтарды дамыту және тереңдету жолдарымен оларда қалыптасатын пайыздық мөлшерлемелер мен айырбас бағам тұрақтылығына қол жеткізу, ал Ұлттық банк оларға тек өзінің тікелей және жанама реттеу құралдарымен ғана ықпал етеді.
Республикалық бюджеттің тапшылығын Ұлттық банкінің тарапынан тікелей несиелеуден бас тартып, оның ішкі және сыртқы қаржылық нарықтарда инфляциялық емес әдістері арқылы қаржыландыруға көшу.
Шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында төлемдердің қауіпсіз, уақытылы және тиімді жүзеге асыру мақсатында еліміздің төлем жүйесінің сапалы қызмет ететін жаңа деңгейіне қол жеткізу және ұзақ мерзімді ұлттық төлем жүйесін дамыту.
Орта және ұзақ мерзімді инвестициялық жобаларды инфляциялық емес несиелеу жүйесінің негізін қалау.
Бағдарламаның өткірлігіне қарамастан істің нақты жағдайын ескере отырып, оны жүзеге асырады.
Ең алдымен ақша несиелік реттеудің құралдары және әдістері дами түсті.
Банктердің
қайта қаржыландыру механизмдерінде
маңызды өзгерістер болды. 1995 жылы қаңтар
айынан бастап директивті несиелерді
беру тоқтатылды. Орталықтандырылған
көздер есебінен берілетін несиелердің
көлемі және мерзімі қысқарады. Экономиканы
несиелеу қызметі негізінен Ұлттық
банктен екінші деңгейлі банктерге
көшті және олар өз кезегінде экономиканы
несиелеудің шаруашылық жүргізу
субъектілерінің бос
1995
жылдың 1 жартысында Ұлттық банктің
2 деңгейлі банктерге беретін
несиелерінің негізгі массасы
аукцион арқылы ресурстар 3 ай
мерзімге берілсе, 2 жартысында операциялардың
барлық ауыртпалығын
1995 ж. Ұлттық банк қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің жоғарлауын қарастыруға әкелді. Инфляция қарқыны 1995 ж қаңтарында 8,9 пайыздан 2,4 пайызға дейін төмендеуін ескеріп, қыркүйекте қайта қаржыландыру мөлшерлемесі біртіндеп 210-нан 45 пайызға дейін төмендеді. Кейінгі айлардағы инфляцияның өсуі (айына 4,4) 20 қарашадан бастап Ұлттық банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемесін 52,5 пайызға дейін арттыруына мәжбүр етті. Бұл өзгерістер өз кезегінде 2 деңгейдегі банктердің пайыздық саясатында да көрініс алды.
1995
жылы Ұлттық банк мемлекеттік
бағалы қағаздар нарығының
1995 жылы Қазақстандық банкаралық валюталық қор биржасындағы АҚШ долларын сатып алу туралы Ұлттық банктің позитивті тенденцияларын ескерсек, кәсіпорындардың ішкі валюталық нарықтағы шетел валютасындағы экспорттан түсетін түсімдерін міндетті түрде сату талаптарын 30 пайызға дейін төмендету мүмкіндігін қарастырса, кейін оны мүлде алып тастау қарастырылады. Жыл соңында биржадан тыс валюталық нарық даму алды және ондағы операциялар көлемі биржалықтан асып кетті.
1995 жылы алтын валюталық резервтерді басқару бойынша көптеген жұмыстар жүзеге асырылды. 1995 жылы сәуірде Ұлттық банктің басқармасы алтын валюта резервтерін басқару тұжырымдамасын бекітті.
Ұлттық банк алтын валюта резервтерін көбейту мақсатында валюта мен қымбат бағалы металдарды сату және сатып алу операцияларын жүргізді.
Мұндай ақша несие саясатын жүргізу нәтижесі 1995 жылы монетарлық бағдарламаларға жүктелген параметрлер негізінен орындалады. Ол инфляцияның орташа айлық қарқынын 24,1 пайыздан 4,8 пайызға дейін төмендеуге әкелді. Әрі шетел валюталары бойынша теңгенің бағамы тұрақтанады. Ұлттық банктің жүргізіліп отырған ақша несие саясаты экономиканың тұрақтануына жақсы жағдай туғызады. ЖІӨ-нің құлдырауы (1994 ж. 23,7) 9 пайызға дейін төмендеді. 1997 жылы салыстырғанда экономикалық бірқатар салаларда өндірістің өсуі байқалады. Сауда балансының қалдығын жақсарту тенденциялары анықталады.
Қазақстан
Республикасында төлем
«Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі туралы» және «Қазақстан Республикасы банктер және банктік қызметтер туралы» Президенттің заң күші бар жарлығы шықты.
1997
жылы 6 наурызда Заң күші бар, «Қазақстан
Республикасы Президентінің жарлығына
толықтырулар енгізу туралы», 1997 жылы
28 сәуірде «Қазақстан Республикасындағы
вексельдік айналыс туралы», 1997 жылы 11
шілде «Банктік қызмет сұрақтары бойынша
Қазақстан Республикасы кейбір заң актілеріне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
заң қабылданды.
Жұмыста келтірілген мәліметтерді ескере келе 10 жыл ішіндегі банк жүйесінің дамуы мен проблемаларын тұжырымдауға болады.
Банк жүйесінің дамуын төмендегі ретпен қорытындылап шығуға болады.
Біріншіден, 1990 жылдар басындағы өзгерістер. Алғашқы заң актілерінің қабылдануы Қазақстан Республикасының жеке банк жүйесінің қалыптасуы. Осы жылдар ішіндегі ең елеулі оқиғалар: Ұлттық валютамыздың енгізілуі, Орталық банктің Ұлттық банк болып құрылып, өз саясатын экономикамызды тұрақтандырып, өсуін қамтамасыз етуде іске асыруы. Екі деңгейлі банк жүйесініңм алғашқы қадамдары.
Информация о работе Қазақстан Республикасының банк реформалары