Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 16:41, курс лекций
№1 Лекция сабағының тақырыбы: Философия мәдениет феномені хақысында.
1. Сабақ жоспары:
1. Философия, оның пәні, обьектісі мен қызметі.
2. Философияның мәні мен мақсаты.
3. Көзқарас ұғымы. Мифология. Дін. Философия.
2. Сабақ мақсаты:
Философия тарихындағы көптеген философтардың дүниетанымдық ерекшелігі мен философиялық көзқарастарын болашақ мамандарға ғылыми тұрғыда сараптама жасай отырып түсіндіру.
3. Лекция мәтіні:
1. Кез келген адамның өзін қоршаған дүние жөнінде қалыптасқан белгілі бір көзқарасы болады, бірақ ол көзқарас көбінесе теориялық жағынан ой жіберілмеген, негізделмеген, түрлі қарама-қайшы түсініктердің үзінділерінен құралады. Ал, философия болса табиғат, қоғам, адам және оның дүниедегі орны жөніндегі идеялардың, көзқарастар мен түсініктердің жәй ғана жиынтығы емес, олардың жүйелі системасы. Дүниеге философиялық көзқарас жәй өз принциптерін жариялап, оларды адамдардың санасына сіңіріп қана қоймай, ол принциптерді дәлелдеп, логикалық тұрғыдан қорытып шығарады.
2. Философия табиғаттың, қоғамның және адам ой-жүйесінің дамуының жалпы заңдарын зерттейтін ілім. Бұл анықтамадан көріп отырғанымыздай философия пәнінің басты ерекшелігі әлемді, бүкіл дүниені тұтас қарастыратындығында, оның ішкі байланысын өзара қарым-қатынасын, қарама-қайшылығын біртұтас алып көрсететіндігінде жатыр.
Айталық, философияның негізгі салалары ретінде: Онтология – болмыс туралы немесе бүкіл тіршіліктің мәні туралы ілім; гносеология – таным теориясы; логика - дұрыс, яғни байланысты, дәйекті, дәлелді ойлаудың формалары туралы ғылым; тарих философиясы, этика, эстетика, т.с.с. пәндер қалыптасты. Философиядан нақты ғылыми пәндер: математика, медицина, астрономия, табиғаттану, қоғамтану, тарих т.б. бөлініп шықты.
3. Дүниеге көзқарас дегеніміз – айнала қоршаған орта, бүкіл әлем тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән-мағынасы туралы көз-қарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы. Дүниеге көзқарас одан қоғаммен бірге пайда болған қоғамдық тарихи құбылыс.
Дүниеге көзқарастың кең тараған түрі ғылыми емес, қарапайым көзқарастар. Олар күнделікті қызмет әрекет барысында қалыптасады, өмірдің қалған салаларына назар аудармайды, жеке дәлелдерден нәр алап, олардың сапалық ерекшеліктерін ескере бермейді. Дәйекті білімнен гөрі, жалпылама, сыдырта «білімпаздық» басым. Сөйтіп қарапайым дүниетанымда мифологиялық, діни және ғылыми көзқарастар, материалистік және идеалистік ұғымдар араласып, шатасып жатады. Ал тарихи тұрғыдан алғанда қоғамдық өмірдің болмысы мен санасының жетілу дәрежесіне байланысы дүниеге көзқарастың мифологиялық, діни, натурфилософиялық және фило-софиялық түрлері қалыптасты. Адамзат қоғамымен бірге қалып-тасқан дүниеге мифологиялық көзқарасқа тән нәрсе – адам қоршаған ортада өзін ажырата алмауы, құбылыстардың құрамындағы ұқсас-тықты ғана пайымдау, сананың, өнердің, дәстүрдің бір ғана сипатына - символдық қызметіне ерекше көңіл бөлу. Осыдан келіп, мифтік көзқараста білімсіздік, ырымшылдық, аңқаулық, алданушылық, бұрмалаушылық пен соқыр сенім әлементтері қат-қабатымен кезігеді. Миф – адамның қауымдық алғашқы қалыптасуының көрінісі. Ол ешбір құбылыстың түп негізін, шығу себебін ашпайды. Тек ғажайып құбылыстарға көңіл аударады, оларды сол күйінде ұғынуды, қабыл-дауды талап етеді.
№8 Лекция сабағының тақырыбы: 19ғ. аяғы 20 ғ. басындағы ресейлік мәдениет контексіндегі орыс философиясы.
1. Сабақ жоспары:
1. Күрескер демократтардың материализмі.
2. Орыстың идеалистік философиясы.
2. Сабақ мақсаты:
Орыс философиясының мәні мен мазмұнымен және ойшылдарының дүниетанымымен таныстыру.
3. Лекция мәтіні:
1. Орыс философиясы ХІ ғасырдың бастапқы кезеңнің ХVІІ ғасырда қалыптасты. Өзінің пайда болған кезінен ол әлемдік философиямен байланыстылығымен сипатталады. Ол Киев Русінде пайда болып және 988 жылы Русьтің шоқынуынан басталған христиандыру ықпалымен байланысты болды. Өзінің пайда болуында, бір жағынан славяндық пұтқа табынушылық дүниетанымның бірқатар белгілерін мен бейнелерін қабылдаса, екінші жағынан христиандықты қабылдау нәтижесінде Византиямен байланыс орнатып, сол арқылы Антик философиясының көптеген идеяларын бойына сіңірді. Осылайша орыс философиясы философиялық ой дамуынынң негізгі бағытына сай дами отырып, христиандырылған күйінде болса да, антиктік, византиялық ертеболгар дүниетанымы идеяларын бойына сіңірді. Оның үстіне Кирилл мен Мефодий қалыптастырған өзінің жеке жазба тілін бастан қолданды. Жалпы алғанда, философиялық және тарихи ой христиандық принципіне негізделеді.
Христиан діні үш ірі бағытқа бөлінеді:
Осы үшеуінің
ішінен славянофильдер тек
Еркіндік пен
қажеттілікті үйлесімділігі
А.С.Хомяков философиясы
индивидуализммен қатар
Селолық қауымның
басты артықшылығы ол - өз мүшелерін
тәрбиелейтін рухани
Славянофильдер
орыс халқының көнбістігін,
Православие славянофильдер үшін ақиқат дін болып табылатындықтан тек оны ұстайтын халықтар, ең алдымен, орыстар, олардың көзқарасынша, прогреске үміт арта алады, ал қалған халықтар православие өркениетін қандай дәрежеде қабылдаса, оған содай дәрежеде үміт артады.
Екінші бағыт – батысшылдар болды. Батысшылдар – ХІХ ғасырдың 40- жылдарындағы феодалдық-крепостниктік қатынастарды жойып, Россияны «батыстық» жолымен, яғни буржуазиялық жолмен дамытуды жақтаған орыстың қоғамдық ой-ағымының өкілдері. 40-жылдарыдың ортасында батысшылдар қатарында Герцен, Грановский, Огарев, В.Боткин, Кавелин, Н.Кетчер, Е.Корш және т.б. болды. Үйірмемен Белинский тығыз байланыс жасап тұрды. Сондай-ақ Тургенев, П.Анненков, И.Панаев және басқаларда батысшылдар құрамына кірді. Көзқарастарындағы белгілі бір бірліктің болуы, яғни самодержвиелік –крепостниктік құрылысты айыптау, «ресми халықшылдық» идеологиясына қарсы күрес, ағарту идеяларын дамыту, Россияны Европаландыруға ұмтылу, және олардың объективті – буржу-азиялық мазмұнын мойындау олардың арасында алауыздық болмады деген сөз емес.
Бастапқыда батысшылдар
арсындағы эстетикалық,
Адам, және оны мазалаған өмірдің мәні ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы орыс философиясының басты тақырыбы болды. Осы кезең дамыған кезеңі Ғ.Есім орыстың ұлттық философиясын зерттеу Қазақстандық ұлттық философияны зерттеуге себепкер болды дейді.
Сонымен қатар екінші бір деректерде орыс философиясы үшке бөлініп қарастырылады: 1. Православие дініне негізделген славянофильдер бағы-ты. Олар дін арқылы өмірді өзгертуге болады, діни өзгеріс халықтың, қоғамның өміріне керемет өзгеріс әкеледі деп түсіндіреді.
2. Марксизм бағыты. Олар жұмысшы табының иделогиялық қызметшісіне философияны айналдырды.
3. Батысшылдар бағытының
немесе экзистенциалистер
1. Ештеңе білмеу жолы
- өмірдің зұлымдыққа толы және
мәнсіз екенін білмей де, түсінбей
де өмір сүретіндер. Олардың қатарына,
өте топас, өте жас адамдар
және әйелдердің көпшілігі
2. Эпикур жолы - өмірдің үмітсіздігін, өтпелілігін түсініп, бар нәрсенің пайдасын, қызығын көріп қалуға тырысу.
3. Күш және энергия жолы - өмірдің мәні жоқ деп өзін-өзі өлтірушілер жатады. Оны тек үлкен жігерлі, мол қуат иелері ғана істей алады.
4. Әлсіздік жолы - өмірдің мәні жоқ екенін біле тұра, өмір ағынына еріп өмір сүре беру.
«Менің ойымша,
өмірдің мәні – сенім. Сенім
өмірге күш береді. Сенімі күшті
адамның өмірі де мықты болады.
Адам бірінші өзіне сенуі
Орыс философиясы
- бұл әлемдік мәдениеттің ажырам
№9 Лекция сабағының тақырыбы: Қазақ мәдениетіндегі философия феномені.
1. Сабақ жоспары:
1. Қазақ философиясы
қалыптасуының әлеуметтік-
2. Қазақ ағартушылық
философиясы және оның
3. 19 ғ. қазақ философиясы.
2. Сабақ мақсаты:
Отандық философияның ерекшелігі мен дүниетанымдық өзгешелігін түсіндіріп, студенттердің бойында патриоттық қасиеттерін арттыру.
3. Лекция мәтіні:
1. Ежелгі заманнан бері өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалар негізінде қалыптасқан іргелі халықтардың бірі қазақтар ғасырлар бойында жазба мәдениеті болмаса да, ауызша әдіспен өзіне тән бай рухани мұра жасай білді. Ал жазба әдебиет пайда болғаннан кейін бұл мұра өте үлкен қарқынмен дами отырып, әрқилы ерекшеліктерге толы күрделі тарихи жолдардан өтті. Осы рухани мұра жүйесінде қазақтың ертедегі философиялық ойлау әлементтерінен бастап, қазіргі замандағы толысқан философиялық теориясын түгелдей қамтитын ұзақ та жемісті философия тарихы мол орын алды. Оның негізгі бағыттары ретінде тұрпайы диалек-тикалық ойларды, дүниеге шынайы түрдегі көзқарасты, дінді тану және басқа да еркін ойлау процестерін, моральдық мәселелер мен адам туралы ілімдерді, күш көрсетпеу идеясы және оның күш көрсету саясатына қарсы бағыттарды насихаттауы және т.б. мәселелері болды.
Қазақтың үғымында: көк аспан - бейне қазақгардың киіз үйі сияқты, барлық өмірге пана болған көк күмбез, аспан әлеміндегі жұлдыздар - осы көк күмбезге жағылған шырақтар, олардың ойынша: аспандағы жұлдыз-дардың адам өмірімен тығыз байланысы бар. Әрбір адамның өмірін жаратып, тағдырын белгілейтін бір жұлдызы болады. Ол жұлдыз жоға-рыласа, бұл адамның бағы өрлейді, бұл жұлдыз төмендесе, бұл адамның бағы қайтады. Жұлдызы оңынан туса, қырсық шалады, ол жұлдыз жерге түссе, бұл адамның жаны көкке ұшады дейді. Олардың ұғымынша: адамдардың жұлдыздары әр алуан: кейбіреуі топырақ, кейбіреуі су, кейбіреуі от, кейбіреуі жел сияқты болып келеді, бұл сол адамның мінездемесі, адамдар арасындағы қарым-қатынастарды белгілейді. Жұл-дызы су сипатты адам, жұлдызы от сипатты адаммен жараспайды. Қазақтар өмірі өш боп өткен адамдарды "бұлардың бір-біріне жүлдызы қарсы " деседі. Әрине, бүл ислам дініне кіруден бұрынғы үғымдар еді. Ислам дініне кірген соң, ұғымдардың көбі ислам философиясына бағынып кетті, оның сарқыншақтары аңыз-ертегілерде там-тұмдап сақталып келеді.
Қазақтың көне дәстүрі бойынша, жер - адамзат, жан-жануар, ағаш-шөптің анасы. Аспан - жарық, жылу беріп, жаңбыр жаудырып есіркеуші атасы есептелген. Сондықган, ерте кездегі қазақтар көк тәңірге, жер анаға табынған. Бұл нанымдар әлі күнге дейін бірге жасасып келеді.
Қазақ тарихында,
философиялық ой-пікір
Қорқыт (Дада Қорқыт)- 8-ғасырда Сырдария бойын мекендеген, қыпшақ-оғыз тайпаларынан шыққан атақты жырау, дарынды күйші және философ болған. Бұл Қорқыт жайындағы он екі дастаннан құралған жинақ "Қорқыт ата кітабы" ("Китап дадам Қорқыт") деп аталады. Бұл кітаптың екі көшірмесі бар, оның бірі Ватикан (Рим) кітапханасында, енді бірі Дрезден қаласының кітапханасында сақтаулы. Қазақ арасында Қорқыт туралы жыр, дастан және аңыз-ертегілер бар.
"Қорқыт
ата кітабында" және "Қорқыт
жырларында" Қорқыт айтқан афоризмдік
қорытындылар да бар. Мысалы: "
Атасыз ұл ақылға жарымас,
Қазақ әдебиетіндегі Қорқыт-дана, ақылгөй ата болуымен бірге дарынды жырау, майталман күйші, қазақтың музыка аспаптары - қобыз бен домбыраны алғаш жасаушы, өз заманының кемеңгер ойшылы болған. Қорқыт өз ел-жұртының аянышты ауыр халін көріп, одан елді кұтқаруды, мәңгі-бақи өлмейтін бақытты өмірді аңсайды, төңіректік төрт бұрышын кезеді. Бірақ көктемде жапырағы жайқалып шешек атқан шөптердің күз келісімен сарғайып салғанын, бір заманда аспанмен тілдескен асқар таулардың мыжырайып шөгіп бара жатқанын, мәуелі ормандардың жапырағы төгіліп, қайғы мен қамығып бас шайқағанын көреді; адамзат, жан-жануардың мұң-зарын естиді. Ол қайда барса да, көр қазып жатқан-дарға жолығады, ол ең ақырында: дүниеде өзгермейтін еш нәрсе жоқ, "сынбас темір жоқ, өлмес өмір жоқ" деген қорытындыға келеді де, өлмейтін өмірді халықгың ән-күйінен іздейді.
Асанқайғы- 15- ғасырда өмір сүрген атақты қазақ ақыны, философ. Ол алғашында Алтын Орданың астанасы Сарай қаласында, кейін Қазан қаласындағы Ұлы Мұхаммед ханның қасында беделдіде ықпалды билерінің бірі болған. 1445 жылы Мұхаммед хан өліп, Алтын Орда ыдыраған кезде қазақ даласына қайта оралып, Қазақ хандығын құрған Жәнібек ханның (1456-1473) жырауы және ақылшысы болған. Асан үнемі халық қамын, елінің болашағын ойлап, қайғырып жүргеңдіктен, жұрт оған "қайғы" деген лақап қосып "Асанқайғы" деп атап кеткен.
Асанқайғы жайын көп зертеген Ш.Уәлиханов оны "көшпелі ноғай, қазақ ұлысының философы" деп атайды. Асанқайғы өз заманында көптеген нақыл сөздер, афористік, философиялық толғаулар шығарған. Бірақ оның бәрі біздің заманымызға жеткен жоқ, оның бізге жеткен толғауларында Қазақ хандығы құрылған кездегі тарихи оқиғалар бейнеленген, ол уақытша табысқа масаттанып, халықгың болашағын жете ойламаған Жәнібек ханды бепе-бет сынайды, халықтың қайғы- мұңын толғайды.
Қазақ ақын-жырауларының
дүниетанымы, философиялық
Шалкиізден кейінгі алып жыраулардың бірі – Ақтамберді жырау Сарыұлы (1675-1768ж.ж.). Ақтамберді шығармалары нақыл сөздерге, афоризмдік толғауларға толы. Ақтамберді бүкіл ел мүддесін, ру, ата намысы емес, иісі қазақтың намысын қуады, елді ерлікке, бірлікке шақырады. Ол – еліміздің ұлттық қасиеттерін, қонақжайлылығын, үлкенді құрметтеу, кішіні сыйлау, әсіресе, отбасының сыйлығын, берекесін дәріптеп өткен.
Ақтамберді
жырау тоқсан үш жасында дүние
салыпты. Туған жердің
2-3. Қазақ ағартушылығының негізін салушы Шоқан Уәлиханов (1835-1866). Демократиялық ұлттық мәдениеттің көрнекті өкілі. Энциклопедист-ғалым, саяхатшы, публицист, қоғам қайраткері Шоқан Уәлиханов өз бойында Еуропа білімділікпен Шығыс халықтарының мәдениеті жайлы терең түсінікті үйлестірді. Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1865) ХІХ ғасырдың ортасында, патшалық Ресейдің Орта Азия мен Қазақстанды отарына айналдырып, бостандық пен рухани дамуымызды тұншықтырған дәуірде дүниеге келді. Ол география, тарих, этнография, лингвистика, салт-дәстүр, этнос, тайпалар мен халықтардың тарихы, туыстығы, тамыр-ластығы жөнінде, сондай-ақ қоғамның әлеуметтік құрылымы туралы көптеген ғылыми еңбектер жазды.