Филос кешен

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 16:41, курс лекций

Краткое описание

№1 Лекция сабағының тақырыбы: Философия мәдениет феномені хақысында.
1. Сабақ жоспары:
1. Философия, оның пәні, обьектісі мен қызметі.
2. Философияның мәні мен мақсаты.
3. Көзқарас ұғымы. Мифология. Дін. Философия.
2. Сабақ мақсаты:
Философия тарихындағы көптеген философтардың дүниетанымдық ерекшелігі мен философиялық көзқарастарын болашақ мамандарға ғылыми тұрғыда сараптама жасай отырып түсіндіру.
3. Лекция мәтіні:
1. Кез келген адамның өзін қоршаған дүние жөнінде қалыптасқан белгілі бір көзқарасы болады, бірақ ол көзқарас көбінесе теориялық жағынан ой жіберілмеген, негізделмеген, түрлі қарама-қайшы түсініктердің үзінділерінен құралады. Ал, философия болса табиғат, қоғам, адам және оның дүниедегі орны жөніндегі идеялардың, көзқарастар мен түсініктердің жәй ғана жиынтығы емес, олардың жүйелі системасы. Дүниеге философиялық көзқарас жәй өз принциптерін жариялап, оларды адамдардың санасына сіңіріп қана қоймай, ол принциптерді дәлелдеп, логикалық тұрғыдан қорытып шығарады.
2. Философия табиғаттың, қоғамның және адам ой-жүйесінің дамуының жалпы заңдарын зерттейтін ілім. Бұл анықтамадан көріп отырғанымыздай философия пәнінің басты ерекшелігі әлемді, бүкіл дүниені тұтас қарастыратындығында, оның ішкі байланысын өзара қарым-қатынасын, қарама-қайшылығын біртұтас алып көрсететіндігінде жатыр.
Айталық, философияның негізгі салалары ретінде: Онтология – болмыс туралы немесе бүкіл тіршіліктің мәні туралы ілім; гносеология – таным теориясы; логика - дұрыс, яғни байланысты, дәйекті, дәлелді ойлаудың формалары туралы ғылым; тарих философиясы, этика, эстетика, т.с.с. пәндер қалыптасты. Философиядан нақты ғылыми пәндер: математика, медицина, астрономия, табиғаттану, қоғамтану, тарих т.б. бөлініп шықты.
3. Дүниеге көзқарас дегеніміз – айнала қоршаған орта, бүкіл әлем тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән-мағынасы туралы көз-қарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы. Дүниеге көзқарас одан қоғаммен бірге пайда болған қоғамдық тарихи құбылыс.
Дүниеге көзқарастың кең тараған түрі ғылыми емес, қарапайым көзқарастар. Олар күнделікті қызмет әрекет барысында қалыптасады, өмірдің қалған салаларына назар аудармайды, жеке дәлелдерден нәр алап, олардың сапалық ерекшеліктерін ескере бермейді. Дәйекті білімнен гөрі, жалпылама, сыдырта «білімпаздық» басым. Сөйтіп қарапайым дүниетанымда мифологиялық, діни және ғылыми көзқарастар, материалистік және идеалистік ұғымдар араласып, шатасып жатады. Ал тарихи тұрғыдан алғанда қоғамдық өмірдің болмысы мен санасының жетілу дәрежесіне байланысы дүниеге көзқарастың мифологиялық, діни, натурфилософиялық және фило-софиялық түрлері қалыптасты. Адамзат қоғамымен бірге қалып-тасқан дүниеге мифологиялық көзқарасқа тән нәрсе – адам қоршаған ортада өзін ажырата алмауы, құбылыстардың құрамындағы ұқсас-тықты ғана пайымдау, сананың, өнердің, дәстүрдің бір ғана сипатына - символдық қызметіне ерекше көңіл бөлу. Осыдан келіп, мифтік көзқараста білімсіздік, ырымшылдық, аңқаулық, алданушылық, бұрмалаушылық пен соқыр сенім әлементтері қат-қабатымен кезігеді. Миф – адамның қауымдық алғашқы қалыптасуының көрінісі. Ол ешбір құбылыстың түп негізін, шығу себебін ашпайды. Тек ғажайып құбылыстарға көңіл аударады, оларды сол күйінде ұғынуды, қабыл-дауды талап етеді.

Файлы: 1 файл

Филос кешен 2013.doc

— 448.00 Кб (Скачать)

     Неопозитивизмнің  ірі өкілдерінің бірі Бертран Рассел (1872-1970), ағылшын философы, математик, логик, қоғам қайраткері. 1920 жылы орыс революциясымен танысу үшін арнайы Ресейге келді. Филсофия саласында Рассел өзін идеалистпін деп атады. Неопозитивистердің өздері Расселді логикалық позитвизмнің әкесі деп атайды. Рассел логиканы философияның басты бөлігі деп санаған. Ол «Логика дегеніміз – философияның іргетасы деп есептеймін» деп жазды. Сонымен қатар ол философияның міндеті – сезімдік деректерден математикалық логика тәсілдері арқылы дүниені логикалық құру мүмкіндіктерін талдау деп сендіреді. «Неліктен мен христиан емеспін» атты кітабында Рассел христиан дініне қарсы шығады. Ол діннің негізінде қорқыныш, оның ішінде өлім алдындағы үрей жатыр деп көрсетеді. Адам құдайдың көмегімен өзінің дұғасы арқылы көңілін босатуға үміттенеді. Егер тіпті діннің өзі үрейден толық арылтпаса да, кішкене болса да жұбатады.

    4.  Адам, оның тағдыры, өмірі мен өлімі, бүгінгісі мен ертеңі, болашағы, болмысы мен күнделікті күйбең тіршілігі туралы көптеген проблемалар көтерген, заманымыздың ең ірі философиялық ағымдардың бірі – экзистенциализм ағымы болып табылады.

   Экзистенциализм,  немесе «өмір сүру философиясы»  буржуазиялық философияның иррационалистік  (адамның ақыл-ойының күшін жоққа  шығаратын) бағыттарының бірі  болып саналады. «Экзистенция» ұғымы  (лат. Exsistentia - өмір сүру дегенді  білдіреді) Экзистенциализмде ерекше рөл атқаратын оның барлық философиялық қағидалардың бастапқы негізін құрады. Экзистенциализмның бастапқы негізі жеке адамның өмір сүруі, оның көңіл-күйі, сезімі, ішкі талпынысы, яғни өзінің психикалық сезім құбылыстарының жиынтығы арқылы көрінетін субъектінің өмір сүруі. Міне осыдан философияның басты міндеті – болмыстың ең жалпы формаларын зерттеу емес дүниенің және танымның мәнін ашу емес, адамның өмір сүруінің мәнін, экзистенциализмнің шын мәнін ашу. Адам өз болмысының мәнін түсіну арқылы  ғана өзінен тыс сыртқы дүниеде не бар екені жайында пікір айта алады.

 

 

№11 Лекция сабағының  тақырыбы: Болмыс философиясы. Философиялық антропология.

 

1. Сабақ жоспары: 

1. Болмыс ұғымы оның  мәні мен ерекшелігі.

2. Адам болмысының  әлеуметтік-мәдени мәні.

3. Материя және оның түрлері.

 

2. Сабақ мақсаты:

Болмыс және материя  ұғымдарының диалектикалық байланысы  мен айырмашылығын түсіндіру.

 

3. Лекция мәтіні:

     1. Дүниедегі құбылыстар мен заттардың, процестердің өзара байланысы, өзгеруі, дамуы, оны танып білуге ұмтылу – болмыс ұғымын тудырады. Табиғат, қоғам, адамдарға тән нәрсе олардың бар екендігі және олардың өзара байланыста болуы болып табылады.

    Адамдардың  материалдық өмірдің табиғатын  белгілеуге арналған фило-софиялық  ұғым. Философияның негізгі мәселесі ойлау жүйесінің болмысқа көзқарасы туралы мәселе болғандықтан, оның шешімі болмыс ұғымы ретінде алынатын мағынаға байланысты. Болмыс категориясының осы принципті маңызы оны философия ғылым ретінде пайда болған алғашқы кезеңдерде-ақ дүниеге әкеліп, оның көптеген ілімдерге негіз болды. Ма-териалистік философияда ол сезім арқылы қабылданатын материяны, материалдық объектілірдің өмір сүруін, олардың пайда болуын және жойылуын білдіреді. Ал, идеалистік философияда болмыс идеялардың жалаң мәні ретінде көрінеді. Сөйтіп, болмыс материализмде табиғат бол-мысы, ал идеализмде табиғаттан бөліп қаралатын дербес ұғым.

      Болмыс  категориясының аса маңызды жағы  дүниенің өмір сүретіндігін танып  білуде, дүниенің тұтас күйінде  болғанын, болып отырғанын және  болғандығын көрсететіндігінде. Мәселе болмыстың мынадай негізгі формалары жайында болып отыр:

  1. Табиғат және заттар болмысы, ол кезегінде табиғи заттар мен процестер және адамдар жасаған заттар мен процестер болмысы болып бөлінеді.
  2. Адам болмысы, ол заттар дүниесіндегі адам болмысы және адамның өзіндік болмысы(өз болмысын және жалпы болмысты танып білу)
  3. Рухани болмыс (жеке және нақты сипат берілген рухани ұғымның болмысы).
  4. Әлеуметтік болмыс. Бұл өз алдына қоғамдағы, тарихи процестегі жекелеген адам болмысына және қоғам болмысына бөлінеді.

   Заттар  мен табиғи болмыс- ғарыш пен жердің, табиғилықтың күрделі жүйесі ретінде көрінеді. Бұл болмыс – бастапқы және адам болмысының тарихи алғашқы негізі. Философиялық тұрғыдан алғанда табиғи әлем объективті, заңдылықты, қажетті, адам санасынан тәуелсіз, бүтіндей алғанда ғарыш – мәңгі, шексіз, ал жекелеген құрамдастар – шектеулі, өткінші. Басқаша айтқанда, адамның өмір тіршілігінің, қызмет әркетінің негізі – табиғат заттары мен табиғи процестер. Олар адамзаттан бұрын пайда болған, адам санасынан тыс және тәуелсіз өмір сүреді.

2.      Адам болмысының өзіндік сапалы мәні бар, өйткені бұл болмыстың табиғаттың көшпелі заттармен ортақ болып келетін маңызды өмір сүру белгілері бар. Адам болмысының алғышарттары – оның денесінің табиғат бөлшегі ретінде, организм ретінде өмір сүруі. Адам болмысының басты ерекшелігі  - ақыл-ой иесі, санасы бар, яғни тек тәннің ғана емес, жанның, рухани дүниенің иесі екендігіне. Адам табиғаттың бөлшегі, төл баласы, өлкені, сонымен бірге ол әрі тарихты, әлеуметтік өмірді жасаушы, әрі тарихи –қоғамдық дамудың туындысы. Адамдар дүниеде тек өмір сүріп қана қоймайды, сондай-ақ дүниеге, қоршаған табиғи және әлеуметтік ортаға және өздері өздеріне әсер етуге, өзгеріп, түрлендіруге қабілетті. Осыған қоса олар өз болмысын және жалпы болмысты танып біледі, «болмыстың тағдыры» үшін дабыл көтере алады. Осыдан келіп әрбір адамның адамзат тағдыры үшін, табиғатты, тұтас жер планетасының қорғау үшін жауапкершілігі туындайды. 

  Рухани  болмыс - өмір сүру мен көрінісінің нақты түрлері жөнінен әр түрлі болып келетін сана мен санасыздық процестерін қамтитын көптүрліліктің біртұтастығы. Оған табиғи тіл мен таңбалық жүйелер түрінде іс жүзіне асырылған, материалдандыырылған білім кіреді. Сонымен қатар, адамдар арасындағы қатынастардың, ізгіліктің, шығар-машылық пен хұқылық өлшемдері мен процестері қатарына жатады.

      Әлеуметтік болмыс -  әлеуметтік философтардың ұғымында мәдени-өркениетті әрекеттің объективті –жалпы бағыты ретінде, индивидтің өмірқамы бағыты ретінде көрінеді. Бұл сананың қоғамдық формалары болмысынң күрделі ұйымдасқан үдерісі және индивид санасының интеллектуалды-адамгершілік бағдардағы нақты формасы ретіндегі руханилық болмысының стихиясы мен онтологиясы.   

3.  Адамзат өзін  қоршаған ортамен, табиғатпен  байланыс жасау барысында алуан түрлі заттарды, құбылыстарды, процестерді байқайды. Ерте замандардың өзінде адам баласы осы құбылыстардың, процестердің, заттардың шығу тегі қандай, бәріне ортақ негіз болатын бір нәрсе бар ма деген сауалға жауап іздейді.

     Объективтік  дүниеде үнемі қозғалыста болатын материядан басқа ештеңе де жоқ. Қозғалыс  - материяның ажырамас мәнді қасиеті атрибуты, өмір сүру тәсілі. Ол да материя сияқты жоқтан бар болмайды, жоғалып кетпейді.

   Ең жалпылыма  мағынада алғанда, қозғалыс дегеніміз  – кез келген өзгеріс, Қозғалыс  дегеніміз – материяның жалпыға  ортақ атрибуты, оның өмір сүру  тәсілі. Дүниеге қозғалыссыз материяның  болмайтынын сияқты, материясыз  қозғалыстың болуы мүмкін емес. Материя өзін тек қозғалыс арқылы білдіріп, біздің санамызға, түйсік-сезімдерімізге әсер ете алады.

    Қозғалыстың  ішкі өзіне қарама-қарсы бір  сәті – тыныштық. Тыныштық қозғалыстан  бөлек те, бірге де емес, ол  – бар болғаны қозғалыстың  бір сәттік тұрақтығы. Материя қозғалыстың бір түрінен екіншісіне ауысып отырады. Дамудың нәтижесінде жансыз маетриядан жанды материя пайда болады. Жанды материя жансыз материяға айналады. Осының бәрінде тыныштық сәті бар. Тыныштық – бір жағдайда, бір қатынаста ғана тыныштық, басқа қатынастың бәрінде ол да қозғалыс.

     Қозғалыстың  формалары өзара тығыз әрі  күрделі байланыста болады. Физикалық  қозғалыс өз құрамында механикалық  қозғалысты, химиялық қозғалыс –  механикалық және физикалық қозғалысты  қамтиды т.б. Ең жоғары әлеуметтік  қозғалыстың құрамында алдыңғы формалардың бәрі өз бейнесін табады.  

    Сонымен қозғалыс  материяның қасиеттерін, құрылымдық  жиынтығын және оның өмір сүру  сипатын айқындайды.

   Кеңістік пен  уақыт қозғалыс сияқты материяның  ішкі ажырамас (атрибуттық) қасиеттері, өмір сүру формалары болып табылады.

   Денелердің көлемі, белгілі бір сыртқы формасы  болады. Материя қозғалысының әрбір  формасы денелердің орын алмасуына  байланысты, яғни денелер, заттар  кеңістікте өмір сүреді, кеңістік  материя қозғалы-сының шарты болып табылады.

    Кеңістік дегеніміз  – қозғалушы материяның объективті  түрде өмір сүруінің формасы.  Кеңістік ұғымы заттардың бір-бірімен  қатар және бөлек өмір сүруін, олардың тұрқын, олардың бір-біріне  қатысты алғандағы орналысу тәртібін  білдіреді. 

    Материалдық процестер рет-ретімен өтеді, өзінің ұзақтығы жағынан айырмашылығы, бір-бірінен өзгеше кезеңдері болады.

    Уақыт дегеніміз  – қозғалушы материяның объективті  түрде өмір сүруінің формасы.  Ол материалдық процестер өрістеуінің  жүйелілігін, бұл процестердің түрлі сатысының бір-бірінен бөлек екенін, олардың ұзақтығын, олардың дамуын сипаттайды. 

   Кеңістік пен  уақыт материяның өмір сүру  формасы екендігі туралы қағида  олардың тек объективті реалды  екендгігн ғана сипаттамайды. Ол  бұлардың қозғалушы материяның ажыратылмас байланыста екендігін бейнелейді. Материядан тысқары кеңістік пен уақыттың болмайтыны сияқты, материясыз кеңістік пен уақытта болмайды, болу да мүмкін емес.                                  

    Кеңістік үш  өлшемнен – ұзындық, ен және  биік өлшемдерінен тұрады. Бұл өлшемдер тек заттарға ғана тән емес, процестерге де тән. Уақыт бір өлшемді. Уақыттың ағымы өткеннен қазіріг арқылы келешеккке бағытталған белгілі бір заманнан өзінді бір белгілері бар басқа заманда қайталанып отырады.            

    Кеңістік пен  уақытты тек табиғаттағы адамға  қатысы жоқ заттардың, құбылыстардың  барлық формаларымен, материяның  барлық түрлерімен байланысты. Сонымен  кеңістік пен уақыттың әлеуметтік  формалары адамзаттың қоршаған  ортаны, табиғаттағы кеңістік пен  уақыт түрлерін өз практикасында игеріп, одан әрі дамытуы барысында қалыптасады да, қоғамдық даму процесінде тарихи тұрғыдан өзгеріп отырады.

 

 

 

№12 Лекция сабағының  тақырыбы: Әлеуметтік философия. Мәдениет философиясы.

 

1. Сабақ жоспары: 

1. Қоғамның тарихи типтері, құрылымы

2. Табиғат пен адам  арасындағы қарым-қатынас.

3. Мәдениет және өркениет.

4. Мәдениеттегі материалдылық  және руханилықтың арақатынасы.

 

2. Сабақ мақсаты:

Қоғам оның құрылымы және мәдениеттегі оның рөлі мен маңызын  болашақ мамандарға түсіндіру.

 

  1. Лекция мәтіні:

1.      Қоғам дегеніміз не? Бұл сұраққа жай ғана жауап беру қиын. Қоғам - өте нәзік әрі күрделі материя. Оны қолмен ұстауға немесе микроскоппен көріуге болмайды.

Қоғам деген сөздің мағынасы кең: алғашқы қауымдық , феодалдық  қоғам, капиталистік қоғам, француз қоғамы, демократиялық қоғам, т.б. бұл арада алдымен белгілі бір қауымның немесе жеке бір елдің тарихи даму кезеңдері еске түседі. Ал осы сөзді жалпы мағынада алсақ, онда бүкіл адамзат тарихы және оның болшағы туралы ойлаймыз. Бұл - әлемнің барлық халықтарының жиынтығы жөніндегі ұғым. Басқа сөзбен айтсақ, адамдардың өзара қатынас тәсілі және бірігу формаларынан тұратын, табиғаттан ерекшеленген дүниенің бір бөлігі.

Қоғам  туралы түсінікті  нақтылай түссек, бірігіп еңбек ететін жеке адамдардың жиынтығы және олардың арасындағы қатынасты қоғам деп айтамыз. Біріншіден, қоғам – адамның өмір сүру тәсілі. қоғамсыз адам жоқ, адамсыз қоғам жоқ. Екіншіден, қоғам жеке адамдардан ғана тұрмайды, ол сол жеке адамдардың өзара қатынасын көрсетеді.

Жеке адам қоғамға  ұжым арқылы енеді. Ол сонымен қатар  бірнеше ұжымдардың мүшесі болады (еңбек, партия, кәсіподақ, т.б.). Демек, қоғам - ұжымдардың ұжымы, бірлігі болып  көрінеді.

Адамдар белгілі бір  әлеуметтік топқа, тапқа, ұлтқа жатады. әлеуметтік топтардың, таптардың, ұлттардың экономикалық, әлеуметті, саяси, мәдени өмірдегі көп салалы байланыстары мен іс-әрекеті қоғамдық қатынас деп аталады.

Сонымен, қоғамды адамдардың өмір сүру тәсілі деп түсіну үшін, олардың  өмір сүру тәсілі деп түсіну үшін, олардың өмір сүруін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарды білу қажет. Қоғамдық қатынас мынадай ерекшеліктерімен сипатталады: 1) қоғамға қажетті қатынас түрлері болады; 2) субъект (жеке адам, адамдар) тотптық сипатта болады; 3) қоғамның объективтік сипаты болады; яғни қоғамға адамдар сол қатынасқа енгісі келе ме жоқпа,  оған қарамастан өмір сүреді.

Қоғамның материалдық  өндіріс саласындағы қатынасы мен  рухани саласындағы қатынсын ахырата  білу керек. Біріншісі қоғамның өмір сүруі мен дамуына материалдық  жағдай жасайды,  ал екіншісі (идеологиялық,  саяси,  құқықтық,  имандылық,  т.б.) – адамдардың руахни-мәдени құндылықты жасаудағы өзара байланыстардың нәтижесі. Сонымен қатар материалдық және рухани қатынастар өзара байланысу арқылы қоғамның дамуына ұйтқы болды.

2. Табиғат – адамның өмір сүретін ортасы. Адам табиғатта өмір сүреді, онымен тұрақты қатынаста болады. Адам, оның денесі мен рухани өмірі табиғатпен тікелей байланысты. Одан шығатын қорытынды – адам табиғаттың бір бөлігі. Табиғат адамның өмір сүруінің табиғи жағдайы ғана емес, оның өзгертушілік іс-әрекетініңі кеңістігі, ортасы. Адамның өмір сүруінің табиғи жағдайы екі түрлі: өмір сүрудің қайнар көзі болып есептелетін – табиғи байлық (көмір, мұнай, ағын су мен желдің энергиясы, т.б.). қоғам дамуының ерте кезеңдерінде адамдардың ынтасы “бірінші құбылысқа” көп аударылды, ал кейін өндіріс күшінің дамыумен байланысты “екінші құбылысқа” ауысты. Себебі табиғи байланыстар өндіріс дамуының, бүкіл қоғам дамуының алғышартына айналды. Адам, сонымен қатар, жасанды ортада  - “екінші табиғатта” да өмір сүруде. Жасанды орта заттық негізде ғана жинақталмайды. Адам қоғамдық қатынас жүйесінде өмір сүреді, іс-әрекет жасайды. Ондай қоғамдық қатынас белгілі бір материалдық дүниеде ғана іске асырылады. қоғамның дамуы жасанды ортаның рөлін арттыра түседі. қазіргі замандағы ғылыми-техникалық революция мен технологиялық жетістіктер нәтисінде адам баласы өмір сүрудің жасанды ортасын жасады және ол табиғи ортадан ондаған, жүздеген есе өнімді болды. Адамдар өзінің іс-әрекеті арқылы геологиялық құрылымдарды өзгертті, аса зор табиғи суқоймаларын жасады, т.т.  Сөйтіп, адамның өмір сүретін жасанды ортасы біртіндеп табиғи ортаға шабуыл жасай бастады. Дегенмен табиғи орта адамның өмір сүруінің материалдық негізі ғана емес, өндірістің бастапқы обьектісі, сонымен қатар әстетикалық және адамгершілік қатынастың да обьектісі саналады.

Информация о работе Филос кешен