Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 16:41, курс лекций
№1 Лекция сабағының тақырыбы: Философия мәдениет феномені хақысында.
1. Сабақ жоспары:
1. Философия, оның пәні, обьектісі мен қызметі.
2. Философияның мәні мен мақсаты.
3. Көзқарас ұғымы. Мифология. Дін. Философия.
2. Сабақ мақсаты:
Философия тарихындағы көптеген философтардың дүниетанымдық ерекшелігі мен философиялық көзқарастарын болашақ мамандарға ғылыми тұрғыда сараптама жасай отырып түсіндіру.
3. Лекция мәтіні:
1. Кез келген адамның өзін қоршаған дүние жөнінде қалыптасқан белгілі бір көзқарасы болады, бірақ ол көзқарас көбінесе теориялық жағынан ой жіберілмеген, негізделмеген, түрлі қарама-қайшы түсініктердің үзінділерінен құралады. Ал, философия болса табиғат, қоғам, адам және оның дүниедегі орны жөніндегі идеялардың, көзқарастар мен түсініктердің жәй ғана жиынтығы емес, олардың жүйелі системасы. Дүниеге философиялық көзқарас жәй өз принциптерін жариялап, оларды адамдардың санасына сіңіріп қана қоймай, ол принциптерді дәлелдеп, логикалық тұрғыдан қорытып шығарады.
2. Философия табиғаттың, қоғамның және адам ой-жүйесінің дамуының жалпы заңдарын зерттейтін ілім. Бұл анықтамадан көріп отырғанымыздай философия пәнінің басты ерекшелігі әлемді, бүкіл дүниені тұтас қарастыратындығында, оның ішкі байланысын өзара қарым-қатынасын, қарама-қайшылығын біртұтас алып көрсететіндігінде жатыр.
Айталық, философияның негізгі салалары ретінде: Онтология – болмыс туралы немесе бүкіл тіршіліктің мәні туралы ілім; гносеология – таным теориясы; логика - дұрыс, яғни байланысты, дәйекті, дәлелді ойлаудың формалары туралы ғылым; тарих философиясы, этика, эстетика, т.с.с. пәндер қалыптасты. Философиядан нақты ғылыми пәндер: математика, медицина, астрономия, табиғаттану, қоғамтану, тарих т.б. бөлініп шықты.
3. Дүниеге көзқарас дегеніміз – айнала қоршаған орта, бүкіл әлем тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән-мағынасы туралы көз-қарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы. Дүниеге көзқарас одан қоғаммен бірге пайда болған қоғамдық тарихи құбылыс.
Дүниеге көзқарастың кең тараған түрі ғылыми емес, қарапайым көзқарастар. Олар күнделікті қызмет әрекет барысында қалыптасады, өмірдің қалған салаларына назар аудармайды, жеке дәлелдерден нәр алап, олардың сапалық ерекшеліктерін ескере бермейді. Дәйекті білімнен гөрі, жалпылама, сыдырта «білімпаздық» басым. Сөйтіп қарапайым дүниетанымда мифологиялық, діни және ғылыми көзқарастар, материалистік және идеалистік ұғымдар араласып, шатасып жатады. Ал тарихи тұрғыдан алғанда қоғамдық өмірдің болмысы мен санасының жетілу дәрежесіне байланысы дүниеге көзқарастың мифологиялық, діни, натурфилософиялық және фило-софиялық түрлері қалыптасты. Адамзат қоғамымен бірге қалып-тасқан дүниеге мифологиялық көзқарасқа тән нәрсе – адам қоршаған ортада өзін ажырата алмауы, құбылыстардың құрамындағы ұқсас-тықты ғана пайымдау, сананың, өнердің, дәстүрдің бір ғана сипатына - символдық қызметіне ерекше көңіл бөлу. Осыдан келіп, мифтік көзқараста білімсіздік, ырымшылдық, аңқаулық, алданушылық, бұрмалаушылық пен соқыр сенім әлементтері қат-қабатымен кезігеді. Миф – адамның қауымдық алғашқы қалыптасуының көрінісі. Ол ешбір құбылыстың түп негізін, шығу себебін ашпайды. Тек ғажайып құбылыстарға көңіл аударады, оларды сол күйінде ұғынуды, қабыл-дауды талап етеді.
1. Балауса схоластика (ІХ-ХІІғғ.) ғылым, философия, теология (дін ілімі) әлі бір-бірімен байланысып, ажырамаған, бірақ ақыл ой-әрекетінің жемісі мен құндылығын түсінуді және универсалийлерге (жалпылық) байланысты пікірталас негізінде ақыл-ойға діни сенімнің үстемдігін жүргізуді және сол үстемдіктің заңдылығын дәлелдеуді өзіне мақсат етіп қойған схоластикалық тәсіл қалыптасты. Негізгі өкілдері: А.Кентерберийский, П.Абеляр, А.Аврелий т.б.
2. Кемеліне жеткен схоластика (ХІІІғ.). Бұл – философиялық-теологиялық ілімнің қалыптасып кең етек алған кезі болды. Негізгі өкілдері: Ұлы Альберт, Ф.Аквинский, Д.Скотт т.б.
3. Құлдырау кезеңі (ХІҮ-ХҮғғ.) ғылыми және философиялық ойлардың тез қарқындап дамуына байланысты теологияның өмірден алшақ, мистикалық ілімге айналуына орай схоластика мүлдем нәтижесіз, тіл безеген ғылымға айналды. Негізгі өкілдері: У.Оккам, Ж.Буридан т.б.
Схоластикалық
пікір-талас үстінде
Августин Аврелий (354-430ж.ж.) Философ, католик шіркеуінің белгілі уағыздаушысы және саясаткер. Ол августинизм деп аталатын христиан философиясындағы неоплатонизм бағытын негізін қалаушы. Негізгі еңбектері: «Тәубеге келу, «Құдай қаласы туралы т.б. Августин ілімі бойынша адам дүниеге келу келмей тұрып оның іс-әрекеттері, қылықтары құдайдың еркімен белгіленіп қойған. Ол белгі игілікке немесе азаптарға бағытталған болуы мүмкін. Құдай әлемді жаратқанда барлық заттардың түрлерінің бастамасын олардың бойына енгізіп, әрі қарай дамуына мүмкіндік берген. Августинизм теологиялық-философиялық бағыт ретінде ХІІғ. дейін өмір сүрді. Кейін Ұлы Альберт және Ф.Аквинскийдің ілімдерімен ығыстырылды.
Схоластикалық
тәсілдің негізін қалаушы және
қорғаушы француз теолог-
П.Абелярдың пікірінше шынайы өмір сүретін - жалқылар, бірақ олардың ортақ қасиеттері болғандықтан, осы негізде жалқылар ұғымы қалыптасты. Жалпылар (универсалийлер) шын өмір сүреді, себебі ол құдайдың ақыл-ойында есепте тұр әрі ол жаратқан заттардың үлгісі болып табылады. Олай болса, жалқылардың шын екеніне деген сенім де бір-біріне қайшы келмеуі керек. Адамға ең көріктісі оның іс-әрекеті емес, құдайға деген сенімі.
2. Христиандық діни ілімді Аристотельдің философиясымен байланыстырып, шіркеудің алғашқы схоластикалық ұстазы болған Фома Аквинский (1225-1274ж.ж.) Негізгі еңбегі: «Теология жиынтығы».
Ол Аристотельдің
іліміне сүйене отырып
Ф.Аквинский
Аристотельдің жалпы ұғымдар
жалқылардың түр қалып-
Ф.Аквинскийдің
пікірінше, дін құдайдың
Ф.Аквинскийдің
ілімі ХІХғ. қалыптасқан, қазіргі
кезеңдегі философияда өзіндік
орын алып отырған
3. Номиналистік бағыттың көрнекті өкілі, схоластикалық ойлау тәсілінен арылып, трансцендентальдық болмыстың онтологиясын қалыптастыру арқылы Саурес, Лейбниц, Г.Биль сияқты ойшылдарға үлкен әсер еткен ағылшын ғұламасы Уильям Оккам (1300-1350ж.ж.) болды. Оның пікірінше әлем жеке заттар мен мәндерден тұрады. Мәнділіктердің негізгі анықтамаларының қасиеттері (трансценденталий) өзінен бөлінбейді және қажеттіліктің арқасында оның мәнінен тікелей туындайды. Трансцендаталийлер категориядан да, біртектес заттарды қамтитын жалпы ұғымдардан да жоғары тұрады
№5 Лекция сабағының тақырыбы: Исламдық ортағасырлық мәдениет контексіндегі арабтық мұсылмандық философия
1. Сабақ жоспары:
1. Мұсылман философиясының қалыптасуы мен ерекшеліктері.
2. Суфизм – мұсылмандық діни-философиялық ойлардың бағыты ретінде.
3. Мұсылман ойшылдарының ғылыми философиялық мұрасы.
2. Сабақ мақсаты:
Араб-мұсылман философиясының дүниетанымдық мәні мен ойшылдарының ғылыми ұстанымдарымен таныстыру.
3. Лекция мәтіні:
1. Орта ғасырда пайда болып, жаңа заманға дейін философия тарихында көрнекті орын алған, еңбектерін араб тілінде жазған, негізінен мұсылман елдерінен шыққан ойшылдар тобының ілімін ғылымда фәлсафа деп атау дәстүрі бар. Анығында бұлар ерекше ойлау менталитетіне ие болған фәлсафа өкілдері. Философия мұсылман мәдениетінің туындысы. Бұл негізінен, мұсылман елдерінің ойшылдарына тән дүниетаным.
Фәлсафаның
мазмұны Платон, Аристотель еңбектерін
қайта жаңғырту болса, бұл
ХІ-ХІІ ғасырлар Арабияда пайда болған жаңа дін исламның Орта Азияға толықтай тарап, дінге енген кезеңі болатын. Осы аталған ғасырларда өндіргіш күштердің дамуы, қолөнердің өсуі, қалалардың бой көтеріп, олардың қоғам өмірдегі рөлінің артуы байқалады.
2. Ал Ахмет Ясауидің «Диуани Хикмет» еңбегінде, сопының өмірі мен қызметі ұрпақ жадында тақуалық пен тәубенің, бай рухани өмір мен имандылық хақында. Осы еңбегінде ол болмыстың тұтастығын көрсетіп берді. Еңбекте Аллаға деген сүйіспеншілік баяндайтын, жоғары мәнділіктерге көкейдегі ойдың ашылуы мен жету, Алланы тануда әйелдің алатын орнын әуездеуге арналған, және сонымен қатар рационалдық танымның қасаңдығын, сезімсіздік түйсіктің жетіспеушілігін де көрсетеді.
Философиялық
анықтамаларда: Мистика,
Нәпсіге
еріп, дүние қуып, мал жиғанмен, олардың
ешқайсысы адамда ажалдан
3. Осы кезеңде Шығыс халықтары, оның ішінде Орта Азия халықтары тарихи аренаға ғылымның әр саласына айтарлықтай қомақты үлес қосқан аса көрнекті ойшылдарды шығарды. Олардың әрқайсысы әлем халықтары мәдениетінің тарихына өшпес із қалдырды. Аталған тарихи кезеңде көптеген әлем халықтары мәдениетінің байланысы мен бірігуінің нәтижесінде аса бай тілді мәдениет және қоғамдық-философиялық ой қалыптасты. Осы процеске әр түрлі халықтардан шыққан ғалымдар белсене араласады. Мәселен, Орта Азия Әл-Хорезми, Фергани, Әл-Фараби, Түрки, Марвази т.б.; Ираннан - Мукаффа, Наззам, Раванди, Закария, Рази; арабтардан Әл-Кинди, Джахиз, Мутанабби; Солтүстік Африка халық-тарынан - Ибн Рушд, Ибн Туфейль т.б.; Араб халифатының ыдырауы және оның территориясында жеке феодалдық мемлекеттердің пайда болуымен Орта ғасырлық мәдениет пен ғылым өз алдына дербес дами бастайды. Орта Азияда - Фирдауси, Ибн Сина, Бируни, Ж.Баласағұн, Махмуд Қашғари; Иран халықтарынан-Фахриддин Рази, Омар Хайям, Хафиз, Саади сияқты ұлы ойшылдар шықты. Бірақ бұл процесті монғол шапқыншылығы тоқтатады. ХV гасырда Орта Азияда мәдениет пен өнердің қайтадан жедел дами бастауы байқалады. Орталық Азия әлемге танымал болған тұлғалар, ойшыл-ғылымдар Ұлықбек, Коши, Бекзаттарды дүниеге әкелді. Сондай-ақ, осы уақытты ислам идеологиясьшың ірі теоретиктері Ибн Араби, Ғазали, Яссауи аса құнды еңбектерімен танымал болды.
Якуб Ибн Исках әл-Кинди (801-866) орта ғасырлардағы араб философиясының ірі өкілі. Замандастары оған "абул хукано" (даналардың атасы), "файласуф аль-араб" (арабтардың философы) деген құрметті атақ берген. Ол өз еңбектерін түрлі ғылым салаларына арнады. Солардың ішінде ол логика, философия, медицина, математика, геометрия, музыка саласына көп көңіл аударды. Оның еңбектері тек араб және Шығыс дүниесіне ғана емес, Европа елдеріне кеңінен танымал болды. Неміс ғалымы Брокельман Әл-Киндиді «Ислам Аристотелі» деп атады.
Бағдат, Басра
қалаларында білім -алған ол
Индия, Греция, Персия және
т.б. елдердің ғалымдарыньщ
Абу Насыр ибн Мухаммед Әл-Фараби 870 жылы Фарабта дүниеге келген. Алғашқы білімді ол Фарабта, содан соң, Шаш, Самарқанд калаларында болды. Бұхарада және Иранда тұрады. Бағдатта тұрған кезінде философ ретінде атағы шығады. Өмірдің соңғы кезеңін Дамаскіде өткізіп 960 жылы қайтыс болады. Оның қайраткерлігі мен шығар-машылығының айрықша құндылығы, ол Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» немесе «Шығыс Аристотелі» деп саналады. Философия тарихында Әл-Фарабидің парасат пен ақыл жайлы еңбегі бәрін тұтас қамтитын рухани дүниенің онтологиялық желісі, ақыл-ой мен болмыс диалектикасы маңызды кезеңдер болды.
Фараби ірі
энциклопедист-ғалым ретінде
Орта ғасырлардағы ұлы ойшылардың бірі Ибн Сина (980-1037) есімі ежелгі дәуірде өмір сүрген атақты дәрігер Гиппократ жөне дана философ Аристотельмен қатар аталады. Ибн Сина Бұхараға жақын маңдағы Афина деген мекенде дүниеге келген. Он жасынан бастап тіл білімі, грамматика, стилистиканы оқып үйренеді. Сонымен қатар, юриспруденция, логика, евклидтік геометрияны игереді.
Философия оқып үйренуде ерекше талабын байқатады. Бірақ, Ибн Сина ғылым жолының ауыр екенін, әсіресе Аристотельдің "Метафизикасын" зерттегенде көп қиындық көргенін айтады. Ибн Сина медицинаға көп көңіл бөлді және дәрігерлік практиканы жалғастыра жүріп танымал емшілердің қатарында атала бастайды. Ибн Синаның ғылыми мұрасы өте мол. Ибн Сина жазған жиырма томдық философиялық энциклопедия бізге жетпеген. Ибн Сина "Айығу кітабы", "Білім кітабы" және т.б. еңбектері ғылыми тұрғыдағы құндылығымен ерекшеленеді.
Абу Райхан Мухаммад ибн Ахмед Әл-Бируни ежелгі Хорезмнің астанасы Қият қаласына жақын елді мекенде дүниеге келген. "Бируни" сөзі қала маңының тұрғыны деген мағынаны білдіреді. Табиғат, Әл-Бирунидың пікірінше, барлық материалдың және табиғи кұбылыстарды қамтиды. Бүкіл дүние белгілі бір заңдылықтарға бағынады. Әл-Бируни материалдық дүниенің барлық заңдылық процестерін табиғат деп атайды. Ғылымның барлық саласы қажетті фактілер мен мәліметтерді табиғаттан алады. Бируни өзінің ғылыми ізденістерінде табиғат кұбылыстарын оның өз заңдары арқылы түсіңдіруге тырысады. Орта ғасырларда өмір сүрген Шығыс ойшылдары Әл-Фараби, Ибн Сина және т.б. табиғатты және материяны жаратушы күш бар деп есептеген. Әл-Бируни де осы позицияны ұстанады. Әл-Бируни қоршаған дүниенің негізінде материалдық бастама жатқандығын мойындайды Ибн Синамен пікірталасында барлық заттардың негізі ретінде төрт әлемент (су, от, ауа, жер) туралы айтады. Бируни өз еңбектерінде материя туралы түсінігін ашық айтпаса да, философия және жаратылыстану ғылымдарының нақты проблемаларына тоқталғанда материяны аталған төрт әлементке қарағанда жалпылама нәрсе ретінде карастырады. Материалдық төрт әлементті біртұтас дүние деп атайды. Осы біртұтас бастаманың негізі су деп есеп-тейді.
Парасатты билік пен ізгі өмірдің ғылыми негіздері әлемге әйгілі Жүсіп Баласағұнның атақты «Құтты білік» поэмасында терең баяндалған. Ғұлама ойшыл өзінің осы еңбегінде жоғары мұратты қоғамның қажетті қағидаларын сипаттап, адамның мінез-құлықтарының нормалары мен ережелерін, әр түрлі қоғамдық дәрежедегі жіктердің бұл қоғамдағы басқарудағы міндеттері мен қызметтерін белгілеп берді.
Жүсіп Баласағұн қоғам өміріндегі әлеуметтік қатынастардың этикалық қағидаларын белгілеуге тырысады. Ақыл, әділдік, бақыт төңірегінде туындайтын сұрақтарға берілген жауаптар іздестіріледі. Әділдік пен ақыл, бақыт пен қанағаттанушылық біртұтас адами құндылықтар деген ой тұжырымдалады.
Мақмұт Қашғари «Диуани-лұғат-ат-түрік» атты еңбегінде алғаш рет түрік мәдениетінің болмыс категориясын сипаттап берді. Еңбекте дәстүрлі халық санасының сипаты, тарихи және мифологиялық құндылықтар, діни және этникалық терминология тіркелген. Сонымен, өз заманының, қоғамының әлеуметтік, саяси және рухани өмірінің сипаттамасы жан-жақты зерттелеген, оның өзіндік және сапалық ерекшелігі айқындалған. Болмыстың объективтік және субъективтік қырлары, адамдардың іс-әрекеті мен олардың санасы, қоғамның тұтастығы мен оның даму барысы күрделі қатынаста көрсетілген
№6 Лекция сабағының тақырыбы: Ренессанс пен Реформация мәдениетіндегі философия