Филос кешен

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 16:41, курс лекций

Краткое описание

№1 Лекция сабағының тақырыбы: Философия мәдениет феномені хақысында.
1. Сабақ жоспары:
1. Философия, оның пәні, обьектісі мен қызметі.
2. Философияның мәні мен мақсаты.
3. Көзқарас ұғымы. Мифология. Дін. Философия.
2. Сабақ мақсаты:
Философия тарихындағы көптеген философтардың дүниетанымдық ерекшелігі мен философиялық көзқарастарын болашақ мамандарға ғылыми тұрғыда сараптама жасай отырып түсіндіру.
3. Лекция мәтіні:
1. Кез келген адамның өзін қоршаған дүние жөнінде қалыптасқан белгілі бір көзқарасы болады, бірақ ол көзқарас көбінесе теориялық жағынан ой жіберілмеген, негізделмеген, түрлі қарама-қайшы түсініктердің үзінділерінен құралады. Ал, философия болса табиғат, қоғам, адам және оның дүниедегі орны жөніндегі идеялардың, көзқарастар мен түсініктердің жәй ғана жиынтығы емес, олардың жүйелі системасы. Дүниеге философиялық көзқарас жәй өз принциптерін жариялап, оларды адамдардың санасына сіңіріп қана қоймай, ол принциптерді дәлелдеп, логикалық тұрғыдан қорытып шығарады.
2. Философия табиғаттың, қоғамның және адам ой-жүйесінің дамуының жалпы заңдарын зерттейтін ілім. Бұл анықтамадан көріп отырғанымыздай философия пәнінің басты ерекшелігі әлемді, бүкіл дүниені тұтас қарастыратындығында, оның ішкі байланысын өзара қарым-қатынасын, қарама-қайшылығын біртұтас алып көрсететіндігінде жатыр.
Айталық, философияның негізгі салалары ретінде: Онтология – болмыс туралы немесе бүкіл тіршіліктің мәні туралы ілім; гносеология – таным теориясы; логика - дұрыс, яғни байланысты, дәйекті, дәлелді ойлаудың формалары туралы ғылым; тарих философиясы, этика, эстетика, т.с.с. пәндер қалыптасты. Философиядан нақты ғылыми пәндер: математика, медицина, астрономия, табиғаттану, қоғамтану, тарих т.б. бөлініп шықты.
3. Дүниеге көзқарас дегеніміз – айнала қоршаған орта, бүкіл әлем тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән-мағынасы туралы көз-қарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы. Дүниеге көзқарас одан қоғаммен бірге пайда болған қоғамдық тарихи құбылыс.
Дүниеге көзқарастың кең тараған түрі ғылыми емес, қарапайым көзқарастар. Олар күнделікті қызмет әрекет барысында қалыптасады, өмірдің қалған салаларына назар аудармайды, жеке дәлелдерден нәр алап, олардың сапалық ерекшеліктерін ескере бермейді. Дәйекті білімнен гөрі, жалпылама, сыдырта «білімпаздық» басым. Сөйтіп қарапайым дүниетанымда мифологиялық, діни және ғылыми көзқарастар, материалистік және идеалистік ұғымдар араласып, шатасып жатады. Ал тарихи тұрғыдан алғанда қоғамдық өмірдің болмысы мен санасының жетілу дәрежесіне байланысы дүниеге көзқарастың мифологиялық, діни, натурфилософиялық және фило-софиялық түрлері қалыптасты. Адамзат қоғамымен бірге қалып-тасқан дүниеге мифологиялық көзқарасқа тән нәрсе – адам қоршаған ортада өзін ажырата алмауы, құбылыстардың құрамындағы ұқсас-тықты ғана пайымдау, сананың, өнердің, дәстүрдің бір ғана сипатына - символдық қызметіне ерекше көңіл бөлу. Осыдан келіп, мифтік көзқараста білімсіздік, ырымшылдық, аңқаулық, алданушылық, бұрмалаушылық пен соқыр сенім әлементтері қат-қабатымен кезігеді. Миф – адамның қауымдық алғашқы қалыптасуының көрінісі. Ол ешбір құбылыстың түп негізін, шығу себебін ашпайды. Тек ғажайып құбылыстарға көңіл аударады, оларды сол күйінде ұғынуды, қабыл-дауды талап етеді.

Файлы: 1 файл

Филос кешен 2013.doc

— 448.00 Кб (Скачать)

Ф-ӘД-001/026

Қ.А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ЗАҢ  ФАКУЛЬТЕТІ

 

ФИЛОСОФИЯ КАФЕДРАСЫ

 

 

                                                                                       “ БЕКІТЕМІН ”

ХҚТУ  оқу-әдістемелік ісі жөніндегі

                                                                   вице-президенті

                                                                 Техн.ғ.д.,профессор___  С.Тұртабаев

                        “_____”__________2012 ж.

 

 

                                                                                                         

   

“ Ф И Л О С О Ф И Я ”

пәнінің

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК  КЕШЕНІ

 

 

 

   Мамандықтың  аты, шифры:_____    Барлық мамандықтарға арналған      ___

Оқу формасы : ____________________күндізгі__________________________________

Курс:___________________________ІІ__________________________________                                          

                                                                                                                                                                                                                                                                                          

                                                                     ІІІ-сем                           ІV-сем                Барлығы:

 

Кредит  саны                             ____-______              _____3______         ____3_____

Сағат саны:                              ___  -_____                ___ 135_____          ___135____

Лекция -                                    ___  -______              ___  30_____           ___30_____

Семинар:                                  ___  -______              ____15______         ___15_____            

 Лабораториялық                    ____-______               _____-______          ____-_____

ӨБСӨЖ:                                   ___-______                 ____45______          ____45____                                                    

СӨЖ:                                        ___-  ______              ____45______          ____45____        

Аралық  бақылау (АБ)             ___-_______               _____2______          ____2_____

Қорытынды бақылау:                  -                             емтихан                     емтихан

 

 

 

Лекторлардың аты-жөні: Философия кафедрасының профессор оқытушылар ққұрамы.

Тел жєне Е-mail: Жұмыс  орны: Заң ғимараты. Философия кафедрасы. Тел:  3-21-67 /135/.

Семинар сабақ  тъютордың аты-жөні: Философия кафедрасының профессор оқытушылар құрамы.

СӨЖ қабылдау күндері, уақыты және қабылдау орны: Сейсенбі, сәрсенбі бейсенбі, жұма.       

                                                                               

 

 

 

                                                                   Түркістан 2011

 

Силлабус Республикалық оқу-әдістемелік жоғары және оқу орнынан кейінгі білім беру кеңесі 22 маусым 2006 жылғы мәжілісінің хаттамалық шешімімен бекітілген және іске қосылған «Философия » бойынша пәндерінің  типтік оқу бағдарламасы негізінде жасалды. Бағдарламаны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жаратылыстану және ізгілендіру мамандықтары бойынша РОӘК секциясының Кеңесі баспаға ұсынған. №2 хаттама 19 мамыр 2006 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        

 

Силлабус кафедраның №      «  »   ________ 2011 ж. мәжілісінде қаралды.

 

 Кафедра  меңгерушісі    _____________ филос.ғ.к., доцент   Ө.Малдыбеков

 

Факультеттің  оқу-әдістемелік Кеңесінің «  »___________ 2011 ж. мәжілісінде мақұлданды.

 

    Кеңес  төрайымы  _____________________        филос.ғ.к., доцент А. Малдыбек

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.КІРІСПЕ

Пән туралы қысқаша сипаттама:

 

Философия тарихында  жаңа дәуір филосоиясының болмысы  мен бағытын қалыптастырған жағдайлар  Батыс Еуропадағы сол кездегі  қоғамдық-саяси және мәдени-әлеуметтік алғышарттармен байланысты болды. Англия еуропа елдерінің ішіндегі капиталистік қатынастардың әлі ерте, әрі жедел қарқынмен қалыптаса бастаған ел болды. Францияда Англиядан ғасырға жуық уақыттан кейін капиталдың алғашқы қорын жинақтау науқаны басталды. Алпауыттар қоғамның жаңа капиталистік қатынастарға кедергі келтіретін құрылымдары жойыла бастады. 1639-1688 жылдары Францияда, 1778-1788 жылдары Англияда орын алған көтерілістер халықтың санасын оятты; билік құрып келген шіркеу үстемдігінің мәңгі бола алмайтындығына көздерін жеткізді. Жаңа дәуірде елеулі пікірлерімен, сомды философиялық тұжырымдарымен жаңалықтар ашқан ойшылдар мен ғалымдардың шығармашылығын осы жағдайлардың салдарлары деп көрсетсек болады.

Жаңа заман  философиясы тарихы пәні аталған  шарттарды ескере отырып, ірі ойшылдар мен философтардың шығармаларымен, көзқарастарымен кең түрде таныстыра отырып, шәкірттерді пайдалы мәліметтермен қаруландыруды міндет санайды.

Пәннің  міндеттері:

    • Дүниетанымыдық жаңа идеялық бағыттарды салыстыра білу;
    • Тарихи-философиялық тестермен жұмыс істеуге үйрету;
    • Студенттердің ойлану мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету;
    • Студенттердің ғылыми-ізденістік жұмыстарын жүргізуге және тың философиялық мәселелерге дұрыс жауап табу қабілетін жетілдіру.

Пререквизитер, постреквизиттер:

Жаңа дәуірдегі дүниетанымдық  бетбұрыстардың, қайта өрлеу философиясының және саясаттану, жаратылыстану ғылымдарының идеялық сабақтастығына, олардың мазмұндық ерекшелігін айқындауға назар аудару.

Қысқартылған  сөздер: СӨЖ – студенттің орындайтын өзіндік жұмысы.

ОБСӨЖ – оқытушы басшылығымен орындалатын СӨЖ.

 

 

 

 

2. КУРСТЫҢ  ҚҰРЫЛЫМЫ:

 

Ап

та

Лекция  тақырыбы

Лек сағ

Прак  сағ

ӨБСӨЖ сағат 

СӨЖ тақырыптары

1

 

Философия  пәні: Дүние және Адам.

  1. Философия, оның пәні, объектісі және қызметі.
  2. Философияның мәні мен мақсаты.
  3. Көзқарас ұғымы. Мифология. Дін. Философия.

1

1

3

Философия

ғылым ретінде:

адам  және қоғам. Көзқарас ұғымы. Дүниетаным.  Миф және философия. Дін және философия.

2

 

Шығыс мәдениетіндегі философия феномені

  1. Үнді философиясының пайда болуы мен кезеңдері.
  2. Көне Үнді философиясының ерекшелігі, негізігі философиялық ұғымдар.
  3. Көне қытай философиясының пай-да болуы мен кезеңдері.
  4. Қытай философиясының филосо-фиялық ұғымдары.

1

1

3

Көне Үнді жеріндегі  философиялық ой тарихы

Көне Қытай  жеріндегі философиялық ой тарихы

3

 

Антика мәдениетіндегі философия

  1. Ежелгі грек өркениетінің өзіндік санасының ерекше-ліктері және алғышарттары.
  2. Софистика - философия және мәдениет құбылысы ретінде.

Сократ, Платон, Аристотель философиясы.

1

1

3

Антика дәуірі философиясының ірі өкілдері.

Грек-римдік философиялық мұра.

4

 

Орта ғасыр мәдениетіндегі философия

  1. Орта ғасырдағы христиан философиясының өзіндік ерекшеліктері, даму кезеңдері
  2. Ф.Аквинскийдің еңбектеріндегі схолостикалық идеялар.

Номинализм және реализс тартысы.

1

1

3

Орта ғасырлық христиан философиясы

5

 

Ислам философиясы

1. Мұсылман философиясының қа-лыптасуы мен ерекшелігі.

Суфизм - мұсылмандық  діни-фило-софиялық ойлардың бағыты ретінде.

3. Мұсылман ойшылдарының  ғылыми философиялық мұрасы

1

1

3

Орта ғасырлық мұсылман философиясы

   

 Ренессанс  және Реформация мәдениетіндегі  философия

  1. Қайта өрлеу дәуірінің негізгі сипаттары.

2. Қайта өрлеу  дәуіріндегі ғылым. Н.Коперник, Д.Бруно,  Г.Галилей т.б. ілімдері.

1

1

3

Қайта өрлеу дәуірі философиясы

7

 

Жаңа дәуір мәдениетіндегі Батыс Еуропалық философия

  1. Жаңа дәуір философиясындағы рационалистік және эмпиристік бағыт   талаптары.

2.Ф.Бэкон, Р.Декарт, Д.Локк, Т.Гоббстің философиялары.  Субстанция мәселесі және Б.Спинозаның  пантеизмі. Д.Беркли және Д.Юмның  субъективтік философиясы.

3.Неміс филосфиясының  пайда болуының алғышарттары.

4.ХҮІІІ ғасырдағы француз материализмі

1

1

3

Жаңа дәуір  философиясы

8

 

ХІХ-ХХ ғ. басындағы Ренсейлік мәдениет шеңберіндегі орыс философиясы.

1. ХІХ-ХХ ғғ. Күрескер орыс демократтарының  материализмі.

2. Орыстың идеалистік  философиясы.

1

1

3

Орыс  философиясындағы ағымдар

9

 

Қазақ мәдениетіндегі филосфия феномені

  1. Қазақ философиясы қалыптасуының әлеуметтік-мәдени ал-ғы  шарттары.
  2. Қазақ ағартушылық филсофиясы және оның ерекшелік-тері.

ХХ ғасырдың басындағы қазақ философиясы.

1

1

3

Қазақ философиясы

10

 

ХХ  ғасырдағы батыс философиясы

  1. ХХ ғасырдағы батыс философиясының мәні және негізгі бағыттары.
  2. Позитивизм және оның тарихи түрлері.

Прагматизм, структурализм  және поструктурализм. Экзистенциализмнің негізгі ұғымдары.

1

1

3

Қазіргі заманғы  батыс философиясы

11

 

Болмыс философиясы және антропологиялық философия

  1. Болмыс ұғымы, оның мәні мен ерекшелігі.
  2. Адам болмысының әлеуметтік – мәдени мәні.

3. Материя және оның түрлері

   

3

Болмыс және материя, уақыт кеңістік, қозғалыс

12

 

Әлеуметтік  философия. Мәдениет философиясы.

1. Қоғамның тарихи типтері, құрылымы. Табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынас.

2. Мәдениет және  өркениет.

   

3

Әлеуметтік  философия. Мәдениет философиясы

13

 

Махаббат  философиясы. Дін философиясы.

1. Махаббат феномені. Суфизмдегі құдайға деген махаббат.

2. Дін философиянының классиктері. Дін философиясындағы классикалық және классикалық емес мәселелер

   

3

Махаббат философиясы. Дін философиясы.

14

 

Тарих философиясы. Саясат философиясы.

1. Тарих философиясы  туралы түсінік. 

2. Тарихты нақтылаудығы  формациялық және өркениеттілік қарым-қатынастар.

3. Саясат философиясының  генезисі мен мәні

   

3

Тарих және саясат философиясы.

15

 

Диалектика  теориясы. Эпистемология.

1. Диалектика заңдары.  Материалистік диалектика категроиялары. 

2. Таным-шындықтың бейнелеу  формасы. Ақиқат ұғымы. Ақиқат өлшемі.

   

3

Диалектика  теориясы. Эпистемология.


 

3. ОҚУЛЫҚТАР  МЕН  WЕВ САЙТТАР ТІЗІМІ:

  1. Ақназаров Х.З. Философия тарихынан дәрістер курсы. Алматы. 1992.
  2. Қ. Бейсенов. Философия тарихы. Алматы. 1990.
  3. Д. Кішібеков. Ұ.Сыдықов. Философия. Алматы. 1991.
  4. Ақмамбетов. Философия және мәдениеттану. Алматы. 1988.
  5.   Тұрғынбаев. Философия. Алматы. 2001.
  6. Ж.Алтаев. Ә.Қасқабаев. Философия тарихы. Алматы. 1988.
  7. Философиялық сөздік. Алматы. 1996.
  8. Әлеуметтік философия.(хрестоматия). Алматы.1996.
  9. М. Орынбеков. Ежелгі қазақ дүниетанымы. Алматы. 1996.
  10. О.А.Сегизбаев. Казахская философия ХҮ начала ХХ века. Алма-ты. 1996.
  11. Ж. Молдабеков., А.Қасабек. Шығыс философиясы. Алматы.2001.
  12. Т. Ғабитов. Философия. Алматы. 2002.
  13. Ә.Нысанбаев. Т.Әбжанов. Ой, Ақыл, Адамгершілік. Алматы. 1994.
  14. З. Қариев. Даму. Алматы. 1993.
  15. А.Қасабеков., Ж. Алтаев. Қазақ философиясының тарихына кіріспе. Алматы. 1998.
  16. Т.Әбжанов., Ә.Нысанбаев. Адамға қарай бет бұрсақ. Алматы. 2000.  
  17. Чанышев А.Н. Курс лекций по древней философий. М., 1981.
  18. Асмус В.Ф. Античная философия. М., 1985.
  19. Богомолов А.С. античная философия. М., 1985.
  20. Соколов В.В. Средневековая философия М., 1979.
  21. Есім Ғ. Фәлсафа тарихы. А., 1998.
  22. Степанянц М.Т. Восточная философия М., 1997.
  23. Рассел Б. История западной философии. В 2-х т. М., 1993.
  24. Очерки по истории философии. 1991.
  25. Антология мировой философии м., 1969.
  26. История философии кратком изложении. М., 1991.
  27. Гулыга А.В. Немецкая классическая философия. М., 1986.
  28. И. Кант Критика чистого разума. 1998.
  29. Мир философии. 2т. М., 1991.
  30. Радугин А.А. Философия. Курс лекции. М., 1995.
  31. Краткий курс лекций по истрии философии. Под ред. Ойзермана.
  32. История казахской философии. А., 2001.
  33. Сегизбаев О.А. казахская философия ХҮ-ХХв.в. А., 1996.
  34. Абай шығармалары. А., 1995.
  35. Злобин Д. Основы философии. Учебное пособие. М., 1997.
  36. Спиркин А. Основы философии. М., 1997.
  37. Философскиий энциклопедический словарь. М., 1997.

                                                   

Қосымша әдебиеттер

  1. Немецкая классическая философия. М., 1982.
  2. Антология мировой философии в 4т. М., 1971.
  3. Краткая история философии. М., 1986.
  4. Ж. Алтаев, Ә. Қасқабаев. Философия тарихы. Алматы., 1986.
  5. Кант И. Трактаты и письма. М., 1980.
  6. И.Кант. Критика чистого разума. М., 1988.
  7. Спиркин А. Основы философии. М., 1997.
  8. История философии кратком изложении. М., 1991.
  9. Злобин Д. Основы философии. Учебное пособие. М., 1997.
  10. Ә.Нысанбаев, Т. Әбжанов. «Ой, ақыл, адамгершілік» Алматы 1994.
  11. Философиялық сөздік. Алматы. 1996.
  12. Антология мировой философии. М., 1991.
  13. Гулыга А.В. Классическая немецкая философия. М., 1986.
  14. Радугин А.А. Философия. М., 1995.
  15. 15.Ә.Нысанбаев. Қысқаша философия тарихы. А., 2004.
  16. Гегель Г.В.Ф. Наука логики. В3т. М., 1970.
  17. Философский энциклопедический словарь. М., 1997.
  18. Спиркин А. Оновы философии. М., 1997.
  19. Рассел Б. История западной философии. В 2т. М., 1993.
  20. Гегель Г. В. Ф. Энциклопедия философских наук. В 3т. М., 1974-1977.
  21. А.Д. Макаров. Историко-философское введение. М., 1961.
  22. Ә.Тұрғынбаев Философия. Алматы., 2001.
  23. З. Қариев. Даму. Алматы., 1993.
  24. Фейербах Л. Избр. Философское произведение. В2т. М., 1955.
  25. Фейрбах Л. Сочинения. Т1 М., Л., 1926.
  26. Мир философии. В 2т. М., 1991.
  27. Очерки по истории философии. М., 1991.
  28. Т. Әбжанов, Ә. Нысанбаев. Адамға қарай бет бұрсақ. Алматы. 2000.
  29. Ғабитов.  Философия. Алматы., 2003.
  30. Марксисткая философия в ХІХ веке. В 2 кн. М., 1979.
  31. А.Д. Макаров. Историко-философское введение. М., 1961.
  32. Джумабаев Ю.Д. Из истории этической мысли в Средней Азии. Фан. Узбекской ССР, 1975с.
  33. Касымжанов А.Х., Мажиденова Д.М. «очарование знания: Ф: Кыргызстан, 1990. 156с.
  34. А.Егеубаев. Кісілік кітабы. Алматы.1998. 320 бет.
  35. Философия наследия народов Востока. Наука. М. 1983.
  36. М.Н. Болтаев. Абу Али Ибн Сина – великий мыслитель, ученый-энциклопедист средневекого востока. Ташкент фан 1980.
  37. Есім Ғ. Фалсафа тарихы. – Алматы: «Раритет», 2004.-304 бет.
  38. Ахмет Йугеники. Ақиқат сыйы. Алматы. 1985.
  1. http://iris.dissvcs.uga.edu/~archive/Greek.html 
    http://phd.evansville.edu/plato.htm 
    http://www.cluon.com/~ea/garden.html 
    http://www.geocities.com/Athens/Acropolis/4393/ancient.htm 
    alt.philosophy.debate 
    alt.philosophy.kant 
    alt.philosophy.taoism 
    sci.philosophy 
    sci.philosophy.tech 
    talk.philosophy.humanism 
    talk.philosophy.misc
  1. http://www.vix.com/objectivism 
    alt.philosophy.objectivism 

4.Бақылау түрі:

Аралық бақылау-2

Емтихан - ауызша-жазбаша  немесе ЭЕМ түрінде өтіледі. 

                                                                                                                                                                                     

 

5. СТУДЕНТ  БІЛІМІН БАҒАЛАУ ЕРЕЖЕСІ:

Университетте кредиттік оқу жүйесіне өткен  академиялық топтарда студенттің білімі мен біліктілігін бақылау және бағалау  рейтингтік  жүйеде іске асырылады. Максималды рейтинг 100 балды құрайды. Рейтинг балы екі бөліктен құралады: бірінші бөлігі 60 балды құрайды. Ол студенттің күнделікті шептік бақылау және СӨЖ тапсырмаларын орындағаны үшін алатын балдарының қосындысынан, екінші 40 балл, ол емтихан балынан құралады.

Пәнді оқыту  өтілген материалдар бойынша  тест тапсырумен аяқталады. Тест тапсыруға жіберілу үшін бағдарламада көрсетілген балық тапсырмалар орындалуы керек.

Бірінші рейтинг  бағаны қою кезінде студенттің күнделікті аудиториялық сабаққа қатысу белсенділігі, студенттің оқытушы басшылығымен орындайтын өзіндік жұмысы, студенттің өзіндік жұмысы бойынша жинаған ұпайлары ескеріледі. Бірақ сабаққа қатыспағаны үшін жинаған жалпы балл мөлшерінен 1 балдан кемиді.

 

Әріп жүйесі бойынша

бағалау

Проценттік көрсеткіш

Әдеттегі жүйе бойынша  бағалау 

 

 А+

100

      Өте жақсы

А

А-

95-99

90-94

В+

85-89

 

        Жақсы

В

80-84

В-

75-79

С+

70-74

 Қанағаттанарлық

С

65-69

С-

60-64

D+

55-59

D

50-52

F

0-49

Қанағаттанарлықсыз

Информация о работе Филос кешен