Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 16:41, курс лекций
№1 Лекция сабағының тақырыбы: Философия мәдениет феномені хақысында.
1. Сабақ жоспары:
1. Философия, оның пәні, обьектісі мен қызметі.
2. Философияның мәні мен мақсаты.
3. Көзқарас ұғымы. Мифология. Дін. Философия.
2. Сабақ мақсаты:
Философия тарихындағы көптеген философтардың дүниетанымдық ерекшелігі мен философиялық көзқарастарын болашақ мамандарға ғылыми тұрғыда сараптама жасай отырып түсіндіру.
3. Лекция мәтіні:
1. Кез келген адамның өзін қоршаған дүние жөнінде қалыптасқан белгілі бір көзқарасы болады, бірақ ол көзқарас көбінесе теориялық жағынан ой жіберілмеген, негізделмеген, түрлі қарама-қайшы түсініктердің үзінділерінен құралады. Ал, философия болса табиғат, қоғам, адам және оның дүниедегі орны жөніндегі идеялардың, көзқарастар мен түсініктердің жәй ғана жиынтығы емес, олардың жүйелі системасы. Дүниеге философиялық көзқарас жәй өз принциптерін жариялап, оларды адамдардың санасына сіңіріп қана қоймай, ол принциптерді дәлелдеп, логикалық тұрғыдан қорытып шығарады.
2. Философия табиғаттың, қоғамның және адам ой-жүйесінің дамуының жалпы заңдарын зерттейтін ілім. Бұл анықтамадан көріп отырғанымыздай философия пәнінің басты ерекшелігі әлемді, бүкіл дүниені тұтас қарастыратындығында, оның ішкі байланысын өзара қарым-қатынасын, қарама-қайшылығын біртұтас алып көрсететіндігінде жатыр.
Айталық, философияның негізгі салалары ретінде: Онтология – болмыс туралы немесе бүкіл тіршіліктің мәні туралы ілім; гносеология – таным теориясы; логика - дұрыс, яғни байланысты, дәйекті, дәлелді ойлаудың формалары туралы ғылым; тарих философиясы, этика, эстетика, т.с.с. пәндер қалыптасты. Философиядан нақты ғылыми пәндер: математика, медицина, астрономия, табиғаттану, қоғамтану, тарих т.б. бөлініп шықты.
3. Дүниеге көзқарас дегеніміз – айнала қоршаған орта, бүкіл әлем тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән-мағынасы туралы көз-қарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы. Дүниеге көзқарас одан қоғаммен бірге пайда болған қоғамдық тарихи құбылыс.
Дүниеге көзқарастың кең тараған түрі ғылыми емес, қарапайым көзқарастар. Олар күнделікті қызмет әрекет барысында қалыптасады, өмірдің қалған салаларына назар аудармайды, жеке дәлелдерден нәр алап, олардың сапалық ерекшеліктерін ескере бермейді. Дәйекті білімнен гөрі, жалпылама, сыдырта «білімпаздық» басым. Сөйтіп қарапайым дүниетанымда мифологиялық, діни және ғылыми көзқарастар, материалистік және идеалистік ұғымдар араласып, шатасып жатады. Ал тарихи тұрғыдан алғанда қоғамдық өмірдің болмысы мен санасының жетілу дәрежесіне байланысы дүниеге көзқарастың мифологиялық, діни, натурфилософиялық және фило-софиялық түрлері қалыптасты. Адамзат қоғамымен бірге қалып-тасқан дүниеге мифологиялық көзқарасқа тән нәрсе – адам қоршаған ортада өзін ажырата алмауы, құбылыстардың құрамындағы ұқсас-тықты ғана пайымдау, сананың, өнердің, дәстүрдің бір ғана сипатына - символдық қызметіне ерекше көңіл бөлу. Осыдан келіп, мифтік көзқараста білімсіздік, ырымшылдық, аңқаулық, алданушылық, бұрмалаушылық пен соқыр сенім әлементтері қат-қабатымен кезігеді. Миф – адамның қауымдық алғашқы қалыптасуының көрінісі. Ол ешбір құбылыстың түп негізін, шығу себебін ашпайды. Тек ғажайып құбылыстарға көңіл аударады, оларды сол күйінде ұғынуды, қабыл-дауды талап етеді.
1. Сабақ жоспары:
1. Қайта өрлеу дәуірінің негізгі сипаттары
2. Қайта өрлеу дәуіріндегі ғылым. Н.Коперник, Д.Бруно, Г.Галилей
2. Сабақ мақсаты:
Философия тарихында 15-16 ғасырларды қамтитын қайта өрлеу дәуірінің ғалымдарының ғылыми жаңалықтары мен осы дәуір философиясының ерекшелігімен таныстыру.
3. Лекция мәтіні:
1. Философия тарихында ХV-ХVІ ғасырлар қайта өрлеу дәуірі деп аталады. Осы кезеңде Батыс Европа елдерінде өнеркәсіп, сауда-саттық, теңізде жүзу ісі жедел қарқынмен дами бастады. Ғылым салаларының ішінде, әсіресе механика, математика, жаратылыстануға көп көңіл бөлінді. Қөлөнер кәсібінен машина жасау өндірісіне өту басталды. Капиталистік өндірістік қатынастардың одан ары дамуы ХV ғасырдың аяғы мен ХVІ ғасырдың басында ұлы географиялық жаңалықтардың ашылуына себеп болды.
Шіркеу тарапынан
болған қудалау мен қысымға
қарамастан қайта өрлеу
Қайта өрлеу
дәуірі философиялық ой
2. Қайта өрлеу дәуірі ойшылдарының аса ірі өкілдерінің бірі Н.Коперник (1473-1543ж.ж.) болды. Ғылым тарихында Коперник ілімі шын мәніндегі революциялық іс болды, сол арқылы табиғат зерттеу істері өзінің дінінен тәуелсіз екенін паш етті. Жерді Күнді айналуы және Жердің бір тәулік ішінде өз кіндігін айналып шығуы туралы Коперник теориясы Птолемейдік гелиоцентрлік жүйесінен және «құдайдың қалаулысы» ретіндегі «Жер» туралы оған негізделген діни түсініктерден қол үзуді білдіреді. Сол кезеңдегі пантеистік, натурфилософиялық бағыттың негізін Н.Кузанский (1401-1465ж.ж.) салды. Ол 1401 жылы шаруа отбасында Германияның Куза деген қалашығында туылған. Негізгі философиялық еңбектері: «Ғылыми білімсіздік туралы», «Құдай туралы», «Ақыл», «Болмыс туралы».
Ол философияның негізгі мәселесін идеалистік тұрғыдан шешті. Дүниені де, адамды да құдай жаратты дейді ол. Кузанскийдің пікірі бойынша, әлем қарама-қарсы заттардан тұрады және олар математикадағы теңдеудің екі жағындағы мүшелердің бір-біріне өте алатыны сияқты, бір-біріне ауысып отырады. Ауысқан қарама-қарсылықтардың теңесуі тек құдайға ғана тән. Жалпы алғанда, материалдық денелер құдай жаратқаннан кейін өз заңды-лықтары бойынша дамып, өзгеріп отыратын болғандықтан, оларды танып білуге болады.
Қайта өрлеу
дәуірінің көрнекті
Таным теориясында
Дж. Бруно адамды табиғаттың
Классикалық механиканың
негізі болған эксперименттік-
Қайта өрлеу
дәуірінде түрлі қияли
№7 Лекция сабағының тақырыбы: Жаңа уақыт мәдениетіндегі батыс европалық философия. 20 ғ. мәдениетіндегі батысевропалық философия.
1. Сабақ жоспары:
1. Жаңа дәуір философиясындағы рационалистік және эмпиристік бағыт талаптары.
2. Ф.Бэкон, Р.Декарт, Б.Спиноза, Д.Локк, Т.Гоббс философиясы.
3. Неміс философиясының пайда болуының алғы шарттары.
4. И.Кант философиясындағы таным, этика, априорлық ұғымы және антиномиялары.
5. Гегельдің диалектикалық
әдісі, абсолютті және
6. Фейербахтың антропологиялық материализмі.
7. 18 ғ. Француз материализмі.
2. Сабақ мақсаты:
Жаңа дәуір кезеңіндегі ағылшын философтарының, неміс классикалық философиясының және француз ойшылдарының методологиялық мәселелерімен таныстыру.
3. Лекция мәтіні:
1. XVII - XIII ғасырларда Батыс Европа елдерінде өндірістік тәсіл мен құралдар жедел қарқынмен дами бастады. Өндірістік тәсіл мен құралдардың жедел қарқынмен дамуына байланысты, қалыптаса бастаған қоғамның жаңа талап, сұраныстарын қамтамасыз етуге ескі схоластикалық ілім мен діни көзқарастар кедергі болды. Жаңа дәуір философиясы белгілі бір әлеуметтік - экономикалық, саяси -қоғамдық көзқарастардың жемісі болатын. Өйткені, Батыс Европада капиталистік қүрылыстың пайда болуы орта ғасырлық діни идеологияға қарсы күресті үдете түсті.
Жаңа философияның
қалыптасуымен қатар жаңа
Жаңа дәуір
өндіргіш күштердің ерекше
Осы кездегі
ғалымдар мен философтар
2. Фрэнсис Бэкон (1564-1626). Философияда механикалық, метафизикалық әдістің қалыптасуына зор үлес қосқан ойшыл-ағылшын философиясының көрнекті өкілі, ғылыми зерттеудің индуктивтік тәсілінің негізін құраушы – Фрэнсис Бэкон еді. Негізгі еңбектері: «Ғылымдар табысы», «Жаңа органон», «Жаңа Атлантида» т.б.
Ф.Бэкон эмпиризмнің
туындауына негіз болған
Ф.Бэконның
философиясы жаратылыстану
Ф.Бэкон эмпириктер
мен рационалистердің сыңар
1. тектік елестер- табиғатты тануда адамның өзіне сәйкес туатын қате пікірлер;
2. үңгір елестері –
бүкіл адамзатқа қатысы жоқ,
жеке адамдардың тәрбиесінен,
талғамдары мен әдістерінен
3. нарық ( базар) елестері
– басқалардың айтқандарына
4. театр елестері – біреулердің беделіне көз жұмып сене салудан туатын қателіктер. Жаңа заман ғылымының принципі – ешқандай беделге арқа сүйемей, тәжірбиеге сүйену.
Рене Декарт. (1596-1650). Рене Декарт 31 наурыз 1596 жылы Франция елінде дүниеге келді..
Егер ағылшын философтары
білімді тек сезімдік түйсіну
арқылы алуға болады деп
Р.Декарттың философиясы
математика, космогония және физикаға
байланысты болды.
Томас Гоббс. (1588-1679). Ол философия пәнін ерекше қарастырады. Яғни философия оның ойынша барлық ғылымдардың арасындағы байланысты зерттеуі тиіс. Бэконның ізімен Гоббста білім күште деп қайталап оны философия бастаған ғылымдардың көмегімен жетуге болады. Оның пікірі бойынша – философиялық теория адамдардың қажеттілігінен практикалық қызығу-шылықтарына қызмет ете отырып, олардың өмір күресіндегі қажеттілігін дамыту болып табылады. Бірақ Гоббстің Бэконнан айырмашылығы ол абстрактілік материалистік философияны қалыптастырады. Гоббстің философиялық жүйесін үш бөліктен тұрады.
1. Дене жайлы ілім – дүниенің
әртүрлілігі, заттар оның
2. Адам жайлы ілім.
3. Азаматтық ілім.
1-ші бөлімінде материяның шынайылығы жайлы ойды дамытып, оның көптеген бөліктерге бөлінетінін және бір-бірінен көлемі мен формасы жағынан айырмашылық, өзгешелік болатынын айтады.
қоғам, адам туралы ойлары кейінгі дәуірге ерекше әсер етті.
Джон Локк (1632-1704 ж.ж.) Ағылшын материалистерінің ірі өкілі Гоббстың идеяларын жалғастырушы Джон Локк Пуритандық адвокат семьясында 1632 жылы дүниеге келді. Оксфорд университетінде бакалавр, одан кейін магистр дәрежесін алады. Отыз алты жасында патшалық қоғамның мүшесі, бір жылдан кейін кеңес мүшесі болады. Осы уақыттарда Локк медицина, жаратылыстану, экономика, саясат, педагогика мәселелерімен шұғылданады. Джон Локктың шығармалары: «Адам ақыл ойы жайлы тәжірибелер», «Діни еріктік туралы», «Мемлекетті басқару туралы» 2 трактат, «Тәрбие туралы еңбек».
Оның философиясының шығармашылығы Англияда революциядан кейінгі қалпына келу заманында шығады.
Галилей, Гоббс
бастаған схоластикаға қарсы
күрес ең бірінші таным
Локктың айтуынша,
адам ақылында ешқандай туа
пайда болған идеялар
Бірінші
ол түйсікке, сезімге әсер ететін
заттар, яғни материалдық дүние.
Екінші ол рефлексия, оған
Ал екінші сапалық идеяларға денелердің түсі, дауысы, дәмі жайлы идеялар.
Бенидикт Спиноза. ( 1632-1677). Спиноза Бенедикт нидерланд, көрнекті философ-материалист болды. Ол Амстердамда дәулетті еврейлер отбасында 24 қараша 1632 жылы дүниеге келген. Ал 21 ақпан 1677 жылы қайтыс болған.