Филос кешен

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 16:41, курс лекций

Краткое описание

№1 Лекция сабағының тақырыбы: Философия мәдениет феномені хақысында.
1. Сабақ жоспары:
1. Философия, оның пәні, обьектісі мен қызметі.
2. Философияның мәні мен мақсаты.
3. Көзқарас ұғымы. Мифология. Дін. Философия.
2. Сабақ мақсаты:
Философия тарихындағы көптеген философтардың дүниетанымдық ерекшелігі мен философиялық көзқарастарын болашақ мамандарға ғылыми тұрғыда сараптама жасай отырып түсіндіру.
3. Лекция мәтіні:
1. Кез келген адамның өзін қоршаған дүние жөнінде қалыптасқан белгілі бір көзқарасы болады, бірақ ол көзқарас көбінесе теориялық жағынан ой жіберілмеген, негізделмеген, түрлі қарама-қайшы түсініктердің үзінділерінен құралады. Ал, философия болса табиғат, қоғам, адам және оның дүниедегі орны жөніндегі идеялардың, көзқарастар мен түсініктердің жәй ғана жиынтығы емес, олардың жүйелі системасы. Дүниеге философиялық көзқарас жәй өз принциптерін жариялап, оларды адамдардың санасына сіңіріп қана қоймай, ол принциптерді дәлелдеп, логикалық тұрғыдан қорытып шығарады.
2. Философия табиғаттың, қоғамның және адам ой-жүйесінің дамуының жалпы заңдарын зерттейтін ілім. Бұл анықтамадан көріп отырғанымыздай философия пәнінің басты ерекшелігі әлемді, бүкіл дүниені тұтас қарастыратындығында, оның ішкі байланысын өзара қарым-қатынасын, қарама-қайшылығын біртұтас алып көрсететіндігінде жатыр.
Айталық, философияның негізгі салалары ретінде: Онтология – болмыс туралы немесе бүкіл тіршіліктің мәні туралы ілім; гносеология – таным теориясы; логика - дұрыс, яғни байланысты, дәйекті, дәлелді ойлаудың формалары туралы ғылым; тарих философиясы, этика, эстетика, т.с.с. пәндер қалыптасты. Философиядан нақты ғылыми пәндер: математика, медицина, астрономия, табиғаттану, қоғамтану, тарих т.б. бөлініп шықты.
3. Дүниеге көзқарас дегеніміз – айнала қоршаған орта, бүкіл әлем тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән-мағынасы туралы көз-қарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы. Дүниеге көзқарас одан қоғаммен бірге пайда болған қоғамдық тарихи құбылыс.
Дүниеге көзқарастың кең тараған түрі ғылыми емес, қарапайым көзқарастар. Олар күнделікті қызмет әрекет барысында қалыптасады, өмірдің қалған салаларына назар аудармайды, жеке дәлелдерден нәр алап, олардың сапалық ерекшеліктерін ескере бермейді. Дәйекті білімнен гөрі, жалпылама, сыдырта «білімпаздық» басым. Сөйтіп қарапайым дүниетанымда мифологиялық, діни және ғылыми көзқарастар, материалистік және идеалистік ұғымдар араласып, шатасып жатады. Ал тарихи тұрғыдан алғанда қоғамдық өмірдің болмысы мен санасының жетілу дәрежесіне байланысы дүниеге көзқарастың мифологиялық, діни, натурфилософиялық және фило-софиялық түрлері қалыптасты. Адамзат қоғамымен бірге қалып-тасқан дүниеге мифологиялық көзқарасқа тән нәрсе – адам қоршаған ортада өзін ажырата алмауы, құбылыстардың құрамындағы ұқсас-тықты ғана пайымдау, сананың, өнердің, дәстүрдің бір ғана сипатына - символдық қызметіне ерекше көңіл бөлу. Осыдан келіп, мифтік көзқараста білімсіздік, ырымшылдық, аңқаулық, алданушылық, бұрмалаушылық пен соқыр сенім әлементтері қат-қабатымен кезігеді. Миф – адамның қауымдық алғашқы қалыптасуының көрінісі. Ол ешбір құбылыстың түп негізін, шығу себебін ашпайды. Тек ғажайып құбылыстарға көңіл аударады, оларды сол күйінде ұғынуды, қабыл-дауды талап етеді.

Файлы: 1 файл

Филос кешен 2013.doc

— 448.00 Кб (Скачать)

3-4. Мәдениет өмірдің барлық саласымен байланысы бар бірыңғай өмір сүру тәсілі. Мәдениет мәні әрбір тарихи дәуірде толықтырылып тұруымен қатар, о бастағы қалыбын жоғалтқан емес. Әрбір ұлттың өзіндік келбетін сақтауға және болашаққа бой сермеуіне мәдениетттің ықпалы зор. ХІХ ғасырда ғылыми тәсілін қалыптастыра бастаған мәдениет туралы ілім адам мен қоғамды зерттеу нысанасы етті.

   Мәдениет, қоғамдық  құбылыс ретінде адамның бүкіл үйренгендері мен барлық өзара бөліскендерін өз ішіне алатын жалпы түсінік. Себебі, тәрбиелік білімдерге тақырып болар әрбір нәрсе, мәдениетте бітімін табады. Мысалы, жаңа туған нәресте, тілін, дінін, жеп-ішетіндерін, қоршаған ортасын, әлеуметтік өмірді, бала тәрбиелеуді, білім құралдарын, рухани құндылықтарды белгілі бір мәдениет қалыбы ішінде үйренеді. Адам, тек кейбір құндылықтарды, діни және әлеуметтік қатынастарды үйреніп, қоғамдық  құбылысқа айналады. Мәдениет деп аталар құбы-лыстың қарапайым түрі осыны үйрену нәтижесінде құрала бастайды. Басқаша сөзбен айтсақ, нені жасап, жасамау керектігіміз, кімдерді құрметтеп немесе жақсы көруіміз керек және өмірімізді қалай тәртіптейміз сияқты мәселелерге қатысты өлшемдер береді. Ғалымдар мен ойшылдар мәдениетті түрлі жақтан зерттеп, анықтауға тырысқан. Бұл анықта-малардан кең таралған бірнешеуін  берейік: Тайлор мәдениетті былай анықтайды: “Ғылым, дін, өнер, талғам, әдет-ғұрып бар қоғамның бір бөлшегі болу шартымен шыққан әдеттер мен басқа да өнер түрлерін қамтитын жинақ”. Висслер, мәдениетті былай анықтайды: «Мәдениет - бір халықтың өмір сүру тәсілі». Турнвальд бойынша: “Мәдениет - талғам, жүріс-тұрыс түрлерінен, әдет-ғұрып, ой-пікірлерден, түрлі мекемелерден тұратын жүйе болып, тарихи ұйымдасқан салт-дәстүрге бағымды бір қоғам ішінде мәдени қарым-қатынастардың нәтижесі ортаға шығарған әлементтермен араласып, бір бүтін халге келеді”.

Жаңа дәуірде адамзаттың мәдени дамуының эволюциялық концепциясы  ағартушылық түсінікпен алмасты, ол бойынша адамзат дамуы мынадай жалпы схемадан тұрады-жабайылық, варварлық, өркениет /Тюрго, Вольтер, Фергюссон/, яғни үздіксіз биологиялық әволюция іспетті. Рухани дамудың кемелденген кезеңі ретінде қай қоғамдық сана формасы алынуы керек: философия ма /Гегель/, әлде ғылым ба /Конт/, осыны анықтау үшін пікірсайыстар жүрді. ХІХ ғ. екінші жартысындағы қоғамдық сананың жаратылыстанушылық бағыты, дүниені құраудың универсалды заңы ретінде эволюцияны мойындатты /Г.Спенсер/. Неке /Мак-Леннан/, дін /Леббок, Фрәзер/ формаларын, жалпы әлеуметтік құрылымды /К.Маркс, Тайлор, Морган/ эволюциялық жолмен түсіндіруге талпыныс жасалды.

Әсіресе, эволюционизм /историзм/ қоғамның, тарихи қозғаушы күштердің  қайнар көзін табуға жұмылдырылды. Бірақ бүкіл әлемдік тарихи даму концепциясы принципиалды түрде  қиындыққа тап болды, өйткені түрлі халықтар мәдениеттерінің өзар ұқсастықтары өте аз.   К.Брейзингтің пікірінше, көне дәуірде халықтардың барлығы бастан кешірген, ортағасырлар-еуропалықтар мен үнділіктерге, ал жаңа мен қазіргі дәуір тек Еуропаға ғана тән. Ал “қалыс қалған” халықтар, “өркениетті” қоғамдар бастан кешірген даму сатыларын болашақта бастан кешіреді делінеді .

 

№13 Лекция сабағының  тақырыбы: Махаббат философиясы.Дін философиясы.

 

1. Сабақ жоспары: 

1. Махаббат феномені.

2. Суфизмдегі құдайға  деген махаббат.

3. Дін философиясындағы  мәселелер.

 

2. Сабақ мақсаты:

Махаббат пен дін  арасындағы байланысты түсіндіру.

 

3. Лекция мәтіні:

   1. Қадым заманнан  ерекше әспеттеліп келе жатқан  махаббатты – адам өмірінің  ұлы жарастығы, адам жанының  гүлдеп, шешек атуы; сүйіспеншілік жанарымен қарағанда ғана ашылатын әлемнің керемет сұлу суреті, өмірдің ыстық демі, ардақтылығы десе керек. Махаббатпен адамның күллі тіршілігі байланысты. Ол – адамның ішкі әлеміндегі рухани сезімдерінің көрінісі ретіндегі жан күйі. Барлық әдемі, сүйкімді, шарапатты ұлы істерге, ерліктерге адамды сүйіспеншілік сезмдері жігерлендіріп, дем беріп отырады. Адам біреуді сүйгендіктен яки біреудің өзін сүйетінін сезгендіктен немесе біреудің сүйіспеншілігінен үміттенгендіктен, оның бойын күш жігер кернеп, биік мақсаттарға ұмтылады, асқан қажырмен және өнрепаздықпен жайшылықта қолан келмейтін үлкен істер тыныдырады. Әйтпесе, яғни сүйіспеншілік жоқ жерде, өмір мәнінен, бар әдемі бояғынан айырылып, көңілсіз, жансыз сұрқайлыққа айналады. Демек, махаббат - өзін үшін ғана емес, екінші адам үшін өмір сүре білу, сол екінші адамның қайғысына да, қуанышына да ортақ болу, айналаға соның көзімен қарау, сол арқылы тіршіліктің қадір қасиетін танып, оны ардақтау деген сөз. Адам жанынынң білгірі, орыстың ұлы философ жазушысы Л.Н.Толстой: «Сүю дегеніміз – сүйген адамның өмірімен өмір сүру», - дейді. Бұл даналық нақылда махаббаттың анықтамасы беріліп, сонымен қатар оған қойылатын талап та айтылған. 

    Шынайы махаббаттың  басты белгісі  - құлай сүйген  адамына ешқашанда жаманшылық ойламау. Оның жануынан сөнуі тез жай сезімдерден айырмашылығы сонда. Алтын қазақ қағидасы да бар: «Сене артық жан жоқ деп, ғашық болдым, мен не болсам , болайын, сен аман бол».

   Махаббат –  таңғажайып кереметтерді дүниеге  әкелуші. Адамзаттың көркемдік тарихын мәдениет пен махаббат тарихы деуге де болады. Тұңғыш суретшінің қолфына құрал ұстатып, жартасқа бейне салдыртқан, тұңғыш ақынға шабыт сыйлап, өлең жаздыртқан осы махаббат екені даусыз. Ең ұлы көркем туындыларын авторлар махаббат сезімінінің әсерімен шығарғаны тарихтан аян.

2. Ал ортағасырда мұсылман ойшылдарымыз махаббатты сопылық мәселесімен етене қарасырған.  Сопылық - өте күрделі философиялық діни феномен. Ол мұсылмандық шығыс халықтарының рухани өмірінде маңызды рөл атқарған көрнекті ағым. Ол ислам дінінен тарады, содан нәр алды, соның жүйесіне сүйенді. Бірақ ислам дініне тараған бағыттарға қарағанда, сопылық көлемі жағынан да, сенім, дүниеге көзқарас, дүниені қабылдау, дүниеге қарым-қатынас сияқты аса маңызды мәселелерді іздестіру тұрғысынан күрделі ағым.

     Бұл ойда  суфизмге тән қасиеттер–нұрлана  отырып құдайға жақындау, шаттану  арқылы–сезімді және рационалды  танымға жету. Сопылық ойшылдар  рационалды білімді толықтай  теріске шығармаса да, оның мүмкіндіктерінің  шектеулігін көрсеткен. Сопылар үшін таным дінмен шектелген. Олардың іздестіретін басты жауабы, тұрмыс бірлігінің ақиқатын табу. Сопылар ақиқатқа жеткенде, қиялды байытатын махаббат, эмоцияға кенеледі. Қиял, ғашық жүректе туатын болғандықтан, жүрек мистикалық танымның ерекше құралы болады.

   Сопылардың таным  туралы ойларын сипаттай келе  Тәжікова К.Х. былай деп жазады: “Сопылардағы құдайды тану мистикалық  сүйіспеншілікке тікелей байланысты, сондықтан да сопылар сүйіспеншілік–  танымның дәл өзі деп есептеді”.  Тәжікова К.Х. бұл пікірінде, сопылардың құдайды тануға ұмтылысы сүйіспеншілікпен теңестірілді, құдай сопылар үшін өзінің сүйіктісі бейнесінде көрінді, ол өздерін шексіз сүюші деп санады.

  Сопылық символикада  жүрек құдай сәулесі көрінетін  айна деп есеп-теледі, ал одан  құдайды көру үшін жүрек тазару керек. Осыны таныған адам өз күш-жігері мен ынтасын моральдық жағынан жетілдіруге жұмсайды. Осылайша, жүректі “жібітетін” жолдардың құдай ілімін танудағы дайындығымен әрине, адамға тән тілектер мен қызығушы-лықтардан бас тарту сопылық гносео-логияны құрайды.        

     Сонымен,  махаббатты сыйлай білген адам – рухани дамудың адамы. Рухани дамудың бір ерекшелігі, ол адамның ішкі ар-ожданының көрсеткіші секілді. Рухани құндылық махаббаттың жемісі.  Ал махаббат адамды жарқын болашаққа, мақсат мұратқа жетелейді. Мұны, біз, Қ.А.Ясауидің :

                            Ия, достар, пән махаббатты мақсат  еттім,

                            Бұл дүниені дұшпан тұтып жүрдім  міне.

- деген хикметінен  көреміз. 

3. Дін-әлемдік өркениетттегі  барлық қоғамдарға тән тарихи,саяси-әлеуметтік,дүниетанымдық және психологиялық құбылыс.Адам рухымен тікелей байланысты дін  адамзатпен ықылым замандардан бері бірге жасасып келеді.Дін сан қырлы,күрделі және нәзік нәрсе.Дінді Жаратушы мен адамның арақатынасы,адамның танымынан тыс күштердің барлығына сенуі және илану деп анықтауға болады.Діннің мәнін анықтаудағы барлық тұжырымдамаларды дүниетанымдық жағынан  дінтанулық және теологиялық( діни ) деп  екіге бөліп қарастыруға болады.Дінтануда дінді ғылыми тұрғыдан танудың тәсілдері  философиялық-әлеуметтік,биологиялық,психологиялық және этнологиялық болып бөлінеді.

      Дін  анықтамалары:

Дін-кез келген мәдениет пен өркениеттің негізі,қозғаушы күші.

Дін- адам өміріне мән-мағына беретін сенім,ілім.

Дін-адамшылық өмірдің  негізі.

            Дінге қарсы атейзм жайлы айта  кету қажет. Атейзм(а-жоқ,тейзм-құдай)-дінге  қарсы дүниетанымның бір түрі. Атейзмнің  радикалды және  жұмсақ екі түрі бар.Радикалды  атейзмді кешегі кеңес өкіметі  жүргізді.Ал жұмсақ атейзм -дінге  қатысты қазіргі дінтанудағы ұстаным,оның мәні мынада діннен адам мен қоғамға дәл қазір пайда бар ма ,онда дін бола берсін,келешекте ғылым білім дамыған кезде дін өмірден қалады деген көзқарас.Діннің дінтанулық тұжырымдамаларының барлығын осыған жатқызуға болады.Өйткені бұл көзқарастың басты ерекшелігі жоғарғы тылсым күшке сенбеуі.Ал өз кезегінде теологиялық бағыт барлық нәрсені бір жаратушыға сенім тұрғысынан қарастырады.

2.Діннің құрылымы.

              Дін құлшылық жолындағылар мен  Құдіреттің арасындағы бір байланыстың  барлығына деген сенімге негізделеді және ол сенім бір діни ілім түрінде тұжырымдалып,тұрмыста діни салттар мен ғұрыптар түрінде көрініс береді.Ол құрылымдық жағынан діни сенім,дінілімі,діни ғұрып және діни ұйымнан тұрады.Енді осыларды жеке-жеке қарастырамыз.

а)Діни сенім.Діннің негізін  сенім (иман) құрайды.Сенім-адамның  ешқандай күдіксіз (күмәнсіз) бір нәрсені  қабылдауы немесе сол нәрсеге  илануы, басқаша айтқанда адамның  психологиялық ахуалы.Сенім адамның  табиғи жаратылысынан келетін сезімі.Сенімнің басты ерекшелігі шеткі даралық және сенім обьектісіне тікелей қатынас.

Сенім мен  білім арақатынасын айта кеткен жөн.Білім сенімге қарағанда  теориялық және практикалық тұрғыдан негізделген, қисынды және дәлелді.Ал сенім құбылысын ғылым табиғи психологиялық бастаулардан шығарады.Мұндай негіздерге жататындар:

-эмоция және сезім-жақсы  және жаман сезімдер

-ерік 

ә)Дін ілімі. Діни ілім-сенім  мазмұнының   жүйелі баяндалуы,яғни ешқашан өзгермейтін ақиқаттар.Маңызды  жүйелі діндерде дінілімі қасиетті кітаптарда негізделеді.Қасиетті кітап мәні жағынан “ аян” ( орыс тілінде откровение ) деп аталады.    

б) Діни ғұрып.Діни ғұрып- жеке және ұжымдыұ рәсімдердің белгілі  бір нақты жүйесі,олар арқылы адам Құдаймен мистикалық тұрғыда байланысқа түседі.Діни ғұрып рәміздік іс әрекеттердің жиынтығы.Оған жататындар рәсім,дұға,ғибадат және т.б.Ғұрыпсыз дін болуы мүмкін  емес,өйткені діни сана практикада ғұрып арқылы көрініс береді.

в) Діни ұйым.Әрбір діннің өз ұйымы бар.Діни ұйым –дінге сенушілердің әрекетін реттейтін және олардың  қажеттіліктерін қаматамасыз ететін бірлестіктер жүйесі мен іс-әрекет түрі.Діни ұйымның негізгі түрлеріне жататындар: діни топ,діни қауым,деноминация,шіркеу және секта.

а) Діни топ-діни рәсімдерді бірге атқаратын кішкентай ұжым.

ә) Діни қауым-орталықтанған  басшылығы жоқ діни қызметті бірге атқаратын ұжым,оған тән белгілер ерікті мүшелік және ғұрыптың жоғарылығы.Діни қауым өткен және қазіргі уақыттада діни ұйымның кең таралған түрі болып табылады.

б) Деноминация (латын.denominatio-арнайы ат беру) - ұйымдасу деңгейіндегі діни бірлестік. Бұл терминнің синонимі конфессия.

в) Шіркеу-сенім мәселері мен діни ғұрыпты реттеп отыратын діни қызметкер және қарапайым дін  өкілдерінің орталықтанған сатылы бірлестігі.Шіркеудің классикалық  үлгісі христиандықта.

Д) Секта-өзіндік діни ілім мен ғұрыпқа ие діни ұйым.ол өзі ұстанған жолдың дұрыстығына күмәнсіздігімен ерекшеленеді.Сектаға тән нәрсе-өздерінің Құдайдың қалаулы адамдары екендігіне берік сенім,оқшауланушылық,ғұрыптарына ерекше беріктік,секта мүшелерінің теңдігін жариялау,дәстүрлі қоғамдық құндылықтар мен ұллтық ерекшеліктеге мән бермеу,келісімге келмеу және миссионерлікпен белсенді айналысу.

 

 

 

№14 Лекция сабағының  тақырыбы: Тарих және саясат философиясы

 

1. Сабақ жоспары: 

1. Тарих философиясы  туралы түсінік.

2. Саясат философиясының генезисі мен мәні.

 

2. Сабақ мақсаты:

Тарихты нақтылаудағы формациялық  және өркениеттік қарым-қатынастарды болашақ мамандарға түсіндіру.

 

3. Лекция мәтіні:

      1.Тарих  философиясы философия ғылымымен  құрдас десе де болады. Бұған  философияның өзі сонау көне замандардағы ойшылдардың адам жөніндегі, оның дүниеде атқаратын қызметі мен алатын орны туралы ой толғауларын дәлел етуге болады. Адам мәселесі, оның ішінде оның шығу тегі, мәні мен табиғаттағы орны, қоғамдық өмірдегі ролі мәселелері фундаментальдық философиялық тақырыптардың бірі болып табылады. Философия пайда болғаннан, қазіргі уақытқа дейін адам оның назарында болды, ал бүгінгі күндері адам әрекетінің әртүрлі қырларын зерттеуді негізгі мақсат тұтатын өзге де ғылым салалары пайда болды.

2. Саясаттану сµзі (“политология”) гректіњ “политика” – жєне логос деген сµздерінен шыќќан, саясат туралы ѓылым деген маѓнаны береді. Басќа ќоѓамдыќ ѓылымдардыњ ішінде саясат танудыњ орыны ерекше. Себебі, адамзат тарихында саясат негізгі рµл атќарады. Мысалы, мемелекет агрессиялыќ яѓни басќыншылыќ соѓыс саясатын ж‰ргізсе оныњ саладары бірнеше жылдарѓа созылатын ќайѓы ќасиетке соќтыратыны даусыз. Керісінше, мемлекет ѓылыми дєлелденген тиімді бейбіт саясат ж‰ргізсе, еліне ќолайлы, халќына жайлы боларыда белгілі.

Информация о работе Филос кешен