Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 16:41, курс лекций
№1 Лекция сабағының тақырыбы: Философия мәдениет феномені хақысында.
1. Сабақ жоспары:
1. Философия, оның пәні, обьектісі мен қызметі.
2. Философияның мәні мен мақсаты.
3. Көзқарас ұғымы. Мифология. Дін. Философия.
2. Сабақ мақсаты:
Философия тарихындағы көптеген философтардың дүниетанымдық ерекшелігі мен философиялық көзқарастарын болашақ мамандарға ғылыми тұрғыда сараптама жасай отырып түсіндіру.
3. Лекция мәтіні:
1. Кез келген адамның өзін қоршаған дүние жөнінде қалыптасқан белгілі бір көзқарасы болады, бірақ ол көзқарас көбінесе теориялық жағынан ой жіберілмеген, негізделмеген, түрлі қарама-қайшы түсініктердің үзінділерінен құралады. Ал, философия болса табиғат, қоғам, адам және оның дүниедегі орны жөніндегі идеялардың, көзқарастар мен түсініктердің жәй ғана жиынтығы емес, олардың жүйелі системасы. Дүниеге философиялық көзқарас жәй өз принциптерін жариялап, оларды адамдардың санасына сіңіріп қана қоймай, ол принциптерді дәлелдеп, логикалық тұрғыдан қорытып шығарады.
2. Философия табиғаттың, қоғамның және адам ой-жүйесінің дамуының жалпы заңдарын зерттейтін ілім. Бұл анықтамадан көріп отырғанымыздай философия пәнінің басты ерекшелігі әлемді, бүкіл дүниені тұтас қарастыратындығында, оның ішкі байланысын өзара қарым-қатынасын, қарама-қайшылығын біртұтас алып көрсететіндігінде жатыр.
Айталық, философияның негізгі салалары ретінде: Онтология – болмыс туралы немесе бүкіл тіршіліктің мәні туралы ілім; гносеология – таным теориясы; логика - дұрыс, яғни байланысты, дәйекті, дәлелді ойлаудың формалары туралы ғылым; тарих философиясы, этика, эстетика, т.с.с. пәндер қалыптасты. Философиядан нақты ғылыми пәндер: математика, медицина, астрономия, табиғаттану, қоғамтану, тарих т.б. бөлініп шықты.
3. Дүниеге көзқарас дегеніміз – айнала қоршаған орта, бүкіл әлем тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән-мағынасы туралы көз-қарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы. Дүниеге көзқарас одан қоғаммен бірге пайда болған қоғамдық тарихи құбылыс.
Дүниеге көзқарастың кең тараған түрі ғылыми емес, қарапайым көзқарастар. Олар күнделікті қызмет әрекет барысында қалыптасады, өмірдің қалған салаларына назар аудармайды, жеке дәлелдерден нәр алап, олардың сапалық ерекшеліктерін ескере бермейді. Дәйекті білімнен гөрі, жалпылама, сыдырта «білімпаздық» басым. Сөйтіп қарапайым дүниетанымда мифологиялық, діни және ғылыми көзқарастар, материалистік және идеалистік ұғымдар араласып, шатасып жатады. Ал тарихи тұрғыдан алғанда қоғамдық өмірдің болмысы мен санасының жетілу дәрежесіне байланысы дүниеге көзқарастың мифологиялық, діни, натурфилософиялық және фило-софиялық түрлері қалыптасты. Адамзат қоғамымен бірге қалып-тасқан дүниеге мифологиялық көзқарасқа тән нәрсе – адам қоршаған ортада өзін ажырата алмауы, құбылыстардың құрамындағы ұқсас-тықты ғана пайымдау, сананың, өнердің, дәстүрдің бір ғана сипатына - символдық қызметіне ерекше көңіл бөлу. Осыдан келіп, мифтік көзқараста білімсіздік, ырымшылдық, аңқаулық, алданушылық, бұрмалаушылық пен соқыр сенім әлементтері қат-қабатымен кезігеді. Миф – адамның қауымдық алғашқы қалыптасуының көрінісі. Ол ешбір құбылыстың түп негізін, шығу себебін ашпайды. Тек ғажайып құбылыстарға көңіл аударады, оларды сол күйінде ұғынуды, қабыл-дауды талап етеді.
Ата-бабасы оны діни
қызметші болуын қалайды.
Спинозаның ілімі бойынша,
барлық материалдық денелер
Б.Спиноза өзінің
Б.Спиноза дүние бір негізден тұрады, ол – табиғат деп есептеді. Яғни Декарттың айтуынша екеу емес, ол-жалғыз. Табиғат- субстанция, себеп-салдарлы байланыстар өзіне-өзі себеп болып дамиды. Сонымен Спиноза өзінің философиясында субстанция- табиғатты құдай деп қарайды. Бұл жаңа дәуірде орын алған пантеистік (құдай мен табиғат қатар жаратылған деген ілім) көзқарас болып табылады.
Джордж Беркли (1685 – 1753 ж.ж.) Субьективті идеализмнің негізін салушы Беркли дворяндық отбасында дүниеге келген. Жеті баланың үлкені болып, 11 жасынан ғылым мен өнерге қызығушылық тудырып, он жасынан дін қызметкеріне шақырылды.
Шығармалары: «Ой
өрісінің жаңа теориясының
Беркли материалисттерге қарсы соққы беріп, олардың материалистік ұғымдарына қарсы шықты. Оның жазуы бойынша «мен барлық уақытта материяның өмір сүрмейтіндігіне сенемін, оның өмір сүретіндігі, ақылсыздық, маған құдай куә». Олай болса не өмір сүреді.
Беркли пайымдауынша «идеялар» көшірме бола алмайды. Демек, Локктың материалистік сенсуализіміне Беркли идеалисттік сенсуализ-мімен қарсы шығады.
Беркли
субьект арқылы айқын
Беркли материализмді теріске шығара отырып, субьективті идеализмді қуаттады. Ол солипсизмнен арылуға талпынады. Солипсизм дегеніміз дүниеде тек адам және оның санасы ғана бар, ол басқа обьективті дүние барлығы жеке адамның санасында ғана өмір сүреді деген философиялық ілімі.
Давид Юм. /1711-1776/ Берклидің ілімін әрі қарай жалғастырған тарихшы, дипломат, философ, ағылшын ағартушылық кезеңнің көрнекті өкілі Давид Юм (1711-1776) болды. Негізгі еңбектері: «Адамның ақыл-ойы туралы зерттеулер», «Діннің табиғи тарихы», «Табиғи дін туралы пікірлер», т.б.
Д.Юм Локк бастаған
эмпиризм философиясын әрі
Жан Жак Руссо (1712-1778). Жан-Жак Руссо француз ағартушылары демократиялық қанатының өкілі, философ, социолог, және эстетик, педагогика теоретиктерінің бірі.
Негізгі еңбектері: «Адамдар
арсындағы теңсіздіктің шығуы
және негіздері туралы
Оның философиялық
Теңсіздік – мәңгі
әлеуметтік құбылыс емес. Алғашқы
қауымдық қоғамда теңсіздік
Әлеуметтік теңсіздіктің бірден-бір жолы, Руссоның айтуынша, бәсеке бостандығы арқылы адамдардың табиғи талап- сұраныстарының (өмір сүруге, ерікті болуға, меншік иесі болуға) қанағаттандырылуына мүмкіндік беретін жағдайлар жасау.
4. И. Канттың философиясы. Иммануил Кант (1724-1804) неміс классикалық философиясының ғұлама ғалымы. И.Кант 1724 жылы Шығыс Пруссияның Кенигсберг қаласында, еңбекші отбасында дүниеге келеді
Кант ең алдымен математиканы,
жаратылыстануды, метафизиканы
Сезімділіктің априорлы формалары – уақыт пен кеңістік, математика ілімімен тығыз байланысты болғанымен олардың дүниетанымға тікелей қатысы бар. Кеңістік – априорлық танымдағы сезімділіктің сыртқы формасы. Мұндай көзқарас уақыт пен кеңістікті метафизикалық тұрғыдан пайымдап келген жаратылыстану саласының өкілдеріне ғана емес, сондай-ақ осы формаларды философиялық танымдық негізінде түсіне алмаған ойшылдарға да қарсы бағытталған Кеңістік Канттың философиясында сезімділіктің сыртқы формасы ретінде анықталып, математиканың геометрия деп аталатын саласында негізделді.
5. Г.В.Ф. Гегель. Философия тарихында пайым мен зерденің әлеуметтік мәнін ашуға ұмтылып, оны ғылыми әрі диалектикалық негізде дамытқан классикалық неміс философиясының ірі өкілі Г.В.Ф.Гегель болатын.. Ол абсолюттік идеяны, абсолюттік рухты дүниенің негізгі тірегі деп анықтады. Идея, - деп көрсетті ол негізінде – белсен-діліктің, іс-әрекеттің қайнар көзі, ол ұдайы өзгеріп, дамып отырады, және осы даму процесінде бүкіл өмір сүріп отырған дүниені туғызады, сөйтіп идея шындықтың тіршілік беруші жаны болып табылады. Идеяның, рухтың ісі мен белсенділігі ойлау арқылы, өзін-өзі тану арқылы ашылады. Әуелі абсолюттік идея, «логика» көрсетілгендей, таза логикалық дамуды басынан кешіреді, содан кейін ол табиғатқа айналып, өзін-өзі өзгертеді, өзгеше болмыс түріне енеді. Бұл сатыда идея өзін-өзі танымайды. Алайда ол осы күйін-де қалып қоймай әрі қарай дамиды, сөйтіп «дөрекі табиғи қалпынан» құтылып, адамзат қоғамына көтеріледі. Осында ғана ол өзін-өзі тануға, өзінің өткен жолдарын түсінуге мүмкіндік алады. Абсолюттік идея бірден абсолюттік нақтылыққа ие бола алмайды. Бұл дәрежеге ол ең соңында абсолюттік рух болғанда, осыған дейінгі даму процесінің барлық жетістіктерін бойына сіңіргенде ғана ие болады.
Гегель
дүниеде өмір сүретін барлық
нәрсені негізгі ұғымдардың
Гегельдің философиясы – сана, рух алғашқы, бірінші, ал материя, табиғат екінші, туынды, тәуелді деп дәлелдейтін объективтің идеялизмнің айқын түрі болып табылады.
Гегельдің
философиялық жүйесі
Гегельдің пікірінше, философия дегеніміз ой қозғалысы, бір ұғымнан екінші ұғым туатын, бір ұғым екінші ұғымға айналатын ұғымдар системасы.
Гегельдің философиялық жүйесі үш бөлімнен тұрады:
1. Логика.
2. Табиғат философиясы.
3. Рух философиясы.
Ол өзінің «Логика ғылымы» атты еңбегінде абсолюттік идеяны, әлемдік рухты, табиғаттың да, қоғамның да түп негізі ретінде қарастыратын негізгі қағидасының ауқымында философиялық жүйесінің бірінші бөлімін және өзінің зерттеу тәсілі - диалектикасын тұжырымдады.
Гегельдің табиғат философиясы табиғат құбылыстарын идеалистік тұрғыдан пайымдайтын ілім. Бұл жүйенің үшінші бөлімі «Рух фило-софиясы» негізінен қоғамдық өмірдің мәселелерін қамтиды. Мысалы, бұл бөлімге психология, антропология, феноменология, мемлекет пен құқық философиясы, дін, әстетика, дін философиясы т.б. кіреді. Бұл салалардың бәріне ол алғаш рет даму идеясын енгізіп, философия ғылымына үлкен үлес қосты. «Рух феноменологиясы» Гегель ілімінің шын мәнісіндегі қайнар көзі, әрі терең құпиясы болып табылады. Сананың даму жолдарының әр түрлі сатыларына сәйкес «Рух феноменологиясы»: «субъективті рух», «объективті рух», «абсолютті рух» болып үш тарауға бөлінеді.
6. Л.Фейербах. Неміс классикалық философияның соңғы өкілі Л.Фейербах (1804-1872) болды. Ол құқықшы отбасында, 1804 жылы Ландсгут қаласында дүниеге келген. Ал 1872 жылы Нюренберг қаласының маңында, Рейхенберг деген жерде қайтыс болған. Негізгі еңбектері: «Христиан дінінің мәні», «Дінінің мәні», «Гегельге қарсы сын» және т.б.
Фейербах
классикалық неміс философиясын
Ол өзінің
философиясын «болашақтың
7. XVIII ғасырдың орта шенінен бастап әсіресе Францияда буржуазиялық революцияны идеологиялық жағынан әзірлеуде материалистер Дени Дидро /1713-1784/, Жюльен Офре Ламетри /1709-1751/, Поль Анри Дитрих Гольбах /1723-1789/, Клод Анри Гельвеций /1715-1771/ аса маңызды рөл атқарды. Олар сол кездегі Франциядағы саяси-әлеуметтік құрылыспен аяусыз күресті.
Бұл материализм XVII ғасырдағы ағылшын материализмі сияқты механикалық, метафизикалық материализмге жатады. Сондықтан негізгі сипаттары ортақ. Әрине, одан бір ғасыр кейін және Франция жағ-дайында дүниеге келгендіктен айырмашылықтары да бар. Француз материалистері көпшілікке тікелей әсер ету үшін философиялық ой-пікірлерін әртүрлі көпшілік жерлерде айтып, ой тартыстарын тудырып, энциклопедиялық еңбектер жазып, ауызша да жазбаша түрде де кең таратты. Негізінде олар дінді, оның уағыздаушыларын қатты сынға алды, сатиралық сөздермен мазақ етті. Бірақ қоғамдық құрылысты түсіндіруде олар идеалистік шеңберден шыға алмады.
Ламетри. Бұл философия өкілдерінің бірі Жюльен Офре де Ламетри болды. Мамандығы жағынан дәрігер, Р. Декарт физикасын қолдаушы болған ол өзінің “Адам – машина” деген еңбегінде тіршілік процестерін тәжірибе арқылы зерттеуді талап етті. Әрбір материяда өзінің созылымдылығымен қатар сезімдік сезіну сияқты қасиеттер бар, деді. Оның негізгі еңбектері: “Адам – машина” /1747/, “Эпикурдың жүйесі.” /1750/
Дени Дидро /1713-1784/- француз материализмінің басты өкілі, ағартушы, энциклопедияның жетекшісі, жазушы және өнер сыншысы. Ол Вольтермен қатар өз заманының қоғамдық ой-талғамына үлкен ықпал жасады
Дидро өнер мен көркем сын мәселелері бойынша көп жұмыс атқар-ды; жақсылық пен әсемдік бірлігінің идеясын қорғай отырып, реализм эстетикасын дамытты. Ол эстетиканың өзі жасаған теориялық прин-циптерін романдары мен драмаларында іске асыруға тырысты. Энгельс Дидроның (Рамо жиені) шығармасы туралы «Диалектиканың жақсы үлгілерін» қалдырды деп атап өтті (Ф.Энгельс «Анти Дюринг» Қаз.мемл.басп., 1957,23-б). Алайда осыншама жетістіктеріне қарамастан Дидро қоғам құбылыстарын саралауда идеалист болып қала берді. Ол феодалдық деспотизмге қарсы күресе отырып, конституциялық монархияны жақтап сөйледі.
Гельвеций. Франция материалистерінің тағы бір өкілі - Клод Адриан Гельвеций. Ол Парижде дүниеге келіп, Незуиттік колледжде оқыды. Оның негізгі еңбектері: «Ақыл туралы» (1758), «Адам, оның ойлау қабілеті мен тәрбиесі жөнінде» (1773). Гельвеций материалистік көзқа-расты жақтап, ойлау, ақыл қабілеті физикалық сезімталдық пен естен туындайды деп жазды. Оның ойынша адам тәнінде екі түрлі қабілет бар. Бірі – сыртқы дүниенің жасайтын әсерін қабылдау, оны сезімталдық, дейді. Екіншісі – бізге тигізілген сыртқы әсерді бойымызға сақтай білу – оны ес дейді. Ой жаңа идея мен комбинациялар жиын-тығы.
Поль Анри Дитрих Гольбах – ұлты неміс болғанымен бүкіл өмірін Францияда өткізген ол француз энциклопедиясының белсенді мүшесі болған. Ол да адам табиғаты жағынан не кең пейілді, не іші тар болып тумайды, оны солай ететін объективтік дүние, дейді.
Сондықтан сол замандағы феодалдық қатынастарды қатты сынға алады. Дүниені материалистік тұрғыдан түсіндірді. Табиғаттан тыс рухани күш бар деп сену қиял деп қорытты. Сөйтіп технология мен идеализмге қарсы шықты. Материя мен қозғалыс мәңгі. «Материяның өмір сүруі – факт , қозғалыстың өмір сүруі де дәл сондай факт». Бірақ, ол механикалық детерменизмді жақтады. Мәселен, ол дүние біртекті дамиды, деді. Кездейсоқтықты ол мойындамады. Мәселен, «фанатиктің өтіндегі удың көбеюі, басқыншының жүрегіндегі қанның қызуы, кейбір монархтың асқазанының қорыта алмауы, кейбір әйелдердің кесапат-тығы – соғыс ашуға, миллиондаған адамдарды қырғынға айдап, қамал-дарды бұзуға, қалаларды күл-талқан етіп, халықтарды қайшылық пен қайғыға душар етуге, аштық пен жұқпалы ауруларды туғызып, ұзақ ғасырлар бойы түңілу мен жоқшылық көруге себепкер бола алады»,-деп жазды.