Филос кешен

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 16:41, курс лекций

Краткое описание

№1 Лекция сабағының тақырыбы: Философия мәдениет феномені хақысында.
1. Сабақ жоспары:
1. Философия, оның пәні, обьектісі мен қызметі.
2. Философияның мәні мен мақсаты.
3. Көзқарас ұғымы. Мифология. Дін. Философия.
2. Сабақ мақсаты:
Философия тарихындағы көптеген философтардың дүниетанымдық ерекшелігі мен философиялық көзқарастарын болашақ мамандарға ғылыми тұрғыда сараптама жасай отырып түсіндіру.
3. Лекция мәтіні:
1. Кез келген адамның өзін қоршаған дүние жөнінде қалыптасқан белгілі бір көзқарасы болады, бірақ ол көзқарас көбінесе теориялық жағынан ой жіберілмеген, негізделмеген, түрлі қарама-қайшы түсініктердің үзінділерінен құралады. Ал, философия болса табиғат, қоғам, адам және оның дүниедегі орны жөніндегі идеялардың, көзқарастар мен түсініктердің жәй ғана жиынтығы емес, олардың жүйелі системасы. Дүниеге философиялық көзқарас жәй өз принциптерін жариялап, оларды адамдардың санасына сіңіріп қана қоймай, ол принциптерді дәлелдеп, логикалық тұрғыдан қорытып шығарады.
2. Философия табиғаттың, қоғамның және адам ой-жүйесінің дамуының жалпы заңдарын зерттейтін ілім. Бұл анықтамадан көріп отырғанымыздай философия пәнінің басты ерекшелігі әлемді, бүкіл дүниені тұтас қарастыратындығында, оның ішкі байланысын өзара қарым-қатынасын, қарама-қайшылығын біртұтас алып көрсететіндігінде жатыр.
Айталық, философияның негізгі салалары ретінде: Онтология – болмыс туралы немесе бүкіл тіршіліктің мәні туралы ілім; гносеология – таным теориясы; логика - дұрыс, яғни байланысты, дәйекті, дәлелді ойлаудың формалары туралы ғылым; тарих философиясы, этика, эстетика, т.с.с. пәндер қалыптасты. Философиядан нақты ғылыми пәндер: математика, медицина, астрономия, табиғаттану, қоғамтану, тарих т.б. бөлініп шықты.
3. Дүниеге көзқарас дегеніміз – айнала қоршаған орта, бүкіл әлем тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән-мағынасы туралы көз-қарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы. Дүниеге көзқарас одан қоғаммен бірге пайда болған қоғамдық тарихи құбылыс.
Дүниеге көзқарастың кең тараған түрі ғылыми емес, қарапайым көзқарастар. Олар күнделікті қызмет әрекет барысында қалыптасады, өмірдің қалған салаларына назар аудармайды, жеке дәлелдерден нәр алап, олардың сапалық ерекшеліктерін ескере бермейді. Дәйекті білімнен гөрі, жалпылама, сыдырта «білімпаздық» басым. Сөйтіп қарапайым дүниетанымда мифологиялық, діни және ғылыми көзқарастар, материалистік және идеалистік ұғымдар араласып, шатасып жатады. Ал тарихи тұрғыдан алғанда қоғамдық өмірдің болмысы мен санасының жетілу дәрежесіне байланысы дүниеге көзқарастың мифологиялық, діни, натурфилософиялық және фило-софиялық түрлері қалыптасты. Адамзат қоғамымен бірге қалып-тасқан дүниеге мифологиялық көзқарасқа тән нәрсе – адам қоршаған ортада өзін ажырата алмауы, құбылыстардың құрамындағы ұқсас-тықты ғана пайымдау, сананың, өнердің, дәстүрдің бір ғана сипатына - символдық қызметіне ерекше көңіл бөлу. Осыдан келіп, мифтік көзқараста білімсіздік, ырымшылдық, аңқаулық, алданушылық, бұрмалаушылық пен соқыр сенім әлементтері қат-қабатымен кезігеді. Миф – адамның қауымдық алғашқы қалыптасуының көрінісі. Ол ешбір құбылыстың түп негізін, шығу себебін ашпайды. Тек ғажайып құбылыстарға көңіл аударады, оларды сол күйінде ұғынуды, қабыл-дауды талап етеді.

Файлы: 1 файл

Филос кешен 2013.doc

— 448.00 Кб (Скачать)

    Шоқан бүкіл  адамзат жасаған рухани байлықты, оның баға жетпес ортақ қазынасын өз халқының игілігіне айналдыру үшін қажымай еңбек етуді өзінің мақсаттарының бірі деп санады. “Біздің тұжырымымыз, - деп баса айтты ол, - еуропалық, әсіресе жалпы адам баласына тән ғылым-білім бұлағынан нәр алуда, сол мақсатқа жету жолындағы бөгеттермен батыл күресу. Бұл – дамуға, мәдениетті өрістетуге қабілетті қандай болмасын халықтың түпкі мақсаты болу керек.”

     Шоқан Уәлиханов  қоғамда жасалатын өзгерістер  адам мүддесіне сәйкес келуі  қажет екендігін атап көрсетті. Ол “Халыққа етене жақын, ең маңыз-ды, соның мұқтажына тікелей қатысты реформа – экономикалық және әлеуметтік реформа. Ал саяси реформалар экономикалық істерді жүзеге асыратын құрал ретінде көрінбек, өйткені әрбір жеке адам және бүкіл адамзат қауымдасып, өзінің бірегей түпкі мақсаты – материалдық әл-ауқатын жақсартуға тырысады. Прогресс дегеніміздің өзі осы.”, - деп тұжырымдады. “Сот реформасы жайында хат” деген еңбегінде сол кезде қазақ даласында жүргізілп жатқан саяси-әлеуметтік реформаларды талдады, олардың кемшіліктерін ашып, қателіктерін көрсетті. Қазақ даласында билер сотының сақталып қалуын халықтың қалың бұқарасының қалап отырғанын айтты. Халықтың қамын ойлаған Шоқан өзі хан ұрпағы, ақсүйектен шықса да, жергілікті сұлтандар мен байлардың кедейлерді қанап отырғанын ашу-ызамен көрсетті.

    Қазақ ағартушылығының  көрнекті өкілі, педагог-жаңашыл  және жазушы Ыбырай Алтынсарин (1871-1889).болды. Ол өзі туған қазақ қоғамының жай-күйін зерттеп, оның дүниежүзілік алдыңғы қатарлы өркениеттен артта қалауының басты себебі қазақ арасында оқу-білімнің тарамағандығынан деп түйіндеді. Сондықтан да ол бар күш-жігері мен мен уақытын жас түлектерді оқытуға жұмсады.    Қазақ халқы негізінен мал шаруашылығымен айналысты. Жұт жыл-дарында мал көп өліп, халық кедейшілікке ұшырап отырды, сондықтан қазақ қоғамын прогреске жеткізудік жолы – отырықшылық өмірге көшу деп білді. Мал қазақта көп, бірақ қажетті бұйым алу үшін тері, май, жүн, басқа да заттары орыс, татар, Бұхар саудагерлеріне арзан бағаға өткізуге мәжбүр болып келеді.

    Сондықтан  да бұл мұқтаждықтан шығу үшін  отырықшылыққа көшу, мал қораларын,  жылы үйлер салу, қолөнерді дамыту  қажет деп көрсетеді. Ыбырай  қазақтарды кәсіпшілікке үйретуді  мектептен бастау керектігін  айтып, жергілікті жерде кәсіби  мектеп ашуды талап етті. Соның нәтижесінде Ырғызда 20 қыз оқитын кәсіптік училище ашқызды. Өзі де сабақ беріп, кәсіптің, отырықшылықтың артықшылығын шәкірттердің зейініне құйып отырған.

    Ы.Алтынсарин  арнайы философиялық тақырыпта  еңбек жазбаған, деген мен ағарту және қоғам мәселелерін талқылауға арналған шығармаларында дүниеге көзқарастық пікірлер қалыптастырған. Оның көптеген өлең-дерімен, әңгімелерімен оның қоршаған дүниенің санадан тыс және тәуелсіз өмір сүретіндігін мойындайтынын байқаймыз. "Жас", "Өзен" сияқты өлеңдерінде табиғатгы өзінше тамашалау ғана емес, сонымен бірге оның адам санасынан тыс және тәуелсіз екендігі сезіледі. Бұл ұлы ағартушының дүние туралы көзқарасының бір жағы. Екіншіден, Ыбырай дүниені жаратушы құдай деп біледі. Бұл ойды ол көптеген шығармаларында қайталап отырады. Мысалы : "Жаратты неше алуан жұрт бір құдайым", "Мұсылманшылықтың тұтқасы" т.б. еңбектерінде осы пікірді қуаттайды. "Мұсылманшылықтың түтқасында" бүкіл дүниені, жан-жануарларды атай келіп, "мұның бәріде жалғыз теңдесі жоқ бір Құдайдың барлығына, бірлігіне һәм кәміл жаратушы халық-қадір екендігіне дәлел болса керек" деп тұжырымдайды.

     Революцияға дейінгі қазақ мәдениет тарихындағы ең ірі тұлға қазақтың ұлы ақыны, жазба әдебиетінің негізін салушы, ағартушы, кемеңгер ойшыл – философ Абай Құнанбаев- (1845- 1405) болды.

      Абай (Ибраһим)  Құнанбаев 1845 жылы қазіргі Семей  облысы, Абай ауданында, Шыңғыс  тауында туылды. Абайдың әкесі  Құнанбай Өскенбаев аға сұлтан  қызметін атқарған ірі феодал  болған. Құнанбай өз тұсындағы  ел билеушілердің көбіне қатал, салмақты болады. Ақыл – ой да, қажыр-қайрат та әмір, билік, батылдығы да мұның атын көпке мәлім еткен.

     Абай өзінің  философиялық көзқарасында: дүниенің, әлемнің объективтік заңдылығын  мойындайды, дүние мен адамзат  қоғамы бір қалыпты тұрмай, бейне бір ағып жатқан судай әрекеттеніп өзгеріп отырады деп таниды. Бұл жөнінде Абай былай деп тұжырымдайды: "Дүние бірқалыпта тұрмайды, адамның қуаты, өмірі бірқалыпта тұрмайды", "Дүние - үлкен көл, заман - соққан жел", "Алдыңғы толқын-ағалар, артқы толқын -інілер, кезектене бөлілер, баяғыдай көрінер" дейді.

     Абай адамды  дүниені ең маңызды бөлігіне  жатқызады, Абайдың баяндауынша;  адамның хайуаннан айрылатын  екі үлкен қасиеті бар, оның  бірі: дүниені тану, ақиқатты білу, ғылымды үйрену, екіншісі: көпке пайдалы еңбек істеу. Бұл жөнінде былай дейді: "Дүниені көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдей, ең болмаса денелей білмесе, адалдықгың орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмайды, хайуан жаны болады". Абай: адамның бойындағы асыл қасиеттің бірі- еңбек, бұл- тек өзінің қара басының қашын ғана күтпеген еңбек емес, пайдасы көпке тиетін еңбек деп есептейді: "өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың", "әрекет қыл, пайдасы көпке тисін" дейді.

    Абай: адамның  ақылды, білімді болуы оның тумысынан емес, айна-ладағы дүниені сезіп-біліп, үйренуінен, еңбек етуінен деп қарайды. "Біз жанымыздан ғылым шығара алмаймыз, -дейді Абай- жаралып, жасалып қойған нәрселерді көзбен көріп, ақылмен біліп сезбекпіз". Демек,

     Абай білудің сезімдік және ақылдық таным арқылы болатынын құп-тайды. Бірақ ол ақиқатты анықтаудың өлшемі ақыл деп есептейді: "Ақыл сенбей сенбеңіз, бір іске кез келсеңіз, ақсақал айтты, бай айтты, кім болса, мейлі сол айтты, ақылменен жеңсеңіз". "Ақыл мизаң, өлшеу қыл" деп танымдағы ақылдық рөлін көтермелеп, рационалистердің позициясына жақындайды.

 

№10 Лекция сабағының  тақырыбы: 20 ғ. мен 21 ғ. қарсаңы мәдениеті контексіндегі батыстық философия.

 

1. Сабақ жоспары: 

1. 20 ғ. батыс философиясының  мәні мен негізгі бағыттары.

2. Позитивизм және  оның түрлері.

3. Прагматизм, структурализм  және поструктурализм.

4. Экзистенциализмнің  негізгі ұғымдары.

 

2. Сабақ мақсаты:

20ғ. философия тарихындағы  көптеген философтардың дүниетанымдық   ерекшелігі мен философиялық  көзқарастарын болашақ мамандарға ғылыми тұрғыда сараптама жасай отырып түсіндіру.

 

3. Лекция мәтіні:

     1.    Қазіргі батыстық философияда мына ағымдарды атап айтуға болады: позитивизмнің қазіргі түрі – неопозитивизмнің қазіргі түрі – неопо-зитивизмнің тармақтары; экзистенциализм және иррационализмнің түрлері; діни философияның түрлері – неотомизм, персонализм т.б. Сонымен қатар бұлардан басқа прагматизм, антропология, феноменология деген түрлері бар. Бұлардың барлығы субъективтік және объективтік идеализмдердің бағытын ұстайды.     

       Философияны  ғылымдардың ғылымы, көзқарас, дүниетаным  ретінде қараудан бас тартқан  ағымдар ХІХ ғасырдың екінші  жартысында бой көрсете бастады.  Солардың ішінен Франция жерінде  пайда болып, кейін өзге елдер  ойшылдарына да зор әсері тиген позитивизм (позитивиз – негізгі, қажет деген сөзден шығады) ағымын атап өтуге болады. Оның негізін қалаған француз философы және ғалымы О.Конт болды. Конт және оның жақтастары (Англияда Г.Спенсер, Дж.Милль т.б.) философияның негізгі проблемаларын қажетсіз дей отырып, тек жаратылыстану ғылым-дарының көзқарастық, танымдық жақтарына көңіл бөліп, оларды асыра дәріптеді. Сөйтіп философия ендігі жерді жаратылыстану салаларының, басқа ғылымдардың жиынтығын негіздеп, оларды теорияға айналдырып, қажетті көзқарас тудырушы болуы керек еді. Бір сөзбен айтқанда, фило-софия басқа ғылымдарға тек қызмет етуші рөл атқару керек.

    Мұндай позитивистік  көзқарас, әсіресе, Гегельдің диалектикасын  лақтырып тастау, оны жаратылыстану  салаларының өкілдері игере алмағандығы ХІХ ғасырдың аяғындағы ғылымдардың қауырт дамуына үлкен кедергі болды.   

2-3. Позитивизм эволюциясы осы дәуірдің ішінде үш кезеңнен өтті. Бірінші кезеңі - позитивизм, екінші кезеңі - эмпириокритицизм, үшінші кезеңі — неопо-зитивизм немесе логикалық позитивизм. Себептері: алдымен позити-визмнің пайда болуына әсер еткен Гегель диалектикасының дүниеге келуі. Буржуазия идеологтары содан кауіптенді. Диалектика метафизиканың кемшіліктерін айқын көрсетті. Одан соң, сол кезге дейінгі философия ғылымдардың ғылымы делініп келді. Бірақ нақты ғылымдардың тез қаулап дамуы философияның енді ғылымдардың ғылымы емес екенін айқын дәлелдеді. Осы себепті арнаулы    философиядан бас тартып, жаңа жол іздестіріле бастады.

      О.Конт  (1798-1857) Француз философы және позитивизмнің негізін қалаушы.

  Ақиқаттық философиялық  ілімінде, әсіресе ғылымдардың дамуының  маңыздылығында О.Конт өзінің  философиясын бірінші орынға  қояды, яғни оның пікірінше  рухани қабылдауға негізделген  пікірлерге орын жоқ, табиғаттың  тек сыртқы көрінісін қарастыру керек дейді. Мұндай ілім позитивтік, ал О.Конттың философиясы позитивизм деп аталды. Яғни, философия ғылыми танымның дамуына кедергі болатын керексіз нәрсе деген көзқарас алынған: философия тікелей қабылдауға болмайтын заттардың мәнін, түпкі себептерді білуге талпындыратын іске аспайтын мақсат қойып, таным процесіне теріс бағыт береді дедеі. Конттың пікірінше, адамның таным процесі құбылыстардың сырт көрінісін сиапаттап, классификациялауға әрекет жасауы тиіс, олардың ішкі мәнін іздеп әуре болмауы тиіс.

      О.Конт  жеке тұлға мен қоғамды зерттеді. Соған байланысты қоғамның құрылымын  4 топқа бөледі.

1. Ғылыми философияның  эстетикалық саласындағы қызмет  істейтіндер жоғары тапты құрайды. 

2. Өндіріс және сауда  қаржы саласында жұмыс істейтін  адамдар.

3. Егінші диқандар  тобы.

4. Жұмысшылар тобы.

    Сонымен О.Конттың  социологиялық концепциясында басты  екі идея жатыр: 1) Қоғамтануда  ғылыми тәсілді қолдану болса. 2) Әлеуметтік реформаларды жасауда  іс жүзінде ғылымды қолдану  идеясы. Ғылыми білім қоғамның дұрыс дамуы үшін қызмет ететініне кәміл сенді.      

      Герберт Спенсер (1820-1903) – ағылшын философы және социолог, позтивизмнің негізін қалаушылардың бірі, либералды буржуазия идеоло-гиясының өкілі. Спенсердің философиялық көзқарастары Юмның, Кант-тың, Мильдің ықпалымен қалыптасты. Оның жүйесінде «танылмайтын» туралы ілім елеулі орын алды. Спенсердің ойынша, кез келген ғылыми ұғым қайшылықты, сондықтан да танылмайды.  Заттардың мәніне енуіне ғылымның қабілетсіз екендігінің басқа айғағын Спенсер ғылымның инди-видтің тек шектеулі тәжірбиесінен, яғни жалған негізден ғана көре білді. «танылмайтындықты» мойындау діннің негізінде жатыр, осыған орай Спенсер ғылым мен діннің жақындығын пайымдады. Спенсер іліміндегі субъективтік-идеалистік қағидалар мен агностицизм объективтік идеализм әлементтерімен («абсолюттік реалдылықты» адамның сезінуі мен әсерле-нуінің көзі деп мойындау) және жеке ғылымдар проблемаларын стихиялы-материалистік түсіндіруімен ұштасты.

     XІX ғасырдың  аяғы — XX ғасыр басында позитивизмнің жаңа дәуірі туды. Ол эмпириокритицизм деп аталды. Оны жақтаушылар біздің санамыздан тыс объективтік өмір бар, бірақ біздің сезімдеріміздің жиынтығы, қосындысы (кешені), деді. Эмпириокритицизм позитивизмге қарағанда шындықтан әлдеқайда алшақ. Айталық, позитивизм филосо-фияны емес, нақты ғылымдарды зерттеу керек десе, эмпириокритицизм біздің сезімімізден тыс ешнәрсе жоқ, барлық дүниені біздің сезіміміздің нәтижесі деген қорытынды жасап, объективті өмірді субъективті сезімге айналдырды.

       Оның  өкілдері болып: Э.Мах (1838-1916), Р.Авенариус (1843-1896). Эмпириосыншылдар позитивистердің ғылымды философиядан бөліп алу идеясын ары қарай жалғастырып, философияның мақсаты – ғылыми деректерді тұжырымдап қорытындылар жасау емес, таным теориясының ғылыми нұсқасын жасау, себебі материализм мен идеализм негізінде қалыптасқан таным теориясы объективті нақтылықты шынайы түрде танып білуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан жаңа таным теория мынадай қағидаларға сүйену керек: объективті нақтылық дегеніміз «бейтарап» түйсіктердің, әлементтердің (бөлшектердің) комплексі (жиынтығы). Сонымен қатар сананың миға қатысы бар екенін мойындамай, сана миға сырттан дайын күйінде интроекция арқылы келеді деген жалған пікір таратқан махист Р.Авенариусты В.И. Ленин «Материализм мен эмпирио-критицизм» деген еңбегінде өткір сынға алған. Эмпириокритицизмнің өзі үш түрге бөлінеді: махизм, конвенционализм, иманеттік мектеп.

    Э.Махтың айтуынша: «Ағаш стол, үй менің денемнен  тыс, өздігінен өмір сүреді. Бірақ  біз мынадай қортындыға келдік, - Авенариустың айтуынша: әртүрлі жағынан қозғалыс ретінде ойға келеді. Ол – ойды үнемдеу. Ол үшін ойлап, түбіне жете алмайтын ұғымдардан, материядан бас тарту қажет, сонда бәрі өз орнына келеді. Э.Мах: «Сезім тудыратын денелер емес, жоқ денелерді құрастыратын, әлементтер кешені, сезімдер кешені».

    Позитивизмнің  үшінші түрі – неопозитивизм немесе логикалық позитивизм. Ол ХХ ғасырдың 20- жылдарында дүниеге келді. Өкілдері: Морис Шлик, Рудольф Карнап, Отто Нейрат, Филип Франк. Бұл түр – математикалық логиканы философиялық зерттеулерге қолданудың нәтижесінде туды. Бұл ағымның кең таралуының бір себебі, ол бүкіл «метафизикаға», яғни жалпы философиялық проблемаларға қарсы шығып, бұл проблемалар ойдан шығарған жалған проблемалар деп санайды. Философия ғылымға қызмет етуі тиіс, ғалымдардың ғылыми қағидаларды тұжырымдауына, олардың қолдануына көмектесу қажет, сондықтан философия тілге логикалық талдау жасаудың ережелердің жасауымен, тіл проблемаларын шешумен айналысуы керек деп есептейді.

        Р.Карнап (1891-1970) неміс-американ философы, сонымен бірге, ғылыми теориялардың негізінде келісім жатыр деп есептейтін ілім – конвенционализм өкілі болып табылады. Логикалық позтивизмде, таным сана фактілерінен басталады. «Ақиқат, шындық, болмыс» ұғымынынң орнына олар сана фактісіне сүйенеді. Философия дегеніміз – логика, ғылыми ойлаудың тілін зерттеу.

    Ал лингвистика  ғылымының өкілі – Австрия  философы Людвиг Витгенштейн (1889-1951). Ол философияны табиғи тілді талдауға апарып салды. «Менің тілімнің шекарасы менің дүниемнің, әлемнің шекарасын білдіреді» - деп пайымдайды. Философияның міндеттері – дүниені өзгертуде емес, оны баяндауда.

Информация о работе Филос кешен