Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 16:41, курс лекций
№1 Лекция сабағының тақырыбы: Философия мәдениет феномені хақысында.
1. Сабақ жоспары:
1. Философия, оның пәні, обьектісі мен қызметі.
2. Философияның мәні мен мақсаты.
3. Көзқарас ұғымы. Мифология. Дін. Философия.
2. Сабақ мақсаты:
Философия тарихындағы көптеген философтардың дүниетанымдық ерекшелігі мен философиялық көзқарастарын болашақ мамандарға ғылыми тұрғыда сараптама жасай отырып түсіндіру.
3. Лекция мәтіні:
1. Кез келген адамның өзін қоршаған дүние жөнінде қалыптасқан белгілі бір көзқарасы болады, бірақ ол көзқарас көбінесе теориялық жағынан ой жіберілмеген, негізделмеген, түрлі қарама-қайшы түсініктердің үзінділерінен құралады. Ал, философия болса табиғат, қоғам, адам және оның дүниедегі орны жөніндегі идеялардың, көзқарастар мен түсініктердің жәй ғана жиынтығы емес, олардың жүйелі системасы. Дүниеге философиялық көзқарас жәй өз принциптерін жариялап, оларды адамдардың санасына сіңіріп қана қоймай, ол принциптерді дәлелдеп, логикалық тұрғыдан қорытып шығарады.
2. Философия табиғаттың, қоғамның және адам ой-жүйесінің дамуының жалпы заңдарын зерттейтін ілім. Бұл анықтамадан көріп отырғанымыздай философия пәнінің басты ерекшелігі әлемді, бүкіл дүниені тұтас қарастыратындығында, оның ішкі байланысын өзара қарым-қатынасын, қарама-қайшылығын біртұтас алып көрсететіндігінде жатыр.
Айталық, философияның негізгі салалары ретінде: Онтология – болмыс туралы немесе бүкіл тіршіліктің мәні туралы ілім; гносеология – таным теориясы; логика - дұрыс, яғни байланысты, дәйекті, дәлелді ойлаудың формалары туралы ғылым; тарих философиясы, этика, эстетика, т.с.с. пәндер қалыптасты. Философиядан нақты ғылыми пәндер: математика, медицина, астрономия, табиғаттану, қоғамтану, тарих т.б. бөлініп шықты.
3. Дүниеге көзқарас дегеніміз – айнала қоршаған орта, бүкіл әлем тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән-мағынасы туралы көз-қарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы. Дүниеге көзқарас одан қоғаммен бірге пайда болған қоғамдық тарихи құбылыс.
Дүниеге көзқарастың кең тараған түрі ғылыми емес, қарапайым көзқарастар. Олар күнделікті қызмет әрекет барысында қалыптасады, өмірдің қалған салаларына назар аудармайды, жеке дәлелдерден нәр алап, олардың сапалық ерекшеліктерін ескере бермейді. Дәйекті білімнен гөрі, жалпылама, сыдырта «білімпаздық» басым. Сөйтіп қарапайым дүниетанымда мифологиялық, діни және ғылыми көзқарастар, материалистік және идеалистік ұғымдар араласып, шатасып жатады. Ал тарихи тұрғыдан алғанда қоғамдық өмірдің болмысы мен санасының жетілу дәрежесіне байланысы дүниеге көзқарастың мифологиялық, діни, натурфилософиялық және фило-софиялық түрлері қалыптасты. Адамзат қоғамымен бірге қалып-тасқан дүниеге мифологиялық көзқарасқа тән нәрсе – адам қоршаған ортада өзін ажырата алмауы, құбылыстардың құрамындағы ұқсас-тықты ғана пайымдау, сананың, өнердің, дәстүрдің бір ғана сипатына - символдық қызметіне ерекше көңіл бөлу. Осыдан келіп, мифтік көзқараста білімсіздік, ырымшылдық, аңқаулық, алданушылық, бұрмалаушылық пен соқыр сенім әлементтері қат-қабатымен кезігеді. Миф – адамның қауымдық алғашқы қалыптасуының көрінісі. Ол ешбір құбылыстың түп негізін, шығу себебін ашпайды. Тек ғажайып құбылыстарға көңіл аударады, оларды сол күйінде ұғынуды, қабыл-дауды талап етеді.
4. Қытай дүниетанымының ерекшелігі сол, ол өзін-өзі реттейтін, бастауы ішкі динамикалық тәртіппен байланысты дүниеге, әлемге негізделеді. Ертедегі Қытай философиясында конфуцийлік бағыт басты рөл атқарды.
Конфуцийшылдық. Бұл философиялық ағымның пайда болуы мен қалыптасуы осы ағымның негізін қалаушы Кун-фу-цзы, оның ізбасарлары Мән-цзы және Сюн-цзының есімдерімен тығыз байланысты.
Кун-фу-цзы (б.д.д.551-479ж.ж.) кедейленген ақсүйек әскербасының от-басында өмірге келген. Ата-анасынан ерте айырылған ол, тек 15 жасында ғана білімге құштарлық танытады, ал 50 жасында өз мектебін қалыптастырады. Оның көптеген ізбасарлары болады. Олар ұстазының және өздерінің ой-пікірлері, қағидалары мен тұжырымдарын жинақтап «Әңгімелер мен пікірлер» («Лун юи») деген конфуцийшылдық ілімнің негізгі шығармасын дүниеге келтірді. Қытайлардың көптеген ұрпақтары бұл кітапты үлгі тұтып, басшылыққа алған. Кун-фу-цзы бұдан басқа бірнеше кітаптары болды: «Өлеңдер кітабы», «Көктем мен күз», жылнамасы, «Сұхбат және пікір айту» т.б.
Кун-фу-цзы аспанды өзіндік болмысы бар дүние ретінде, ең жоғарғы, құдіретті күш ретінде қарастырады. Аспан, ол үшін, әділеттілік аясы, аспан өз еркін әр адамға білдіреді, өз үкімін барлық аспан астындағы елдерге, мем-лекеттер мен қоғамға таратады. Содан аспан ұғымы конфуция филосо-фиясында діни, саяси және этикалық қызметте атқарады.
Кун-фу-цзы
өз ілімінің өзегі етіп
«Тең орта»
- адамдардың сабырсыздық пен
сақтықтың арасындағы іс-
Мән-цзы — (б.д.д. 372—289 жж.) — Кун-фу-цзының ілімін әрі қарай жалғастыра отырып, аспан (көк) — объективтік қажеттілік, тағдыр ретінде жақсылықты қорғайды дей отырып, аспанның еркі — адамдардың жігер еркі арқылы көрінеді деген пікір айтады. Осыдан келіп, ол: "Адамның табиғаты тек жақсылықтан жаратылған". Олай болса, ван (билеуші) халықты өз баласындай сүйсе, халық оны әкесінен жақсы көруі керек, — деген тұжырым жасайды.
Сюнь-цзы (б.д.д. 313-белгісіз) Аспан мен жерді барлық денелердің шығу тегі ретінде мойындаса да, тағдырды аспанның жігер-еркі ретінде мойындамайды. Оның пікірінше, аспанды қастерлеп, ол туралы ойланып отырғаннан гөрі, керекті заттарды көбейтіп, аспанның өзін бағындырған дұрыс.
Легистер (заңгерлер). Легизм (лат. т. –заң деген мағ. береді) –фацзя мектебінің заң туралы ілімі, ерте қытайдағы саяси-этикалық ілім, адамды, қоғамды және мемлекетті басқару туралы көзқарастар. Легизмнің көрнекті өкілдері – Цзы-чан (б.д.д. VІ ғ.), Гуань-Чжун (б.д.д. 645ж.қайтыс болған), Шан Ян (б.д.д. 390-338), Хан Фэй Цзы (280-233), Ли Куй т.б.
Легистер
конфуцийшылдардың мемлекетті
Даоизм. (б.д.д. VІ-Vғ.ғ.) Бұл ілімнің негізін қалаушы б.д.д. VІ ғ. өмір сүрген Лао-Цзы деп есептелді. Оның негізгі еңбегі -«Дао және дэ туралы кітап» (Дао дэ цзин). Даоизм философиясының негізгі мәселесі – ұлы Дао (ұлы жол) туралы, жалпылама Заң және Абсолют туралы ілім. Даоны ешкім жасаған жоқ, бірақ бәрі де содан тараған. Дао барлық жерде, әрқашан, әр уақытта, шексіз өз үстемдігін жүргізеді. Оны сезім арқылы көруге, естуге болмайды. Дао табиғаттың, қоғамның, адам мінезі мен ойының табиғи, бірақ көрінбейтін заңы. Оның бастамасы да, аяғы да жоқ. Ол уақыт пен кеңістіктен тәуелсіз, солай бола тұра, жарық дүниедегі барлық нәрсенің негізі мен бастамасы, аты және түрі.
№3 Лекция сабағының тақырыбы: Антикалық мәдениеттегі философия
1. Сабақ жоспары:
1. Ежелгі грек өркениетінің
өзіндік санасының
2. Софистика – философия
және мәдениет құбылысы
3. Сократ, Платон, Аристотель философиясы.
2. Сабақ мақсаты:
Антика философиясы тарихындағы көптеген философтардың дүниетанымдық ерекшелігі мен философиялық көзқарастарын болашақ мамандарға анализ жасай отырып түсіндіру.
3. Лекция мәтіні:
1. Антика заманының философиясы б.д.д VІІ-VІ ғасырларда кіші Азияның батыс жағалауында гректер салған қалаларда өмірге келді. Б.д.д. VІІ-V ғасырларда антикалық рухани даму мифологиялық діни көзқарастан ғылыми философиялық көзқарасқа қарай бағытталды. Бұл кезеңді антикалық философия тарихында Сократқа дейінгі ал б.д.д. V-ІІІ ғасырларда ойшылдардың мәнділіктің генетикалық бастамасын, түп негізін, жалпы дүниетанымдық көзқарастың негізі етіп алып, философиялық ойлаудың биік деңгейге көтерілуіне байланысты кезеңді Сократтан кейінгі немесе классикалық кезең деп екіге бөледі.
Фалестің ілімін әрі қарай оның шәкірті және жолын қуушы үлкен – Анаксимандр (б.д.д. 611-545ж.) жалғастырды. Негізгі еңбектері – «Табиғат туралы», «Жер картасы», «Глобус». Анаксимандр барлық денелердің бастамасын сол денелердің түп негізі сатысына дейін көтерді. Бастаманы ол заттардың түп негізі апейронмен теңестіреді. Анаксимандр ілімін әрі қарай оның шәкірті Анаксимен (б.д.д. VІ ғасыр ортасы) жалғастырды. Негізгі еңбегі – «Табиғат туралы». Анаксимен барлық денелердің негізі деп ауаны айтады. Ауа шексіз ол үнемі қозғалыста болады да бірде қоюланып, бірде сұйылып алуан түрлі заттармен құбылыстарды түзеді. Ауа сұйылған да алдымен отқа, содан эфирге айналса, қоюланғанда желге, бұлтқа, суға, жерге және тасқа айналады.
Милет мектебінде қалыптасқан философиялық дәстүрді ілгері қарай дамытқан Эфес қаласынан шыққан саяси қайраткер, ғұлама ойшыл Гераклит (б.д.д. 544-483 ж.) болды. Оны іліміндегі терең ойлары үшін «тұңғиық» деп атаған. Гераклит заттардың түп негізін генетикалық бастамасын от деп есептеген. От мәңгі және құдай тектес. Әлемді құдайда, адамда жаратқан жоқ ол өз заңдылығымен бірде лапылдап жанып, бірде сөніп тұратын бар және болатын тірі от. Әлемнің өзгеру тәртібі мен өлшемі, оның обьективті заңы – логосқа байланысты.
Пифагор (б.д.д. 580-500 ж.). Б.д.д. VI ғасырдың аяғында философиялық ілімдер Кіші Азиядан ұлы Элладаға ауыса бастады. Осы кезеңде оңтүстік Италияның, Силицияда пифагор-шылар мектебі деп аталған одақ құрылып, онда қоғамдық өмірді діни әдептілік тұрғыдан реформалау қажеттігі туралы ілім кең өріс алды.
Элеаттар мектебінің негізгі өкілдері Ксенофан, Парменид, Зенон. Элеаттар ілімі ежелгі грек философиясының дамуындағы жаңа қадам болды. Егер Милет өкілдері түп негіз – физикалық дене, ал Пифагоршылар – сан десе Элеаттарда түп негіз – болмыс. Элеаттар негізінің қағидалары мынаған сыяды: түйсінген денелердің барлығын нақтылық деп қабылдауға болмайды. Керісінше олардың бәрінде өздерін ақыл ой арқылы негіздеуге болатын заттар ғана нақтылы өмір сүреді. Элеат мектебінің негізін қалаушы және көрнекті өкілі – Колофон, полисінен шыққан Ксенофан (б.д.д. 579-487 ж.) Оның пікірінше барлық заттардың негізі жер. Жер өзінің тамырларымен шексіздікке кетеді Ксенофанның жалпы құдай туралы ілімін; әрі қарай дамытып, оны бір тұтас болмыс ұғымына дейін көтерген ойшыл – Парменид (б.д.д. 540-480 ж.) болды. Оның негізгі шығармалары: «Табиғат туралы», «Ахиллес». Парменидтің қарастырған мәселелері – болмыс пен бейболмыстың арақатынастары мен болмыс ақыл ойға қатынасы. Бұл мәселелерді тек ақыл - ой арқылы шешуге болады.
Парменидтің ілімін ары қарай жалғастырушы оның шәкірті Зенон (б.д.д. 490-430 ж.) болды. Негізгі еңбектері: «Философтарға қарсы», «Табиғат туралы». Зенон Парменидтің болмыс жалқы, біртұтас және қозғалмайды пікірін басқа жолмен дәлелдеуге тырысты. Зенон өз дәлелін көзге көрінетін ақиқатқа жатпайтын әлемнен бастап, болмыс әлемін қарастырумен аяқтайды. Оның физикалық әлем қарама-қарсылыққа толы. Сол себепті ол – ақиқатқа жатпайды. Ал нағыз ақиқат біздің біздің түсінуімізден тыс жатқан әлем, ол – болмыс.
Атомистер ілімі. Бұл бағытқа ежелгі грек ойшылдары Левкипп, Демокрит, Эпикур және ежелгі Рим өкілі Лукреций Карр т.б. жатады. Атомистік бағыттың, қалыптасуына үлкен үлес қосқан ойшыл Левкипп болды. Ол әлем бөлінбейтін ұсақ, бөлшектерден «атомдардан» тұрады және олар бос кеңістікке алақұйын қозғалыста болады. Бір-бірімен байланысқа түсіп, жеке денелерді құрайды. Демокрит (б.д.д. 460-371ж) 70-тен астам шығармалар жазған: «Пифагор», «Планеталар туралы», «Адам табиғаты туралы», «Табиғат туралы» т.б.
2. Софистер. Б.д.д. V ғасырда Ежелгі грецияда құл иеленушілік демократия, логика, риторика, философияның жедел дамуына жол ашты. Соттарда халық жиналыстарында әдемі сөйлеп халықты мүмкін болса, өз қарсыластарында айтқанына сендіріп, өз жағына тарта білуі өнері алдыңғы қатарға шығады. Осыған байланысты риторика (әдемі сөйлеу өнері ) өнеріне ақы алып үйрететін ұстаздар, софистер пайда болды. Олардың басты қағидасы – «әркімнің өз ақиқаты бар». Софизмнің қалыптасуына Протагор, Горгий, Гиппий, Критий т.б. ойшылдар ат салысты. Солардың ішінде өз ерекшелігімен көзге түскен ойшыл – Протагор (б.д.д. V ғ.) болды. Негізгі еңбектері – «Ғылымдар туралы», «Мемлекет туралы» т.б. Протагор білімнің салыстырмалы екендігі туралы ілімін материяның абсолютті өзгермелі және тұрақсыздығы сияқты қасиеттеріне сүйеніп дәлелдейді. Протагордың пікірінше, «Адам барлық заттардың мөлшері» деген қағиданы ең негізгі қағида ретінде қабылдайды. Бұл қағидада да былай делінді: «Маған заттар қалай болып көрінсе, мен үшін олар солай болып қалады, ал саған қалай көрінсе, сен үшін солай болып қалады. Білімнің салыстырмалы екендігін Протагор: «Өздігінен ештеңе өмір сүрмейді және пайда болмайды, олар басқаларға қатынасы арқылы айқындалады, - деген пікір төңірегінде дәлелдейді. Алайда, софистер адамның бұзылған дәстүрлі өмір сүру тәртібінің орнына тартымды жаңашылдық ұсына алмады.
3. Антика философиясының екінші кезеңі атақты ойшыл, философ Сократтың есімімен тығыз байланысты. Сондықтан Сократтан кейінгі немесе классикалық кезең деп аталады. Сократты сонымен қатар антик философиясы тарихының «кіндігі», «философияның бел ортасы» деп те атайды. Сократ жазбаша дерек қалдырмаған оның философиялық көзқарастары бізге Платон, Аристотельдердің еңбектері арқылы жетті. Сократ ауызша пікір таластырып, диалог арқылы өзінің қарсыластарын қарастырылып отырған мәселе туралы жаңа білім әкелуге тырысты. Бұл жолда ол мысқылдауды, ақиқатқа жетудегі таным құралы ретінде алады. Сократ қарапайым түк білмейтін адам сияқты көрінеді де, қарсыласына олардың өздері жақсы білетін сұрақтарды қояды. Қарсыласы ол сұрақтарға жауап бергеннен кейін тағы да, алдын – ала дайындалған сұрақтар қояды. Сөйтіп қарсыласы өзінің бастапқы айтқан пікіріне өзі қарсы пікір айта бастайды. Осы кезде Сократ мысқыл кекесінмен қарсыласын менменшіл өзім білем деген сияқты пікірінен толығымен арылтады. Сократ өзінің қарсыласын қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы біртіндеп ақиқатқа жақындата түседі. Өзінің осы тәсілін ол – Майевтика деп атайды.
Аристотель
– Платонның шәкірті.
Аристотель Платон сияқты ұғымдар мен идеялар өз алдына дербес өмір сүреді деген ойдан аулақ. Аристотельдің ойынша, осы болмыссыз, табиғатсыз бізді айнала қоршаған дүниесіз өз дербестігін жоғалтады. Платон ұғымдарының түрлері, идеяларды сезімдік заттар дүниесінің мәні деп қарап, оларды бір – біріне қарама – қарсы қойса, Аристотель бұған ашықтан ашық қарсы шықты. Оның айтуынша, мұндай жалған ойдың негізі тарихи жағынан алғанда өзінің бастауын сонау Гераклиттің диалектикалық көзқарасынан алады. Өйткені, Гераклит сезімдік заттар дүниесі үнемі өзгеріп, қозғалып отырады деген қағиданы негізге алды. Платон да өзінің философиялық жүйесінде осы Гераклиттің пікіріне сүйене отырып үнемі өзгеріп, қозғалып отыратын сезімдік заттар дүниесіне қатысты ешбір ақиқат жоқ деп есептеді.
Аристотельдің ойынша, «Мемлекет өз табиғаты жағынан сан алуан болады. Оның құрылымы күрделі, әрі көптеген бөліктерден тұрады». Мемлекеттегі адамдар әртүрлі, олар біркелкі болуы да мүмкін емес. Мемлекет жанұялардан тұрады. Олардың да бір – бірінен айырмашылықтары бар.
№4 Лекция сабағының тақырыбы: Батысевропалық ортағасырлық мәдениеттегі философия мен діннің феномені
1. Сабақ жоспары:
1. Ортағасырдағы христиан
философиясының өзіндік
2. Ф.Аквинскийдің еңбектеріндегі схоластикалық идеялар.
3. Номинализм мен реализм теориясы.
2. Сабақ мақсаты:
Ортағасырлық христиан философиясының дүниетанымдық ерекшеліктері мен схоластикалық бағыттың ықпалының қоғамның барлық салаларына әсер еткенін түсіндіру.
3. Лекция мәтіні:
1. Батыс Европа елдеріндегі – феодалдық қоғам философиясы, ол Рим империясының күйреуімен бастап (5ғ.), капиталистік қоғамның алғашқы формалары пайда болғанға дейін (14-15ғ.ғ.) өмір сүрді. Құл иленушілік қоғамның құлауымен ежелгі философиялық мұра жоғалып, ол батыс Европа ғалымдарында 12 ғасырдың екінші жартысына дейін белгісіз болып қала берді. Алдыңғы Азияда, араб тілдес елдерде – мұсылман, Европада - екі түрлі христиан (рим католицизмі мен византия православиясы) діни идеология үстем болды. Мектеп, ағарту ісі шіркеудің қолына көшті, оның көзқарасы табиғат, дүние және адам туралы түсініктерге негіз болды.
Бұл дәуірдің
өзіндік философиясы болды.